Ораза айт - қасиетті Рамазан айы


Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Бұл жұмыстың бағасы: 500 теңге
Кепілдік барма?

бот арқылы тегін алу, ауыстыру

Қандай қате таптыңыз?

Рақмет!






Жоспар

1. Ораза айт - қасиетті Рамазан айы
2. Оразаның пайдасы
3. Ораза тыйым салады
4. Ескеретiн жайттар
5. Оразаның денсаулыққа пайдасы

Ораза айт мейрамы қасиетті Рамазан айы аяқталғаннан кейін басталады.
Рамазан айы ораза ұстаудан, тарауих намазынан, пітір садақа беруден тұрады.
Ораза айт мейрамы бұл қасиетті аймен қоштасу, оның шапағатты аяқталуымен
тойланады. Он сегiз мың ғаламның жаратушысы, құдiретi күштi Алла Тағала екi
аяқты пендесiнiң мойнына 5 парызды жүктеген. Сол парыздардың бiрi – ораза
ұстау. Құран Кәрiмде: Рамазан – адамдарға тура жол нұсқаушы, ақ пен қараны
айырушы, бекем тұтынатын жолбасшы ретiнде Құран түсiрiле бастаған ай.
Сендерден кiм рамазан айында болса, ораза ұстасын. Кiмде-кiм науқас болып,
әйтпесе, жолсапарда жүрсе, онда басқа күндерде өтесiн. Аллаһ сендерге
жеңiлдiк болуын қалайды, ауырлық түсiргiсi келмейдi дейдi (Бақара сүресi,
2185).
Ораза, ораза айт деген не?
Рамазан айы – Аллаһ Тағаланың ерекше ықыласы түскен, шарапаты мол, iзгi
ниеттi iске сауабы көп, жыл он екi айдың ең қадiрлiсi. Исi мұсылман қадiр
тұтатын қасиеттi Құранның алғашқы аяттары да Алла тарапынан рамазан айында
түсiрiле бастаған. Сондықтан, Рамазан айы – Құранның, құлшылық пен тәуба,
кешiрiмнiң айы. Қазақстанның исi мұсылманын Осындай шарапаты мен шапағаты
мол қасиеттi айға аман жеткенi үшiн әрбiр мұсылман баласы шүкiршiлiк ете
отырып, қадiр-қасиетiн жете ұғынуы тиiс деп үндеген Қазақстан мұсылмандары
дiни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Әбдiсаттар Дербiсәлi қажы қасиеттi
айдың парызы мен қарызы туралы 3 қазанда Алматыда өткен баспасөз
мәслихатында кеңiнен мағлұмат бердi. Бiр ай бойы iшiп-жеуден ғана емес,
өтiрiк-өсек айту, бiреудi сыртынан ғайбаттау, бейәдеп сөздер мен қылықтар
сияқты адамгершлiк қаиғадаларына жат әдеттерден аулақ болу керектiгiн
айтқан Бас мүфти оразаның маңызын былайшы түсiндiрдi: Ораза ұстаған адамда
Алладан қорқу, Оны сезiп тұру, тақуа сезiмi пайда болады. Ораза нәпсiнi
тiзгiндеп, жүректi тазартады. Жүректе Алла Тағалаға деген сүйiспеншiлiктен
басқаға орын қалмайды. Ораза ұстаушының күнәлары кешiрiлiп, сабырлылығы мен
кешiрiмдiлiгi артады. Аштықты басынан өткiзген адам кедейлер мен кембағал
жандарға жақсылық iстеу керектiгiн жүрегiмен сезiнiп, түсiнедi. Алла Тағала
баршаңызды рамазан оразасын шын ынта-ниетiмен ұстаушылардан, қиямен күнiнде
солар ғана кiретiн, әр-Райиан есiгiнен кiрушiлерден етсiн. Қасиеттi рамазан
айы мүбарак болсын!.
Оразаның пайдасы
Ораза – адам үшiн ең керектi дәрi, рухани әрi материалдық, медициналық
диета. Адамның тынбай iшiп-жей беруi оның денсаулығына зиян. Рамазан
айындағы ораза он бес сағатты, сәресi iшiлмесе, жиырма төрт сағатты
құрайды. Осыншама уақыт аштыққа төтеп беру шыдамдылық пен төзiмдiлiктi
шынықтырады. Демек, ауыз бекiтiп, ораза ұстаудың рухани және дiни тұрғыдан
да, адам ағазасына медициналық тұрғыдан да келтiретiн пайдасы зор. Мысалы,
ораза ұстау iшек ауруларына ем ретiнде кеңiнен қолданылады. Кейбiр терi
ауруларының жақсаруына, асқазан мен iшек жұмыстарын жеңiлдетуге де септiгi
мол. Бүйрек, бауыр, қуық, сусамыр (қант диабетi), жүрек пен тамыр
ауруларына адам ағзасының қарсы тұру қабiлетiн де жақсартады. Әлемге
танымал ғалым, медицина ғылымдарының докторы Алекс Каррел: Белгiлi бiр
уақыт аралығында ашығу бауырдағы шекерлердi, терi астындағы май
қыртыстарын, бұлшық ет, без, көк бауыр жасушаларындағы (клеткаларындағы)
протеиндердiң белсендiлiгiн арттырады. Барлық мүшелер өз құрамы мен
жүректiң бiртұтастығын қорғау үшiн жанын сала әрекет етеді. Мiне, осылайша
ораза тканьдердi тазалап, өзгертiп отырады деп жазған. Негiзi адам
бойындағы шайтани әрi нәпсiқұмарлық сезiмнiң оянып, қозуы ағзадағы жыныстық
гормондардың әсер ету күшi мен олардың мөлшерiне байланысты. Ал ораза
осындай гормондардың қандағы мөлшерiн азайтатындықтан, адам бойындағы
құмарлық сезiмдi басады.
Ораза тыйым салады
1948 жылы Араб елдерiнiң бiрiндегi әл-Әзхар университетiнiң Фәтуа
комиссиясы арнайы қаулы шығарған. Бұл қаулыда Оразаны бiле тұра әдейi бiр
нәрсенi iшiп-жеу, жыныстық қатынас жасау, әдейiлеп құсу бұзады делiнген.
Егер адам ораза ұстап жүргенiн ұмытып кетiп, аузына ас салса немесе
жыныстық қатынаста болып қойса, ораза бұзылмайды. Түтiн, шаң, қар
түйiршiктерi мен жаңбыр тамшылары сияқты басқа да жеуге жарамайтын, ауаға
тез таралып кететiн нәрселердi ерiксiз иiскеу немесе iшке тарту, көзге
сүрме жағу (макияж), қошиiстi гүл мен әтiрлердi иiскеу де оразаға зиянын
тигiзбейдi. Қан алдыру, сүлiк салдыру, тiс жұлдыру (ауыздағы қан немесе
дәрi тамақтан өтiп кетпеуi тиiс), құлаққа және көзге дәрi тамызу, құлаққа
су кiру де оразаны бұза алмайды. Ал мұрынға дәрi тамызса, ораза бұзылып,
қазасы өтеледi. Сонымен қатар әйелдер ораза ұстар кезде хайыз бен нифастан
таза болуы шарт. Олай болмаған жағдайда ғұсыл дәретiн алғаннан кейiн ораза
жалғастырылып, кейiн хайыз болған күндердiң қазасы өтеледi.
Пiтiр садақасы
Пiтiр садақасы – дененiң зекетi немесе нисап мөлшерiндегi байлыққа ие (85
грамм алтын) мұсылманның беруi тиiс садақасы. Садақаны ораза басталысымен
беруге болады. Қазақстан мұсылмандары дiни басқармасы тарапынан биыл
бекiтiлген бiр пiтiр садақаның көлемi Алматы қаласында 30 теңге (2 келі
бидай құны). Ескеретiн жайт, қазiргi нарық талабына сәйкес, пiтiр садақаның
мөлшерi де республиканың әр жерiнде әрқалай болады. Аяғы ауыр әйелдер,
жазылмайтын дертке ұшырағандар мен денсаулығы жарамайтын адамдар ауыз
бекiтпей-ақ, ораза ұстауға мiндеттi әрбiр күнi үшiн пiтiр садақа беруге
болады. Аллаһ Тағала бұл туралы: Ораза ұстауға шамасы келмейтiндер бiр
жарлының тамағын төлесiн дейдi (Бақара сүресi, 2184).
Тарауих намазы
Тарауих – Рамазан айына ғана тән 20 рәкаттық намаз. Ол тынығу, демалу,
рахаттану деген мағынаны бiлдiредi. Рамазан айында Тарауих намазын оқу
Ислам рәмiзiне жатады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Кiмде-кiм Рамазан намазын
(тарауихты) шын көңiлiмен сауабын Аллаһтан күтiп оқыса, оның өткен күнәлары
кешiрiледi деп үмметтерiнiң сауабы мол намазды оқуға деген құлшынысын
арттыруға тырысқан.
Қадiр түнi
Ләйләтүл-қадр, яғни Қадыр түнiн атам қазақ баяғыда Қадыр ата (Қызыр баба)
қасиеттi түнi келiп, несiбемiздi жазып кетедi, айтқан тiлектерiмiздi
орындайды деп сенген. Шынында да, мыңдаған айлардан артықшылығы мол,
қасиетi басым осы түнi исi мұсылман Алла Тағалаға құлшылық етiп, тiлек
тiлеуден жалықпауы тиiс. Жаратқан Ие Қадыр түнiнiң нақты уақытын құлдарына
әдейi нақты көрсетпеген. Себебi, Алла Тағаланың шарапаты мен шапағатына,
алғысына ие болуға асыққан құлдар әр түндi қасиеттi түн ретiнде қабылдауға,
тынбай құлшылық етуге мүдделi.
Ескеретiн жайттар
Оразада таңертең күнде ниет ету және ұйқыдан ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Ораза – құт-береке
Ораза ғибадаты
Қазақтың діни мерекелері
Ислам діні жайлы түсінік
Құран туралы бірер сөз
Ислам дінінің пайда болуы және дамуындағы тарихи әлеуметтік, саяси жағдайлар
Ислам діні туралы
Ең жас дін - Ислам діні
ИСЛАМНЫҢ ДІНИ ТУРИЗМІ
Ислам кітаптарында
Пәндер