Омыртқалы жануарлар жайлы


Омыртқалы жануарлар
Желілі жануарлардың омыртқалылар тип тармағы кейде бассүйектілер деп те аталады. Өйткені омыртқалыларда миды қорғайтын бассүйегі болады.
Омыртқалылардың денесінде бас, мойын, тұлға, құйрық және екі жұп аяқтары болады.
Жақ сүйектерінің болу-болмауына байланысты омыртқалыларды жақсүйексіздер және жақауыздылар деп бөледі. Жақсүйексіздерге көбінесе теңіздерде тіршілік ететін миногалар мен миксиндер (сүлікауыз) жатады. Қазіргі кезде жақсүйексіздердің дөңгелекауыздылар деп аталатын бір класының өкілдері ғана кездеседі. Дөңгелекауыздылар класына жататын Каспий миногасы Қазақстанның Қызыл кітабына (1996) тіркелген. Кәдімгі көздің алдыңғы жағында көз бұршағы жоқ көзі болғандықтан, минога үшемкөз деп те аталады.
Шеміршекті, сүйекті балықтар, қосмекенділер, жорғалаушылар, құстар және сүтқоректілер - жақауыздылар тобына жататын жануарлар.
Омыртқалыларды ұрығының даму ерекшеліктеріне байланысты қағанақсыздар және қағанақтылар деп 2 топқа бөледі. Қағанақсыздардың ұрығы суда дамиды. Оның сыртында арнайы ұрық қабық түзілмейді. Қағанақсыздар тобына дөңгелекауыздылар, шеміршекті, сүйекті балықтар және қосмекенділер жатады.
Қағанақты омыртқалылардың ұрығы дамыған кезде ұрық сыртында бірнеше арнайы қабықтар түзіледі. Олар іштей ұрықтанады. Жорғалаушылар, құстар және сүтқоректілер - қағанақты жануарлар.
Омыртқалылар дене температурасына байланысты 2 топқа бөлінеді.
Олар салқынқанды және жылықанды жануарлар деп аталады. Салқынқандылардың дене температурасы тұрақсыз, яғни қоршаған ортаның температурасына сәйкес өзгереді. Дөңгелекауыздылар, шеміршекті, сүйекті балықтар, қосмекенділер және жорғалаушылар - салқынқанды жануарлар.
Минога және оның аузы
Миксина және оның аузы
Дене температурасы тұрақты омыртқалылар жылықанды жануарлар деп аталады. Олардың дене температурасы қоршаған ортаның температурасына тәуелсіз.
Құстар мен сүтқоректілер жылықанды жануарлар.
Балықтарға жалпы сипаттама. Балықтар - сулы ортада тіршілік етуге бейімделген төменгі сатыдағы омыртқалы жануарлар. «Балықтың жаны - суда» деген халық даналығы соның айғағы.
Қазіргі кезде дүниежүзінің су айдындарында балықтардың 20 мыңдай түрі мекендейді (156-сурет) . Зоология ғылымының балықтарды зерттейтін саласы ихтиология (грекше «ихтис» - балық, «логия» - ілім, ғылым) деп аталады.
Балықтардың денесі бас, тұлға және құйрық бөлімдерінен тұрады. Бас бөлімінде жұп танау тесігі, екі көзі бар. Тұлға бөлімінде жұп көкірек, құрсақ және дара арқа жүзбеқанаттары орналасқан. Құйрық бөлімінде сыңар құйрық және аналь жүзбеқанаттары бар. Терісі сыртынан қабыршақтар мен қапталған. Балықтар желбезектері арқылы суда еріген оттегімен тыныс алады.
Балықтың жұп көкірек және құрсақ жүзбеқанаттары дене тепе-теңдігін сақтайды. Балық осы жүзбеқанаттардың көмегімен судың беткі қабатына көтеріледі. Кейде тереңге түсіп, жан-жағына бұрылады. Арқа және аналь жүзбеқанаттары жүзіп жүргенде денесін қалыпты ұстауға көмектеседі. Құйрық жүзбеқанаттары бағыт береді.
Балықтар шеміршекті және сүйекті балықтар деп 2 класқа бөлінеді.
Шеміршекті балықтардың қазіргі кезде 750-дей түрі бар. Қаңқасы тек шеміршектен тұрады. Шеміршекті балықтардың көпшілігі теңіздерде таралған. Оларға акулалар, жұпбалықтар (скаттар) және тұтасбас (химера) балықтары жатады (157-сурет) .
Шеміршекті балықтарға тән белгілер: шеміршекті балықтардың дене пішіні барлығында бірдей емес. Акулалардың денесі созылыңқы, жұмыр, ұршық тәрізді. Суда еркін жүзеді. Жұпбалықтардың денесі қабысып, жалпайып кеткен. Сондықтан олар су түбінде мекендейді.
Шеміршекті балықтардың басында алға қарай созылыңқы тұмсығы болады. Жұтқыншағының екі бүйіріндегі 5-7 жұп желбезек саңылаулары бар. Олардың әрқайсысы сыртқа жеке ашылады. Желбезек саңылауының соңғы жұбы бас бөлімін тұлға бөлімінен бөліп тұрады. Тұлға бөлімі мен құйрық бөлімінің арасы клоакамен бөлінген (158-сурет) .
Шеміршекті балықтардың құйрық жүзбеқанат тарының үстіңгі қалағы астыңғысынан едәуір үлкен.
Терісі 2 қабаттан тұрады. Сыртқысы - эпидермис, көп қабатты эпителий, ішкі - нағыз тері қабаты дәнекер ұлпасынан тұрады. Эпидермисінде безді жасушалар көп. Шеміршекті балықтардың терісі бүртікті қабыршақтармен қапталған.
Балықтардың денесінің екі бүйірінен ұсақ нүкте тәрізді тізбек айқын көрінеді. Бұл - балықтардың бүйір сызық мүшесі. Тізбектегі нүкте тесікшелері теріде орналасқан өзекшелермен байланысады. Олардың ішінде жүйкемен байланысқан сезгіш жасушалар су ағысының күшін, бағытын, тербелісін, кедергілерді сезеді.
Жұптасқан көкірек және құрсақ жүзбеқанаттары денесіне көлбей орналасқан.
Шеміршекті балықтардың денесін плакоидты қабыршақтар қаптайды. Бұл гректің «плакс - тақташа», «ейдос - пішінді» деген сөздерінен алынған термин.
Мұндай қабыршақтың тақташасы және ұшы кері қайырылған тікенегі мен мойны болады. Плакоидты қабыршақтың дәнекер ұлпасына толы қуысы бар. Оны қантарату тамырлары және жүйке торлап жатады.
Шеміршекті балықтардың қаңқасы шеміршектен түзілген. Бас қаңқасында ми сауыты, жақ, тіласты, желбезек доғалары бар. Омыртқа жотасы - тұлға және құйрық бөлімдерінен құралады.
Асқорыту мүшелері клоакамен бітеді. Клоака - тік ішектің кеңейген бөлігі.
Шеміршекті балықтардың көпшілігі іштей ұрықтанады (159-сурет) .
Омыртқалар арасында желі қалдығы сақталған. Омыртқа жотасы жұлынды қорғайды. Иық және жамбас белдеулері мен жұп көкірек, жұп құрсақ жүзбеқанаттарының қаңқасы айқын білінеді.
Асқорыту мүшелері мен асқорыту бездері асқорыту жүйесін түзеді. Акуланың жағы шеміршекті әрі қозғалғыш. Жаққа ірі, үшкір тістер орналасады. Тілі нашар дамыған. Ауыз қуысы жұтқыншаққа жалғасады. Жұтқыншаққа желбезек саңылаулары ашылады. Жұтқыншақ - өңешке, өңеш көлемді қарынға жалғасады. Аш ішегі қысқа, оған бауырдан келетін өт өзегі және ұйқы безінің өзегі ашылады. Аш ішек тікелей тоқ ішекпен байланысқан. Тоқ ішегі жуан. Ішектің ішкі сіңіру бетін ұлғайтатын қатпарлары болады. Акуланың тік ішегі клоакаға ашылады.
Шеміршекті балықтардың тынысалу мүшесі - желбезектер. Желбезектерінде желбезек доғалары, желбезекаралық перде және желбезек шашақтары болады. Желбезек доғаларының саны 5 жұп. Желбезек шашақтарын ұсақ - қылтамырлар (капиллярлар) торлап жатады.
Акуланың тыныс алуы ауыз қуысының қозғалуына сәйкес болады. Су алдымен ауыз қуысына, одан жұтқыншаққа өтеді. Суда еріген оттегі жұтқыншақтағы желбезек шашақтарында қанға қосылып, артерия қанына айналады.
Балықтардың жүрегі 2 қуысты: бір жүрекше және бір қарыншадан тұрады. Қанайналым шеңбері - біреу. Жүрегі арқылы үздіксіз көмірқышқыл газына қаныққан вена қаны ағады. Желбезек шашақтарында оттегіне қаныққан артерия қаны арқа қолқа қантамыры арқылы денеге таралады.
Акуланың дене қуысында таспа тәрізді жұп бүйрегі бар. Бүйректе қаннан сүзілген зәр заттары бір жұп несепағар өзегі арқылы клоакаға келеді. Зәр заттары клоакадан тікелей сыртқа шығарылады.
Акуланың белсенді тіршілік етуіне байланысты миы жақсы дамыған. Ми бөлімдері: алдыңғы ми, аралық ми, ортаңғы ми, мишық және сопақша ми. Алдыңғы миы үлкен, әрі айқын екі сыңарға бөлінген. Ортаңғы миы да жақсы дамыған. Жылдам жүзу әрекеттерін реттейтін мишығы жақсы жетілген.
Акуланың миынан денесіне 10 жұп жүйкелер - дене бөліктеріне, жұлыннан да жеке жүйкелер таралады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz