ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА ТУРИСТІК-РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ РЕСУРСТАРЫНЫҢ ТАЛДАУЫ


Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе

1. ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА

ТУРИСТІК-РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ РЕСУРСТАРЫНЫҢ ТАЛДАУЫ

1. 1. Оңтүстік Қазақстан облысындағы туристік-рекреациялық ресурстар

1. 2. Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи туристік-рекреациялық

ресурстары

2. ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА ТУРИЗМДІ

ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ

2. 1. Оңтүстік Қазақстан облысында туризм саласының даму көрсеткіштері

2. 2. Оңтүстік Қазақстан облысында туризмді дамыту проблемалары

2. 3 Мәдени - танымдық туризм Оңтүстік Қазақстан облысындағы туризмді

дамытудың негізгі бағыты ретінде

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Жалпы туризм дегеніміз - ол адамдардың өздерінің тұрақты жерінен, демалу, емделу, сауығу, танымдық, тарихи-мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында басқа жерлерге уақытша баруы. Туризм қазіргі таңда әлемдік экономикада маңызды салалардың бірі болып отыр. Дүниежүзілік Туристік Ұйымның мағлұматы бойынша туризм әлемнің Жалпы Ұлттық Өнімнің оныншы бөлігін, халықаралық инвестицияның 11 астам пайызын, және әлемде өндірістің әрбір тоғызыншы орнын қамтамасыз етеді.

Қазіргі туризм индустриясы ірі жоғарғы табысты және динамикалы түрде дамып отырған халықаралық қызмет саудасының сегменті болып отыр. Туризмнен түскен табыс тұрақты түрде мұнайды экспорттау, мұнай өнімдері және автокөлік табысынан кейін 3-ші орында тұр. Ол экономикалық құбылыс ретінде индустриалды нышанға айналып, ұлттық экономиканың даму катализаторы болып табылады. Президент Н. Назарбаевтың 1998 жылы 27 ақпандағы "Жібек жолы" тарихи-орталықгардың жаңғырту, түркі тілдес мемлекеттерді мәдени мұрасын сақтау мен өркендету, туризмнің инфрақұрылымын құру. Қазақстан Республикасы мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы жарлыққа қол қоюы айтылудың бір айғағы.

Мұражайларға қызығушылықтың артуы мен туризмнің иен-қүлаш жайып өркендеуінің арасында өзіндік шарты мен өзара байланысы бар. Мұражайландырылған ескерткіштер туристік материалдар базасы болып туристік-саяхатқа қатысушылар қатарын көбейтуге ықпал етеді. Тарихи-мәдени ескерткіштерге байланысты көптеген туристік бағыттар пайда болды. Солардың ішінде ең белгілісі "Ұлы Жібек жолы" бағыты, оған көптеген мұражайлар, ескерткіштер, орта ғасырдың сәулет өнері Түркістанмен Шымкент кіреді. Оңтүстік Қазақстан өлкесінің өткені қызықгы, әрі бай. Оған куә көптеген тарих, археология, монументальды өнер, архитектура ескерткіштері.

Зерттеу жұмысының мақсаттары: Оңтүстік Қазақстан облысының туристік мүмкіндіктерін, туристік объектілерін, туризмнің қазіргі жағдайын талдау, мәдени-танымдық туризмді дамыту жолдарын айқындау.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

- Оңтүстік Қазақстан облысында туристік-рекреациялық ресурстарын талдау;

- Оңтүстік Қазақстан облысында туристік жобаларды зерттеу.

- мәдени-танымдық туризмді Оңтүстік Қазақстан облысында дамыту мүмкіндіктерін зерттеу.

1 ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА ТУРИСТІК-РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ РЕСУРСТАРЫНЫҢ ТАЛДАУЫ

1. 1 Оңтүстік Қазақстан облысындағы туристік-рекреациялық ресурстар

Талас Алатауының таулы және орта таулы ландшафтары, Қаржантау, Қаратау, және Қазығұрт жоталары, Сырдария, Арыс, Келес, Бадам және Боралдай өзендерінің керемет аңғарлары, құнарлы орманды топырақтары және тамаша ауа-райы ертеден белсенді және тұрақты түрде адамдардың Оңтүстік Қазақстан облысында қоныстауына себепші болды.

Оңтүстік Қазақстан облысы еліміздің ең ірі және де әдемі өлкесінің бірі болып қала береді. Облыс өзінің өте бай мәдени мұрасымен, тамаша жылы ауа-райымен, көркем табиғи пейзаждарымен ерекшеленеді. Табиғи жағдайы жағынан Оңтүстік Қазақстан облысы республикамыздың басқа облыстарымен салыстырғанда өзінің әр түрлілігімен ерекшеленеді және көрші Орта Азия елдерімен Ортақ табиғи ұқсастықтарға ие. Мұнда Орта Ази сияқты кең шөлді жерлер мен дымқыл таулы және тау беткейлі жерлер бар. Оңтүстік Қазақстан облысының экономикасында субальптік және альптік көгалдармен жамылған биік таулар үлкен рөл атқарады, ол жерлерден көптеген өзендер бастамасын алса, тау беткейлерінде құнарлы қоңыр топыраққа ие үлкен орманды жерлер бар. Бұл жерде егістіктің негізгі бөлігінде жергілікті халық шоғырланған және мұнда барлық көлік жолдары өтеді. Тар тау жолдары - ең көп меңгерілген және экономикалық қарым қатынаста үлкен рөл атқарады.

Оңтүстік Қазақстан облысы - республикамыздағы мақта, қантты қызылша, күріш сияқты құнды техникалық және дәнді-дақылдарды өндіретін ең басты аудан. Облыс сонымен қатар бақшалық және жүзімдік шруашылығын да дамытуда және мал мен ірі қараларды көбейтуден бірінші орында. Және Оңтүстік облыс - республикадағы ірі өндірістік аудан. Мұнда түрлі түсті металдар мен фосфориттерді, қорғасын және қорғасын-мырыш концентрантын, фосфор элементтерін, суперфосфаттар, әр түрлі өндірістік құрал-жабдықтарды станоктарды өндіреді. Республика бойынша облыс жеңіл және тамақ өндірісі бойынша бірінші орында тұр.

Аймақтық шекара негізінен жазық дала болып келген. Солтүстігінде құмды шөл Бетпакдала орналасқан. Оңтүстік жағында Шу өзені жағында Мойынқұм шөл даласы орналасқан. Оңтүстік-батыс жағында - Қызылқұм және Шардара жазығы, Мырзашөл бар. Орталық бөлігінде - Қаратау жотасы (Бессаз тауы, 2176 м), Оңтүстік-шығысында Талас Алатауы, Қаржантау, Өгем жотасы (Сайрам тауы, 4238 м) .

Ауа-райы континеналды, қысы жылы, жазы қапырық, және ұзақ. Қыста орташа температура солтүстік жағында -12 градус С, оңтүстігінде -2, -4 градус С, шілде айларында +26, +29 градус С.

Ең ірі өзен Сырдария (жалпы ұзындығы 2219 шақырым) Құркелес (98 шақырым), Келес (241 шақырым), Арыс (378 шақырым), Бөген (164 шақырым) тармақтарымен және т. б. өзендер кездеседі.

Облыс орталығы Шымкент қаласында орналасқан. Қалада 2010 ж 1 қаңтарда 513, 2 халық тұрған немесе барлық облыстың 23, 9% құрды. Шымкенттен Астанаға дейін арақашықтық - 1458 қашықтық.

Облыс бойынша 12 шаруашылық аудан, 8 кішкене қалалар, 13 ауылдар, 932 ауыл-аймақ бар. Қала халқының саны 827, 7 мың адам (38, 5%), ауылда - 1322, 8 мың адам (61, 5%) .

Облыста: 1027 жалпы білім беретін мектеп, 31 колледж және 19 жоғарғы оқу орны жұмыс істейді.

Облыста: 154 аурухана мекемелері, онда 6, 2 мың дәрігер қызмет етеді.

2009 жылғы бидай өндірісі 497, 4 мың тонна өндірілген: оның ішінде 418, 3 тонна көкөніс, 137, 7 мың тонна картоп, 59, 7 мың тонна ет, 438, 2 мың тонна сүт т. б. өнімдер өндірілген.

Инвестиция құрлымы келесі бағытта тартылған: үй құрлысы - 7, 0%, тұрмыстық үйлер емес ғимараттар және мекемелер - 49, 1%, жабдықтар, бұйымдар мен саймандар - 43, 7%, және т. б. - 0, 2% / 23, 133 б. /.

Оңтүстік Қазақстан облысы шекарасында Тянь-Шаньның шығыс салаларының таулы тізбектері созылған. Олар өздерінің биіктіктерімен ғана емес, сонымен қатар оңтүстік жағындағы көп архитектуралық-археологиялық ескерткіштерімен де қызықтырады. Облыс біз білетіндей, еліміздегі тарихи-мәдени ресурсқа бай жердің бірі. Оңтүстік Қазақстан облысы ЮНЕСКО-ның қайта өркендету бағдарламасына енген Ұлы Жібек жолының мемориалдық трассасында орналасқан. Облыс шекарасында 837 - археологиялық ескерткіштер, 155 - құрылыс және архитектуралар, 5 - тарихи, 7 - монументалдық қол өнерлер анықталып есепке алынған.

Кейінгі қола және ерте темір дәуірлері қөптеген археологиялық ескерткіштердің санын сипаттайды. Олар және андронов мәдениетінің жерқойма іргетастары, Созақ ауданындағы Таутары қабірі, Қазақстан сақ патшаларының қорғандары, Ордабасы ауданындағы Қарауылтөбе, Майтөбе қорғандары және де көптеген номад қорғандары жатады. Әсіресе Оңтүстік Қазақстан облысы аймағында ұлы Ғұндар мемлекеттерінің құрылу уақыты жүзден аса ескерткіштер, шағын қалалар, қорғандарды қалдырды. Ғұн мемлекеті Оңтүстік Қазақстан облысын арыс мәдениетімен байланыстырады. Арыс мәдениетінің ескерткіштеріне қазба жұмыстары кезінде, мәдени-тарихи маңыздылығы бойынша үлкен ақпараттар алынған.

Облыс біздің мемлекеттің қалалық мәдениетінің бесігі болып есептеледі. Нақ осы жерде қазақ тарихындағы ең маңызды қалалар орналасқан. Олардың аттары түрік, парсы және араб тарих жазу беттерінде кездеседі, ал ең атақтылары әлемдік тарихта кездеседі.

Оңтүстік Қазақстан облысында туризмді дамыту мақсатында жүзеге асыру үшін, қажетті бірегей туристік рекрацеалык ресурстар бар. Бұл халықаралық стандартқа сай туристік қызмет өндірісі бойынша өзіміздің дамыған туристік индустриямызды қалыптастыруын қаматамасыз етеді

1. 2 Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи туристік-рекреациялық ресурстары

Аксу-Жабагылы - Қазақстанның ең көне қорығы. Ол - Орталық Азиядағы сирек кездесетін, тек осы аймақтарға ғана тән өсімдіктер мен жануарлардың отаны ретінде ЮНЕСКО-ның бақылауында. Бұл жерден тау қойы мен ешкілерін, маралдарды, еліктерді, сілеусіндер мен қар қабыландарын, қасқырлар мен түлкілерді, аюлар мен тағыландарды, ақкүмістерді таба аласыз. Осы жерлерді сарышұнақтарды да көруге болады.

Құстар әлемі өте бай. Жоғары аспанда мұртты грифтер, грифондар мен алтын қырандар қалықтайды. Тасты жартастардың арасынан тау кекіліктерінің ұяларын, қар арасынан тылсым қар әтештерін кездестіресіз. Жапырақты орман көлеңкесінде от жалыны тәріздес шыбын ұстағыш қараңдайды.

Қорық ландшафтысы көркем және тылсым. Жазықтар мен алаңқайлар биік шыңды тауларға алмасып, жартасты шатқалдармен қиылысады. Өзендері терең шатқалдарға құйылып, ақырған сарқырамаларды құрайды. Түпсіз көгілдір мұздай тау көлдерінде аспан айнадай шағылысады.
Теңіз деңгейінен 3000м биіктікте орналасқан қол жеткізбес ұңғымаларда тастарға ойылып түсірілген көптеген бейнелерден тұратын «сурет галереясын» табуға болады. Оларда үй және жабайы жануарлар, ежелгі адамдардың аң аулауы бейнеленген. Ақсу-жабағылының сазды топырағынан палеонтологтар тасқа айналған өсімдіктер, жәндіктер, балықтар мен кесірткелердің іздерін тапқан. Биосфера қорығы дәрежесін алған ең алғашқы қорық теңіз деңгейінен 1000-нан 4, 280 м биіктікте Тянь-Шань тауларында орналасқан. Негізгі биік аймақтары өзінің таңқаларлық бейнелерімен жартылай шөлейттер ылғалды жазықтармен алмасып аршалы ормандарына өтеді. Ылғалды даладағы бай жазықтар аршалармен астасып жатқан жіңішке бұталардың өсуіне қолайлы жағдай туғызған. Көздің жауын алатын қатаң қарлы шыңдардың бөктерінде түрлі түсті альпі гүлдері жайқалып өскен.

Біздің аумақтың ең тамаша шатқалдарының бірі - Сайрам-су . 2350 м биіктікте мұздан жасалған көл. Оның қазаншұңқыры гитара тәріздес болып табылады. Көлдің төменгі жағында түсі ашық жасыл және өте салқын болып келеді. Көлдің түсі нақ екі түрге бөлінуі, яғни ашық көкшіл және ашық жасыл болуы өте қызықты. Кез-келген ауа-райында көлдің түсі өзгеріссіз екі түрлі.

Сондықтан осы туралы аңызда бар. Ерте заманда биік тау бөктерінде адамдар тұрыпты. Осы тайпаның басшысының қызы кішкентай кезінен басқа елдің ханына атастырылады екен. Уақыт өте келе қыз өсіп, бойжете және әдемі, батыл болып өседі екен. Күндердің күнінде бойжеткен сол тайпадағы қойшы жігітке ғашық болып қалады. Екі жас әке - шешелерінен ырзашылығын сұрамақшы болады. Бірақ қыздың әкесі қатты ашуланады. әкесі қыздан міндетін орындап, ханның жары болуын сұрайды. - Бұл мүмкін емес деп қыз шешім қабылдайды. Түннің бір уақытында жігіт пен бойжеткен өз ауылдарынан қашып кетеді. Қыздың әжесі өз батасын беріп, ашық жасыл жүзік және жылан жүздес білезік сыйға тартады. Сыйлықпен тек қиын жағдайда қолдансын деп бұйырады. Ұзаққа қашып үлгермеген балардың артынан әкесі қуып жетуге сәл қалғанда, қыз ашық-жасыл жүзігін шешіп лақтырған кезде көл пайда болады. Бойжеткен мен жігіт тағыда алыстап қашады, бірақ әкесі тағыда жетіп алады, сонда қашп құтыла алмайтыны білген екі жас шешім қабылдап шексіз дүниеде бірге боламыз деп сө беріп, қыз жылан тәрізді білезігін алдына лақтырады. Мұнда 8 тәріздес, яғни шексіз символы, көл пайда болады. Міне осыдан екі түсті көл пайда болған. Шатқал бойынан, тасты жырақтардан, тау бұлақтарының жанды күшін алып Біркөлік өзені ағып жатыр. Оның таза мөлдір салқын суы шатқалдың жасыл алқабын суландырып, ауаны аэроиондап, салқын жел алып келеді. Таудың ауқымды жасыл желегі барбарис, шиповник, өрік, алма ағаштары, жергілікті саябақтағы қылқанды жапырақты ағаштардың ауаға бактеростатикалық әсер етіп, фитонцидтермен тазартады.

Сарыағаш - Шымкенттен 110 шақырым қашықтықта орналасқан. Ол 1939 жылы Сарыағаш ауданында қалыптасып, қазіргі уақытта өзінің миенралдық емдік суы бар курорттық зонасымен шетелге танымал болып отыр.

Сарыағаш ауданында 64 терминалды су құбырлары бар. Термоминералды су қорлары ауданның экономикасына үлкен әсер етіп, оның экономикалық өсуіне мықты базалық құрылымды қалыптастырады.

Осы жоғарыда айтылып кеткен туристік обькетілер Оңтүстік Қазақстан облысындағы ең маңызды тарихи-мәдени ескерткіштер болып табылады. Бұл Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан тарихи ескерткіштерді дұрыс және тиімді туризм саласында пайдалану облысқа туристерді тартуға мүмкіндік береді. Себебі жоғарыда көрсетіліп кеткен мәдени-тарихи ескерткіштердің қазақ тарихында және әлем тарихында әр қайсысының өзінің үлкен орны бар. Оның кейбіреулер тіпті әлемдік тарихта жоғары бағаланып, ЮНЕСКО-ның құрамына енген. Бұл дегеніміз елде, облыста ішкі және сыртқы туризмді дамытуға үлкен тірек болып отыр. Қазіргі таңда осы ескерткіштерді туризм бағытында республика және облыс бойынша көптеген тур фирмалар қолдану үстінде[17]

Ерте кезден-ақ Оңтүстік Қазақстан облыс территориясында көшпелі тайпалар және олардың қоғамдыстықтары орналасқан. Сырдария-қаратау алқаптарының және Орта Азия отырықшылық мәдениетінің әсерінен осы аймақтағы халықтың жарты бөлігі 20 ғасыр басына дейін көшіп-қону салтын және мәдени әдет- ғұрыптарын сақтап келді.

Қазақстанның Оңтүстік облысындағы мұсылмандық уақытындағы мұрасы өте маңызды. Мұсылман архитектураларының ішіндегі Сайрам ауылындағы мұсылман уағыздаушыларының кесенесі мен мұрасы Жұма-мешіті, Тұрбат ауылындағы Исмаил-ата және Ысқақ-ата кешені, Отырар қаласы маңындағы Арыстан баб, Фогелевка ауылындағы Беглербек керуен-сарайы, Күлтөбе қалашығы, IV-XII ғғ. жер асты салттық құрылыстары, Құлшық-ата, Шіллі-хан, Азрет-Сұлтан, Сұлтан бегім, Таукехан, Жәңгірхан, Абылайхан, Қазыбек би мұражайлары, қажылық іргетастары, ортағасыр моншалары, IV-XVIII ғғ. бекініс қабырғалары, мұнаралар, көпірлер, қақпалар, хандық көгалдар, Жуан-төбе қалашығы және Бөрі жары XVIII ғ. қорымы, Аққойлы аулындағы мешіттер, Ортағасырлық Баба-ата VII-XII ғғ. қамалы, "Қырық қыз" бекіністері XI-XIII ғғ. ең маңызды ескерткіштердің бірі болып есептеледі.

Ортағасырлық қала орталықтарының сақталуы, монументалдық ескерткіштердің бар болуы, архитектуралық-кеңістік және этномәдени ортаны сәтті регенерациялау мүмкіндігі және онда туризмнің инфрақұрлымын орналастыру Қазақстанның Оңтүстік облысын туристік және қажылық орталыққа айналдыруға мүмкіндік береді.

Ақсақ-Темір дәуіріндегі Ахмет-Яссауи мешіт іргетасы қазіргі уақытқа дейін қажылық обьектісі болып есептеледі. Осы ескерткіштердің және Түркістан қаласының ұйытқылары Қазақстанда аса ірі рухани орталықтарының тарихи ортасын қайта өркендетуге және елімізде тарихи-мәдени туризмнің дамуына мүмкіндік береді.

Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи мешітінің ескерткіштері мен архитектуралары адамдарды қазіргі уақытқа дейін таңқалдыруда. Ортағасырлық тарихшы Рузбехан Исфағани кесене туралы былай деген: " Ахмет Яссауи кесенесі бүкіл әлемдегі ең монументалды құрылыстың бірі. Оның архитектурасында адам өнерінің кереметілігі және таңқаларлығы меңгерілген. "

Ахмет Яссауи кесенесі - ерте заманнан қалған көне архитектуралық ескерткіш. Әуелі Қарахан дәуірінде XII ғ. тұрғызылып, оның қираған іргесіне XVI ғасырда аяқ шені (1396-1398 ж. ж. ) мен XVI ғ. басында Темірдің бұйрығымен жаңалап сәулетті күмбез көтеріле бастайды. Бірақ құрылысшылардың Самарқандағы Бибі ханым мешітін (1399-1404 ж. ж. ) салуға жіберілуіне байланысты кіреберісі мен сырт қабырғаларын көк таспен көмкеру жұмысы бітпей қалған. Бұл ескерткішке сәулет өнерінің бар мүмкіншілігі пайдаланылған. Исламға дейін үстемдік еткен салт-сана түрі мен ислам дінінің талаптары шебер бейнеленіп, жарасым тапқан. Күмбездің диаметрі 41 кез, айналасы 130 кез мөлшерінде.

Архитектуралық құрылысы композициясы жағынан аса күрделі туынды. Мұндай кешен Темір мен оның әулеті басқарған елдердің ешбірінде кездескен емес. Осы ескерткіш кешеніне кіретіндер: мешіт, ислам дінін үгіттеген атақты ақынның кесенесі, салтанатты сарайлар - Үлкен және Кіші Ақсарай, кітапхана, шаруашылық жайлары (құдық), халимхана (ас үй), қоймалар, ортадағы Қазандық. Орта Азия мен Қазақстанда теңдесі жоқ зәулім күмбезді бөлмелердің асқан шеберлікпен үйлестіріліп салынуы - ескерткіштің жеке-жеке мешіт не мавзолей ғана емес, біртұтас күрделі мемориалды кешен екенін танытады. Қазандық деп аталатын бөлме - ежелгі тайпалар өміріндегі қазанды қасиет тұту дәстүрін бейнелесе, мешіт - ислам идеологиясының негізгі символы, ал Үлкен және Кіші Ақсарай - мемл. мәселелерді шешетін ақсақалдар алқасы мен қазылық, билік айтатын орын, кітапхана - исламды уағыздау және діни ағарту орталығы.

Ахмет Иасауи кесенесінің ені 46, 5 м, ұз. 62, 5м. Осы құрылыстың бір өзіне әр қилы мақсатқа пайдаланатын 35 бөлме сыйып тұр. Олардың кіндік орталығы кеңейте салынған. Қазандық - осылардың бәріне өзек есепті (оның жобасының аум. 18, 2 х 18. 2 м, төбесі жалаң қабат күмбезбен көмкерілген, күмбездің диаметрі 30 кез. Осы бөлмеге 60 шелек су сыятын (диаметрі 2, 4м), салм. 2т үлкен қазан орнатылған. Жұма мен дүйсенбі сайын халимханада 2, 5 батпан бидай, 2 батпан ет пісірілетін (батпан - 7-12 пұтқа дейін) . Қазандық бөлмесіндегі бос орын, ас тамақ алыстан келген табынушыларға, софылар мен мүрдитерге, мүсәпірлерге, зікір салатын дәруіштерге үлестіріліп беріледі. Қазан суын қасиетті су деп табынатын адамдар торсықтарына құйып әкетеді. Гөрхана табаны төрт бұрышты, қабырғасының ұз. 7, 15 м-ден, үйдің ұзын тұрқына бойлата, негізгі есіктен кіргенде нақ салынған. Әр қабырғада төрт қуыс бар. Оның да төбесі күмбезбен көмкерілген. Күмбез биік иықтың үстінде. Күмбездің сыртқы қабаты көк таспен қапталған. Дәл орталықта Ахмет Иасауидың құлыптасы (3, 25 х 1, 2 х 2, 2 м) орнатылған. Ол ақшыл, жасыл түсті теңбіл яшмамен қапталған. Гөрхананың екі жағында оюмен өрнектелген екі есік бар: бірі - түстігінде, енді бірі - терістігінде. Терістік есігі бірден сыртқа шығады. Бұл есікпен Гөрханаға тек ақсүйектер ұрпағы ғана кірген. Ал оңтүстіктегі есік Қазандық пен Гөрхананы жалғастырады. Ол да зират етуге келген құрметті адамдарға арналған. Оның сыртында Гөрханаға апаратын батыс және шығыс есік деп аталған тағы екі есік болған. Шығыс есік арқылы Ақсарайдың Гөрханаға ұлықтар өтеді екен. Мешіттің табан тұрқы көп бұрышты, аласалау иықтан көтерілген қос қабат күмбезі, жарық беріп тұратын терезелері бар бөлме. Оған Қазандық арқылы өтеді. Бөлме онша көп емес, соған қарағанда, дәрежесі биік шағын топқа арналып, салтанат сарайына ұқсас салынса керек. Ақсарай (Үлкен Ақсарай, Кіші Ақсарай) - өзара жалғасқан екі қабат екі бөлме. Кеңес, билік, төрелік мәжілістерін өткізу үшін қызмет еткен. Түркістан қаласы қазақ хандарының астанасы болған кезде, Ақсарай 200 жылдан астам XVI-XVII ғ. хан сарайы қызметін атқарған. Кітапхана дәл Кіші Ақсарай тәрізді екінші қабатта, оған кітап қорын сақтайтын қойма да енеді. Құдықхана және Халимхана кешеннің есік жағында. Құдықхана 1723 ж. қалмақтар, 1864 ж. Орыс патшасының әскерлері қоршаған кезде мұнда бекінгендерді сумен қамтамасыз еткен. Соңғы қоршаудың кезінде кешен оқ астында қалған да, ескерткішке 11снаряд feefштақтың көк таспен әшекейленген сырт қаптауын қиратып кеткен.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қарағанды облысында туризм мен демалысты дамытудың табиғи алғышарттары
Қазақстандағы экологиялық туризмнің дамуы
Ақмола облысының туристік мүмкіндіктері
Қарағанды облысында туризм мен демалысты дамытуға әсер ететін табиғи және әлеуметтік-экономикалық жағдайлар мен факторлардың маңызын анықтау
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ
Ыстықкөл облысындағы туризм түрлерін дамыту мүмкіндіктерін бағалау
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ТУРИЗМІ
Қазақстанның туристік-рекреациялық ресурстары және олардың бағалау әдістері
Қостанай облысындағы рекреациялық ресурстардың қалыптасуына әсер етуші табиғи факторлар
Шығыс Қазақстан облысының ірі өзендері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz