Оңтүстік қазақ жері
Кіріспе
Оңтүстік қазақ жері –біздің ұлан –байтақ еліміздің картасындағы
бірегей жерлердің брі. Мұны тарихшыларда біледі, бізге келген меймандар да
мойындайды , бұл баршамызға белгілі!
Сән –салтанат пен қайғылы оқиғаларға толы Орта Азия тарихымен таныса
отырып біз осы жерді мекендейтін халықтардың мәдениетін мақтаныш
тұтпай тұра алмаймыз.
Ежелгі дәуірден бастап кенже орта ғасырларға дейін екі мың жылдай
мерзім ішінде таулар мен жазық далалар тоғысқан жерлер өзен жағалаулары
мен әжелгі қала іргелерінде отырықшы және көшпелі Орта Азиялық
халықтардың шекаралары өтіп жатты. Әртүрлі мәдениеттер тоғысында
тайпалармен халықтардың өркениеттер мен ерлердің тағдырлары тарих
диірменінде тартылып жатты. Ұлы Жібек жолының торабындағы Оңтүстік
Қазақстан жері қазақ мемлекеттігінің бесігіне айналды.
Тәуелсіз Қазақстанның азаматтарына бір кездерде ұлы ата-бабаларымыз
бастаған тарихтың ұлы кітабына ізгі істерімізбен жаңа бетер жазу
мүмкіндігі беріліп отыр.
Оңтүстік өңірінің ғажап табиғаты сол күйінде сақталған және барлық
адамдар үшін ашық.. Біздің өлкеміздің байлығы мен сұлулығы жұртты әр
уақытта өзінің қайталанбастығымен және әртүрлілігімен қызықтырған.
Сондықтанда да біз шын жүректен ׃ Оңтүстік Қазақстанға қош
келдіңіздер,- дейміз.
Оңтүстік Қазақстан облысы Тянь-Шань тауының батыс сілемдері мен Тұран
ойпатының шығысын ала 117,3 мың шаршы шақырым аумаққа орналасқан. Оның
солтүстік бөлігін
Бетпақдала шөлі, Оңтістік қиыр шетін Мырзашөл қуаң даласы алып жатыр.
Облыс Қазақстан Республикасының оңтүстік аймағына орналасқан. 1932жылы
10наурызда құрылған.Әкімшілік орталығы- шымкент қаласы.
Оңтүстік Қазақстан облысының айтарлықтай өндірістік экономикалық
мүмкіндіктері бар.Олардың негізін орасан зор табиғи қорлар мен жеткілікті
еңбек ресурстары құрайды. Оңтүстік Қазақстан облысының айиарлықтай
өндірістік экономикалық мүмкіндііктері бар. Олардың негізін орасан зор
табиғи қорлар мен жеткілкті еңбек ресурстары құрайды. Уран қоры жөнінен
облыс қазақстанда бірінші фосфориттер мен темір рудасы бойынша
–үшінші орын алады.Жалпы қатты пайдалы қазбалардың баланстық қоры мен
болжама ресурстары бойынша облыстағы жер қойнауының байлығы 240
млрд.АҚШ долларына тең деп бағаланады. Оның ішінде
-бокситтер,
-темір рудасы,
- уран,
-қорғасын мен мырыш,
Көмір жөнінен.
Барланған кен орындары мен геологиялық барлау құрылыстарын игеру,
болжамдық ресурстары өнеркәсіптік санаттарға өткізу және оларды
кейінгі өндірістік игеру үшін шамамен 2,0 млрд.АҚШ доллары қажет.
Алғашқы кезекті мынадай кен орындары игерілуге тиіс.
-Шу-Сарысчу және Сырдария ойпкттарындағы уран кен орындары (Жалпақ
және Мыңқұдық),
-Күмісті кен ауданындағы алтын кен орны ,,
-Жабағылыдағы ванадии кен орны ,
-өгем жотасындағы қорғасын , мырыш , вольфрам кен орны.
- Придорожный мен Орталықтағы көмірсутектер кен орны.
Облыс мақта ,тері шикізаттары , өсімдік майы , жеміс –жидек , көкөніс
өнімдерін , жүзім, бау-бақша , макарон , темекі , сыра және басқада
алкогольсіз сусындары басқа жерлерге жеткізіп отырады. Сонымен бірге
облыста екібағытта жалпы ұзындығы 445км темір жолдар, ұзындығы 5,3 мың км
автомобиль жолдары, оның ішінде қатты жабыны бары 5,1 мың км жол ьар.
Азаматтық авиация ұзындығы 27 мың км ауа белдеулеренінде жұмыс істейді.
Облыс орталығы һалықаралық Орынбор- Ташкент және Түркістан –Сібір
магистральдарының тоғысында орналасқан. Сонымен қатар , облыс аумағы
арұылы Ташкент –Шымкент-Тараз-Алматы жәнеТашкент-Шымкент-Түркістан-Самар а
автомагистральдары өтіп жатыр.
Өнеркәсібі
Облыс кәсіборындары Қазақстанның барлық өнеркәсіп өнімдерінің 5%-ын,
мақта майы ,экскаваторларды, түгелдей , транспорматорлардың 98%-ын,
фармацевтика өнімдерінің 75%-ын шығарады.Бүгінде Оңтүстік Қазақстан
–елімізде қарқынды дамып отырған облыстардың бірі Аймақтың таңдаулы
Кәсіпорындарының экономикалық көрсеткіштері тұрақты дамудың айғағы болып
отыр. Экономиканың табысты дамуының бірі болып –ол жаңа кәсіпорындар болып
мен жаңа жұмыс орындрының пайда боуы, бұл әсіресе мақта өңдеу
саласында елеулі көрініс апты.2003 жылдың аяғына қарай мақта иіру
фабрикасын салу жоспарланған.Ірі өнеркәсіптің даму ұсақ және орта бизнес
кәсіпорындары санының артуымен қоса асырылуда. 2003жылдың бірінші
жартысында дүние жүзінің 55 елімен экспорттық-импорттық операциялар іске
асырылды. Алты айлық сауда айналымы 240 млн АҚШ длларын құрады. Осы
мерзім ішінде өнімдерді экспортқа шығарудың импорттан асып түсуіне
байланысты сауда байланысының оң қайтарым сальдосы 80 млн АҚШ долларын
құрады . Салаыстыру үшін бүкіл 2002 жыл бойынша оң қайтарым сальдосының
70 млн АҚШ доллары шамасы ал сауда айналымының жалпы көлемінің 335
млн.АҚШ долларынан
Артық болғандығын келтірейік. 2002 жылы облыс өнімдері дүние жүзінің 37
еліне шығарылып,66 елден тауарлар әкелінсе 2003 жылдың бірінші
жартысында тауарлар әкелінетін елдердің саны-52-ге дейін қысқарды.
Облыстың сыртқы сауда қызметінің басты мақсаты –экспортқа
бағыттандырылған өнеркәсіптердің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету
және облыс үшін бұрын үрдіс болмаған, жаңа экспорт көздерін дамытуға
жағдай туғызу. Сыртқы сауда қызметіндегі екінші бір баса көңіл аударатын
мәселе –импорт құрылымын жаңарту болып қала бермекші .Келешекте 2006
жылға дейін экспортта мұнай өңдеу , түсті металдар мен мақта
өнімдерін жетекшілік орында қалдыру көзделіп отыр, импортта резина
–техникалық өнімдер шығаруға қажетті шикізаттар , мұнай және минериалдық
жанармай , машиналар мен құрал жабдықтар, көлік қатынас құралдары басым
болмақшы. Облыс кәсіпорындары Қазақстанның барлық өнеркәсіп өнімдерінің
5%-ын шығарады. Мақта мен мақта майы экскаватор түгелдей,
трансформаторлардың 98%-ы, фармацевтика өнімдерінің 75% оңтүстікте
шығарылады. Облыстың өнеркәсіп мүмкіндіктерін мұнай өңдеуші және
металлургия өнеркәсіптері анықтайды. Бұл салалар негізінен түсті
металлургия , машина жасау, химия, мұнай, өңдеу және тамақ өндірістерінің
өсуі байқалып отырған Шымкент және Кентау қалаларындыа дамуда. Облыс
орталығы Шымкент –Қазақстанның инфрақұрылымы жақсы дамыған ірі
өнеркәсіпті – индустриялы қаласы.Қалада 40 өнеркәсіп орыны бар. Мұнай
химия өнеркәсібі саласындағы ірі өнеркәсіпорынар
ПетроКазакстан Ойл Прадактс( мұнай өңдеу, бұрынғы ШНОС)ААҚ және
Интерком Шина( ШИНА ШЫҒАРУ ).ААҚҚұрылыс өнеркәсібі –Шымкент-цемнт ААҚ
(порланд маркалы ) Дыш Тиджарет ве Пластик Санаил АОК Оңтүстік
Қазақстандық филиалы , Құлыыс материалы аақ.Химия өнеркәсібі-Химфарм
ААҚ(дәрі- дәрмек препараттарын шығару.) Жеңілөнеркәсіп-АФ Восход
ААҚ(жүн және жартылай жүн маталардан тігін бұйымдары ,костюмдер,
пальтолар, курткалар т.б.) Эластик ААҚ (жоғары сапалы жіптен шұлық ұйық
бұйымдарын тоқу) Адал ЖЩС (жіп және мата). Тоқыма және тігін
өнеркәсібінде Түрлістан қаласының Яссы ААҚ, Тұран шш, корпорациясы ААҚ
Алытн ЖШС, ШТФ Түркістан ЖШС елеулі үлес қосуда. Қазіргі таңда Мақтаарал
ауданының өнекәсіп өнімдерінің 83 пайыз тоқыма және тігін өнеркәсібі
кәсіпорындарының үлесіне тиеді. Нимекс ЖШС Мырзакент ААҚ, МақташыААҚ,
Мақтаарал ААҚ, Ақ алтыг ААҚ, Ынтымақ ААҚ,облыстағы шиітті мақтаның
жалпы көлемінің 67 пайызын өндіреді. Сарыағаш ауданының ең табысты еңбек
етіп келе жатқан кәсіпорыне Фабрика Сенім ЖШС. Тамақ өнеркәсібі саласында
жетекші кәсіпорындар қатарына Шымкент май ААҚ мен Қайнар АҚ енеді,
(мақта, күнбағыс, сафлор, соя дәндерін өңдеу, тамаққа пайдаланатын
тазартылған өсімдік майлары т.б өндіру) Сайрам уаданында Арай ЖЩС
өсаімдік майын өндірумен, ал Қазығұрт ауданында Амангелді ЖШС, ұн және ұн
өнімдерін шығарумен айналысады.
Түлкібкас ауданы МЭК лтд ЖШС ұн және крахмалды өнімдерін,
Плодоконсервный-Юг ЖШС жеміс-жидек және көкөніс өнімдерін шығарады.
Салқын сусындар мен арақ-шарап өнімдерін шығарушы кәсіпорындар да
табысты дамып келеді.
Ең алдымен бұл шетелдік құрал-жабдықтарды пайдаланып, чех және неміс
технологиялары бойынша сыраның танымал жеңіл сортын шығаратын бүкіл
республикаға әйгілі Шымкентсыра ААҚ.
Бахус-ДеронсекЖШС кейбір көнерген жүзім алқаптарын жанартуды іске
асырды, осы мақсатпен кәсіпорын Сарағаш ауданының ауылшаруашылық өнімдерін
өндірушілеріне 2002 жылы 10,5 млн, теңгеге, 2003 жылы бірінші жартысында
4,5 млн теңге қаржы бөлінді. Сайрам ауданының Нұр ЖШС және Лада ЖШС
жүзім алқаптарын жанарту және жүзімдерді баптау жұмыстарына тиісінше 350
мың теңге және 400 мың теңге бөлді. Мақтаарал ауданындағы Молчанов и К
ААҚ, Түлкібас ауданындағы Жуалы ААҚ, Сарыағаш ауданындағы АВК Капланбек
ЖШС ірі шарап өндіруші кәсіпорындардың қатарына жатады.
Бүкіл республикаға әйгілі минералды су облыстын бетке ұстарына
айналды. Көбірек танымал маркаларын Сарыағаш ауданындағы Алекс және Әсем-
ай ЖШС құяды. Жақында олардың қатарында Сұлтан ММ және Тұран ЖШС
қосылады. Темекі өнімдерін шығарумен ЖТЛ (Sentral Asia) ЖАҚ айналысады.
2002 ж кәсіпорын 1211,0 дана сигарет шығарылады.
Кентау қаласына қарайтын аймақта фосфорит, қорғасын, мырыш сияқты
пайдалы қазбаларын қоры бар.
Металлургия өнеркәсібіндегі басты Южполиметалл ЖАҚ, машина жасау
саласының жетекші кәсіпорындары Карданвал ААҚ, Южмаш-К ЖАҚ,
ЭлектроаппаратЖАҚ(қуатты ажыратқыштар және де басқа өнімдер шығару ),
Экскаватор ААҚ, Кентау трансформатор заводы ААҚ, Түркістан- насос
ААҚ.
Қр үкіметі қабылдаған іс-щараларға сәйкес келешекте экспортқа
бағытталған және импорттың орнына басатын өнімдері шығарушы кәсіпорындар
мен жаңа жұмыс орындарын ашуға қолдау көрсетуге басты назар аударылмақщы.
Экономика саласындағы жағдайды барлығынан бұрын облыстың қалалары мен
селоларының сыртқы пішіндеріндегі өзгерістерден байқауға болады. Соңғы бір-
екі жылыдың ішінде Шымкенттің басқа да қалалар мен аудан орталықтарының
көшелері мен алаңдары күрт өзгерді. Соңғы жылдары еліміздің өмірінде болып
жатқан күрделі өзгерістер қоғамның әлеуметтік бейнесінің өзгеруіне де әсер
етті. Бірақ бізідің адамдарымызды танымал еткен негізгі қасиет -өзгеріссіз
қалды.
Иә, біздің берекелі өлкеміздің тұрғындарына тән ерекше түстік ділі
соңғы жылдардағы қол жеткен елеулі жемістеріміздің негізі болып табылады.
Ол ерекшелік ғасырлар бойында қалыптасты, адамдар арасындағы, әсіресе
ұлтаралық қатынастардың қара қазында қайнап пісті. Нәтижесінде оңтүстік
қазакстандықтардың мінез-құлқында бірден көзге түсетін сипаттар қалыптасты,
ол ақ көңілдік пен қонақжайлылық, еңбекқорлық пен ерекше, түстіктік
белсенділік. Мұның барлығы қосылып, өлкенің табиғат сыйлаған бірегейлігін
сақтауға және аға ұрпақтың мұраға қалдырып кеткен байлығын көбейте түсуге
қабілеттілігін дәлелі бола алады.
Есепті кезеңде облыста өнеркәсіп өнімін өндіру көлемінің арту тенденциясы
сақталды. 2007 жылы облыста 169,3 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді,
нақты көлем индексі 2006 жылдың деңгейімен салыстырғанда 5,0 пайызға артты.
Облыстағы өндірілген өнеркәсіп өнімі көлемінің 10,4% үлесін құрайтын
таукен өндіру саласында өнім өндіру көлемі – 22,7% артып, 17,5 млрд.
теңгенің өнімі өндірілді. Өңдеу өнеркәсібі (үлесі 78,8%) өнімінің нақты
көлем индексі – 103,4%, немесе өнім көлемі 133,4 млрд. теңгені құрады.
Өндіріс көлемінің резина және пластмасса бұйымдары өндірісінде – 50,4%,
басқа да металл емес минералды өнімдер өндірісінде – 41%, отын-
энергетикалық пайдалы қазбалар өндірісінде – 25,4%-ға едәуір артуы орын
алды.
Аса маңызды өнімдердің ішінде мырыш концентраттарын өндіру – 40,4%
(27,7 мың тонна өндірілген), қорғасын концентраты – 22,4% (7,1 мың тонна),
цемент – 36,9% (1241,4 мың тонна), трансформаторлар – 20,5% (1566,2 мың
кВа), электр қуаты – 13,9% (1143,6 млн. кВтсағ), асбоцемент бұйымдары –
3,4 есе (1781,5 мың шаршы м.), қорғасын – 8,2% (19 мың тонна), мақта
маталары – 9,7% (42,1 млн. шаршы метр), тазартылмаған күнбағыс майы – 4,8
есеге (12,6 мың тонна), ірімшік және сүзбе – 23% (246 тонна), макарон
өнімдері – 29,8% (өндірілгені – 16,7 мың тонна) және тағы басқа өнімдерді
өндіру артқан.
Солай болғанымен де, мақта талшығын өндіру – 23,6% (өндірілгені 110,8
мың тонна), шұжық өнімдері – 23,3% (613 тонна), төмен вольтті аппаратуралар
шығару – 48,7% (920 дана) кеміген.
Өнеркәсіп өнімі көлемінің 10,8% құрайтын электр қуатын, газ бен суды
өндіру және бөлу саласында өнім көлемі 2006 жылдың деңгейімен салыстырғанда
9,4%-ға артып, 18,4 млрд. теңгені құрады. Өнім көлемі газ тектес отынды
өндіру мен бөлуде – 20,2%, электр қуатын бөлуде – 10,6% өсуінің есебінен
артты.
Облыстың өнеркәсіп өнімі көлемінің жартысынан көбін (51,9%) облыс
орталығының, 10,1 пайызын – Созақ ауданының, 6,4% – Кентау қаласының, 6,1%
– Мақтаарал, 5,7 пайызын Сарыағаш ауданының кәсіпорындары өндіреді.
2007 жылы өндіріс көлемінің едәуір өсуі облыс аймақтарының басым
бөлігінде байқалды. Жоғарғы өсімге Отырар (нақты көлем индексі – 2,1 есе),
Түлкібас (124,9%) ауданының және Кентау қаласының (123,5%) өнеркәсіп
кәсіпорындары қол жеткізді. Алайда, өндіріс көлемінің Мақтаарал ауданында –
10,2% кемуі орын алды.
2007 жылдың желтоқсанында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда
облыстың 39 өнеркәсіп кәсіпорындарында өнім өндіру көлемінің кемуі орын
алды. Оның негізгі себебі – тапсырыстың, өткізу нарығының шектеулілігі және
шикізаттың жетіспеушілігі.
2008 жылдың 1-қаңтарындағы жағдай бойынша, сапаның басқару жүйесі 52
кәсіпорында және 10 мекемеде енгізілген.
2007 жылы облыс өнеркәсібінде 6 инвестициялық жоба іске асырылды:
Азық-түлік корпорациясы АҚ жалпы жобаның құны – 1500 млн. теңге
құрайтын Мақта өңдеу зауытының құрылысы, қуаты жылына - 60 мың тонна,
Айко и К ЖШС құны 70,0 млн. теңгені құрайтын сүт өнімдерін өңдеу жобасы,
НИМЕКС корпорациясы ЖШС құны 770 млн. теңгені құрайтын күйдірілген қыш
және черепица өндіру жобасы, Арай астық ЖШС құны 162,7 млн. теңгені
құрайтын макарон өндіру жобасы, Адина и К ЖШС құны 15 млн. теңгені
құрайтын Сарыағаш минералды суын құю және құны 250 млн. теңгені құрайтын
жылына 1800 тоннаға дейін Кондитер өнімдерін шығару жобалары.
2007 жылы облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарында 1721 жаңа жұмыс орындары
ашылды.
Облыс бюджетінің орындалуы
2007 жылдың 1 желтоқсанына облыс бюджетінің табыстары 133868,3 млн.
теңгені құрады, бұл 2006 жылдың тиісті кезеңі деңгейінен 67,4% жоғары.
Шығындар 123388,2 млн. теңге сомасында қалыптасты, бұл 2006 жылдың сәйкес
кезеңінен 63,0% артық. Операциялық сальдо 10480,0 млн. теңгені құрады.
Бюджет профициті 9300,6 млн. теңге деңгейінде анықталды.
2007 жылдың 1 желтоқсанына 2006 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда
жергілікті бюджетке түскен салықтық түсімдер 31,9% артты (2006ж. 1
желтоқсанына – 24559,8 млн. теңгені құрады). Салықтық емес түсімдер 356,8
млн. теңгені (2006ж. 1 желтоқсанына – 197,2 млн. теңгені) құрады, бұл 2006
жылдың тиісті кезеңі деңгейінен 80,9% жоғары.
Жергілікті бюджетке түскен
2007 жылдың 1 желтоқсанына мемлекеттік бюджетке түскен салықтар және
басқа төлемдер түсімдері 95564,8 млн. теңгені (2006ж. 1 желтоқсанына –
73179,6 млн. теңгені), республикалық бюджетке – 53183,1 млн. теңгені
(44088,7 млн. теңгені) құрады. Мемлекеттік бюджетке түскен салықтық
түсімдер құрылымында ең жоғары үлесі ҚҚС (қосымша құн салығына) – 29,2%,
әлеуметтік салыққа – 15,3%, республикалық бюджеттің – ҚҚС (қосымша құн
салығына) – 47,5% және корпоративтік табыс салығына 23,5% тиесілі.
Әлеуметтік қызмет көрсету облыстық бюджеттің барлық шығындар көлемінің
негізгі үлесін құрады. Төменде 2007 жылдың 1 желтоқсанына облыстың бюджет
шығындарының құрылымы келтірілген:
Бюджеттің кіріс бөлігі 2007 жылы мемлекеттік бюджет кірістері 108,3 млрд.
теңгені немесе жоспардың 91,6 пайызын құрап, 2006 жылдың тиісті кезеңімен
салыстырғанда 30 пайызға өсті.
Жергілікті бюджетке жоспарланған 58,8 млрд. теңгенің орнына 47,3 млрд.
теңге түсіп. Жергілікті бюджет түсімдерінің едәуір үлес салмағын (46,9%)
төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы мен еңбек ақы қорынан
есептелінетін әлеуметтік салық құрайды.
Бюджеттің шығыс бөлігі Облыстың түзетілген бюджетінің жалпы көлемі 2007
жылы 158,4 млрд. теңгені, орындалғаны – 146,4 млрд.теңгені.
Салықтық-бюджеттік сала. 2007 жылы мемлекеттік бюджетке түскен салықтар мен
басқа төлемдердің көлемі 108,3 млрд. теңгені, немесе жоспарға – 91,5%
құрады. 2006 жылмен салыстырғанда түсімдер – 30%-ға өсті.
Әлеуметтік салық бойынша жоспар 10,4%-ға кем орындалды, немесе аталған
салық түрі бойынша 1661,9 млн. теңге қаржы бюджетке түспеді, жеке табыс
салығы бойынша жоспар – тиісінше, 9,9% кем орындалды, немесе аталған салық
бойынша 1007 млн. теңге, акциз бойынша – 2,1% кем, немесе 154 млн. теңге
түспеді.
Ақша-несие саясаты. 2007 жылдың 1-желтоқсанындағы жағдай бойынша, екінші
деңгейдегі банктердің несие салымдарының көлемі 281,1 млрд. теңгені құрады
(2006 жылдың 1-желтоқсанымен салыстырғанда 1,9 есеге артық).
Сыртқы сауда. 2007 жылдың қаңтар-қарашасында облыстың сыртқы сауда
айналымының көлемі 2416,5 млн. АҚШ долларын құрады, немесе 2006 жылдың
қаңтар-қарашасымен салыстырғанда 50,9%-ға артық .
Әкімшілік реформаны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалу
барысы туралы мәлімет
Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту жөніндегі
шаралар туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13
қаңтардағы №273 Жарлығын және бекітілген мемлекеттік басқару жүйесін
жаңғырту жөніндегі бірінші кезектегі іс-шаралар жоспарын және Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 15 қаңтардағы №20 қаулысын іске асыру
мақсатында, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыс кестесі әзірленіп,
бекітілді. Мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру үшін әкімшілік
реформа жүргізу жөнінде облыстық комиссия құрылды.
Көлік және байланыс
2007 жылы, жедел деректер бойынша, темір жол көлігінен басқа, облыста
барлық көлік түрлерімен 66,7 млн. тонна – жүк және 1037,5 млн. – жолаушы
тасымалданған, немесе 2006 жылдың деңгейіне – тиісінше, 102,2% және 101,9%.
Облыстың жүк және жолаушылар айналымының барлығы дерлік автомобиль
көлігіне тиесілі.
2007 жылы әуе көлігімен жүк тасымалдау 2006 жылмен салыстырғанда –
10,4%-ға, жолаушылар тасымалдау – 29,7%-ға артып, тиісінше, 340 тонна – жүк
және 297,2 мың – жолаушы тасымалданды. Байланыс қызметін көрсету көлемі
артуда. 2007 жылы байланыс кәсіпорындары 5844,4 млн. теңгеге қызмет
көрсеткен, бұл 2006 жылмен салыстырғанда 21,7% артық. Халыққа көрсетілген
қызметтің үлесі 69,2%-ды құрады.
Соңғы уақытта Интернет желісіне шығу мүмкіндігін ұсыну қызметінен
түсетін табыс көлемі артуда (7,6%). Алайда, бұрынғысынша жалпы табыс
көлемінде басым үлес – халықаралық және қалааралық телефон байланысына
(51,1%), жергілікті телефон байланысына (25,2%), пошта қызметіне (5,5%)
тиеселі.
2007 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі, қолданыстағы бағада,
113,7 млрд. теңгені құрады, бұл 2006 жылдың деңгейімен салыстырғанда 3,4%-
ға артық. Ауылшаруашылық өнімінің облыс бойынша жалпы көлемінің – 18%,
немесе 20423 млн. теңгесі – Сарыағаш ауданының тауар өндірушілеріне,
Мақтаарал ауданының – 17,8%, немесе 20195 млн.теңге, Сайрам ауданының тауар
өндірушілеріне – 12%, немесе 13679,1 млн.теңгесі тиесілі. Бәйдібек
ауданында ауылшаруашылық өнімі көлемінің өсімі – 14,2%, Сайрам ауданында –
12,4% құрағанын атап кету қажет. Алайда, өнім көлемінің Кентау қаласында –
32,8%-ға, Шымкент қаласында – 26,9%-ға, Қазығұрт ауданында – 4,6%, Арыс
қаласында – 2,1%-ға кемуі орын алды. 2007 жылы 367,8 мың тонна дәнді
дақылдар жиналған, немесе 2006 жылдың деңгейіне – 101,9%, майлы дақылдар –
37,2 мың тонна, немесе 91,2%, мақта – 438,7 мың тонна, немесе 100,8%,
картоп – 150,8 мың тонна, немесе 122,9%, көкөністер – 494 мың тонна, немесе
103,6%, бақша өнімдері – 276,9 мың тонна, немесе 84,4%, жеміс-жидектер –
48,4 мың тонна, немесе 81,2%, жүзім – 30 мың тонна немесе 100,3% жиналған.
2007 жылы облыстың барлық шаруашылық санаттарында 145,6 мың тонна – ет
(тірідей салмақта), 566,6 мың тонна – сүт, 238,8 млн. дана – жұмыртқа
өндірілді. Облыстың барлық аймақтарында ет және сүт өндірудің артқаны
байқалады. Жұмыртқа өндіру Төлеби ауданында – 12,2%, Ордабасы – 29,5%,
Бәйдібек – 8,1%, Мақтаалар ауданында – 7,1%-ға кеміді.
2008 жылдың 1-қаңтарындағы жағдай бойынша, облыстағы шаруашылықтардың
барлық санаттарындағы ірі қара мал саны –689,5 мың басты, немесе 2007
жылдың сәйкес кезеңіне – 107,4%, қой мен ешкі – 3305,3 мың бас, немесе
105,9%, жылқы – 133,9 мың бас, немесе 104,2%, түйе – 15,6 мың бас немесе
101,2%, шошқа – 34,7 мың бас, немесе 112,4%, құс – 2193,7 мың бас, немесе
102,9% құрады
2007 жылы тұрғын үй құрылысына 18,7 млрд. теңге инвестиция бағытталған,
бұл 2006 жылмен салыстырғанда 0,5%-ға кем.
Барлық меншік түрлері бойынша кәсіпорындар мен ұйымдар және халықтың
қаржысы есебінен жалпы алаңы 815,8 мың шаршы метрді құрайтын 7215 жаңа
пәтерлер мен үйлер салынды, бұл 2006 жылмен салыстырғанда 12,2% кем.
Пайдалануға берілген тұрғын үйдің 88,7% халықтың өз қаржысы есебінен
тұрғызылды.
Облыс бойынша іске қосылған тұрғын үй көлемінде едәуір үлесті Шымкент
(38,6%) және Түркістан (18,6%) қалалары алады.
Созақ (19,8%-ға), Төлеби (10,9%-ға) аудандарында пайдалануға берілген
тұрғын үй көлемі 2006 жылмен салыстырғанда өскен. Отырар (14,3%-ға), Сайрам
(4,1%-ға), Сарыағаш (0,2%-ға), Түлкібас (75,8%-ға) аудандарында және Кентау
(32,4%-ға), Шымкент (7,2%-ға) қалаларында пайдалануға берілген үй көлемінің
кемуі орын алған.
2007 жылы облыста тұрғын үй құрылыстарында құрылыс нормалары мен ережелері
талаптарының сақталуын қадағалау мақсатында 378 тексеру жүргізілді.
Тексерудің нәтижесінде жалпы 11603,6 мың теңге айыппұл салынды. Оның ішінде
Шымкент қаласы бойынша 8218,4 мың теңге. Салынған айыппұлдың 7465,8 мың
теңгесі өндірілді.
Әлеуметтік сала
Халықтың неғұрлым әлжуаз топтарына қолдау көрсету Халықты жұмыспен қамту
және әлеуметтік қолдау көрсетудің 2006-2008 жылдарға арналған өңірлік
бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылуда. 2008 жылдың 1-қаңтарында 2007
жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда аз қамтамасыз етілген азаматтардың
саны 44,7%-ға кеміп, 17604 адамды құрады, немесе облыс халқының – 0,8%. Жыл
басынан бері кедейшілік деңгейі 0,6 пайыздық бірлікке төмендеген.
Қазіргі уақытта Семей ядролық полигонында зардап шеккендерге бірыңғай
қаржылық көмек алатын азаматтардың саны анықталып, 2368 адамды құрады. 2008
жылдың 1-қаңтарына 1752 азаматқа 11,2 млн. теңге өтемақы төленді. 2007 жылы
29585 адамға 193,8 млн.теңге мөлшерінде атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді.
Сонымен қатар, 41862 отбасының 18 жасқа дейінгі 148913 балаларына 1344,2
млн.теңге мөлшерінде мемлекеттік жәрдемақы төленді.
Облыста 39 мыңнан астам соғыс ардагерлері және оларға теңестірілген
тұлғалар, оның ішінде 2166 – Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектері
тұрады. Ардагерлер үйіне жеке санаттағы 5173 адам емделуге жіберілді.
Демография және миграция.
Облыста 11 селолық аудан мен 4 қалаық әкімшілік,7 қала (Шымкенттен
басқа),13 жұмысшы поселкесі,933 селолық және ауылдық елді мекен бар.
Облыста 2110,8 мың адам, 100-ден аса ұлт пен ұлыс өкілдері тұрады. Облыс
бойынша халықтың орташа тығыздығы 1 шаршы км-ге18 шартты адамнан
келеді,бұл тығыздық жөніндегі республикалық көрсеткіштен 3есе артық. Облыс
республика бойынша бала туу жөніндегі ең жоғары көрсеткішке -1000 адамға
22,6 сәбиден келеді және халық санының табиғи өсуінің ең жоғары шамасына
–(32,5 мың адамнан астам ) жетті.
Қала халқының саны 814,7 мың адам , яғни 38,6% ,ауыл халқының саны 1289,6
мың адам, яғни 61,4.
Облыс көп ұлтты.
Мұнда қазақтар-67,8% , өзбектер-16,8%
Орыстар-8,2% әзербайжандар-1,3%
Татарлар-1,2 % тәжіктер-1,1%
Түріктер-0,89 % украиндар -0,7
Тағы басқа ұлттар мен ұлыстардың өкілдері тұрады ( мәліметтер 2003
қаңтарына келтірілген).
Шымкент қаласы
Негізі қаланған мерзімі-XIV ғ ортасына дейін.Көлемі-300 шаршы кмХалқының
саны-446,7 мың(2003жылға) адам.Ұлтық құрамы ;қазақтар-49,59%, орыстар -24,6
%өзбектер- 15%, татарлар-2,7%,әзербайжандар-2,1% украиндар-1,8%, кәрістер-
1,4%, және басқалар.
Арыс қаласы
Құрылған уақыты -1928ж қала мәртебесі 1956ж берілген. Әкімшілік орталығы-
Арыс қаласы, халқы 35,8 мың адам облыс орталығына дейінгі қашықтық-60 км
Көлемі-6,3 мың шаршы кмХалқы ( маңындағы жерлерді қоса есептегенде)-61,4мың
адам,қала халқы-57,8% ауыл халқы-42,2% Ұлттық құрамы қазақтар 92,4%
,орыстар-5% және басқалар.
Кентау қаласы
Негізі қаланған уақыты-1955ж Әкімшілік орталығы-Кентау қаласы.Облыс
орталығына дейін гі қашықтық -260км (айналасындағы жерлерді қоса
есептегенде)Халқы қарамағындағы жерлермен қоса есептегенде )Халқы
қарамағындағы жерлермен қоса -79,4 мың адам.Қала халқы -85,8% ауыл халқы
-14,2% Ұлттық құрамы қазақтар -63,3%, өзбектер-22,2%,орыстар-9,2%, татарлар-
2,5% және басқалар.
Түркістан қаласы
Негізі қаланған мерзімі-б.з.500 жылы. Әкімшілік орталығы –Түркістан
қаласы. Облыс орталығына дейінгі қашықтық-225 км Көлемі -7,4мың шаршы
км.Халқының саны-178,2 адам.Ұлттық құрамы қазақтар-53,9%.өзбектер-
42,7%,орыстар-1,4% және басқалар.
Бәйдібек ауданы
Құрылған уақыты-1928ж.(1965ждейін Шаян,1996ждейін Алғабас ауданы)Әкімшілік
орталығы-Шаян селосы.Облыс орталығына дейінгі қашықтық 110км.Көлемі7,2мың
шаршы км Халқы-51,6мың адам.Ұлттыққұрамы қазақтар-97,7% және басқалар.
Қазғұрт ауданы
Құрылған уақыты -1928 ж.Әкімшілік орталығы –Қазғұрт селосы. Область
орталығына дейінгі қашықтық 110км. Көлемі -7,2мың шаршы км.Халқы -51,6 мың
адам. Ұлттық құрамы қазақтар-97,7 %. Және басқалар.
Қазығұрт ауданы.
Құрылған уақыты 1928ж (1993ж дейін Ленин ауданы ) Әкімшілік орталығы-
Қазығұрт селосы . Облыс орталығына дейінгі қащықтық -74 км.Көлемі -4,1мың
шаршы км .Халқы -92,2 мың адам.Ұлттық құрамы қазақтар -93,1 %., өзбектер
-5,3 %. Және басқалар.
Мақтаарал ауданы
Құрылған уақыты-1928ж(Бұрынғы Жетісай ,Киров және Мақтаарал аудандарын
біріктіреді).Әкімшілік орталығы-Жетісай қаласы Облыс орталығына дейінгі
қашықтық-232км. Көлемі-1,8 мың шаршы км .Халқы -248,5 мың адам.Қала халқы-
27,1 %., ауыл халқы-72,9 %.. Ұлттық құрамы қазақтар -81,3 %.,өзбектер-3,9
%., орыстар-3,2 %.және басқалар.
Ордабасы ауданы
Құрылған уақыты -1964ж.(1993ж дейінгіБөген ауданы)Әкімшілік орталығы
–Темірлан селосы.Облыс орталығына дейінгі қашықтық-60км.Көлемі-2,7 шаршы
км.Халқы-81,8 мың адам.Ұлттыққұрамы қазақтар-93,7 %.,орыстар-2,2
%.,әзербайжандар-1,7 %. және басқалар
Отырар ауданы
Құрылған уақыты-1935ж (бұрынғы Шәуілдір ,Қызылқұм ауданы ) Әкімшілік
орталығы –Шәуілдір селосы Облыс орталығына дейін қашықтық -142км Көлемі
-18,1 мың шаршы км.Халқы саны -54,7мың адам. Ұлттық құрамы қазақтар 98,9
%., орыстар-0,5 %. Және басқалар.
Сайрам ауданы
Құрылған уақыты-1928 ж Әкімшілік орталығы –Ақсукент қаласы Облыс
орталығына дейінгі қашқтық-30км Көлемі-1,7 мың шаршы км Халқы224,2 мың
адам.Ұлттық құрамы өзбектер-61,3 %., қазақтар-27,1 %. Орыстар-4,3 %.және
басқалар.
Сарыағаш ауданы
Құрылған уақыты -1928ж(1939жқайта құрылған) Әкімшілік ортадлығыСарыағаш
қаласы.Облыс орталығына дейінгі қашықтық-110км.Көлемі-7,7 мың шаршы
кмХалқы-220,9 мың адам.Ұлттық құрамы қазақтар -85,6 %., өзбектер -4,3 %.,
тәжіктер-2,6 %.,орыстар-2 %. Және басқалар.
Созақ ауданы
Құрылған уақыты-1928ж.Әкімшілік орталығы-Шолаққорған селосы. Облыс
орталығына дейінгі қашықтық-189км. Көлемі -41 мың шаршы км. Халқы-48,6 мың
адам.Ұлттық құрамы қазақтар -90,4 %., өзбектер -6,4 %.орыстар-2,2 %. Және
басқалар.
Төлеби ауданы
Құрылған уақыты -1932ж(1991ждейін Ленгер ауданы ) Әкімшілік орталығы
Ленгір қаласы (1945ж)
Облыс орталығына дейінгі қашықтық -29 км. Көлемі -3,1 мың шаршы
км.Халқы -106,2 мың адам.
Түлкібас ауданы
Құрылған уақыты -1928ж Әкімшілік орталығы –Тұрар Рұсқұлов селосы
Облыс орталығына дейінгі қашықтық-98 км.Көлемі -2,3 мың шаршы км.Халқы-88,2
мың адам.Қала халқы -17,1 % ауыл халқы -82,9% Ұлтық құрамы қазақтар -70,8
%, орыстар-9,6% өзбектер-4,3%, әзербайжанда3,6% және басқалар.
Шардара ауданы.
Құрылған уақыты-1968ж Әкімшілік орталығы –Шардара қаласы Облыс
орталығы дейінг.і қашықтық-300км. Көлемі -13 мың адам Халқы -63,3 мың
адам. Қазақтар93,9%, орыстар -4% және басқалар .
2007 жылдың 1-желтоқсанында облыс халқының саны 2329,0 мың адамды құрады,
оның 857,9 мыңы – қала халқы (36,8%), 1471,1 мыңы – ауыл халқы (63,2%).
2007 жылдың қаңтар-қарашасында халық саны табиғи өсу есебінен 48,6 мың
адамға артты. Яғни, 64,1 мың – туу (109,8%) тіркеліп, өлгендер саны – 15,5
мың адамды (105,6%) құрады.
2007 жылдың қаңтар-қарашасында шетінеген сәбилер саны өсіп, 1191 адамды
құрады, немесе туылған 1000 баланың 19,7 шетінеген (2006 жылдың қаңтар-
қарашасында – тиісінше, 942 нәресте және 17,4).
Жұмыспен қамту.
Статистика органдарының мәліметі бойынша, 2007 жылдың III тоқсанында
облыста экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны 1086,1 мың адамды құрады,
оның ішінде 93,2% – экономикада жұмыс істейді. Жұмыссыздар саны 73,5 мың
адамды құрады, оның ішінде 50,7% – ауыл тұрғындары. Жұмыссызды деңгейі 6,8%
құрады. 2007 жылы жұмысқа орналастыруға өтініш білдірген 21427 жұмыссыздың
– 17348-і, немесе 81% жұмыспен қамту органдары арқылы жұмысқа
орналастырылды. Қоғамдық ақылы жұмыстарға 9706 ресми тіркелген жұмыссыздар
тартылды. 2008 жылдың 1-қаңтарына облыста 17082 жаңа жұмыс орны, оның
ішінде білім беру және денсаулық сақтау салаларында – 3091, құрылыс және
коммуналдық шаруашылықта – 3281, өнеркәсіпте – 1721, ауыл шаруашылығында –
1266 жұмыс орны құрылды.
Еңбек қатынастары.
2007 жылы облыста 1743 тексерулер жүргізілді. Тексеру барысында 10151
заң бұзушылық айқындалды, оның ішінде 4252 – еңбек, 5435 – қауіпсіздік және
еңбекті қорғау, 464 – халықты жұмыспен қамту туралы заң бұзушылық.
Тексерулердің нәтижесінде 1582 ескерту берілді. Жалпы сомасы 12 463,9 мың
теңгеге 704 айыппұл салынды, оның 10 993,9 мың теңгесі – өндірілді.
Облыс кәсіпорындарында 120 адам жарақат алды, оның ішінде 25 қайтыс болған.
721 жеке азаматтардың арыздары мен өтініштері, оның ішінде 599 – еңбек
заңнамалары, 105 – еңбекті қорғау, 17 – халықты жұмыспен қамту мәселелері
қаралды.
Халықтың табысы.
Еңбек ақы. 2007 жылдың қазанында облыс халқының орта есеппен жан басына
шаққандағы атаулы ақшалай табысы 15063 теңгені құрады, бұл 2006 жылдың
қазанымен салыстырғанда 32,4% артық. Нақты ақшалай табыс осы кезеңде 8,6%-
ға өсті. 2007 жылдың қаңтар-қарашасында кәсіпкерлікпен айналысатын шағын
кәсіпорындарды қоспағанда, бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 36087
теңгені құрап, 2006 жылдың қаңтар-қарашасымен салыстырғанда 33,0% өсті.
2007 жылдың қаңтар-қарашасында тұтыну бағасы индексін есепке алғанда,
облыс бойынша орта есеппен нақты орташа айлық жалақы 2006 жылдың сәйкес
кезеңімен салыстырғанда 18,9% артты. Орташа облыстық көрсеткіштен жоғары
орташа айлық жалақы мөлшері Созақ ауданында (2 есе артық), Арыс (11,5%-ға
артық) және Шымкент (8,6%-ға артық) қалаларында қалыптасты
Инвестиция саласы
2007 жылы облыс экономикасын дамытуға, жасырылған және формальді емес
қызметті қоса есептегенде, негізгі қорға 110,6 млрд. теңге инвестиция
бағытталды, немесе 2006 жылға – 125,5% құрады.
Негізгі қорға бағытталған инвестиция көлемінің Ордабасы (2,0 есеге),
Сайрам (65,5%-ға), Сарыағаш (56,7%-ға), Түлкібас (53,6%-ға) аудандарында
және Кентау (2,5 есеге), Арыс (2,2 есеге) қалаларында айрықша өсімі орын
алды.
Облыста 24,4 мың тәрбиеленушісі бар 168 мектепке дейінгі тәрбие беру
мекемелері жұмыс істейді. Жыл басынан бері 17 балабақша, оның ішінде: 3 –
Шымкент қаласында, Сайрам, Сарыағаш, Мақтаарал аудандарында, 2 – Созақ,
Төлеби аудандарында және бір балабақша Түркістан қаласында ашылды.
Облыстағы жалпы білім беру мектептері мен мектеп-интернаттарының саны
– 1032, ондағы оқушылар саны – 520,6 мың адамды құрады, оның ішінде
жекеменшік мектептер саны – 8, ондағы оқушылар саны – 1,3 мың.
2008 жылдың 1-қаңтарына Интернет жүйесіне 915 мектеп қосылған, бұл
барлық мектеп санының 90,5% құрады, оның ішінде 735 – ауыл мектептері. 967
мектеп, оның ішінде 776 ауыл мектептері – байланыс жүйелеріне қосылған.
Интернет желісіне қосылған жалпы білім беру мектептерінің үлесі байланыспен
қамтылған мектептердің жалпы санының 94,6% құрайды. Облыс мектептері 17,7
мың бірлік компьютерлік техникамен жабдықталған, немесе бір компьютерге 29
оқушыдан келеді. Спутниктік оқу телеарналары арқылы қашықтықтан оқыту
жүйесіне 442 мектеп қосылған. Облыс мектептеріне 369 мультимедиялық-
лингафондық кабинеттер орнатылған. Облыста жалпы білім беру кешендерінің
құрылысы мен қайта құрылысына бағытталған республикалық және облыстық
инвестициялық жобалар іске асырылуда. 2007 жылы республикалық бюджеттен бұл
мақсатқа 3479,0 млн. теңге қаралып, 3286,2 млн.теңгесі, облыстық бюджеттен
– тиісінше, 1358,4 млн.теңге қаралып, 1289,7 млн. теңгесі игерілді.
20072008 оқу жылында орта білімді мамандар даярлаумен 12,3 мың оқушысы
бар 25 кәсіби мектептер айналысады. Сонымен қатар, 64 колледж (оның ішінде
18 – мемлекеттік) және 5 жекеменшік филиал жұмыс істейді. Колледждердің
жалпы контингенті 63,9 мың оқушыны (оның ішінде 28,9 мың оқушы мемлекеттік
колледждерде) құрады. Облыста жоғары білікті мамандар даярлаумен 11 дербес
жоғарғы оқу орны (оның ішінде 3 – мемлекеттік), сонымен қатар, 2 филиал (1
– мемлекеттік) айналысады. Оларда 89,9 мың студенттер оқиды, оның ішінде
44,3 мың студент – мемлекеттік жоғарғы оқу орындарында оқиды.
Көлік қатнас кешені
Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы Орта Азия елдері мен әлемдік
экономикаға енетін қақпа болып саналатын аймақ ретінде облысымыздың барлық
байланыс кешені сапасының тиісті стандарттарға сай болуын талап етеді.
Қазақстан экономикасының турақты дамуы Орта Азия мен Үндістан
елдерінің қақпасы болып табылатын аймақ ретінде облысымыздың барлық
байланыс кешеңінің дәрежесін үнемі арттырып отыруды талап етеді.
Автомобиль жолдары саласында халықаралық маңызы бар жолдар бірінші
кезекті халықаралық автокөлік артерияларын жөндеуге шетелдік салымдарды
тарту есебінен дамып отыр.
Облыстың балансында 5200 км аса жалпы пайдаланудағы автожолдар болса,
оның 800 км-ден артығы республикалық және 4470км-і жергілікті маңызы бар
жолдар.
Облыс пен Шымкент қаласының маршруттық торабы 1 халықаралық, 159
қалааралық, 205 қаламңындық және 150 қалаішілік желілерден құралады. Оларда
әртурлі моделді 3 мыңнан аса автокөлік қызмет көрсетеді. Сырттан тартылған
автокөлік саны 1 мыңнан асады.
Әуе транспорты жүйесінде Аэропорт-Шымкент ААҚ Еуропадан Оңтүстік-
Шығыс Азия , Таяу және Қиыр Шығыс елдеріне бағытталған көлік ағындарының
тоғысында Ташкенттен 100 км, Қызылорда еркін экономикалық аймағынан 200 км,
Бишкектен 500 км қашықтықта – R 482, B 142, B 114, P 206 және B 30
халықаралық әуежелілерінің қиылысқан жеріне орналасқан. Әуежайдың орналасуы
тікелей және транзиттік авиарейстерді орындау үшін өте қолайлы.
Бүгінгі күні әуежайдың ТУ-154, Ту-204, ИЛ-76, АН-124,А-310200, Вак-І-
ІІ, В-727-100, В-737-100, В-737-400, В-757, В-767-200, Да-20, ДА-50
секілді әуе кемелелерін қабылдауға мүмкіндігі бар.
Аэропорт-Шымкент ААҚ әуежайы қайта құру және жаңарту , сонымен
бірге көршілес Өзбекістанның астанасы – Ташкенттегі әуежаймен бәсекелес
болу міндетін алға қойып отыр. Жобаны іске асыру жолаушылар мен жүк жеткізу
қабілетін екі есе арттырып, қызмет корсету сапасын едәуір жақсартуға
мүмкіндік береді. Облысымызға сапары кезінде ҚР президенті Н.Ә.Назарбаев
бұл жобаға аса жоғары баға берген болатын.
Облыстық теміржол – Ұлы Жібек жолының бойымен отіп жатқан азияаралық
теміржол магистралінің маңызды болігі. Қазақстан теміржолы РМК Шымкент
бөлімшесі 30, оның ішінде бір сорттау, 2 жүк, 3 учаскелік және 24 арлық
станцияны біріктіреді.
Темір жолдың жалпы ұзындығы 443 км-ден аса, қызмет ету шектері - Өзбек
темір жолы жағынан Шеңгелді-Арыс станцияларының және Түркістан-Арыс-
Түлкібас станцияларының аралықтары. Жолдың Арыс-Шеңгелді және Арыс-Т
үркістан учаскілері электрлендірілген.
Өткен жылы Шымкент жол бөлімшесібойынша 4700 млн. тонна нетондан
артық жүк тасымалданып, 11 млн. т аса жүк жіберілді. Жолаушылар айналымы –
430 млн жолаушыкм. Тәулік бойынша орташа жүк тиілімі 250 тонна, ал жыл
бойынша вагондарға орташа жүк тиілімаі – 109 тонна болды. Поездар үш
бағытта қимылдайтын ірі тораптық Арыс стансасын ерекше атап кету керек.
Станса Рессейдің орталық бөлігімен Сибрді Орта Азия және Қазақстанмен
байльаныстырады. Орынбор – Ташкент темір жолын салу барысында 1900 ж
теміржол стансасы ретінде негізі қаралған. Арыс ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz