Коммерциялық банктің меншікті капиталдарының қалыптасу көздерін талдау жасау


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 75 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . .

1 Koммepциялық бaнк кaпитaлының қалыптacyы мeн oны бacқарудың теориялық негізі . . .

1. 1 Банктің меншікті капиталы: мәні және функциялары . . .

1. 2 Банктің меншікті капиталдың арттырудың ішкі және сыртқы көздері . . .

1. 3 Банктің меншікті капиталының жеткіліктілігін бағалау әдістері . . .

2 Коммерциялық банктің меншікті капиталдарының қалыптасу көздерін талдау жасау . . .

2. 1 ҚР екінші деңгейдегі банктердің меншікті қаражаттарын бағалау . . .

2. 2 «Халық банк» АҚ-ның меншікті капиталын талдау . . .

2. 3 Банк капиталының мөлшеріне қойылатын Базель -2 талаптарын орындау қажеттігі . . .

3 Коммерциялық банктердің меншікті капиталдарын арттыру жолдары . . .

3. 1 Банктің меншікті капиталын басқару әдістерін жетілдіру . . .

3. 2 Банктің меншікті капиталын пайдаланудың қазақстандық және шетелдік тәжірибелері . . .

Қорытынды . . .

Пайдаланылған әдебиеттер тізімдері . . .

9

11

11

22

29

36

36

42

52

59

59

66

73

76

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі . Коммерциялық банктер басқа да шаруашылық субьектілері сияқты, өздерінің коммерциялық және шаруашылық қызметтерін қамтамасыз етіп отыру үшін, белгілі бір ақшалай қаражаттары, яғни банктік капиталдары болуға тиіс.

Қазіргі экономикамыздың даму жағдайында банктік капиталдарды қалыптасытыру және оларды басқару мәселесі бірінші кезектегі мәселеге айналуда. Банк ресурстарының пасивтік операциялары негізінде жинақталатынын ескерсек бұл мәселе экономиканың нарықтық үлгісіне өтуімен байланысты, банк ісіндегі монополияның жойылуына сай екі деңгейлі банктік жүйенің құрылуына байланысты банктік капитал құрылымы түбегейлі өзгерістерден туындап отыр десе де болады. Мұның келесідей өзіндік себептері бар: біріншіден, кешегі экономикамызға қызмет еткен жалпы мемлекеттік ресурстар қорының қысқару нәтижесінде оның бүгінгі қызмет ету аумағының Қазақстан Ұлттық банкінен берілуі; екіншіден, кәсіпорындар мен ұйымдардың әртүрлі формаларда құрылып жұмыс жасауына байланысты олардағы уақытша бос ақша қаражаттарын иеленуші жаңа меншік иелерінің пайда болуына, сондай-ақ, олардың өз ақшалай қаражаттарын сақтауды таңдау құқығыны болуын байланысты болды. Бұрынғыдай клиенттерді қандай да бір банкке әкімшілік тұрғыда бекітіп қою уақыты өткен уақыттың еншісінде қалды. Қазіргі кезде клиенттерді банктердің өздері іздеп табуға міндетті.

Сонымен қатар, банктердің қызметтерінің ауқымы, яғни, активтік операцияларменен анықталатын обьектілері, банктердің капиталдарының жалпы көлеміне, соның ішінде меншікті қаражат көздеріне тікелей байланысты болып табылады. Міне осындай жағдай, банктердің капиталдарын қалыптастыру мен басқару барысында өзара бәсекелестікке баруына жол береді.

Бүгінгі таңда отандық банктердің капиталдарының жеткіліктігі мен олардың құрылымында шетелдік капиталдарының қатысуымен құрылған шетелдік немесе бірлескен банктердің қызмет етуі, өз кезегінде отандық банктер үшін бірқатар мәселелер туындатып отырғаны жасырын емес. Міне осы жоғарыда айтылған мәселелердің болуы осы дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдауға себеп болды.

Ертедегі Грек философы Аристотель (384-322ж. ж. б. э. б. ) былай деген: игілік қай жерде болсын, келесідей екі шарттың орындалуына тікелей байланысты, біріншісі - мақсатты дұрыс анықтау, екіншісі - оған жетуде тиісті құралдарды іздестіру [1] .

Ендеше, жоғарыдағы мәселелерді зерттеуге бағытталған дипломдық жұмыс алдында келесідей мақсаты мен міндеттері болады.

Дипломдық жұмысының басты мақсаты екінші деңгейлі банктердегі ресурстардың құралуына баға бере отырып, ондағы орын алар мәселелерді анықтау болып табылады.

Осы мақсатқа жетуде келесідей міндеттерді шешу қажет:

  1. банк меншікті капиталының мәні мен қызметтерін қарастыру;
  2. банктік капиталдың құралу көздерін қарастыру;
  3. екінші деңгейлі банктердегі меншікті капитал құрылымына талдау жасау;
  4. банктің меншікті капиталын арттыру дамыту жолдарын қарастыру.

Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісіне ҚР екінші деңгейдегі банктердің меншікті капиталдарының қалыптасуы мен оларды басқару қызметі алынды.

Дипломдық жұмысының ғылыми жаңалығы ретінде отандық банктік капиталдың қалыптасуы теориялық және тәжірибелік тұрғыдан терең зерделене отырып, оны басқару және бағалауды жетілдіруге байланысты бірқатар ғылыми-тәжірибелік маңызы бар ұсыныстар жасалды.

Дипломдық жұмысты жазу барысында шетелдік экономист ғалымдардардың еңбектері: О. И. Лаврушин, В. И. Колесников, О. И. Марков, В. М. Усоскин М. Х. Лапидус және т. б. және отандық экономист ғалымдардың: Ғ. С. Сейтқасымов, Н. Н. Хамитов, С. Б. Мақыш және т. б. шығармашылық еңбектері пайдаланылды.

Дипломдық жұмыстың ақпараттық және құқықтық негізіне: ҚР заңы, ҚР Ұлттық банкінің нормативтік құжаттары мен актілері, сол сияқты әр түрлі әдістемелік нұсқамалар мен ережелер пайдаланылды.

Дипломдық жұмыстың көлемі мен құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш негізгі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Коммерциялық банк капиталының қалыптасуы мен оны басқарудың теориялық негізі

1. 1 Банктің меншікті капиталы: мәні және функциялары

Банктің міндеттемелерден бос мүлкі немесе банктің меншікті мүлкі (қаражаттары) оның капиталы болып табылады. Банктің капиталы оның қаржылық ресурстарының көзі. Сонымен қатар капитал банктік ресуртардың ерекше формасы: банктің құрылуының және қызмет етуінің негізгі шарты, яғни банк қызметінің негізі.

Банктік пассивтер құрылымының ерекшелігі банктің меншікті қаражаттарының тартылған құралдармен салыстырғандағы үлесі (10% көлемінде) . Мұның бірнеше себептері бар.

Біріншіден, банктер өздерінің қызметіне байланысты клиенттерінің уақытша бос қаражаттарын қайта бөлумен айналысады, яғни «біреулердің» құралдарымен қызмет жасайды.

Екіншіден, банк активтері қаржылық емес компаниялардың активтерімен салыстырғанда өтімділігі жоғары, себебі көбінесе ақшалай формада болады басқалардағыдай негізгі құралдар мен өндірістік қорларда емес. Бұл банкке кредиторлары алдындағы міндеттемелерін орындауға ақшалай қаражаттарды тез арада тартуға мүмкіндік береді және меншікті капитал қажеттілігін де төмендетеді.

Банк капиталы бұл пайда табу мақсатында тәуекелдерді өз мойынына ала отырып, жұмсалған банк иелерінің қаражаттары.

Біздің ойымызша, бұл ұғым банк капиталының мазмұнын ашу үшін жеткіліксіз, яғни ол банк иелерінің қаражатынан ғана тұрмайды, сондай-ақ ол акционерлік қоғам нысанында ұйымдастырылған банк болса, онда оның капиталының құрамында өзге де акционерлердің де үлестері болады. Ендеше акционерлер де өз кезегінде сондай тәуекелге барушылар болып саналады.

Банк капиталы бұл пайда табу мақсатында банктің құрылтайшылары мен акционерлерінің банк қызметін ұйымдастыру және жүзеге асыруға байланысты материалдық және ақшалай ресурстары. Материалдық ресурстарды қосудың себебі, банктің капиталының құрамына, банк ғимараты, құрылғылары, техникалары және жер телімшелерінің болуымен байланысты. Сондықтан да бұлардың нарықтық құндарының өсуі өз кезегінде банк капиталының құнының өсуіне ықпал етеді. Әрине, мұндай ресурстар банктің жарғылық капиталының құрылымында есепке алынуға тиіс.

Банк ісі теориясында банктің меншікті капиталы мен меншікті қаражаттары өзара ажыратылады.

Банктің меншікті қаражаты бұл банктің ішкі қызметі үдерісінде құралатын барлық пассивтерді: банктің жарғылық қорын, резервтік және өзге де қорларды, банкте құрылатын резервтерді, сол сияқты банктің бөлінбеген пайдасы мен ағымдағы пайдасын қамтиды.

Банктің меншікті капиталы бұл есептік жолымен анықталатын шаманы білдіреді. Оған банктің капиталы қызметтерін атқара алатын меншікті қаражаттардың баптары кіреді. Меншікті қаражаттардың негізгі элементтері, яғни заңға сәйкес құрылған басты қорлар және банк қызметін қолдау мақсатында ішкі көздер есебінен құрылған резервтер мынадай қағидаттарға жауап беретін жағдайда ғана жатады:

  • тұрақтылық;
  • кредитор құқықтарына қатысты субординациялардың сақталуы;
  • тұрақты есептелетін табыстар болмаған жағдайда.

Сонымен, банктің меншікті капиталы бұл банктің экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуге арналған банктің қызмет ету кезеңінің барлығында болатын зияндарды жабу үшін құрылған қорлар және резервтерді білдіреді.

Банктің меншікті капиталына мынадай баптар кіреді:

  • жарғылық (акционерлік) капитал;
  • резервтік капитал;
  • құрылтайшылық пайда;
  • банктің иелігінде қалатын ағымдағы және өткен жылдардағы бөлінбеген пайда;
  • әр түрлі тәуекелдерді жабуға арналған резервтер.

Әр түрлі коммерциялық банктердің меншікті қаражаттары ресурстардың жалпы көлемінде жоғары үлесін құрауы мүмкін.

Банктің меншікті қаражаттары қатарына меншікті капиталы мен оған сай келетін баптар кіреді. Коммерциялық банктердің меншікті капиталының ролі мен шамасы, басқа қызметпен айналысатын кәсіпорындар және ұйымдарға қарағанда өзіндік ерекшеліктерге ие. Банктің меншікті капиталы арқылы, оның барлық қаражаттарға деген қажеттілігінің 10%-ы өтеледі. Шын мәнісінде, меншікті және тартылатын қаражаттардың арасында шекті ең төменгі мөлшерде шекарасы болады.

Банктің меншікті қаражаттарының банктің үнемі тұрақтылығын ұстап тұруда маңызы бар. Банктің бастапқы құрылуы барысында, осы меншікті қаражаттары алғашқы шығындарды, яғни жерге, ғимаратқа, жабдықтауға, жалақыға жұмсалатын шығындарды жабады. Себебі, меншікті қаражатсыз банктің қызметін бастау мүмкін емес. Осы меншікті қаражаттар есебінен банкте қажетті резервтер құрылды. Ең соңында, банктің меншікті қаражаты - бұл ұзақ мерзімді активтерге жұмсалымдардың басты көзі болып табылады.

Банктің меншікті қаражаттары - банктің экономикалық дербестігін және қызмет ету тұрақтылығын қамтамасыз ететін әр түрлі қорлар (капиталдар) мен бөлінбеген пайда жиынтығы.

Банктердің балансына жасалған талдауға байланысты банктердің қаражаттарының ішінде келесідей ресурстарды бөліп қарауға болады:

  • меншікті капитал;
  • депозиттер;
  • банкаралық міндеттемелер;

Бүгінгі күні көптеген банктеріміз үшін міндеттемелер портфелін ықшамдау міндеті маңызды болуда. Бұл банк ресурстарының базасының толығымен өзгеруіне, әр ресурс түрінің құнындағы өзгерістерге және банктер арасында бәсекелестіктің артуына байланысты.

Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің міндеттемелеріндегі сәйкессіздік себептеріне:

  • банк аралық ресурстарының жоғарғы деңгейде болуы;
  • жүмыс жасайтын активтердің деңгейінің төмендігі;
  • сырттан тартылған депозиттердің деңгейінің төмендігі;

Қазақстандық банктердің меншікті капиталдары өте аз. Оның себебі, кезіндегі Кеңес үкіметті тұсында банктің меншікті капиталының ешқандай ролі болмады [2] .

Сондай-ақ, ол уақыттарда банктердің банкротқа ұшырауы мүмкін емес болады. Сондықтан да болар бүгінгі тәуелсіз банктік жүйедегі екінші деңгейлі банктердің меншікті капиталының барлық мөлшері әлемдегі бір ірі банктің капиталынан бірнеше есе төмен екендігің көрсетеді.

Банктің меншікті қаражаттарының құрылымы бірдей емес, олар әр түрлі әсер ететін факторлардың оның ішінде активтердің сапасына, меншікті пайдасының пайдаланылуына капиталдың бағасын нығайту мақсатына байланыста банк саясатына қатысты жыл бойына өзгеріп отырады.

Сонымен, банктің меншікті қаражаттарын келесідей топтар құрайды: жарғылық қор (капитал), резервтік қор, қосымша қорлар, банк операциялары бойынша тәуекелдерді төмендету мақсатында құрылған қорлар (резервтер), бөлінбеген банк пайдасы.

Банктің жарғылық қоры (капитал) банктің заңды тұлға ретіндегі міндетті түрде құрылуын және оның өмір сүруінің экономикалық негізін құрайды. Жарғылық капиталдың төменгі мөлшері Қазақстан Ұлттық банктердің пруденциалдық нормативтерімен реттеліп отырады. Банктің жарғылық капиталы оның құрылтайшыларының қосқан жарналары немесе пайларының сомасынан тұрады.

Бағалы қағаз (акция) шығару есебінен құрылған банктің жарғылық капиталын банктің акционерлік капиталы деп атайды. Акционерлік капитал көлемі акцияны ұстаушылар - акционерлер қосқан жарналардан құралады.

Қазақстанда екінші деңгейлі банктер екі ұйымдық формаларда құрыла алады:

  • пай қосу арқылы - жауапкершілігі шектеулі серіктестік формасында;
  • акционерлік банк;

“ҚР -ғы банктер және банктік қызмет туралы” ҚР заңына сәйкес, банктер акционерлік қоғам формасында құрыла алады. Бұл дегеніміз, олардың акцияларын ашық түрде сататындығын білдіреді. Олардың ашық түрдегі қоғам түріне өтуіне Қазақстан Ұлттық банкінен рұқсат қағазын алған күннен бастап, бір жыл ішінде пруденциалдық нормативтермен басқадай міндетті нормалар мен лимиттерді бұзбай, сол сияқты зиянсыз жұмыс жасаған жағдайда ғана рұқсат беріледі [3] .

Пай қосу арқылы құрылған банктің жарғылық қоры құрылтайшылық құжатта мөлшері анықталған пайшыларының жарнасынан құралып, олар қосқан жарналары көлемінде жауапты болып саналады. Мұндай банктердің жарғылық капиталын ұлғайту, тек қана пай қосушылардың қосымша қосқан жарналары және пай қосушылардың санының өсуі есебінен жүзеге асырылады. Алайда, акционерлік банктер өздерінің жарғылық капиталын ұлғайту үшін қосымша акцияларын эмиссиялайды, сол сияқты бұрынғы шығарылған акцияларының бағасын өсіреді.

«Акционерлік капитал» деген ұғым акциялар сату арқылы көптеген жеке және заңды тұлғалардың құралдарының бірігуі, акционерлік қоғам қызмет ету процесінде алынған пайданың капитализациялануынан, қоғамның портфельді инвестицияларының айналысынан алынған табысын білдіреді.

Акционерлік капитал банк капиталынды негізгі орынды алады, себебі ол арқылы банк иесінің табыс алуға және банкті басқару құқтары іске асырылады. Экономикалық әдебиетте акционерлік капитал деп банктің барлық меншікті капиталын атайды.

Банктің акционерлік капиталына: банктің жай акциялары, артықшылығы бар акциялар, басы артық капитал (акциялардың курстық бағасының сомасымен және олардың номиналдық құны арасындағы айырма) және бөлінбеген пайдасы жатады.

Акционерлік капитал алдымен банк құрылғанда құрылтайшылардың жарналары, акциялар шығару мен орналастыру арқылы жарғылық капитал ретінде қалыптасады.

Жарналар ақшалай құралдармен де төленеді. Жарғылық кордың көлемі құрылтайшылармен анықталады, бірақ ҚР Ұлттық банкі бекіткен мөлшерден төмен болмауы керек.

Коммерциялық банктің меншікті капиталы банктің қаржылық ресурстарының көзі болып табылады.

Меншікті капитал есебінен банктер ресурстарға деген жалпы қажеттіліктің 12-20% қамтамасыз етеді. Әсіресе банк қызметінің бастапқы кезеңіндегі шығыстарды жасауға меншікті капитал өте қажет. Банктік операцияларды жүргізудің кейінгі кезеңдерінде де меншікті капиталдың рөлі жоғары [4] .

Ол банктің қаржылық жағдайын бағалауда да негізгі орын алады. Бос резерв көлемі көп болса, банк тұрақты, бірақ пайдасы да аз болады. Акционерлік капиталдың құрамы мен құрылымын қарастырудан бастаймыз. Құрылымдау белгілері ретінде иелердің элементтік құрамын және акцияларды иелену пакетінің көлемін қолданамыз. Мемлекет банктің құрылтайшысы және акционері болып Үкімет ретінде бола алады.

Мемлекеттік кәсіпорындар және ұйымдар, жарғылық капиталдарында қатысу үлесі елу пайыздан артық немесе орналастырылған акциялары мемлекетке тиесілі Мемлекеттік кәсіпорындар және ұйымдар банк құрылтайшысы және акционері бола алмайды. Ұлттық басқару компаниясы Қазақстанның Даму банкінің акционері бола алады.

Қалыптастыру көздері және акционерлік қоғам ретінде акционерлік капиталдың элементтер бойынша құрылымы бес элементтермен берілген: жарғылық, қосымша және резервтік капитал, сонымен қатар бөлінбеген пайда және арнайы қорлар. Барлық элементтер құралу көздері, экономикалық мәні және АҚ құруда және оның дамуындағы алатын орны бойынша ерекшеленеді.

Төмендегі суретте акционерлік капиталдың аталған белгілері бойынша құрылымы көрсетілген.

1-сурет. Акционерлік капитал құрылымы

Меншікті бағалы қағаздар шығару арқылы құрылатын банктің жарғылық капиталы акционерлік капитал деп аталады. Капитал көлемі акциялар ұстаушылардың жарналарынан құрылады. Банктің құрылтайшылары және акционерлері болып заңды және жеке тұлғалар бола алады - Қазақстан Республикасының резиденттері мен резидент еместер.

Акционерлік банктер өзінің жарғылық капиталын қалыптастырып, ұлғайту үшін жай және артықшылығы бар акциялар шығарады.

Акционерлік капиталға келесілер кіреді:

  1. жай акциялар;
  2. артықшылығы бар акциялар;
  3. артық капитал (бағалы қағаздардың курстық бағасы мен номиналының айырмасы) ;
  4. қайта бөлінген пайда.

Жай акциялар акционерге акционерлердің жалпы жиналысында анықталған көлемде дивиденд алуға құқық береді.

Артықшылығы бар акциялар акционерге акцияларды сатып алу - сатуда (мүліктің бір бөлігі) анықталатын көлемде дивидендтер алуға құқ береді.

Банк қызметі процесінде акционерлік капиталды көбейту қажеттілігі пайда болуы мүмкін. Бұл негізгі екі шарт орындалғанда мүмкін болады:

  1. оның көлемі толық төлену керек;
  2. таза активтер сомасы тіркелген акционерлік капиталдан төмен болмауы керек.

Заңдарға сәйкес акционерлік капитал келесідей көбейеді:

  • қоғамға қабылданатын қатысушылар мен үшінші тұлғалар жарналары есебінен. ҚР Азаматтық Кодексіне сәйкес қоғамның құрылтайшылық құжаттарына енгізілетін өзгерістер үшінші тұлғалар үшін мемлекеттік тіркеуден кейін күшіне енеді;
  • бұл деген құрылтайшылар салымдарды өзгерістер тіркеуге дейін сала алады, бірақ басқа тұлға үшін бұл сомалар жарғының мемлекеттік тіркеуіне дейін акционерлік капиталға салым ретінде енгізілген болып есептелмейді. Сондықтан акционерлік капиталға салым, егер ол бекітілген тәртіпте тіркелмесе, заңды немесе жеке тұлғалардан өтеусіз құралдардың түсуі болып есептеледі. Осы жағдайда пайдаға салық төленеді, себебі бұл құралдар сатудан тыс операциялар табыстар құрамына кіреді;
  • жарғылық капиталдың мүлік есебінен көбеюі. Қатысушылардың 2/3-ден кем емес даусымен қабылданған жағдайда жалпы жиналыстың шешімі бойынша іске асады;
  • қоғамның акционерлік капиталының мүлік есебінен көбеюі туралы шешім осы шешім қабылданған жылдан бұрыңғы жылдағы қоғамның бухгалтерлік есептері мәліметтері негізінде қабылданады;
  • қоғамның акционерлік капиталының мүлік есебінен көбею сомасы таза активтер құны мен жарғылық және резервтік капитал сомасының айырмасынан артық болмау керек. Таза активтер есебіне алдыңғы уақыттың табыстары алынбайды.

Акционерлік капиталды толықтыру көздері ретінде бұл жағдайда қосымша капитал қолданылады (мүлікті қайта бағалау құралдары, эмиссиялық табыс, өтеусіз алынған бағалықтар), бөлінбеген пайда, қорлану қорлары, резервтік капитал.

Егер қайта бағалау акционерлік капиталға салым ретінде енгізілген объектілер бойынша жүргізілсе, онда қатысушының шығындары немесе салымының сомасы қайта бағалау кезіндегі нарықтық бағалармен есептеледі.

Объектілерді қайта бағалау нәтижелері оны жүргізетін эксперттің актісімен және негізгі құралдарды қайта бағалау құжатымен рәсімделеді [5] .

Акционерлік қоғам туралы заңда қоғамның өзінің акционерлік капиталын азайту құқығы қарастырылған. Онда қоғамның акционерлік капиталының ең төменгі мөлшерін анықтаудың ерекше ережесі бекітілген.

Егер қоғам өз еркімен акционерлік капиталды азайту туралы шешім қабылдаса, оның акционерлік капиталының көлемі сәйкесті құжаттарды мемлекеттік тіркеуге өткізген мерзімдегі анықталған акционерлік капиталдың ең төменгі мөлшерінен аз болмауы керек.

Егер қоғам акционерлік капиталды заңға байланысты азайту керек болса, акционерлік капиталдың төменгі мөлшері қоғамның мемлекеттік тіркеуден өту мерзіміне анықталады.

ҚР АҚ сәйкес акционерлік қоғамның акционерлік капиталын азайту оның барлық кредиторларына ескерту жасалғаннан кейін ғана болады. Қоғамның кредиторлары қоғамның міндеттемелерінің мерзімінен бұрын тоқтатылуын немесе орындалуын және олардың шығындарының өтелуін талап етуге құқылы.

Акционерлік капитал бекітілген ең төменгі мөлшерден аз болмауы тиіс. Акционерлік капиталды азайту туралы шешімді тек қана акционерлердің жалпы жиналысы қабылдай алады (жарғы бұл қызметті директорлар кеңесіне бере алмайды) .

Бағалы қағаздардың әр бір эмиссиясы орналастыру тәсіліне қарамай оларды шығаруға проспект құру мен эмиссиялау проспектісін экспертизадан өткізумен байланысты. Эмиссиялау проспектісі: эмитент туралы мәліметтер, банктің қаржылық жағдайының мәліметтері, бағалы қағаздарды шығару мәліметтерінен тұрады. Банк бағалы қағаздарды сатуды шығару тіркеліп, эмиссиялау проспектісі басылғаннан кейін жүргізеді.

Банктің жәй акциясын иеленушілер банктің таза табысынан дивидент алып отыруға, оның жойылуы барысында тиісті мүлкіне ие болуға және акционерлердің жиналысына қатынасып дауыс беруге құқылы.

Банктің артықшылығы бар акцияларын иеленушілерге тұрақты процент түрінде табыс алып отыруға, бірінші кезекте банктің жаңа акцияларын сатып алуға және оның жойылуы барысында бірінші кезекте өзіне тиісті мүлкін алуға құқылы.

Сонымен қатар, банктер сырттан қаражаттар тарту мақсатында облигацияларды да шығара алады.

Жалпы, банктің акционерлік капиталының құралуы келесідей кезеңдерден тұрады:

  1. бағалы қағаздардың проспект эмиссиясын дайындау және оны экпертизадан өткізу;
  2. бағалы қағаздардың эмиссиясын тіркеу;
  3. банк-эмитенттің бағалы қағаздарын тіркеу;
  4. шығарылатын және орналастырылатын бағалы қағаздардың нәтижелерін тіркеу.

Акционерлік банктер акцияларды келесідей жағдайларда шығарады:

  • банкті акционерлік формада құруда;
  • банктің жарғылық қорын ұлғайту үшін қосымша акциялар шығаруда;
  • облигациялар шығару арқылы сырттан қаражаттар тартуда.

Банктің меншікті қаражатының түріне резервтік қоры жатады. Резервтік қор - банктің қызметінде пайда болуы мүмкін зияндардың орнын жабу мақсатында құрылады. Сондай-ақ, резервтік қор банктің тұрақты қызмет етуін қамтамаасыз етеді. Резервтік қордың шамасы заңды түрде жарғылық капиталға белгілі бір процентік мөлшерде, айталық, 25 % мөлшерінде құрылатын болса, оның мөлшері жарғылық қормен теңескен жағдайда жарғылық капиталға толығымен аударылады. Резервтік қордың құралуының негізгі көзі банк пайдасы болып табылады. Кейде, банкте пайда болмаған жағдайларды резервтік қор есебінен банктің артықшылығы бар акциялар бойынша проценттер төленеді [6] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық банктердің басқару және функционалдық құрылымы
Коммерциялық банктердің меншікті капиталдары
Коммерциялық негіздегі қызмет ететін кәсіпорынның қаржысы
Банк секторының қаржылық
Коммерциялық негіздерде жұмыс істейтін шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық қорлары
Коммерциялық шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы
Коммерциялық банктің активі мен пассивін басқару әдістемесі және тәжірибесі
Банктің меншікті капиталы,оның құрылымы және қалыптасуы
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz