Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі банктердің несиелік саясатын бағалау және оларды жетілдіру жолдарын іздестіру


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Дүниежүзілік қаржы дағдарыс жағдайында Қазақстанның банктік секторы жасауы аталған салада түбегейлі өзгерістерді қажет етеді. Олардың бәрі дүниежүзілік аренада ұлттық банк жүйесінің бәсекелестік қабілеттігін одан әрі арттыруға бағытталған банктік саясатты, соның ішінде несиелік саясатты оңтайландырумен тікелей байланысты.

Көптеген банктердің банктротқа ұшырауларын зерттеу барысында банктроттың негізгі себебі болып несиелердің төменгі сапада болуы куәландырады.

Несие саясатының жақсы дамуы және процедурасы, портфельді сауатты басқару, несиелерді нәтижелі басқару, осы сферада жұмыс жасайтын қызметшілерді дайындау тиімді несиелік басқарудың маңызды элементтері болып табылады.

Аталмыш жоспарды іске асыру мақсатында белгіленген шаралардың ең бастысы ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктердің несиелік саясатын қалыптастыру мен іске асырудың бүгінгі күнге сай еместігін және оның тиімсіздігін нақты көрсетіп отыр.

Шынымен де, Қазақстанның бүгінгі дамып отырған банк секторының бәсекелестік қабілетті дамыған банктердің қатарына кіруі үшін ең әуелі олардың несиелік саясатын қалыптастыру мен іске асырудың тиімділігін арттыруға терең мән беру қажет. Ең бастысы бұл жерде ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктердің несиелік саясатын қалыптастыру мен іске асыруды жүйелі түрде зерттеуде жоғарыда көтерілген мәселелердің шешімін табу барысында арнайы теориялық, әдістемелік және тәжірибелік тәсілдерді қолдануды қажет етеді.

Дипломдық жұмыстың мақсаты - Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі банктердің несиелік саясатын бағалау және оларды жетілдіру жолдарын іздестіру.

Дипломдық жұмыстың мақсатына жету үшін келесідей міндеттерді шешу қажет:

  • екінші деңгейлі банктердің несие саясатының теориялық негіздерін қарастыру;
  • «АТФ банк» АҚ несие саясатына баға беру;
  • «АТФ банк» АҚ несие түрлеріне талдау жасау;
  • екінші деңгейлі банктердің несие саясатын жетілдірудің шетелдік тәжірбиесін қарастыру;
  • екінші деңгейлі банктердің несие саясатының жетілдіру жолдарын ұсыну.

Зерттеу объектісі - «АТФ банк» АҚ несие саясатын калыптастыру және іс жүзінде қалыптастыру болып табылады.

Зерттеу пәні - Екінші деңгейлі банктердің несиелік саясаты аясында қалыптасатын экономикалық қатынастар.

Дипломдық жұмыстың әдістемелік негізі - отандық және дамыған шет елдердегі экономистердің еңбектері құрайды. Зерттеу барысында банк ісі жалпы және арнайы әдебиеттер қарастырылды.

Дипломдық жұмыстың ақпараттық базасын отандық және шет елдік екінші деңгейлі банктердің нақты мәліметтері құрайды.

1 Екінші деңгейлі банктердің несие саясатын құрудың теориялық негіздері

1. 1 Банктердегі несие саясатын басқарудың ерекшелігі мен рөлі

Несие қатынастарынан несие саясаты туындайды. Несие саясатының мазмұнын несие мекемелерінде әр түрлі субъектілердің уақытша бос ақша капиталдарын шоғырландырып және оларды белгілі бір мерзімнен кейін және белгілі бір төлем ақымен қайтару үшін бөліп беруді анықтайды. Сонымен бірге несие саясаты мемлекеттің ақша айналымын реттеп, ақша қаражатының экономикалық бір саласынан екінші саласына ауысуын қамтамасыз ету арқылы өндірістің тиімділігін арттыруға ықпал етеді. Несие саясаты арқылы кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың ақшаны есеп айырысуы мен төлемдері жүргізіліп, сондай-ақ әр түрлі несиелік, сақтандыру, делдалдық, инвестициялық, сенімділік, кеңес беру және сол сияқты көптеген операциялар өтеді [1] .

Несие саясатынің маңызы мен ел экономикасындағы рөлі біраз көрсеткіштермен, атап айтқанда, ақша салымдарының жалпы көлемімен кәсіпорындар жалпы көлемімен, кәсіпорындар мен мекемелердің негізгі және айналмалы капиталын қалыптастырудағы банктік қарыздың үлесімен, жиынтық төлем айнымалымен және т. б. сипатталады.

Жоғарыда айтылып кеткендей, несие берместен бұрын банк өзінің несиелік саясатын қалыптастырып алуы керек екенін түсіндік (банк қызметінің басқа да бағыттарына - депозитке, пайызға, тарифқа, техникалыққа, кадрлыққа, клиентке, бәсекелестер және т. б. қатысты қолданылатын саясатпен қоса және соған сай), сонымен қатар нақты өмір тәжірибесінде жүзеге асыру әдістері мен құралдарын ескеру қажет.

Өз несие саясатын анықтау және бекіту - қажетті ішкі құжаттарда банк басшылығының позициясын келесі мәселелер бойынша қалыптастыру және орнықтыру қажет [2] :

Несие нарығындағы банктің басымдылықтары:

  • несиелеу объектілері (салалар, өндіріс, бизнес түрлері) ;
  • борышкерлердің категориялары (билік органдары, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар, кәсіпорындар, жеке тұлғалар) ;
  • борышкерлермен қарым-қатынас сипаты (ұзақмерзімді серіктестік қарым-қатынастар немесе бір реттік несиелік келісім шарттар, несиелеуді банктік қызмет көрсету түрлерінің басқасымен үйлестіру, екі жақты ашықтық және сенімділік шамалары) ;
  • несиенің түрі мен көлемі (минималды, максималды) ;
  • несиеге қызмет көрсету схемасы;
  • несиенің қайтарымдылығын қамтамасыз ету формалары және т. б. ;
  1. Несиелеу мақсаттары:
  • несие өнімділігінің күтілетін деңгейі;
  • басқа мақсаттар (пайда алумен байланыспайтын) .

Көрсетілген мәселелер шегінде банк негізделген шешім қабылдау үшін алдағы периодқа банк қызметінің нақтыланғын және таразыланған ортақ мақсатын дұрыс қою (жалпы жоспарлауды жақсы қою), несие нарығын дұрыс талдау (маркетинг қызметінің жақсы жұмысы), банктің ресурстық базасының даму перспективасының айқындығы, несие портфелі сапасының дұрыс бағасы, персонал білім деңгейінің динамикасының есебі өте маңызды.

Несие саясатының рөлі қысқаша түрде келесі тұжырымдамаларда көрініс табуы мүмкін [3] :

  • банктің өзінің несие саясатының болмауы немесе әлсіз (негізделмеген, ойластырылмаған) саясатының болуы, не болмаса ресми түрде ғана болуы несие процесінің жоспарының, сәйкесінше, әсіресе орта және ұзақмерзімді перспективадағы банктің табыссыздығына алып келетін қызметтің осындай маңызы бар бағыттың толыққанды басқарылуының жоқтығын білдіреді;
  • мінсіз табысқа кепіл бермесе де, егер нақты ережелер пайдаланылса, банктің сапалы несие саясаты оның несие нарығындағы саналы бағытталуына септігін тигізеді, несие процесіне қатысатын бөлімшелер қызметін қамтамасыз етеді, қажетті «өзек» пен ойластырылған технологиямен қоса дұрыс емес басқарушылық шешім қабылдаудың тәуекелін төмендетеді, басщылыққа банктің несиелік бөлімшелерін басқарудың сапалы түрде бағалаудың және жалпы банктегі несие процесін қалыптастырудың маңызды критерийін береді.

Несие саясатының рөлін оның функциялар жиынтығы деп түсінуге болады, яғни оның жасақталуы және қолданылуымен байланыстырылатын күтілетін нәтижелер. Сондықтан, жалпы алғанда екніші деңгейлі банктің несие саясатының функциясы банк анықтаған несиелеуді дамытудың (жетілдірудің) мақсаттары мен басымдылықтарын ескере отырып несие процесін оптимизациялау болып табылады.

Несие саясатының барлық ережелері тәжірибелік шаралармен күшейтілуі керек. Ал олар өз кезегінде, несие саясатын жүзеге асыру механизмдерінің жиынтығын көрсетеді. Көзделген несие саясатын жүзеге асыратын барлық шаралар банк басшылығымен қарастырылып, мақұлдануы тиіс, ал сәйкес шешімдер ішкі құжаттар ретінде рәсімделуі керек [4] .

Мұндай шаралардың ішінде несие ресурсын толтыратын қажетті көлем мен қолжетімді (соның ішінде баға факторы бойынша) көздерді анықтауға, ресурстық базаны кеңейтуге, қажетті өнімділік деңгейін, несиелеудің (бір борышкерге шаққандағы өндірістің салалары, түрлері, борышкер категориясы және т. б. ) қабылдауға болатын тәуекелдері мен шектерінің көрсеткіштерін қоюға немесе қажет кезде қайта қарастыруға, несиелік қызмет көрсетулерді әр түрлі етуге және оның сапасын көтеруге, борышкер клиентурасын кеңейтуге (егер несиелік саясатта мұндай мақсаттар болса), борышкердің төлем қабілеттілігін жақсырақ тексеруге және берілген несиенің қайтарымдылығының жоғары деңгейіне жетуге, несие қызметінің мүмкін болатын шығындарын өтеуге уақтылы және қажетті көлемде резервтер қалыптастыруға, несие процесінің ұйымдық, ақпараттық-аналитикалық, әдістемелік қамтылуын жетілдіруге және т. б. мүмкіндік береді.

Әрбір банк үшін міндетті нұсқаулық және әдістемелік материалдар кешені бар несие нарығындағы барлық жұмыстарының аспектісін регламенттейтін несие саясатын жүзеге асыру механизмдерінің ерекше блогі болуы тиіс. Ұлттық банктің заңнамалық нормалары мен ресми құжаттарынан бөлек бұл кешенге келесілер кіреді: 1) несие бөлімшесіне қатысты банктің басшлық етуші органдарының шешімдері (банктің ағымдағы уақыттағы бекітілген несие саясаты; банктің несие саясатының бекіту және жасақтау тәртібінің ережелері мен несие операцияларын жүргізу бойынша басшылық; басқа да құжаттар) ; 2) несиелік бөлімшенің ережесі; 3) бөлімше қызметкерлерінің лауазымдық инструкциялары; 4) несие операцияларын жүргізу бойынша басшылық [5] .

Мұндай басшылық - жеткілікті күрделі, кешенді құжат (әр банкте әр түрлі атаумен белгілі, жиі оны несие меморандумы деп те атайды) . Оның құрамына келесі элементтер кіреді (оларды жеке құжат ретінде де және бүтін бір құжаттың бөлігі ретінде де қарастыруға болады) [6] :

  1. банктің несие қызметкерлері құзыреттерінің сипаттамасы;
  2. несиеге рұқсат беру және потенциалды борышкерлер тапсырысын қарастыру тәртібі;
  3. несиелеуді ұйымдастыру бойынша нұсқаулар;
  4. несие процесіне қатысатын бөлімшелердің өзара қызмет етуінің тәртібі;
  5. келесілерді талдау бойынша нұсқаулар: клиенттің төлем қабілеттілігін; несие портфелін; несие келісім шарттарын жасау;
  6. әдістемелер: несиелер бағасының есебі, кепіл затының бағасын анықтау, пайыздар есебі, несиелеу шектерінің есебі және олардың дұрыстығын тексеру, борышкерлермен кездесу өткізу, борышкердің несие тарихын тексеру, ол туралы үшінші тұлғадан қосымша ақпарат алу;
  7. несиелік құжаттаманы жүргізу бойынша нұсқаулар.

Қазіргі несие саясатының басты ерекшелігі банктердің меншікті және тартылған ресурстарына ғана байланысты емес, сол сияқты клиенттерді несиелеуді жүзеге асыратын екінші денгейлі банктер үшін Орталық банк бекітетін нормаларға және пруденциялық нормативтерге байланысты келеді. Мысалға, ҚР Ұлттық банкі орталық резервтерге міндетті төлемдер аудару нормасын белгілейді. Сол сияқты, басқа да нормативтер, оның ішінде екінші денгейлі банктерде құрылатын ең төменгі ақшалай резевтер түріндегі ең ірі несиелер көлеміне байланысты шектеу, банк балансы өтімділігінің параметрлері сияқты банктің міндеттемелерін өтімді қаражаттар резервімен салыстыра өлшеу арқылы белгіленетін формалардағы норматвитер де бар.

Қазіргі несие саясатының маңызды бір белгісі оның келісім-шартқа негізделуі болып табылады. Бұған дейін несие саясатында клиент пен банк арасындағы қарыз алу кезіндегі келісім шарттың экономикалық маңызы төмен болып, оны тек ресми сипатта болды деп те айтуға болады. Кейіннен екінші денгейлі банктерде ынта туындағаннан кейін ғана банк пен қарыз алушының арасында несиелік шартқа отыру несие берушінің де сол сияқты қарыз алушының да жауапкершілігін нығайта түсті.

Қалыптасқан қазіргі несие саясатының келесі маңызды ерекшелігі, бұл несиелеудің объектіден субъектіні несиелеуге өтуі болып табылады. Бұрынғы несие саясаты объектіні несиелеуге ғана негізделгендігі бізге белгілі. Тауарлы-материалды құндылықтар қоры мен өндірістік шығындардың болуы несие алуға мұқтаж етті, қарыздың қайтарылу барысына терең талдау жасалмады, клиент үшін жоспардың орындалуы ссуданың қайтарылуының автоматты түрдегі кепілі болып саналды.

Жаңа несие саясаты дәстүрлі және өзіндік ерекше принциптерге негізделген, оның ішінде мерзімділік пен қамтамасыз ету қағидаларымен қоса, ақылы сипаты да ескерілді. Сонымен қатар, олардың көбісінің мазмұны түбірімен өзгерген. Бүгінгі таңда қалыптасқан жүйе несиенің уақытында қайтарылмау тәуекелін төмендететін клиенттің несиелік қабілетін ескереді. Екінші денгейлі банк қарыз алушының төлем қабілеттілігі жоқ деп жариялауға, оны қайта қарап және тарату туралы сұрақтарды қоюға құқылы.

Несиенің қамтамасыз етілу принциптеріне де қатысты өзгерістер болды. Тәжірбие көрсеткендей ссудалардың тауарлы-материалдық құндылықтар қалдығымен қамтамасыз етілуі, олардың уақтылы қайтарылуына кепіл болмады. Сондықтан да қамтамасыз етілмеген ссудалардың тәжірибеде қалыптасуына байланысты оларды банк тарапынан жібермеу қажет болып саналды. Қайтару тұрғысынан алғанда толық кепілдігі бар ссудалар ғана біршама сенімді несиелер болып табылады.

Қазіргі несие саясатының келесі бір ерекшелігіне банк несиелерінің жоғарғы дәрежедегі кепілдендіру формаларына өтуін жатқызуға болады. Несиенің қайтарылуын қамтамасыз ету тұрғысынан алғанда әлемдік тәжірбиедегідей біршама сенімді формалардың кепіл болу кұқығына (оның ішінде ипотека, бағалы қағаздар кепілдігі) кепілдеме және кепіл-хат, жалпы алғанда сақтандыру жүйелері жатады. Осындай формаларды қамтитын несиелік механизм банкке өзінің тәуелсіздігін нығайтуға, сонымен қатар несиелік тәуекелін төмендетуге мүмкіндік береді [7] .

Несиелік саясат банктің несиелік қызметтерінің міндеттерін, оларды іске асыру құралдары мен әдістерін, сондай-ақ несиелік процесті ұйымдастыру принциптері мен тәртібін белгілейді. Несиелік саясат - бұл банктің несиелік жұмысын ұйымдастыру негізін және несиелеу процесіне қажетті құжаттар саясатын жасау шарттарын білдіреді.

Кең мағынада, несиелік саясатты несие беруші банк пен қарыз алушылар тұрғысынан қарастыруға болады. Ал тар мағынада, несиелік саясат бұл несиелік процесті ұйымдастыру барысында банктің стратегиясы мен тактикасын жүзеге асырумен сипатталады.

Барлық банктер үшін бірдей несиелік саясат болмайды. Әрбір банк елдегі экономикалық, саяси, әлеуметтік жағдайды ескере отырып өзінің жеке несиелік саясатын анықтайды. Алдыңғы тарауларда айтып кеткендей, несиелік саясатты жасақтау барысында банктер өз қызметтеріне тікелей әсер ететін көптеген факторларды талдайды. Олардың ішінде макроэкономикалық, аймақтық немесе салалық және банкішілік факторлар. Несиелік саясат банк қызметтерінің міндеттері мен маңыздылығын оларды іске асыру құралдары мен әдістерін, сондай-ақ несиелік процесті ұйымдастыру принциптері мен тәртіптерін анықтайды. Несиелік саясат банктің несиелік жұмысын, оның жалпы стратегиясына сай ұйымдастыру негізін және несиелік процесті қалыптастыруға қажетті құжаттар саясатын жасау шарттарын білдіреді [8] .

Жалпы несиелік саясат мынадай сипатта болуға тиіс:

  1. индикативті емес, директивті нұсқауларды қамтиды;
  2. несиелеудің мақсаттарын нақты және мағыналы анықтауға мүмкіндік

береді;

  1. нақты мақсаттарды іске асырудың бірнеше ережелерін қамтиды;
  2. оны іске асыруды қамтамасыз ететін стандарттар мен нұсқауларды қамтитын құжаттардан тұрады.

Несилік саясат банктің стратегиясын, оның тәуекелді басқару облысындағы саясаттарын ескере отырып жасалады. Несиелік саясат несиелік қызметтің төмендегідей негізгі бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді [9] :

1) несиенің берілуіне және несие портфелін басқаруға жауап беретін банк қызметкерлері жетекшілікке алатын объективтік стандарттар мен критерийлерін;

2) несиелеу облысындағы стратегиялық шешімдерді қабылдайтын тұлғаларды басты іс-әрекеттерін;

3) сыртқы аудит қызметкерлерінің жұмысын және банктегі несие қызметінің сапалығын;

4) ішкі бақылау қағидаларын.

Өркениетті мемлекеттердің тәжірибелерінде несие саясаты туралы екі түрлі ұғым қалыптасқан: біріншісі - несие-есеп қатынастары, оның түрлері мен несиелеу әдістерінің жиынтығы; екіншісі - несие-қаржы институттарының (мекемелерінің) жиынтығы. Несие қатынастары қарыз капиталының қалыптасуымен оның жұмсалуынан туындап, несиенің барлық формалары мен түрін қамтиды. Несие саясаты несие-қаржы мекемлерінің жиынтығы ретінде жеке және заңды қаражаттарды шоғырландырып, оларды кәсіпорындарға, үкіметке және халықтың әр түрлі топтарына қарызға береді.

Несиелік саясат банк қызметін диверсификациялаудағы іс-әрекеттердің тізбектелуін қамтамасыз ету үшін және несие қызметкерлерінің лауазымды міндетемелерін анықтау үшін қажет. Несиелік саясатты іске асырудың белгілі бір тәртібі болмайынша несиелеудің ережелерін тәжірбиеге енгізу мүмкін емес. Сондықтан, жазбаша түрде жазылған несиелік саясат пен оны іске асырудың соған сәйкес ержелері несиелік процесті жүргізудің негізін құрайды. Несиелік саясат банк қызметкерінің бүгінгі таңда несиелеуге болатын экономика секторын дұрыс таңдай білуіне, сондай-ақ, несие беру мүмкіндігі туралы сұрақты шешуде банк үшін бірінші реттік маңызы бар басқа факторлар мен қарыз алушының несиелік қабілетіне қарап өз клиентін таңдауы.

1. 2 Екінші деңгейлі банктердің несие беру тәртібі мен саясаты

Қарыз алушыға байланысты несие формасының 4 формасы бар:

Мемлекеттік несие - бұл мемлекет тарапынан нақты мерзімге анықталған несие.

Шаруашылық несие- бұл несиелік қатынас жабдықтаушы түрде бола алады, яғни сатып алушы тауарды алған кезде міндетті бекітілген кезде (тауарлық қана емес) өтейді. Қазіргі шаруашылықта бір біріне тауарлық қана емес, сондай-ақ ақшалай несие береді. Тауар түрде берілетін несие - коммерциялық несие, ал банктік түрде несие - ақшалай несие беріледі.

Азаматтық тұтыну несие түрі. Әр жеке тұлға алатын несие.

Халық аралық тұтыну несие түрі. Әр жеке тұлға алатын несие.

Банктік несие, коммерциялық несие субъектілері жеке, заңды тұлғалар және осы тұлғалар еңбекке жарамды өздерінің материалдық құралдармен жабдықталған, экономикалық қатынастарда өзінің кепілдігі бар несие қатынасына түсе алатын тұлғалар. Несие субъектілері бойынша несие бергенде жүйесіне, несие түріне қарай беріледі. Клиентке несие беруде оның келесі элементтері зерттеледі: капитал қозғалысы мен несиенің байланысы, несиені қолдану ортасы, несие тізімі, өнімділігі, несиенің қамтамасыз етілуі.

Несие субъектілері - несиені алушылар мен берушілер.

Несие объектісі - несие алушы мен берушінің арасындағы ақшалай, мүліктей зат.

Банктік несиені несиелендіру объектісіне қарай: тар мағынада «объект» - бұл зат, яғни несиелік келісім шарт бекіту кезінде қарыз ретінде берілетін құрал, зат. Несие берілу мерзіміне қарай: қысқа, орта, ұзақ мерзімді болып бөлінеді. Қысқа-1 жылға дейін, орта-1-3 жылға дейін, ұзақ-5 жылдан жоғары.

Қысқа мерзімді несие - өндірістік қорлардың әр түрлі элементтеріне беріледі: өнер кәсіп, ауыл шаруашылығына, сауда және тағы басқа.

Ұзақ мерзімді несие - өндірістік объектілер құрылысына, қайта құруға, техникалық жаңартуларға, әр түрлі техникалық игерулерге, жаңа өнімді шығаруға қолданылады. Банк қарызын бергенде олардың критериене мен қағидаларына байланысты несие көлемі меншікті капитал көлеміне ғана тәуелді емес, сонымен қатар тартымды ресурстарына әсерін тигізеді. Несие жүйесін іс жүзіне асыруда басты элементі - келісім шарт [10] .

Несиенің қағидалары: несиенің жұмсалу мақсаты, несиенің көлемі, несиенің мерзімі, несиенің проценттік ставкасы, несие кепілдемесі. Несиелендіру келісім шарт объектісі: субъект, объект, несиені қамтамасыз ету кепілдігі.

Несие беру Ұлттық банк ережелеріне сай жүргізіледі. Осы ережеге сай коммерциялық банктер және оның филиалдары жеке, заңды тұлғаға несие беруде көлемін анықтайды, негізгі талаптарын қояды, оның жүргізу процедурасын бас банкпен байланыса отырып жүргізеді. Несие жеке тұлғаларға: үй заттарын алуға, емдеуге, оқу орындарына, бала оқытуға тағы басқа.

Несие беру кезінде белгілі бір сомма анықталған мерзімге беріледі және оның бойынша максималды шектелуі тағайындалмайды. Жеке тұлғаға несие беру теңгеде, шетел валютасында жүргізіледі. Жеке тұлға несие алуда келесі құжаттарды ұсынуы керек: өзінің еңбек ақысы туралы анықтама, мұнда бас бухгалтердің қолы мен мөрі болуы керек, жеке тұлғаны куәландыратын жеке құжат, жан ұя жөнінде анықтамалар, салық инспекциясымен берілген клиенттің тіркеу анықтамасы және оның көшірмесі, жан ұя мүшелерінің табыс анықтамасы. Клиент өзінің алған несиесін қамтамасыз ету үшін кепіл құжаттарын ұсынады. Жұмыс істегендігі соңғы 12 айға орташа айлық табысы, соңғы 12 айға еңбек ақыдан ұсталынған төлемдер түрлері. Бұл анықтама ұйымбасшысымен бас бухгалтермен мөрленуі керек.

Жеке тұлғаға несие беру кезінде клиенттің несиелік қабілетін, оның келісім егер бұрын қарыз алса, оның көлеміне қарай. Несие бөлімі клиенттің төлем қабілеттілігін оның жұмыс орнына әкелген орташа еңбек ақысы негізінде және зейнетақының тағайындаған сомасымен тағайындалады.

Анықтамаларға келесілер жатады: анықтаманы берген ұйымның толық аты, оның пошталық адресі, банктік реквизиттері, клиенттің сол ұйыммен тұрақты жұмыс істеген мерзімі клиенттің ұйымда қандай қызметкер болып 3 жақты 4 данада толтырылады. Сондықтан жеке тұлға гарант тұлға болып қатысқанда кепіл қолдары өзінің жеке куәлігімен тексеріледі. Несие қызметкері құжаттарды толтыру кезінде келесі талаптарға сүиенуі керек:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктік менеджмент, құрылымы және оның қазақстандағы қажеттілігі
Банктік менеджменттің сипаты
Коммерциялық банктердің пассивтерін басқару
Коммерциялық банктердің несие портфелі
Банктің меншік капиталы
Коммерциялық банк жүйесінің белсенділігін арттырудағы каржы менеджментінің экономикалық маңызы
Банк жүйесінің ұсынатын қызмет түрлерінің жағдайына және дамуына талдау жасай отырып, коммерциялық банктердің қаржы-несие саласындағы алар орны мен тиімділігі, негізгі бағыттары
Қазіргі жағдайдағы коммерциялық банктерді басқару тиімділігі
Қазақстан Республикасының банк жүйесіндегі өзекті мәселелер
Банктердің депозиттік емес тартылған қаражаттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz