Оңтүстік Қазақстан облысы дамуы


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Оңтүстік Қазақстан облысы дамуы.

Оңтүстік Қазақстан облысы дамуы әкімшілік аумақтық бірлік ретінде 1932 жылы 10 наурызда құрылған республиканың оңтүстігінде Сырдария алабында орналасқан. Жер көлемі 117, 3 мың км 2 . Бұл Қазақстан аумағының 4, 3% бөлігін құрайды. Халқының саны 2, 17 млн (1/7. 2004 ж) . Терістігінде Қарағанды, батысында Қызылорда, шығысында Жамбыл облысымен, ал түстігінде Өзбекстан республикасымен шектеседі. Облыста 11 аудан, 8 қала, 13 кент және 932 ауыл 132 ауылдық, 13 кенттік окруктерге бөлінген. Орталығы Шымкент қаласы.

Қалалар - ( Редактировать) 1 ) Шымкент, 2) Түркістан, 3) Кентау, 4) Арыс. 5) Жетісай

Аудандар - ( Редактировать) 1 ) Бәйдібек, 2) Қазығұрт, ( Редактировать) 3) Мақтаарал, ( Редактировать) 4) Ордабасы,

5) Отырар, ( Редактировать) 6) Сарыағаш, ( Редактировать) 7) Сайрам, 8) Созақ, ( Редактировать) 9) Төлеби, 10) Түлкібас, ( Редактировать) 11) Шардара.

Облыс тұрғындарының саны жағынан республикада алдыңғы орында тұрған облыстардың бірі екендігі, байырғы тарихи- мәдени орындардың молдығымен де ерекшеленетіні белгілі.

Атақты Отырар қамалы, түркі жұртына мәлім болған бұрынғы Иассы, қазіргі Түркістан қаласы осы топырақта туып өскен, орта ғасырдағы шығыс жұлдыздарының қатарында аталып ғалымдар да ғұламалардан қалған көне соқпақтың парызы. Республикада қолайлы табиғи жағдайларымен ерекшеленетін, қысы қатал, жазы салқын Түлкібас пен түгін тартсаң майы шығатын Жетісайдың, жайма шуақ Түркістанның арсында ежелде өмір сүрген өркениетті ел болғандығын дәлелдейтін археологиялық қазба орындары мол. Жақпар тастарда, қыш кітаптарда қалған таңбалар оңтүстік ел тарихының сырлы белгісі іспетті. Облыстың айтарлықтай өндірістік- экономикалық мүмкіндіктері бар. Олардың негізін орасан зор табиғи қорлар мен жеткілікті еңбек ресурстары құрайды. Уран қоры жөнінен облыс Қазақстанда бірінші, фосфориттер мен темір рудасы бойынша - үшінші орын алады. Облыс мақта, тері шикізаттары, өсімдіктер майы, жүзім, бау-бақша, макорон, темекі, сыра және де басқа алькаголсізсусындарды басқа жерлерге жеткізіп отырады.

Сонымен бірге облыста қорғасын, мұнай өнімдері, күкірт қышқылы, шифер, автотрактор шиналары, эксковатор, трансформатор, шұлық-ұйық, тігін бұйымдары, жиһаз шығарылады. Облыста екі бағытта ұзындығы 5, 3 мың км автомобил жолдары, оның ішінде қатты жабыны бар 5, 1 мың км жол бар. Азаматтық авиация ұзындығы 27 мың км ауа белдеулерінде жұмыс істейді. Облыс орталығы халықаралықОрынбор-Ташкент, -Шымкент, -Тараз, -Алматы- және Ташкент-Шымкент, Түркістан- Самара жатыр. Ерте кездердің өзінде оңтүстік өңірі, оның Отырары мен Түркістаны, Сайрамы мен Шымкенті тағыбасқа қалалары, Қаратауы мен Алатауы, Мырзашөлі мен Қызылқұмы, Созағы мен Қазығұрты, Сырдариясы мен Арысы сияқты таулары, өзен, сулары, жазиралы далалары, берекелі құмдары баршаға мәшһүр болған.

Оңтүстік Қазақстанда болған адам осы бір тамаша өлке мен оның ғажайып табиғатынан алған әсерлерін мәңгі есте сақтайды.
Оңтүстік Қазақстан облысы Тянь-Шань тауының батыс сілемдері мен Тұран ойпатының шығысын алады, 117, 3 мың шаршы шақырым аумаққа орналаскан. Оның солтүстік бөлігін Бетпақдала шөлі, оңтүстік қиыр шетін Мырзашөл куаң даласы алып жатыр

Экономикасының дамуы

1867 жылдан бастап Шымкент, Шымкент сырдария облысының уездік қаласына айналды. Шымкенттің шаруашылық сипаттамасы Түркістан өлкесі бойынша жолсілтемеде (1901) берілген: «Ол Ташкентті Сайрам бидайымен, таза сиыр сүтімен жабдықтайды. Еділ бойындағы шұға тоқу фабрикалары одан жүн, ал шетелдік зауыттар тері, шұжық және аспап шеберлері ішектер алады. Қаланың жылқы саудасымен даңқы шыққан» деп көрсетілген.

ХХ ғасырдың басында Шымкентте 3 май шығарғыш, 5 тері зауыты, 15 кішігірім кірпіш зауыты, 26 диірмен болған. 1885 жылы салынған сантонин зауыты ірі өнеркәсіп орны болған (қазір «Химфарм» ААҚ), олардан басқа 4 мақта тазалайтын өндіріс, 15 ұстахана, 15 сабын қайнататын өндіріс ошағы болған. 1915 жылы Жетісу теміржолының Арыс-Шымкент учаскесі пайдалануға берілген. 1914 жылы қыркүйекте сенаттың бұйрығымен Шымкентке Черняев аты берілген. Дегенмен, 1921 жылы қалаға тарихи атауы қайтарылады.

Орта ғасырдың ерте кезеңінде қазіргі Оңтүстік Қазақстанның территориясын әсем көркімен безендірген қалалар салына бастады. Солардың бірі қазіргі Шымкент қаласынан 8 шықырымдай жерде «Ақ өзендегі қала» - Исфиджаб (Сайрам) . VІІ ғасырда-ақ «Ақ өзендегі қала» Ұлы Жібек жолы өтетін қалалардың қатарында болды. Ал, Отырар (Фараб), Тараз, т. б. қалалар VІІ-ІХ ғасырларда осы жолдың бойындағы ірі сауда орталықтары болатын. Сондай-ақ тарихи деректер осы кезеңдерде Сырдарияға жақын Шауғар (Түркістан) және Газгрид, Шараб, Бұрұхкент, Тамтаунде, Абаржадне қалаларының болғанын көрсетеді.

ІХ ғасырдың екінші жартысында Оңтүстік Қазақстан территориясында қалалардың қарқынды өскені байқалады. Әсіресе, Отырар қаласының аты мәшһүр бола бастады. Жазба деректер және археологиялық қазбалар оның тарихы, тіршілігі және ХVІІ-ХVІІІ ғасырлардағы күйреуі туралы құнды деректер береді.

Өлкедегі ортағасырлық қалалардың қатарына Арсубаникет қаласы кіреді. Ол қазіргі Көлтоған селосына жақын жерде орналасқан. Ерте заманнан-ақ танымал болған қалалардың бірі - Түркістан (көне атауы Шавгар) . Жазба деректер бойынша ескі қаланың орны Отырардан Сырдарияға баратын тұста бір күнді жер болса керек. Ол қазіргі Түркістан қаласының маңын тұспалдайды.

ХІІ-ХІІІ ғасырларда Шавгар қаласы өзінің сауда-саттық, мәдени ортасынан айырыла бастайды да, қаланың орталығы Яссыға қарай ойыса бастайды.

Қазіргі Түркістан қаласынан 30 шақырымдай қашықтықта орта ғасырлық ірі қала - Сауранның қираған орны жатыр. Қаланың өмір сүрген уақыты ХІ-ХІІІ ғасырдардың еншісіне тиесілі.

Осы тұста Қазақстанның мәдениеті, қала құрылысы, қол өнері мен керуен саудасы дамыған өлкесі оңтүстік өңірі болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аймақтардың экономикалық дамуын мемлекеттік реттеу
ХIX ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың басындағы Оңтүстік Қазақстан өңіріндегі сауда жүйесінің дамуы
Құбыр көлік инфрақұрылымы
Оңтүстік Қазақстан экономикалық аймағының экономикалық географиялық жағдайы
Оңтүстік Қазақстан облысында туризмді дамыту мәселелері
Қазақстан Республикасының оңтүстік өңірлерінде газды пайдалану
Оңтүстік Қазақстан облысының агроландшафттарына физикалық - географиялық сипаттама
Қазақстанның экономикалық аудандары
Қазақстан территориясында теміржолдың даму мәселелері мен келешегі
Кедейшілік – әлеуметтік-экономикалық құбылыс
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz