Органикалық химия жайлы


Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Органикалық химия.

Органикалық химия пәні. Біз бейорганикалық химияны оқып-үйренген кезде заттардың алуан түрлі құрамымен таныстық және мұнда қандай да болсын бір химиялық элементтің барлық зат құрамында міндетті түрде болатынын мүлде кездестіре алмадық. Органикалық заттардың құрамында басқа элементтермен бірге әрқашан да көміртегі болады. Көміртегі қосылыстарын, олардың құрылысын, химиялық өзгерістерін органикалық химия пәні зерт-тейді.

Органикалық зататар. Органикалық заттардың құрамына көміртегімен қатар, көбінесе сутегі, оттегі және азот кіреді, ал күкірт, фосфор, галогеңдер және басқа элементтер сиректеу болады. Қазір бірнеше миллионнан астам органикалық қосылыстар белгілі, ал бейорганикалық заттардың саны едәуір аз. Барлық химиялық элементтерден тек көміртегі ғана осыншама көп қосылыстар бере алады. Органикалық заттарды кездестірмейтін жеріміз жоқ. Олар барлық жануарлардың және өсімдіктердің ағзасында болады, тағамдардың (нан, ет, көкөніс және т. б. ) құрамына кіреді, киім-кешек дайындайтын материал қызметін атқарады, олардан алуан түрлі отын алынады, дәрі, бояу, егісті қорғайтын және т. б. заттар ретінде пайдаланылады.

Органикалық заттардың барлығы дерлік жанғыш келеді және қыздырған кезде оңай айрылады. Жанған кезде көміртегі (IV) оксидінің түзілуіне немесе көмірленуіне қарап, оның органикалық қосылыстарға жататынын оңай анықтауға болады.

Органикалық заттар мен бейорганикалық заттардың арасында айқын шек болмайды. Көміртегі оксидтері, көмір қышқылы, оның тұздары және басқа да бірқатар заттардың құрамыңда көміртегі болғандықтан, оларды органикалық заттарға жатқызуымыз керек, бірақ олардың қасиеттері осыған ұқсас бейорганикалық заттарға жақын, сондықтан, оларды әдетте бейорганикалық химияда оқытады. Сондай-ақ сендерге бейорганикалық заттардан органикалық қосылыстар түзілетіні биология курсынан белгілі, ал бұлар да бейорганикалық заттарға айнала алады. Табиғаттағы заттардың барлығы өзара байланысты, олардың арасында біртұтастық бар.

Органикалық химияның ғылым ретінде пайда болуы. Адам органикалық заттарды өте ерте кезден-ақ білді. Біздің арғы ата-бабаларымыз табиғи бояуларды мата бояу үшін қолданған, қамыс қантын, өсімдіктер мен жануарлар майын тағамдық өнім ретінде пайдаланған, ашыту арқылы спиртті сұйықтықтардан сірке суын алған.

Ал көміртегі қосылыстары туралы ғылым тек XIX ғасырдың бірінші жартысында ғана пайда болды. Бұл уақытқа дейін заттарды тегіне қарай минералды, өсімдік және жануар текті деп үш топқа бөліп, оларды жеке-жеке зерттеген.

Химиялық анализ әдістерінің жетілуіне байланысты өсімдік және жануар текті заттарда көміртегі болатыны анықталды. Швед химигі Я. Берцелиус 1807 ж. ағзадан алынатын заттарды органикалық заттар деп, ал оны зерттейтін ғылымды органикалық химия деп атауды ұсынды.

Алайда Я. Берцелиус және сол кезде өмір сүрген басқа химиктер органикалық заттардың бейорганикалық заттардан ерекше айырмашылығы бар - бейорганикалық заттар сияқты зертханалық әдіспен алуға болмайды, олар ағзаның денесінде ғана ерекше "тіршілік күшінің" әсерінен түзіледі деп санады. Виталистік (vita - латын сөзі, ол "өмір", "тіршілік" деген мағына береді) деп аталатын бұл ілім "тіршілік күші" туралы қате және идеалистік ілім еді, өйткені ол табиғаттан тыс, материялық емес күш бар дегенге тірелетін, сөйтіп, жаратушыны, құдайды мойындауға әкеліп соғатын еді.

Виталистік ілім бейорганикалық заттардан органикалық зат жасау мүмкін емес деген тұжырымдармен ғылымның дамуын тежеді. Бірақ ол табиғатты танып-білудің үдемелі процесін, әрине, тоқтата алған жоқ.

1828 ж. Я. Берцелиустің шәкірті - неміс ғалымы ф. Вёлер бейорганикалық заттардан органикалық зат - мочевинаны синтездеді. 1845 ж. неміс химигі А. Кольбе сірке қышқылын жасанды жолмен алды. 1854 ж. француз химигі М. Бертло майды синтездеді. Орыс ғалымы А. М. Бутлеров 1861 ж. тұңғыш рет қантты заттарды синтездеп алды.

Бұрын тек тірі ағзалармен ғана өндірілетін заттар бірінен соң бірі тез синтезделе бастады. "Тіршілік күші" туралы идеалистік ілім толық жеңіліске ұшырады.

Қазіргі кезде көптеген органикалық заттар синтезделіп, табиғатта барлары ғана емес, сондай-ақ табиғатта мүлде кездеспейтіндері де, мысалы, көптеген пластмассалар, әр түрлі каучуктар, алуан түрлі бояулар, қопарғыш заттар, дәрілік препараттар алынады.

Қазіргі синтез жолымен алынған заттар табиғаттан табылған заттардан көп, олардың саны тез өсіп барады. Ең күрделі органикалық заттар - ақуызды синтездеп алу іске аса бастады.

"Органикалық заттар" деген терминнің мағынасы өзінің алғашқы мәнінен әлдеқайда кеңейе түсті. Енді бұл атау ағза құрамына кіретін заттарды ғана емес, сонымен қатар ағзаға мүлде қатысы жоқ және синтездеп алуға болатын заттарды да қамтиды. Алайда құрамында көміртегі болатын барлық заттардың өте көп тобын белгілеу үшін тарихи қалыптасқан бұл атау қалдырылды.

"Органикалық химия" ғылымының атауы осыларға байланысты алғашқы мағынасын жоғалтып, біршама кең ұғымға ие болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Химияны оқыту әдістемесі құрылымы
Ғасырлар белесіндегі химия құрылымы
Көміртек атомының электрондық құрылысы
Органикалық химия курсынан демонстрациялық тәжірибелерді пайдалану
Химия пәні мен оның маңызы
Химияны оқыту әдістемесі және оқытуда қолданылатын оқыту әдістері
Қазақстанның химия өнеркәсібі
Оқыту әдістерін топтастыру
«Мұнайдың химиялық анализі» бағдарлы элективті курсын оқыту әдістемесі
Химияның тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz