Оңтүстік Қазақстандағы сауда-өнеркәсіп орталықтарының қалыптасу және даму тарихы
ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫНЫҢ
Тарих және тарихты оқыту әдістемесі кафедрасында орындалды
Қол жазба құқымен
ТАСТЕМІРОВА АЙГЕРІМ
МАГИСТРЛІК ЖҰМЫС
Тақырыбы: Оңтүстік Қазақстандағы сауда-өнеркәсіп орталықтарының
қалыптасу және даму тарихы
(1800-1914 жж. )
(Қазақстанның оңтүстік аймағы материалдары бойынша)
6М011400 – Тарих мамандығы
Ғылыми жетекшісі
т.ғ.к.,
Б. Сейдібаева
Тараз, 2012
МАЗМҰНЫ
Кіріспе 3
1 Қазақстанның оңтүстік аймағының саяси-экономикалық дамуы 12
1.1 Оңтүстік Қазақстанның саяси жағдайы 12
1.2 Өлкенің экономикалық дамуы 24
2 Өнеркәсіп орындарының қалыптасуы 32
2.1 Тау-кен өндірісінің дамуы 32
2.2 Өңдеуші өнеркәсіп орындарының қалыптасуы 41
3 Сауда саласының даму тарихы 52
3.1 Қазақ даласында сауда жүйесінің қалыптасуы 52
3.2 Жәрмеңке саудасы . Сауда үйлерінің қызметі 62
ҚОРЫТЫНДЫ 72
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 77
Қосымша А. 1904-1907 жылдардағы сауда және өнеркәсіптік кәсіпорындардың
ақша айналымдары және кірісі 81
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Егеменді ел болған алғашқы күндерімізден
бастап, бүгінгі күнге дейін Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті
Н.Назарбаев, тәуелсіздіктің тұғыры экономикада екенін айтып келеді.
Экономика - тәуелсіздіктің діңгегі, экономиканы дамытпай, ешқандай саяси-
әлеуметтік жетістікке жете алмаймыз, егеменді ел де бола алмаймыз. Осы
жағдайды тұңғыш Президентіміз терең түсініп, еліміздегі сан алуан
реформалардың ішінде бірінші басымдық осы экономика саласында деген түйінін
халыққа жария етті. Алдымен экономика, сосын саясат айдарымен алысты
көздеген Президенттің стратегиялық тұжырымдамасы дүниеге келді. Оны орындау
мақсатында тиянақты іс-шаралар жүзеге асырыла бастады. Осы мақсатпен
тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Президенттің заңдық күші бар 140-тан
астам Жарлығы жарияланды. Олар экономика саласында реформалардың елімізде
екпінді жүруіне негіз салды. Реформалардың заман талабына сәйкес
нормативтік-құқықтық базасын қалыптастырды. Нәтижесінде реформалардың
қарқыны жағынан бұрынғы Кеңес Одағында болған әріптестеріміздің алдына
шықтық. Қазақстан реформаларды табандылықпен жүргізіп жатқан ел екенін
шетел басшылары мен мамандары айта бастады.
Бұл жөнінде Елбасы Н. Назарбаевтың 2012 жылғы Қазақстан халқына
арналған Жолдауында Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – дамудың
басты бағыты екендігі екендігін нақты көрсетті [1].
Бүгінгі таңда отандық сауда-өнеркәсіптердің дамуына кең ауқымды
мемлекеттік қолдау көрсету, оның аясын кеңейту мен нығайту мәселелері жолға
қойылып отыр. Сондықтан, Қазақстанда сауда-өнеркәсіптің қалыптасуы мен
дамуы, оның аймақтық ерекшелігін тиянақты түрде зерттеу - заман талабынан
туындап отырған қажеттілік.
Қазақстанның оңтүстігі ерте дәуірлерден бері геосаяси, әлеуметтік-
экономикалық, этно-демографиялық және мәдени жағынан маңызды аймақ болып
табылады. Бұл өлкенің осындай артықшылықтарын қазіргі уақытта тиімді
пайдалануды қамтамасыз ету үшін, оның экономикалық тарихына, әсіресе, ХІХ
ғасырдың екінші жартысында қалыптаса бастаған жергілікті сауда-өнеркәсіпті
дамыту нәтижелеріне объективті баға беру қажет.
Егемендіктің 20 жылы ішінде бәсекеге қабілеттілік анықтайтын ең маңызды
көрсеткіштер бойынша әлем елдерінің орташа табысы бар елдер қатарына
қосылдық, ал кейбір көрсеткіштерден олардан да ілгері сатыға көтерілдік.
Тәуелсіздік жылдары қазақстанның ішкі жалпы өнімі 12 есе өсті, оның қазіргі
деңгейімен 180-нен астам әлем елдерінің бел ортасындамыз.
Осыған байланысты, бұл мәселенің зерттелуі өзекті болып табылады. Ол ең
алдымен, 1800-1914 жылдардағы Қазақстанның оңтүстік аймағындағы сауда-
өнеркәсіп тарихындағы жетістіктер мен кемшіліктердің объективті
бағалануына, сонымен қатар, жалпы Қазақстандағы сауда-өнеркәсіпті
дамытудағы әр аймақтың өзіндік орнын, ерекшелігі мен маңыздылығын
айқындауға мүмкіндік береді.
Зерттеу жұмысының негізгі нысаны. 1800-1914 жж. Қазақстанның оңтүстік
аймағындағы сауда-өнеркәсіптің қалыптасу және даму тарихы болып табылады.
Қазақстанның оңтүстік өлкесіндегі сауда-өнеркәсіптің қалыптасуының
алғышарттары мен оның дамуына тікелей ықпал еткен ішкі және сыртқы
факторлар, сауда-өнеркәсіптің түрлері мен оңтүстік өлкеге тән
ерекшеліктері, Қазақстан тарихының негізгі саласы ретінде зерттеу пәні
болып табылады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі мен деректік негізі.
Революцияға дейінгі еңбектерде Қазақстанның экономикалық даму
ерекшелігі әр түрлі аспектілер бойынша қарастырылды. ХІХ ғасырда
қалыптасқан тарихнаманы, жалпылама экономикалық мәліметтер беретін А.И.
Левшин [2], А.Н. Тетеревников [3], Е. Смирновтың [4] еңбектері құрайды. А.И
Левшин қазақ қоғамындағы экономикалық қатынастарға, ал А.Н. Тетеревников
қазақ даласындағы сауданың дамуына сипаттама жасады. Сырдария облысының
саяси, экономикалық дамуы Е. Смирновтың еңбегінде қамтылды. Оның зерттеуі
жалпы шолу сипатында қарастырылды.
Сол сияқты Гирс Ф [5], Анчиков [6], А.А. Кауфман [7] өз еңбектерін осы
аймақты зерттеуге арнады. Оңтүстік өлкенің отар аймаққа айналуы, патша
әкімшіл Анчиков өз зерттеуін Түркістан өлкесін отарлау тақырыбына арнады.
Аталған автордың еңбегі отарлық сипатта жазылғанына қарамастан, сол
кезеңдегі қазақ қоғамына капиталистік қатынастардың енуі, сауда-
өнеркәсіптің қалыптасу және даму тарихына қатысты құнды фактілік деректер
береді.
А.А. Кауфман [8] еңбегінде қазақ жерінің отар ретіндегі рөлі
қарастырылды. Онда патша әкімшілігінің отарлау саясаты үшін мейлінше
маңызды Түркістан аймағы мәселесі қозғалды.
Аталған авторлардың еңбектерінің отарлық сипатта жазылғанына қарамастан,
сол кезеңдегі қазақ жеріне капиталистік қатынастардың енуі, сауда-
өнеркәсіптің қалыптасу және даму тарихына дәлел бола алатын құнды фактілік
деректер береді.
Отар аймақтағы тұрпайы экономикалық қанауды тоқтатып, еркін
капиталистік дамуды ұсынған авторлар да кездесті. Солардың бірі - И.И.
Гейер [9]. 1909 жылы жарық көрген Туркестан деп аталатын кітабында, автор
Түркістан өлкесінің экономикалық даму деңгейінің төмендігі, өнеркәсіп
орындарының ұсақ сипатта дамуы және капиталдың енуінің нашарлығын атап
өтті. Сонымен қатар, аталған мәселелердің шешімін табу, несие жүйесін
дамыту мәселесін көтеріп, ұсыныстар жасады.
К.К. Паленнің [10; 11] Түркістан өлкесінде жүргізген тексерісі бойынша
жасаған есебінде Сырдария және Жетісу облыстары туралы өте құнды фактілік-
статистикалық мәліметтер берілген. Сонымен қатар, облыстарды отар ретінде
игерудің тиімділігі жөнінде айтылады. Еңбекте Түркістан-Сібір темір жолын
салудың маңызы, халыққа арзан несие беру, сауда байланыстарын күшейту, ұсақ
шаруашылықты нығайту тәрізді біршама маңызды мәселелерді қолға алу
қажеттілігін ұсынды.
А.И. Добросмысловтың [12] зерттеуінде Сырдария облысындағы қалалардың
экономикалық дамуы, алғашқы сауда өкілдері және олардың ұлттық құрамы,
сауда өкілдерідің табысы, ақша айналымы туралы мәліметтер келтірілген.
Сонымен бірге, Сырдария облысының Перовск [13], Қазалы [14], Түркістан
[15], Шымкент [16], Әулиеата [17] қалаларындағы сауда, өнеркәсіп және
халыққа қызмет көрсету салалары бойынша сауда-өнеркәсіптің қалыптасуы
қарастырылған.
Түркістан өлкесінің әлеуметтік-экономикалық дамуына толық дерлік шолу
жасаған В.И. Масальский [18], В.А. Васильев [19] еңбектері.
Оңтүстік Қазақстан экономикасының капиталистік белгілері туралы мәселе
В.И. Масальскийдің еңбегінде де орын алған. Оның еңбегінде мал шаруашылығы,
өнеркәсіп және сауда мәселелері қарастырылады. Ол капиталдың өнеркәсіпке
қарағанда саудаға көп жұмсалғанын айтады. Сонымен қоса банк, кредит
мәселелері қозғалып, оның өсімқорлық сипатта болғанын жазды. Темір жол
қатынасының өлкенің экономикалық дамуында жақсы әсер еткенін көрсетті. В.И.
Масальскийдің еңбегінің басты қорытындысы: өлке капиталистік даму жолына
түсті, енді оны дамытуға көмектесу қажет болатын.
В.А. Васильев өз еңбегінде Жетісу облысының ауыл шаруашылығы саласындағы
сауда-өнеркәсіптің қалыптасуы мен дамуы, оның ішінде ауыл шаруашылығы
өнімдерін өңдеу кәсіпорындарының пайда болуы, өнеркәсіп орындарының
техникалық жабдықталуы, ондағы жұмысшылардың жағдайы туралы зерттеулер
жүргізді. В.А. Васильев арақ-шарап кәсіпорындары туралы: Жетісу облысында
шарап монополиясы болған жоқ дегенмен, шарап өндірісі ірі капиталистік
сипатта болды [19; 183 б.] - деген пікір білдірді.
Ол сонымен қатар, облыстағы тау-кен ісі және металлургия туралы: бұл
байлық әлі жақсы зерттелмеген, ізденістер аймаққа орыстар келгелі бері
жүргізілуде, бірақ тұтас сараптама жасалатын өнеркәсіптік барлау
жүргізілген жоқ, сондықтан, Жетісудағы тау-кен ісі туралы айтуға әлі ерте
[19; 198 б.] - деп жазды.
Сауда өнеркәсіп орындарының дамуы және оларға қатысты ережелер С.А
Просьбин [20], В.В. Заорская және К.А. Александердің [21] зерттеулері
арналады. В.В. Заорская және К.А. Александердің еңбегінде Түркістан
өлкесіндегі өнеркәсіп орындары, олардың капитал айналымы, өндіріс көлемі,
жұмысшылардың саны мен жағдайы, өнеркәсіптік салықтан түсетін мемлекеттік
кіріс мәселелері қарастырылған.
Қарастырылып отырған кезеңдегі Қазақстанның экономикалық жағдайы ХХ
ғасырдың басындағы ұлттық интеллигенция өкілдерінің еңбектерінде талданды.
Олардың ішінде С. Асфендияров [22], Ә. Бөкейханов [23] және М.
Тынышпаевтардың [24] еңбектерінің маңызы зор.
С. Асфендияров ресейлік капитализмнің қазақ қоғамының дамуына үлкен
әсер еткендігін жаза келе, оның қазақ даласына ену жолдары мен түрлерін
айқындау қажеттілігін атап көрсетті және сауда капиталының енуі туралы
мәселеге көп көңіл бөлді. Ол өзінің еңбегінің Капитализмнің далаға енуі.
Қазақтың халық шаруашылығының жағдайы және одан әрі дамуы тарауында
ресейлік капитализмнің қазақ қоғамының дамуына үлкен әсер еткені сөзсіз -
дей отырып, оның қазақ даласына ену жолдары мен түрлерін айқындау
қажеттігін көрсетеді және оның ішінде ең алдымен сауда капиталының енуі
туралы мәселеге баса назар аударады. Сауда капиталының енуі жайында
мәселеге ерекше тоқтала отырып, революцияға дейінгі қазақ қоғамы тарихында
сауда және өсімқорлық капиталының зор рөл атқарғанын атап көрсетті. Ал
орыстық жаулап алудан кейін жергілікті сауда капиталы мен ресейлік сауда
капиталының арасында бәсекелестік басталды.
Жергілікті отаршыл үкімет басшылары орыс саудагерлеріне барынша қолдау
көрсетіп, қорғаштап отырды деп көрсетті. Соның ішінде баса көрсеткені
Қазақстанның оңтүстігінде сауда капиталы мақта мен мал өнімдеріне толық
монополия орнатты дейді, әрі мақта сатып алумен, жерді арендаға берумен
айналысқан Мір-Камил, Темірбекті және мал кәсіпшілігімен айналысқан Жетісу
мен Құлжа базарларының қожалары Тақтабай мен Алмасбековтерді сауда
капиталының өкілдері ретінде атайды.
Кеңестік дәуірдің зерттеушілері патша өкіметінің саясатындағы оңтүстік
аймақтың орны мен патшалық отарлау ерекшелігі, жүргізілген әкімшілік
реформалар нәтижесі, қазақ қоғамының саяси-экономикалық дамуы, қоныстандыру
нәтижелері жөнінде құнды еңбектер жазды.
Мысалы, С.З. Зиманов [25], Ц.Л. Фридман [26; 27] Б. Сүлейменов [28],
П.Г. Галузо [29; 30], Э.Д. Дильмухамедов [31] еңбектерінің маңызы жоғары.
Ц.Л. Фридман революцияға дейінгі кезеңдегі Қазақстаның банк, несие
жүйелерінің пайда болуы мен даму процестеріне талдау жасап, Қазақстан
экономикасындағы шетел капиталының үлесін зерттеді. Оның негізгі зерттеу
нысанына түсті металл, көмір, мұнай өнеркәсіптері алынды.
Түркістан өлкесінің саяси, экономикалық және әлеуметтік жағдайының
өзгеруін, өнеркәсіп дамуының отарлық сипатын алғашқылардың бірі болып П.Г.
Галузо зерттеді. Ол өзінің еңбектерінде шаруашылық түрлерінің дамуын қамти
отыра, өлкедегі мақта шаруашылығының өркендеуі және мұндағы сауда
өкілдерідің еңбегіне ерекше талдау жасады.
П. Галузоның еңбегінде патшалық Ресейдің Қазақстанда жүргізген отарлау
саясаты; отарлағаннан кейінгі өлкенің саяси, экономикалық және әлеуметтік
жағдайының өзгеруі, даму ерекшелігі; Қазақстандағы ұлттық құрамның патша
әкімшілігінің шаруаларды қоныстандыруы салдарынан өзгеру мәселелері
зерттелді.
Осы кезеңдегі Қазақстанның этникалық, саяси, әлеуметтік-экономикалық
тарихын зерттеуге, Э. Герасимов [32] және Т.К. Литвиновтар [33] үлес қосты.
Революцияға дейінгі Қазақстандағы сауда мәселесінің түрі және сипаты
мәселесін Т.К. Литвинов зерттеді. Ол ірі саудагерлер санының ХІХ ғасырдың
екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында өсе түскенін және олардың банктерден
кредит, вексель алып, капиталистік қатынастарға кеңірек араласа бастағанын
сипаттайды.
Қазақтың сауда буржуазиясының қалыптаса бастауымен қатар бай қазақтардың
шаруашылығы бірте-бірте өзінің натуралдық сипатынан айырылып, сауда
айналымына тығыз тартылып, рынокпен тығыз байланыста бола бастағанын
дәлелдейді.
Ұлттық капиталдың сауда, негізінен өсімқорлық капитал түрінде қалыптасып
үлгергендігі, бірақ өнеркәсіптік капитал дәрежесіне жете алмағандығы,
ұлттық буржуазияның қалыптасу процесінің кешігуі, баяулығы, экономикалық
әлсіздігі, орыс және ортаазиялық сауда буржуазияларының күшті бәсекелестігі
туралы айтты.
Ол қазақтардың сауда буржуазиясының қалыптасу мәселесін Қазақстанда сауда
капиталының қалыптасу процесімен байланыстырып, қарастыра отырып арнайы
зерттеген алғашқы зерттеушілердің бірі. Бұл аталған сауда капиталының
өкілдері қазақтың сауда буржуазиясының үш – ұсақ, орташа және ірі топтары
болып бөлінді деген пікір білдірді.
Осы уақытта деректер мен материалдардың жинақтары жарық көрді. Түркістан
аймағындағы әкімшілік бөліну, жаңа жерлер үшін қабылданған мемлекеттік
салық жүйесі жөнінде құнды дерек көзі болып табылатын еңбек 1960 жылы
жарыққа шықты. Бұл жинақта М.Г. Масаевичтің [34] құрастыруымен Түркістан
өлкесінде 1867 ж., 1886 ж., 1891 жылдары жүргізілген реформалардың
материалдары берілген.
Қазақстанда ауыл шаруашылығына капиталистік қатынастардың ену мәселесін
С.А. Сүндетов [35] зерттеді.
Г.К. Кронгардтың мақаласында қарастырып отырған кезеңдегі Оңтүстік
Қазақстан тұрғындарының саны және құрамына талдау жүргізді [36].
ХІХ ғасырдың 70-80-ші жылдары Кеңестік тарихнамада сауда-өнеркәсіп
тарихына жеке зерттеу арналған жоқ. Дегенмен, капиталистік қатынастарды
зерттеу барысында мәселенің жекелеген салалары қарастырылды. Олардың ішінен
С.Е. Толыбеков [37], Н.В. Алексеенко [38], В.Я. Лаверычев [39], Т.Ж.
Шойынбаев [40], Н.Е. Бекмаханова [41; 42] Л.Е. Шепелев [43], М.У. Шәлекенов
[44] талдау жасалды.
Байлардың пайда болуымен олардың жаңа әлеуметтік түр алуы, яғни
буржуазиялануы туралы мәселе терең зерттеуді қажет еткен мәселелердің бірі
болды. Толыбеков қазақ халқының әлеуметтік құрылысы туралы: байлар жаңа
әлеуметтік топ емес, олар монғол шапқыншылығына дейін-ақ өмір сүрді деген
пікір білдірді. С.Е. Толыбековтің еңбегі Қазақстанның әлеуметтік-
экономикалық құрылымын зерттеу де маңызды шығармалардың бірі.
Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы өлкедегі этнодемографиялық
жағдай М.Х. Асылбековтың [45] еңбектерінде жақсы бейнеленді.
Ж.К. Қасымбаев [46] Қазақстанның Орталық Азия және Қытаймен сауда қарым-
қатынастары мәселелеріне арналды.
Қазіргі кезеңдегі қазақстандық зерттеушілердің еңбектері сауда-өнеркәсіп
тарихын зерттеуде маңызды орын алады.
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі жаңа даму кезеңіне аяқ басуы,
нарықтық экономикаға өтуі сауда-өнеркәсіптің тарихына деген қызығушылықты
арттыра түсті.
Ж.Б. Әбілхожин еңбегінде капиталистік кезеңге дейінгі уақыттағы жеке
сауда-өнеркәсіп бағыттарының мәселелеріне терең теориялық-методологиялық
зерттеу жүргізілген [47].
Ж.Б. Әбілхожин еңбегінде капиталистік кезеңге дейінгі құрылыстағы жеке
сауда-өнеркәсіп тенденцияларының мәселелеріне терең теориялық-
методологиялық зерттеу жүргізілген. Зерттеуші жалдамалы еңбек пайдалану
категориясына сараптама жасап, өндірістегі қосымша құнға негізделген сауда-
өнеркәсіп шаруашылық бай шаруашылығы өзінің экономикалық мақсатында
тұтынуды иеленушілер қатарында болды, ал ондағы өзге біреудің еңбегін
пайдалану қосымша құн әкелген жоқ деген шешім шығарды.
Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі, тіршілік ету кәсіптері, қолөнер
кәсіпшілігінің халыққа қызметі туралы құнды деректер С. Мадуановтың
еңбегінде берілген [48] .
Оңтүстік Қазақстан өлкесіндегі өнеркәсіп мен сауданың дамуы С.Н. Наумов
[49] кандидаттық диссертациясында кең қарастырылған.
Қазақстан тарихының тарихнамасында қоғамның әлеуметтік-экономикалық
құрылымын сараптау мақсатында тарихнамалық зерттеулер жүргізілді. Олардың
ішінде Т. Төлебаевтің [50] тарихнамалық еңбектері маңызды болып табылады.
М.Ф. Пузиков және С.Е. Мамытова [51] өздерінің ғылыми мақаласында қазақ
даласындағы ХІХ-ХХ ғасыр тоғысындағы сауда-өнеркәсіптің даму мүмкіндігі
және ауыл шаруашылығының қандай салаларында сауда-өнеркәсіптің қалыптасу
процесі жүргендігін экономикалық ой тұрғысынан қарастырды.
Сонымен бірге, оңтүстік аймақтың саяси-тарихи жағдайы мен сауда
қатынастарының дамуы, өлкенің Орта азия елдерімен саяси-экономикалық
байланыстары жөнінде А.Абдуалы [52], З. Абдирасилова [53] және
Б.Сейдібаеваның [54] ғылыми мақалалары жарық көрген.
Сонымен, қарастырылып отырған кезеңдегі Қазақстанның оңтүстік
өлкесіндегі сауда-өнеркәсіптің қалыптасу және даму тарихы осы уақытқа дейін
арнайы түрде талдауға түспеген мәселе болып табылады.
Олай болса, 1800-1914 жж. Оңтүстік Қазақстандағы сауда-өнеркәсіптің
қалыптасу және даму тарихын өңірлік ерекшелік тұрғысынан жан-жақты зерттеу
отандық тарих үшін маңызды болып табылады.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері.
Магистрлік жұмыстың негізгі мақсаты – 1800-1914 жылдар аралығындағы
Қазақстанның оңтүстік аймағындағы сауда-өнеркәсіптің қалыптасу және даму
тарихын жан-жақты зерттеу.
Алға қойылған мақсатқа жетуде мынадай нақты міндеттерді шешу көзделді:
- Қазақстанның оңтүстік аймағындағы сауда-өнеркәсіптің қалыптасуының
саяси және экономикалық алғышарттарын көрсету;
- өнеркәсіп саласынның қалыптасып, дамуын қарастыру. Тау-кен және
өңдеуші өнеркәсіп орындарының дамуын зерттеу;
- қазақ даласындағы сауда саласының даму деңгейіне талдау жасау;
- Алғашқы сауда сипаты, жәрмеңке саудасының түрлері, сауда үйлерінің
қызметінің дамуын сараптау.
Зерттеу жұмысының деректік негізі. Магистрлік жұмыстың дерек көзін
бірнеше топқа бөліп қарастыруға болады.
Сауда-өнеркәсіп тарихын зерттеуде төмендегі іс-қағаз сипатындағы
құжаттардың маңызы зор. Оларда оңтүстік аймақтағы сауда-өнеркәсіптің даму
барысы жайлы құнды ақпараттар сақталған:
- Ф. Гирстің 1888 жылғы есебінде көрсетілген жылдағы Түркістан өлкесінің
экономикалық дамуының жетістіктері мен кемшіліктері туралы мәлімденеді;
- Жер және мемлекеттік мүлік министрілігінің Ғылыми комитетінің мүшесі
А.А. Кауфманның 1903 жылдың жазындағы іс-сапар нәтижесінің есебінде
өлкедегі орыс отарлау шараларының барысы және Ресей империясы үшін
Түркістанның отары ретіндегі маңызды аймақ екендігі жан-жақты талқыланған;
- 1908-1909 жылдардағы сенатор гофмейстер, граф К.К. Паленнің Түркістан
өлкесін тексеру нәтижелерінің есебінде аймақтағы сауда, өнеркәсіп
орталықтарының дамуы, олардың ресейлік сұранысты қамтамасыз ету
мүмкіншілігі қарастырылып, жергілікті экономиканың дамуының сандық
көрсеткіштерін береді. Сонымен қатар, деректер статистикалық және
анықтамалық басылымдардан тұрады. Облыстық шолулар мен деректердің соңғы
тобын мерзімдік баспасөз материалдары құрайды. Қазақстанның оңтүстігіндегі
сауда-өнеркәсіптің даму деңгейін ашып көрсетуде, қарастырылып отырған
жылдардың басылымдарында жарияланған мақалалардың орны бөлек. Атап
айтқанда, Айқап, Қазақ және Туркестанские ведомости сияқты газет-
журналдарда қазақ қоғамына еніп келе жатқан капиталистік қатынастар,
шаруашылықтың жаңа түрлерін меңгеру, сауда-өнеркәсіпті дамытуға байланысты,
сол уақытта өмір сүрген адамдардың келтірген жекелеген мәліметтері,
сипаттамалары құнды болып табылады.
Зерттеу жұмысының теориялық және методологиялық негізі. Тарихи дамудың
өтпелі экономикалық кезеңдеріндегі сауда-өнеркәсіптің даму ерекшеліктері
мен тарихына арнап ғылыми зерттеулер жазған ғалымдардың А.И. Добросмыслов,
В.А. Васильев, В.В. Заорская және К.А. Александер, П.Г. Галузолардың
пікірлері пайдаланылды. Жоғарыда аталған тарихшылардың, экономистердің
тұжырымдамалары мен идеялары, ізденістері сауда-өнеркәсіп тарихын зерттеуде
тиісті әдістерді таңдауға, қолдануға жәрдемдесті.
1800-1914 жылдардағы Қазақстанның оңтүстігіндегі сауда-өнеркәсіптің
қалыптасу және даму тарихын қарастыруда, ұлттық интеллигенция өкілдерінің
Ә. Бөкейханов, М. Тынышпаев және С. Асфендияровтардың сол кезеңдегі
Қазақстанның экономикалық дамуына байланысты көзқарастары пайдаланылды.
Сонымен бірге, Қазақстандағы сауда-өнеркәсіптің даму тарихына жаңаша баға
беруге ұмтылыс жасаған отандық ғалымдардың Т.Ә. Төлебаев, Қ.Ж. Әбілов, Д.
Жақыпбекова, Ф. Сұлтановалардың еңбектерінде айтылған ой-пікірлері мен
ұсыныстары ескерілді.
Магистрлік зерттеуде тарихилық және объективтілік принциптері
пайдаланылды. Объективтілік принципінің басты талабы – тарихи құбылыстар
мен процестерді барлық қайшылықтары, күрделіліктерімен жан-жақты қарастыру.
Сонымен қатар, барлық деректерге кең түрде шолу жасай отырып, өзара
байланысы бар деректерді кешенді түрде талдау. Объективтілік принципінің
негізінде, Қазақстанның оңтүстігіндегі сауда-өнеркәсіптің қалыптасуы мен
дамуындағы әлеуметтік-саяси құбылыстарды да ескеру қажеттілігі туындайды.
Аталған принциптің талаптары, тарихи зерттеулердегі тұжырымдамалар мен әр
түрлі деректердегі ақпараттардың шындыққа сәйкестілігін анықтауға мүмкіндік
береді. Тарихилық принципі, белгілі бір құбылыстар мен процестердің дамуын,
өзгеруін, сонымен бірге олардың өзара байланысы мен әсерін жан-жақты
зерттеу міндетін алға қояды. Ол да, нақты тарихи мәселелерді шешуде,
деректерге мүмкіндігінше толық талдау жасауды талап етеді. Сондықтан,
зерттеуде Қазақстанның оңтүстігіндегі сауда-өнеркәсіптің қалыптасуы мен
дамуының әр түрлі аспектілерін бейнелейтін деректер қоры жүйелілік
тұрғысынан пайдаланылды.
Тақырыпты зерттеу барысында логикалық, құрылымдық, жүйелілік,
хронологиялық, сандық, салыстырмалы-тарихи әдістер қолданылды.
Зерттеу жұмысының мерзімдік және аумақтық шегі. 1800-1914 жылдарды
қамтиды. Тақырыптың территориялық шекарасы Қазақстанның оңтүстік және
оңтүстік-шығыс аймағын қамтиды, яғни, революцияға дейінгі кезеңде елдің
саяси және экономикалық орталығы ретінде үлкен маңыз атқарған Сырдария және
Жетісу облыстары қарастырылған.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Қарастырылып отырған кезеңдегі
Қазақстанның оңтүстік аймағындағы табиғи, экономикалық, этникалық және
басқа да ерекшеліктер ескеріле отырып, жергілікті сауда-өнеркәсіптің
қалыптасу және даму тарихына кешенді түрде талдау жүргізілді. Зерттеу
жұмысының нәтижесінде Қазақстандағы сауда-өнеркәсіптің қалыптасу мен
дамуының оңтүстік аймаққа тән сипаты анықталды. Сонымен бірге:
- бұрын жарияланбаған көптеген маңызды деректер ғылыми айналымға
енгізілді;
- Қазақстанның Сырдария және Жетісу өңірлеріндегі сауда-өнеркәсіптің
қалыптасуы және олардың жергілікті экономиканың әр түрлі салаларындағы
даму арақатынасы алғаш рет салыстырмалы түрде қарастырылды.
Зерттеу жұмысының ғылыми-танымдық және ғылыми-қолданыстық маңызы
нарықтық қатынастарды игеру барысында өткен тарихи тәжірибелерді ескеруге
мүмкіндік беретіндігінде. Магистрлік жұмыстың материалдары мен тұжырымдары
жоғары және орта арнайы оқу орындарында семинар сабақтарын жүргізуге және
студенттің өзіндік жұмысын орындауға пайдаланылуы мүмкін.
Зерттеу жұмысының сыннан өтуі. Зерттеу жұмысының негізгі мазмұны мен
нәтижелері Кеңестік тарихнамадағы кәсіпкерлік мәселесі (ХІХ ғ. соңы – ХХғ.)
тақырыбында Жас Ғалым халықаралық ғылыми-тәжірбиелік конференция Тараз,
2011. –9-13 бб.) жарық көрді.
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:
- Қазақстанның оңтүстік аймағындағы сауда-өнеркәсіп, Ресейдің
капиталистік қатынастарының енуі негізінде, отарлық сипатта
қалыптасты;
- жергілікті өнеркәсіп кең түрде дами алмады. Оған пайдалы қазбаларды
игерудің мардымсыздығы, өндіріс капиталы мен біліктіліктің жетіспеуі
себеп болды. Сондықтан, бұл салаға акционерлік сипаттағы шет елдік
іскерлердің кәсіпкерлігі тән болды;
- оңтүстік өлкеде басқа сауда-өнеркәсіп түрлеріне қарағанда, неғұрлым
жоғары пайданы қамтамасыз ететін - сауда белсенді дамыды. Өлкенің
қолайлы табиғаты, аймақ территориясының географиялық жағынан қолайлы
орналасуы, халықтың тығыздығы сауданың дамуына жағдай туғызды.
Дегенмен, Ресей мен Орта Азияның сауда капиталы жоғары маңызға ие
болып, ал ішкі нарық көбінесе ауыл шаруашылық өнімдерімен ғана
шектелді.
Диссертацияның құрылымы. Диссертация терминдік сөздердің
түсініктемесінен, қысқартулардан, кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан,
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
1. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК АЙМАҒЫНЫҢ САЯСИ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ
1.1 Оңтүстік Қазақстанның саяси жағдайы
Қазақстанда ХІХ ғ. екінші жартысындағы тарихи және саяси оқиғалар
маңызды орын алады. Бұл кезде Қазақстанның, оның ішінде Жетісу мен Сырдария
өлкелерінің Ресей империясының құрамына енуі аяқталды. Ресейде капиталистік
қатынастардың дамуы, елдің экономикалық сұранысын қамтамасыз ету мақсатында
отарлау шараларының күшейуін туындатты. Осы орайда, Орталық Азия
мемлекеттеріне деген қызығушылық артып, оның ішінде Қазақстанның оңтүстік
өлкесінің Ресей үшін маңызы жоғарылады.
1800-1914 жылдар аралығындағы сауданың қалыптасу тарихына талдау жасау
үшін, осы кезеңіндегі қазақ жерінде қалыптасқан тарихи-саяси алғышарттарды
қарастырған жөн. Алғашқы уақытта Ресей үшін өлкенің стратегиялық маңызды
аймақта орналасуы маңызды рөл ойнады. Қазақ жері Қытай, Орта Азия
хандықтары және Үндістанға жету жолында орналасты. Бұл Бірінші Петрден
бастап саяси қызығушылық туғызған басты мәселе болатын [1; 219 б.].
Еуразия континентіндегі ұлан-ғайыр территориялардың Ресей империясының
құрамына кіруі оның сыртқы саясатына өзгеріс енгізді. Кіші және Орта жүз
қазақтарының ресейлік отарлау аумағына айналуы, орыс және ортаазиялық елдер
арасындағы қарым-қатынастардың дамуының жаңа кезеңін ашты. Бұл империяның
шығыс саясатының жаңа бағыт алуымен сипатталады. Стратегиялық маңызды орын
иеленетін Қазақстанның оңтүстік өлкесі, орыс-хиуа қарым-қатынасында маңызды
рөл алды. Ұлы Петрдің қырғыз-қайсақ ордасы барлық Азия елдеріне кілт пен
қақпа деген пікірі іс-жүзінде жүзеге асты [2; 10 б.].
Осылайша Ресейдің жаулап алушылық саясатының ұмтылысы нақты
стратегиялық, саяси, сауда-экономикалық себептермен түсіндіріледі.
Қарастырылып отырған кезеңде патша үкіметінің Орта Азиядағы нарықтық
қатынастарды қолға алу мүмкіншілігінің туындауы, Ресейдің сыртқы және ішкі
даму деңгейінің артуына әкелді. Осы мақсатта және мемлекет шекарасының
тыныштығын қамтамасыз ету үшін патша үкіметі шапшаң әскери қимылдар
жүргізді.
Ресей империясы мен Хиуа хандығының саяси-әлеуметтік, сауда-экономикалық
және мәдени қарым-қатынастарының дамуында Қазақстанның оңтүстік өлкесі
маңызды орын иеленді. Осы кезеңде Ресейдің отарлық саясаты мен Хиуалық
билеушілердің жаулаушылық саясаты әсерінен Оңтүстік Қазақстанның әлеуметтік-
саяси, экономикалық-шаруашылық жағдайы нашарлап қалды [3; 62-139 бб.].
Қазақ жері екі жақты саяси және әскери қысымның арасында қалды.
Нәтижесінде оңтүстік өлке Ресейге бағынышты отар аймаққа айнала бастады.
Ресейдің сыртқы саясатындағы оңтүстік аймақтың маңыздылығы жөнінде
тарихшы ғалым М. Қойгелдиев: Ресей үкіметі Жетісу жерін жедел қарқынмен
отарлауға кіріскенде, негізінен, екі стратегиялық мақсатты көздеді. Ол,
біріншіден, Жетісу жерін Қоқан әскерлерінен тазартып, оның орнына басқа да
бекіністер мен гарнизондар құру арқылы Ресейдің солтүстік шығысындағы
шекарасын анықтап, Қытай экспансиясына шектеу қою еді. Екіншіден, үкімет
орындары 40 жылдардың ортасында Жетісу халқының К. Қасымов қозғалысына
көрсеткен үлкен қолдауына және басқа ресейлік экспедицияға қарсы
наразылықты ескере отырып, мұнда терең тамыр жайып, орыс үстемдігін
қамтамасыз ету болды [4; 29-30 бб.] деп жазды.
Ресейдің Қазақстанның оңтүстігін жаулап алу жөніндегі экспансиялық
мақсаттары екі жолмен: біріншіден, қазақ даласына бірқатар әскери-барлау
және жазалау экпедицияларын ұйымдастыру; екіншіден, дала арқылы өтетін
стратегиялық жағынан тиімді бекіністер шебін салу арқылы жүзеге асырылды
[5; 126 б.].
ХІХ ғасырдың 40-50 жылдыры Ресей әскерінің оңтүстік өлкедегі әскери
қимылдарының арқасында Каспий теңізінің шығыс жағалауы мен Сырдарияның
төменгі ағысы маңында әскери бекіністер пайда болды. Біз қарастырып отырған
Сырдария аймағының стратегиялық маңыздылығын дәлелдей түсетін мәліметтер
жеткілікті. Мысалы, А. Абдуалиев өзінің ғылыми мақаласында полковник
Черняевтің: Егер Ресей Оралда бекініп Орынбор шебін құрмаса, онда Сыр
өлкесіне әскери де, саяси да, әкімшілікпен де, сауда қатынасымен де жете
алмаған болар еді [6; 80 б.] - деген пікірін келтірді.
Ресей отар аймақта арзан шикізатқа қол жеткізіп, тауар өткізетін жаңа
рынокты иелік ету, сауда монополиясын құру мақсатында Орта Азия
территориясында саяси көшбасшылыққа ұмтылды. ІІ Александр көздеген саясатты
жүзеге асыру мақсатында 1863 жылдың 20 желтоқсан айында 1864 жылдан бастап,
шекараны Әулиеата, Шымкент арқылы Арысқа жылжытып, Орынбор және Сібір
шекаралық шептерін қосуды қолға алуды бұйырды [7; 731 б.].
Осы кезеңнен бастап патшалық Ресейдің ортаазиялық хандықтарға кең
көлемді басқыншылығы басталды. Патша әскерінің бірінші соққысы Қоқан
хандығына тиді. ХІХ ғ. 60 жж. Ресей әскері Қоқан хандығына тәуелді болып
отырған оңтүстіктегі ірі экономикалық аймақтар – Түркістан, Әулиеата,
Шымкент, Ташкент, Пішпек, Тоқмақ, Ұзынағаш тәрізді ең маңызды жерлерін
иеленді. Қазақстанның оңтүстігін басып алуды патшалық Ресей екі жақтан
–Сырдария желісі бойымен Перовск қамалынан және Верный бекінісінен бастады.
1853 жылы генерал Перовский Ақмешітті (қәзіргі Қызылорда) алды. Іле
Алатауында 1854 жылы Верный бекінісін салу нәтижесінде, Сырдария және
Новосібір жаңа шекаралық шептері пайда болды. 1864 жылы көктемде полковник
Черняевтің басшылығымен Ресей әскерлері Қазақстанның оңтүстігіне қайта
шабуыл жасай бастады. Осы жылы 4- маусымда Әулиеата, 12- шілдеде Түркістан
алынды. Алғашқы жеңістерден кейін Черняев Шымкентті жаулап алуға кірісті.
Қала тұрғындары басқыншылармен аянбай шайқасты, мұндай қарсылық күтпеген
орыс әскері кері шегінуге мәжбүр болды. Бұдан соң Черняев Шымкентке
шабуылды екі қанаттан бастады: Түркістаннан Черняевтің әскері, ал
Әулиеатадан полковник Лерх әскері шықты. 1864 жылы 22 қыркүйекте Шымкент
алынды. Әулиеатадағы Қоқан бекінісі алынған соң, Жаңақоқан шебі құрылды [8;
368-380 бб.].
Сонымен, 1864-1865 жылдары патшалық Ресейдің жүргізген бірқатар әскери-
саяси қимылдарының нәтижесінде, Қазақстанның оңтүстігі және Жетісу өлкесі
Ресей империясының құрамына еніп, бұл аймақ үлкен отарлық иелікке айналды.
ХІХ ғасырдың 60-шы жылдарында Ресей империясы реформалау процесін қолға
алып, күшейтті. Ол жаңа отарланған аймақтардағы әкімшілікті басқару, жер
қатынастары, сот, білім және салық саясаты тәрізді маңызды салаларды
қамтыды. Нәтижесінде патша әкімшілігі өлкеде өзінің саяси және экономикалық
ұстанымын нығайтып, біртұтас басқару жүйесін бекітті. Ресей мемлекетінің
саяси-әкімшілік жүйесі қазақ жерінде империяның мақсат-мүддесіне сәйкес
қызмет атқара бастады. Отар аймақтар аумақтық-әкімшіліктерге бөлініп,
оларға жаңа басқару жүйесі енгізілді. Патшалық үкімет өзінің ортаазиялық
иеліктерінде басқаруды ұйымдастыруды жаулап алудың алғашқы кезеңінде-ақ
қолға алған болатын. 1865 жылы 2 наурызда басқарушы Сенат Орынбор генерал-
губернаторлығы құрамынан Түркістан облысын құру туралы үкім берді. Ол
Арал теңізінен Ыстықкөлге дейінгі аумақты, ортаазиялық иеліктердегі барлық
шекаралық аймақтарды қамтыды [9]. Жаулап алынған жерлерде жүргізілген жаңа
әкімшілік құрылыс барысында 1865 жылы 12 ақпанда 2 жыл өмір сүрген
Түркістан облысы құрылды. Оның бірінші басшысы болып генерал-адъютант К.П.
Кауфман бекітілді. Жаңа облыс Орынбор генерал-губернаторлығына қарады. 1865
жылы 6 тамызда императордың жарлығымен әскери округ құрылып, облыс
басқармасы әскери ведмоствоға берілді [10; 21 п.].
1865 жылы ІІ Александрдың тапсырмасымен жергілікті халықтың тұрмыс-
тіршілігімен танысып, жағдайды анықтау мақсатында өлкеге Далалық комиссия
аттандырылды [11; 24 п.]. Далалық комиссия аймақты заңды түрде бекіту
мақсатында Жетісу және Сырдария облыстарын басқару туралы ереженің
жобасын жасады. Жоба бойынша, Министрлер Комитеті Жетісу және Сырдария
облыстары негізінде Түркістан генерал-губернаторлығын құруды ұсынды [12; 17
п. ].
1867 жылы 11 шілдеде ІІ Александр Түркістан генерал-губернаторлығын құру
және Уақытша ережені басқаруға енгізу туралы жарлыққа қол қойды жаңа
генерал-губернаторлық: Қазалы, Перовск, Түркістан, Шымкент, Аулиеата,
Ташкент, Ходжент, Джюзақ уездерінен құрылған Сырдария облысы және
Сергиополь, Қапал, Верный, Ыстық-көл және Тоқмақ уездерін қамтитын Жетісу
облыстарынан тұрды. Сырдария облысының облыстық басқармасы – Ташкент
қаласында, Жетісу облысының облыстық басқармасы Верный қаласында орналасты
[13; 21 п.].
Түркістан генерал-губернаторлығының құрылуы, патшалық Ресейдің
Қазақстанда жүргізген отарлық саясатының аяқталуы еді. Бұл аймақтардың
әкімшілік-территориялық басшылығы 1886 ж., 1891 жылдардағы бірқатар
реформалар нәтижесінде өзгерді. 1886 жылғы Түркістан өлкесін басқару
жөніндегі ереже бойынша Түркістан өлкесі Сырдария, Ферғана және Самарқан
облыстарынан тұрды. Сырдария облысы: Ташкент, Әулиеата, Қазалы, Перовск,
Шымкент уездері және Амудария бөлімінен тұрды [14; 6 п.]. (Ферғана және
Самарқан облыстары біздің қарастыру аймағымызға кірмейді. – З.А.)
1891 жылы 25 наурыздағы Ақмола, Семипалатинск, Жетісу, Орал және Торғай
облыстарын басқару жөніндегі ережеге сәйкес, біз қарастырып отырған екі
облыстың бірі: Жетісу облысы Верный, Қапал, Лепсі, Пржевальск, Пішпек
Жаркент уездерімен Дала генерал губернаторлығына енді [13; 387 п.].
Аз уақыт ішінде Түркістан өлкесін мықты ұйымдастырылған әкімшілік-
бюрократиялық жүйе басқара бастады. Бұл реформалар қазақ жерін отар ретінде
заң жүзінде біржолата бекітті. Аймақтағы билік жүйесі және басқару аппараты
отарлық сипат алды. Облыстардағы әскери–халықтық Бас басқармасы қызметін
генерал–губернатор атқарды.
Ресейдің сыртқы саясатының бір қыры қазақ жерін отарлау арқылы шикізат
көзі ретінде пайдаланып, өнеркәсіп өнімдерін өткізетін нарық көзіне
айналдыру екені түсінікті болатын. Ресейден қазақ жеріне фабрика-зауыттық
өнімдер әкелінді, ал Қазақстаннан мал және мал өнімдері тасылды.
Қазақстанның отар аймаққа айналуы қоғамның әлеуметтік-экономикалық және
саяси дамуына түбірлі өзгерістер әкелді. Осы кезеңдегі тарихи жағдай және
жүргізілген саяси реформалар барысында, өлкедегі Сауданың дамуына оң ықпал
еткен факторлар қалыптасты. Ресей империясы тонаушылық саясат ұстанғанмен,
жүргізген реформалары және қабылдаған заңдары отаршыл сипатына қарамастан
қазақ қоғамының өмір салтына жаңа серпілістер алып келді. Біртоға тұйық
шаруашылық өмір кешіп отырған халық сыртқы саяси және экономикалық
күштердің әсерімен жаңа ізденістер арнасына түсті. Нәтижесінде қазақ
даласында Сауданың қалыптасуына тарихи-саяси жағдай туындап, сауда дамыды.
Тарихи талдау барысында көптеген ғалымдар Сауданың қалыптасып, дамуына
1800-1914 жылдар аралығы жақсы мүмкіндік берді деген пікір білдіреді. Осы
кезеңде сауда еркін сипатта дамыды. Оның алғашқы қадамы шаруалардың
басыбайлылық құқығының жойылуы негізінде, қазақ жеріне қоныс аударудың
күшейуі еді [16-27б].
Патша үіметі жаулап алынған жерлерде саяси тұрақтылыққа қол жеткізу
мақсатында орыстарды қоныстандыру саясатын ұстанды. Жаңа қосылған шет
аймақтарды қарқынды отарлау мақсатында патша әкімшілігі алғашында казак
әскерлерін, кейіннен қара шаруаны қоныс аудару әрекеттерін жүргізді. Қоныс
аудару саясаты негізінде сауда тарихында жаңа кезеңге жол ашылды. Сауда
өкілдері қатарының артуына осы бағытта жүргізілген реформалар әсер етті.
ХІХ ғасырдың ортасында патша үкіметі басыбайлылық құқықтың қоғамдық
дамуға нұсқан келтіретінін түсініп, шаруа мәселесін шешудің жаңа жолдарын
қарастыра бастады. Бұл басыбайлылық құқының жойылуымен ұштасты. 1800 жылғы
реформа елдің экономикалық өміріне түбегейлі әсер етіп, Сауданың
қалыптасуына тікелей жағдай туғызды. Басыбайлылықтан босаған шаруалардың
табыс табу мүмкіндігі күшейді, тұтас алғанда реформа Ресейде капитализмнің
дамуына жағдай жасады. Осыдан кейін сауда өкілдерідің қатары шаруалардан
шыққан іскер адамдармен толықты. Еркіндік алған шаруалардың жеке саудатерге
жұмысқа жалдануы немесе өзінің жеке ісін ұйымдастыруы, сауда тарихында жаңа
кезең болып табылды.
Қоныс аударушылардың есебінен қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымының
жіксіздігі күрделене түсті. Еліміздің экономикалық дамуында жаңа әлеуметтік
топтардың рөлі көріне бастады. Алғашқы қоныс аударушылар Ресейдің әскери-
стратегиялық саясатын жүзеге асырушы казак әскерлері болатын. Ресей
империясы жаулаушылық шабуылдарын аяқтап, бекіністер салып алған соң, енді
жерсіз қалған қарапайым шаруаларды қоныс аудару арқылы Ресейдегі жер
қатынасы мәселесін шешудің оңай жолын тапты. Түркістан өлкесінің генерал-
губернаторы Кауфман және Жетісу өлкесінің әскери губернаторы Колпаковский
өлкені казак отарлауына қарағанда қоныс аударушы шаруалармен отарлау орыс
патшалығы үшін әлдеқайда пайдалы деген ұстанымға келді [15; 203 б.]. Казак
жасақтары жергілікті тұрғындардан жерді күштеп тартып алу үшін, олардың
қарсылығын тұншықтыру үшін, шекара қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қызмет
етті. Өлкені отарлау аяқталғаннан кейін казак әскерлеріне қарағанда
шаруалар тиімді бола бастады. Ресейдің ішкі аудандарындағы кедей және орта
шаруаларды көшіріп, олардың жер үшін күресін тоқтатуды көздеді. Бұл мәселе
жөнінде П.Г. Галузо: патша үкіметі өз үстемдігіне мықты тірек қылу
мақсатында Орта Азияға орыс шаруаларын қоныстандырды деп хабарлады [16; 3
б.].
Үкімет жергілікті халықтың ежелден пайдаланып келе жатқан жерлерін
күшпен тартып алып, оларды қоныстанушыларға бөліп берді. Қоныс аудару
басқармасының мұндай әділетсіз әрекеттері жергілікті халықтың ашу–ызасын
туғызды. Жер қоры бейбіт түрде емес, жергілікті халықтардың жер жөніндегі
құқықтарын бұзу жолымен, күштеп, зорлап тартып алу арқылы жүзеге асты.
Қазақ даласында жер мәселесі шиеленісе түсті. Мысалы: 1908 жылы Әулиеата
уездерінің қазақтары Түркістан генерал-губернаторына жолдаған шағымында
қоныс аударушылар үшін шабындық, егістік жерлерді және су көздерін
алғаннан кейін... біз мал шаруашылығын қысқартып, отырықшылыққа көштік. Ал,
енді қалған егістік жерлер мен суларды іріктеп алудың нәтижесінде біздер
өлуіміз керек. Сондықтан, қоныс аударушы чиновниктердің өз беттерімен
озбырлық жасауларын тексеру үшін комиссия тағайындасаңыз. Мұндай
жағдайларда олар, артық жерлерді табады және бізден барлық пайдалануға
жарайтын жерлерді алып қояды. Халықтың мұндай шағымдарын үкімет орындары
елемеді, қайта жергілікті халықтарды езудің әскери-феодалдық әдістерін
күшейте түсті. Ал, қазақтарға берген жауабында Столыпин оларға хабарлауға
рахым етіңіз. Қоныс аударушы партиялардың жұмыстарына жасаған қарсылық
әрекеттері әскер күшімен басылады деп өздерін қорқытты [17; 13 б.]. Бұл
жағдай патша үкіметі саясатының отаршыл-жауыз, өз мақсаттарына жету жолында
ешнәрседен тайынбайтынын дәлелдей түседі. Орыс әкімшілігі тіпті қазақтарды
Америка үндістері ұқсап қаңғып кетпегені үшін бізге рахмет айтсын
дегендей саяси көзқарас ұстанды. Мысалы, 1907 жылы Петерборда қазақ халқын
жерге орналастыру мәселесі төңірегінде болған жиында, егіншілік
департаментінің директоры Крюков өзінің баяндамасында Америкалықтар
үндістерді туған жерлерінен шөл-шөлейтті жерге қуып, қандай саясат
жүргізсе, біз қазақтарға сондай саясат ұстануымыз керек - деген болатын
[18; 66 б.].
Сонымен, патша үкіметі Ресейдің ішкі аумақтарындағы шаруаларды шет
аймақтарға қоныстандыру арқылы екі мақсат көздеді. Біріншіден, шаруаларды
империяның шеткі аймақтарына қоныс аудару арқылы орталықтағы революциялық
қозғалысты бәсеңдету болса, екіншіден, шеткі аймақтарға орыс шаруаларын
қоныстандыру нәтижесінде жергілікті жерде соларға сүйене отырып, өз
биліктерін нығайту болды.
Сауданың жандануына әсер еткен негізгі факторлардың бірі осы – қоныс
аудару қозғалысының күшейуі еді. Қазақстанда капиталистік қатынастардың
қалыптасуы қоныс аударумен тікелей байланысты жүрді. Сауданың дамуына қоныс
аударушылардың арасындағы техникалық білімі мен тәжірибесі бар мамандар да
себеп болды. Олар елдің аграрлы-шикізаттық экономикасына маманданды.
Қоныстандыру саясаты жергілікті халықтың санына, ұлттық құрамына,
шаруашылығына, көшпелілердің отырықшылануына әсерін тигізді. ХХ ғасырдың
басында Ресей, Украина, Белоруссиядан келген қоныс аударушылардың әсерінен
өлкенің ұлттық құрамы көп ұлттық болып өзгерді.
1917 жылы Қазақстан мен Қырғызстан территориясындағы орыс тұрғындарының
саны 1439.1 мың адамға жетті. Аймақтағы украиндердің саны 1897-1917 жылдар
аралығында 93 мыңнан 790 мың адамға өсті [19; 35 б.].
Қоныс аудару үрдісінің экономикалық жетістігі, тарихи кемшіліктермен
қатар жүрді. Қазақстан әлемдік нарыққа тартылды, сауда қалыптасты,
отырықшылану процесі жүрді, бірақ қазақтар жерінен айрылып, отар елге
айналды. Бұл кезеңнің өзіндік ерекшелігін статс кеңесші Н.А.Крючковтің мына
сөздері нақтылай түседі: ...жерді иеленуді шешудің нағыз дұрыс жолы – АҚШ
пен Жаңа Зеландиядағыдай жер мәселесін шешу болып табылады. Бізге көшпелі
өмір салтын жоятын кез келді... Шыңғыс хан мен Темірланның кезеңінен өттік.
Өзіміздің орыстарға, орыс бақташыларына, егіншілеріне жер іздеуіміз керек,
көшпелі тұрмысты тоқтату қажет. Көшпенділерге мәңгілікке арнайы шекара
белгілеп, бұл мәселені толық шешетін мезгіл жетті. Олар мәдениетті қой
шаруашылы, өндірістің т.б. жаңа түрлерін енгізуге кедергі жасайды, - деп
жазды [20; 117-118 б.].
Патша үкіметі орыстарды қоныстандыру барысында жергілікті халықтың
экономикалық қызығушылығымен есептескен жоқ. Бұл мәселе сол кезеңдегі
баспасөз материалдарында да айқын бейнеленді [21].
Столыпиннің саясаты негізінде Қазақстанға тәуелсіздік алған орыс
шаруалары қоныс аударып, орыс елді-мекендерінің негізін қалады. Олардың
ішінде іскер адамдар, кәсіпшілер болып, олар қазақстандық сауда өкілдерідің
негізін қалауда өзіндік үлес қосты.
Сауда өкілдері қатары дворяндар мен саудагер-көпестерден, әр түрлі
шенеуніктерден, шаруалардан, қолөнер өндірісімен айналысушылардан құралды.
Қарастырып отырған кезеңде адамдардың іскерлік ауқымын таңдау мүмкіндігіне
шектеулер қойылды. Өздерін мемлекеттік немесе әскери қызметте көрсете
алмаған көпестер мен өнеркәсіпшілер өздерінің барлық талантын және қуатын
сауда іс-әрекетке жұмсады. Олар қатаң табиғи немесе қиын экономикалық
жағдайда өз қызметтерін шыңдады. Нәтижесінде, сауда өкілдері елдің
әлеуметтік, экономикалық және саяси өмірінде басты маңызға ие бола бастады.
Сауданың тарихи дамуында бірінші кезекте мемлекет арқылы құрылған және
мемлекет тарапынан қолдау табатын шаруашылық қызмет жүйесін атау маңызды.
Дәл осы жүйе өндіру және тұтыну, қор жинау және инвестициялау салаларындағы
экономикалық агенттер үшін нақты климат немесе ойын тәртібін жасап берді.
Қазақстандағы сауда қызметтің шарттарына талдау жасау үшін, патша
үкіметінің сауда-өнеркәсіптік саясатының басты бағыттарын білу қажет. Қазақ
жері Ресейдің құрамдас бөлігі ретінде дамығандықтан, империя саясаты
Қазақстанда да өзіндік көрініс беріп отырды. Осы уақытта, қазақ даласындағы
Сауданың дамуы ресейліктердің ықпалымен капиталистік сипат алды. Оның
негізі отарлық саясатты жүзеге асыру барысында қаланды. Патшалық үкіметтің
салық саясаты отарлаудың басты белгілерінің бірі болды. ХІХ ғасырдың
екінші жартысында енгізілген салық жүйесі өзінің өсу бағытын
ұстанғандығымен ерекшеленеді. Мысалы, 1837 жылы Орынбор әкімшілігі енгізген
түтін салығы 1 рубль 50 тиынды құраса, 1867 жылы 2 рубль 75 тиын, ал, 1891
жылғы Ереже бойынша түтін салығы 4 рубльге көтерілді [13; 303, 397 бб.].
ХІХ ғасырдың 90-жылдарынан кейінгі кезеңде барлық салықтар (түтін, жер,
әкімшілік, ауыл старшыны және олардың кеңселерін қамтамасыз ету салықтары)
әр үйге орта есеппен 8 рубльді құраса, 1910 жылы бұл көрсеткіш 14 рубльге
жетті [22; 12 б.]. Салықты өсіру арқылы, патша әкімшілігі одан түскен
кірістің негізінде қазақ жеріндегі алғашқы кәсіпорындарды ашуға мүмкіндік
алды.
Орыс әкімшілігі Орта Азиямен экономикалық қарым-қатынасты кеңейту
мақсатында сауда қатынастарын әрі қарай дамытуға мүмкіндік беретін саясат
ұстанып, бірнеше нақты іс-әрекеттер жүргізді. Осы мақсатта тауарларға
салынатын бірнеше баж салығы алынып тасталынды. Мысалы, 1831 жылы мал
майынан алынатын баж салығы, 1835 жылы далаға әкелінетін егінге, ауыл
шаруашылығы құралдарына, темірден жасалған заттарға төленетін баж салығын
жинау тоқтатылды. 1845 жылы көпестерге ешқандай кедергісіз далада жүріп
айырбас саудасын жүргізуге мүмкіндік берілді. 1852 Сібір және Орынбор
шептері арқылы қазақ даласына бидай мен ұн кіргізу бекеттік салығы алынап
тасталынды [1; 259 б.]. 1868 жылдан бастап сауданың барлық түріне салынатын
баж салығы алынып тасталынды [23].
1863-1865 жылдары Сауда құқығы үшін баж салығын алу Ережесінде әр
түрлі әлеуметтік топтарға салық салудың сауда шарттары көрсетілді [24].
Ереже бойынша сауда саласында қызмет ететін азаматтардың құқықтары мен
мүмкіндіктері қарастырылып, отарлаушы ұлттан шыққан сауда өкілдерінің
кейбір жеңілдіктері сақталынды.
Қазақстанның оңтүстік өлкесінде жергілікті тұрғындарға қарағанда орыс
ұлтының ерекше мүмкіндіктері болды. Патша үкіметі оларға көптеген
жеңілдіктер жасап, тіпті оларды заң жүзінде бекітіп берді. Мысалы: 1867
жылғы Жетісу және Сырдария облыстарын басқару жөніндегі уақытша ереженің
облыстық басқарма жөніндегі екінші бөлімінің 11-ші тармағында, Жетісу
облысының Сергиополь және Қапал қалаларында берілген жеңілдіктер, тек қана
Верный қаласының орыс тұрғындарына қатысты деп жазылды. Сол сияқты, Жетісу
облысының қалаларына берілген жеңілдіктер Сырдария облысының: Қазалы,
Перовск, Түркістан, Шымкент, Әулиеата, Ташкент, Ходжент және Жизақ
қалаларының тек қана орыс тұрғындарына қатысты екендігі мәлімденген [13;
283 б.]. Бұндай артықшылықтар жергілікті халықтарға жасалынған жоқ.
Керісінше патша үкіметі оларды қатаң бақылауға алып, олар төлейтін
алым–салықтарды өсіріп отырды.
Мысалы: осы ереженің 296–329–шы тармақтарында далалықтар мен азиялық
көпестерден алынатын салық түрлері, сауда құқықтары мен тиым салулар
көрсетілген. Мұндағы мәліметтерге сүйенетін болсақ, онда жергілікті
халықтың сауда іскерлігіне кедергілер жасайтын шектеулердің мол болғаны
және құқықтарының өз жерінде өзге ұлттардан төмен болғанын көреміз. Мысалы,
аймақтағы далалықтар (қазақтар - З.А.) мен шетелдік азиат көпестері төлеуге
тиісті сауда алымдары жөнінде нақты ережелерді қарастырсақ: Қазалы мен
Перовск уездерін қоспағанда, Сырдария облысының далалықтарынан жылына сауда
капиталының 2 ½ % мөлшерінде зекет салығы алынады, сауда айналымы 40
рубльден аспайтын саудагерлер бұл алымнан босатылады; сауда жасаушы далалық
жыл сайын сауда жасайтын капитал мөлшері жөнінде әскери губернаторға есеп
беріп отыруға міндетті [13; 307 б.].
Жергілікті халықтар мен отарлаушы ұлт көпестерінің сауда құқығы тең
болған жоқ. Мәселен, ереженің 310 тарауында аймақтағы орыстар үшін берілген
жеңілдіктер, Сырдария облысы Қазалы және Перовск қалаларының қоғамына
тіркелген далалық тұрғын–мұсылмандары үшін қарастырылмайды, олар сауда
жарлығында көрсетілген сауда алымдарын төлеуге міндетті деп жазылған [13;
308 б.].
Бұл ережелер Жетісу облысына да қарасты еді. Яғни, патша үкіметінің
саудаті дамыту бағытындағы саясаты ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz