Орта ғасырдағы Қазақстан жайлы


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Орта ғасырдағы Қазақстан.

Феодалдық құрылыс. VI ғасырда Қазақстанның Оңтүстік және Оңтүстік Шығыс аудандарында феодалдану процесі жүрді. Түріктердің, түркештердің, қарлұқтардың, оғыздардың, қимақтардың, қыпшақтардың ертедегі феодалдық мемлекеттері құрылып, бірін-бірі алмастырды. Әртүрлі аудандардың шаруашылық, әлеуметтік және мәдени дамуында әркелкілік барған сайын анығырақ байқала бастады. Жартылай көшпелі және отырықшы мал шаруашылығы егіншілікпен ұштасқан Қазақстанның Оңтүстігі мен Оңтүстік Шығысыңдағы өндіргіш күштер әлі көшпелі мал шаруашылығы үстемділік еткен оның орталық және Батыс аймақтарына қарағанда жылдамырақ дамыды. Түркі тайпаларының Қазақстан жеріне Орта Азиядан қоныс аударуы одан әрі жалғасты. V ғасырда Солтүстік Монғолиядан Амударияның төменгі ағысына дейінгі жерге Алтай түріктеріне тәуелді Тирек (Телэ) деп аталған тайпалар қоныстанды. 552 жылы Бумын (Тумын) қаған басшылық еткен ертедегі феодалдық мемлекет - Түрік қағандығы құрылды. VI ғасырдың екінші жартысында Түрік қағандығы батыс бөлігінің билеушілері өз иеліктерінің шекарасын Орта Азияға қарай кеңейте түсті. 603 жылы Түрік қағандығы Шығыс және Батыс болып дербес екі бөлікке бөлінді. Батыс Түрік қағандығы Суяб қаласы (Жетісуда) бодды. Оның құрамына Жетісу, Шығыс Түркістанмен қатар Орта Азияның бір бөлігі кірді. Соғды мен Бұхара батыс түріктеріне тәуелді деген аты болмаса, іс жүзінде біршама дербес отырды. Батыс түрік қағандығын қаған басқарды. Оның билігі атадан балаға мирасқа қалды. Ол мемлекеттің барлық ішкі, сыртқы саяси істерін басқарды, қағандықтың барлық жеріне билік етті. Қаған өзіне тәуелді тайпаларда мұрагерлік қызмет атқаратын ұлық, яғбу, шад т. б. осы секілді жоғарғы қызметтегі әулетті рулардың өкіддеріне арқа сүйеді. Феодалдық тәуедділіктегі халық "қара бодан" ("қара халық", "қараша") деп аталды. Олар түрлі борыш, міндеттерді, оның ішінде ең бастысы, әскери міндеті ("Қан салығы") өтеуге тиісті болды. Тәуелді тайпалар қағанға алым-салық төлеп тұрды. Үй немесе семья құлдары болды. Батыс түрік қағаңдығындағы ішкі қырқыс оның әлсіреуіне әкелді. VII ғасырдың аяғыңда Жетісуда қағаңдықтағы түркештер (шулық) мен қара түркештер (ілелік) оқшау шықты. Қаған тағына қара түркештердің өкілі отырды. 756 ж. Түркеш қағаңдығы VIII ғасырдың 2-жартысының басында Алтайдан Жетісуға қоныс аударған түркі тілдес қарлұқ тайпаларының шабуылынан соң құлады. Қарлұқ қағаңдығына (766-940) Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан тайпалары кірді. Олардың құрамыңдағы түркі тілдес тайпалардың ішіңде: тухси, шігіл және азкиш, халадж, чарук, арғу, барсқан, оғыз, ұйғырлардың бір бөлігі. Жетісу соғдылары болды. Қарлұқ қағандығының шекарасы Жетісу мен Қашғадариядан Сырдарияның орта ағысы мен Ферғанаға дейін созылды. Қарлұқтар Ұйғыр қағаңдығымен соғыс жүргізді. Ұйғыр қағандығы қырғыздардың шабуылынан 840 ж. құлағаннан кейін қарлұқ тайпалар бірлестігінің көсемі ябғу түріктердің жоғарғы билеушісінің лауазымы - қаған атағын алғысы келді. УІІІ-ІХ ғасырдың басыңда қарлұқтар түркештердің соңын ала бере арабтардың Оңтүстік Қазақстанның жеріне жылжуын тоқтатты. Араб халифатының құрамына Оңтүстік Қазақстанның бір бөлігі ғана кірді. Исфиджаб көшпелі түріктердің арасына исламды таратушы орталыққа айналды. VIII ғасырдың ортасында Жетісуды мекендеуші халық 748 ж. Суябты басып алып талқандаған, ал 751 ж. Арабтар мен қарлұқтардан күйрей жеңілген қытай әскерінің басқыншлық әрекетгеріне тойтарыс берді. ІХ-Х ғасырлардың аяғыңда Қарлұқ қағаңдығының Солтүстік-Батысында, Сырдарияның орта және төменгі ағысында, Арал маңы, Каспийдің Солтүстік жағыңда, Батыс Қазақстан даласыңда оғыздардың ертедегі феодалдық мемлекеті құрылды. Оғыздардың этникалық құрамы Оңтүстік және Батыс Қазақстанның ежелден келе жатқан жергілікті тұрғыңцары (алан, асса т. б. ) мен Жетісудан көшіп келген түркі тілдес тайпалардың (ерте оғыздық Жетісулық топ, қарлұқ, халадж, т. б. ) бір бөлігі қосылуы нәтижесінде қалыптасты. X ғасырда оғыз мемлекетінің астанасы Янгикент болды. Оғыз жері арқылы Мауараннахр, Иран, Қытай, Кавказ, Поволжьеге сауда мен әскери-саяси одағы 965 ж. Хазар қағандығының күйреуіне жеткізді. X ғасырдың аяғында олар Еділ Бұлғарларына соққы берді.

Алайда, XI ғасырдың ортасыңда оғыз мемлекетін қыпшақтар қиратты. УІІІ-ХІ ғасырларда Қазақстанның солтүстік, шығыс және орталық аудандарын қимақтар мен қыгапақтардың түркі тайпалары қоныстанды. ҮІІІ-ІХ ғаырларда қыпшақтар Қимақ тайпалар одағының ал IX ғасырдың аяғы X ғасырдың басында Қимақ мемлекетінің қарамағында болды. Оның құрамына қыпшақтардан басқа эймур, имақ, татар, байандур т. б. тайпалар кірді. Олардың біразы Орта Азиядан Ертістің жоғарғы ағысы бойына қоныстанды. Қимақтар самани әулеттері, оғыздар, қарлұқтар тоғүз-ғүз, қырғыздар мемлекетімен сауда қатынасын жасап тұрды. Бұл қатынастар ара-тұра әскери қақтығыстарға байланысты кей кездері тоқтап та қалды. Қимақ билеушісіңде алғашқыда "яғбу" лауазымы бар болса, IX ғасырдың аяғынан бастап түріктің жоғарғы атағымен "хақан" деп атадды. Қимақ хақанының билігі атадан балаға мирасқа қалып отырды. Хақан ел басқару ісінде әскери-тайпа шонжарларына арқа сүйеді (олардың саны 11) . Оларға басқаруға жер бөліп берді. Иелік жерлердің билеушілері бекініс қамал салып, әскер ұстады. Ішкі әлеуметтік және саяси қайшылықтар, сондай-ақ XI ғасырдың 1-жартысында Орта Азиядан көшпелі тайпалар - Қыпшақтардың қоныс аударуы, түптеп келгенде Қимақ мемлекетінің құлауына әкелді. Қазақстан жеріндегі ертедегі феодалдық мемлекеттік экономикасы отырықшы егіншілікпен тығыз байланыстырылған көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығына негізделді. Маусымдық жайылымдарға баратын жолдар белгіленіп, үй малының құрамы (жылқы, қой, ешкі, түйе, сиыр) анықталды. Халықтың отырықшы және жартылай отырықшы топтары егіншілікпен (тары, бидай, арпа, суармалы жерлерде күріш екті, оңтүстік аудандарда бау, жүзімдік, бақша өсірді) айналысты. Көшпенділерде бірігіп аңға шығу тек шаруашылық мақсатты ғана көздеген жоқ, әскери жаттығу орнына да жүрді. Мал шаруашылық өшмдерін өндеуге қатысты кәсіби істер дамыды. Темір, күміс, мыс, алтын өндірілді.

Кәсіби орталықтар, егіншілік алқаптар мен көшпелілер даласын байланыстыратын сауда орталықтары, шығыс пен батысты байланыстыратын Ұлы Жібек жолындағы керуен жолдарының торабы саналған Сырдария, Талас, Іле және Шу алқаптарында Исфиджаб, Отырар, Тараз, Янгикент, Баласағүн, Суяб, Қаялық, Ики оғыз, Мирки (Меркі), Нузкет, Құлан сияқты қалалар болды. ҮІ-Х ғасырларда қалалар саяси орталықтар ретіңде ертедегі егінші және кәсііггік қоныстардың феодалдық бекініс-қорғандардың (Оңтүстік Қазақстанда және Оңтүстік-батыс Жетісуда), көшпелі билеушілердің тұрақты қыстау орыңдарының (Іле алқабыңда) негізінде пайда болып қалыптасты. Қалаларда қолөнершілер, ұсақ саудагерлер, диқандар тұрды, базар, ақша айналымы болды, теңге соғылды. Этникалық құрамы жағынан халқы аралас болды. Олар Отырар - Қаратау және Жетіасар мәдениетіне жататын тайпалар тобынан, үйсіндерден, көшіп келген соғдылықтары - Соғдылардан құралды. УІІІ-Х ғасырларда көшпелі және жартылай көшпелі түркі халықтары қарлұқтар, түркештердің, отырықшылық өмірге көшу процесі жүрді. Орта азиялық үлгіге үқсас жергілікті құрылыс салу дәстүрі қалыптаса бастады. Ертедегі феодалдық қала құрылысшыларының қол жеткен жоғарғы жетістіктерінің үлгісі Бабаата сарай комплексі мен Тараздағы Бабабджа-хатун мавзолейі болып табылады. Қолөнеріпілер шыны, көзе, металл, ағаштан көркемдік дәрежесі жоғары бүйымдар жасады. Кілем тоқу, тері илеу істері дамыды. Іле алқабында, Шу және Талас, Сырдария бойыңда жаңа қалалар мен ірі қоныс орыңдары - Қарашық, Қарнақ, Ашнас, Баршынкент т. б. пайда бодды. Отырар, Исфиджаб, Сығанақ, Тараз, Талғар, Қаялық сияқты ескі қалалардың Оңтүстік және Оңтүстік батыс бөліктері кеңейтіліп, Орталық Қазақ-стаңда жаңа қалалар бой түзеді. Торғай, Жыланшық, Кеңгір, Жезді, Сарысу өзендерінің аңғарынан 60 қаланың орны табылды. Қалалардың далалық өңірдегі малшылармен сауда жасауы дамып, көршілес және алыстағы аймақтармен, Орта Азия, Иран, Еділ бойы және орыс елдерімен сауда қатынасы сақтадды.

XII ғасырдың соңы мен ғасырды басыңда Орталық Азиядан Қазақстан жеріне наймандар мен керейіттердің біраз бөлігі қоныс аударды. Орталық Батыс және Солтүстік Қазақстан жерінде көпшелі мал шаруашылығы және онымен байланысты патриархалдық қатынастардың дамуьш тежеді. Қимақ мемлекеті құлағаннан кейін Ертістен Еділге дейінгі далалық кен аймақтарда (Шығыс деректерінде "Дешті Қыпшақ") XI ғасырдың соңы - XII ғасырдың басында қыпшақтардың мемлекеттік бірлестігі құрылды. Қыпшақ тайпалары көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығъшан басқа егін егуді, аң, балық аулауды бідді. Қыпшақ қоғамы ХІ-ХІІІ ғасырдың басында ертедегі феодалдық қатынастар деңгейінде болды. Мүлік теңсіздігінің негізі болып маддардың жайылымдарға иелік ету правосы саналды. XI ғасырдың ортасы XII ғасырдың басыңда қыпшақтардың Оңтүстік орыс даласында ("Қыпшақ даласы") жылжуы барысыңда қыпшақ тайпаларының ертедегі феодалдық саяси бөлінетін 2 ірі этнотерриториялық топ: Батыс қыпшақ (половшылар) және Шығыс қыпшақ (қазақстандық - орта азиялық) топтары ерекшеленіп шықты. Қьшшақтар Киев Русімен, Кама Бұлғариясымен, Хорезммен, Орта Азиямен, Таяу ІПығыстың басқа да мемлекеттерімен саяси және экономи-калық қатынас жасады. XIII ғасырдың басында Хорезммен болған соғыстар қазақстаңдық қыпшақтарды едәуір әлсіретті.

2. Батыс түрік қағанатының этникалық, экономикалық-әлеуметтік саяси құрылысы

"Түркі" сөзі (қытайша "туркюе") б. з. VI ғасырында бірін-ші рет (бір) көшпелі халықтың атауы ретінде пайда болды. Бұл ғасырда түркілер Монғолиядан және Қытайдың солтүстік шекарасынан Қара теңізге дейін созылып жатқан ұлы көшпелі империяның негізін қалады. Қытайлар Тумынь деп атаған (түркі жазбасында Бумин) империяның негізін қалаушы тұлға 552 жылы дүние салды, оның ағасы Естеми (қытайша ІПедеми) Батысты жаулап алған, 576 жылға дейін өмір сүрген. Бастапқыда ағалы-інілі екеуі бір-біріне тәуелсіз болған, түркілердің мемдекеті және батыс түркілердің мемлекеті деп атаған.

582-603 жылдары Батыс (Түрік) және Шығыс (Шығыс түрік мемлекеті) болып екіге бөлінуі түпкілікті аяқталды. Осы жылдар ішінде Шығыс және Батыс Түркі қағандықтарының арасыңда қантөгіс соғыс толастаған жоқ.

Батыс Түркі қағандығы он тайпаның (он оқ будун) бірігуі нәтижесінде пайда болды. Олар Шығыста бес тайпа дулу, Батыстағы бес тайпа нушиби еді. Батыс түркі қағандығына Жоңғария мен Орта Азияны біріктірген жерлер және Шығыс Түркістанның едәуір бөлігі кірді. Шығыс Түркі қағандығы Монғолияны иеленді. Батыс Түркі қағандығы Шөгуи (618-619) мен Тон-яғбу (619-630) қаған қағандықтың шығыстағы шекарасын Алтайға дейін жеткізіп, бүкіл Тарим мен Памирге дейінгі ұлан-ғайыр аумақта оз билігін жүргізді. Ал Тон-яғбу қағандықтың аумағын кеңейту жонінде саясатты одан әрі жалғастырып, әкімшілік орталығын сол кездегі қоләнер мен сауданың маңызды орталығы болған Шу алқабындағы Суяб (Тоқмаққа жақын жерде) қаласына көшірілді, жазғы қонысы Мыңбұлақта болды (Исфиджабқа жақын жер, Исфиджаб - Сайрам қаласы) .

Батыс Түркі қағандығы құлағанымен, оның құрамындағы түркі тайпаларының бәрі бірдей Тань мемлекетіне бағынып, оның билігін мойындаған жоқ. Мәселен, осы Батыс Түркі қағандығына кіретін "он оқ" халқының ішінен түргештер бас көтеріп, өз алдына қағандық құрып, Тань мемлекетінің жаулап алу саясатына қарсы тұрады. Сөйтіп, 704 жылы Батыс Түркі қағандығынан соң Түргеш қағандығы тарих сахнасына шықты 1 .

Батыс түркілерінің мемлекеті - он оқ елінің бірлестігін Түргеш тайпасының көсемі Уч-Элиг (Үш Елік) қалпына келтіріп, жаңа мемлекетке Түргеш атын берді. Бұл уақытта Орта және Орталық Азияда жаңа саяси жағдай қалыптасты: Шығыс Түркі қағандығы құрылды, Орта Азияға арабтар басып кірді.

Түркештер қағандығы, қоныстану аумағы және экономикалық саяси құрылысы: Түркеш қағандығы - Батыс Тянь-Шань мен Жетісуда түркеш тайпалар одағы құрған феодалдық мемлекет (704-766) . Түркеш қағандығы Батыс Түрік қағандығының мемлекеттік-әкімшілік әскери және мөдени дәстүрлерін жалғастырды. Түркештердің көсемі Үшлік (699-706) Шаштан (Ташкент) Түрфан мен Бесбалыққа дейінгі жерлерге өз билігін орнатты. Шу өзенінің Суяб қаласы мен Іле өзенініндегі Күңгірт қаласында қағандықтың "үлкен" және "кіші" ордалары орналасып, ел әрқайсысы 7000 әскер шығаратын 20 округқа бөлінді. Үшлік "он оқ халықтың қағаны" және "Түркеш қаған" деген лауазымға ие болды.

Түркеш қағандығы Батыс Түрік қағанаты билік жүргізген аумақта шаңырақ көтергендіктен халықтың этникалық құрамына ерекше өзгеріс әкеле қоймады. Соңдықтан бұрынғы қалыптасқан үрдіс бойынша түркештер құрған мемлекеті "он оқ елін", "он тайпа", "он жебе қағандығы" деп те атай берді. Б үл этнонимдердің қалыптасу тарихы тым әріден басталады. VI-VIII ғасыр аралығында оның құрамы әлденеше рет жаңарып, толығып отырған.

Жетісу мен Ыстықкөл және Мауреннахр өңірін мекендеген "он тайпа елі" Түркеш қағанаты мен қарлық-Қарахандар тұсында бұл өңірдің жаппай түріктенуін жеделдете отырып, дала мен қаланың көшпелі малшылар мен отырықшы егіншілердің жақындасу процесінде қозғаушы, біріктіруші әрі жетекші күш болғаны айқын.

4. Қарлұқ мемлекеті (766-940 жж. )

Қарлұқтар б. з. I ғасырында грек ғалымы Птоломейдің атақты "Географиясы" арқылы белгілі болған. Олар Алтай мен Тарбағатайдың қарлы тауын мекендеген. Қытайдың "Синь Тан шу" ("Новая история Тань") деген шығармасында VII ғасырдың басында қарлұқтардың тұрған жері Бешбалықтан Солтүстік батысқа қарай, Алтай тауларынан Батысқа қарай Ертіс өзенінің маңында батысқа орналасқан деп жазылған. Қытай тарихшыларының айтуы бойынша қарлұқ тайпалары V ғасырға дейін Алтайдағы, Шығыс Қазақстандағы, Жоңғариядағы Шығыс Түркі қағандығы мен Ұйғыр қағандығының саяси өмірлеріңде зор рөл атқарды.

Қарлұқтардың яғбуларынан шыққан Білге Күл Қадыр кейін Қарахан мемлекетінің қағаны болады.

Қарлұқтардың тарихтағы орны. Қарлұқтардың ислам әлеміне таяу тұрған түріктер еді. Сондықтан да мұсылмандық олардың арасына басқа түрік тайпаларынан ертерек таралып орнықты. Ең алғашқы ислам түрік мемлекеті болып табылатын Қараханиттердің орнығып, хандық құруына қарлұқтар айтарлықтай үлес қосқан болатын.

Қарахан мемлекеті, жер аумағы, этникалық құрамы, шаруашылығы, саяси құрылысы, мәдениеті. Қарахан мемлекеті туралы негізгі құжаттарды және хабарларды араб және парсы авторларының еңбектерінен білеміз. Қарахандық жалғыз тарихшы - имам Абул Футухал Гафира әл-Алманидың "Тарихи Қашқар" кітабынан бір ғана қарахандықтардың шығу тегі туралы азды-көпті мәлімет берді. В. В. Бартольд қарахандықтардың тегін іздеуде үш тайпаны қарлұқ, яғма, шігіл (чигиль) атаумен шектеледі. Осылардан белгілі болғаны - шігілдер мен яғмалар, түркештер тайпала-рының біреуі, тухсиляр, орхон түркілерінің қалдықтары қарлұқ тайпалары одағының құрамына кірді және бұл тайпалардың одағы тарихта IX ғасырдан бері бірге деп есептелінеді. Сонымен Қарахан мемлекеті қарлұқ шігіл мен яғма тайпаларынан құрылды.

Қарахан әулетінің бірінші билеушісі Білге Құл Қадыр қаған болды. Қарахан мемлекетіндегі билік екі тайпаның ақсүйектері арасында бөлінді. IX ғасырда Қарахан тайпалық одағының негізін құраған шігілдер мен яғмалар тайпасы болатын. Шығыс бөлігінің қағаны шігіл тайпасынан шыққан. Ол Арслан Қара қаған деп атадды. Оның астанасы Баласағүн 1 мен Қашқарда болды. Батыс бөлігінің қағаны яғни кіші қаған Таразда, кейінірек Самарқанда болды. Осылайша билеушілердің күрделі иерархиясы өмір сүрді.

Оғыз мемлекетінің құрылуы, қоныстану аумағы. Әлеуметтік саяси жағдайы. Оғыз мемлекеті - IX ғасырдың ортасы мен XI ғасырдың басында Сырдарияның орта және төменгі ағысы мен оған келіп қосылатын Батыс Қазакстан жерінде пайда болған оғыз тайпаларының ежелгі феодалдық мемлекеті. Сірә, оғыздардың бастапқы қоныстанған жерлері Орта Азияның Оңтүстік шығыс аймақтары болса керек. Ертедегі оғыздардың топтасып қалыптаса бастауы Батыс Жетісу жерімен байланысты. VIII ғасырдың ортасына таман ертедегі оғыз топтары Жетісу өңірінен көше бастады. Бұл негізінен Батыс Түрік және Түркеш қағандықтары құлағаннан кейінгі тайпалар арасындағы өзара қырқыс пен Жетісуда Қарлұқ бірлестігінің құрылуына байланысты болды. IX ғасырдың басында оғыз көсемдері қарлүк және қимақтармен одақтасып, қангор-печенег бірлестігін қиратып, Сырдария мен Арал маңындағы жазықтықты иеленді. Ал IX ғасырдың аяғында хазарлармен одақтасқан оғыздар печенегтерге қайта соққы беріп, Еділ мен Жайық өзендерінің аралығын жаулап алды. Оғыз мемлекетінің астанасы - Янгикент Еділ жағалауы мен Маңғышлақ, Үстіртті басып өтіп, Европа мен Азияны жалғастыратын маңызды жол тораптарының тоғысқан жершде орналасқан. Янгикент арқылы маңызды керуен жолдары қимақтар еліне, Хорезм мен Мауаранахрға өтетін. Янгикент билеушілерінің мемлекет құрамы бір текті болмады. Оғыздардың құрамына ежелгі тайпалар ретінде негізінен түркіленген Сырдария алқабы мен Арал-Каспий далаларын мекендеген этникалық топтар және Жетісу мен Сібірдің жартылай кошпелі және кошпелі ру-тайпалары кірді. Оғыздар бірнеше тайпадарға, тайпалар көптеген ру тармақтарына бөлінді. Махмуд Қашғаридың (XI ғ. ) деректері бойынша, оғыздар алғашқыда 24 тайпадан түрды. Оғыздар бузуктар мен учуктар болып 2-ге бөлінді, осыған сәйкес олар оғыз әскерінің оңжәне сол қанаттарын құрады. Оғыздардың түркі тілдес тайпалар мен халықтар - қарл үқтармен, башқұрттармен, қимақтармен, қыпшақтармен тығыз байланыс жасаулары олардың бір-бірімен жақындаса түсулеріне септігін тигізді. Махмуд Қашғари оғыздар мен қыпшақтардың сөздеріне жақындық барын бірнеше рет атап көрсетті. Оғыз мемлекетінде мызғымас бірлік болған жоқ.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тарихи деректерді жіктеу
Ұлы Жібек жолының халықаралық қарым-қатынасты дамытудағы тарихи маңызы
ХІХ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХЫНДАҒЫ ШИЕЛЕНІС
Алтын Орда дәуіріндегі Сыр өңірі қалаларының тарихы
Орта Азия халықтарының Ресеймен қарым - қатынасының басталуы
М. Мағауин жайлы бірер сөз
Қазақ әдебиетімен Европа халықтары әдебиетінің байланысы
Отандық тарих ғылымныда Алтын Орда туралы іргелі зерттеулер
Оңтүстік Қазақстандағы ортағасырлық қалалар
ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің даму ерекшелігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz