ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ӨНЕРКӘСІП САЛАСЫНЫҢ ДАМУЫ



Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 76 бет
Таңдаулыға:   


ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ӨНЕРКӘСІП САЛАСЫНЫҢ ДАМУЫ

Ф-ОБ-011033
Мазмұны
КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ...
1-тарау ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӨНЕРКӘСІБІ
1.1.ОТЫН –ЭНЕРГЕТИКА ӨНЕРКӘСІБІ
1.1.1.Көмір өндірумен айналысатын компаниялар.
1.2. ХИМИЯ ӨНЕРКӘСІБІ.
1.3. ҚҰРЛЫС МАТЕРИАЛДАР ӨНЕРКӘСІБІ
1.4.ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІ
1.5. ЖЕҢІЛ ТОҚЫМА ӨНЕРКӘСІБІ
1.6.МЕТАЛЛУРГИЯ ӨНЕРКӘСІБІ.

2-тарау. ОБЛЫСТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ
ЖАҒДАЙЫ.
2.1. Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік – эконмикалық дамуының орны
мен ролі.
3-Тарау. ОҚО-НЫҢ АУДАНДАРЫНА ӨНДІРІСТІК –ЭКОНОМИКАЛЫҚ СИПАТТАМА.
3.1. Бәйдібек ауданы
3.2. Қазығұрт ауданы
3.3. Мақтаарал ауданы
3.4. Ордабасы ауданы
3.5. Отырар ауданы
3.6. Сайрам ауданы
3.7. Сарыағаш ауданы
3.8. Созақ ауданы
3.9. Төлеби ауданы
3.10. Түлкібас ауданы
3.11. Шардара ауданы
Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

КІРІСПЕ
Оңтүстік Қазақстан облысы Тянь-Шань тауларының сiлемдерi мен Тұран
ойпатының шығысын ала, 117,3 мың шаршы шақырым аумаққа орналасқан. Оның
солтүстiгiн Бетпақдала шөлi, оңтүстік қиыр шетiн Мырзашөл қуаң даласы алып
жатыр. Солтүстiк шетi мен оңтүстік шетiнiң ара қашықтығы 600 км.
Кеңес Одағы заманында Оңтүстік Қазақстанның экономикалық-географиялық
жағдайы түбiрiмен өзгердi. Түркiстан–Сiбiр темiр жолы салынды, Мойынты-Шу
линиясымен бiрге бiрнеше iрiлi ұсақты темiр жол жүйелерiнiң салынуымен
пайдалы қазбалар кен орындарының ашылуы басталды. Оңтүстік Қазақстан
облысының айтарлықтай өндірістік экономикалық мүмкіндіктері бар.Олардың
негізін орасан зор табиғи қорлар мен жеткілікті еңбек ресурстары
құрайды. Оңтүстік Қазақстан облысының айиарлықтай өндірістік
экономикалық мүмкіндііктері бар. Олардың негізін орасан зор табиғи қорлар
мен жеткілкті еңбек ресурстары құрайды. Уран қоры жөнінен облыс
қазақстанда бірінші фосфориттер мен темір рудасы бойынша –үшінші орын
алады.Жалпы қатты пайдалы қазбалардың баланстық қоры мен болжама
ресурстары бойынша облыстағы жер қойнауының байлығы 240 млрд.АҚШ
долларына тең деп бағаланады. Оның ішінде
-бокситтер,
-темір рудасы,
- уран,
-қорғасын мен мырыш,
Көмір жөнінен.
Барланған кен орындары мен геологиялық барлау құрылыстарын игеру,
болжамдық ресурстары өнеркәсіптік санаттарға өткізу және оларды
кейінгі өндірістік игеру үшін шамамен 2,0 млрд.АҚШ доллары қажет.
Алғашқы кезекті мынадай кен орындары игерілуге тиіс.
-Шу-Сарысчу және Сырдария ойпкттарындағы уран кен орындары (Жалпақ
және Мыңқұдық),
-Күмісті кен ауданындағы алтын кен орны ,,
-Жабағылыдағы ванадии кен орны ,
-өгем жотасындағы қорғасын , мырыш , вольфрам кен орны.
- Придорожный мен Орталықтағы көмірсутектер кен орны.
Облыс мақта ,тері шикізаттары , өсімдік майы , жеміс –жидек , көкөніс
өнімдерін , жүзім, бау-бақша , макарон , темекі , сыра және басқада
алкогольсіз сусындары басқа жерлерге жеткізіп отырады. Сонымен бірге
облыста екібағытта жалпы ұзындығы 445км темір жолдар, ұзындығы 5,3 мың км
автомобиль жолдары, оның ішінде қатты жабыны бары 5,1 мың км жол ьар.
Азаматтық авиация ұзындығы 27 мың км ауа белдеулеренінде жұмыс істейді.
Облыс орталығы һалықаралық Орынбор- Ташкент және Түркістан –Сібір
магистральдарының тоғысында орналасқан. Сонымен қатар , облыс аумағы
арұылы Ташкент –Шымкент-Тараз-Алматы жәнеТашкент-Шымкент-Түркістан-Самар а
автомагистральдары өтіп жатыр.

1-тарау . ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӨНЕРКӘСІБІ.
Өнеркәсіп-республика халық ш-ның шешуші саласы. Ол еңбек
құралдарын, тұтыну заттарын жасаумен шикізакт, отан электр энергиясын
өндірумен щұғұлданады. Ол коммунизмнің материалдық – тех. Базасын жасауда
қоғамдық өндірістің барлық салаларының индустриалық негізін одан әрі
нығайтуда маңызды роль атқарды. Республикада өндірілетін ұлттық табыстың
жартысынан астамы өнеркәсіптің үлесіне тиеді. Оның қоғамдық жиынтық
өнімдегі үлес салмағы 1978 ж. 50,7% құрады.
Қазақстан өнеркәсібі жоғары қарқынмен дамып келдеді. 1913 жылмен
салыстырғвнда 232 есе өсті. Өнеркәсіптің жылдық орташа өсу қарқыны жағынан
Қазақстан одақтас республикалар арасында кәзір жетекші орындардың бірінде.
Қаз. ССР-ндегі өнеркәсіптің жетекші салалары - түсті және қара
метталургия, отын, химия индустриясы, машина жасаудың, тамақ және жеңіл
өнеркәсіптің кейбір салалары. Әсіресе түсті метталургия мен отын-
энергетика өнеркәсіптері маманданудың жоғары дәрежәсімен көзге түседі.
Қазақстан үшін жаңа сала, жалпы тех, прогрестің сүбелі бейнесін толықтырған
газ және фосфор өнеркәсаіптері, атом энергетикасы жақсы қарқынмен дамып
келеді.Қазақстан қоғасын өндіруден 1- орын мыс, мырыщ, мұнай өндіруден 2-
орын, темір рудасын көмір, электр энергиясынөндірумен 3 – оын, трактор мен
а. Ш. машиналарын шығарудан 4-оын алады.
Қазақстан өнеркәсібінің өркендеуіне тән ерекшеліктер –
жігерлікті шикізатпен және отынмен толық қамтамасыз етілуінде. Республика
шикізат ресурстарының сан алуандығы оның өнеркәсібінің құрылымын да
әсерін тигізді. Мұнда өндіріс құрал – жабдықтарын өндіретін салалар да,
халықтың тұтыну заттарын беретін салалар да бірдей қарқынмен дамып келеді.
Сонымен бірге Қазақстан өнеркәсібінің тағы бір артықшылығы – оның құрамында
өңдеуші өнеркәсіптен өндіруші өнеркәсіп басым, бұл оның жер қойнауы
шикізатқа бай екендігін дәлелдейді. Республика өнеркәсібінің даму келешегі
пайдалы қазбалардың жаңа кендерін игеруге, ауыр өнеркәсіп пен жеңіл
өнеркәсіптің даму қарқыны және а. Ш. шикізат өндірісінің өсуі мен оны өңдеу
арасында орын алып келген алшақтықты жоюға байланысты.
Республика өнеркәсібі елдің басқа да шығыс аудандарымен жалпы
одақтық еңбек бөлінісіне және маңызды халық ш. міндеттерді шешуге белсене
қатынасады
Оңтүстік Қазақстан облысы – республикадағы маңызды және өнеркәсібі
жақсы дамыған экономикалық аудандардың бiрi. Ауылшаруашылығына мамандануы
Оңтүстік Қазақстанға шекаралас жатқан Орта Азияны еске түсiредi. Бұл –
Қазақстанның бағалы техникалық және дәндi дақылдар өсiретiн суғармалы
аймағы. Республикада бақша, жүзiм өсiру мен қой шаруашылығынан бiрiншi
орынды иемденедi.
Оңтүстік Қазақстан азық-түлiк және жеңiл өнеркәсiп дамыған орталық. Тау
кен өнеркәсiбi де жоғары деңгейде жолға қойылған (полиметалл, фосфорит,
қорғасын өндiрiсi).
Оңтүстік Қазақстан табиғат жағдайы Орта Азиядағы көршi мемлекеттермен
өте ұқсас. Мұнда Орта Азиядағы сияқты жазықтарда күн сәулесiнiң таралуы
жоғары. Оңтүстік Қазақстанның климаты шұғыл континенттi, әсiресе жазық
шөлдi аймақтарда. Континеттiлiк солтүстiкке қарай айқын байқалады. Оңтүстік
Қазақстанның барлық территориясына салыстырмалы суық, қары аз қыс тән,
жылы, жаңбырмен ұласқан көктем, содан соң – ыстық жаз тән. Күз кенеттен
кiредi де, ол температураның шұғыл тербелiсiмен, жаңбырмен ерекшеленiп,
аяздың соңы қармен жалғасады.
Басқа экономикалық аудандармен салыстырғанда мұнда вегетациялық кезең
ұзаққа созылады (220 күнге дейiн). Сәуiр мен қыркүйек аралығында түсетiн
энергияның мөлшерi тропиктегiмен бiрдей. Температураның жалпы мөлшерi 4000
градусқа жеттi. Оған қоса, Оңтүстік Қазақстанда бұлттылық республика
бойынша ең төмен (35-45% орташа жылдық), ал ауаның ылғалдылығы шiлдеде 18-
20%-ға дейiн төмендейдi. Мұндай табиғи үйлесiмдiлiк дәндi дақылдармен бiрге
жылу сүйгiш өсiмдiктердi өсiруге болады.
Оңтүстік Қазақстан климатының қолайсыз жақтары көктемнiң соңғы
айларындағы аяздар. Бұл аяз жас мақталар мен басқа да өсiмдiк түрлерiнiң
үсуiне алып келедi.
Оңтүстік Қазақстанның көп бөлiгiнде жауын-шашын өте аз. Жауын –шашынның
орташа жылдық көрсеткiшi солтүстiгiнде 150 мм-ге дейiн, Оңтүстік
Қазақстаның оңтүстiгiнде 500 мм-ге дейiн жетедi. Жылына 5-6 айдың
көлемiнде жауын-шашын жауады.
-Оңтүстік Қазақстан ежелгi кезден қолайлы географиялық аймақ саналған.
Бұл территориядан Батыс пен Шығысты – Жерорта теңiзi елдерiмен Азияны,
Қытай, Монғолияны жалғастыратын маңызды керуен жолдары өткен. Оңтүстік
Қазақстанның таулы аудандарынан өткен осы жолдар тарихта “Ұлы Жiбек жолы”
атымен белгiлi. Сырдария өзенi жағалауынан өтетiн Орта Азия арқылы
Үндiстанға, Хазарияға, кейiнiрек – Алтын Ордамен Мәскеуге алып баратын
жолдың да маңызы жоғары болатын.
Осы керуен жолдарының бойында VI-XII ғ.ғ. көптеген сауда орталықтары,
қалалар пайда болды. Әсiресе, Сырдария өзенi бассейнінде: Отырар, Испиджаб,
Сүткент, Сығанақ, Сауран сияқты iрi қолөнер және сауда орталықтары салынды.
Ресейге толығымен қосылған соң (XIXғ. 60 жылдар ортасы) Оңтүстік
Қазақстан Орта Азия оазистерiмен Ресейдiң Европалық бөлiгiндегi аудандарды
жалғастырушы ретiнде танылған. Алайда, Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында
жолдардың жоқтығынан бөлiм аралық байланыс қиын болатын.
Облыс кәсіборындары Қазақстанның барлық өнеркәсіп өнімдерінің 5%-ын,
мақта майы ,экскаваторларды, түгелдей , транспорматорлардың 98%-ын,
фармацевтика өнімдерінің 75%-ын шығарады.Бүгінде Оңтүстік Қазақстан
–елімізде қарқынды дамып отырған облыстардың бірі Аймақтың таңдаулы
Кәсіпорындарының экономикалық көрсеткіштері тұрақты дамудың айғағы болып
отыр. Экономиканың табысты дамуының бірі болып –ол жаңа кәсіпорындар болып
мен жаңа жұмыс орындрының пайда боуы, бұл әсіресе мақта өңдеу
саласында елеулі көрініс апты.2003 жылдың аяғына қарай мақта иіру
фабрикасын салу жоспарланған.Ірі өнеркәсіптің даму ұсақ және орта бизнес
кәсіпорындары санының артуымен қоса асырылуда. 2003жылдың бірінші
жартысында дүние жүзінің 55 елімен экспорттық-импорттық операциялар іске
асырылды. Алты айлық сауда айналымы 240 млн АҚШ долларын құрады. Осы
мерзім ішінде өнімдерді экспортқа шығарудың импорттан асып түсуіне
байланысты сауда байланысының оң қайтарым сальдосы 80 млн АҚШ долларын
құрады . Салаыстыру үшін бүкіл 2002 жыл бойынша оң қайтарым сальдосының
70 млн АҚШ доллары шамасы ал сауда айналымының жалпы көлемінің 335
млн.АҚШ долларынан
Артық болғандығын келтірейік. 2002 жылы облыс өнімдері дүние жүзінің 37
еліне шығарылып,66 елден тауарлар әкелінсе 2003 жылдың бірінші
жартысында тауарлар әкелінетін елдердің саны-52-ге дейін қысқарды.
Облыстың сыртқы сауда қызметінің басты мақсаты –экспортқа
бағыттандырылған өнеркәсіптердің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету
және облыс үшін бұрын үрдіс болмаған, жаңа экспорт көздерін дамытуға
жағдай туғызу. Сыртқы сауда қызметіндегі екінші бір баса көңіл аударатын
мәселе –импорт құрылымын жаңарту болып қала бермекші .Келешекте 2006
жылға дейін экспортта мұнай өңдеу , түсті металдар мен мақта
өнімдерін жетекшілік орында қалдыру көзделіп отыр, импортта резина
–техникалық өнімдер шығаруға қажетті шикізаттар , мұнай және минериалдық
жанармай , машиналар мен құрал жабдықтар, көлік қатынас құралдары басым
болмақшы. Облыс кәсіпорындары Қазақстанның барлық өнеркәсіп өнімдерінің
5%-ын шығарады. Мақта мен мақта майы экскаватор түгелдей,
трансформаторлардың 98%-ы, фармацевтика өнімдерінің 75% оңтүстікте
шығарылады. Облыстың өнеркәсіп мүмкіндіктерін мұнай өңдеуші және
металлургия өнеркәсіптері анықтайды. Бұл салалар негізінен түсті
металлургия , машина жасау, химия, мұнай, өңдеу және тамақ өндірістерінің
өсуі байқалып отырған Шымкент және Кентау қалаларындыа дамуда. Облыс
орталығы Шымкент –Қазақстанның инфрақұрылымы жақсы дамыған ірі
өнеркәсіпті – индустриялы қаласы.Қалада 40 өнеркәсіп орыны бар. Мұнай
химия өнеркәсібі саласындағы ірі өнеркәсіпорынар
ПетроКазакстан Ойл Прадактс( мұнай өңдеу, бұрынғы ШНОС)ААҚ және
Интерком Шина( шина шығару).ААҚҚұрылыс өнеркәсібі –Шымкент-цемнт ААҚ
(порланд маркалы ) Дыш Тиджарет ве Пластик Санаил АОК Оңтүстік
Қазақстандық филиалы , Құлыыс материалы ААҚ Химия өнеркәсібі- Химфарм
ААҚ (дәрі- дәрмек шығару.) Жеңілөнеркәсіп-АФ Восход ААҚ(жүн және
жартылай жүн маталардан тігін бұйымдары , костюмдер, пальтолар, курткалар
т.б.) Эластик ААҚ (жоғары сапалы жіптен шұлық ұйық бұйымдарын тоқу)
Адал ЖЩС (жіп және мата). Тоқыма және тігін өнеркәсібінде Түрлістан
қаласының Яссы ААҚ, Тұран шш, корпорациясы ААҚ Алытн ЖШС, ШТФ
Түркістан ЖШС елеулі үлес қосуда. Қазіргі таңда Мақтаарал ауданының
өнекәсіп өнімдерінің 83 пайыз тоқыма және тігін өнеркәсібі кәсіпорындарының
үлесіне тиеді. Нимекс ЖШС Мырзакент ААҚ, МақташыААҚ, Мақтаарал ААҚ,
Ақ алтыг ААҚ, Ынтымақ ААҚ,облыстағы шиітті мақтаның жалпы көлемінің 67
пайызын өндіреді. Сарыағаш ауданының ең табысты еңбек етіп келе жатқан
кәсіпорыне Фабрика Сенім ЖШС. Тамақ өнеркәсібі саласында жетекші
кәсіпорындар қатарына Шымкент май ААҚ мен Қайнар АҚ енеді, (мақта,
күнбағыс, сафлор, соя дәндерін өңдеу, тамаққа пайдаланатын тазартылған
өсімдік майлары т.б өндіру) Сайрам уаданында Арай ЖЩС өсаімдік майын
өндірумен, ал Қазығұрт ауданында Амангелді ЖШС, ұн және ұн өнімдерін
шығарумен айналысады.
Түлкібкас ауданы МЭК лтд ЖШС ұн және крахмалды өнімдерін,
Плодоконсервный-Юг ЖШС жеміс-жидек және көкөніс өнімдерін шығарады.
Салқын сусындар мен арақ-шарап өнімдерін шығарушы кәсіпорындар да
табысты дамып келеді.
Ең алдымен бұл шетелдік құрал-жабдықтарды пайдаланып, чех және неміс
технологиялары бойынша сыраның танымал жеңіл сортын шығаратын бүкіл
республикаға әйгілі Шымкентсыра ААҚ.
Бахус-ДеронсекЖШС кейбір көнерген жүзім алқаптарын жанартуды іске
асырды, осы мақсатпен кәсіпорын Сарағаш ауданының ауылшаруашылық өнімдерін
өндірушілеріне 2002 жылы 10,5 млн, теңгеге, 2003 жылы бірінші жартысында
4,5 млн теңге қаржы бөлінді. Сайрам ауданының Нұр ЖШС және Лада ЖШС
жүзім алқаптарын жанарту және жүзімдерді баптау жұмыстарына тиісінше 350
мың теңге және 400 мың теңге бөлді. Мақтаарал ауданындағы Молчанов и К
ААҚ, Түлкібас ауданындағы Жуалы ААҚ, Сарыағаш ауданындағы АВК Капланбек
ЖШС ірі шарап өндіруші кәсіпорындардың қатарына жатады.
Бүкіл республикаға әйгілі минералды су облыстын бетке ұстарына
айналды. Көбірек танымал маркаларын Сарыағаш ауданындағы Алекс және Әсем-
ай ЖШС құяды. Жақында олардың қатарында Сұлтан ММ және Тұран ЖШС
қосылады. Темекі өнімдерін шығарумен ЖТЛ (Sentral Asia) ЖАҚ айналысады.
2002 ж кәсіпорын 1211,0 дана сигарет шығарылады.
Кентау қаласына қарайтын аймақта фосфорит, қорғасын, мырыш сияқты
пайдалы қазбаларын қоры бар.
Металлургия өнеркәсібіндегі басты Южполиметалл ЖАҚ, машина жасау
саласының жетекші кәсіпорындары Карданвал ААҚ, Южмаш-К ЖАҚ,
ЭлектроаппаратЖАҚ(қуатты ажыратқыштар және де басқа өнімдер шығару ),
Экскаватор ААҚ, Кентау трансформатор заводы ААҚ, Түркістан- насос
ААҚ. ҚР үкіметі қабылдаған іс-щараларға сәйкес келешекте экспортқа
бағытталған және импорттың орнына басатын өнімдері шығарушы кәсіпорындар
мен жаңа жұмыс орындарын ашуға қолдау көрсетуге басты назар аударылмақщы.
Экономика саласындағы жағдайды барлығынан бұрын облыстың қалалары мен
селоларының сыртқы пішіндеріндегі өзгерістерден байқауға болады. Соңғы бір-
екі жылыдың ішінде Шымкенттің басқа да қалалар мен аудан орталықтарының
көшелері мен алаңдары күрт өзгерді. Соңғы жылдары еліміздің өмірінде болып
жатқан күрделі өзгерістер қоғамның әлеуметтік бейнесінің өзгеруіне де әсер
етті. Бірақ бізідің адамдарымызды танымал еткен негізгі қасиет -өзгеріссіз
қалды.
Иә, біздің берекелі өлкеміздің тұрғындарына тән ерекше түстік ділі
соңғы жылдардағы қол жеткен елеулі жемістеріміздің негізі болып табылады.
Ол ерекшелік ғасырлар бойында қалыптасты, адамдар арасындағы, әсіресе
ұлтаралық қатынастардың қара қазында қайнап пісті. Нәтижесінде оңтүстік
қазакстандықтардың мінез-құлқында бірден көзге түсетін сипаттар қалыптасты,
ол ақ көңілдік пен қонақжайлылық, еңбекқорлық пен ерекше, түстіктік
белсенділік. Мұның барлығы қосылып, өлкенің табиғат сыйлаған бірегейлігін
сақтауға және аға ұрпақтың мұраға қалдырып кеткен байлығын көбейте түсуге
қабілеттілігін дәлелі бола алады.
Есепті кезеңде облыста өнеркәсіп өнімін өндіру көлемінің арту тенденциясы
сақталды. 2007 жылы облыста 169,3 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді,
нақты көлем индексі 2006 жылдың деңгейімен салыстырғанда 5,0 пайызға артты.
    Облыстағы өндірілген өнеркәсіп өнімі көлемінің 10,4% үлесін құрайтын
таукен өндіру саласында өнім өндіру көлемі – 22,7% артып, 17,5 млрд.
теңгенің өнімі өндірілді.  Өңдеу өнеркәсібі (үлесі 78,8%) өнімінің нақты
көлем индексі – 103,4%, немесе өнім көлемі 133,4 млрд. теңгені құрады.
    Өндіріс көлемінің резина және пластмасса бұйымдары өндірісінде – 50,4%,
басқа да металл емес минералды өнімдер өндірісінде – 41%, отын-
энергетикалық пайдалы қазбалар өндірісінде – 25,4%-ға едәуір артуы орын
алды.
    Аса маңызды өнімдердің ішінде мырыш концентраттарын өндіру – 40,4%
(27,7 мың тонна өндірілген), қорғасын концентраты – 22,4% (7,1 мың тонна),
цемент – 36,9% (1241,4 мың тонна), трансформаторлар – 20,5% (1566,2 мың
кВа), электр қуаты – 13,9% (1143,6 млн. кВтсағ), асбоцемент бұйымдары –
3,4 есе (1781,5 мың шаршы м.), қорғасын – 8,2% (19 мың тонна), мақта
маталары – 9,7% (42,1 млн. шаршы метр), тазартылмаған күнбағыс майы – 4,8
есеге (12,6 мың тонна), ірімшік және сүзбе – 23% (246 тонна), макарон
өнімдері – 29,8% (өндірілгені – 16,7 мың тонна) және тағы басқа өнімдерді
өндіру артқан.
     Солай болғанымен де, мақта талшығын өндіру – 23,6% (өндірілгені 110,8
мың тонна), шұжық өнімдері – 23,3% (613 тонна), төмен вольтті аппаратуралар
шығару – 48,7% (920 дана) кеміген.
    Өнеркәсіп өнімі көлемінің 10,8% құрайтын электр қуатын, газ бен суды
өндіру және бөлу саласында өнім көлемі 2006 жылдың деңгейімен салыстырғанда
9,4%-ға артып, 18,4 млрд. теңгені құрады. Өнім көлемі газ тектес отынды
өндіру мен бөлуде – 20,2%, электр қуатын бөлуде – 10,6% өсуінің есебінен
артты. Облыстың өнеркәсіп өнімі көлемінің жартысынан көбін (51,9%) облыс
орталығының, 10,1 пайызын – Созақ ауданының, 6,4% – Кентау қаласының, 6,1%
– Мақтаарал, 5,7 пайызын Сарыағаш ауданының кәсіпорындары өндіреді.
    2007 жылы өндіріс көлемінің едәуір өсуі облыс аймақтарының басым
бөлігінде байқалды. Жоғарғы өсімге Отырар (нақты көлем индексі – 2,1 есе),
Түлкібас (124,9%) ауданының және Кентау қаласының (123,5%) өнеркәсіп
кәсіпорындары қол жеткізді. Алайда, өндіріс көлемінің Мақтаарал ауданында –
10,2% кемуі орын алды.
    2007 жылдың желтоқсанында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда
облыстың 39 өнеркәсіп кәсіпорындарында өнім өндіру көлемінің кемуі орын
алды. Оның негізгі себебі – тапсырыстың, өткізу нарығының шектеулілігі және
шикізаттың жетіспеушілігі.
    2008 жылдың 1-қаңтарындағы жағдай бойынша, сапаның басқару жүйесі 52
кәсіпорында және 10 мекемеде енгізілген.
    2007 жылы облыс өнеркәсібінде 6 инвестициялық жоба іске асырылды:
    Азық-түлік корпорациясы АҚ жалпы жобаның құны – 1500 млн. теңге
құрайтын Мақта өңдеу зауытының құрылысы, қуаты жылына - 60 мың тонна,
Айко и К ЖШС құны 70,0 млн. теңгені құрайтын сүт өнімдерін өңдеу жобасы,
НИМЕКС корпорациясы ЖШС құны 770 млн. теңгені құрайтын күйдірілген қыш
және черепица өндіру жобасы, Арай астық ЖШС құны 162,7 млн. теңгені
құрайтын макарон өндіру жобасы, Адина и К ЖШС құны 15 млн. теңгені
құрайтын Сарыағаш минералды суын құю және құны 250 млн. теңгені құрайтын
жылына 1800 тоннаға дейін Кондитер өнімдерін шығару жобалары.
    2007 жылы облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарында 1721 жаңа жұмыс орындары
ашылды.
Минералшдық шикізаттың ірі базасы ретінде Қазақстан қара металлургияның
аса маңызды өнімдерін шығару жөнінде жалпы одақ көлемінде көрнекті рольге
ие болып отыр: хромит рудасының 92,6%, темір рудасы жентегінің 25% астамы,
ферросплавтың
19-тен астамы, шойынның 3,5% болаттың 3,4% және прокаттың 4,6% қазақстанда
шығарылады

1.1.ОТЫН –ЭНЕРГЕТИКА ӨНЕРКӘСІБІ
Қазақстанның газ өнеркәсібінің дамуы жақында ғана, өткен ғасырдың 70-
жылдары дами бастады десе болады. 1981 жылғы Қазақ Совет
энциклопедиясында былай делінген:
табиғи газдың көптеген өнеркәсіптік қорының болуы, оны пайдаланудың
жоғары тиімділігі мен салыстырма түрдегі төмен капитал сыйымдылығы қысқа
мерзімде республиканың отындық баланс құрылымын газға қарай өзгертуге
мүмкіндік туғызады. Қазақстанда газ өнеркәсібінің даму болашағы зор...
КСРО-да бірегей халық шаруашылығы кешенін құру Қазақстанның аумағында
Бұқар-Орал, Орталық-Азия және Бухара-Ташкент- Фрунзе-Алматы ірі
магистралдық газ құбырларын салуға себеп болды, олар бойынша осы уақытқа
дейін тұтынушыларға көгілдір отын жеткізілуде.
Бірегей газ тасымалдау жүйесі орталықтан басқарылды, республикада
негізгі басқаруды Қазбасгаз жүзеге асырды. Түрікмен мекн өзбек газын
Қазақстан аумағы бойынша солтүстікке жеткізу керек болды. Магистралды газ
құбырлары қазақстандық көмірсутегінің негізгі кен орындары орналасқан
Қазақстанның батыс өңірлері бойынша жобаланып, өткізілгендігін атап өткен
жөн.
Қазақстанның тәуелсіздік алуымен бірге газ тасымалдау жүйесінің
магистралдық жүйесін басқарумен Қазақгаз отандық мемлекеттік құрылымы
айналысты . Алайда тиімді шаруашылық ету жедел жұмыс жасау және желілерді
жарамды күйінде ұстау үшін ғана емес, оларды дамыту үшін де күрделі
салымдарды талап етті. Қазақгаз қалыптасқан жағдайға байланысты осы
проблемаларды шеше алмады да үкімет деңгейінде шетелдік инвесторларды тарту
туралы шешім қабылданды.
1997 жылдың жазында бельгиялық Трактебель С.А. компаниясы мен
Қазақстан Республикасы Ішкі және халықаралық газ тасымалдау жүйелері
концессиясы шартын жасасты. Шартта бастапқы мерзім — барлық талаптар
сақталған жағдайда ұзарту мүмкіндігімен 15 жыл көзделді. Жүйенің
айтарлықтай бөлігі — 10 магистралдық газ құбыры, газ қотару қондырғыларымен
21 компрессорлық станциясы мен үш жер астындағы газ қоймасы концессияға
түсті.
Әлеуетті инвестор әдейі шартқа арнап екі компания құрды — Интергаз
Орталық Азия (газ құбырларының операторы) және монополист Алматы Пауэр
Консолидейтед. Сонымен бірге, концессионердің пайда болуымен елімізде
газдың тұтынылуы күрт төмендеді, өйткені инвестор өздерінің ішкі
резервтерінен газ жеткізілімімен емес, оны тасымалдаумен ғана айналысты.
Тұтынушылар үшін бұл беріліп отырған газ бен электрэнергиясы бағасының
көтерілуін білдірді. Әлеуметтік қорғауға үйренген тұтынушылар жалақысын
уақтылы алмағанына байланысты ақы төлемегені үшін, сондай-ақ
жеткізушілермен соттық дау-дамайлар үшін жылу және элетржабдықтауды өшіріп
тастауға ұшырады. Үш жыл бойына оңтүстік қалалар газ бен жылудың
жетіспеуінен айтарлықтай зардап шекті, осыған куә болғандардың айтуы
бойынша, суықтан тоңған халық саябақтардағы ағаштарды шаба бастаған.
Алматыда наразылық митингілері өтетін болды, әсіресе зейнеткерлердің
Ұрпақ қозғалысы ерекше көзге түсті.
Жағдайының тұрақсыз екенін сезінген Трактебель компаниясы бұл салаға
қаражат салуға ұмтылмады , 1999 жылы компания басшылығы Қазақстаннан кету
туралы ойлана бастады. Газ тасымалдау жүйесін басқару проблемасын шұғыл
тәртіпте шешу керек болды, оның үстіне өзбекстандық жеткізушілер жиі-жиі
газдың бағасын көтеруге тырысты.
2000 жылдың ақпан айында ҚазТрансОйл ұлттық газ тасымалдау
компаниясы КазТрансГаз еншілес құрылымын құрды , ол Интергаз Орталық
Азия компаниясы акцияларының 100%-іне ие. ҚазТрансГаз-ға еліміз бен
әлемде мемлекеттің газ рыногының мүдделерін білдіру міндеті артылған.
Компания магистралды газ құбырлары бойынша табиғи газды тасымалдауды
басқарады, ішкі және сыртқы рыноктарда газды сатумен айналысады, құбырлары
мен газ қоймаларын әзірлейді, қаржыландырады, салады және пайдаланады.
Еліміздің газ нарығында болған үш жылдың ішінде айтарлықтай нәтижелерге қол
жеткізілді.
Қазақстанның мұнай мен газын тасымлдауды екі компания жүзеге асырады:
КазТрансОйл және КазТрансГаз , бұлар ҚазМұнайГаз МК АҚ бала
компаниялары болып табылады. ҚазТрансОйл кіріспесінде алты жарым мың
шақырымнан астам магистральды мұнайқұбырлары орналасқан олардың ішінде –
Өзен-Атырау-Самара, Қаламқас-Қаражанбас-Ақтау, Жаңажол-Кеңқияқ-Орск,
Омск-Павлодар-Шымкент-Шарджоу, қырыққа жуық насосты-тарту стансалары
болса, мұнайқоймасының жалпы көлемі миллион шаршы метрін алып жатыр.
Теміржол цистерналарына құюдағы терминал қуаттылығы жылына 5 млн. тоннаны
құрайды.
ҚазмұнайГаз АҚ қарамағында 300 газалу агрегаттары орнатылған 9 мыңнан
астам магистралды газқұбырлары, 26 компрессорлы стансалары бар. Компания
халықаралық газ транзиті бойынша қызмет көрсетеді, қазақстандық газды
экспертерлерге жеткізуді жүзеге асырады, сонымен қатар газды ішкі рынокқа
жеткізумен айналысады. Газды Қазақстан территориясы арқылы халықаралық
транзиттеу Оренбург-Новопсков және Союз (Ресей газы), Орта Азия-
Орталық (түркімен мен өзбек газы) магистралды газқұбырлары бойынша,
сонымен қатар Бұқара-Орал және Бұқара газсору ауданы – Ташкент - Алматы
(өзбек газы) құбырлары арқылы жүзеге асады. Жалпы көлемдегі тасымалдаудағы
Қазақстандық магистралды газқұбыры бойынша халықаралық транзит 90 процентті
құрайды. Көлемі жағынан ірі Газды тасымалдау бағыты Орта Азия-орталық
(ОАО МГ) магистралды газқұбыры болып саналады. Газ құбырларын жаңарту
бағдарламасы ОАО МГ қуатының жылына біртіндеп 54,6 млрд. шаршы метрден 100
млрд. шаршы метрге ұлғаюында қаралады. Газдың экспорттық бағыттағы даму
аясында ҚМГ қазақстандық және мүмкін ортаазиялық және ресейлік газдарды
Қытайға жеткізуді талқылайды. Қытайдағы жаңа салынған газқұбырының (Батыс-
Шығыс жобасы) қатарына енгізу есебімен қытай жағы газды Қазақстаннан
импорттау мәселесіне қызығушылық танытқан болатын. Қазақстандық газды
экспорттау мәселесі ҚазМұнайГазМК АҚ мен Газпром ААҚ әлеуетті
негізінде құрылған біріккен кәсіпорын болып табылатын КазРосГаз
компаниясы қызметі аясында қарастырылады.
Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенін (ОЭК) дамыту
стратегиясына сәйкес электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі бөлігінде
көмір өндіру 2003 жылғы 84,7 млн.тоннадан 2020 жылы 98÷100 млн.тоннаға
немесе 18,1% өседі деп болжануда. Бұл ретте 2020 жылға қарай ішкі тұтынуды
10 млн.тоннаға дейін өсіру, энергетикалық және коксталатын көмірді
негізінен Урал мен Сібір электр станцияларына, Ресей Федерациясының
металлургия комбинаттарына экспорттау 20-30 млн.тонна деңгейінде
жоспарлануда. Ресейден көмір импорты 2003 жылы Қазақстанның ферроқорытпа
өндірісі үшін қалыптасқан 200 мың тонна шегінде сақталады.
Жалпы энергетикалық көмір ресурстары жылу электр станцияларының
қажеттіліктерін толық шамада қамтамасыз етуде, басқа салалар мен
коммуналдық секторды отынмен тұрақты қамтамасыз ету үшін Шұбаркөл және
Майкүбі кенорындарында, сондай-ақ Қаражыра кенішінде күлі аз көмір
өндірісін 10,0 млн.тоннадан 15,0 млн.тоннаға дейін бір жарым есеге арттыру
көзделіп отыр.
ОЭК дамыту стратегиясында, сондай-ақ Қарағанды бассейнінде көмір
өндіруді арттыру болжануда, оның едәуір бөлігі кокс өндірісіне арналған
ресурстарға тартылуы мүмкін. Қажеттіліктерді қамтамасыз ету мақсатында
Министрлік 2005 жылға қарай кокс өндірісі жөніндегі қуаттылықтарды жылына
900 мың тоннаға немесе қол жеткізілген деңгейден 34,6% арттыру туралы шешім
қабылдады. Жалпы, жер асты әдісімен сапалы көмір өндіру 2005 жылы 10-12
млн.тонна, 2010 жылы – 12-14 млн.тонна және 2015 жылы – 14-16 млн.тонна
деңгейінде болжануда.
Көмір өндіретін кәсіпорындардың инвестициялық бағдарламаларына сәйкес
өндірісті жаңғыртуға және негізгі құралдарды жаңартуға арналған
инвестициялардың жалпы көлемі 2005 жылға дейін шамамен 100 млрд.теңгені
құрайды, 2006-2010 жылдары – 120 млрд.теңге деңгейінде және 2011-2015
жылдарда – 130 млрд.теңге болмақ.

1.1.1.Көмір өндірумен айналысатын компаниялар
Қазақстан Республикасы әлемдік рыноктағы ірі көмір өндірушілердің
ондығына кіреді, ТМД елдері арасында көмір қоры және оны өндіру жөнінде
үшінші және адам басына шаққанда көмір өндіру бойынша – бірінші орын алады.

Павлодарлық Богатырь Аксес Көмір ЖШС (жалпыреспубликалық өндірудің
42,8%), Еуразия энергетикалық корпарациясының Восточный ААҚ кеніші
(20,7%), Майкүбі-Вест ЖАҚ (3,3%, соның ішінде қоңыр көмірді жалпы
республикалық өндірудің 96,6%) және Қарағанды облысыеың Испат-Кармет ААҚ
Көмір департаменті (12,3%) және Қазақмыс корпорациясының Бөрлі көмір
департаменті Қазақстандағы ірі көмір өндірушілер болып табылады. Аталған 5
өндірушінің үлесіне республикадағы көмір өндірудің 87,7% тиеді.
БОГАТЫРЬ АКСЕС КОМІР- Қазақстан көмір өнеркәсібінің жетекшісі. Бұл
көмір өндіретін рентабельді кәсіпорын. Өз қызметін бастағаннан бері
компания 200 млн. Тоннадан астам көмір өндірді, жүргізілген ашу
жұмыстарының жалпы көлемі 145 млн.м3 құрады.
БОГАТЫРЬ АКСЕС КӨМІР құрылу тарихы 1996 жылғы қыркүйектен басталады, сол
кезде республика үкіметінің шешіміне сәйкес өткізілген ашық тендердің
қорытындылары бойынша АКСЕС ИНДАСТРИЗ, Инк компаниясы Богатырь және
Степной кеніштерінің мүлігін жекешелендірді.
Жалпы атом өнеркәсібі бойынша 2006 жылдың 9 айында Қазақстанда 3688,2 тонна
уран өндірілді, бұл 2005 жылға сәйкес мерзіміндегі өңдеу деңгейінен 15 %-ке
артық. 2006 жылдың 9 айы ішінде атом өнеркәсібінде Қазақстан
Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған уран өнеркәсібін дамыту
бағдарламасына сәйкес шараларды іске асыру жалғастырылды.
1. Акдала (Бетпақ Дала БК) кен орнындағы 2005 жылы кеңейтілген және
жаңаланған кен ошағын өнеркәсіптік жөндеу жалғасты.
2. Мемлекеттік комиссия 2006 жылғы 11 мамырда КАТКО ЖШС БК Мойынқұм кен
орнында №1 Южный учаскесін қайта құру және кеңейту объектісін
пайдалануға қабылдады.
3. Тәжірибелік-өнеркәсіптік кешені және Инкай ЖШС БК Инкай кен
орнындағы геотехнологиялық алаң объектілері аяқталды (мемлекеттік комиссия
2006 жылғы 4 тамызда пайдалануға қабылдады).
4. Мемлекеттік комиссия 2006 жылғы 16 мамырда Қазатомпром НАК АҚ ОҚО
Созақ ауданындағы Восточный Мынкудук кен орнындағы ПВ-19 кен ошағында
бірінші іске қосу кешенін қабылдады.
Ағаш - басқа ресурстардан (мұнай, газ және т.б.) айырмашылығы,
қоры таусылмайтын, ресурсы жаңарып тұратын және стратегиялық шикізат  болып
табылатын табиғи материал. Болжауларға қарағанда ағаш әрқашан тұрақты болып
қалады, өйткені  ағаш құрылыста, жиһаз, қағаз,  орамдар жасау кезінде орны
толмас материал.
Ағаш өнеркәсібінің тобы кесу материалдарымен және басқа ағаш
материалдарымен жұмыс жасайды. Ағаштан жасалатын бұйымдардың тізімі
айырықша кең.  АҚШ-ң классификациясы  бойынша осы өнеркәсіптің негізгі
салалары өзіне мыналарды кіргізеді: - ағаш дайындау - ағашты кесу - фанерлі
қабыршақты  ұсақтау және дайындау - ағаш тараларын дайындау -  ағаш
ғимараттарының құрылысы -  ағаштан басқа өнімдері.Ағаш одан әрі 
пайдаланылуы үшін  материалдардың кейбір негізгі түрлеріне  қайта
дайындалуы қажет.  Бұған   ағаш өнеркәсібінің аталған алдыңғы үш саласы 
бағытталған. Осы салада 20 жуық  технологиялық процесстер  пайдаланылады,
олардың ішінде: аралау, ұсақтау, комприссиондық формовка, формовка,
авразивтік  материалдармен өңдеу, бұрғылау, химиялық өңдеу және т.б.

1.2. ХИМИЯ ӨНЕРКӘСІБІ.
Бүкіл еліміздегі сияқты республикамыздың химия өнеркәсібі жоғары
қарқынмен дамып келеді.
Кәзіргі кезеңде химия өнеркәсібінің басты ерекшелігі – негізгі
химия өнімдерінің өндіру және оның шикізат базасына дамыту. Саланың жалпы
өнім көлеміндегі олардың үлесі тиісінше 68,7% және 11,7% болды. Осыған
орай химия өнеркәсібінің хим. талшықтар, синтетика шайыр және пластикалық
массалар, сыр-бояу, тұрмыстық химия т.б. тарауларын одан әрі дамытудың
маңызы зор.
Мұнай – химия өнеркәсібі синтетикалық каучук, резина, асбест және
негізгі органикалық синтез өндіретін салалардан тұрады.
Республикада өңдірілетін химия өнімдерінің жартысынан астамын
Оңтүстік Қазақстан береді (60,7%). Химия өнімін өндірудің 0,3 бөлігі Орта
және Батыс Қазақстанның үлесіне тиеді.
Қазақстанда химия өнеркәсібі сала ретінде алғашқы бесжылдықтар кезінде
қалыптасты. Республикада химия өнеркәсібі Шымкент сантонин заводы және
қайнату, желім қайнату сияқты ұсақ кәсіпорындар түрінде болды. Шымкент
сантонин заводы 1929 ж. осы заманға химия фармоцептика кәсіпорнына
айналдырылды.
Қазақстан еліміздегі химияландырудың негізгі базасына
триполифасфаттық, хром қосындыларының органикалық синтездің бірқатар аса
маңызды өнімдерін беретін бірден-бір ауданына айналды. Химия өнімдерін
өндіруден Қазақстан елімізде 5-орында.
Қазіргі кезде аса ірі қаратау, Химпорт, Фосфор өндірістік
бірлестіктері жұмыс істейді. Бірсыпыра жаңа заводттар салу ісі қолға
алынды. Шевченко қаласында пластикалық массалар заводы, Павлодар ме
Шымкентте мұнайды және қосалқы газды өңдейтін аса ірі заводттар салынып
жатыр. Гурьев химия завотын ұлғайту нәтижесінде республикада жаңа өнім –
полистирол полиприопилен өндіру ісі жүзеге асырылды.

1.3. ҚҰРЛЫС МАТЕРИАЛДАР ӨНЕРКӘСІБІ
Құрылыс материалдар өнеркәсібінің едәуір басуы 1950 жылдан кейін
республикада цемент пен құрастырмалы темір-бетон өндірісінің пайда
болуымен байланысты. 1955 жылы цемент шығару 1950 жылмен салыстырғанда 20
еседен астам өсті. 1954 жылдан бастап өріс алған құрылыстырмалы темір-
бетондық конструкциялар және детальдар өндіретін заводтар мен полигондарды
жаппай салуға байланысты құрылысты индустрияландыру тәсіліне көшудің негізі
қаланды. Соғыстан кейінгі бесжылдықтар кезінде Қарағанды, Састөбе
заводтарында цемент өндіруі едәуір артты. Семей, Шымкент, цемент заводтары
салынды. 1965 ж. республиканың цемент өнеркәсібі Шымкенттегі,
Қарағандыдағы, Семейдегі, саспатөбедегі цемент заводтарын біріктірді. 1958
ж. ол республика қажетінің шамамен 0,3-ін қамтамасыз етті. 1965 ж. өзімізде
өндірілген цемент республика қажетінің 70%-ін өтеген еді. Қазіргі уақытта
бұл көрсеткіш 90% жетті. Әлі де болса цементтің Қазақстанда өндірілмейтін
арнайы түрлері әкелінді. Цемент өнеркәсібі негізінде асбестцементөнімдерін
өндіру ұйымдастырылды. Бұл саланың Қарағанды Семей, Шымкентқалаларында
заводтары бар. Қазіргі кезде құрылыс материалдар өнеркәсібі біршама ірі
салаға айналып отырып. Соңғы жылдары республикада құрылыс материалдары
өндірісі ұйымдастырылып, ішкі қабырғалық темір-бетон және селикат блоктар
өндіріле бастады.

1.4.ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІ
Тағамдық өнімдер, сондай-ақ темекі бұйымдарын, сабын және кір
жуатын құралдар өндіреді. Халық ш-ның қалпына келтіру кезеңі Қазақстан үшін
өнеркәсіптің өмірлік өмірлік маңызы бар салаларын жасау кезеңі болды. Бұл
салалар жаңа техникалық негізде жасалып кәсіпорындар шикізат тұтыну
аудандарына барынша жақындастырыла салынды . 1-бесжылдықтың басында тамақ
өндірісінің ірі кәсіпорындары 1913 жылмен салыстырғанда 1,9 сесе өсті.
Алғашқы екі бесжылдықтың аса ірі құрылыстары – Семей ет және Гурьев балық
комбинаттары, Мерке, Жамбыл, Талдықорған қантзаводтары т. б. бірсыпыра
кәсіпорындар салынды. Осы жылдары Алматыда темекі ф-касы, жеміс-жидек
комбинанты салынып, май шайқау, қант, нан пісіру салаларының көптеген
кәсіпорындары іске қосылды. 8-9 бесжылдықтарда тамақ кәсіпорындарын ұтымды
орналастыру жөнінде бірсыпыра жұмыстар жүргізілді. Бұл аудан аралық және
облыс аралық тасымалдауды қысқарту кәсіпорындарды шикізат көздеріне және
тұтыну жеріне жақындастыру мақсатын көздеді. Бұл кезеңде бірқатар
кәсіпорындар солтүстік және оңтүстік облыстарда салынды, өйткені осы
облыстарда нан және кондитер бұйымдарына, сыра және сусындарға деген
жетімсізділік қатты сезіле бастады.Сөйтіп Ақтөбе мен Қостанайда кондитер
фабрикалары ашылды.
10-бесжылдықта жаңап кәсіпорындарды ұтымды орналастыруы жөніндегі
жұмыстар онан әрі жалғастырылды. Тез өсіп келе жатқан аудандармен қалаларда
көптеген кәсіпорындар салынып, қайта жабдықталды. Республика жалпы одақтық
қорға өтті, өсімдік майын, тұзды көптеп беріп келеді.ш

1.5. ЖЕҢІЛ ТОҚЫМА ӨНЕРКӘСІБІ
Қазақстанда жеңіл өнеркәсіптің тек 4 кәсіп орны ғана болды. Олар:
Петропавл хром заводы, Қарғалы шұға комбинанты, Келес және Алексеевка мақта
заводтары және он шақты ғана эұмысшылары бар майдагерлік сиппатағы бірнеше
былғары заводы.
Қазақстан жеңіл өнеркәсібінің Россия орталық бөлігімен салыстырғанда
нашар дамуы тарихы себептерге байланысты болды. Россияның ұлттық шеткері
аймағы әрі оның шикізат көзі мен дайын өнім өткізу рыногяы болған
Қазақстан өнеркәсіптік дамудап қалтарыс қалды.
Жеңіл өнеркәсіп – Қазақстан халық шаруашылығының аса маңызды
салаларының бірі. Оны баршаға қажетті индустрия деп атайды. Жеңіл
өнеркәсіп іс жүзінде бірнеше дербес салаларды біріктіреді. Тек Қазақстан
жеңіл өнеркәсіп министрлігі жүйесінің өзінде ғана 14-ке жуық сала бар.
Олар мақта-мата және жүн, трикотаж, тігіп аяқ киім өнеркәсібі т. б.
салалар, бұлардың әрқайсысы осы заманғы техникамен жарақтандырылған толып
жатқанірі кәсіпорындарды қамтиды.
Қазақстан жеңіл өнеркәсіп министрлігі жүйесінде 82 кәсіпорын мен ұйым
бар. Олар республика өнеркәсіп өнімі жалпы көлемінің 25%-ін өндіреді, яғни
республикада өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі бойынша 1-орын алады.
Сала кәсіпорындары шығарылатын өнімнің сапасын жақарту жұмысына
белсене кірісіп отыр: 1970ж. 4 кәсіпорын жоғары категориялы сапалы өнім
шығарған болса, 1975 жылы 31 кәсіпорын осындай өнім шығарды. Республикадағы
жеңіл өнеркәсіп жүйесінде жоғары категориялы сапамен шығарылатын
бұйымдардың түр-түрі шұғыл көбейе түсті.
Қазақстан жеңіл өнеркәсіп министрлігі өнімдердің түр-түрін жаңарту
және көбейту жолында көптеген жұмыстар атқарып келеді. 9-бесжылдықта
жаңадан 11377 модель, артикуль, мата трикотаж полатносы өндіріліп, тігін,
трикотаж мех бұйымдары мен аяқ киім өндіріске енгізілді.
Қазақстан жеңіл өнеркәсіп министрлігі жүйесінде 82 кәсіпорын мен ұйым
бар. Олар республика өнеркәсіп өнімі жалпы көлемінің 25%-ін өндіреді, яғни
республикада өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі бойынша 1-орын алады.
Сала кәсіпорындары шығарылатын өнімнің сапасын жақарту жұмысына
белсене кірісіп отыр: 1970ж. 4 кәсіпорын жоғары категориялы сапалы өнім
шығарған болса, 1975 жылы 31 кәсіпорын осындай өнім шығарды. Республикадағы
жеңіл өнеркәсіп жүйесінде жоғары категориялы сапамен шығарылатын
бұйымдардың түр-түрі шұғыл көбейе түсті.
Жаңа бұйымдары өндіру есебінен өнімдердің түр-түрінің жаңартылыуы жыл
сайын 70% болып отыр.
Түрлі зерттеулер бойынша Қазақстанда тоқыма өнеркәсібі тоқырауға
түсіп, даму таппай отыр. Алматы, Шымкент тағы басқа қалалардағы тоқыма
өнеркәсібінің ірі кәсіпорындары жекешелендіруден соң өндіріс қуаттарын
пайдалануы төмен. Еліміздің жалпы ішкі өнімінде тоқыма өнеркәсібінің үлес
салмағын 0,4 % құрайды.
Тоқыма өнеркәсібін дамытуда мақтаны терең өңдеудің маңызы зор.
Қазақстан Үкіметінің қолдауымен жобаланып отырған мақта кластерін
ұйымдастыру, оны іс жүзінде амалға асыру экономиканы диверсификациялауға
яғни шикізаттық тәуекелділікті біршама жұмсартады.
Сонымен қатар аумақта жоғары мөлшерде қосылған құнды өнім шығаратын
өндірістер тізбегін ұйымдастыру мүмкіндігін жасайды. Жаңа жұмыс орындары
ашылады, бюджетке қаржы кірісі өседі.
Кластер ұйымдастырылған өңірде құрылыс, транспорт, энергия көздері,
әлеуметтік және басқа инфрақұрылымдар дамиды.
Жаңа кезеңде экономиканың жан-жақты, тұрақты дамуын кластерлерді дамыту
арқылы әр саланы кешенді түрде дамуын қамтамасыз етуге, экономикалық
тиімділігін арттыруға қол жеткізуге болады.
Бұл жобаларды амалға асыруда аумақтардың жауапкершілгін, жекеменшік
инвестициялардың үлесін асыру көзделеді. Кластерлер өндірісінің тауарлары
халықаралық деңгейіндегі бәсекелестік сапаларға, сипаттамаларға ие болуы
керек. Мақта өсірумен, оны өңдеумен Оңтүстік Қазақстан облысының
мақташылары айналысады.
Мақта өсіру және өңдеу салаларында экономикалық белсенді халықтың
үштен бірі жұмыспен қамтылған. 2004 жылы мақта өсіретін аудандарда егістік
көлемі 220 мың га асты, жалпы өнім 460 мың тоннаға жетті, орташа алынған
өнім 20,9 ц болды. Бұл көрсеткіш алыс шетелдегі дамыған елдердегіден (АҚШ,
Израиль) 30-40 % төмен. Сондай-ақ ғылыми-техникалық жетістіктерді, әсіресе
кешенді механизацияны пайдалану деңгейінің төмендігіне байланысты қол еңбек
үлесі және шығындары, басым, олар жалпы шығынның 47 % құрайды.
Мақта кластерінің негізгі алғашқы шикізатты жеткізіп беруші мақта өндіретін
шаруа (фермер) қожалықтары, олар өндірістегі тізбектің алғашқысы.
Мақта шаруашылығымен айналысып жатқан шаруа (фермер) қожалықтарының 80
пайызының жер көлемі 5-7 га дейін. Осы жағдай ауылшаруашылық дақылдарды
орналастыру құрылымын жетілдіру, ауыспалы егісті және кешенді механизацияны
ендіруге тосқауыл болып тұр. Сондықтан оларды ірілендіру кезек күттірмейтін
маңызды мәселе.
Біздің пікіріміз бойынша қауымдасқан шаруа қожалықтарының жер көлемі 100 га-
дан кем болмауы керек, соның ішінде 70 га мақта, 25 га жоңышқа, 5 га басқа
дақылдар.
Шаруа (фермер) қожалықтары, мақта өңдеу зауыттары, банк, несие беруші
мекемелерімен және басқа инфрақұрылымдармен тең құқықты әріптестік қарым-
қатынас орнатулары керек.
Қазақстан жақын уақытта БСҰ-на мүше болатыны белгілі, сондықтан мақтаның
сапасы халықаралық стандарттардың талаптарына жауап беруі керек. Ол үшін
мақта теру, дайындау және өңдеу мерзімдерін қысқартып, технологиясын
жетілдіру міндеті тұр.
Қазіргі кезде облыс бойынша жылына 130-140 мың тонна мақта талшығы өңделіп
шикізат түрінде соның 125-130 мың тоннасы экспортқа шығарылуда, оны сатудан
түсетін жалпы табыс 140-150 млн АҚШ долларын құрайды.
Соңғы жылдары (2003-2004ж) әлем рыногында мақта талшығына сұраныстың
кемейіп, ұсыныстың ұлғайуына байланысты, баға 1,5 есеге төмендеп, шаруа
(фермер) қожалықтарының, өңдеуші зауыттардың шығындарының қайтарымы,
рентабельдігі төмен немесе жоқ.
Өңдеуші кәсіпорындарда талшық түрінде 60 мыңнан артық тауар қордаланып
қалған, өндірушілер және фермерлер бағаның көтерілуін күтуге мәжбүр болып
шетелге шикізат сату тәуелділігінен шыға алмай отыр.
Бұл тәуелділіктен шығу жолы ішкі рынокты ашып, мақта кластерін ұйымдастыру.

Мақта шикізатын төмендегідей схема бойынша терең өңдеу нәтижесінде
мамандардың болжамы бойынша соңғы өнім құнын 1 млрд АҚШ долларына жеткізуге
болады немесе алғашқы құны 7 есе артады.
Әлем рыногында мақта жібінің 1 тоннасының орташа бағасы 3200 АҚШ доллары,
талшық жіптің шығымы 90-92 % құрайды, кластердің бірінші сатысының өзіндік
қосымша құны 3 есеге артады. Мақта өндіретін шаруашылықтарды дамыту,
шитті мақтаны өндейтін кәсіпорындарды үйымдастыру және әртүрлі тігін
өнімдерін шығаратын өндірістің қүрылысын жеделдету саланы қәзіргі дәрежеге
көтеріп, өнімдердің көрші елдермен бәсекелік қабілетін арттыруға тиіс.
Ауыл шаруашылығы өндірісін оңтайландыру, оны рыноктың
қажеттіліктеріне сайкестендіру 2003 жылы ауыл шаруашылығы дақылдары
орналастырылған жер көлемінің 740 мың гектарға жетуіне ықпал жасады.
Үстіміздегі жылдың басында облыстағы агроқұрылымдардың саны 49 мыңға жетті.
Өсімдік шаруашылығы. Агротехниканы сақтау, егіншілік мәдениетін арттыру
есебінен егіннің жалпы өнімі мен барлық дақылдардың шығымдылығы артты.
Откен жылдарда егіннің орташа шығымдылығы төмендегідей болды
- бидай – 400 мың тоннадан аса
- күріш – 10 мың тонна
- Бақша өнімдері – 291 мың тонна.
Өндіріс көлемінің артуы жалпы өнімге әсер етті. 2002 жылы ауыл
шаруашылығы жалпы өнімнің көлемі 68 млрд. теңге болды, бүл 2001
жылымен салыстырғанда 12 млрд теңге артық.
Мақта. Облыс ауыл шаруашылығына басым сала шитті мақта өндіру болып
отыр. Оның өнімділігін және мақта талшығын шетелге шығару мүмкіндігін
арттыру мақсатымен мақта егісінің көлемі 170 мың гектарға жеткізілді.
Бүл облыстағы барлық суармалы 500 мың га жердің 30%-ын құрайды.
Шитті мақтаны өңдеумен жылдық қуаты 650 мың тонналық 19 мақта
тазарту зауыты айналысады. Олар облыстың Мақтаарал , Сарыағаш Шардара
аудандарында және Түркістан қаласында орналасқан. 2002 жылы өндірілген
шитті мақтаны өңдеу нәтижесінде 145.7 мың тонна мақта талшығы алынады.
Саланың стратегиялық маңыздылығын ескере отырып , облыс әкімшілігі
2003 жылдың соңында мақта иіру фабрикасының қүрылысын бастау туралы
шешім қабылдады. Бүл фабриканың жылдық өндірістік қуаты орта есеппен
110мың тонна мақта талшығын өндіруге есептелген.
Бұл жобаның іске асырылуының нәтижесіне облыс бюджетіне шитті
мақтаны сатқанға қарағанда бес есе коп табыс түседі.
Мал шаруашылығы. Аграрлық сектордағы тектік қорды сақтау,
жануарлар мен өсімдіктерді аурулардан қорғау мақсатында элиталық тұқым
шаруашылығы мен асыл тұқымды мал шаруашылығы на қаржылай көмек көрсету
жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар іске асырылмақшы. Облыс аумағында
мал тұқымдарын асылдандыру жұмыстарымен ОБҒӨАШ Орталығы , Шымкент
асыл АҚ іске асыруда. Сүт- ет беретін мал шаруашылығы таулы –далалық
аймақтарға шоғырландырған. Қой шаруашылығы облыстың барлық аймақтарында
дамыған, оның ішінде щөлді аймақтарда қаракөл қойларын өсіру жетекші
орын алады. 2003 жылдың қантарында ауылшаруащылық малдарының саны
шамамен төмендегідей болды
- ірі қара мал - 450 мың бас аса
- жылқы – 2 млн ьастан аса
- түйе – 10 мың бастан аса
- құс -1,8 млн бас
- щощқа – 22 мың бастан аса
Өсім барлық көрсеткіштер бойынша байқалды. 2002 жылдың қорытындысы
бойынша облыста орта және үсақ кәсіпкерлік салаларында 90 мыңнан астам
кәсіпорын жұмыс істеп, оларда экономикалық белсенді халықтың 30% -ден
астамы еңбек етті. Олар 65 млрд теңгенің жұмысын атқарып, қызмет көрсетті.
Бюджетке 10 млрд. теңге түсті.

1.6.МЕТАЛЛУРГИЯ ӨНЕРКӘСІБІ.
Кәзіргі заманғы отандық метталургия еліміздің халық ш-ның ірге тасы
болып табылады.
Қазақстан Республикасы шойын, болат, прокат, құбыр, темір және кокс

Еліміздің түсті метталургия министірлігі жүйесінде Қазақстан қорғасын,
мырыш кадмий өндіруіде 1 – орын алады, глинозем, титан және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өнеркәсіп пен көлікті қалпына келтіру
Өндірістік капитал
Өнеркәсіп салаларында атқарылатын жұмыстар
Қазақстан Республикасының химия өнеркәсіп саласына жалпылама шолу
ҚР-ның инвестициялық саясаты
Аймақ экономикасы дамуының кластерлік принципі
Қазақстан өнеркәсібін әртараптандыру және одан әрі жаңартудың негізгі бағыттары
Қазақстан Республикасының инвестициялық климаты
Инвестицияның экономикадағы рөлi және шетелдік инвестициялар
Swot- талдау (тоқыма киімдер өндіретін кәсіпорнын ашу)
Пәндер