Орта Азиямен ОңтүстікҚазақстан ортағасырлық қалаларының тарихнамасы


M A 3 М Ұ Н Ы
I. Кіріспе . . . 3-10 беттер
I-тарау. Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстанның ортағасырлық қалалары.
1. 1 Орта Азиямен ОңтүстікҚазақстан
ортағасырлық қалаларының тарихнамасы . . . 11-24 беттер.
ІІ-тарау. Оңтүстік Қазақстанның ортағасырлық қалалары
2. 1 Отыра қаласы . . . 25-32 беттер
2. 2 Тараз қаласы . . . 32-42 беттер
Қорытынды . . . 43-46 беттер
Пайдаланған әдебиеттер мен сілтемелер тізімі . . . 47-60 беттер
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Ерте және ортағасырлар кезінде Сыр, Талас, Шу өзендері алқабында гүлденіп тұрған қалалар ХІІІ ғасырдың басында Шыңғысханның мың сан қолына төтеп бере алмай жермен - жексен болды. К. Маркстың: " . . . жойқын бір соғыстың бір елді ғасырлар бойына халықсыз қалдырған және оны өзінің бүкіл цивилизациясынан жұрдай ете алатындығы фактісін де осымен түсіндіруге болады" деген пікірі, ХІІІ ғасырдағы және одан кейінгі ғасырлардағы жиі - жиі болып тұрған феодалдың қырқасулар мен шетелдік басқыншылық кезінде опат болған мәдениет ошақтарын көз алдымызға келтіреді.
Қалалар туралы айта келіп Ф. Энгельс: "Бекініс орнатылған жаңа қалаларды айбарлы қорғандардың айнала қоршап тұрғаны тегін нәрсе емес. Олардың төңірегіндегі ор - апандардан ру құрылымының моласы көрінеді, ал олардың мұнаралары қазірдің өзінде-ақ цивилизацияға тиіп тұр".
Жермен-жексен болған қалаларды, опат болған көне мәдениет орталықтарын қайта тірілту, оларды халқымыздың ғасырлар бойы жасап келген асыл мұрасы қатарына қайта қосу археологтардың үлесіне тиіп отыр. Ортағасырлық қалаларды зерттеудің маңызы өте зор.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Ұлы Октябрь социалистік революциясына дейін Қазақстан территориясындағы ортағасырлық қалаларды жекелеген ғалымдар зерттеген. 1867 жылы Орта Азия мен Қазақстанның бірқатар жерлерін П. И. Верх зерттейді. Осы зерттеу жұмыстарына арналған есепті баяндамада Жанкент пен Сауранның қалдықтарын сипаттап және Сырдария бойындағы қалалар туралы жазба деректерден мәліметтер берген. Бұл мақала 1870 жылы Санкт - Петербургте "Археологическая поездка в Туркестанский край в 1867 году" деген атпенен басылып шықты.
1889 жылы Н. С. Лыкошин Отырар туралы ғылыми мақала жариялап, онда Хамукат қалашығының қалдығы бұрынғы Отырар қаласы болуы мүмкін деген.
Бұл қате пікір еді, оның қате екенін В. В. Бартольд дәлелдеді. Ол Хамукаттың Талас жазығында екендігін дәлелдеп шықты.
1895-1904 жылдары А. И. Кларе мен А. А. Черкасов Отырарда қазба жұмысын жүргізді. Осы кездері Сырдария бойында А. О. Руднев, И. А. Кастанье зерттеу жұмыстарын жүргізіп, бірнеше қала қалдықтарын анықтады. И. А. Кастанье Оксусқаласының қалдықтарында қазба жұмыстарын жүргізді.
Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу өңіріндегі қалаларды зерттеуде В. В. Бартольд сіңірген еңбегі зор. Осы жерлердегі жүргізген жұмыстарға байланысты "История орошения Туркестана", "Туркестан в эпоху монгольского нашествия", "История культурной жизни в Туркестана" тағы басқа көптеген ғылыми еңбектерін жазды.
Ұлы Октябрь социалистік революциясынан кейін Қазақстан территориясындағы ортағасырлық қалаларды зерттеу ғылыми тұрғыда, тұрақты түрде жүргізіле бастады. 1923 жылы П. П. Иванов және 1925 жылы М. Е. Массон Сайрам қаласының қираған қалдықтарын зерттеді. Отызыншы жылдардан бастап Оңтүстік Қазақстан және Жетісу өңіріндегі қалаларды зерттеу А. Н. Бернштам басқарған экспедициялардың жұмыстарымен байланысты болды.
Соғыстан кейінгі жылдары, яғни 1946-4956 жылдары Қазақстан археологиясының дамуындағы ең негізгі кеңе болып табылады. Бұл кезеңде көне ескерткіштерді қалпына келтіру жұмыстары және көптеген археологиялық тараулар жасалып, Қазақстанның бүкіл кең территорияларын қамтыды. Осы кездерде Қазақстанда жүргізілген археологиялық жұмыстарға байланысты 1958 жылы жарық көрген Е. И. Агеева мен Г. И. Пацевичтің "Из истории оседлых поселений и городов южного Казахстана" деген еңбегінде: "Жазба деректемелердің мәліметтері мен археологиялық зерттеулердің нәтижелері ерте ортағасырларда отырықшы елдің негізгі бұқарасы қоныстарда тұрған деп санауға мүмкіндік береді деп жазды.
Көп жылдарға созылған жұмыстар нәтижесінде 1960 жылы "Қазақстанның археологиялық картасы" атты көлемді енбек жарыққа шықты.
Қазақ ССP Ғылым академиясының Ш. Уәлиханов атындағы Тарих археология және этнография институты ұйымдастырған бірінші экспедиция - Орталық Қазақстанның археологиялық экспедициясы /ЦКАӘ/ болды. Бұл экспедиңияны құрылғаннан бастап академик А. Х. Марғұлан басқаруда. Ө. Х. Марғұлан көшпенділер мен отырықшы халықтардың өзара қарым-қатынасы және ортағасырлың қалалар мен тұрғындарының қалыптасуындағы көшпенділердің ролі деген сұрақтарға баса назар аударған. Көп жылдық зерттеулед нәтижесінде ол аса үлкен және өте құнды материалдар жинақтап, Қазақстан территориясындағы қалалық цивилизация мен құрылыс техникасына арналған "Из истории городов и строительного искусства древного Казахстана" даген еңбек жазды.
1947 жылы Қазақ ССР Ғылым академиясының тарих, археология және этнография институты, Археология институтының Ленинградтық бөлімімен бірігіп, Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясин /КАЭ/ құрды /оны А. Н. Бернштам басқарды/. 1947-1951 жылдары бұл экспедиция бүкіл Оңтүстік Қазақстан территориясында археологиялық барлау жұмыстарын жүргізді. Осы зерттеулер нәтижесінде 1949 жылы ғылыми мақала, ал 1950 жылы ғылыми еңбектер жарық көрді.
Елуінші, алпысыншы жылдары қазба жұмыстары көне Тараз қаласында жүргізіліп, көптеген ғылыми мақалалар жарық көрді. М. С. Мерщиевтің "К вопросу в стратиграфии нижних слоев Тараза" деген мақаласында: "қазіргі кезде ғылымда дәлелденгеніндей көптеген ортағасырлық қалалар ертедегі жер шаруашылығымен айналысқан қоныстардан үлкейіп, қалаға айналған. Мысала, Тараздың ең төменгі мәдени қабаттары біздің дәуіріміздің алғашқы ғасырларына жатады" делінген.
Т. Н. Сенигованың "Средневековое стекло из Тараза", "О назначении двух стеклянных сосудов из Тараза" тағы басқа ғылыми материалдар жарияланды. Тараз қалашығында жүргізілген көп жылдық қазба жұмысының нәтижесінде 1972 жылы "Средневаковый Тараз" атты монографиялық еңбегі жарық көрді. "Таразда жүргізілген қазба жұмыстарының нәтижесі, Талас өңірінің орталығы болған қаланың архитектурасы мен мәдениетінің "астаналық сипатын атап көрсетті" дейді Т. Н. Сенигова.
Сондай-ақ Шардара су қоймасы аймағында көп жылға созылған археологиялық зерттеулер жүргізіліп, соның нәтижесінде 1968 жылы А. Г. Максимова, С. М. Мерщиев, Б. И. Вайнберг, Л. И. Левиналар бірігіп, "Древности Чардары" атты еңбек жазып шықты.
Археологтар соңғы кездері Жетісу өңіріндегі ортағасырлық ескерткіштерге көп көңіл бөлуде. Олар туралы К. М. Байпаковтың "Раннесредневековые города и поселения Семиречья", "Раннесредневековые города и поселения северо-восточного Семиречья", "Городище типа Турткуль" т. б. ғылыми мақалалар баспадан жарық көрді.
Қазақстан археологиясында, Отырарды зерттеуге бaсa назар аударылып отыр. Оны зерттеу жұмыстары 1969 жылдан басталды. Бұл жұмысты Отырар археологиялық экопедициясы жүргізді. Ең алдымен қала қалдығының жоспары жасалынды, 1971 жылдан бастап бұл экспедиция Оңтүстік Қазақстан комплексті археологиялық экспедициясы /ЮККАЭ/ деп аталып, оны К. А. Акишев, басқаруда. Бірнеше жылға созылған археологиялық зерттеулер нәтижесінде археологтар К. А. Ақышев, К. М. Байпаков, Л. Б. Ерзаковичтің "Древний Отырар" деген еңбегі 1972 жылы баспадан шықты. Осы еңбекте авторлар Отырар туралы "Сырдария бойындағы ортағасырлық қалалардың ішіндегі ең атақтысы - Отырар қаласы сонау VII-VIII ғасырларда дамыған өзіндік аймағы бар қала орталығы болған" деген.
Отырар қаласының қираған қалдықтарын зерттеу, онда қазба жұмыстарын жүргізу бүгінгі таңда да жалғастырылып, оның нәтижелері баспа бетінде жарық көруде. Оның айқын дәлелі ретінде Р. З. Бурнашеваның "Монеты из Отрар төбе" /1973 /, К. А. Акишевтің "Некоторые итоги раскопок городища древного Отрара", К. М. Байпаковтың-"О локализации средне-вековых городов южного Казахстана", "Археологические исследования в Отраре" деген мақалалар мен жинақтарды айтуға болады.
Қазақтың Еңбек Қызыл Ту орденді Әл Фараби мемлекеттік университетінің тарих факультеті Шу өңіріндегі ұзын қорғанды Ақтебе қаласы зерттелуде. Бұл зерттеу жұмысын осы факультеттің Археология және Этнография кафедрасының меңгерушісі профессор У. Х. Шалекенов басқаруда. Қазба жұмыстарының нәтижесінде жыл сайын VIII дана етіліп экспедицияның ғылыми есебі жасалынады оның біреуі Қазақ ССР Ғылым академиясының тарих, археология және этнография институтының археология бөліміне тапсырылады, екіншісі республиканың мәдениет ескерткіштерін қорғау қоғамына тапсырылады, Үшінші КазГУ-дің Археология және Этнография кафедрасында сақталады. Кафедрада 1974-1985 жылы жүргізілген қазба жұмысы туралы ғылыми есептер сақталған.
Сонымен бірге 1978 жылы КазГУ-де жарық көрген "Вопросы истории социалистического и коммунистического строительства Казахстана" деген жинахта У. Х. Шалекеновтың, М. Е. Елеуовтың, Н. О. Алдабергеновтың "Раскопки цитадели бородища Ақтөбе" және У. Х. Шалекеновтың "Қазіргі Актөбе, бұрынғы Баласағұн" атты ғылыми мақалалары жарияланды.
Ақтөбе қаласындағы cоңғы жылдардағы /1977-1985 жж. / жүргізілген қазба жұмыстарының нәтижелері университет археологтары шығарған "Из истории материальной культуры Казахстана" деген жинақта басылды» Бұл жинақта Ақтөбе қаласының бекініcтері жайлы, цитадедьде, рабадта шахристанда және Жетіжар қорғанында жүргізілген қазба жұмыстарының нәтижелері берілген.
Ақтөбе қаласындағы археологиялық зерттеу жұмыстары алдағы уақытта да жалғастырылмақ. Міне, көріп отырғанымызда Қазақстан территориясындағы ортағасырлық қалаларды зерттеуде археологтар жүргізген жұмыстар көп. Алайда, археологтардың келуін күтіп жатқан ортағасарлық қалалар әлі де көп-ақ. Олардың сан қырлы сырын ашу кезек күттірмейтін мәселе екені даусыз.
Ортағасырлық қала мәдениет ошағы, қолөнер мен сауданың негізгі ұйтқысы, халықаралық байланыстардың куәгері болғандықтан да оны зерттеудің халқымыз тарихына қосары ұшан-теңіз екені даусыз, сондықтан да бұл проблема бүгінгі таңда да аса актуальды болып қала береді. Жұмыстың алдына қойған мақсаты - ортағасырлық қаланың пайда болуын, гүлденіп дамуын көрсету. Жұмыс негізінен әдебиеттерге, монографияға, жазба деректерге, археологиялық зерттеулер мен қазбалар нәтижесінде жарық көрген Қазақ CСP Ғылым академиясы тарих институтының Археология бөлімі архив материалдары мен Университеті Археология және Этнография кафедрасының архивіндегі ғылыми есептерге сүйене отырып жазылды. Диплом жұмысының тақырыбы: "Ортағасырлық қалалар". /Оңтүстік Қазақстан материалы бойынша/.
Жұмыс кіріспеден, екі тараудан және қорытындыдан тұрады.
Кіріспеде революцияға дейінгі және революциядан кейінгі кездері Қазақстан территориясындағы ортағасырлық қалаларда жүргізілген археологиялық жұмыстар нәтижесінде жазылған ғылыми еңбектер мен монографияларға қысқаша тарихнамалық шолу жасалынды.
І-тарау. "Ортағасырлық қалалардың зерттелу тарихы" деп аталып, онда ортағасырлық қала, оның қалыптасуы, дамуы, зерттеушілердің ғылыми еңбектері мен монографияларына сүйене отырып жазылды. Лантикалық қала мен ортағасырлық қаланы салыстыра отырып, ОртаАзиямен Қазақстан қалаларының арасындағы айырмашылығы көрсетілген.
ІІ-тарау "Оңтүстік Қазақстанның ортағасырлық қалалары". Бұл тарау екі параграфтан тұрады. "Отырар қаласы" деп аталатын бірінші параграфта Отырар қаласының топографиялық құрылымына, ол туралы жазба деректерге, ондағы жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының стратиграфиясының құндылығына, ортағасырлық қала ретіндегі Отырардың роліне, Отырар қаласының оазистің орталығы ретіндегі алатын орнын ашып көрсеттік.
Екінші параграфта Тараз қаласының жалпы топографиясына, ол туралы жазба деректерге, онда жүргізілген археологиялық қазбаларға, Тараздың стратиграфиясына, үш кезеңдегі яғни ғғ., Х-ХІІ ғғ. және XІІІ-ХVIІІғғ. Тараз қаласының дамуына және ортағасырлық астаналық қала ретіндегі Тараздың алатын орны мен өзіндік ерекшеліктеріне, Тараздың оазис қалаларымен байланысына тоқталдық.
Қорытындыда Қазақстан территорясындағы ортағасырлық қалалардың зерттелуінің маңыздылығы, олар туралы соңғы кездегі қызу пікір таластарға тоқталдық.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеті.
Көрсетілген тақырыпта жұмыс істеу барысында дипломатиялық құжаттар, монографиялар жинағындағы материалдарды кеңінен пайдалану арқылы тақырыпты жан - жақты және қызықты, әрі күрделі мәселелерді ашу диплом жұмысының мақсатын құрайды. Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер қойылды:
- ортағасырлық қалаларының тарихнамасына сипаттама беру;
- Тараз қаласының тарихына шолу;
- Оңтүстік Қазақстанның ортағасырлық қалалары туралы археологиялық деректерге шолу
Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы екі тараудан үш тараушадан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер мен сілтемелер тізімі және архив материалдарының тізімінен тұрады.
I TAPAУ. Орта азия мен Оңтүстік Қазақстан ортағасырлық қалалары
1. 1 Орта Азиямен Оңтүстік Қазақстан ортағасырлық қалаларының тарихнамасы. Ерте феодализм дәуіріндегі Қазақстанның оңтүстігінде болған ірі әлеуметтік және экономикалық өрлеу негізінде Сырдария, Талас, Шу және Іле өңірлерінде көптеген саяси орталықтар пайда болды. Олардың кейбіреулерінің шығуы ертерек пайда болған егіншілік жане қолөнершілік қоныстарымен байланысты.
Солардың негізінде қолөнердің, сауда мен мәдениеттің орталықтары - ерте ортағасырлық қалалар қалыптасты. Осындай қалалардың пайда болуы туралы Ф. Энгельс "Қаладағы қолөнершілер, әрине, әуел бастан-ақ айырбас үшін өндіруге тиіс болды. Бірақ өздерінің тұтынушыларына керекті бұйымдардың көбін олар да өздігінен өндірді, олардың огородтары аз ғана егістік жері болды, малдарын, қауымдық орман ішіне жайды, сонымен қатар олар қауымдық орманнан құрылыс материалдары мен жағатын отын алып отырды" деп жазды.
Совет дәуіріне дейін Орта Азия және Қазақстан қалалары туралы бірлі-жарым ғана еңбек жарық көрді. Соның бірі В. А. Жуковскийдің "Көне Иервтің қиратылуы" деген монографиялық еңбегі.
1913 жылы жарық көрген "Түркістан өлкесі" деген еңбегінде жер шаруашылығының маманы В. И. Масальский: "Орта Азия тарихы мыңдаған жылдарға созылған отырықшылармен көшпенділердің өзара соғысынан ғана тұрған" дейді.
В. И. Масальскийдің бұл пікірінің түбірінен қате екенін кейіннен жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының нетижесінде табылған материалдар толығынан дәлелдеп берді.
В. И. Масальский айтқандай, Орта Азия мен Қазақстанның ортағасырлық тарихи көшпенділер мен отырықшылар арасындағы күрестер нетижесінде емес, керісінше, екеуінің арасындағы болған өзара қарым-қатынастар нәтижесінде дамып отырған. Осыған байланысты совет археологы, көне Хорезмді зерттеуші С. П. Толстов феодализм кезіндегі көшпенділер мен отырықшылар арасындағы өзара қарым-қатынастар жайында былай деп жазды: "Шығыс тарихында қалалардың аса күшті дамуы тек жер шаруашылығының дамуының ғана нәтижесі емес. Керісінше, томаға-тұйың қауымдық шаруашылықта бұл даму мүмкін емес. Қоғамдық еңбек бөлінісі жағдайында қалалар көшпенділер мен отырықшылардың зат айырбастайтын орталығы бола отырып, қоғамның ішкі байланысын сақтайтын - бөлігі болып табылады.
В. В. Бартольд "Мерв тарихына" деген статьясында арнаулы термендирге тоқталған: "кухендиз" - қала-қала билеушісінің тұрағы, "шахристан" - "медина" - қаланың бұл бөлігі араб шапқыншылығына дейінгі дәуірге жатады, "рабад" - бұл шахристан қабырғасында сауда мен қолөнерге байланысты шыққан бөлігі.
Орта Азия, Қазақстанның көне тарихын кезеңге бөлу туралы дискуссия 1938 жылы өткен ГАИМК /Государтственная академия истории материальной культуры/ сессиясында болды. С. П. Толстов "Периодизация древней истории Средней Азии", "Древний Хорезм", "По древним дельтам Окса и яксарта", "Города грузов" деген ғылыми мақалалары мен монографиялық еңбектерінде Орта Азия мен Қазақстан көне тарихын төрт кезеңге бөлген: "архаикалық біздің заманымызға дейінгі VIII-ІV ғасырларды қамтиды, эллинистикалық біздің заманымыздың І-ІІІ ғасырын, кушан - эфталит біздің заманымыздың ІV-VІ ғасырын қымтап, антикалық кезеңге жатады.
Осы еңбектерінде С. П. Толстов қоғамнан феодалдық қоғамға өтуде қала құрылысында, әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің болғанын сипаттайды.
Қоныстар мен тұрғын үй екі кезеңде, яғни антикалық жене ортағасырлық кезеңде біp-біріне ұқсамайды. Оны қаланың жоспарынан білуге болады. Мысалы, Антикалық қалалар көбіне тік төртбұрышты, бекіністің қамалдың ішінде, шекараларында орналасқан.
/1-3 суреттер/
Ал ерте ортағасырлық қалалар VІ-VII ғасырдағы қалалардың орнында кейде биік жерде, феодалдық замоктар жанында жоспарсыз салынған.
Ортағасырлық қалада қорғаныс ісіне әскери адамдармен қатар қала халқы да қатысады. Қаланы қорғаушылар қамалдарда, қала қамалының галереяларында тұрып жаудың шабуылына тойтарыс берген.
Антикалық қалада бекіністер үлкен кесектен қаланып, атқыштар галареясы, тұрғын үй бәрі де қалалық қамал ішінде болған /4-сурет/.
Ерте ортағасырлық бекіністер тек Орта Азияда, Хорезмде ғана емес, Қазақстан жерінде Сырдария атырауында Іңкәр-Дарияның солтүстік құйылысындағы бекініс түрлеріне тоқталған. /5-сурет/
Сонымен қатар С. П. Толстов өзінің "Города гузов" деген мақаласында 1946 жылы Жанкент /Янгикент/, Күйік Кескен, Жетжасар қалаларын зерттеді. Жанкент-Гуз патшалығы резиденциясы, қамыс өсіп кеткен батпақты жерде, көлемі 375 х 225 м /шығысында 300/ орналасқан. Солтүстік Батыс бұрышында көлемі 100x100 м, 7-8 м биіктікте цитаделі бар /8-сурет/.
Ортағасырлық қалалардың зерттеушілерінің бірі А. Якубовский былай деді: "Біз енді құлдық қаладан соң феодалдық қала, яғни құлдық қоғамнан феодалдың қоғамға өтер кездегі өтпелі дәуір кезеңі қаласы барын білдік.
Әдетте қалалар феодалдық замоктар жанында пайда болып отырған. Мұнда бай шонжарлардың Үйлері мен сарайлары, қолөнер, сауда құрылыстары шоғырланды. Кейіннен халық қоныстанған орын айнала дуалмен қоршалды. Сөйтіп, қаланың ұйтқысы шахристан пайда болды. А. Ю. Якрбовский атап айтқандай: "VII-VIII ғасырларда шахристандардың негізгі тұрғындары, қалай болғанда да, қаланың билеушісі, оның сарайындағылар мен қызметшілері, өздерінің үлкен усадьба-үйлерінде тұрған бай диқандар, көпестер және ақырын да дін қызметшілері болды.
А. Ю. Якубовский "Сығанақтың қиратылуы" деген еңбегінде: "Қаланың дәстүрлі құралу жолынан басқа жолдары болғанын, қырдағы ел мен отырықшы аймақ шекарасындағы аудандарда, базардың орнында қалалар пайда болды".
Жетісуда соғды қоныстарының пайда болуы және соғдыдылықтардың Жетісу қалалары мен Қазақстан территориясының оңтүстік жене оңтүстік шығысындағы басқа да аудандарға қоныстануы халықаралық сауданың дамуымен тығыз байланысты. Бұл проблема В. В. Бартольдтің 1926 жылы жарық көрген "К вопросу о языках согдейском и тохарском" деген мақаласында жан-жақты қарастырылды.
Соғдылықтардың Жетісуды отарлауын олардың арасындағы өзара қарым-қатынасты одан әрі зерттеуші А. Н. Бернштам болды. Оның 1940 жылы "Согдейская колонизация Семиречья" деген мақаласы баспадан жарық көрді.
А. Н. Бернштам соғдылықтардың Жетісуды отарлауын екі кезеңге бөледі:
"1- кезеңді, ІІІ-V ғасырға жатқызып, оны қолөнер, сауда қарым-қатынастарымен байланыстыра отырып, сол кездегі жене Тараз архитектурасын қоса жазады.
2-кезеңі, VІ ғасырдың соңынан басталып, бұхар эмиграциясына байланысты соғдылықтардың біртіндеп түрік көшпенділерімен ассимилицияланып, өз мәдениетінің одан әрі гүлденуін IX ғасырдың аяғына әкеліп тірейді.
Жетісудың жергілікті қалалық мәдениетінің дамуына соғдылықтардың ықпал жасауы әр түрлі тарихи кезеңдерде бірдей болған жоқ. Соғдылықтар VII-VIII ғасырлар кезеңінде неғұрлым үлкен роль атқарды. . "Соғдылықтар Жетісуда егіншілік мәдениетінің, құрылыс өнерінің, керамика қолөнерінің дамуында елеулі роль атқарды.
Соғдылықтардың келуі Жетісудың егіншілік және қала мәдениеті тарихында елеулі із қалдырды, бірақ оның әлеуметтік-экономикалық көне саяси тарихының басты-басты факторлары Жетісудың жергілікті отырықшы және көшпелі халқының өндіргіш күштерінің дамуы болды.
В. А. Лавровтың 1950 жылы жарық көрген Градостроительная культура Средней Азии" деген еңбегінде ортағасырлық қала мәселелері сөз болады. Бұл еңбекте негізінен ортағасырдағы қала құрылысын VIII кезеңге бөле отырып, қаланың, оның бөліктерінің пайда болуы, қалыптасу, даму және құрылыс пен сәулет өнеріндегі тәсілдерін Қазақстан территориясындағы қалалармен өте шебер байланыста суреттеген.
Ерте ғасырлардағы қалалардың негізгі бір түрі ретінде бекіністі қамалды алуға болады. "Бекіністің дәл ортасында замок-кешк орналасқан, бірінші қамал 20 м аралықта жартылай сопақша /овальды/ формада болып, онда замок иесі мен семьясыниң тұрағы, жайы орналасқан. Екінші қамал біріншіден 10 м аралықта болып, онда қызметшілерінің үйлері орналасқан, ал үшінші қамал 45. м қашықтықта болып, онда шаруашылық ауласы орналасқан. / 7-сурет/. 1
Ерте ортағасырлық қалалардың құрылысындағы келесі бір ерекшелігі - үлкен бекіністің айналасына оған бағынышты кішірек, жеке-жеке бекіністердің топтасуы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz