ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ТУРИЗМДІ ИННОВАЦИЯЛАНДЫРУ



Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ТУРИЗМДІ ИННОВАЦИЯЛАНДЫРУ

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Жалпы туризм дегеніміз – ол адамдардың
өздерінің тұрақты жерінен, демалу, емделу, сауығу, танымдық, тарихи-мәдени
қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында басқа жерлерге уақытша баруы.
Қазіргі заманғы туризм, өте күрделі құбылыс, жан-жақты кешендік зерттеуді
талап етеді.
Туризмнің танымы әр түрлі; біріншіден экономиканың бір саласы;
екіншіден адам қоғамындағы сұраныс мәселелерінің құрылымы; үшіншіден өз
халқының тарихи ұрпағын, түбірін үйрену; төртіншіден сауықтыру
функцияларының анықтамасы.
Қазіргі таңда Қазақстан үлкен қызығушылықпен танымдылық туризмді
ұсынады. Шығыс елдері Ұлы Жібек Жолы мен түрік халқының қасиетті
кесенелерімен, көне ескерткіштерге қызығушылық туғызады. Оңтүстік Қазақстан
облысы қазіргі таңда туризм және зиярат ету аймағына айналды. Осы өңірдің
тарихы тек тарихшыларды ғана емес, тарихи түбірі болған барлық елдерді
толғандырады.Оңтүстік Қазақстан облысы-ашық аспан астындағы әлемдік даңққа
тұрақты кешен. Облыстың және облыс аумағындағы ескерткіштер мың жылдық
уақыт аралығын қамтиды. Бұл Орта Азияның сәулетшілік өнерінің ежелгі
тарихының жетілген жемісі, оның түбірі жердің тереңдігіне тең.
Мінекей,енді жаңа серпін алар кез келді десек те болады.Яғни салт
дәстүрді дәріптеп өзгеге танытатын, қазақ халқының бай мұрасын,салт
дәстүрін өзге елге таныстыратын, өзгені өзімізге тамсандыратын сәт келді.
Атап айтсақ,салт дәстүрмен тығыз байланыстағы тарихты таныстыратын танымдық
туризм мен емдік туризді ұштастырар кез келді.
Зерттеу жұмысының мақсаттары: Оңтүстік Қазақстан облысының туристік
мүмкіндіктерін, туристік объектілерін, туризмнің қазіргі жағдайын талдай
отырып мәдени-танымдық туризмге жаңа серпіліс тастау, жаңаша маршрут ұсыну.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- Оңтүстік Қазақстан облысында туристік-рекреациялық ресурстарын
талдау;
- Оңтүстік Қазақстан облысында туристік жобаларды зерттеу.
- Мәдени-танымдық туризмді Оңтүстік Қазақстан облысында
инновациаландыру мүмкіндіктерін зерттеу.

Мәдени туризм ең әйгілі және бұқаралы туризм түрі болып келеді. Әлемде
мәдени туризм бөлек бағытпен ерекшеленген және Қазақстанда жыл сайын үлкен
даму қарқынын алуда.Қазақстан – тарихи және мәдени мұраға бай мемлекет.
Еуразияның орталығында орналасқан, Қазақстан әлемнің көне өркениеті
торабында Батыс пен Шығысты, Оңтүстік пен Солтүстікті әлеуметтік және
экономикалық, мәдени және идеологиялық тұрғыда байланыстырған. Ежелгі қазақ
даласында Ұлы Жібек жолы өтетін. Әр түрлі тарихи кезеңдерде қазіргі
Қазақстан территориясында өзіндік мәдениетті мемлекеттер пайда болып
дамыған.Сол дәуірдің мұрасы ретінде көптеген тарихи және мәдени
ескерткіштер көпшіліктің назарын өздеріне аударуда..Ескерткіштердің саны
және әр түрлілігімен Қазақстан Индия, Қытай, Жерортатеңізі мен Таяу Шығыс
мемлекеттерінен қалыспайды және өзінше ашық аспандағы мұражай болып
келеді.Көптеген ескерткіштерді бүкіл әлемдік маңызы бар деп ЮНЕСКО
мойындаған.
Ұлы Жібек жолының тарихи орындары негізінде мәдени туризмді дамыту,
олардың мемлекет тарихындағы халықты біріктіретін құндылықтар ретіндегі
рөлін ашып көрсететін жүйелі іс-шаралар өткізу мемлекеттің негізгі
стратегиялық бағыттарының біріне айналуға тиіс. Бүгінгі күнге дейін біздің
мол рухани қазынамыз әлемдік қауымдастық назарына жеткілікті ұсынылмай
отыр, сол тұрғыда мәдени туризм де белсенді дамымай келеді.
Қазақстан территориясын әлемге Ұлы Жібек жолының негізгі тармағы
ретінде көрсету, соған орай нақты бағдарлар жүйесін құру қажет.
Әр қорық-мұражайға бөлек сипаттама беру мақсатында Ұлы Жібек жолының
магистральді учаскілеріндегі қорық-мұражайлардың дамуын анықтайтын Бас
жоспар құру жөнінде шаралар атқарылды.
Мәдени туризмді дамыту мақсатында барлық тарихи орындарды
мұражайландыру жүзеге асырылады. Әр мұражай халықтың басынан өткен күрделі
тағдырды танытып, Қазақстан тарихын кезең-кезең бойынша көрсететін болады.
Қорық-мұражайлар көшпелілер тұрмысын өз дәуірінің рухына сай көрсетуі тиіс.
Берел мен Есік қорғандары, Түркістан қаласы мен Отырар қалашығының
ескерткіштері, өзге де тарихи орындар туралы халықаралық талаптарға сай,
терең мазмұнды, жоғары сапалы деректі фильмдер жасалып, оларды Би-би-си,
Дискавери сияқты әйгілі әлемдік телеарналардан көрсету ұйымдастырылады.
Осындай жобалар, біріншіден, қазақ жерінің әлемдік деңгейде танылуына,
екіншіден – туристердің көбеюіне игі әсерін тигізеді.
Мәдени және тарихи ескерткіштер Қазақ жамағатының, менталитетінің
өзіндік ерекшіліктері бар. Ол Батыстағы Италия, Франция, Грекия емес,
Шығыстағы Үндістан, Қытай, Латын Америкасындағы Мексика емес. Олардағыдай
жер бетінде тұрған тарихи және мәдени ескерткіштеріміздің саны көп те емес.
Оның өзіндік себептері де бар. Біріншіден, көшпелі-отырықшылдық салты қат-
қабат өрілген тіршілік, екіншіден, азаттық пен тәуелсіздік үшін жүргізілген
толассыз соғыстар, үшіншіден, талай ғасырлар басқа елдің шылауында болу,
төртіншіден, өз жұртымыздың марғулығы. Олай болса, жас мемлекет қолда
барын, көшпелі-номадтардың тіршілік философиясынан, діни танымынан
жаратылған мәдени және тарихи мұраларымызды жарқырата көрсету ісіне, оларды
қалың шаңнан аршып алу міндетіне шұғыл кірісу қажет. Сонымен қатар
ғасырлардан ғасырларға кетер тарихи және мәдени ескерткіштерді қазіргі
ұрпақ осы бастан жасай бастуы керек. Кемеңгер Ахмет Байтұрсыновтың нақылына
құлақ түрсек, "біздің заманымыз - өткен заманның баласы, келер заманның
атасы".
Туризмді дамыту мақсатында, Оңтүстік Қазақстан облысындағы негізгі
тарихи жерлер бойынша туристік маршрут ұсынып отырмыз. Ұсынылып отырған
туристік маршрутымыз Қазақстанның Оңтүстік облысындағы туристерді
қызықтыратын тарихи орындар, оның ішінде Қожа Ахмет Яссауи; Арыстан баб
кесенелері, көне қала Отырар және тағы басқа туристік обьектілер қамтамасыз
етілген.
Жоба атауы - Керуен жолы деп аталады.Яғни екі аптаны қамтитын бұл
сапар ат пен түйе мінген 10 немесе 15 туристтен тұрады.Бұл сапар
туристтерді көне заманнын тынысы мен тыныстауға шақырады. Сапар өзіндік
ерекшелігі бар үш бөлімнен тұрады :
• бірінші бөлім; тарихи-мәдени жерледі ат түйе мініп аралау
• екінші бөлім; Түлкібас ауданында өтеді. Ертедегі ақсүйектер
ермегі болған саятшылық өнер- тазы жүгіртіп , бүркітпен аң аулау
• үшінші бөлім; емдік шипалы ыстық сулары мен тек қазақтың ұлттық
тағамдары берілетін ,қымыз қымыран мен емдейтін шипажайларға
тоқталамыз.
Бұл жобаны ұсынар кезде бізді алаңдатар жағдай бізде ресурстар бар бірақ
ол туристер тартуға жеткілікті ме деген сауал алаңдатты . Әрине
жеткіліксіз, бұл бір жартылай піскен жеміс секілді . Сол себепті бұл турды
ұйымдастыру үшін туристер қызығарлықтай жағлайлар жасалуы тиіс олардың
ішіндегі ең маңыздысы төменде көрсетілгендер:
• Ең бастысы инфрақұрылым. Яғни түйе мен ат керуендері жүре алатын қара
жолдың болуы.
• Ендігі кезек қазақ салт дәстүрін айқара ашып баяндап паш етіп тұратын
қазақи үлгідегі қонақ үй болып табылады. Күні бойы ат пен түйе мініп
шаршаған туристер үшін қазақы қонақжайлық артық етпейді;
• Әр қазақы келбеттегі қонақ үй жанынан қазақтың ұлттық ойын-сауығын
дәріптеп жеткізетін көңіл-көтеру орталықтарының болуы. Яғни ашық аспан
астында алтыбақан тебу немесе жұлдызды түнде ақсүйек ойнау , қыз
жігіттер арасында қыз қуу ойындары әр туристі таң тамаша етіп
қызықтырарына сөз жоқ.
• Оңтүстік аймақта ыстық сулардың көптеп кезігетіні бәріне мәлім.
Мәселен, Теке ауылындағы орналасқан көптеген ыстық қайнарлар, демалу
және емдеу бағдарламаларына бағытталған туризмнің өркендеуіне
қызығушылығын арттырады.Алайда оны халық игілігіне пайдалану ешкімнің
ойына келмегені өкінішті. Тағы бір маңызды құрылыс ыстық сумен, қымыз-
қымыранмен емдейтін шипажай салынуы болып табылады. Қазақы үлгідегі
шипажай өз бойына көне дәуірдегі емдеу шаралары мен қазіргі
технологияны қоса қамтыған болуы шарт. Бұл туристердің бір апталық
шаршағанын қалпына келтіретін бірден бір жер болып табылады.
Менің пайымдауымша, жабайы туризмге бет бұра бастаған батыстағы туристердің
ағылып келуі Ұлы Жібек жолы елдеріне сапар шегем деген туристер мен елімнің
салт-дәстүрін жетік білгім келеді деген өз қандастарымыз үшін де
таптырмайтын жоба болары хақ .
Бірінші маршруттық жолымыз Шымкент қаласы болып табылады. "Шымкент"
атауы 1425 жылы Шараф ад-дина Али Шаздидің "Зафар-Нама" шығармасында
кездеседі; ол жерде Шымкент атауы Сайрам жанындағы ауыл ретінде, 1366 ж.
Әмір-Темір шабуылымен байланыстырып суреттелген. Кездейсоқ табылған тастан
жасалған бұйымдар, бұл жерде адамдардың тас ғасыр дәуірінде - бірнеше он
мың жылдаған бұрын пайда болғанын көрсетіп отыр. Шымкенттен қаласынан
басталатын жорығымз керуен түрінде болады . Ол біріншіден сол заманнын
тынысымен демалуға, екіншіден күнделікті өмірден толықтай арылтады .
Содан соң ат,түйелі жолымыз Сайрамға (бұрынғы Испиджаб) қарай
бағытталады. Бұл жерде Қожа Ахмет Яссауидң ата-анасы - Ибрагим ата мен
Қарашаш ана кесенелеріне баруды қарастырып отырмыз. Сонымен қатар мұнда 4-6
ғғ. жерасты шіркеуін көруге болады. Сайрамнан кейін маршрутымыз Ордабасы
ауданына бағытталады, мұнда біз Алтынтөбе орнына тоқталып кете аламыз.
Алтынтөбе мекені 3-5 ғғ. сипатталған, ол Шымкент қаласының батыс жағына
қарай 15 шақырым жерде орналасқан, бастау тегі Ақбұлақ өзеніне шыққан. Бұл
кішкене төбе атақтылығы, ол жерде 3-5 ғғ. мекеннің болуымен байланысты.
Кішкене жүргеннен кейін - Ақбұлақ өзенінің жағасында түнеу, бұл жердің
бұрынғы атауы Панфилов болған, ертеректе бронесс Вревскийдің аты бойынша
Вревское деп аталған, ол 1877-1878 ж. аралығында орыс-түрік соғыс жылдары
өз ақшасына поездар арқылы қру-жарақ жіберіп, және өзі сонда рақымшылық
жолында жұмыс істеген. 1997 жылы ол жерге өзінің тарихи аты Ақбұлақ деген
атын қайтарды.
Осы ауылдың шет жағасында 10-12 ғғ. қарахан дәуіріндегі қорғалған мекен
бекінісі орналасқан. 2000 жылы бұл мекеннен археологтар жазу тапқан
болатын.
Келесі күні таңертең жолымыз Ордабасы жеріне барудан басталады. Бұл жер
қазақ тарихындағы үлкен оқиғамен байланысты. 1727-1728 жж. Жоңғар
шапқыншылығы уақытында Ұлы, Орта, Кіші жүз басқарушылары (Төле би, Айтеке
би, Қаздауысты Қазыбек би) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туризмді дамытудың шетелдік тәжірибесі
Түркістан облысында ішкі туризмнің бағыттары
Жамбыл облысында туризмді дамытудың басымдықтары
Туризм инновациясы
Қазақстандағы, оның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысындағы туризмді дамыту жолдары
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА ТУРИСТІК-РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ РЕСУРСТАРЫНЫҢ ТАЛДАУЫ
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ТУРИЗМ ДАМУЫНЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ
Қазақстандағы экологиялық туризмнің дамуы
Адамзат тарихында саяхаттау сауданы дамыту
Пәндер