Оқытудың көрнекі-құралдарының түрлері



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Ф-0Б-001 035
І. Оқытудың көрнекі-құралдарының түрлері.
1.1. Тарих сабағында оқу картинасы
Оқушылардың ұғымдар мен түсініктерін оқытылатын құбылыстарды тікелей
немесе оның бейнесінің көмегімен қабылдау арқылы қалыптастыратын оқыту түрі
көрнекті оқыту деп аталады.
Көрнекті құралдарды сабақта қолдану жағдайында оқытушылардың өткен
тарихи кезең туралы көру арқылы алынған нақты бейнесі қалыптасатындығын
есте ұстау керек. көрнекі құралдар тарихи фактілерді нақтыландырып,
оқушылардың өткен кезең туралы білімін жаңғыртады. Көрнекілік тарихи
құбылыстардың мәнін ашып, негізгі тарихи ұғымдар мен заңдылықтарды
қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
Заттар мен құбылыстарды тікелей немесе бейнелеудің көмегімен
қабылдауды басшылыққа алып, өткен тарих туралы түсініктер, бейнелі ұғымдар
қалыптастыратын көрнекілікті сыртқы белгілеріне қарай-баспалық, экрандық,
дыбыстық оқу құралдары. Мазмұнына және тарихи бейнесіне қарай-заттық,
бейнелеу, шартты кескіндемелік деп топтастыруға болады.
Мазмұнына қарай көрнекі құралдар былайша топтастырылады:
Табиғи алып түрдегі көрнекілік: түпнұсқа алып түрдегі тарихи
ескерткіштер мен тарихи орындар (Египет пирамидалары, Коллизей, Қызыл
алаң). Материалдық мәдениеттің түпнұсқа заттары (археологиялық қазбалар,
еңбек құраладары, нумизматика т.б.)
Арнайы дайындалған заттық көрнекілік (макет, үлгі). Бейнелі көрнекілік
(оқу картиналары, репродукция). Шарты кескіндемелік карталар, аппликация,
сулба, диаграмма).
Оқытудың техникалық құралдары: (оқу фильмдері, диафильм, диапозитив,
компьютер, видеомагнитофон).
Заттың көрнекілік тарихи ескерткіштердің бейнесін қалыптастырады. Ол
оқушыларға сол дәуірдің тынысын сезіп, карт тарихпен тілдесуге
көмектеседі. Мысалы Алтын адам бейнесі; 1
Бейнелі көрнекіліктің арасында мектеп курсы бойынша суреттер мен
иллюстрациялар кең орын алады. Оқу картиналары қабылдауға жеңіл болуы үшін
ашық бояулармен орындалады.
Оқу картиналары оқиғалық, типологиялық, мәдени-тарихи болып бөлінеді.
1.Оқиғалық картиналар нақты жеке оқиғалар туралы түсінік береді. Олар
тарихтағы шешуші кезеңді бейнелейді де одан әрі мұғалімнің сюжеттік
түсініктемесін қажет етеді.

Ф-0Б-001 035
Мұғалімнің басшылығымен оқушылар оқиғаны, сюжетті картинаны мынадай
бірізділікпен оқып үйренеді:

А) картина мазмұнына жалпылама
анықтама бер;
ә) картинада бейнеленген оқиғаның уақытын өткен жерін көрсету; б) оның
мазмұнындағы басты және қосалқы мәселелерге сипаттама беру; в) жалпы
қорытынды жасау.
2. Тұрпаттық картиналар көп қайталанатын тарихи деректерді, сол дәуірге тән
типтік оқиғаларды көз алдыа елестетеді. Мысалы; Джордано Брноны өртеу; Бұл
жеке оқиға әрі сол дәуірге тән типтік құбылыс. В.И. Лебедевті Полюдье,
Вече в Новгороде картиналары. Кейде оқиғалық картина, тұрпаттық картинаға
айналып кетеді. Мұндай картиналар қоғамның экономикалық әлеуметтік
құбылыстарын бейнелейді. Оларды оқып-үйренуде ең жиі қалданылатын тәсіл
оқушылардың өз күштерімен білім көзін алына көмектесетін әңгімелесу тәсілі.
Тарихи тұлғалардың портреттері бойынша оларға баға беру, сипаттау,
оқушылардың танымын арттыра түседі. Ал, сабақ барысында бейнелеудің ерекше
нысаны –карикатураларды қолдану тәсілдерін арттырады.
3. Мәдени-тарихи картиналар-тұрмыстық заттармен, материалдық мәдениет
ескерткіштерімен таныстырады. Ондағы сәулет ескерткіштері, мүсін өнері
олардың орындалу ерекшеліктерімен механизмдері бейнеленуі мүмкін. Бір
процестің сырын ашу үшін бірнеше картинаны қатар қолдануға болады. Сабақта
картинамен жұмыс жүргізудің бірізділігі былайша іске асады:
1. Мұғалім сабақ барысында қажетті сәтте картинаны іледі.
2. Оқушыларға картинамен толық танысуына уақыт бөледі.
3. Әңгімелеуді бастарда тарихи оқиғаның орны мен уақытын көрсетеді.
4. Жалпы жағдайды баяндап болып, негізгі мәселеге тоқталады.
5. Көптеген бөліктермен ерекшеліктерді айқындайды.
6. Баяндаудың соңында қорытынды жасап, құбылыстың өзіндік ерекшеліктерін
көрсетеді.
Осындай жоспармен қоса картиналарды түсіндірде мына ережені де
қолдануға болады.
1. Автордың аты-жөні және шығарманың жазылу кезеңі.
2. Шығарма мазмұны: сюжеті, кейіпкерлері, не бейнеленген (алдыңғы, беті,
орта, артқы жағы, интерьер, табиғат көрінісі)
3. Бейнелеу тәсілі: көлемі , прапорциялығы, кемшілігі, түсі.
4. Суретші өз туындысына қандай идея, сезім айтпақ болған.
Оқушыларға картинаның негізінде қандай тарихи аңыз, нақты оқиға алынған?-
деген сұрақ қою арқылы да талдау жасауға бейімделуге болады. Сол сияқты
оқушыларды

Ф-0Б-001 035
картина авторының өмірбаяны, шығармашылық зертханасы да қызықтырады. Оқу
картинасымен жұмыс істеудің тәсілдері көп.

Мысалы: картина бойынша әңгіме құрастыру; картиналардағы бейнелерді
сөйлету, олардың қимыл әрекетіне инсценировка жасау т.б. Картинамен жұмыс
жасау барысында оқушы оны талдау алуға, картинаның мазмұнын өз әңгімесінде
қолдануға үйренеді. Сабақ барысында бірнеше картинаны қалдануға болады,
бірақ ол екі-үштен аспауы керек.Безендіру материалдың көп болуы оқушы
зейінін шашыратады, оның қабылдау белсенділігін төмендетеді.2

Ф-0Б-001 035
1.2. Модульдік оқыту белсенділікке жетелейді.
Қазіргі кезде модульдік оқыту кеңінен қолдануда. Оқытудың бұл түрі
ХХ ғасырдың алпысыншы жылдарында АҚШ мемлекетінде бастау алып, ағылшын
тілдес Батыс Еуропада тез тараған еді. Ол елдерде алғаш рет S.N.
Postutwait оқытудың мазмұнына қарай оқу материалдарын автономды етіп бөліп
оқытуға болады деген идеяны енгізген. Бұл микрокурс немесе миникум деп
аталды. Олардың мазмұны дидактикалық міндеттерге негізделген болатын.
Кейінгі кезде педагогикалық тәжірибелерде қолданыла келіп оқыту модулі
(modular instruction) деген атқа ие болды.
• Кеңес үкіметінің кезінде модулдік оқыту алғаш Литвада оқу үрдісіне
еніп, бұл мәселемен Л.Йоваиша шұғылданды. Бұл технология әдістері
оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттырып, өз бетімен жұмыс істеуге
жүйелі білім алуға жол ашты.Себебі,модулдік оқыту технологиясында оқытудың
әр түрлі белсенді формаларын (топтық,жеке топтық,т.б.) қолдануға мол
мүмкіндіктер берді.
Модулдік оқыту технологиясында оқушы білімді жеке-жеке
тараулар 1 бойынша емес, біртұтас тақырып түрінде жүйеленген
білім алады. Оқушыларды өзін-өзі дамытуға, бірін-бірі оқытуға,
кітаппен жұмыс жасауға, қосымша әдебиеттен білім алуға
дағдыландырады.
Модул деп дидактикалық жетістіктерге жету үшін алдында мақсаты, өзіндік іс-
әрекетінің бағдарламасы, жетекшілік әдістемелігі бар аяқталған ақпарат
блогін атайды. Модулдік оқытудың мақсаты: оқушының өздігінше жұмыс істей
алуын дамыту, оқу материалын өңдеудің жекелеген әдістері арқылы жұмыс
жасауға үйрету болып табылады. Бұл технологияда мұғалім кеңесші, хабарлаушы
рөлін атқарады да, шәкірттің іске белсене араласуына жағдай жасайды.Оқушы
өзіне оқу әдісін таңдап ала алады. Модулдік оқыту технологиясының мынадай
қағидалары бар: модулдік, жүйелілік, өзгермелілік, түсініктілік, іс-әрекет
әдістері, жан-жақты әдістемелік нұсқаулар беру. Яғни бұл технология бойынша
тақырыптың мазмұны арқылы оқытуды ұйымдастырудың формасы мен әдістері
белгіленеді. Сонымен қатар жүйелілігінде әлеуметтік сұранысқа қарай
мазмұнына өзгерістер енгізе алады. Мәселен, Н.Нечаев оқыту іс-әрекетіндегі
мәселелерді шешуді қарастыру барысында нәтижесін көру жұмыстың іс-әрекет
әдістеріне байланысты екеніне тоқтала келіп, модулдік оқытудың мақсаты
тәжірибелік, дамытушылық және ойлауды қалыптастыратын іс-әрекет әдістері
деп түйіндейді. Тәжірибелі педагогтер Ш.Лмонашвили, Л.Рубенштейн
тәжірибелерінен әр оқушының қабылдауы әр түрлі болатыны белгілі. Ендеше бұл
технология жеке тұлғаның ерекшелігіне байланысты оқыту үрдісіндегі
әдістерді қолдануды көздейді.

Ф-0Б-001 035
Мұнда оқушы өтіліп отырған курстың модулдік бағдарламасымен тиянақ-ты
танысып шығып, өзіне маңыздылығын, алдыңғы уақытта күтілетін нәтижесін
түсіне білуі қажет. Модулдік оқытудың бағдарламасында күтілген нәтижеге
байланысты жақын, орта, алшақ уақыттарда қолының жету жолдары көрсетіледі.
Модулдік оқытуды құрастыру ережелері мынаған саяды:
* ақпарат материалының мақсаттылығы;
* жеке модулдегі оқыту материалының толық қамтылуы;
* модул элементтерінің жеке даралығы;
ақпараттық және әдістемелік материалдың оңтайлы берілуі. Мұғалім
бағдарлама жасағанда егер оқу материалы топтық жұмысты
қажет етсе, топта оқытудың формасы мен әдісін
көрсетеді. Тәжірибелік жұмыстарға түсініктеме беріп, теориялық
және тәжірибелік тапсырмалар оқушылардың білімін тереңдету үшін
қосымша әдебиеттер береді. Мерзімдік бакылаулар арқылы оқушылардың игере
алмаған тақырыптары айқындалып, қайталау жұмыстары жүргізіледі. Модулде әр
элемент бөлек-бөлек параққа жасалады да, ақпарат өзгерген жағдайда
өзгертіліп отырылады.3
Модулдік оқыту технологиясының әдістерін көптеген ғалым-
педагогтер зерттеп келеді. Л.Йоваиша модулдік оқытудың мынадай
әдістерін қарастырған.
1. Ақпараттық оқыту әдісі (әңгімелесу, топтық оқу, демонстрациялау, ақыл-
кеңес, дәріс, емтихан).
2. Операциялық оқыту әдісі (алгоритм, зертханалық жаттығулар, өзара сын).
3. Ізденімпаздық оқыту әдісі (мәселені талдау, тыңда да ойлан, шығармашылық
диолог, іс-әрекет шытырманы, миға шабуыл, іскер себет).
4. Өздігінше оқу әдісі (тыңдау, оқу). .
Ақпараттық оқыту әдісін мұғалім оқушыларға жаңа тақырыпты түсіндіргенде
қолданады. Мысалы, дәріс барысында жоғары білімді мамандар тақырыпқа
байланысты баяндама жасайды да, міндетті түрде эксперттің пікірімен
толықтырылады. Сабаққа оқушылар сұрақ қою арқылы қатысып отырады
Операциялық оқыту әдісі оқушылардың дағдысы мен іс-әрекетін дамытуға
арналады. Мысалы, "видеоконфрантация" әдісі өзіне басқа адамның көзімен
қарауға үйретеді. Мұнда оқушылардың әрекеттері сырттай камераға түсіріліп,
өздеріне қайталап көрсетіледі және өзінің талдауына жағдай жасайды. Мұғалім
әр уақытта нұсқаушы ретінде көмекке келе алады.
Ізденімпаздық оқу әдісі оқушылардың белсенділігін, қабілетін
дамытады."Іскер себет" әдісінде оқушылар себеттен жеке-жеке
тапсырма алып,жеке орындайды.

Ф-0Б-001 035
Тапсырма орындалып болған соң оқушылар барлық сұрақтарды бірігіп
талдайды. Қажет көмекті мұғалімнен ала алады.
Модулдік оқыту баланың шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндіктер
жасайды. Модулдік оқыту технологиясы оқушыларды өздігінше тапсырманы
орындап, мәселені шеше алуына, өз пікірін қорғай білуіне, алға қойған
мақсатқа жету үшін белсенділігін, қабілетін арттыруға септігін тигізеді.
XX ғ. басында Жүсіпбек Аймауытов: Сабақ беру — үйреншікті жәй ғана
шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер деген екен, ұзақ жылғы
тәжірибемде оқыту барысында алдыма қойған мақсатым — баланы субъект ретінде
оқу ісіне өзінше қызықтыратын, оған қабілетін арттыратын жағдай туғызу, ең
бастысы оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру оқушылардың оқудағы іс-әрекеті
арқылы ойлау дағдыларын жетілдіру өз бетінше білім алу процесінде бірлесе
әрекет ету.
Білімділік мақсаты: Ғұндардың мекені, қоғамы, тарихы, шаруашылығы,
мәдениетінің қалыптасуын баяндай келіп ғұндардың тарихын толық меңгеруге
ықпал ету.
Дамытушылық мақсаты: көрнекі құралдарды пайдалана отырып, сабақты
меңгерту барысында оқушының ойына қозғау салу, ата-бабамыздың мемлекет
дәрежесіне көтерілуін көрсетіп, төл тарихына деген қызығушылығын
қалыптастыру.
Тәрбиелік мақсаты: Атилла ерлігі арқылы балалардың бойында қаһармандық,
ерлік қасиеттерінің қалыптастыруға ықпал ету.4

Ф-0Б-001 035
1.3. Шартты графикалық көрнекілік
Шартты кескіндемелік көрнекілік тарихи процестің сандық және сапалық
мазмұнын ашып қоғамдық құбылыстардың басты белгілерін, даму бағыттарын
айқындап, тарихи ұғымдардың , заңдылықтардың себеп салдарлы байланыстарын
игеруге көмектсетін рәміздік бейнелердің жиынтығы. Шартты кескіндемелік
көрнекілікке –сұлба, кескіндеме, диаграмма, апликация, сұлбалық суреттер
жатады. Олар тарихи оқиғаның мәнімен байланыстарын даму динамикасын айқын
дауда жекелеген, шектеулі ұғымдарды қалыптастыруда қолданылады.
Сұлбалық карта- заттың ең басты ерекшеліктерін көрсету арқылы ұғым
қалыптастыруға көмектеседі. Оқушылардың көру сезімдеріне сүйене отырып,
мұғалім ауызша баяндаған оқиғаны бормен тақтаға сұлба сурет етіп түсіреді.
Мысалы, Египет пирамиданың фотасын көрсетіп, тақтаға суретін салу арқылы
оның ішкі құрылысын түсіндіруге болады.
Апликация-қағаз немесе картоннан сол кезеңде қолданылған заттың
кескінін , силуэтын, рәміздерін жасау. Мысалы, папирус жапырақтары,
жауынгер бейнесі, күріш масағы және т.б. Апликация орындалуына қарай
рельефті, бейнелі болып. Магнит тақтасын қолдаып , Марафон, Орбұлақ,
Борадино шайқастарын бейнелеуге болады. Апликция қолдану төменгі сынып
оқушыларының қабылдауына аса қолайлы. Ал жоғарғы сыныптарда шартты-
кескіндемелік көрнекілікті қолдану тиімді. Оған кесте , диаграмма ,
қисындық сұлбалар жатады. Көрнекіліктің бұл түрінде сызық, шаршы, дөңгелек
және т.б. Көптеген шартты белгілер қолданылады. Бұл әдісті қолдану арқылы
оқушылардың тарихи ұғымдарды меңгеруін едәуір жеңілдетуге болады.5
Диаграммамен жұмыс оқшылардың статистикалық материалдардан қоғамдық
құбылыстардың дамуын көріп, олардың өзара ішкі байланыстарын анықтый алу
дағдыларын қалытстырады. Диаграмма оқытылатын құбылыстарды, процестерді
салыстыруға қолданылады. Олар күрделі процестерді қысқа нұсқада түсіндіруге
мүмкіндік береді. Мектеп оқушыларында диаграмманың доға, шеңбер, бейне
сияқты үлгілері қолданылады. Олар біртекті мағлұматтар мен әр текті
құбылыстардың статистикасы мен динамикасын шарттылықпен көрсетуге
негізделеді. Оқушылар статистикалық мағлұматтарды өте нашар игереді, сандар
тілін түсіне бермейді, сандық материалдарды әлеуметтік-экономикалық
процестермен байланыстыра алмайды, сондықтан сандық мәліметтерді сабақта
қосалқы материал ретінде ғана қолданылады. Бұндай олқылықтарды жою үшін
мұғалім тарих сабағында диаграммамен жұмыс

Ф-0Б-
001 035
жасауда шығармашылық ізденіске көңіл бөлуі

тиіс. Шартты кескіндемелік көрнекіліктің ерекше түрі тақтаға
салынатын сурет. Мұғалімнің материалды баяндау, түсіндіру, тақтаға салған
сурет, сызбалары оқушыларға сөзбен бейнені бір мезгілде қабылдап, оқиға мен
құбылысты қозғалыс барысында ұғынуға көмектеседі. Сондықтан да тақтаның
мүмкіндігін сабақ үстінде барынша кеңінен пайдалану мұғалімнен шеберлік
талап етеді.6

Ф-0Б-001 035
1.4. Тарих сабағында тірек схемаларын пайдаланудың тиімділігі
Кейінгі кездері білім беру саласында жүйелеу тәсілін қолдануға баса
назар аударылуда. Бұл проблемаларға бірқатар ғалымдар арнап еңбек жазды.
Қазіргі ғылымда жүйелеу тәсілін қолданудың, теориялық білім жасаудың
жолдарын объектідегі таным қозғалысыныңсхемасын зерттеу пәнін және оны
баяндау тәсілін пән туралы білімнің құрылымын, ғылыми ойлаудың және оқытуға
жүйелік тұрғыны пайдаланудың, оқушылардың оқыту үрдісін оңайландырудың
қажетті шарты, ол педагогикалық үрдістің мәнін ашып көрсетеді.
Э.Г. Юдин, В.П. Беспалько еңбектерінде оқытуда жүйелілік тұрғыны
пай-
далану сан түрлі қырынан қарастырылады.В.П. Беспальконың пікірінше оқу
мазмұнын көрнекілік түрінде құрылымдау, бір жағынан оқылып отырған сала-
ны оқушылардың қабылдауын оңайлатса, екінші жағынан қабылдау мен
меңгеруді, зердені дұрыс бағыттауға мүмкіндік береді. Егер оқушылар оқыла-
тың материал бойынша сызбаны өздері жасаса жаңа мағлұмат меңгеру дәрежесі
жоғары болады. Мысалы: 7 сыныпта Шыңғыс хан империясы туралы тақырыпты
өткізу барысында Моңғол имриясының қоғамдық құрылысы, Хронологиялық
кесте, Монғол дәуіріндегі Шыңғыс хан 1218-1225 жж.атты тірек схемаларын
пайдаландым. Оқушыларға сызбаны жасап келуге тапсырма беру, электронды
оқулықты пайдалана отыра Отырардың күйреуі, Монғолдың құпия шежіресі
атты баяндама жазып келеді. Бұлардың барлығы оқушылар шығармашылығын
дамытады. Сабақ барысында ойын элементтері Шығармалардың авторын дұрыс
тауып жаз, Уақытнамалық кенет сайысы тағы да басқа тапсырмалар беріледі.
Картамен жұмыс, басып алынған жерлер көрсетіледі. Сабақ түсіндіру барысында
Шыңғыс хан империясы туралы электронды оқулықтан және интернеттен алынған
мәліметтерді пайдаландым. Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында
Шыңғыс ханның өмірбаяны, ұрпақтары, оның ішінде Абылай, Әзім хан, Кенесары
туралы айтылды. Шыңғыс хан жерленді деген болжаммен 2001 жылдан бастап
қазба жұмыстар жүргізіліп жатқандығы туралы айтылды. Сабақ Кім тез, Кім
жылдам деген ойынмен бекітіліп, үй тапсырмасына Шыңғыс хан туралы осы
сабаққа дейін не білдің?, Сабақ барысында не білдің?, Болашақта не
білгім келеді деген қысқаша хабарлама жасауға тапсырма берілді.
9 сыныпта Абылайхан тақырыбы бойынша Қазақ тарихындағы маңызды
оқиғалардың жылын көрсетініз деген тапсырма берілді сабақ суретті тірек
схема арқылы түсіндірілді.
Абылайдың шығу тегі туралы шежіре интернеттен алынған материал арқылы
түсіндірілді.
8 сыныпта Қазақ хандығының құрылуы такырыбын өткенде оқушылар топқа
бөлінді. Оларға мынандай тапсырмалар берілді.
1. Картамен жұмыс жүргізу (топпен жұмыс);

Ф-0Б-001 035
2.Тест сұрақтары арқылы білімді тексеру;
1. Тірек схема арқылы Қазақ хандығының мемлекеттік құрылысын анықтау;
2. Хронологиялық тапсырма;
5.Сөзжұмбақ арқылы қорытындылау, бекіту. Пікірсайыс, проблемалық
сұрақтарға жауап беру.Осылайша өз сабақтарымда тірек кестелерін пайдалану
арқылы уақытты үнемдеу мәселесі, бөлінген уақыт ішінде біраз мәселелердің
басын ашып, мазмұнын түсінуге мүмкіндік жасауға болады.7
Оқулықтағы тұтас тарауды қамтитын көлемді дүниенің басты мәселелерін бір
кестеге шоғырландыру оқушы ойын жинақтауға, кенейтуге, жаттандылық сиякты
жаман әдеттен сактандыруға, салыстырмалылыққа үйретуге. тарихи құбылыстарға
талдау жасай білуге тағы басқа үлкен көмек берері сөзсіз Көп білген
кемеңгер емес, білімін пайдалана білген кеменгер демекші, адам үнемі біле
түсуге ұмтылыл, білімін молайту қажет.
Жаңа технология.
— Жана технологияларды, оның ішінде электронды оқулықтарды пайдалану,
оқушыларды ақпаратпен жұмыс істей білуін қалыптастыру, оқу жүйесінің
сапасын арттырады. Жаңа технологиядағы басты мақсат- өздігінен дамуға
ұмтылатын жеке тұлғаны қалыптастыру, оқушыны мұғалім дайындап әкелген жаңа
материалды жай қабылдауынан оны іздеп табушыға айналдыру. Сабақты үнемі
түрлендіріп, схемалар, сауалнама сұрақтар, жаңа технологияны пайдалану
арқылы өткізу үлкен нәтиже береді.
-Оқу пәнінің мазмұнын көрнекілік түрінде құрылымдау оқушылардың қабылдауын
оңайлатады. Егер оқушы сызбаны өздері жасаса. жаңа мағлұматты меңгеру
дәрежесі жоғары болады.
Сабақ - оқытудың негізгі үрдісі. Оны есте қалдыру, оқушы санасына
терең сіңіру әрбір мұғалімнің өзіндік шеберлігін қажет етеді. Сондықтан пән
мұғалімі қазіргі оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін, жетістіктерін пайдаланып
сабақтың сапасын, ғылымилығын арттырып, оқушының өзіндік ойлау қабілетін
дамытып, шығармашылыққа бағыттауы қажет. Тарих пәндерінде оқушыларға жас
ерекшелігіне, бағдарламаға сай қоғамның даму тарихы туралы жүйелі білім
бере отырып, ғылыми көзқарастарын қалыптастырып, өз бетінше жұмыс жасай
білуге, саралай, тұжырымдай білуге үйретіп,

шығармашылыққа баулимын. Оларды жүзеге асыру үшін оқытудың қазіргі
технологияларын тиімді пайдалануға тырысамын. Көрнекті педагогтардың
еңбектерін басшылыққа аламын.

Ф-0Б-001 035
Қазіргі кездегі жаңа технологиялардың бірі деңгейлеп оқыту. Оқушының
ойлау дағдысы бойынша 4 деңгейге бөлдім.
1. Міндетті деңгей. Өзіндік жұмыстарды қиналып орындайды. Ойлау дағдысы
қалыптаспаған. Бағдарлама көлемін дұрыс игермеген. Бұл оқушылар тарихи
факті, дата, тұлғаларды жаттап алады.
2. Алгоритмдік деңгей. Өзіндік жұмыстарды өз бетінше орындауға ты-рысады.
Мұғалімнің түсіндіргені бойынша айтып бере алады. Бағдарлама келемін
игерген. Ойлау дағдысы қалыптасқан.
3. Эвристикалық деңгей. Оқушы өзі ойланып, ізденіп, өзі қосымша
әдебиеттерді пайдаланып жауап береді. Бұл тапсырмаларды орындағанда
оқушының логикалық ойлау қабілеті дамиды.
4. Шығармашылық деңгей. Жаңа тақырыпты оқушы өзінің ізденуі арқылы
шығармашылыққа ұмтылады. Мұғалімнің көмегінсіз әрекет ете алады. Ойлау
дағдысы жоғары деңгейде қалыптасқан. Берілген тапсырмаға өз бетімен
мәнжазба, баяндама, зерттеу, саралау жұмыстарын жүргізе алады.
Оқушының ойлау қабілетін дамыту үшін қазіргі оқытудың түрлері:
түсіндірмелі-иллюстративті, репродуктивті, проблемалы (ділгірлік) ізденіс,
зерттеушілік қолданылады. Осылар арқылы оқушының қызығушылығын ояту,
танымдық-логикалық, шығармашылық қабілеттерін дамытуға болады.8

Ф-0Б-001 035
ІІ. Тарихты оқытудың техникалық құралдары.
Оқытудың техникалық құралдары (ОТҚ) білім берудің көрнектілігін, бейнелігін
, әсерлігін күшейтіп , оқушылардың шығармашылық қиялы мен ойлауын
ынталандырады. Оқытудың техникалық құралдарының арасынан тарих сабағында
экрандық құралдар (диафильм, диапозитив, кодопозитив) оқу кинофильмдері,
телебағдарламалар, компьютерлік бағдарламаларды қолдануға болады. Мектеп
оқулықтарының бағдарламасына сай дайындалған диафильм, диапозитивтерді
қазіргі кезде мектептерде өте сирек қолдана бастады. Олардың көпшілігі жаңа
бағдарламаның мазмұнына сай келгенімен, оларды саралап пайдалану тарих
сабағының тиімділігін арттыруға көп септігін тигізеді.
Мектеп практикасында көп қолданылатын ОТҚ түрінінің бірі-кодоскоп. Ол
экранға немесе сынып тақтасында мөлдір пленкаға салынған сурет, сызба,
сұлба, диаграмма, жазба мәтінді көрсетуге
орналады. Оны қолданылудың бірқатар артықшылықтары бар. Оған қажетті
сызбаларды мұғалім немесе оқушы оңай әзірлей алады, оларды

бірізділікпен пайдаланып,
тақырып мазмұнына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Математикадан көрнекі құралдардың жіктелуі
БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫН МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ КӨРНЕКІЛІК ҚҰРАЛДАРЫ
Оқытудың көрнекілік принципінің мәні
Көрнекі құралдарды көрсету
Ағылшын тілі сабақтарында қолданылатын көрнекіліктер
КӨРНЕКТІ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Техникалық көрнекі құралдар
Оқытудың көрнекілік принциптері
Көрнекі құралдар түрлері
Негізгі мектепте геометрия курсын визуализация құралдары көмегімен оқытудың теориялық негіздері
Пәндер