ОРГАНИКАЛЫҚ ДҮНИЕ ДАМУЫНЫҢ ЖАЛПЫ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ



Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ОРГАНИКАЛЫҚ ДҮНИЕ ДАМУЫНЫҢ ЖАЛПЫ
ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ

ЭВОЛЮЦИЯ ІЛІМІ

Эволюциялық көзқарастардың қалыптасуы және дамуы

Эволюция үғымы. Эволюция деп органикалық дүниенің кұрделі және үзаққа
созылған тарихи даму процесін айтады. Тірі организмдердін тарихи даму
жолдарын, қозғаушы күштері мен жалпы заңдылықтарын эволюциялық ілім
түсіндіреді.
Тірі табиғаттың дамуы туралы алғашқы ой-пікірлер ертедегі Үндістан,
Қытай, Египет, Грекия ойшылдарының еңбектерінде жазылған. Онда табиғаттағы
барлық зат қозғалыста, өзгерісте болады, олардың біреуінен екіншісі дамып,
қарапайымдарынан кұрделі формалар қалыптасады делінген.
Б.з. 2 мың жыл бұрын Қытайда мүйізді ірі қараның, жылқы-ның, балықтың
жаңа түқымдарын және әсемдік өсімдіктердің ғажайып түрлерін шығарумен
айналысқан. Осындай жүмыстардың нәтижесіне байланысты ертедегі ойшылдар:
"Тірі организмдер даму барысында бір тұрден екінші тұрге айналады" деген
пікірде болған. Солардың бірі Гераклит: "Барлық тірі организмдер тіпті адам
да ең алғашқы материядан табиғи жолмен дамып жетілді", — дейді.
Орта ғасырларда Еуропада христиан дінінің дамуына байланысты
"тіршілікті күдай жаратты, ол өзгермейді" деген діни көзқарастар қалыптаса
бастады. Бұл көзқарасты швед ғалымы К.Линней де жақтады. Бірақ ол
жануарларды жүйелеуде адамды маймылдармен қатар бір отрядка орналастырып,
олардың арасындағы туыстық байланысты көрсетті.
Кейінірек, XVII—XIX ғасырлар аралығында, бірқатар әйгілі ғалымдардың
еңбектеіэінде сыртқы орта жағдайларына байланысты организмдердің
өзгеретіндігі туралы пікірлер айтыла бастады. Ж.Бюффон өзінің "Табиғи
тарих" атты еңбегінде: "Бейорганикалық заттардан, алдымен, өсімдіктер, одан
кейін жануарлар мен адам пайда болды", — деп, түрдің өзгергіштігін
қуаттады.
А.И.Герцен: "Құрылысы мен тіршілік өрекеттері ұқсас организмдер
арасында міндетті тұрде туыстьгқ байланыс бар, сондықтан
олардьщшығутегідебір", — деп жазды. Органикалық дүниенің эволюциясы туралы
осындай дұрыс ой-пікірлер айтылғанымен, түрлердің озгеруі мен тұр
түзілуінің себептерін ешкім анықтап, ашып көрсете алмады.
Алғашқы эволюциялық ілім. Органикалық дүниенің эволюциясы туралы
алғашқы ілім ХІХ ғасырдың басында жарық көрді. Оның негізін француз ғалымы
Ж.Б.Ламарк (1744—1829) қалады. Ол 1809 жылы басылып шыққан "Зоология
философиясы" атты еңбегінде: "Түрлер тұрақты емес, олар уакыт өткен сайын
өзгеріл, біршама жетілдірілген жаңа тұрге айналады. Олай болса, тірі
табиғатта карапайымнан кұрделіге карай бағытталған тарихи даму жүреді", —
деді және ол өрекетті эволюция деп атады. Ламарк бірінші больш ғылымга
"биология" терминін енгізіл, бүкіл жануарлар дүниесін омырткасыздар және
омыртқалылар деп екі топқа бөлді.
Жануарларды жүйелеу реті бір клеткалы кірпікшелі кебісше-
ден басталып, сүтқоректілермен аякталды. Мүнда барлык жануарлар 6 сатыға,
14 класка жіктеліп орналастырылды. Бүдан
жануарлар кұрылысының иерархия сипатында біртіндеп кұрде-
ленуін көруге болады. Ламарктің айтуынша, тірі организмдердің
карапайым кұрылыстан кұрделіге карай жоғарылауы (градация) —
тарихи дамудың нәтижесі болып табылады. Сонда бұл дамудың
козгаушы күштері не? Организмдердің өзгергіштігі мен жаңа
түрлердің пайда болу себептері неде?
Ламарк өз ойын қорыта келе, эволюцияльщ өрекеттің екі себебін атады.
"Оның біріншісі— әр организмде жоғары сатыға көтерілуге іштей ұмтылыс
болады, екіншісі — сырткы ортаның тікелей әсерінен организмде жаңа белгілер
калыптасьш, ол белгілер түкым қуалайды", — деп көрсетті.
Соныменкатар Ламарк: "Жоғары сатыдағы жануарлардың кейбір мүшелері
жаксы жүмыс істеп, жаттыға келе дамып жетіледі, ал баскалары колданылмай,
жаттыкпайды да, керісінше, біртіндеп жойылады", — деді. Қажетті бағытка
толык сөйкестелген белгілер міндетті тұрде ұрпактарына беріледі. Бүған
Ламарк бірнеше мы-сал йелтірді. "Тіссіз сүткоректілердің (киттер,
қүмырскажегіштер) тістерінің жойылып кетуі олардың ата-тектерінің қорек
заттарын шайнамай жүтуы салдарынан болса, жер астында тіршілік ететін
жануарлардың көздері қажетсіз мүше ретінде жойылған. Суда жүзетін қүстарда
саусақтарының арасындағы тершің керіліп со-зылуынан саусақаралық жүзу
жарғактары пайда болған. Шөбі жок, кұрғақ далалы жерлерді мекендейтін жираф
үнемі мойнын созып, ағаш жапырақтарын үзіп жеп коректенеді. Осылай биіктегі
жапырақтарға үмтылып дағдыланғандыктан, біртіндеп олардың алдыңғы аяқтары
мен мойны үзарған", — дейді.
Ж.Б.Ламарк іліміне берілген баға. Ламарк биология тарихын-да
эволюциялық ілімді алғаш үсынған ғалым ретінде белгілі. Ол "тұр тұрақты"
деген пікірді жоққа шығарып, "түрлер өзгереді" деген көзкараста болды.
Ламарк бірінші болып эволюцияның қозғаушы күштері туралы мәселе кетерді.
"Тірі организмдердің тари-хи дамуы барысында уақыт және сыртқы орта
жағдайлары шешуші рол атқарады", — деп орынды айтканымен, эволюцияның
қозғаушы күштерін дұрыс көрсете алмады. Оны түсіндіруде: "Әр организмде
жоғары сатыға көтерілуге іштей ұмтылыс болады", — деген қате пікірде болды.
Сонымен қатар бейімделушіліктің пайда болуын тек сыртқы орта жағдайларының
өсерімен ғана байланыстырды. Мүның өзі "қоршаған ортаның өсерінен
қалыптасқан белгілердің барлығы да түқым қуалайды" деген негізсіз
көзқарасты туғызды.
Ламарктің эволюциялык ілімі деректі материалдармен жанжақты толық
мөнінде дәлелденбеуі себепті кең көлемде тарала алмады. Алайда Дарвин
езінің эволюциялык ой-пікірлерін түжырымдауда Ламарк еңбегінід ықпалы
болғанын айтып, оны өте жоғары бағалады?

Эволюция.
1. Тірі табиғаттың пайда болуы және дамуы туралы ертедегі ойшылдар
кдндай көзкараста болды?
2. Ламарктің эволюциялык теориясының мәні неде?
3. Киттер мен кұмырскажегіштердің тістерішн болмауын, жирафтар-дың
мойнының ұзын болуын Ламарк калай түсіндірді?
4. Не себепті Ламарктің эволюциялык теориясы ғылымда кең
колдау таппады?
5 Дарвинге дейінгі шлымдардың эволюция туралы ой-пікірлеріне
корытынды жасаңдар. "Эволюция" деген ұғымның мәнін
түсіндірщдер.

Ч.Дарвиннің эволюциялық ілімі

Дарвин ілімінің жарыққа шығуының қоғамдық-экономикалық және ғылыми
алғышарттары. Батыс Еуропа елдерінде, өсіресе Англияда XIX ғасырдың алғашқы
жартысында капитализм өте қарқынды дамыды. Мүның өзі ғылымның, енеркәсіптің
және ауыл шаруашылығының дамуьша қозғау салды. Ірі қалалардың саны артты.
Қала тұрғындарын азық-түлікпен, әндірісті шикізатпен қамтамасыз ету қажет
болды. Жергілікті мамандар қолдан сұрып-тау арқылы үй жануарларының жаңа
қолтүқымдары мен өсімдіктің жоғары өнімді іріктемелерін шығара бастады.
Мүндай жаңа формалардың алынуы тірі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Химия ғылымының дамуына үлес қосқан ғалымдар
Ғылым жетістіктерің философиялық тұрғыда тұжырымдау
Макроэволюция
Биология кешенді ғылым ретінде
Тіршіліктің жер бетіне шығу тегі болжамдары мен теориялары туралы мәліметтер
Тіршіліктану курсын оқыту барысында оқушыларға ғылыми көзқарасты қалыптастыру
Қазіргі замандағы психологияның даму жолдары
Психологияның даму тарихы
Түйсік пен қабылдау
Психология – ғылым ретінде. Дәрістер
Пәндер