Омар Хайямның ағартушылық ой-пікірлері жайлы



Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім.
1. Омар Хайям өмірбаяны
2. Омар Хайямның ағартушылық ой-пікірлері
3. Омар Хайям тұнғыш календарь жасаған ғалым.
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

І. Кіріспе
Біз, яғни қазақ тілді оқырмандар Омар Хайям рубаиларын ақын Қуандық
Шаңғытбаевтың тәржімасы арқылы танып өстік. Обалы не керек, шығыс шайырын
Шаңғытбаев орыс тілінен қазақшаға мөлдіретіп-ақ аударған. Десек те, Хайям
өлеңдері бізге түпнұсқадан емес, өзге тілден, оның ішінде өзге дінді ел
арқылы жеткенiн ескеруге тиiспiз.
Жалпы. бізге ғана емес, әлемге алдымен ағылшындар арқылы тарады.
Бұл деген - Шығыстың нәзік әлемінен бейхабар Батыс жұрты арқылы Омар
өлеңдерінің терең иірімдері бұрмаланды деген сөз. Бұрмаланған жоқ деп
есептегеннің өзінде ол өлеңдердің мән-мағынасы ұзақ жылдар бойы теріс
түсіндіріліп келгені анық.
Орта ғасырда Омар Хайямды ешкім де ақын санамаған, тек атақты
оқымысты, көрнекті ғалым деп білген.
Кешегі кеңестік атеистік қоғам Омарды өте жақсы пайдаланды, оны
Құдайға сенбейтін дінсіз, қожа-молдаларды аяусыз әшкерелеген деп
насихаттады. Діннен мақұрұм қарапайым жұрт Омар сұлу әйел көрсе тұра
алмайтын зинақор, шәйханадан шықпайтын алқаш, құдайдан безген мұнафық,
желөкпе, әңгүдік ақын болған деген жалған түсініктің жетегінде жүрді.
Көптеген деректерде Ахмет Иассауи хижраның 562 жылында дүниеден өтті
деп көрсетіледі. Бірақ, Иассауидің: Сол себептен 63-те жерге кірдім
дегені -өлдім дегені емес. Қожа Ахмет сонау балалық кезінен бері пайғамбар
сүннатын орындап келген. Пайғамбар 63 жасында көз жұмғандықтан, Иассауи де
пайғамбар жасында жер астына кірген. Хонақтың (мешіттің ішкі бөлігі) бір
жағынан жер қазылды, қам қыштан жер астында бір құжыра құрылды, құжырада
лақат түрінде бір орын жасалды. Өмірін сол мәуетханада ғибадатпен,
адамдарға софыльқ жолды ұғындырумен өткізді.
Түрік ғалымы Мухаммад Фуат Кетрци Заданың Түрік әдебиетіндегі алғашқы
софылық ағым өкілдері деген үлкен еңбегінде сол құжыраньң бүгінгі заманға
шейін тіпті бұзылмай жеткені айтылған.

Омар Хайям өмірбаяны
Омар Хайям - парсы математигі, астрономы, ақын, философы (толық аты —
Абу-ль-Фатх Омар ибн Ибрахим аль-Хайям) шамамен 1048 жылы Хорасанның
Нишапур қаласында дүниеге келген, әрі сонда қайтыс болған. Жас кезінде
жақсы отбасының тәрбиесінде болған, әрі өлеңге құмартып өскен, оның кейбір
өлеңдері осы күнге дейін жеткен. Нишапурда жүмыс атқарған кезінде, сол
кездегі оқымыстылармен бірлесіп сол замандағы күнтізбеге өзгерістер
енгізген.
"Омар Хайям зиратында", by Jay Hambidge.
Оның ең негізгі еңбегі Алгебра мәселелерінің дәлелі атты кітап. Бұл
кітаптың арабша қолжазбасы мен латынша аударма нұсқасы сақталған, әрі қазір
көптеген шет тілдеріне аударлып басылды. Осы кітапта алгебраға "теңдеу
шешетін ғылым" деген анықтама берген, бұл анықтама 19-ғасырдың соңына дейін
сақталып келді. Кітапта тағыда тұңғыш рет өзі ашқан көнуыстық қисықтардың
көмегімен үшінші дәрежелі теңдеуді шешудің әдісі берілді, бұл алгебра мен
геометрияны біріктірген керемет әдіс еді. Ол тағыда екі мүшеліктердің
жаймасын, тарқату әдісін да зеріттеген. Еуклидтің кітабын аударып және оған
түсініктеме берген. Оның Еуклидтің геометрияның бастамалары кітабындағы
қиын формулаларға түсініктеме атты кітабы шығыс математикасының дамуына
ерекше рөл атқарған.
Омар Һайям, Ғийас әд-Дин Әбу-л-Фатх Омар ибн Ибраһим әл-һайям [18
наурыз 1048, Нишапур – 4 желтоқсан 1122 (11121131), Мерв] – көрнекті парсы-
тәжік ақыны, математик, астроном, философ.
Әкесі Ибраһим лашық үй жасаумен шұғылданған, “һайям” – осы кәсіпке
байланысты туған атау. Ғұмыры Балх, Самарқанд, Мерв, Исфаһан, т.б.
қалаларда өткен. Әйгілі ғұламалардан дәріс алып, Аристотель мен ибн Синаның
философиялық көзқарастарын қолдаған. Араб, парсы тілдерін қатар меңгерген
ол “Болмыс және борыш туралы трактат” (1080), “Үш сауалға жауап”, “Жалпы
ғылыми пән туралы ақылдың нұры”, “Өмір сүру туралы трактат” (1980 – 91),
“Наурызнама” (1095 – 98), “Өмір сүрудің жалпылық қасиеті туралы трактат”
(1105 – 10), т.б. философиялық еңбектер жазды. Салжұқ сұлтанының
тапсыруымен күнтізбеге реформа жасады. Бұл күнтізбе бойынша әрбір 33 жылда
8 кібісе 7 рет 4 жыл сайын, 1 рет 5 жылдан кейін болады. Мұндағы уақыт
айырмасы 5000 жылда 1 тәулікке теңеледі. Оның жыл санауы Григорий
күнтізбесінен анағұрлым дәл. Омар Һайям еңбектерінің басым бөлігі
математика ғылымының үлесінде. “Алгебра және әлмұқабала мәселелерін
дәлелдеу туралы” трактатында математикалық тарихында тұңғыш рет үшінші
дәрежелі теңдеулерді саралап, оларды шешудің жүйесін жасауға талпынды, куб
теңдеулердің әр түрінің (барлығы 19) түбірін геометриялық тәсілмен шешуді
ұсынды. Үш кітаптан тұратын “Евклид еңбектеріндегі қиын тұжырымдарға
түсініктеме” зерттеуінің “Параллель түзулердің шын мәні туралы” деп
аталатын бірінші кітабында Евклид ұғымына дәл келетін параллель түзулердің
жаңа теориясы баяндалған. “Қатынастар, пропорциялар және олардың нақтылы
мәні туралы” атты екінші кітабында Евклидтің қатынастар теориясын
жетілдіріп, сандар мен шамаларға ортақ теория жасауға күш салды.
“Қатынастарды құру және оларды зерттеу” туралы кітабында шамалардың
рационал және иррационал қатынастарына сандық өрнек табу жөніндегі Әбу Наср
әл-Фараби идеясын дамытып, сан ұғымын оң нақты сан ұғымына дейін кеңейту
қажеттігін дәлелдеді. Омар Һайям еңбектеріндегі жаңалықтарды Әбу Жафар ат-
Туси, т.б. математиктер дамытты. “Дене құрамындағы алтын мен күмістің
мөлшерін анықтау тәсілі туралы” трактатында Архимед шешкен физикалық
есептерді жетілдірді. Омар Һайям медицина, музыкалық теориясымен де
шұғылданды.
Омар Хайям 1040 жыл шамасында (кейбір деректер бойынша 1048 жылы)
туған. Жергілікті медреседе оқып білім алған. Оның негізгі ұстазы Нишаһур-
дың белгілі ғалымы Насыреддин Шайх Мухаммед Манеур дарынды Хайям өз
бетімсн де оқып білім алады. Ғалымның жігіттік шағы Балх қаласында өткен,
ол онда математика, физика, астрономия, дін негіздері, тарих ілімдерімен
шұғыдданған, араб тілін еркін меңгеріп шыққан. Одан кейін Самарқанд, Мерв,
Исфаған, Рей тағы басқа қалаларда тұрып қызмет істеген.
Математик ғалым Мыңбай Ысқақовтың дәлелдеулері мен зерттеулеріне
қарағанда Хайям үлкен математик болған. Халық астрономиясының негізін
салған.Оның математикадан жазған басты - басты екі еңбегі сақталған, оның
бірі - Алгебра мен Әлмүнәбәлс есептерінің дәлелдемелері туралы. Екіншісі -
Евклид кітабындағы қиын тарауларға түсіндірмелер. Алдындағысында алгебра,
соңғысында геометрия мәселелері баяндалады - дейді Мыңбай Ысқаов.
"Қатынастарды құру және оларды зерттеу" туралы кітабында шамалардың
рационал және ирационал қатынастарына сандық өрнек табу жөніндегі әл-Фараби
идеясын дамытып, сан ұғымын оң нақты сан ұғымына дейін кеңейту қажеттілігін
дәлелдеді. Омар Хайям еңбектеріндегі жаңалықтарды Насреддин Туси т. б.
математиктер қолдан дамытты. Алтын мен күмістен тұратын заттардың мөлшерін
анықтау тәсілі туралы трактатында Архимед шешкен физикалық есептерді
жетілдірді. Омар Хайям музыка теориясымен де шүғылданды.
Омар Хайям Аристотель мен Ибн Синаның философиялық көзқарасын ұстады.
Жаратушыны мойындағанымен, өмір тіршілік құбылыстарының өзара байланысатын
өз дәуірі үшін материалистік тұрғыда түсіндіреді. Ол философиялық
көзқарастарын мына төменгі еңбектерінде тұжырымдады: "Болмыс және Борыш
туралы трактат", "Үш сауалға жауап", "Жалпыға ортақ ғылымның пәні жөнінде"
т. б. философиялық шығармалары мәлім.
Омар Хайям әлемге әйгілі төрт тағандардың (Рубайдың) авторы - ол
"Өмір мен өлім", "Жақсы мен жаман", "Жастық пен кәрілік", "Құштарлық пен
тақуалық", "Махаббат нен зұлымдық", "Қанағат пен озбырлық" парқын төрт
жолдан тұратын бір шумақ өлеңге сиғызды. Оның төрт тағандары - адам
өмірінің әр қырын, кезеңдерін қамтитын тапқыр да өткір адамгершілік
пікірлерге құрылтын өрнекті өлең шумақтары мұнда ақынның өмір-тіршілік
құбылыстарына қоғамдық - әлеуметтік қатынастарға көзқарасы айқын көрінеді.
Ол жеке бастың азаттығын жырлады, дүниедегі әділетсіздікке қарсылық
білдірді, адамды теңдікке, бостандыққа шақырады. Ақын өлеңдерінде шарапаты
дәріптеу, сауық - сайран, махаббатты қызықтыру едәуір орын алады.
Омар Хайям өмір сүрген дәуірде айнала ортаны, халықты, оның ұлы
адамдарын өз өлеңдерінде және рубайларында жырға қосып мадақтады. Адамның
ұлылығы тәрбие мен білімге байланысты - деген ой түйді. Еңбек, еңбек
тәрбиесі, білім, жалпы тәрбие адамды ұлы етеді деді. Оны былай жырлады.
"Еңбек, білім, тәрбие
Басын қоссаң мәнді де
Үшеуін бірдей меңгерсең
Жібермес Сені - өлімге!
Үшеуінің мәдгілік категория, тәрбиенің еңбек, адамгершілік, еңбек
тәрбиесінің бірлікте жүзеге асырылуын уағыздап тұрғандай. Ол өзі өмір
сүрген дәуірде өмірдегі байлық пен молшылық тек еңбек арқылы келеді және
қалыптасады. Ол еркіндікті, тәрбиедегі демократиялық бағытты - еркін
тәрбиені жақтады. Еркін тәрбие еңбек тәрбиесінің жемісі - деді Омар Хайям.
Оның өлеңдерін, бүгінгі педагогикалық тұрғыдан қарасақ адамды жан-жақты
жетілдіру сарыны басым. Аз сөзбен көп мағына беру, бір шумақ өлең арқылы
тәрбиені, бірнеше түрін бір адам бойына еңгізу идеясы көрініп тұрады.Мұнысы
бейнелеп салыстыру арқылы адамдық, адамгершілік, ақылдылық, парасаттылық,
мейірбандық элементтері ұштасып жатады. Бұларды молайтып, толтырып, жеке
адам бойына, тәрбиенің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлішер Науаидың, Омар Хайямның, Мақтымқұлының, Өтебойдақ Тілеуқабылұлының тәрбие тағылымдары
Омар хайямның ағартушылық ой-пікірлері
Шығыс ойшылдарының педагогикалық ой пікірінің пайда болуы мен қалыптасуы
Омар Хайямның ағартушылық ойлары
Омар Хайямның ағартушылық ой-пікірлері туралы
Омар Хайямның ағартушылық ой-пікірлері (1040-1123)
Омар Хайямының поэзиясындағы ислам көрінісін айқындау
Әбу Насыр Әл-Фараби жайлы
Мухаммед Насыреддин Әт-Туси ғылым-тәлім тур алы (1201-1274)
Омар Хайям - парсы математигі, астрономы, ақын, философы
Пәндер