Оңтүстік Қазақстан облысында туризмді дамыту мәселелері



Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Оңтүстік Қазақстан облысында туризмді дамыту мәселелері
Қазіргі заманғы туризм, өте күрделі құбылыс, жан-жақты кешендік
зерттеуді талап етеді.Онымен экономистер, социологтар, архитекторлар,
археологтар, тарихшылар және басқалар айналысады.
Туризмнің танымы әр түрлі; біріншіден экономиканың бір саласы;
екіншіден адам қоғамындағы сұраныс мәселелерінің құрылымы; үшіншіден өз
халқының тарихи ұрпағын, түбірін үйрену; төртіншіден сауықтыру
функцияларының анықтамасы.
Түрлі транспорттардың дамуы, адамдардың басқа елдермен қарым-қатынас
құру ынтасы және танытым туризмімен сауда жасау қазіргі заман туризмінің
жоғарғы деңгейде дамуына ықпал етуде. Туризмнің дамуы халыққа ұсынылған
туристік экскурсиондық қызмет көлемінің артуын, сапаның жоғарылауын, қызмет
түрлері мен формаларының таралуын, жаңа туристік кешендердің, қонақ
үйлердің және кэмпингтердің құрылуын қарастырады.
Мемлекеттің экономикалық және мәдени дамуынан туризм пайда болады.
Қазіргі таңда халықтық және индустриялық туризмге қызмет көрсету маңызды
сала және кейбір мемлекеттердің ішкі сауда аймағының өсуіне әсер
етуде.Туризм әлемдегі ең ірі сауда-мұнайдың қатарында.
Туризм-халықаралық демократияның тиімді құралы. Ел экономикасын
дамытуға үлес қосуға тиіс туризмді өркендету республикамызда арнайы
заңдастырылғаны мәлім. Осы ретте, әсіресе, Елбасының арнайы Жарлығымен
бекітілген Қазақстан Республикасының Туризм туралы заңын атап айтқан
жөн. Дегенмен Қазақстан жер көлемі жағынан тоғызыншы орында, ал
дүниежүзілік туристік қызмет көрсету жөнінен алғанда болашақта елеулі
артықшылықтарды иеленетіні белгілі бола тұрса, іс ілгері баса қойған жоқ.
Елімізде туристік қызметтерді инфрақұрылымдарды дамыту деңгейінің төмен
дәрежеде жүргізілуі оған кері әсер тигізуде. Бұл саланы дамыту үшін
инвестиция тарту мәселесі де көп қиындықтар келтіруде. Оған басты себеп-
жеке, оның ішінде шетел инвестицияларының тым аз тартылуы болып отыр.
Қазақстан Республикасының туризмі дамуы үшін нормативтік-құқықтық
база құрылды.1992 жылдан бастап Туризм туралы заң қабылданды. Ол
туризмнің барлық түрін қамтиды және республика территориясындағы туристік
қызметтердің құқықтық экономикалық, әлеуметтік және ұйымдық негіздерін
анықтайды. Сонымен қатар туризмге қатысты сұрақтар бойынша республика
Үкіметі бірнеше жарлықтар қабылдады. Оның ішіне туристік қызметтердің
лицензиялау мәліметтері кіреді. 1993 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық
туризм индустриясының даму бағдарламасы 1997 жылы Ұлы Жібек жолының тарихи
орталықтарының қайта жаңғыруы, түркі тілдес мемлекеттер мәдениетінің
сақталуы және дамуы, 1997-2004 жылдар арасында туризм инфрақұрылысының
жасалуы жөнінде мемлекеттік бағдарлама қабылданды. 2002 жылдың 29
желтоқсанында Қазақстан Республикасының Үкіметі 2003-2005 жылдарға туристік
салалардың даму бағдарламасын бекітті.
Туризмнің массалық, халықаралық және әлеуметтік қасиеттері қоғам
өмірінің экономикалық шарттарына әсерін тигізеді, сол үшін де туризмге көп
назар аударуымыз қажет. Жаңа әлеуметтік-саяси және экономикалық реалдер
Қазақстан халқының сана сезімін өзгертеді. Қоғамға, әлемге деген
көзқарсымыз ауысып жатыр. Бұның барлығы Қазақстан Респуликасының Президенті
Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлының жүргізген саясатының арақасында бүгін
әркімнің басқа мемлекеттермен қарым-қатыныс құру және туристік саяхат жасау
мүмкіншіліктері бар. Сонымен бірге шетел туристері біздің егеменді
Қазақстанға келіп жатыр.
Болашақтың іргесін тұрғызу үшін және алған бағытымыздан ауытқымас
үшін, бізге өзіміздің нені қалайтындығымызды білуге тиіспіз. Біздің
еліміздің мұраты; ұлттың біртұтастық, әлеуметтік, әділеттік тән әрі күллі
халқының экономикалық әл-ауқаты артқан тәуелсіз, гүлденген және саяси
тұрақты Қазақстанды сомдау деп санаймын.
Қазақстанның келешегіне арналған ұзақ мерзімді басым мақсаттарын
белгілеген Президент Н.Назарбаев аталмыш мақсатқа жету үшін бірнеше негізгі
мәселенің іске асырылуы керектігін баса атап өткен. Соның ішінде;
инфрақұрылым, әсіресе көлік және байланыс.Бұл стратегия автомобиль жасау,
туризм, қызмет жүйесі, жол және күрделі құрылыс салаларын барған сайын
дамыта беруге жәрдемдесетін болады (1,20-22)
Қазақстан мынадай туризм түрлерін ұсынады: танымдылық, сауықтыру,
этникалық, экологиялық, спорттық, аңшылық, шытырман оқиғалық, балаларға
арналған тағы басқа.
Туризм белсенді демалыстың өте оңай түрлерінің бірі есебінде адам
өмірінің маңызды бөлімі және оның жаңаны тану табиғи ықыласына сай келеді.
Туризм экономикалық қөзқарасымен өмірге тұтынущылық сұранысының жаңа
формасын туғызды; мұнда тауарлар мен қызмет көрсетулердің бүтін
комплекісіне байланысты және туризм халықаралық бұқара топтарын қамтып
жалпы халықтық болады. Туристік рекрациялық миграцияны барша адамдардың
демалуы үшін және саяхатта-қоғамдық қажетті талаптары деп түсінеміз.
Тұтынушылық сұраныс категориясының есебінде туристік сұраныс туристердің әр
түрлі тілектерін қанағаттандыра алатын заттай емес, және заттардың
тұтынушылық құндарының жиынтығына айналады. Алыстан саяхатқа келген
адамдардың тұтынушылардың комплексін қанағаттандыру мақсатында туристік
өнімдер ақысы сәйкестендіру қажет.
Қазіргі таңда Қазақстан үлкен қызығушылықпен танымдылық туризмді
ұсынады. Шығыс елдері Ұлы Жібек Жолы мен түрік халқының қасиетті
кесенелерімен, көне ескерткіштерге қызығушылық туғызады. Өңтүстік Қазақстан
облысы қазіргі таңда туризм және зиярат ету аймағына айналды. Осы өңірдің
тарихы тек тарихшыларды ғана емес, тарихи түбірі болған барлық елдерді
толғандырады. Туризм қарқынды демалыс түрлерінің бірі және адам өміріндегі
маңызды бөлікпен оның жаңа мәліметтерді үйрену тілегі болып табылады.
Туризм экономика жағынан қоғамға жаңа тұтынушылық сұранысын туғызады,
халыққа қажетті тауар және қызмет ұсынады.
Оңтүстік Қазақстан облысы-ашық аспан астындағы әлемдік даңққа тұрақты
кешен. Облыстың және облыс аумағындағы ескерткіштер мың жылдық уақыт
аралығын қамтиды. Бірақ бұл Орта Азияның сәулетшілік ежелгі тарихының
жетілген жемісі, оның түбірі жердің тереңдігіне тең. Дәл мағынасында
археологиялық экспедициялар жылдан жылға 2-3 мың жылдық жер астындағы ескі
құрылыстарды ашып, олардың қандай әдіспен жасалғанын және археологиялық
сапасын анықтаған.
Оңтүстік Қазақстан Облысындағы ежелден сақталып келе жатқан, түрлі
кезеңдегі оң-теріс қөзқарастар орын алған замандарда зорлық-зомбылықтарға
да ұшырған керемет кесенелер қатарында Арыстанбаб, Әзірет Сұлтан, Ыбырайым
ата, Қарашаш ана, Баба Түкті Шашты Әзиз, Бәйдібек ата, Домалақ ана тағы
басқалар бар.Аса ірі жеке тұлғаларымыз қаншама игілікті де ізденімпаз істер
атқаруға парыздар екендігімізді терең сезінуіміз қажет. Фараби мен Яссауиға
қайта оралу, ардақты бабаларымызбен табысу, танып-білу, олардың мұраларын
игеріп, қанымыз бен сүйегімізге сіңіру-бұл ұрпақтан ұрпаққа жалғасуға
тиісті ұлы парыз.
Оңтүстік Қазақстан өлкесі Орта Азиядағы және Қазақстанда сонау ерте
заманнан бері ерекше орын алған Жібек Жолы бойынша орналасқандықтан барлық
жағынан гүлденіп, өркендеген Түлкібас Отырар, Сайрам, Сығанақ, Сауран,
Созақ, Түркістан және басқа да қалалары тек қана сауда-саттық емес өлкенің
мақтанышы Отырар қаласында туылған. Шығыстың екінші Аристотелі атанған Әбу
Насыр Әл-Фарабидің есімі бүкіл дүние жүзіне кеңінен белгілі.
Облыс тарихы сәулет ескерткіштеріне бай. Олар Қажа Ахмет Яссауи, Тамих
Қожа, Әбділ Әзіз, Мірәлі баба, Қарашаш ана, Ибрахим ата мұражайлары Созақ
ауданында Баба Түкті Шашты Әзиз, Шаян ауылындағы Аппақ Иман медресесі,
отырардағы Арыстанбаб кесенесі және басқалар.
Менің дипломдық жұмысымды жазуымның мақсаты. Оңтүстік Қазақстан
Обдысындағы және оның аймағындағы туристік ресурстарды анықтап оларды
зерттеу. Туристік қажеттіліктерді қанағаттандыратын сапалы өнім және қызмет
өндіріп Оңтүстік Қазақстан Облысындағы туризм потенциалын байыту арқылы
келуші туристердің санын арттыру.

Оңтүстік Қазақстан облысының рухани туристік потенциалы

Туризм өнімінің масштабтары, көпшілдігі, халықаралық және әлеуметтік
сипаты қоғам өмірінің әлеуметтік және экономикалық жағдайларына әсер етеді,
ол ғылымның зор көңілін аударып, маңызды қоғамдық-экономикалық құбылысқа
айналып, тереңдеп жатыр.
Туризмді әр түрлі белгілеріне қарай классификациялауға болады:
мақсатына қарай, саяхаттың мерзімі мен ұзақтығына қарай, қозғалу түріне,
орналасу жолына, саяхатқа қатысушылардың құрамының сапасына және т.б. Бірақ
шешуші рөлді атқаратын-саяхаттың мақсаты.
Халықаралық (шетелдік) туризм-бұл азаматтардың өз елінен тыс жердегі
саяхаты, туристердің бір елден екінші елге сапары немесе бірнеше елдерге
сапарлары. Шетелдік туризм-бұл шетелдік азаматтардың туристік мақсаттармен
басқа елге келуі.
Халықаралық туризмде турист өзінің елінен шығып, басқа бір шетелдік
елге барады. Кеденнен өту үшін туристік құжаттарды толтырады (паспорт, виза
жасау), валюта және медициналық бақылаудан өтеді. Бұл халықаралық туризмнің
ерекшелігі болып саналады. Тағы бір ерекшелігі-елдің төлем балансына
тигізетін әсері. Сондықтан да шетелдік туристердің келуін белсенді туризм
деп атайды. Ішкі туризм дегеніміз халықаралық туризмнің даму негізін
жасайды, ішкі туризмсіз халықаралық дамымайды. Ішкі туризм халықаралық
туризмнің катализаторы. Ол жаңа рекреациялық ресурстар мен аудандарды
игеруге, туристік инфрақұрылымның базасын құруға әсерін тигізеді, сондай-ақ
бірте-бірте халықаралық туристік қозғалысқа, халықаралық туризм
индустриясына енуге мүмкіндіктер туғызады.
Рухани туризм бүгінгі күні айтарлықтай ауқымды көлемге жетіп отыр.
Мұсылмандардың ең басты қасиетті Хаджы орталығы Сауд Арабиясындағы Мекке
қаласы. Құдайға табынушы католиктер папа Римскийге Ватиканға барады.
Туристік діни маршруттарды анықтайтын әр елде өзінің ұлттық діни
орталықтары бар (25,69-75).
Оңтүстік Қазақстан облысы республикасындағы табиғи климаттық жағдайы
ерекше, тарихи-шежірелі архитектура мен мәдени ескерткіштерге бай өлке.
Өзінің табиғи-географиялық жағдайымен тарихи, экономикалық-мәдени
дамуын, қала мен аудандарын көркейту үшін туризм жақсы қызмет ете алады.
Мұнда мемлекет қарамағындағы 43 тарихи ескерткіш орындары қорғауға алынған.
Бұрынғы Қазақстан территориясынан өтетін Жібек Жолы бойына көптеген
архитектуралық ескерткіштер салынған. Олардың ішінде Түркістан қаласындағы
Қожа Ахмет Иасауи мавзолейі, Созақ ауданындағы Ысқақ баб, Отырар жеріндегі
Арыстанбаб күмбездері, Сайрамдағы Ибрахим ата, Қарашаш ана, мавзолейлері
қазірге дейін сақталған. Бұл мәдени архитектуралық мұраларды халықаралық
мәдени және танымдық саяхат бағдарламасына қосу қазіргі таңдағы Егеменді
Қазақстан туризмнің шешімін күткен мәселелердің бірі.
Қазығұрт ауданында Мәдени мұра атты мемлекеттік бағдарламаға
қосылған, Тұрбат ауылында орналасқан Ысқақ ата және ХІ ғасырдың
архитектуралық ескерткіші Ысмайыл ата мовзалейі бар. Осы ескерткіштерді
реставрациялауға 2004 ж 8 млн теңге, 2005 ж 7 млн, ал 2006ж 10млн теңге
қаржы бөлінген.
Шаян ауданында орналасқан, күйдірілген кірпіштен шаршы жобада
салынған Аппақ-Иман күмбезі бар. Табанының ауданы 6,7*6,6 м, ішкі көлемі
3,5*3,5 м, биіктігі 6 м. Қабырғаларының ішкі жағынан әлемнің 4 жағына
бағытталған тайыздау қуыс жасалған.Құрылысты күмбезбен жапқан. Аппақ Иман
күмбезі пішіні жағынан Қазақстанның оңтүстігіне тән діни құрылыстарға
жатады. Күмбездің ішінде 2 сағана бар. Оның бірі Шаяан ауданындағы мешіт-
медресені салдырған Аппақ Имамдікі, екінші осы Аппақ Имам күмбезін салған
шебердікі.
Ордабасы ауданының Жусанбай бөлімшесінде Аққойлы тарихи сәулет
ескерткіші бар. Ол ХІХ ғасырдың басында, шамамен 1803 жылы Мамырайым
басшылығымен салынған. Ескерткіш биік беткейге салынған. Етекте бұлақ суы
сылдырап ағып жатыр. Негізінен ғимарат күйген кірпіштен қаланған.
Ғимараттың жалпы ұзындығы - 34, ені – 14,биіктігі 20 метр, тоғыз күмбезден
тұрады. Кіші күмбедерінің жалпы саны-13. Оның диаметрі-5, биіктігі-3 метр.

Оңтүстік Қазақстан облысындағы туризм дамуының перспективасы
және оның шешу жолдары.

Оңтүстік Қазақстанның туристік бизнесінің дамуына үлкен перспективасы
бар. Ол туралы Шымкент қаласында 2006 жылы 24 мамыр айында өткен инфотурдың
мүшелері айтады. Бұл инфотур Оңтүстік Қазақстанның әсем де көрікті жерлерін
де өтті. Екі күнге созылған бұл семинар Ақсу Жабағылы қорығында жалғасын
тапты. Бұл инфотурдың мүшелеріне туристік сфераның мамандары, индустрия
және сауда Министерінің қызметкерлері, туризмнің дамуы бойынша мемлекеттік
Комитет мүшелері, Алматы қаласының, Алматы облысының, Оңтүстік
Қазақстанның, Қызылорданың және Жамбыл облысының акиматтары, халықаралық
ұйымдар мүшелері, бизнесмендер кіреді. Ұлы Жібек жолы бойынша өткен
танымдылық турда олар Сайрам, Отрар, Түркістан қалаларының орта ғасырлық
атақты ескерткіштер архитектурасын көрді. Сонымен қатар Өгем, Қарқасу,
Сайрамсудағы туристік обьектілерді көрді. Осындай обьектілер арқылы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының туристік индустриясының перспективті бағыттарын дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасы
Туризм дамуының қазiргi жай-күйiне талдау
Қазақстандағы, оның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысындағы туризмді дамыту жолдары
Қазақстан Республикасында туристік бизнесті ұйымдастыру
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ТУРИЗМ ДАМУЫНЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ
Туризмді дамытуға әр елдердің және Қазақстандағы туризм түрлерін дамытуға арналған перспективті бағдарламаларды талдау
Туризмді ұйымдастырудың экономикалық тетіктері
Экологиялық туризмнің жіктелімі
Қазақстан Республикасындағы экскурсиялық бизнес
Туристік қызметке сұраныс
Пәндер