Орта ғасырлық Еуропа мәдениеті жайлы
Орта ғасырлық Еуропа мәдениетінде, шамамен 1000-ж. бастап өзіндік
ерекшелігі бар көркемдік стиль қалыптаса бастады. Ол — роман стилі
болатын. Роман стилі деген термин (роман тілдері деген терминге ұқсас
енгізілген, Рим мәдениетінен мирасқорлық деген мағына береді). Азғантай
уақыт шеңберінде өшпес данққа ие болған бұл өнер стилі ХІ-ХІІІ ғ., әсіресе
сәулет өнері мен мүсін өнері саласында үстемдік етті және ірі соборлар
құрылысында, оларды әшекейлеуде кеңінен қолданылды. Роман стиліндегі діни
құрылыстар Рим сәулет өнерінің белгілерін мұра етті. Бұл құрылыстар өзінің
көрнектілігімен, үлкендігімен, әсерлігімен және рациональдылығымен
ерекшеленді. Лев Любимовтың пікірінше, Роман стилінде ою-өрнек пен
бейнелеу негіздері өзара сәйкес келді, табылған синтездің мәні — образдың
мәнерлілік пен әшекейлі геометриялықтың, қарапайым мен өте шарттылықтың, ою-
өрнектің нәзіктігі мен шомбал, тіпті, кейде дәрекі монументтіліктің
үйлесуінде еді. (Л. Любимов. Батыс Еуропа өнері. Алматы, 1982, 23-бет).
Сәулетшілік жетекшілік өнерге айналған бұл тарихи кезеңде ғимараттар
салуға ерекше мән берілді. Әсіресе, христиандық наным-сенімнің салтанаты
мен жан-жақтылығы, оның қүдіретін паш ету мен адамзат баласын құдайға
құлшылық жасау жолында біріктіру мақсатында діни шіркеулер салу ісі кең
қанат жайды. Әсем шіркеулер салудың өрістегені соншалық, оларды тіпті қажет
болмаса да салды. Ерекше атап өтетін бір жайт, романдық стиль византиялық,
таяу шығыстық (әсіресе, сириялық), германдық, кельттік және басқа да
солтүстік тайпалардың өнер стильдерінің белгілерін өз бойына сіңіре білді.
Міне, сондықтан да болар, әр елдің өнер стильдерінің өзара тоғысуы
нәтижесінде қалыптасқан өнердегі бұл бағыт жалпы романдық деген атқа ие
болды.
Роман өнерінің жасаған мәдени төңкерісі — ою-өрнек пен ғимараттарды
одан әрі түрлендіруінде, яғни ою-өрнекті бейнелеу пластикасымен
толықтыруында, ал бұл жағдай ою-өрнек функциясын жаңа сапада орындауға
мүмкіндік берді. Ендігі жерде тастан салынған ғимараттар өте шеберлікпен
жасалған адам бейнелерімен ажарлана бастады.
Готикалық дәуірде сәулетшілік өнер бұрын болып көрмеген дәрежеге көтеріліп,
шоқтығы биік өнер саласына айналды, өйткені өзге өнерлердің бәрі де
сәулетшілікке табынып, оның талаптарына мүлтіксіз бағынды. Осы бір тарихи
кезеңце туған әрбір ақын сәулетшіге айналды. Готикалық стиль бұл тұста
негізінен шіркеу мүддесіне сай дамыды. Орта ғасырлық шіркеулер тасты
күмбездерден тұрды, мұндай ауыр да, қомақты күмбездердің орнықты болуы
үшін, шіркеу қабырғалары өте қалың етіп салынды, ал тасты күмбездерді
тұрғызудың өзі де оңайлыққа түспеді, өйткені бұл кезеңде көптеген құрылыс
дағдылары ұмыт болған еді. Қалай болғанда да, сыналы тастардан жасалған
шомбал күмбездер готикалық заманға тән жетістіктер болды.Шіркеулер үлкен
қалаларда ғана емес, қалашықтарда да салына бастады. Сонау шалғайдан көзге
шалынатын бұл ғимараттар орта ғасырлық өмірдің аса ірі жетістігі болды.
Халық діни ғимараттарды жасампаздықтың күш-жігерінің айғағы ретінде жақсы
көрді. Шіркеу қоңырауының сыңғыры мен органдық музыканың әуенінен бастап,
бірігіп мінәжат ету, шіркеулік жол-жоралық діни рәсімдерге қатынасу —
қарапайым адамдарды күнделікті күйбең тіршілік қамынан бір сәтке болса да
сейілтіп, ерекше бір күйге түсіретін еді Батыс Еуропаның орта ғасырлық өнер
тарихында Франция мемлекеті қай кезеңде болса да жетекшілік рөл
атқарғандығы мәдениет тарихынан белгілі. Сондықтан да болар, Франция
романдық кезеңде сәулетшілік өнердің жетістіктері мен ізденістерінің
негізгі орталықтарының біріне айналады. Осы бір қасиетті елдің сәулет өнері
саласындағы тамаша да, айбынды ескерткіштерінің бірі — романдық стильдің
аса көрнекті үлгісі — Париждегі Нотрдам (Құдай-ана соборы) болды. Шіркеу
фасадының ерекше сымбаттылығы, оның геометриялық заңдылықтарға сай салынуы,
мұнаралар ансамблінің тұтастығы кез келген адамды бірден баурап алары
сөзсіз. Вазельдегі қасиетті Магдалинаның шіркеу күмбездерінің таңғажайып
жарасымды айбыны да, арқалардың ғаламат салтанаты да таң қалдырмай
қоймайды. Тарихи уақиғаларға толы романдық кезевде жоғарыда атап
көрсетілген француз халқының ұлы поэтикалық шығармасы — Роланд туралы
жырда (XII ғ.) өмірге келді. Ұлттық тілде жазылған бұл тамаша туындыда
орта ғасырларда етек алған рыцарьлық ерлік, король мен христиан шіркеуіне
адалдық дәріптелді. Халықтық эпостың негізінде туған бұл жыр француз
халқының арасында кеңінен тарады, өйткені осы бір шабытты эпика толғауда
өмір ақиқаты, қанағатшылдық сезімі, ішкі бай мазмұнды бере алатын ғажайып
қасиеттер сияқты өзіндік ұлттық көркем даналықтың негізгі белгілері кеңінен
көрініс тапты, әрі көңіл-күйін жан-жақты көрсететін фанатизмге, христиандық
рухқа толы болды. XII—XIII ғ. Францияның оңтүстігінде трубадурлар поэзиясы
қанат жайды. Олардың сатираларында шіркеу мен феодалдық өзгеге қарсы сарын
мен қарапайым адамдарға бүйрегі бұрушылық көрініс тапқан. Дәлірек айтсақ,
еркін ойлылық нышандарын өз бойына жинақтаған трубадурлар творчествосы осы
бір кезеңде қалыптасқан сан-қырлы дүниетанымды білдіреді.
Бұл тұста Еуропаның басқа да елдерінде ұлттық көркемдік даналықты
айқын танытатын романдық өнер туындылары туындап жатты. Әр алуан
сәулетшілік мектептерімен даңқы шыққан Германияда жасалған мәдени
ескерткіштерде неміс халқының рухани байлығы кеңінен көрініс тапты.
Рейндік, сақ-сондық және вестфальдық мектептер сәулетшілік өнердің да-муына
зор үлес қосып, сол кездегі ұлттық көркем даналықтың ұмтылыстары мен арман-
қиялдарын жүзеге асыру мақсатында тамаша ғимараттар салды. Солардың бірі —
өзінің асқақ тұлғасымен көзге түсетін атақты Вармс соборы (1174—1234 ж.).
Собор қала үстінде қалықтап тұрғандай әсер қалдырады, қайта жаңғыртып
салынса да бұл ғимарат өзінің сол бір бастапқы бет-бейнесін мүлде
өзгертпеген. Шындығына келсек, Вармс, Шпей-ер, Майнц сияқты қалаларда
тұрғызылған атақты соборлардың басты ерекшелігі де олардың күрделі
асқақтығында еді.
Кейбір мәдени ескерткіштер ел мен дәуірдің тынысын бойына сіңірсе,
кейбірінің Шығыс мәдениетінің кәусар бұлағынан сусындағаны беп-белгілі
болып тұрады. Ойымыз дәлелді болу үшін, XII ғ. неміс шеберінің қолынан
шыққан, сүйектен жасалған орта ғасырлық ойын дойбыларына бір сәт көз
салайықшы. Бұл дойбыда ағаш басына шығып, жеміс жинап отырған адам
бейнеленген, оның төменгі жағында бір ақ, бір қара тышқан ағаштың
тамырларын кеміріп жатыр.Осы бір дүниедегі адамдардың өмір тіршілігін аңдар
мен өсімдіктердің кескіндерімен іскерлікпен толтырып, олардың ғажайып
үйлесімділігін нақтылы көрсету арқылы, сәндік әуен жасаған осы бір неміс
шеберінің дарынына қалай таң қалмаймыз? Шындығында да, бұл қолонер
туындысының мазмұны — шығыстық аңызға негізделген, өйткені ағаш — өмір
символы, тышқандар — түн мен күн, яғни өмірді аямай қысқартушы уақыт.
Осылайша, ойынының өзі де жер бетіндегі өмірдің өткінші екендігін орта
ғасырлық адамның есіне салған.
Қайта өрлеу дәуірінің бесігі болған, еркіндік сүйгіш Италия елінің
мәдениеті де біртұтас романдық ағымда кеңінен көрініс тапты. Осы дәуірдің
өзіне тән қалыптасқан тарихи процестер Италия өнерінде де барған сайын
айқындала түсті. Оған дәлел — XI ғ. басында Флоренцияда салынған Сан-
Миньято шіркеуі. Өте аумақты етіп салынған бұл алып ғимарат ағаштан
қапталған және үш қырлы базилика өзінің жалпы құрылысымен ерте замандардағы
христиандық ғимараттарды еске түсіреді. Бірақ осы бір сәулетті ескерткіштің
тіп-тік болып аспанға созылған фасады болашаққа да меңзейтін сияқты.
Романдық дәуірде аса ірі экономикалық және көркемдік өнер орталығы болған
Пиза қаласының сыртындағы көк майсалы кең алқапқа салынған Құлап бара
жатқан мұнара мен баптистерий (шоқындыратын жер) ансамблі де романдық
құрылыстар сияқты аса айбынды, әрі орасан зор болғанына қарамастан
өздерінің жеңіл де, әсем бейнесімен жаңаша көрініс тапқан. Демек, романдық
өнердің мәні, оның идеялық және эстетикалық ұмтылысы сұсты айбындық,
аскетизм, жасанды шарттылық, құдайға соқыр сезіммен табыну сияқты
ұғымдармен шектелмейтін сияқты. Олай болса, өз дәуірінің тыныс-тіршілігін
айқындайтын бұл өнер саласында өткен мұра мен қазіргіні қабылдаумен қатар
болашақтың өркендері де кеңінен көрініс тапқан.Шамамен 1000 ж. бастап
готикалық стиль туындағанға дейін үстемдік еткен романдық стиль — орта
ғасырлық Еуропаның өзіндік бет-бейнесімен, өзіндік тәуелсіздігімен
ерекшеленетін көркемдік стиль болып саналады және ол варварлық тайпалардың
көркемдік мәдениетінің негізінде қалыптасты. Екінші мыңжылдықтың басында
Еуропалық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz