ОМОНИМДЕР ЖАЙЛЫ


ОМОНИМДЕР
Тіл-тілдің лексикасында дыбысталу бірдей де, мағынасы әр басқа сөздер бар. Мысалы: біз. 1. Мен деген жіктеу есімдігінің көпше түрі (Мысалы: Той тойласақ, біз тойлайық аясында алтын таңның) ; біз II. Бір нәрсені тесіп, жіпті немесе тарамысты өткізу үшін жасалған үшкір құрал (мысалы: өткірдің жүзі, Кестенің бізі, Өрнегін сендей сала алмас. (Абай) .
Дыбысталуы бірдей, бірақ мағыналары басқа-басқа сөздер омонимдер деп аталады.
Омонимдер әр түрлі тілдерде бар. Мысалы, түрікмен тілінде: бағ I -«бақ, бау - бақша», бағ ІІ - «бірдеменің бауы»; йүз І-«сан, мыңның оннан бірі бөлегі», йүз ІІ -«әлпет, өң, бір жүз», йүз ІІІ -«суда малты, жүз». Орыс тілінде мынадай омонимдер бар: лук 1 -«пияз», лук 11 -«садақ, жақ»; град 1 (город деген сөздің варианты) -«қала», «град ІІ -«бұршақ»; брак 1- «неке», брак II -«ақау, жарамсы. з, бүлінген»; ударник I -«мылтықтың шаппасының ұшы», ударник II -«екпінді»; коса I -«бұрым», коса II -«шалғы орақ», коса III --«шығанақ, енсіз жарты арал»; кулак I -«жұдырық», кулак 11 -«ұсақ буржуазияның өкілі», «құлақ» т. б.
Полисемия мен омонимияны бір-бірінен ажырата білу қажет, Бұларды бір-бірінен ажырату проблемасы тіл білімінде өте-мөте күрделі мәселе болып саналады. Сөздіктерді жасауда бірде-бір лексикограф (сөздік жасаудың маманы) полисемия мен омонимияны бір-бірінен ажырату проблемасына соқпай өте алмайды. Алайда, полисемия мен омонимияны бір-бірінен ажырату проблемасы барлық омонимдердің күллісіне бірдей қатысты емес. Мысалы, «ауаны ішке тартып, сыртқа шығарып тұратын дене мүшесі» деген мағынадағы өкпе сөзі мен «наз, реніш» деген мағынадағы өкпе сөзінің омонимдес екендігі ешбір күман тудырмайды. Басы ашық-айқын омонимдес сөздер болғандықтан, бұлар полисемиялы сөздерден оңай ажыратылады. Полисемия мен омонимияны ажырату проблемасының қиындығы полисемантизмді сөздермен ұштасып, жапсарласып жатқан омонимдерге қатысты, Мысалы, «планетаның бір түрі» дегенді білдіретін ай сөзі мен «отыз тәулік уакыт» немесе «жылдың он екі бөлшегінің бірі» дегенді білдіретін ай сөзін полисемантизмді сөз дейміз бе, омонимдес сөздер дейміз бе? Бұл сұраққа жауап беру үшін, ең алдымен, «мағыналардың арасында байланыс бар ма, жок па?» дегенді айқындаудың қажеттілігі айтылып жүр. Егер мағыналардың арасында байланыс сақталып, аңғарылып тұрса, онда ол мағыналар бір ғана полисемантизмді сөздің әр түрлі мағыналары ретінде танылады да, мағыналардың арасында семантикалық байланыс үзілсе, бұл күнде ондай байланыс аңғарылмаса, онда ол мағыналар бір сөздің емес, әр басқа сөздердің, яғни омонимдес сөздердің мағыналары ретінде танылады. Мұндай сөздер сөздіктерде омонимдес сездер ретінде қаралады. Мысалы, «Казақ тілінің түсіндірме сөздігінде» жоғарыда талданған «айлар» омонимдес сөздер ретінде танылып, төмендегі түрде түсіндірілген:
Ай I зат. Жерді, күнді айналатын, түнде жерге жарық сәуле беретін аспандағы планета. Желсіз түнде жарық Ай, Сәулесі суда бірілдеп (Абай) . Қараңғы түн мүлгіген, Қайда кеткен жарық Ай. Қиын қыстау кезеңде, Көрінуші ең жарымдай (Лекерев) .
Ай II зат. Жылдың он екіден бір белшегін көрсететін мезгіл (30 күн) . Туған ай тураған етпен бірдей (мақал) . Арада өткен айлар саны бұл күнде есеп емес. Әлі де болса бірер айға асықпаса да болар еді (Әуезов) . («Сөздіктің» I томынын. 17-бетінен) .
«Мағыналардың арасында семантикалық байланыс бар ма, жоқ па?» деген сұраққа жауап беру әрқашан оңай бола бермейді. Мұндайда сөздердің (түбірлердің) сөз тудыруға ұйытқы болу мүмкіндігі мен ерекшеліктері ескерілуі қажет. Мысалы, «Жерді, Күнді айналатын, түнде жерге жарық сәуле беретін аспандағы планета» деген мағынадағы ай сөзінен айшық («өрнек, әшекей» деген мағынада), айдай (айдай жарық, айдай анық), айлы (айлы түн) деген сөздер жасалса, «жылдын, он екіден бір бөлшегін көрсететін мезгіл (30 тәулік) » деген мағынаны білдіретін ай сөзінен айлық (бір айлық жол), айлап (айлап жол жүру) деген сөздер жасалып, сөз тудыруда бұл түбір омонимдер (ай I және ай II) бір-бірімен жақындаспай, арқайсысы әр бағытта өзінше қызмет етеді. Демек, полисемия мен омонимияны бір-бірінен ажырату үшін, сөздің әр мағынасында туынды сөздердің жасалуына ұйытқы болу ерекшеліктері ескерілуі қажет.
Полисемия мен омонимияны бір-бірінеи ажыратуда мағыналардың арасында семантикалық байланыстың жойылуы немесе жоқтығы кейде негізгі критерий бола алмай қалуы мүмкін. Мысалы, түркі тілдерінде той I (зат есім) - той II (етістік) ; тоң I (зат есім) - тоң II (етістік) ; көш I (зат есім) - көш II (етістік) және т. б. осылар тәріздес омонимдер бар. Бұл омонимдік қатарлардың әрқайсысының құрамындағы есім сыңар мен етістік сынар лексикалық мағыналары жағынан бір-бірінен алшақтап кетпейді, бұларда семантикалық бірлік, біртекстілік бар. Бұларды омонимдер деп есептеуде негізгі таяныш - омонимдік қатарға енетін сөздердің, әр басқа сөз табына (бірінің есімге, екіншісінің етістікке) қатысты болуы. Сөзде лексикалық мағына мен грамматикалық мағына түйісіп бас қосады. Сөз өзінің нақты лексикалык мағынасынан басқа белгілі бір сөз табының мағынасы - категорияльды мағынаға ие болады, өзі қатысты сөз табына тән формалармен түрленеді. Осыған сәйкес, жоға-рыда аталған көш I (зат есім) - көш II (етістік) типтес омонимдер жайында мынаны айтуға болады: бұлардың лексикалық айырмашылығынан гөрі грамматикалық айырмашылығы басым, бірі зат есімнің категорияльды мағынасы - заттық мағынаға ие болады, зат есімге тән грамматикалық категориялармен, формалармен сипатталады, екіншісі етістіктің категорияльды мағынасы процессуальдық мағынаға ие болады, етістікке тән грамматикалық категориялар және формалармен сипатталып, бір-біріне грамматикалық қасиеттері мен белгілері жағынан қарама-қарсы қойылады. Осылай болғандықтан, бұлар әр басқа сөздер - омонимдер ретінде танылады.
Омонимдер қалай пайда болған деген сұрақ туады. Олардың пайда болуының бірнеше жолы бар.
1) Кейбір омонимдер сөз тудырудың лексика-семантикалық тәсілі арқылы пайда болған. Тілдің даму барысында көп мағыналы сөздің мағыналарының арасындағы семантикалык байланыс үзіліп, осының нәтижесінде әр басқа екі сөз - омонимдес сөздер жасалуы мүмкін. Көп мағыналы сөздердің мағыналарының арасындағы семантикалық байланыстың жойылуы нәтижесінде әр басқа сөздердің (омонимдес сөздердің) жасалу тәсілі сөз тудырудың лексика-семантикалық тәсілі деп аталады. Мысалы: жабағы I. Алты айдан асып, бір жылға толмаған кұлын (Мысалы: Мынау бір көп сауылған биенің жабағысы еді. Ғ. Мүсірепов) ; жабағы. II. Қыстан қалған ескі жүн (Мысалы: Жаб-ғыға тырнағы шықпастай болып ілінді. Абай) . Осы мысалдардағы жабағы деген екі сөздің, шығу тегі бір. Екеуі де бір сөздің мағыналық жақтан дамып, ол мағыналардың бір-бірінен алшақтауы нәтижесінде жасалған.
«Буылған жүк» мағынасындағы тең (Мысалы: Іші толған - буылған жүк, буулы тең мен сандықтар. М. Әуезов) деген сөз бен «бірдей» деген мағынаны білдіретін тең (Мысалы: Жер жүзінде ең биік, Жоқ өзіңе тең биік. С. Мұқанов) деген сөздер омонимдес сөздер болып саналады. Бұлар да шығу тегі жағынан бір сөздің лексика-семантикалық дамуы нәтижесінде жасалған омонимдердің қатарына енеді. Орыс тіліндегі «дүние жүзі» деген мағынаны білдіретін мир деген сөз бен «бейбітшілік» мағынасындағы мир деген сөз де сөз тудырудың лексика-семантикалық тәсілі арқылы жасалған омонимдердің қатарына жатқызылып жүр.
2) Тіл-тілдегі бірсыпыра омонимдер сөздердің әр түрлі фонетикалық өзгерістерге ұшырап, дыбысталуы жағынан сәйкес келуі нәтижесінде пайда болған.
Фонетикалық өзгерістің нәтижесінде пайда болған омонимдерді айқындау үшін, сол омоиимдік қатардың құрамындағы жеке сыңарлардың (сөздердің) ертерек кездегі дыбысталу түрі қандай болғанын, тілдің даму барысында оның дыбысталу жағынан қалай өзгергендігін, өзгеріске түсуге қандай заңдылықтар себеп болғанын ашып айқындау қажет.
Сөздердің фонетикалық өзгеріске ұшырап, дыбысталуы жағынан сәйкес келуі нәтижесінде жасалған омонимдік қатардың құрамындағы сыңарлардың (сөздердің) көне түрі ерте дәуірлердегі жазба нұсқаларда және туыстас тілдердің кейбіреулерінде сақталған. Демек омонимдердің пайда болу жолын айқындауда ерте замандағы жазба нұсқалар мен туыстас тілдердегі көне формалар бағалы материалдар бере алады. Мысалы, ер деген сөздің (атқа салатын «ер» мағынасында) ертерек кездегі дыбысталуы, көне түрі егер екендігін байқауға болады. В. В. Радлов ер деген сөздің шағатай тіліндегі түбір қалпы - егер, туынды түрі - егерле (қазақша ертте дегенмен бірдей) екенің көрсетеді. Бүл сөз ұйғыр тілінде де егер түрінде айтылады. Ер сөзінің көне формасы қазақ тілінің оңтүстік диалектісінде сақталған: оңтүстіктің кейбір аудандарында бұл сөз егер түрінде айтылады.
Бұл деректер қазіргі қазақ тіліндегі ер сөзінің ертерек ксздегі дыбысталу түрі егер болғандығын, тілдің тарихи даму барысында сөз ортасындағы г дыбысынын түсіп, оның (егер сөзінің) ер болып өзгергендігін көрсетеді. Фонетикалык, осы өзгерістің нәтижесінде о баста егер түрінде айтылған ер сөзі өзімен мағыналық жақтан ешқандай байланысы жоқ, «еркек», «батыр», «күйеу» деген мағыналарды білдіретін ер сөзімен дыбысталуы жағынан бірдей келіп, омоним жасалған.
Мен деген жіктеу есімдігінің. көпше түрі - біз деген сөз бен құралдың атауы - біз деген зат есімнен құралған омоним де фонетикалық өзгерістің негізінде пайда болған. Бұл омонимдік қатардың құрамындағы фонетикалық өзгеріске түскен сөз - құралдың атауы- біз. Мұның ертеректегі дыбысталу түрі бігіз болған. Біз сөзінің бұлайша дыбысталу түрі өзбек, ұйғыр тілде-рінде және казақ тілінің оңтүстік диалектесінде сақталған. О баста бігіз түрінде дыбысталған сөздің ортасындағы г дыбы-сы түскен де, жіктеу есімдігі біз деген сөзбен дыбысталуы жа-ғынан бірдей келген.
Казақ тіліндегі кейбір омонимдердің, сөз соқындағы ш ды-бысының с дыбысына ауысуының нәтижесінде пайда болғанды-ғы байкалады. Көрнекті лингвист В. А. Богородицкий ш дыбысының өзгеріп, с дыбысына айналуын, соның нәтижесінде о бас-тағы ш мен с дыбыстарының үштасып, бірдейлесіп кетуін қазак. тіліне өте-мөте тән белгілердің бірі деп есептейді'. В. А. Бого-родицкийдің, бұл пікірінен казақ тіліндегі кейбір омонимдердіц сөз сонындағы ш дыбысының с дыбысына. алмасуының нәтиже-сінде пайда болғандығы аңғарылады. Қазақ тіліндегі зат есім құс (мысалы: Қус щнатымен үшып, қүйрығымек щонады. Ма-қал) деген мен етістік құс (мысалы: Алтын ана жек көрер ша-масы жоц, Былғанам ба, мейлі қүсамын ба? Сұлтанмахмұт) де-гендер өз ара омонимдес сөздер ретінде қаралады. Бұл омоним-дік катардың құрамындағы зат есім құс дегеннің дыбысталу тү-рі түркі тілдерінің, бір қатарында, мысалы, тува, ұйғыр, қырғыз, өзбек тілдерінде - құш. Ал етістік құс сөзінің, ол тілдердегі дыбысталу түрі қазак тіліндегі дыбысталуымен бірдей. Сөйтіп қазак тілінде омоним ретінде каралатын құс сөзі тува, ұйғыр, қырғыз, өзбек тілдерінде омоним емес, әр түрлі дыбысталатын әр басқа сөздер ретінде қаралады.
Қазіргі қазақ тіліндегі зат есім бас деген мен етістік бас дегендер - бір-бірімен омонимдес сөздер. Ежелгі түркі жазуы ескерткішінің тілінде зат есім мағынасындағы бас дегеннің дыбысталу түрі - баш, ал етістіктің дыбысталу түрі - бас. Қазіргі өзбек тілінде бұл екі сөз бір-бірінен сөз соңында бірінде ш дыбысы, екіншісінде с дыбысы келуі арқылы ажыратылады. Өзбек тілінде зат есім бас сөзі бош түрінде, ал етістік бас сөзі бос (тұйық рай түрі - босмоқ) түрінде айтылады. Түрікмен, азербайжан, қырғыз, ұйғыр, ойрат тілдерінде де бұл екі сөз бір-бірінен бірінде ш дыбысы, екіншісінде с дыбысы келуі арқылы ажыратылады, Аталған тілдерде бас сөзі зат есім болғанда баш, ал етістік болғанда, бас түрінде қолданылады. Демек түрікмен, әзірбайжан, қырғыз, ұйғыр, ойрат тілдерінде бұл екі сөздің ерте кездегі дыбысталу түрі сақталынған да (осы аталған тілдердің материалын жоғарыда келтірілген ежелгі түркі жа-зуынын материалымен салыстырыңыз), ал қазақ тілінде бұл екі сөзді ажырататын ерте кездегі дыбыстық айырмашылық сақталынбай, соның нәтижесінде омоним жасалған. Анығырақ айтқанда, зат есім баш дегеннің, соңындағы ш дыбысының с дыбысымен алмасуының нәтижесінде бұл сөз бас болып айтылып, ертеден бас түрінде қолданылып келген етістікпен омонимдік қатарға енген.
Мысалға келтірілген омонимдердің бәрі де конвергендия процесінің (әр түрлі екі дыбыстың бір дыбыстың бойына сіңісіп бірдейлесуі) нәтижесінде жасалған деуге болады. Қазақ тіліндегі конвергенция кұбылысына алғаш рет назар аударған лингвист В. А. Богородицкий бастапқыда дыбыстык, құрамы әр түрлі сөздердің, мысалы, ш және с дыбысы арқылы ажыратылатын сөздердің, дыбысталуы жағынан бірдей келуі осы конвергенция құбылысының нәтижесі деп есептейді. Оның пікірінше «тамақ» деген мағынаны білдіретін қазақ, тіліндегі ас сөзінің құрамындағы с дыбысы бастапқыда аш түрінде дыбысталған сөздің аяғындағы ш дыбысының өзгеруінен пайда болған да, бұл сөз етістік мағынасындағы ас сөзімен дыбысталуы жағынан бірдей келген. В. А. Богородицкийдің бұл пікірінің дұрыстығын бірсыпыра түркі тілдерінің материалдары дәлелдейді. Солардың ішінде қырғыз, ұйғыр, ойрат тілдерінің, деректері мынадай жағдайды көрсетеді: қазақ тілінде «тамақ» деген мағынаны білдіретін ас сөзі қырғыз, ұйғыр, ойрат тілдерінде - аш, ал «іліп, артып қою» мағынасындағы ас (етістік) сөзінің дыбыста-луы қазақ тіліндегі дыбысталуымен бірдей. Демек, мұнан қазақ тілінде ас деген омонимдік қатардың құрамына енетін сөздердің (есім мен етістік) қырғыз, ұйғыр, ойрат тілдерінде омонимдік қатар кұрамай, әр түрлі дыбысталу қалпын сақтап қалғанын көреміз. Ал қазақ тілінде, керісінше, аш сөзі ш дыбысының с дыбысына ауысуынан ас (синонимі -«тамақ») болып өзгеріп, «іліп, артып қою» деген мағынадағы ас етістігімен омонимдес келген.
3) Омонимдер сөздердің түбіріне (немесе негізіне) омонимдес аффикстердің жалғануы арқылы жасалады. Түбір сөздерден жасалған омонимдер түбір омонимдер деп аталса, түбірге (немесе негізге) омонимдес аффикстердің жалғануынан жасалған омонимдер туынды омонимдер деп аталады. Қазақ тілінде омонимдер тудыратын аффикстер мыналар:
а) есімдердің -с (-ыс, -іс) аффиксі мен етістіктердің (ортақ етістін) -с (ыс, -іс) аффиксі. Бұл омонимдес аффикстердің бір ғана түбір сөзге жалғануынан омонимдес, туынды екі сөз - зат есім мен етістік (ортақ етіс) жасалады. Мысалы: айтыс I (зат есім) . «Садақ бен баланың айтысы» дейтін - арқаға мәлім айтыс (М. Әуезов) ; айтыс II (етістік) . Біздің Садекеңмен айтысар шамамыз қайсы. Әншейін бір жалғыз ауыз сөздің тұсында болымсыз тосқауыл айтқаным ғой. Айтысты, жеңді дейтін сөз емес (М. Әуезов) .
Аталған омонимдес аффикстердің жалғануынан жасалған туынды омонимдер әр басқа сөз табына (есім мен етістікке) қатысты болып, сөздіктерде олар басқа да омонимдес сөздер тәрізді, әр басқа лексикалық единиқалар (сөздер) ретінде талданады. Ортақ етістік жұрнағының (-с, -ыс, -іс) жалғануынан жасалған етістікте ортақ етіс мағынасының болуы әрқашан шарт емес. Мысалы, -іс жұрнағының кір деген түбір етістікке жалғануынан жасалған кіріс (жұмысқа кіріс) деген туынды етістік ортақ етіс мағынасын білдірмей-ақ, аталған түбір етістікке (кір) зат есімнің -іс жұрнағының жалғануынан жасалған кіріс деген туынды зат есіммен (Биыл колхозға кіріс мол кірді) омонимдес бола алады.
Омонимдес аффикстер жоғарыдағыдай бір түбірден ғана емес, әр басқа түбірлерден де туынды омонимдер жасауы мүмкін. Мысалы, сөгіс I (зат есім) «кінәле» деген мағынадағы сөк етістігінен жасалса, сөгіс II (ортақ етіс) «тігісті ыдырату» деген мағынадағы сөк етістігінен жасалған. Бұлардың (сөгіс I және сөгіс II) омонимдестігі сөздердің құрамындағы аффикстердің, омонимдес болуына ғана емес, сонынен бірге аталған туын-ды сөздердің түбірлерінің, омонимдес болуы негізделген.
Құрамындағы түбір морфема мен аффикстік морфеманың бір-біріне сіңісіп кетуінен жасалған және осыньвд нәтижесінде тілдің, қазіргі тұрғысынан морфемаларға бөлшектенбейтін омонимдес сөздер бар. Мұндай омонимдік қатарлардың бір сыңары есім, екінші сыңары етістік ретінде жұмсалады. Мысалы: айқас I (зат есім) . Биыл жаз бойы бір дұрыс айқас көрмеген Сармантай жағы осы араданақ лап берді (Ғ. Мүсірепов) ; айқас II (етістік) . Енді екі балуан айқасып өскен шор ағаштай болып, бірін-бірі ала алмай, бірінен-бірі айрыла да алмай, қайнасып қалған шойындай болып сіресіп қалған . . . (Ғ. Мүсірепов) .
Аталған омонимдес аффикстер басқа да түркі тілдерінде туынды омонимдер жасауға қатысады. Қазақ тіліндегі -с аффиксі қырғыз, алтай тілдерінде -ш жұрнағына сәйкес келеді. Бұл жұрнақ (-ш және оның фонетикалық варианттары) аталған тілдерде туынды омонимдер жасайды. Мысалы: уруш I (зат есім) - «ұрыс», уруш II (етістік) -«ұрыс»; келиш I (зат есім) -«келіс», келиш II (етістік) --«келіс».
ә) есімдердің -қ (-к, -ық, -ік) аффиксі мен етістіктердің -щ (-к, -ық, -ік) аффиксі. Бұл омонимдес аффикстердің бір ғана түбірге жалғануынан әр басқа екі сөз (есім және етістік), яғни туынды омонимдер жасалады. Мысалы, щыз деген түбір етістікке аталған омонимдіс аффикстердің жалғануынан әрі сын есім сөз (мыс, Адам пішіні бұған бір тамаша, өзгеше, қызық сурет тәрізденетін. М. Әуезов), әрі етістік сөз (мыс, Осы жайында өзі таңырқай түсіп, қызығып та қарайды. М. Әуезов) жасалған. Бір ғана жап деген түбір етістік омонимдес аффикстер жалғану арқылы бір-бірімен омонимдес үш сөздің жасалуына ұйытқы болған: жабық I (зат есім. Киіз үйдің жабығи, жабықтан қарау), жабық II (сын есім. Жабық шахтаға кетіп бара жатқан орыс жұмыскерлері де сол жаққа қарап, бөгеліп тұр, Ғ. Мүсірепов), Жадық III Етістік. Кішкентай қыз жабығу, қамығу яки жатырқау, тосырқау дегендерді білмейді. М. Иманжанов) .
Туынды омонимдер аталған аффикстер арқылы бір ғана түбірден емес, әр басқа түбірлерден де жасалуы мүмкін. Мысалы, «кінә» деген мағынадағы жазық сөзі (зат есім) «айыпты, кінәлі бол(у) » деген мағынадағы жаз етістігінен (мысалы: Мен саған не жаздым?) жасалса, «тегіс» деген мағынадағы жазық (мысалы: жазық дала) сөзі (сын есім) . «жай, төсе, тарат» деген мағынадағы жаз етістігінен жасалып, бір-бірімен омонимдік қатар құрайды. Бұған қосымша мына бір омонимдес сөздердің жасалуына назар аударалық: сын есім мағынасындағы ашық сөзі (мысалы: Көзін сәулеге үйреткен Асқар терезеден қараса, аспан айдай ашық екен. С. Мұқанов) аш деген етістіктен (қарсы мағынасы -«жап») жасалса, етістік мағынасындағы ашық сөзі (мысалы: Ашығам дейсің ғой. Ашықпай отырсың ба? Жатақ орнымды алып қояр деп қорқасың-ау. Есіңде болсын, сенде жатақ орын-жоқ. С. Ерубаев. ), керісінше, аш деген сын-есімнен (қарсы мағынасы «ток») жасалған. Бұл туынды омонимдер құрамындағы түбірлердің де омонимдес, аффикстердің де омонимдес болуы нәтижесінде жасалған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz