Орта ғасырдағы Қазақстан туралы


IV такырып. Орта ғасырдағы Қазақстан
(VІ-ХІІ ғ. ғ. )
(5-6 дәріс)
Қарастырылатын мәселелер:
- Қазақстан аумағындағы мемлекеттер (VІ-ХІІ ғ. ғ. ) .
- Батыс түрік қағанатының этникалық құрамы және экономикалық-әлеуметтік саяси құрылысы.
З. Түркештер қағандығының қоныстану аумағы және экономикалық саяси құрылысы.
4. Қарлұқ мемлекеті және оның этникалық саяси тарихы,
мәдениеті.5. Қарахан мемлекеті, оның жер аумағы, этникалық
құрамы, шаруашылығы, саяси құрылысы, мәдениеті.
6. Қарахан мемлекетіне қидандардың (қарақытайлардың) басып кіруі. Найман ханы Күшліктің қарақытайларды талқандауы.
7. Оғыз мемлекетінің құрылуы, қоныстану аумағы,
әлеуметтік саяси жағдайы.
- Қимақ мемлекеті, қоныстану аумағы, шаруашылығы, әлеуметтік саяси жағдайы, мәдениеті.
- Қыпшақ мемлекеттік бірлестігінің құрылуы, этникалық құрамы, қоныстану аумағы, шаруашылығы мен сыртқы байланыстары.
Әдебиеттер:
- Гумилев Л. Н. Көне түріктер. Алматы. "Білім". 1994.
- Бернштам А. Н. Социалъно-экономический строй орхано-енисейских тюрок (УІ-УІІ в. в. ) . Москва-Ленинград. 1946.
- Бартольд В. В. Карлуки. Соч., 9 томах. Том 5. М., 1968.
- Байпаков К. М. По следам древних городов Казахстана. Алматы. 1990.
108'і ргУлан^^' Казахстана эпоху феодализма. Алматы.
Кляшторный С. Г. Султанов Г. И. Казахстан: летопись трех тысячелетии. Алматы. 1992.
7 Кумеков Б. Е. Государство кимаков ІХ-ХІ в. в. по арабским источникам. Алматы. 1972.
8. Даулетханов Әбілғазы. Түркеш қағанаты. Авторефераты.
Алматы. 2002. г тг
9 Комеков Б. Е. Қыпшақ қағандығы. Қазақ тарихы .
1993. N1.
10 Қоңыратбаев Ә. Қазақ халқының этногенезі. Ақиқат.
1992-ШІ.
11 Назарбаев Н. Ә. Тарих толқыныңда. Алматы. "Атамұра".
1999. '
12. Аманжолов К. Р. Түркі халықтарының тарихы. 1-
том. Алматы. "Білім". 2002.13. Масанов Н. Ә. Кочевая цивилизация казахов. М., 1995.
14. Қазақ ССР тарихы. Бес томдық. 1-том. Алматы "Наука". 1977.
IX тақырып. XVIII ғасырдың 70 жылдарындағы Қазақ хандығы және оның ішкі, сыртқы саясаты
Қарастырылатын мәселелер:
1. XVIII ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ хандығының үш жүзге бөлінуі және олардың жер аумағы.
- Жоңғар хандығы және Жоңғарлардың қазақ жеріне басып-кіруі, қазақ халқының азаттық күрестегі жеңісі, Жоңғар хандығының күйреуі.
- Қазақ хандары Ресейдің қоластына бодандыққа өтті ме? Әбілқайыр хан туралы тарихшылар не дейді?
4. Ресей үкіметінің қазақ жерінде бекіністер мен шептерді салу мақсаты.
1. Қазақстан аумағындағы мемлекеттер (УІ-ХІІ ғғ. )
Феодаддық құрылыс. VI ғасырда Қазақстанның Оңтүстік және Оңтүстік Шығыс аудандарында феодалдану процесі жүрді. Түріктердің, түркештердің, қарлұтардың, оғыздардың, қимақтардың, қыпшақтардың ертедегі феодалдық мемлекеттері құрылып, бірін-бірі алмастырды. Әртүрлі аудандардың шаруашылық, әлеуметтік және мәдени дамуында әркелкілік барған сайын анығырақ байқала бастады. Жартылай көшпелі және отырықшы мал шаруашылығы егіншілікпен ұштасқан Қазақстанның Оңтүстігі мен Оңтүстік Шығысыңдағы өндіргіш күштер әлі көшпелі мал шаруашылығы үстемділік еткен оның орталық және Батыс аймақтарына қарағанда жылдамырақ дамыды. Түркі тайпаларының Қазақстан жеріне Орта Азиядан қоныс аударуы одан әрі жалғасты. V ғасырда Солтүстік Монғолиядан Амударияның төменгі ағысына дейінгі жерге Алтай түріктеріне тәуелді Тирек (Телэ) деп аталған тайпалар қоныстанды. 552 жылы Бумын (Тумын) қаған басшылық еткен ертедегі феодалдық мемлекет - Түрік қағандығы құрылды. VI ғасырдың екінші жартысында Түрік қағандығы батыс бөлігінің билеушілері өз иеліктерінің шекарасын Орта Азияға қарай кеңейте түсті. 603 жылы Түрік қағандығы Шығыс және Батыс болып дербес екі бөлікке бөлінді. Батыс Түрік қағандығы Суяб қаласы (Жетісуда) бодды. Оның құрамына Жетісу, Шығыс Түркістанмен қатар Орта Азияның бір бөлігі кірді. Соғды мен Бұхара батыс түріктеріне тәуелді деген аты болмаса, іс жүзінде біршама дербес отырды. Батыс түрік қағандығын қаған басқарды. Оның билігі атадан балаға мирасқа қалды. Ол мемлекеттің барлық ішкі, сыртқы саяси істерін басқарды, қағандықтың барлық жеріне билік етті. Қаған өзіне тәуелді тайпаларда мұрагерлік қызмет атқаратын ұлық, яғбу, шад т. б. осы секілді жоғарғы қызметтегі әулетті рулардың өкіддеріне арқа сүйеді. Феодалдық тәуедділіктегі халық "қара бодан" ("қара халық", "қараша") деп атадды. Олар түрлі борыш, міндеттерді, оның ішінде ең бастысы, әскери міндеті ("Қан салығы") өтеуге тиісті бодды. Тәуелді тайпалар қағанға алым-салық толеп түрды. Үй немесе семья қүлдары бодды. Батыс түрік қағаңдығындағы ішкі қырқыс оның әлсіреуіне әкелді. VII ғасырдың аяғыңда Жетісуда қағаңдықтағы түркештер (шулық) мен қара түркештер (ілелік) оқшау шықты. Қаған тағына қара түркештердің окілі отырды. 756 ж. Түркеш қағаңдығы VIII ғасырдың 2-жартысының басында Алтайдан Жетісуға қоныс аударған түркі тілдес қарлұқ тайпаларының шабуылынан соң құлады. Қарлұқ қағаңдығына (766-940) Жетісу мен Оңгүстік Қазақстан тайпалары кірді. Олардың құрамыңдағы түркі тілдес тайпалардың . ішіңде: тухси, шігіл және азкиш, халадж, чарук, арғу, барсқан, оғыз, ұйғырлардың бір бөлігі. Жетісу соғдылары болды. Қарлұқ қағандығының шекарасы Жетісу мен Қашғадариядан Сырдарияның орта ағысы мен Ферғанаға дейін созылды. Қарлұқтар Ұйғыр қағаңдығымен соғыс жүргізді. Ұйғыр қағандығы қырғыздардың шабуылынан 840 ж. құлағаннан кейін қарлұқ тайпалар бірлестігінің көсемі ябғу түріктердің жоғарғы билеушісінің лауазымы - қаған атағын алғысы кедді. УІІІ-ІХ ғасырдың басыңда қарлұқтар түркештердің соңын ала бере арабтардың Оңтүстік Қазақстанның жеріне жылжуын тоқтатты. Араб халифатының құрамына Оңтүстік Қазақстанның бір бөлігі ғана кірді. Исфиджаб көшпелі түріктердің арасына исламды таратушы орталыққа айналды. VIII ғасырдың ортасында Жетісуды мекендеуші халық 748 ж. Суябты басып алып талқандаған, ал 751 ж. Арабтар мен қарлұқтардан күйрей жеңілген қытай әскерінің басқыншлық әрекетгеріне тойтарыс берді. ІХ-Х ғасырлардың аяғыңда Қарлұқ қағаңдығының Солтүстік-Батысында, Сырдарияның орта және төменгі ағысында, Арал маңы, Каспийдің Солтүстік жағыңда, Батыс Қазақстан даласыңда оғыздардың ертедегі феодалдық мемлекеті құрылды. Оғыздардың этникалық құрамы Оңтүстік және Батыс Қазақстанның ежелден келе жатқан жергілікті тұрғыңцары (алан, асса т. б. ) мен Жетісудан көшіп келген түркі тілдес тайпалардың (ерте оғыздық Жетісулық топ, қарлұқ, халадж, т. б. ) бір бөлігі қосылуы нәтижесінде қалыптасты. X ғасырда оғыз мемлекетінің астанасы Янгикент болды. Оғыз жері арқылы Мауараннахр, Иран, Қытай, Кавказ, Поволжьеге сауда мен әскери-саяси одағы 965 ж. Хазар қағандығының күйреуіне жеткізді. X ғасырдың аяғында олар Еділ Бұлғарларына соққы берді.
Алайда, XI ғасырдың ортасыңда оғыз мемлекетін қыпшақтар қиратты. УІІІ-ХІ ғасырларда Қазақстанның солтүстік, шығыс және орталық аудандарын қимақтар мен қыгапақтардың түркі тайпалары қоныстанды. ҮІІІ-ІХ ғаырларда қыпшақтар Қимақ тайпалар одағының ал IX ғасырдың аяғы X ғасырдың басында Қимақ мемлекетінің қарамағында болды. Оның құрамына қыпшақтардан басқа эймур, имақ, татар, байандур т. б. тайпалар кірді. Олардың біразы Орта Азиядан Ертістің жоғарғы ағысы бойына қоныстанды. Қимақтар самани әулеттері, оғыздар, қарлұқтар тоғүз-ғүз, қырғыздар мемлекетімен сауда қатынасын жасап тұрды. Бұл қатынастар ара-тұра әскери қақтығыстарға байланысты кей кездері тоқтап та қалды. Қимақ билеушісіңде алғашқыда "яғбу" лауазымы бар болса, IX ғасырдың аяғынан бастап түріктің жоғарғы атағымен "хақан" деп атадды. Қимақ хақанының билігі атадан балаға мирасқа қалып отырды. Хақан ел басқару ісінде әскери-тайпа шонжарларына арқа сүйеді (олардың саны 11) . Оларға басқаруға жер бөліп берді. Иелік жерлердің билеушілері бекініс қамал салып, әскер ұстады. Ішкі әлеуметтік және саяси қайшылықтар, сондай-ақ XI ғасырдың 1-жартысында Орта Азиядан көшпелі тайпалар - Қыпшақтардың қоныс аударуы, түптеп келгенде Қимақ мемлекетінің құлауына әкелді. Қазақстан жеріндегі ертедегі феодалдық мемлекеттік экономикасы отырықшы егіншілікпен тығыз байланыстырылған көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығына негізделді. Маусымдық жайылымдарға баратын жолдар белгіленіп, үй малының құрамы (жылқы, қой, ешкі, түйе, сиыр) анықталды. Халықтың отырықшы және жартылай отырықшы топтары егіншілікпен (тары, бидай, арпа, суармалы жерлерде күріш екті, оңтүстік аудандарда бау, жүзімдік, бақша өсірді) айналысты. Көшпенділерде бірігіп аңға шығу тек шаруашылық мақсатты ғана көздеген жоқ, әскери жаттығу орнына да жүрді. Мал шаруашылық өшмдерін өндеуге қатысты кәсіби істер дамыды. Темір, күміс, мыс, алтын өндірілді.
Кәсіби орталықтар, егіншілік алқаптар мен көшпелілер даласын байланыстыратын сауда орталықтары, шығыс пен батысты байланыстыратын Ұлы Жібек жолындағы керуен жолдарының торабы саналған Сырдария, Талас, Іле және Шу алқаптарында Исфиджаб, Отырар, Тараз, Янгикент, Баласағүн, Суяб, Қаялық, Ики оғыз, Мирки (Меркі), Нузкет, Құлан сияқты қалалар болды. ҮІ-Х ғасырларда қалалар саяси орталықтар ретіңде ертедегі егінші және кәсііггік қоныстардың феодалдық бекініс-қорғандардың (Оңтүстік Қазақстанда және Оңтүстік-батыс Жетісуда), көшпелі билеушілердің тұрақты қыстау орыңдарының (Іле алқабыңда) негізінде пайда болып қалыптасты. Қалаларда қолөнершілер, үсақ саудагерлер, диқандар түрды, базар, ақша айналымы болды, теңге соғылды. Этникалық құрамы жағъшан халқы аралас болды. Олар Отырар - Қаратау және Жетіасар мәдениетіне жататын тайпалар тобынан, үйсіндерден, көшіп келген соғдылықтары - Соғдылардан құралды. УІІІ-Х ғасырларда көшпелі және жартылай көшпелі түркі халықтары қарл үқтар, түркештердің, отырықшылық өмірге көшу процесі жүрді. Орта азиялық үлгіге үқсас жергілікті құрылыс салу дәстүрі қалыптаса бастады. Ертедегі феодалдық қала құрылысшыларының қол жеткен жоғарғы жетістіктерінің үлгісі Бабаата сарай комплексі мен Тараздағы Бабабджа-хатун мавзолейі болып табылады. Қолөнеріпілер шыны, көзе, металл, ағаштан көркемдік дәрежесі жоғары бүйымдар жасады. Кілем тоқу, тері илеу істері дамыды. Іле алқабында, Шу және Талас, Сырдария бойыңда жаңа қалалар мен ірі қоныс орыңдары - Қарашық, Қарнақ, Ашнас, Баршынкент т. б. пайда бодды. Отырар, Исфиджаб, Сығанақ, Тараз, Талғар, Қаялық сияқты ескі қалалардың Оңтүстік және Оңтүстік батыс бөліктері кеңейтіліп, Орталық Қазақстаңда жаңа қалалар бой түзеді. Торғай, Жыланшық, Кеңгір, Жезді, Сарысу өзендерінің аңғарынан 60 қаланың орны табылды. Қалалардың далалық өңірдегі малшылармен сауда жасауы дамып, көршілес және алыстағы аймақтармен, Орта Азия, Иран, Еділ бойы және орыс елдерімен сауда қатынасы сақталды.
Суармалы егіншілік ұлғайды. Феодалдық қатынастардың нығаю процесі бұрынғыша Қарахан мемлекетінің құрамына енген Қазақстанның Оңтүстік және Оңтүстік шығысындағы аудандарында анығырақ байқалды. Қарахан мемлекетінің құрылуында 942 ж. (Сатук-Богра ханның кезінде) X ғасырдың аяғы мен ХІ ғасырдың басында Мауараннахрды басып алған Жетісу мен Шығыс Түркістан жеріндегі қарлұқ бірлестігінің (қарлұқтар, яғмалар, шігілдер) атқарған рөлі үлкен болды. Алайда, Қарахан мемлекеті үзаққа бармады, ақыры ол ильхандар бастағаң Шығыс (Жетісу мен орталығы Баласағұнның қасындағы Орду болған, артынан Қашғарға ауысқан Шығыс Түркістаң) және Батыс (орталығы Үзгентте, кейін Самарқанда болған Мауараннахр) болып 2 иелікке бөлінді. Қарахан мемлекетінде биліктің мұрагерлік, ал жер иемденудің әскери-иелік жүйесі қалыптасқан. Жер хақан (қаған, тамгач-хан) бастаған билік етуші әулеттің меншігі болып саналды, иелік ретінде туыстары мен жақын адамдарына бөлініп беріліп, олардан алым-
салық алынды. Мұндай тарту икта, ал оның иесі иктадар немесе
мукта деп аталды.Шаруаларды қанаудың егіншілк аймақтарда жер иесіне өзіне пайдалануға жер бергені үшін түскен өнімнен үлес беретін сыбағаластық, ал көшпелі аудандарда бай феодалдардың кедей туыстары өздерін қамқорлығына алғандары үшін олардың пайдасына түрлі қызмет атқаратын коммендация деген түрлері болды. Ильхандар мен иктадарлар шартты түрде берілген жерлерді өздеріне өмірлік мұра етіп қалдыруға тырысты. Ішкі Қырқыс күшейе түсті. XI ғасырдың 2-жартысында Салжүқтармен соғыс басталды. XII ғасырдың 30-40 жылы Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан жері Мауараннахр сияқты Қидандар мемлекетінің құрамына кірді.
XII ғасырдың соңы мен ғасырды басыңда Орталық Азиядан Қазақстан жеріне наймандар мен керейіттердің біраз бөлігі қоныс аударды. Орталық Батыс және Солтүстік Қазақстан жерінде көпшелі мал шаруашылығы және онымен байланысты патриархалдық қатынастардың дамуьш тежеді. Қимақ мемлекеті құлағаннан кейін Ертістен Еділге дейінгі далалық кен аймақтарда (Шығыс деректерінде "Дешті Қыпшақ") XI ғасырдың соңы - XII ғасырдың басында қыпшақтардың мемлекеттік бірлестігі құрылды. Қыпшақ тайпалары көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығъшан басқа егін егуді, аң, балық аулауды бідді. Қыпшақ қоғамы ХІ-ХІІІ ғасырдың басында ертедегі феодалдық қатынастар деңгейінде болды. Мүлік теңсіздігінің негізі болып маддардың жайылымдарға иелік ету правосы саналды. XI ғасырдың ортасы XII ғасырдың басыңда қыпшақтардың Оңтүстік орыс даласында ("Қыпшақ даласы") жылжуы барысыңда қыпшақ тайпаларының ертедегі феодалдық саяси бөлінетін 2 ірі этнотерриториялық топ: Батыс қыпшақ (половшылар) және Шығыс қыпшақ (қазақстандық - орта азиялық) топтары ерекшеленіп шықты. Қьшшақтар Киев Русімен, Кама Бұлғариясымен, Хорезммен, Орта Азиямен, Таяу ІПығыстың басқа да мемлекеттерімен саяси және экономи-калық қатынас жасады. XIII ғасырдың басында Хорезммен болған соғыстар қазақстаңдық қыпшақтарды едәуір әлсіретті.
2. Батыс түрік қағанатының этникалық, экономикалық-әлеуметтік саяси құрылысы
"Түркі" сөзі (қытайша "туркюе") б. з. VI ғасырында бірін-ші рет (бір) көшпелі халықтың атауы ретінде пайда болды. Бұл ғасырда түркілер Монғолиядан және Қытайдың солтүстік шекарасынан Қара теңізге дейін созылып жатқан ұлы көшпелі империяның негізін қалады. Қытайлар Тумынь деп атаған (түркі жазбасында Бумин) империяның негізін қалаушы тұлға 552 жылы дүние салды, оның ағасы Естеми (қытайша ІПедеми) Батысты жаулап алған, 576 жылға дейін өмір сүрген. Бастапқыда ағалы-інілі екеуі бір-біріне тәуелсіз болған, түркілердің мемдекеті және батыс түркілердің мемлекеті деп атаған.
Сексен жылдай өмір сүрген кезінде Түркі қағандығы дамудың биік сатысына көтерілді. А. Н. Бернштам бұл жөнінде мынадай қорытынды ұсынды: "Ертедегі түркілердің қоғамдық құрылысы феодалдық қатынастардың ең ежелгі формаларының бірі болып саналады. Түркі қағандығы Манчжуриядан Босфор - Киммерияға (Керчен шығанағы) дейін, Енисейдің жоғарғы ағысынан Амударияның жоғары ағысына дейін созылып жатты, яғни Түркі империясы ірі табыстарға ие болды. Осылайша Түркі қағандығы саяси және мәдени мұрасы арқылы Орта Азия мен Оңтүстік шығыс Еуропаға едәуір әсер еткен алғашқы еуразиялық империяны құрушылар болды. Қағандықтың Оңтүстік аймағын Бумын қағанның ағасы Естеми билеген кезде түркілер батыста өздерінің әскери қуатының биік шыңына жетті.
Түркі империясы тұсында (VI-VII ғғ. ) Орта Азияның экономикасы мен мәдениеті гүлденіп өсті. Сауда, жер өңдеу және қолөнер өте тез дамыды. Жібек керуені Қытайдан Византияға қарай Бұхара, Самарқан, Ташкент, Қашқар, Турфан арқылы үздіксіз ағылып жатты. Түркі империясының құрылуы мен ыдырауы түркі халықтарының Батысқа қарай жылжуына алып келді. Шығыс пен Батыс мәдениеті араласып, бірін-бірі байытты.
582-603 жьшдары Батыс (Түрік) және Шығыс (Шығыс түрік мемлекеті) болып екіге бөлінуі түпкілікті аяқталды. Осы жылдар ішінде Шығыс және Батыс Түркі қаған-дықтарының арасыңда қантогіс соғыс толастаған жоқ.
Батыс Түркі қағандығы он тайпаның (он оқ будун) бірігуі нәтижесінде пайда болды. Олар Шығыста бес тайпа дулу, Батыстағы бес тайпа нушиби еді. Батыс түркі қағандығына Жоңғария мен Орта Азияны біріктірген жерлер және Шығыс Түркістанның едәуір бөлігі кірді. Шығыс Түркі қағандығы Монғолияны иеленді. Батыс Түркі қағандығы Шөгуи (618-619) мен Тон-яғбу (619-630) қаған қағандықтың шығыстағы шекарасын Алтайға дейін жеткізіп, бүкіл Тарим мен Памирге дейінгі ұлан-ғайыр аумақта оз билігін жүргізді. Ал Тон-яғбу қағандықтың аумағын кеңейту жонінде саясатты одан әрі жалғастырып, әкімшілік орталығын сол кездегі қоләнер мен сауданың маңызды орталығы болған Шу алқабындағы Суяб (Тоқмаққа жақын жерде) қаласына көшірілді, жазғы қонысы Мыңбұлақта болды (Исфиджабқа жақын жер, Исфиджаб - Сайрам қаласы) .
Осы ұлан-ғайыр аумақты мекендеген түркі тілдес үйсін, қаңлы, қарлұқ, оғыз (теле), қыпшақ т. б. тайпалар Батыс Түркі қағандығының құрамына енді. Батыс Түркі қағандығы құрылған кезде шығыстан келген көшпелі түркі тілдес тайпалар бұрыннан осы өңірді мекен еткен үйсін, қаңлы ұлыстарына араласып, сіңісіп кетті. Енді бұл "Он оқ будун", "Бес арыс дулу". "Бес тайпалы дүшпе" деген жаңа аттармен әйгілі болды. Іле, Шу, Талас өзендерінің аңғарларында, Алатау баурайларында егіншілік алқаптары болды. Егін, мал шаруашылығымен айналысқандарда патриархалдық қатынас үстем еді. Ал отырықшы егінші аудандарда феодаддық қарым-қатынас орнады. Қытай мен Византия арасындағы Ұлы Жібек жолы бұл елдерді басып өтетін. Жетісудағы отырықшы аудандар мен қалаларды мекендеген соғдылар егіншілікпен, қолөнермен, сауда-саттықпен айналысты. Сауданың өркендеуіне байланысты ақша айналымы жарыққа шықты. Сауда мен қолөнердің орталық қалалары Құлан, Неуакет (Шу алқабы), Тараз, Меркі болды. Қалада өндіріс құрал-жабдықтарын жасайтын теміршілік кәсібі, қыш құмыра өндірісі, тоқымашылық, тері өңдеу, қолөнер кәсіптері өркендеді. Батыс Түркі қағандығын құраған он тайпа - екіге бөліңді. Батыс, Шығыс қағандарының басқару жүйесі әртүрлі лауазымдар былай аталды: яғбу, тегін, шад, еркін, тарқан, бек, буруқ, чор және т. б. Батыс Түркі қағандығын түркілердің Ашина тайпасынан шыққан ақсүйектер биледі. Онда 28 түрлі дәрежеден тұратын лауазым иелері болды. Олардың бәрі феодалға айналып келе жатқан шонжарлар еді. Халықтың негізгі бөлігі - қара бұқара, ал төменгі жігі тат деп аталды. Алайда, қағандықтың әскери-саяси диктатурасы тайпаларды толық бағыныштылықта ұстауға жеткіліксіз болып шығады. 638 жылы дулу тайпасы өздеріне келген шадтардың бірін қаған сайлау дулу мен нушибилер арасында қантөгіс соғыстың тууына себеп болды. Осыдан кейін қағандық екіге бөлінді. Олардың арасындағы шекара Іле өзені арқылы өтті. Ышбара қаған орнынан алынғанымен қоймай, ол Ферғанаға қашады. Тайпалар арасындағы соғыс және династиялық күрес 17 жылға (640-657) созылып, бұл Қытай әскерлерінің баса-көктеп кіруіне қолайлы жағдай туғызды.
Қағандықтың соңғы дербес қағаны Ашина Хэлудің қолы 658 жылы өз бауырлары - Теленің атты әскері мен Тань мемлекеті әскерінің біріккен күшінен жеңіліс тапты. Себебі, Батыста түркілер Шығысқа қарағанда аз болды. Олар Жетісу, Шу өлкелерінде, Кубаньда, Еділ өзенінің төменгі агысында, Ертіс пен Есіл т. б. жерлерде қоныстанып, бір-бірінен байланысын үзіп қалған еді.
Батыс Түркі қағандығы құлағанымен, оның құрамындағы түркі тайпаларының бәрі бірдей Тань мемлекетіне бағынып, оның билігін мойындаған жоқ. Мәселен, осы Батыс Түркі қағандығына кіретін "он оқ" халқының ішінен түргештер бас көтеріп, өз алдына қағандық құрып, Тань мемлекетінің жаулап алу саясатына қарсы тұрады. Сөйтіп, 704 жылы Батыс Түркі қағандығынан соң Түргеш қағандығы тарих сахнасына шықты 1 .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz