Онтология термині



Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Онтология термині грек тілінде екі сөз тіркесіпен тұрады: оntos —
болмыс, logos — ілім, Демек, онтология грек тілінен аударғанда болмыс
туралы ілім дегенді білдіреді. Философияда бұл термин XVII ғасырдан бастап
қолданылады бірақ оның сол кезге дейінгі де тарихы бар. Екі жарым мың жыл
бойы философтар әлемдегі адамның орны туралы ой толғап келді, соның
нәтижесінде философияда осындай ерекше сала қалыптасты. Онтологияда болу
деген қасиетке ие болатын барлық нәрселер мәнін ашуға негізделетін болмыс
мәселесінің сұрақтары қарастырылады. Онтологияның негізгі категориясы
болмыс болып табылады.
Философияның қалыптасуы да онтологаяның пайда болуы мен дамуына арқау
болған негіздермен байланысты. Көптеген философиялық жүйелерде басқа да
категориялар арасындағы ең маңыздысы болмыс категориясы болып табылады.
Болмыс батыстық рефлексияда базалық категория деп саналады, өйткені ол
заттардың мәнін бейнелейді. Бұл мәнділік болудың сипаттамасы болып
табылады. Батыстық адам маңызды дүниетанымдық мәселелерді шешу барысында ой
толғауды ең алдымен барды, болуды түсіндіруден бастайды және бұл
ойлаудың негізгі азығы болып табылады. Дүниеге келгеннен кейін адамды
мынадай сұрақтар мазалайды: Қоршаған орта нені білдіреді? , Оның шығу
тегі қалай?, Әлем мен адам болмысының шеткі түп негізі не?.
Болмыс туралы ең өткір сұрақтар құдайдың құдіреттлігіне күмән
келтіріліп, ортодоксальды ақыл-ойдың дағдарысы тұсында қойылады. Әлдебір
бір құдайлар пантеонының бар екендігіне, өмірде орын алған экзиетенциалдық
дағдарыстық ахуалды тоқтатуда олардың үстемдігі мен құдіретіне күмән
келтірілетін әлеуметпк катаклизмдер мен әлеуметтік сілкіністер тұсында
ортодокстар арасында скспсие күшейе түседі. Қорғаны құдай-лар мен
қалыптасқан пормалар болган өмірлік тіреуден айры-лу, тұрақтылығына
ғасырлар бойы адамдар сеніп кслген этикалық құндылықтардың салыстырмалығы
мен субьективтіліп сенімсіздік пен үрей ұялатып, ғасырлар бойы қалыптасқан
байырғы көзқарастардың жойылуына әкеледі.
Қалыптасқан экзиетенциалды тығырықтан шығу жолын болмысты рационалды
түрде негіздей отырып, оның шынайылығына сенімділік білдіретін философия
көрсетеді. Болмысты рационалды негізде отырып, философия осыгап дейін омір
сүріп келген мифтік-діни тәжірибеге философиялық рефлексия жасай отырып,
дүниетанымдық мәселелермен айналысады. Осы уақытқа дейін пайымдалмай келген
болмыс осы жерде орны бар мәнділік ретінде зерделене бастайды. Болмыс
мәселесі -бұл өз бастауын адамзат баласының қоршаған орта туралы діни
иллюзиялардан (сағымдардан) бас тартқан кезінен алатын философиялық
рефлексиялардың бірі. Философияның қалыптасқан кезінен бастап адам қоршаған
орта туралы иллюзиялық-мистикалық көзқарас шеңберінен шығып, оның
мәнділігіне алғаш рет үңіле бастайды. Дамыған теориялық рефлексия арқасында
адам нақты әлем туралы, өзі туралы, өзінің нақты жағдайы мен мақсаты,
өзінің әлемдегі нақты рационалдық үстемдігінің мүмкіндіктері мен шектері
туралы шындыққа жақын көзқарас қалыптастырады.
Философия арқасында адам өз құдіретінің жаңа формасына ие болады. Бұл
козқарас бастапқыда адамға қуанышты әсер етті, кейінірек әлемге деген
астамшыл қатынасты қалыптастырса, ал XX ғасырдың соңына қарай адам ол
қатынасын жоғалтып, негативті бағалауға көшті.
Шығыстық мәдениет әлеміндегі адам
болмысы мәселесінің қойылуы
Шығыс дәстүрлерінде болмыс тақырыбының қалыптасуы шынайы және өткінші
болмыс тақырыптарымен тығыз байланысты, Болмыстағы шынайылық пен
өткіншіліктің ең ертеде түсіндірілуі мен олардың айырмашылығы Ригведа
гимндерінде (Насадиясукта) кездеседі. Онда сат деп белгіленетін шынайы
болмыс хаосты үйлесімділікке, тәртіпке заңды түрде реттейтін әлемдік күш
ретінде анықталады.
Өткінші әлем шынайы болмысты алмастыратын, салыстырмалы түрде ауысып
отыратын, көзге көрініп қана тұратын сағым тәрізді нақтылық болып табылады.
Шынайы болмыстан өзге шрамандар болымсыздықты да айырады. Асат деп атай
отырып, аскеттер оны қиратушы күш ретінде сипаттайды.
Кена-Упанишадтағы интеллектуалдық пайымдауларда болмыс сезім мен ақыл-
ой арқылы қабылданбайтын, бірақ өз формаларының нақты көрінісі арқылы оның
бар екендігін тұжырымдауға болатын — Брахман деп түсіндіріледі. Егер оның
формалары болса, онда оның мәні де бар, — деп түйіндейді аскеттер. Ал
мәнділік деген не? Бұл сұраққа Удалака былайша жауап береді: Барлық ...
жаратылыстың түбірі Мәнділікте, тұрағы Мәнділікте, сүйеніші Мәнділікте.
Бхагавадгитада мифтік Кришна Брахман деп аталатын мәнділік түріндегі
болмыс туралы айта келіп, шынайы болмыс пен өткінші болмыстың айырмашылығын
дәл көрсетеді. Кришна үшін шынайы болмыс — Жоғарғы Брахман — мәңгілікке
оранған болмыс. Оның басталуы да, анықталуы да болмайды, оны ешкім
туғызбайды, ол бұзылмайды және оның мәні бүкіл әлемді және одан тыс нәрсені
де алып жатыр. Брахман — жалғыз, ол бір мезетте мәнді де мәнсіз, ол
мәңгілік және шексіз. Бұл бүкіл әлемнің өн бойын қамтитын нәрсе, ешқашан
да бұзылмайды. Тек денелер ғана өткіншінің бейнесі. Ол болса — мәңгілік.
Өлшенбейтін, ол ешқашан да өлмейді.
Брахман түріндегі болмыс туралы идея шрамандардың ең алғаш әлемнің
мифологиялық картинасына деген сенімді жоғалтқанда ең алғаш халық алдына
шыққандағы рационалдық принципі болды.
Ертедегі Үнді аумағындағы ұлы өзгерістер тұсында, бір мифологиялық
түсініктің орнына екіншісі келіп, бірақ өздерінің құдайларына деген сенімді
жоғалтып және де жаңа өзге халықтардың әкелген құдіретіне сенбестік
білдіріп, адамның өмір қамына қатысты маңызды мәселелер шешімін таба алмай
жатқан кезінде адамзат ақыл-ойының күшіне деген шаманның (бақсының)
бойындағы үміт халықтың бойында сенімділік ұялатты. Осылайша Арджуна
Кришнаның өткір уәждеріне сене отырып, соғысқа батыл кіріседі. Оның
батылдығы мен өжеттілігі, Брахманмен мәңгі байланыс орнатқаны үшін,
Атманнан қолдау табады.
Адамға ашылған Ақиқат бойынша ол Менге (Атманга) ие бола отырып, өз
мүмкіндіктерінің көкжиегін кеңейте түседі, егер өз болмысында үйлесімділік
болмысын, табиғи әлем болмысын бұзбай, заңмен, тәртіппен жүрсе Мәнділікпен
байланыс орнатуға қабілетті болады. Адам болмысы ол өзінің Менге ие
болғанын санасымен сезіну арқылы ашылады, яғни өзіндік Меннің рухани
көкжиегін кеңейту арқылы, өзінің әлемге қатыстылығын, әлемнің
байланыстарын, құрылымдық элементтерін, формаларын бұзбай әрекет ету мен
пайымдалған болмыс арқылы Брахманмен қосылуға болады. Көрінбейтін Универсум
идеясын негіздей отырып, үнді онтологиясы адамның әлемдегі өзіндік
позициясын айқындайды. Әлем жетілген және әдемі, өзінің құрамдас-құрылымдық
элементтерімен өзі туралы кез-келген көзқарастан асып түседі. Сондықтан
қайта құруға тырысқан кез келген белсенді ұмтылыс жүзеге аса қоймайды. Адам
көрінбейтін Мәнділіктің әр түрлі құрылымдық түзілімдері мен формаларын
ұғынуға қабілетті және соның негізінде ол туралы кез-келген логикалық
конструкция бір жақты және шектеулі екендігін түсіне алады. Шектеулі және
бір жақты көзқарастар әдетте нақты емес, бір белгісіздікке деген сенімді
туғызады. Адам болса, философиялық рефлексияның көмегімен Нақтылықтың
(көрнекіліктің) не екені туралы білім ала алады және ол болмысқа ие болады.
Осы Нақтылықты негіздеу - философияның прерогативасы және ол адамға
тыныштық әкеледі, Мәнділікпен бірігуін, онымен байланысын қамтамасыз етеді.
Батыстың мәдениет әлеміндегі адам болмысы мәселелерінің, даму
жолдары
Антик мәдениетінде ұзақ уақыт бойы адамның әлемнен ажырамас және терең
байланысы бар екендігі туралы идея мойындалып келді. Бірақ уақыт өте ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Онтология мәселелері
Болмыс - қоғам мен адамдар өміріндегі материалдық және рухани дүниенің қорытындысы
Болмыс формалары
Онтология-болмыс
Əлеуметтік болмыс
Философия пәні
Болмыс - өмір сүру сөзінің синонимі
Онтология ұғымы
Мартин Хайдеггер онтологиясының негізгі ұғымдары
Болмыс категорясы. Болмыстың түрлері
Пәндер