Орта мектеп оқушыларына кәсіби бағдар берудің жұмысын ұйымдастырудың ғылыми-теориялық негіздері


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1. Орта мектеп оқушыларына кәсіби бағдар берудің жұмысын
ұйымдастырудың ғылыми-теориялық негіздері
- Мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар беру жұмысының мәні мен
мазмұны . . . 8
- Орта мектеп оқушыларына кәсіби бағдар берудегі педагог-психологтың рөлі . . . 20
2. Оқушыларға кәсіби бағдар берудегі психологтың жұмыс жүйесі
2. 1. Оқушыларға кәсіби бағдар беру жұмысына байланысты педагог-психологтың қызметін жетілдіру жолдары . . . 31
2. 2. Тәжірибелік-зерттеу жұмысты ұйымдастыру және оның нәтижелері . . . 38
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 57
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 60
ҚОСЫМШАЛАР . . . 62
Кіріспе
Бүгінгі таңда қоғам алдына қойылған негізгі міндеттердің бірі жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру. Қазіргі жаңа кезеңдерде ғылымдар жүйесінде, кәсіби өзіндік анықталу мәселесін зерттеу өзектілігі қоғам талаптарына орай еңбек сипаты мен мазмұнының аумақты, жылдам өзгеруіне байланысты кәсіби бағдар мен мамандық таңдауға психологиялық дайындықты қалыптастырудың теориялық және әдіснамалық өңдеулерін жүзеге асыру мәнді сұрақтардың бірі. Кәсіби бағдарлану мен кәсіби анықталу, соған байланысты іс-әрекетті саналы өзіндік реттеу мәселелерінде дәстүрлі және диагностикалық зерттеуді қолдану, психологиялық, педагогикалық, практикалық кеңес беруді, мамандыққа дайындауды, еңбек субьектісі ретінде болашаққа бағыт бағдар беруді кеңінен қолдануды күшейтіп негіздейді [1] .
Елбасымыз, Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына кезекті жолдауында былай деген болатын: «Мемлекеттің басты міндеті халық үшін шешім шығару емес, өскелең ұрпаққа құндылықтардың жаңа жүйесіне бейімделуге және мемлекеттің даму сатысымен бірге болашағын қалыптастыруға жол ашу» деп нықтай көрсеткен [1] .
Әлемдік білім беру кеңістігіне бағытталған білім берудің негізгі мақсаты - өркениетті елдердегі білім беру әлемдік стандартына сай білімді меңгеріп қана қоймай, білік пен дағды арқылы дербестік, ізденімпаздық, шығармашылықпен ойлай алатын, кез-келген ортада өз шешімін таба білетін білімді де білікті жасөспірімдерді жан-жақты жеке тұлға ретінде даярлау. Осы мақсаттарды іске асыруда бүгінгі мектеп оқушыларына қойылып отырған мәселелер күн сайын талаптануда. Өйткені, келешек қоғамымыздың басты тұлғасы бүгінгі мектеп оқушылары. Сондықтан мектепте берілетін кәсіби бағдар жұмыстарының маңызы зор болып табылады.
Кәсіби бағдар беру мақсаты жас ұрпақты саналы түрде мамандық таңдауға дайындау, үйрету екендігі белгілі. Қоғамның әлеуметтік және ғылыми-техникалық прогресі жылдамдап отырған заманда адамның интелектуалдық еңбек үлесі өседі және білім деңгейіне, шығармашылық даралығының дамуы мен кәсіби бағыттылығына қойылатын талап жоғарылайды. Кәсіби бағыттылық оқушының кәсіптік жағынан өзін-өзі айқындауының маңызды бөлігі ретінде мамандық таңдауға белсенді қарым-қатынасынан көрінеді [3] .
Психологиялық қызметтің міндеттерінің бірі - оқушылардың әр түрлі мамандықтарға икемділігін анықтау негізінде олардың болашақта тиімді қызмет атқару саласын таңдап алуға көмек көрсету. Бұл проблеманы жан-жақты зерттеу 19 ғасырда басталып көптеген ғалым психологтар оның әр түрлі аспектілерін зерттеді. 20 ғасырдың басында В. Вундт, Мюнстерберг, Бине т. б. ғалымдар ұйымдастырған зертханалар зерттелінушілердің психофизиологиялық ерекшеліктерін бағалау арқылы олардың мамандыққа жарамдылығын анықтаған. Бұрынғы кеңес мектептерінде мамандыққа баулу мәселелеріне үлкен көңіл бөліп, көптеген ғалымдар осы проблеманы зерттеуге үлкен үлес қосқан. Ю. В. Болыпакова, П. П. Блонский, Н. К. Крупская, В. И. Лебедев, Г. Н. Стычинский, В. А. Сухомлинский, Ю. П. Сокольников, А. П. Сейтешов, Г. А. Уманов, Л. К. Керимов, Т. Х. Хамракулов. Олар өз зерттеулерінде мамандыққа баулу жұмысының құрылымын, мазмұнын және пайдаланылатын әдіс-тәсілдерді анықтап, мектеп қабырғасында балалармен жүргізілетін мамандыққа икемділігін анықтау жұмыстарының бағдарламасын жасады.
Қазіргі кезде жеке тұлғаның психофизиологиялық ерекшеліктерін толық және жан-жақты талдап мамандыққа баулу және мамандыққа икемділігін анықтап беру жұмысын мектеп психологі жүргізуі керек. Мектептерде психологиялық қызмет ұйымдастырылуына байланысты барлық оқушылардың жеке-даралық ерекшеліктерін, әр баланың қызығушылықтары мен интеллектуалдық қызметке икемділігін, таным процестері мен жекелік қасиеттерін сандық және сапалық жағынан толық бағалап шығуға, баланың психологиялық портретінің ерекшеліктерін жүйелі түрде зерттеуге мүмкіншілік бар. Психологиялық қызмет жоспары бойынша жүйелі түрде жүргізілген зерттеулер нәтижелерін мамандықты саналы таңдап алуға, мамандыққа психологиялық қызмет жоспары бойынша жүйелі түрде жүргізілген зерттеулер нәтижелерін мамандықты саналы таңдап алуға, мамандыққа баулу жұмысы арқылы әр оқушыға тиімді көмек көрсетуге мүмкіншіліктер бар.
Сондықтан психология мен педагогикада осы мәселеге үлкен көңіл аударылады. Әр мектептің оқушыларды мамандыққа баулу және кәсіби бағдар беру жұмысының жоспары құрылып, оны жүзеге асыруға психологтың қосатын үлесі мол болуға тиіс.
Қазіргі заманымызға байланысты оқушыларға білім беру, сонымен қатар олардың кәсіптік бағдарын айқындау қажетті болып отыр. Өйткені, оқушы мектеп бітірісімен ол мамандық таңдап, оқу орнына түскісі келеді. Осындай жағдайда олар қаншама мамандық ішінен өзіне керегін таңдай алмай адасады. Сол себептен де оқушылардың мамандық таңдауында оларға бірден бір көмекші оның сынып жетекшісі, пән мұғалімдері, ата-аналары болмақ. Ал енді сол кәсіптік бағдар жұмыстарын жүргізуде қандай жағдайларды ескеру керек?
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының 3 бабында білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың тұжырымдалран негізгі принциптерінде «оқушыларды кәсіптік бағдарлау» принциптері қамтылған. Қазіргі заманымызда оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беру әрбір ұстаздардың алдына қойған басты мақсаты деп ойлаймыз. Ал енді білім мен тәрбие беру мен қатар оқушыларға кәсіптік білім беру көптеп қолға алынып жүр. Оқушылар мектеп бітірісімен белгілі бір кәсіп иесі болу керек. Бірақ оны іске асыру үшін және кәсіптік мамандық игермес бұрын кәсіптік бағдар жұмыстарына үлкен-көңіл бөлу қажет. Себебі оқушының кәсіптік ынтасын, икемділігін білмей кәсіпке баулу мүмкін емес. Осы кәсіптік бағдар жұмыстарын не үшін жүргізу қажет? Қалай жүргізуте болады? Нәтижесінде нені көруге болады? Осы сүрақтарға нақтылы жауапты төмендегі зерттеу жұмыстарының нәтижесінен байқауға болады [2] .
Қазіргі таңда мемлекеттің басты проблемаларының бірі -бұл білім, сол білімді сапалы меңгеру үшін мектеп кезеңінен бастап кәсіптік бағдар жұмыстарының жүргізілуі, яғни оқушылардың кәсіптік бағдары. Мектеп бітіруші оқушылардың мамандық таңдауы олардың басты мәселесі. Оның мамандықты дұрыс таңдауы қоғамға да, өзіне үлкен пайда келтірмек.
Кәсіптік бағдар көптеген сұрақтарды қамтиды, соның ішінде; әлеуметтік, экономикалық, құқықтық, психология-педагогикалық, медициналық физиологиялық және танымдық сұрақтарды қамтиды. Мамандықты дұрыс таңдамау, кәсіптік бағдар жұмыстарының бұрмалануынан оқушылар мамандықтан жалыға бастайды. Бұл өзінің таңдаған мамандығына қанағаттанбауынан, мамандықты, жұмыс орнын аустыруына әкеліп соғады, жұмыстың ауысуы, жұмысшыны қайта даярлау - бұл мемлекеттің, кәсіпорындардың және оның өзіне экономикалық шығынға түседі.
Жалпы білім беретін мектептерде жоғарғы сынып оқушыларының кәсіптік бағдарын бақылау, болжау және түзетулер енгізу Республикадағы нарықтық қатынастарды реттейді оқушылардың мамандықты дұрыс таңдауына және қазіргі кездегі еңбек ресурстарындағы өнімді күштерді айқындайтын болады.
Қоғамдағы қайта дайындау міндетті түрде жастардың еңбекке деген мотивациясын, болашақ іскерлігін таңдауын өзгертеді. Сонымен қатар қазіргі таңдағы қатынастар олардың кәсіптік-квалификациялық құрылымдарының өзгеруіне басты себепкер болады.
Республикамыздағы экономиканың өсуі, әр-түрлі кәсіпкердік жаңа басқа да мамандықтардың шығуына байланысты еңбек рыногында бәсекелестік жүріп жатыр. Жастардың мүмкіндіктеріне, белгілі бір мамандыққа қызығушылығына қарай оларды жұмысқа орналастыру проблемасы тұр. Оқушылар мектеп қабырғасын бітірісімен сұранысты айқындайтын маман болуы қажет. Проблеманың бұл жерде шығуы, бітірушілер өздеріне қажетті мамандықты таңдай алмауында. Қазіргі кездегі қоғамдағы жұмысшы мамандыққа бағдар беру, яғни қоғамның сұранысын айқындау.
Проблеманың қазіргі кездегі жағдайда байланысты туындайды, яғни оқушылар таңдаған мамандығы бойынша жұмыс істеуі оның жақсы маман болуы. Оның таңдаған мамандығының қазіргі кездегі сұранысқа еңбек нарығында сұранысқа ие болуы. Тақырыптың практикалық көкейтестілігі оқушылардың кәсіптік бағдар жұмыстарын бақылау, болжау және түзету модельдерінің психология-педагогикалық жеткіліксіз (өңделмеуіне) қаралмауына негізделеді.
Кәсіптік бағдар мемлекеттің кадрларға деген сұранысын және адамның өзіндік икемділігіне қарай мамандық таңдауының өлшемдер жүйесі (психологиялық-педагогикалық, экономикалық және т. б. ) .
Жұмысшы мамандығына сұраныс және басқа да аспектілер көрініс тапты. Біз бірнеше әдебиеттерді қарастырып өтеміз.
Кәсіптік бағдар жұмыстарының ғылыми әдістемелік негізі П. Р. Атутов, С. Я. Батышев, М. Н. Махмудов, Г. А. Уманов еңбектерінде кәсіптік бағдардың саясаттық базасы, кәсіптік білім мен жалпы білім беруді біріктіру мәселелерін қарастырады.
А. Д. Сазонов, В. Д. Симоненко, B. C. Аванесов, Б. И. Бухвалов еңбектерінде кәсіптік оқу, еңбек процесіндегі оқушылардың кәсіптік бағдарының теориялық негіздері келтірілген.
Н. Н. Захаров еңбегінде мектеп оқушыларының кәсіптік бағдар жұмысының тәжірибесі және кәсіптік бағдар жұмыстарының медико-биологиялық, психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік экономикалық аспектілері нақты көрініс табады.
Мамандық таңдаудағы әлеуметтік негізге байланысты сұрақтар В. А. Поляковтың, Р. Г. Гуровтың, И. Н. Назимовтың, В. Н. Шубиннің, С. Н. Чистякованың, С. Н. Чистяковтың, Г. Г. Агновойдың еңбектерінде талданған.
Психолого-педагогикалық консультация, оқушылардың кәсіптік бағдарын, жеке -тұлғаның икемділіктерін қызығулықтарын тәрбиелеу сұрақтары А. Т. Ковалев, И. Н. Назимов, Е. А. Климов, Г. Н. Шунин, С. Д. Рубинштейн, Л. Н. Капустин, С. Н. Чистяков, С. В. Аванесов, В. Д. Симоненко еңбектерінде келтіріледі.
Кәсіптік бағыттылықтың сабақта және оқытудың басқа формаларында үйымдастырылу мәселесін В. П. Басаргин, А. В. Мордовская, Г. Ф. Вечерко еңбектерінде ашып көрсетеді. Ал Қазақстанда кәсіптік бағдар мәселелерімен Г. А. Уманов, А. П. Сейтешов, Б. Ж. Сыдықов, Л. В. Левонов, Л. Х. Мажитова, Ж. Асқарова, Р. А. Озғамбаева және т. б. айналысты.
Дегенмен, қарастырылған жұмыстарда мектеп оқушыларына кәсіптік бағдарын беру жұмысында педагог-психологтың қызметін ұйымдастыру мәселелері әлі де ғылыми зерттеулерде өз дәрежесінде көрініс таппағандығын көрсетеді. Осыдан барып қайшылықтар туындайды. Бұл қазіргі жағдайға бейімделген әдістемелердің болмауы, нәтижесінде оқушылардың кәсіптік бағдар жұмыстарының реттелуін және олардың кәсіптік бағдар жұмыстарына дайын еместігін көрсетеді. Осы қарама-қайшылықтарды шешу үшін ізденіс біздің зерттеуіміздің проблемасын көрсетеді. Сондықтан бұл мәселенің шешімін табу бізге зерттеу тақырыбын “Орта мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмысын ұйымдастырудағы педагог-психологтың қызметі” деп алуымызға негіз болды.
Зерттеудің мақсаты: орта мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмысын ұйымдастырудағы педагог-психологтың қызметі жүйесін жасау, оны ғылыми теориялық негіздерін айқындау және әдістемелік тұрғыдан негіздеу.
Зерттеу нысаны: орта мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар беру процесі
Зерттеу пәні: оқушыларға кәсіби бағдар беру жұмысын ұйымдастырудағы педагог-психологтың қызметі
Зерттеудің міндеттері:
- Орта мектептерде кәсіби бағдар беру процесін бақылау, бағалау және педагог-психолог жұмыс жолдарын айқындау.
- Қазіргі кезеңдегі жүргізіліп жатқан кәсіптік бағдар жұмыстарының тиімді жолдарын анықтау;
- оқушыларымен жүргізілетін педагог-психологтың кәсіптік бағдар жұмыстарының бірыңғай жүйесін құру;
Зертеудің теориялық-әдіснамалық негіздері: теория мен практиканың бірлігі туралы философиялық идеялар, қоғамдық даму құбылыстарын зерделеудегі тұлғалық-әрекеттік қатынас қағидалары, тұлғаны қалыптастырудағы жүйелік-тұтастық көзқарас туралы тұжырымдамалар, тұлғаның қалыптасуындағы іс-әрекеттің рөлін анықтайтын білім берудің жалпы теориясы болып табылады.
Зерттеу әдістері. Зерттеу проблемасы бойынша педагогикалық және психологтялық әдебиеттерде теориялық талдау жасау, озық педагогикалық тәжірибелерді меңгеру, бақылау, сауалнама, әңгімелесу әдістерін қолдану .
Зерттеу базасы: Түркістан қаласы, №31 орта мектептің 9 және 11 сынып оқушылары.
Диплом жұмысының құрылымы:
Диплом жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
1. Орта мектеп оқушыларына кәсіби бағдар берудің жұмысын ұйымдастырудың ғылыми-теориялық негіздері
1. 1. Мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар беру жұмысының мәні мен мазмұны
Кәсіби бағдарлаудың ғылыми негізде ұйымдастырылған түрі 1908 жылы Бостон қаласында кәсіби кеңес беру бюросы ашылған күннен басталды деп айтуға болады. Ал шын мәнінде кәсіби бағдарлау ежелгі дәуірде де орын алған. Бұл проблема адамзаттың қоғамдық даму қажеттілігінен пайда болды, сондықтан оның қоғам сияқты өзіне тән даму тарихы бар. Әрине кәсіби бағдарлау мамандықтардан бұрын пайда болуы мүмкін емес. Адамзаттың даму барысында топ мүшелері орындайтын функцияларының анықталуы мен байланысты, жануарлар өсіріп, дихандықпен шұғылдана бастағаннан, балаларға арнайы тәлім-тәрбие беру, оны болашақ өмірге даярлау көптеген жаңа проблемаларды тудырды. Адам өміріндегі барлық қажеттілікті қанағаттандыруға қажетті іс-әрекет түрлерін кәсіп деп атаумен байланысты сол кәсіпке тәрбиелеу жолдары да анықтала бастады.
Адамның кәсіби жарамдылығын бағалау элементтері ежелгі дәуірде қалыптаса бастаған. Б. д. д. 3-ші ғасырдың орта шенінде Ежелгі Вавилонда мектеп түлектерінен хатшыларды дайындауға сынақ жүргізіледі. Сол заманның білім көлемділігінің арқасында кәсіби даярлығын хатшы месопотамиялық цивилизацияның орталық ірі тұлғасы болады: ол кеңістікті өлшеуді, меншікті бөлуді, музыкалық аспаптарда ойнай алуды, өсімдіктерді ажыратып, олардың ішінен адамның денсаулығын нығайтуға қолданатындарын анықтауды т. б. іскерліктерді меңгеруді талап еткен.
Ежелгі Мысырда абыз жрецтері өнеріне тек қана нақты сынақтан өткен адамдарды ғана оқытқан. Ең алдымен талапкерлер тексеруден өтіп, барлық қойылған тапсырмаларды толық орындап шығуы шарт болған. Әңгімелесу барсында талапкердің өмірбаяндық мағлұматтарды анық бере алатындығы, білімдарлығының деңгейі анықталып, сыртқы бейнесі, жалпы қарым-қатынас жасауға қабілеті бағаланған. Сонан соң оның еңбеккерлігін, басқаларды тыңдай білуін, сөйлеуі мен үндемей отыратындығын тексерген. Өзінің оқуға қабілеті жоқ, ұзақ мерзім оқудың ауыр-жеңіл жерлеріне шыдамдылық көрсете алатындығына күмәнданғандарды отпен, сумен, аштықпен, өлім қаупімен қорқытып, сынаған.
Осы қатаң сынаудан және білімділігі бойынша таңдаудан әлемге әйгілі Пифагор өте білгенін тарих бізге хабарлайды. Пифагор оқуын аяқтағаннан соң Грецияға оралып, онда өз мектебін орнатты және оқуға қабылдау үшін өзі өткен сынақтарға ұқсас әртүрлі байқауларды ұйымдастырып, талапкерлер солардан өтуі керек болды.
Пифагор, ең біріншіден, адамның интеллектуалдық қабілетін диагностикалауға көп көңіл бөлді. Қазіргі кезге дейін Пифагор жасаған интеллектуалдық қызметке икемділікті анықтау кестесін кейбір психологтар мен палгерлер өз қызметінде қолданады. Сонымен қатар Пифагор адамның күлкісіне, жүріс-тұрысына үлкен назар аударды. Оларды адамның мінез-құлқының ең айқын көрсеткіштері деп анықтады. Пифагор ата-аналардың берген мағлұматтары мен мұғалімдердің ұсыныстарына да үлкен көңіл бөлді.
Осы кездерде Қытайда үкіметтік-төрелік қызмет және көптеген мамандықтар болды. Осы мамандықтарға қызметшілерді іріктеп алу, оларды өз функцияларын атқаруға даярлау барысында кәсіби таңдаудың өз ерекшеліктеріне сәйкес келетін түрлері қалыптаса бастады. Олардың көбісі халықтың салт-дәстүрін білу, өзін және Отанын қорғауға қажетті іскерлік пен дағдыны меңгеруі, басқаларға өте ыңғайлы да жағымды жағдайларды жасау сияқты қабілеттерді тексеруге арналған жарыстар жүргізілді. Сол сияқты Ежелгі Спарта, Рим, Афина тарихында да кәсіби жарамдылықты зерттеуге, білімдарлықты бағалауға арналған көптеген инициациялар түрлері, емгихандар мен семинарлар, философтар мектептері дәстүрлері кеңінен тарады.
Спартада жауынгерлерді тәрбиелеу жүйесі ерекше дамыған болды. Бұл қала-мемлекеттеер балалармен қатар әскери-дене тәрбиесінен барлық қыздарда өтетін болды. Өйткені жауынгерлер соғысқа аттанып кеткен кезде әйелдер көптеген құлдарды игеріп отыруға шамасы келетін жауынгерлік қасиеттер көрсетуі керек болды. Сондықтан адамның дене тәрбиесіне, денсаулығын нығайтуға, қара күші мен қайратын көбейтуге ерекше көңіл бөлінді.
Римде тәлім-тәрбие жұмысында гладиаторлар даярлау ерекше мәртебеге ие болды. Жақсы тәрбиеленген гладиаторлар ақсүйектер мен мемлекет басшыларының көңлін көтеруге, ер азаматтардың айбаттылығын, шыдамдылағын, жауға деген қатыгездігін тәрбиелеуге қосатын үлесі өте үлкен болып келді. Сонымен қатар білімдар адамдарды, өнер салаларындағы мамандарды, көптеген жеңіл кәсіптерді үйрететін мектептер ашыла бастады. Ежелгі Римде сауаттылық кең тараған. Сондықтан плебейлерге арнаған жарлықтар жазба түрде шығарылып, балалардың сауатын ашатын әліппе ретінде осы жарлықтарды үйреткен. Баласының сауатын ашып, оған мамандық білім бермеген ата-анаға балалары қамқорлық көрсетуіне мемлекет тарапынан тыйым салынған.
Афина басқа локонияларға қарағанда адамның интеллектуалдық қасиеттерін жоғары бағалап, оны дамытуға өте үлкен орын берген.
Үндістанда б. д. д. 900-600 жылдардан бастап зергерлік, ұсталық, тоқымашылық, арқаншы, тігінші, бояушы, балташы, ағаш ұсталары, құмырашы, үй қызметкерлерінің әртүрлі категориялары, кәсіби акробаттар, көріпкелділер, сырнайшы, жылан арбаушы, биші, саудагерлер т. б. мамандықтар кеңінен тарады. Әр маман өз кәсібін өзінің балаларына, үрім-бұтағына үйретіп шығарған.
Орта ғасырларда адамзаттың орындайтын іс-әрекетінің түрлері көбеюімен байланысты көптеген кәсіптер пайда болып, шеберханалардағы мамандықтардың түрі, теңізшілер, кеншілер тағы басқа көптеген мамандықтар пайда болады. Осы еңбек түрлеріне даярлықтан өткізетін көптеген кәсіптік мектептер және жұмыс орнында үйрету кең тарайды. Сонымен қатар жоғары квалификациялық мамандар даярлайтын гимназиялар мен университеттер ашылады [4] .
Кәсіби бағдарлау қоғамдық процеске айналып 19 ғасырдан бастап кәсіби диагностика, кәсіпке жарамдылықты анықтау аяқ ала бастайды. Сонымен қатар кәсіби ағарту, кәсіби кеңес беру, әлеуметтік кәсіби адаптация және кәсіби тәрбиелеу ғылыми жағынан байыпталып зерттеліне бастады.
Бұл жұмыс әр адамның жекелік психикалық ерекшеліктерін анықтап, әр адамның тіршілік түрлеріне икемдішігін анықтаумен ұштастыру мәселелері қарастырылады. Ағылшын ғалымы Ф. Гальтон жеке тұлғаның психикалық ерекшеліктерін ғылыми тұрғыда анықтаудың іргетасын құрушылардың бірі болды. Осы айырмашылықтарды зерттеу мақсатымен Ф. Гальтон Лондонда 1888 жылы халықаралық медициналық және денсаулық сақтау әдістерін қолдану көрмесін ашты. Көрмеге келушілер өздерінің тән қабілетімен қатар психикалық ерекшеліктерін 17 көрсеткіштер бойынша анықтап алуға мүмкіндіктер жасалды.
1908 жылдың қаңтар айында Бостон қаласында жастарды кәсіби бағдарлау жұмысының алғашқы бюросы ашылып, мұнда талапкерлердің өмірлік еңбек жолын анықтауға көмек беретін әдістемелер қолданыла бастады. Бұл бюроның іс-әрекеттерін ғылыми тұрғыда негізделген кәсіби бағдарлаудың бастамасы деп айтуға болады. Көп ұзамай осыған ұқсаған бюролар Нью-Иоркте ашылды. Оның міндетіне әр, түрлі мамандықтардың адамға қоятын талаптарын зерттеп, мектеп оқушыларының қабілетін анықтау болды. Бұл бюроның негізін құрушылардың бірі Ф. Парсонс табысты мамандық таңдаудың үш негізгі факторларын бөліп көрсетті:
- әр адамның өзін-өзі дұрыс бағалауы, өзінің іс-әрекет түрлеріне бейімділігін, қабілетін, қызығушылығын, ұмтылысын, мүмкіндіктерін және шектеуліктерін дұрыс бағалауы;
- әрбір таңдаған мамандық бойынша қызмет атқарғанда табысты жұмыс істеу үшін ненің қажет екенін білуі;
- мамандықтың талабы мен байланысты білімді өзін-өзі бағалаудың нәтижесін үйлестіре алуы.
Осы және көптеген әлеуметтік психологиялық зерттеулердің нәтижесінде 1911 жылы Англияда 17 жастан төмен оқушыларға мамандық таңдауға міндетті түрде көмек көрсету туралы Заң қабылданды.
АҚШ-та мамандарды кәсіби жарамдылығы бойынша таңдаудан өткізуге ерекше көңіл бөлінді. Гарвард университетінің психологиялық зертханасының директоры Г. Мюнстерберг, психотехникалық зерттеулердің негізін құрушылардың бірі, кәсіби таңдау жүргізу технологиясын анықтап, өз зертханасында көптеген әдістемелер жасауға өз үлесін қосты.
Біріші дүниежүзілік соғыс барысында әскери техниканы басқарушылардың кәсіби жарамдылығын анықтап іріктеп алу қажет екені дәлелденді. Осы қызметті жолға қою үшін көптеген арнайы зерттеулер жүргізілді. Германияда 1922 жылы кәсіби бағдарлау және кеңес беру жүйесін құру жайлы Заң қабылданды. Кәсіби кеңес беру бюросының ұстанымдары бойынша еңбек биржасында мынадай ережелер құрылды:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz