Орта ғасырлардағы өнер


Орта ғасырлардағы өнер
Уикипедия - ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мазмұны
[жасыр]
1 Сәулет өнері
2 Мүсін өнері
3 Бейнелеу өнері
4 Пайдаланған әдебиет
[өңдеу] Сәулет өнері
ИспанияныңБургос қаласындағы готикалық собор.
XI ғасырдаБатыс Еуропадаүлкен құрылыс басталды. Байыған шіркеулер сансыз діндарларды сыйғызу үшінхрамдардыұлғайтты. Қарапайым ағашпен жабылған жайдақ төбелерін . Оны қалың қабырғалар ғана көтере алатын еді. Сол уақыттағы құрылысшыларЕжелгі Римніңсәулет өнерінен көп үлгі алды, сондықтан да ХІ-ХІІ ғасырлардағы ғимараттарды роман (латын сөзі Рома - Рим) ғимараттары деп атайды. Роман храмы қабырғасы тегіс, биік мұнаралы, алып ғимараттар еді. Күмбездерінде, терезелерінде, храмның кіре берісінде доға отырады. Роман храмдары өзінің сұстылығымен және күрделілігімен қамал тәрізденіп, католикшіркеуінің құдіретіне сенім туғызуға тиіс болды. Олар үйсіз-күйсіз, қашқан-пысқан халыққа баспана қызметін де атқарды.
XII ғасырдың аяғынан бастап мырзалардың өктемдігінен құтылған қала тұрғындары сауда үйлерін, ратушалар, соборлар, ауруханалар, қонақ үйлерін сала бастады. XII-XV ғасырлардағы ат алды. Құрылысшы шеберлігінің одан әрі өсе түсуі ауыр доға тәріздес күмбездерді неғүрлым жеңіл, шошақ күмбезбен алмастыруға мүмкіндік берді. Енді қалың қабырғаның керегі болмай қалды. Қаракөлеңке роман храмынан өзгешелігі - готикалық соборлар үлкен терезелерімен жарқырап көрінеді. Қайталанып келетін аркалары, сәнді құрама күмбездері, тіреулермен безендірілген биік мұнаралары - осылардың бәрі аспанмен тілдескендей әсер беретін. Ең үлкен готикалық собор мұнараларының биіктігі 150 метрге жетіп, [[Египет пирамидаларыЕгипет пирамидаларынан] ] да асып түсті. Сәнді, аса үлкен собордың ішінде діндарлар құдіретті Құдай алдында өздерін дәрменсіз және мүсәпір сезінуге, өздерінің бүкіл ойын, сезімін соған арнауға тиіс болды. Сонымен бірге келушілер собордың сәулеттілігі мен әсемдігін сүйсіне тамашалады. Собор үзақ уақыт бойы калалардағы бірден-бір үлкен ғимарат болды. Онда тек шіркеу жоралғылары ғана емес, сонымен қатар кала халқының жиналыстары өткізілді. Діни тақырыптағы театр ойындары көрсетілді, мұнда профессорлар дәріс оқыды, мемлекеттер арасындағы келіссөздер жүргізілді. Ортағасырльщ ғимараттар қазірдің өзінде де оны жасаушы шеберлер ой-қиялдарының шексіздігімен сүйсіндіреді. Готикалық соборларды салуға көптеген адам, тіпті сәулетшілердің, тас қалаушылардың, ағаш шеберлерінің, әйнекшілердің бүтіндей ұрпағы қатынасты.
[өңдеу] Мүсін өнері
Мыстан құйылған төрт ат мүсіні. Венецияғаәскери жорық кезінде әкелінген.
Орта ғасырлардағы мүсін өнерісәулет өнеріментығыз байланысты болды. Соборлар құдайларды, епископтарды, жүздеген, тіпті мыңдаған бедерлермен және мүсіндермен безендірілді.
Дінбасылардың пікірі бойынша, өнер сауатсыздар үшін «інжіл» міндетін, христианкітаптарында айтылатын окиғаларды бейнелеу, суреттеу, сенімін арттыру, тозақазабымен үрейлендіру қызметін атқаруға тиіс болды. Өнер шығармалары шіркеудің тапсырмасы бойынша жасалды, бірақ оны халықтан шыққан шеберлер тудырды. Діни тақырыпқа арналған мүсіндер арқылы олар өмір жөніндегі өз түсінігін көрсетті, сезім байсалдылығын дәріптеді. Шеберлерде әсіресе, ананың балаға деген сүйіспеншілігін суреттеуге құштарлық басым болды. Бұл Құдай-ананың көптеген бейнелерінен көрінді (Батыс Еуропада оны «мадонна», «менің қожайы- ным» деп атады) . Адам денесінің сүлулығын дәріптеген антикалық өнерге қарағанда, орта ғасыр суретшілері адамның ой байлығын, сезімі мен көңіл күйін ашуға көбірек ұмтылды. Роман шеберлері адам денесін көбіне жүдеу, бет-бейнесін кескінсіз, титықтаған етіп бейнеледі. Адамның қиналысын немесе шаттығын барынша жеткізу үшін олар адам бейнесіне көбіне рабайсыз пішін берді. Роман мүсіндеріне қарағанда, готикалық мүсіндерде адам бейнесі дәлірек берілген, киім қыртыстары, адам денесінің кескін-пішіні айқын байқалады. Дарынды шеберлер өмірде көргендерін нанымды бере білген. Адамның сырт келбетімен қатар, ішкі сұлулығына зейін қоюшылық байқалады.
[өңдеу] Бейнелеу өнері
Роман храмдарының қабырғалары суретке толы болатын, ол суреттерден құлшылық етушілерге «әулиелер» мен құдайдың сұсты бейнелері карап тұратын. Ал готикалық соборлардың кабырғаларында бейнелеу өнеріне орын аз берілді. Аса үлкен терезелері қорғасын құрсаулармен бекітілген мөлдір шыны сынықтарынан құрастырылған суретті әшекейге толы болатын. Витраж арқылы храм ішіне түскен күн сәулесі колоннада, төбе мен еденде жалт-жұлт ойнап, храмға ерекше салтанатты көрік берді. Бейнелеу өнерінің аса зор жетістігікітап миниатюрасыболды. Ашық салынған суреттерде орта ғасырлар адамы өмірінің барлық жағы бейнеленді. Суретшілер көпке дейін болжай алмай, алыстағы мен жақындағыны көлемі жағынан бірдей етіп бейнеледі, сондықтан да нәзік нөрсенің өзі де түрпайы сияқты болып көрінетін. Витражда, миниатюраларда шаруалар мен қолөнершілердің еңбек үстіндегі жағдайы көрсетілді. Халықтың өз еңбегінің маңыздылығын және бағалылығын түсінуі осыдан көрінді. [1]
[өңдеу] Пайдаланған әдебиет
↑Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы. - Алматы: Атамұра, 2007.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz