БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ



Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ
2
1.
БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
4
1.1
Бухгалтерлік есептің түсінігі мен оның мәні
4
1.2
Қазіргі кездегі шаруашылық есептің мақсаттары мен міндеттері
5
1.3
ҚР-да бухгалтерлік есептің нормативтік құқығын реттеу
9
2
БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕРІ
12
2.1
ЖШС Байсерке Агро Қысқаша сипаттамасы
12
2.2.
1С Бухгалтерия
14
3.
БУХАГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІҢ АВТОМАТТЫ ЖҮЙЕЛЕРІН ЖЕТІЛДІРУ ШАРАЛАРЫ
19

ҚОРЫТЫНДЫ
21

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
23

ҚОСЫМШАЛАР

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
Бухгалтерлік ақпараттық жүйелер - бұл экономикалық объектіні басқару үшін ақпарат теру, сақтау, жаңарту, талдау және ақпарат беру болып табылады.
Қазіргі уақытта ақпарттық жүйе көп көлемде немесе түрлі арнада қолданылады. Олардың бір-бірімен келесі факторлармен айырмашылығы бар: өзгеше басқару объектісі, бухгалтерлік ақпараттық жүйе жинақталған тәжірибе бойынша тудыру және функциялау, басқару және басқарушылық жүйе құрылымы, қолданылатын жинақтау құралдары, мәліметтерді беру және өңдеу, бухгалтерлік ақпараттық жүйелерді басқару объектісінің басшылық позициясы және т.б.
Бухгалтерлік есеп ұйымның қаржылық ақпараттарын өлшейтін,
өңдейтін, есептейтін және оны пайдаланушылардың қолданылыуына
ыңғайлы етіп жеткізіп беріп отыратын жүйе болып табылады.
Бухгалтерлік есеп басқару жүйесінде ең маңызды орындардың бірін иеленеді.
Бухгалтерлік есеп ұйымға оның қаржылық жағдайын жоспарлау,
бағалау, бақылау және талдау секілді функцияларды орындау үшін қажет.
Бухгалтерлік ақпараттық жүйелерге спецификалық ерекшеліктер тән. Осылай, біріншілік ақпарат негізінде бухгалтерлік ақпараттық жүйелерде есептің әртүрлі түрлерінің (жеделдік, бухгалрелік және статистикалық) интеграциясын жүзеге асырады. Ақпараттық жүйе (АЖ) - кері байланыс үшін жалғыз ақпарат көзі болып табылады.
Есептің барлық бөліктеріндегі есептік ақпаратты автоматты түрде өңдеу мүмкіндігі бухгалтерлік ақпараттық жүйелерге тән үрдіс жинаудан және ақпаратты тіркеуден басталады.
Бухгалтерлік ақпараттық жүйелерді жобалау - жүйе элементтер жұмысының кіруін анықтау, жоба құжаттамасын және жобалық шешімдерді өндіру, ақпараттың үрдістерін зерттеу құрамына кіретін күрделі үрдіс болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты:
ЖШС Байсерке Агро автоматтандырылған есепке алу процестерін және бухгалтерлік есептің ақпаратттық жүйелерін зерттеу.
Курстық жұмыстың міндеттері:
-Ақпараттық жүйелердің анықтамалық түсінігі
-Бухгалтерлік есеп ақпараттық жүйелердің теориялық негіздерін зерттеу.
-Ақпараттық жүйелерді жобалау принциптерін қарастыру.
- ЖШС Байсерке Агро автоматтандырылған есепке алу процестерін 1с Бухгалтерия бағдарламасында мысалын қарастыру.
Жұмыс объектісі: ЖШС Байсерке Агро болып табылады.

1. БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1.1. Бухгалтерлік есептің түсінігі мен оның мәні
Бухгалтерлік есеп - ұйымның қаржылық ақпаратын белгілі бір әдістері мен тәсілдері бойынша есептейтін, өлшейтін және оны өңдеп, тасымалдайтын ғылым. Ол кәсіпорынның жұмысын толығымен бақылап, оны басқару үшін бағыт-бағдар беріп, алдағы уақытта істелінетін жұмысын жоспарлап және сонымен қатар ол ұйымның болашақта атқарылатын жұмысына экономикалық талдау жасауға өте қажетті жүйе болып табылады.
Кез келген ұйымда бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізу экономикалық мәселелердің негізгі және басты қажеттілігі болып табылады. Бухгалтерлік есеп арқылы өндірілген өнімді есепке алуға, сатып-өткізуге, айырбастауға және одан түскен қаржыны тиімді де ұқыпты етіп бөліп жұмсауға, яғни кәсіпорындағы шаруашылық үдерістердің барлығын басынан соңына дейін есептеуге болады. Ұйымдағы экономикалық және технологиялық үдерістердің, сондай-ақ шаруашылық операцияларының барлығының да есепке алынуы экономикалық талапқа сай бухгалтерлік есептің негізі болып табылады.
Жалпы бухгалтерлік есеп кәсіпорында мынадай қызмет атқарады:
- болашақта (алдағы уақытта) пайдалану үшін ұйымда болып жатқан операцияларды тіркеп және оны өңдеп отырады;
- ұйымның қаржылық-ақпараттық мәліметін өңдейді, сондай-ақ оны керек уақытына дейін сақтайды;
- қаржылық-ақпараттық мәліметті пайдаланушыларға уақтылы беріп отырады, ал бұл ақпаратты пайдаланушылар осы деректер арқылы ұйымды басқару барысында түрлі шешім қабылдайды.
Кәсіпорындар мен ұйымдардағы болып отыратын барлық үдерістерді алдымен бақылап, орындалған жұмыстар мен атқарылған қызметтердің нәтижесінде өндірілген өнімдерді, олар үшін жұмсалған материалдар мен шикізаттарды, қаржы-қаражаттарды сандық өлшемге келтіріп және оны арнаулы құжаттарға қарай реттеп, соңынан тіркеу жұмысын жүргізетіндігі бухгалтерлік есептің басты міндеті болып табылады.
Бухгалтерлік есептің негізгі мақсаты - барлық кәсіпорындарда орындалатын операциялардың уақтылы есепке алынып, олардың қазіргі күнгі уақыт талаптарына сай орындалуына, яғни жүзеге асырылуына бақылау жасау. Бухгалтерлік есептің басты ерекшелігі, ол тек қана бастапқы және арнайы құжаттарға жазылып тіркелген нақтылы көрсеткіштер негізінде жүргізіледі.
Кәсіпорындағы шаруашылық операциялардың тиімділігі мен олардың заңдылығы, шығындардың орынсыз жүмсалынбауы, материалдық құндылықтардың қатаң тәртіппен ұқыпты да тиімді жұмсалынуы бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізудің міндеті болып табылады.
Қорыта келгенде, бухгалтерлік есептің негізгі басты мақсатына кәсіпорын жұмысының экономикалық тиімді тұрғыдан орындалуы, ұйымның өзін-өзі қаржыландыруы мен табыс (пайда) табуы жатқызылады.

1.2 Қазіргі кездегі шаруашылық есептің мақсаттары мен міндеттері
Қазақсатан Республикасы Президентінің заңды күші бар Бухгалтерлік есеп туралы занының жасалып, қабылдануы шаруашылық есепті дамытудағы жаңа саты болады, нарыққа дейінгі барлық есеп жұмыстарынан түбегейлі айырмашылығы бар дүние болып шықты. Ол Қазақсатан Республикасының шаруашылық есептің жүйесі түбегейлі, ал бухгалтерлік есепті ішінара белгілеп, экономикалық өзгерістер талаптарына жауап бере алатын бухгалтерлік есептің ұйымдық, заңдылық, әдістемелік және басқа да жаңа жүйелерінің негіздерімен байланысты есептің негізгі принциптері мен жалпы ережелерін тұжырымдап береді.
Шаруашылық есеп нарықтық шаруашылық жағдайында бәрінен бұрын нарықтық экономика талаптарына бағынған мүлде жаңа мақсатпен ерекшеленеді. Осы мақсатқа орай нарықтық шаруашылық есеп елдің әлеуметтік - экономикалық даму жолдарын іздестіруді ақпараттық жағынан қамтамасыз етуге тиіс. Сондықтан нарықтық шаруашылық есеп, атап айтқанда, әкімшілік-әміршіл экономика жағдайына қарағанда шаруашылық қызметтің мүлде жаңа ақпаратық үлгілері талап етеді.
Әрине, осынау мүмкіндік қазірдің өзінде аяғына дейін жүзеге асты деп санауға болмайды, өйткені шаруашылық есептің аталған сапалық тұстарына деген талап үздіксіз өсіп отыр, сондықтан да ол үнемі жетілдірілу үстінде болады.
Шаруашылық есеп жүйесі үш шағын жүйеден, есептің үш түрінен тұрады. Олар: жедел, бухгалтерлік және статистикалық есеп. Бұлардың әрқайсысы экономикалық объектіні басқарып, сол бойынша шешім қабылдауда ерекше рөл атқарады.
Жедел есеп деп есеп жұмыстарының жиынтығын айтады. Ол субъектінің шаруашылық қызметінің жекелеген учаскесіндегі ағымдығы бақылау фазасын ақпаратпен қамтамасыз етіп отыру мүдделі органдарға экономикалық объекті іс-әрекетіндегі жағымсыз ауытқушылықты дер уақытында анықтап, оны жоюға шұғыл араласуға мүмкіндік береді.
Мұндай жағдайда субъектінің шаруашылық қызметінің белгіленген түпкілікті қаржылық нәтижесі өзгертілуі де ықтимал. Мысалы, сауда субъектілерінде тауар айналысының тауар ресурстарымен қамтамасыз етілуін ағымдағы бақылаудан өткізу үшін әрбір тауар тапсырушының тауар әкеліп тұру келісімшартын қалай орындайтынын білу үшін жедел есеп жүргізіледі, ал тауар айналысының жоспарын ағымдағы бақылаудан өткізу үшін - тауарлардың сатылуы жедел есепке алынады және т.б.
Жедел есеп (немесе шұғыл есеп деуге де болады - аудармашы) мейілінше нақты, бақыланылатын фактілерге, құбылыстарға тән өлшемдер бойынша (дана, теңге, тонна және т.б.) сандық мөлшерлер тіркеледі. Жедел есеп субъектінің шаруашылық қызметтерінің тұтастай жағдайын көрсетіп бере алмайды.
Экономикалық объектінің қаржы ресурстарының қозғалысы мен жағдайы туралы ақпарат алуды қамтамасыз етіп отыратын есеп жұмыстарының жиынтығы бухгалтерлік есеп деп аталады. (немістің Buchhaltund - кітап жүргізуші деген сөзінен шыққан, өйткені осынау есеп пайда болғаннан бергі бірнеше ғасырлар бойы оны арнаулы кітапқа (журналға) бір адам жазып отыратын болған).
Бухгалтерлік есепті пайдаланушылардың талаптарына сәйкес ол: өндірістік, қаржылық және салықтық болып үш түрге бөлінеді.
Есептің өзге түрлеріне қарағанда бухгалтерлік есептің өзіндік ерекшеліктері болады. Атап айтқанда:
- Құжаттылық жағынан негіз болып табылады.
1.Уақыты жағынан үздіксіз (күннен - күнге) және қамтуы жағынан біртұтас (шаруашылық субъектісінің қаржы - шаруашылық қызметіндегі брлық өзгерістердің бір де бірін қалдырмау).
2.Мәліметтерді өңдірудің ерекше, тек өзіне ғана тән әдістерін қолдану (бухгалтерлік шот, екі ретті жазу, қаржылық есеп беру, бухгалтерлік баланс және т.б.).
Бухгалтерлік есеп - есеп теориясы, қаржы мен өндірістік есеп, салықтық есеп болып бөлінеді.
Бухгалтерлік есеп теориясы - бұл бухгалтерлік есеп жүйесін ұйымдастырудың теориялық, әдістемелік және практикалық негіздері.
Қаржылық есеп - бұл шаруашылық операцияларын бухгалтерлік жағынан ретке келтіріп, тіркеуді қамтамасыз ететін есептік ақпаратты жинастыру жүйесі.
Қаржылық есеп шаруашылық жүргізуші субъектінің мүлкі мен міндеттемелері туралы ақпаратты топтастырады (материалдық және материалдық емес активтер, жалға алынған мүліктер, қаржылай және заттай
салынған жарна, ағымдағы активтер (ТМЗ)), субъектінің міндеттері несие, дебиторлық және кредиторлық берешектер, ақша қаражаты, меншікті капитал,бөлінбеген табыс (шығын) және т.б.
Қаржылық есептің деректерін шаруашылық жүргізуші субъект ішінде әртүрлі деңгейдегі басшылар мен сыртқы пайдаланушылар пайдаланады (қазіргі және болашақтағы инвесторлар, кредиторлар, банктер, салық және қаржы ұйымдары).
Өндірістік есептің міндеті-өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құны туралы деректер жинастырып, өңдеу. Бұл ақпарат субъектінің коммерциялық құпиясы болып табылады, сондықтан ол тиісті басшы адамдардың өз іштерінде пайдалануына бағытталған. Өндіріске және өнімді (жұмысты, қызметті) өткізуге шығарылған шығындар туралы неғұрлым тиімді де жедел ақпарат жинастыру үшін субъект өзінің дербес бухгалтерлік есеп жүйесін құрады, ал ол аталмыш субъектінің ерекшеліктеріне неғұрлым жақындау келеді.
Салықтық есеп-салық салуға қажетті ақпаратты зеріттеп, тіркейді. Салықтық есепте пайдаланылатын ақпарат бухгалтерлік және жедел есептерден алынады.
Бухгалтерлік есептің өндірістік, қаржылық, салықтық болып бөлінуі нарықтық экономикалық жағдайындағы есептің маңызды бір ерекшелігі болып табылады. Алайда ол субъектінің міндетті түрде өндірістік, әрі жеке қаржылық бухгалтерия құруы керек дегенді білдірмейді. Алайда ең маңыздысы - ақпараттың қандай мақсатқа, кім үшін жиналатынында.
Шаруашылық есеп жүйесінің құрамдас үшінші-статистикалық есеп деп аталатын бөлігі - есеп жұмыстарының жиынтығы. Ол жалпылама сипаты бар, өзінің мәні жағынан біркелкі келетін экономикалық фактілердің саны туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді.
Статистикалық есеп құбылыстардың қарапайым есебін (орташа) анықтау үшін, олардың қайталану жиілігін, оқиғалардың уақыт бойынша даму серпінділігін анықтау үшін, әртүрлі үлгідегі фактілердің пайда болу аралығындағы байланысты анықтау, осы байланыстардың тығыздығы мен мүмкіндік дәрежесін өлшеу үшін, оның сипатын үлгіге түсіріп, сол негізде бақылаудағы объектінің сапалық бағасын жасап, оның даму тенденциясын белгілеу үшін қажет. Статистикалық деректер ерекше тәсілдер арқылы өңделеді. Мұның өзі жекелеген бақылаудың нақты нәтижелерін жеңілдетуге мүмкіндік береді. Шаруашылық есеп жүйесіне статистикалық есептің экономикалық объектіні бақылауға байланысы бар саласы ғана кіреді.
Шаруашылық есептің үш түрі мен шағын жүйелерінің бірлігі және органикалық өзара байланысы мынада: Экономикалық фактілерді бақылаудың бірінші фазасында бастапқы құжаттар, негізінен есептің барлық түрлеріне ортақ құжаттар пайдаланылады; екіншіден фазада есептің осы түрлері арқылы экономикалық көрсеткіштердің өзара байланысты жүйесі қалыптасады, сондай - ақ барлық есеп жұмыстары бірыңғай ұйымдастырушылық және әдістемелік принциптер жүйесіне келтіріледі. Техникалық жағынан есептің осы үш түрі де бір - бірімен тығыз сабақтас: Жедел есеп арқылы берілген деректер бухгалтерлік ақпараттық үлгіге енгізілу үшін немесе статистикалық қорытынды жасау үшін пайдаланылады; жедел есептің дұрыстығын бухгалтерлік есептер арқылы мезгіл бақылаудың тәсілдері жасалады; жедел және бухгалтерлік есеп жұмыстары кезінде пайда болатын көптеген ақпараттық мәліметтер статистикалық өңдеуге түседі.
Осындай бірлік нәтижесінде экономикалық объект қызметін бақылаудың жедел, статистикалық есеп арқылы алынған қорытындыларды бір - біріне өзара толықтырып, есеп беру көрсеткіштерінің бірыңғай жүйесіне айналады, бұларды статистикалық жағынан ең жоғары деңгейге - ел экономикасының даму сипаттамасын жасауға дейін жеткізеді.

1.3 ҚР-да бухгалтерлік есептің нормативтік құқығын реттеу
Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы Заңнан басқа, бухгалтерлік есептің жекелеген аспектілері ҚР Азаматтық Кодексімен, ҚР Салық Кодексімен және басқа да заңдармен реттеледі. Мысалы, ҚР Азаматтық Кодексінде талап ету мерзімінің уақыты белгіленген сату-сатып алу кезінде іске асатын мүліктік құқықтың ауысуының мерзімі анықталған.
Заң бухгалтерлік есептің және оны ұйымдастырудың әдістемелік және құықтық негіздерін, бухгалтерлік қызметтің негізі бағыттарын және есеп беруді құра білуді, сонымен қатар, бухгалтерлік есеп жүргізуге міндетті және бухгалтерлік есеп беруді құратын шаруашылық жүргізуші субъектілердің құрамын анықтайды. Заң есептің негізгі мақсаттарын және оны жүргізудің басты талаптарын анықтайды.
Қазақстандағы бухгалтерлік есепті реттеудің нормативтік жүйесі бухгалтерлік есеп жөніндегі келесі құжаттар деңгейін қамтиды:
Кесте 1 - Қазақстандағы бухгалтерлік есепті реттеудің нормативтік - құқықтық жүйесі
Деңгей
Құжаттар
Құжаттарды қабылтайтын органдар
І деңгей - заң шығарушы
Заңдар, қаулылар, кодекстер, жарлықтар
Парламент, ҚР Президенті
ІІ деңгей- нормативтік

Бухгалтерлік есеп жөніндегі ережелер (стандарттар)
ҚР Үкіметі, ҚР Қаржы министрлігі, ҚР Ұлттық Банкі

ІІІ деңгей - әдістемелік

Әдістемелік нұсқаулар, нұсқаулықтар, хаттар. Қаржылық есеп беруді дайындау мен ұсынудың Концептуалды негізі.
ҚР Қаржы министрлігі, атқарушы билік органдары,
халықаралық кеңес беруші комитеттер.

IV деңгей - ұйымның есеп саясаты
Есеп саясаты аясындағы ұйымдастыру - басқару құжаттары (бұйрықтар, үкімдер және т.б.)
Ұйымдар, фирмалар, компаниялар және басқа да кеңес беру фирмалары.

Бірінші деңгейге мүліктердің, міндеттемелердің және шаруашылық операцияларының түрлерінің салық салынуы мен есебін реттеуді регламенттейтін басқа да Заң актілері жатады. ҚР Президентінің Жарлықтары мен ҚР Үкіметінің Қаулылары - нормативті реттеу жүйелерінің бірінші деңгейіндегі құжаттар.
Бухгалтерлік есепті реттеудің екінші деңгейіндегі құжаттар - бұл ұйымдардың шаруашылық өмір фактілерінінің есебін жүргізу әдісін, ережелерін және принциптерін бекітетін ҚР Қаржы министрлігінің бухгалтерлік есеп жөніндегі ережелері (стандараттары). Ережеге сай, олар ҚР Әділет министрлігінде тіркеледі және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бухгалтерлік есептің міндеті және оған қойылатын талаптар
Бухгалтерлік есеп қағидалары
Басқару есебінің мақсаты
Бухгалтерлік есеп жайлы
Бухгалтерлік есеп туралы мағлұматтар
Бухгалтерлік есеп міндеті
Бухгалтерлік құжаттарды ұйымдастыру жолдары
Бухгалтерлік есептің принциптері туралы
Бухгалтерлік есепті теориялық жағынан зерттеп, кәсіпорынның есеп саясаты және қабылданған басқару шешімдерінің дұрыстығын анықтау үшін бухгалтерлік есептің орнын, маңызын, рөлін көрсету және осының негізінде оны жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау
Жылдамдатып есептен шығару әдісі
Пәндер