Орта мектеп оқушыларына бейнелеу өнері пәнінде пейзаж жанры туралы және оның салу тәсілдерін үйрету


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

«Тарих- экономика факультеті»

«Кәсіптік білім» кафедрасы

Әйтенова Әйгерімнің

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСЫ

3ж 3- курс

Бейнелеу өнері және сызу 050107

Тақырыбы: Орта мектеп оқушыларына бейнелеу өнері пәнінде пейзаж жанры туралы және оның салу тәсілдерін үйрету

Диплом қорғау жіберілді: Ғылыми жетекші:

Кафедра меңгершісі:

п. ғ. к., доцент м. а Р. А Дарменов ҚР Суретшілер одағының мүшесі

оқытушы Тұрғымбай М. Е

Хаттама №

«» 2010 «»2010

Алматы 2010

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

І. ПЕЙЗАЖ ЖАНРЫНЫҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ

ІІ. ҚАЗАҚСТАНДА БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНІҢ ДАМУ ТАРИХЫ

ІІ. 1 Кескіндеме өнерінің қалыптасуы мен даму

ерекшелігі

ІІ. 2 Қазақ кәсіби кескіндеме өнеріндегі ұлттық үрдіс

ІІІ. КОМПОЗИЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ КӨРКЕМДІК ИДЕЯ

ІІІ. 1. Табиғат жанрындағы - композициялық

заңдылықтарына шолу

ІІІ. 2 «Қордай өңірі» - шығарманың

ІV. ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ ЖҮЙЕСІ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ

ПӘНІНІҢ ӘДІСІ

ІV . 1 Әдістемелік бөлім. Орта білім беру мекемедегі бейнелеу

пәнін оқытудың әдіс тәсілдері

ІV. 2. СУРЕТ САЛУ ПӘНІНІҢ САБАҚ ЖОСПАРЫ

V. ҰЛЫЛАРДАН ҰЛАҒАТ

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Адамның табиғатқа деген махаббаты әрине шексіз.

Қылқалам шеберлері, ақын - сазгерлер, әншілер әрқашанда табиғатқа деген сезімдерін өлең, ән, сурет, мүсін және би арқылы жеткізуге тырысқан. Өнер - өмір, ізгілік пен әсемдік бұлағы. Өнер - өмір көрінісі, ол халық ескерткіші. Өнер адамзат өмірінде, тарихында үлкен роль атқаратын өрісі кең, ұшы - қиыры жоқ, қиын да қызықты жол. Ол шынайы талант, шындықты, шыдамдылық пен табандылықты, ақыл мен парасатты, терең ой мен көркемділік, сұлулықты талап етеді. Өнер туындысы болып есептелетін барлық тарихи ескерткіштер мен классикалық шығармалар туындыларын көргенде, біз оның тек әдемілігіне ғана қызығып қоймай, оның мазмұнына мән бере отырып, ұрпаққа қалдырылған рухани байлықты көреміз. Өнердің қоғамдық тәрбиелік мәнін жан жақты түсіну үшін - оның әсемдік, әдемілік заңдарын жақсы түсіну шарт. Сондықтан біз халық өнерін айнала қоршаған әдемілікті, сұлулықты жете түсініп, сүйуіміз керек, өнердің тылсым ғажайып сырларын ашып, оны үйренуіміз қажет.

Нағыз суретші ауыл табиғатын жазған сайын, оның Отанға, еліне деген сүйіспеншілігі арта түседі. Адамзат өмірінде «өнер» атауы саналылығымен, көркемдік ойлаумен ерекшеленеді. Адамзат өмірінде өнер деген жалпы ұғым болса, ал «көркем өнер» атауы өнерден рухани, эстетикалық көркемдік пен жоғары мәдениетті талап етеді.

Өнердің сан алуан түрі бар. Олардың барлығы халыққа қызмет етеді. Өнерді бағалаушы да, қолдаушы да, жасаушы да, жоюшы да - халықтың өзі.

Өнер - бұл көне заманнан келе жатыр, ол адамзат қоғамының алғашқы құрылыс дәуірінен басталған. Испаниядағы аты әлемге айналған Альтамира үңгірінде салынған хайуанаттар суреттерінен бастап, қылқалам шебері Пикассо Сезан туындыларына дейін өнер тарихы күрделі де қиын кезеңдерді артта қалдырған.

Келе - келе сурет өнерінің дамуының арқасында сәулет, мусін, кескіндеме өмірге келді. Адамдар сәулетті сарайлар, қалалар, ірі қорғаныс құралдарын салды, ғажайып мүсіндер тұрғызды. Біздің эрамызға дейінгі I-VI ғасырларда кеңінен дамыды. Осы кезеңдерде адам жасаған ұлы өнер туындылары бірінен кейін бірі өмірге келіп жатты.

Фараондар салған Египет пирамидалары, Греция еліндегі әйгілі «Зефс» және «Радос» мүсіндері, Ұлы Қытай қорғаны және Есіл «Алтын адамы», т. б. Бұлардың барлығы - бейнелеу өнерінің құдіретін өмірге тәнті еткен қайталанбас асыл мұралар еді.

Өнер - қуаныш көзі, ол - адамның ақылшысы, жан серігі, рухани азығы.

Тақырыптың өзектілігі. Негізінде сурет өнері қанша ғасыр, заман толқынысынан өтседе өзіндік ерекшелігімен мен, мағынасын жоғалтпай өркендеуде. Бейнелеу өнерінің, қалыптасып, дамыған уақытынан бастап қарағанда айтарлықтай өзгерістер енгенін біздер, өнер тарихынан біліп, танып жаттырмыз.

Адамзат баласы жинақтаған ұшы-қиырсыз білім сонау ғасырлар тереңінен басталатын цивилизация қайнарына, оның адамдар құштарлығын жырлайтын көркемдікке ұмтылысы, ежелгі мәдениет пен өнерге жетелейді. Бейнелеу өнерінің дамуы қашанда халықтың тарихи тағдырымен астарлас. Қазақстанның бүгінгі таңдағы мәдени өмірін жағдайының жоғарғы дәрежеде болуы біздің өнеріміздің күннен-күнге өркендегенін көрсетеді. Бүгінгі өнерде ұлттық діл өзінің бастапқы қалпынан біршама өзгеріп, сол бастапқы формасынан жоғарғы кәсіптік дәрежеге дейін көтерілді. Осы даму жағдайында өнердің жеке түрлерімен тарих, мәдениет арқылы Қазақстан әлемдік өнер қорына өз қазынасын қосты, өз жолын таңдап алды. Мұндай өзгеріс жолындағы мәселелер біріншіден-тақырып таңдау жағына байланысты болса, екіншіден жас ұрпақтың өзінің төл тарихын терең түсініп, мән-мағынасын ұлттық рухта жете сезіне білмеуінде.

Кәсіби бейнелеу өнері ұлттық мұраттардың негізінде рухани қазынамен ұштаса қалыптасатыны мәлім. Өркениетті елдің әрқашанда өнері биік демекпіз. Әсемдік әлеміне болашақ ұрпақты жетектеген бейнелеу өнерінің адамға берер әсері зор. Сонымен қатар тарихи жаңғырығықта байланысқан тақырыптық композицияларда маңызын ашып жаңа реалистік бағытта жеткізу айрықша орын алады. Көркем шығармаларда уақыттың ұлылығы, бүгін мен келешектің аңыздық ғажайып тұрғыдан бірігіп сабақтасып жатуының да сыры осы тұста айқын ашылады.

Қазiргi заман өнерiнiң көтерiп отырған басты мәселесi көптеген пiкiрлердi, көзқарастарды жоққа шығару емес, көбейтуге саяды. Оны фундаментальды демократиялық өнер ретiнде айқындайтын мәселе қысқарту да емес, қайта өнер шығармаларының жүзеге асу контексiнiң байуында, дамуында жатыр.

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Белгіленген тақырып бойынша «Қордай өңірі» атты кескіндеме жұмысты алудағы мақсаттым қазақ жерінің кең байтақ, әсем де тамаша көрінісін бейнелей таныту.

Дипломдық жұмыста белгіленген тақырып бойынша көзделген мақсатта бірнеше мінденттерде қарастырамыз:

-Қазақстан бейнелеу өнерінің қалыптасу және даму тарихын зерттей отырып, тақырыпқа байланысты материалдарды жүйелеп маңызын ашу

-Белгіленген композицияның мазмұнын ашатын пейзаж жанрында жұмыс істеген қазақ суретшілерінің шығармаларын зерттеп, сипаттама беру

-табиғат жанрында жазылған композициялық шешімге стилистикалық мәнін түсіндіру

-Белгіленген тақырыптық композицияға байланысты нобай жасау.

Жұмыстың обьектісі: «Қордай өңірі» кескіндеме

Дипломдық жұмыстың жаңалығы : Зерттеудегі тақырыптың жаңалығын қойылған мақсатың барысын шешуді қажет ететін міндеттерді жүзеге асыру нәтижесінен анықталды.

Қазақстан бейнелеу өнерінің бір саласы кескіндеменің қалыптасуы мен даму кезеңдерінің ерекшелігін ғылыми-теориялық базалар (өнер тарихы, философия, мәдениеттану, ұлттық өнер-мәдениетті) тұрғысынан қарастырып, айқындауға мүмкіндік берді.

Жалпы кескіндеме өнерінің пайда болу тарихының желісінің зерттелініп, бүгінгі таңда кәсіби бейнелеу өнеріндегі жанрлық және жаңа стильде сабақтастығына қалыптасқан жүйенің мәнісіне талдау жасалынды.

Жұмыстың практикалық құндылығы: Жұмыстың тақырыбы бойынша Қазақстан бейнелеу өнері туралы материалдар аз емес сол көптеген деректердің тиімді қолдануға және жүйелі тұрғыда түсінуге септігін тигізеді.

Қазақ жерінде қалыптасқан бұл өнердің даму кезеңі мен бүгінгі таңда өркендеу ерекшеліктерін жан-жақты қарастыру (өнер тарихы /этнографиялық, археологиялық/, ұлттық мәдениеттану, философия, әдебиет, тарих) нәтижесінде ғылыми-теориялық және практикалық зерттеудегі мақсатын ашуға көмек береді.

І. ПЕЙЗАЖ ЖАНРЫНЫҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ

«Пейзаж» - француз сөзі, ол көркемөнер жанырының бір түрі. Пейзаж бірден жанр болып құрылған жоқ. Ол үлкен даму жолынан өтті. Пейзаж фон арқылы кескіндеме, графикада және басқа да жанр түрлерінде жұмыс істейді.

Табиғатты бейнелеу неолит кезеңінде кездескен. Релиеф, роспистерде ескі шығыста кездесті. Египет храмдарында, сосын фрескаларда көрініс тапты. Алғашқы пейзаждар Қытайда пайда болды. Олар кітап сияқты ұзыннан ұзақ болып жібек маталарда салынды.

XVI ғасырдың басында «пейзажист» деген түсінік пайда болды. Бірінші болып Альберт Дюрер Нидерландық суретші Иоахим Патинурдан үйренді десек болады. Дюрердің өзін пейзаж жанрында жұмыс істеген бірінші пионер десек те болады. Әсіресе қызық акварельдер: «Триента», «Нюрнберг», «Инсбург».

Екінші қадамды Дунай мектебін бітірген суретшілер жалғастырды десек артық айтпаймыз. Пукас Кран бірінші болып адамның ойын табиғатқа басқаша көзқараспен қарауға бағыттады. («Иронимнің кешірім сұрауы», « Египет жолында дем алу»)

Табиғат көрінісі көрерменге үлкен эмоцианалды күшпен әсер етеді, сондықтан да ол әдемілікті, қоршаған ортаны бейнелейді. Қоршаған орта, табиғат көрінісі бәрі-бәрі Дунай суретшілерін қай кезде де өзіне тартты: Альберх Альтдорфер (« Орманды табиғат және Әулие Георги ») және Вольф Губердің («Предальпистті пейзажы») графика.

Дунай мектебінің шеберлері мен Швейцариялық бірнеше суретшілерді қатар қойып айтсақ та болады.

Бұлар - Ганс Лей, Урс Граф, Николас Мануэль Дейн.

Ганс Лейдінің суреттерінде рамантикалық ауа бар. Неміс қайта өрлеу дәуірі бүкіл әлемде көркемсурет саласында үлкен жетістіктерге қол жеткізді. XVI ғасырдың аяғында Германияның өнері құлдырайды. Тек XIX ширегінде ғана Еуропалық дәрежеге көтеріледі. Германия суретшілерін Италия суретшілері XVI ғасырдың соңғы төрт жылдығында артқа сырғытты, бірақ ортақ сындырғы жаңа тәсіл Италияда XVII ғасырға келіп тірелді. Дүниеге 10-30-шы жылдары Флорида мектебі келді, 30-60-шы жылдарда Голандақ, Испандық, Франциялық мектептері дүниеге келді. XVII ғасырда ешқандай мектептер өз бетінше Голландия мектебіндей дәрежеге жетпеді. Не үшін дейсіз ғой, өйткені олар өз елінің көркем табиғатын, өз астанасын, қаласын, табиғатының әдемілігін көрсетіп аялай білді.

XVII ғасырдың бірінші жартысында ең ірі көркем суретшілерінің бірі Ян-Ван Гоян болған (1596-1656) . Оның шығармашылығы сол уақыттағы қағидалармен Голланд пейзажының ерекшеліктері жайын толық суреттей білді. Әрбір Голландық суретші-пейзажисттер өзінің тақырыбына мамандандырылған. Якоб Ван Рейсталдың шығармашылық туындыларынан майлы бояудың ерекше жоғары көтерілгенін байқаймез (1629-1682) . Ол табиғатты салу барысында ерекше қуаты мен ерекшелігін сипаттап көрсетті. Оның көркемсурет құралының мағынасы байыпты, сырт көзге қарапайым, рухани мағынасына үңіле қарасақ, оның шығырмаларына сөз жетпейді. XVII ғасырдың соңғы ширегінде Голланд көркемсурет мектебі құлдырай бастады. Голландық суретшілер басқаларға еліктей отырып, өздерінің ұлттық дәстүрдегі суреттерін ұмыта бастады.

XVII ғасыр Франция көркемсурет мәдениетінде алдыңғы орында классицизм тұрды. Классицизімді бірінші бастап жүрген Никколо Пуссен (1594-1665) . Пуссен айтқандай, тақырыбы қайырымды, мазмұны мен сюжетін көрсете білу керек.

Француз классицизмі өзінің эстетикалық, этикалық үлгісін антикалақ мәдениеттен үйренді. 40-шы жылдары Пуссеннің рухани эволюциясы өзгеріске ұшырады.

Орыс пейзаждарына келсек өзіндік эволюциясынан өткен. XIXғасытдың Ф. Алексеев, әкелі - балалы Воробьевтар, ағайынды Чернойовтар, М. Лебедев сияқты өз ғасырының шеберлері пейзажда қарадүрсін сипат ұстады. Ол олардың композицияларында, түстік және кеңістік перспективасынан да байқалады. Бұл суретшілердің жұмыстары бізге әсер бермейді, көңілімізде ұялап қалмайды.

Орыс Академия советі бейнелейтін - көп діни аңыздар, мифология немесе көне тарих оқиғалары, болып келетін, жүз жыл бойы сол дәстүр бұзылған емес.

Бірақ келе - келе Академия өмірінде өзгерістер көбейді. Оқушылардың арасында шаруалар мен қарапайым қызметшілердің балалары да кезіге бастады. Оларды бағзы аңыздар емес тұсындағы орыс өнері, халық тағдыры мен өз өлкесінің табиғаты көбірек толғандыратын. Олар өз өнерін, жастық жігерін, өз халқын, оның бақыт пен әділдік жолындағы күресіне арнауға құлшынды.

1863 жылғы 9 қарашада өздеріне ұсынылған көне стандинав аңызы «Валгаладағы той» деген тақырыпта 14 бітіруші студенттер бір ауыздан бастартты. Оларға Академиядан кетуге, мұқтаждық көруге тура келді.

Бірақ олар мойын ұсынбады. Өте тату жас суретшілер бәрі бірге тұрды. Портреттер мен картиналар салуға жұмыстар алып, күнкөрістерін айырды. 1871 жылы олардың алғашқы көрмелері өтті. Осыдан кейін оларды талантты, алғашқы суретшілер деп таныды.

Мұндай артельдің рухани басшысы И. Н. Крамской болды. Арада бірнеше жыл өткен соң әлгі артель ыдырағанда Крамской және басқа бір топ суретшілер «Көшпелі жолдастық» көрмелер ұйымдастырды. Ондай серіктестіктің мүшелері орыс халқының сол замандағы өмірін, Россия табиғатын көрсетуді бірден-бір мақсат тұтты. Олар сонымен қоса орыс өнерін қауымға кеңірек таныстыруға, оны тек Петербург пен Москва тұрғындарына ғана емес, шет аймақтағы бұқара арасында да насихаттауға ұмтылды. Сондықтан әлгіндей көрмені астанада өткізе сала, алыс аймақтарға аттандырды.

Мұндай жылжымалы көрмелер жыл сайын ұйымдастырылып тұрды. Бұған қатынасатын суретшілерді жұрт «көшпелілер» деп атады. Сол замандағы ең таңдаулы суретшілер: Репин, Суриков, Воснецов, Саврасов, Васильев, Левитан - әлгіндей серіктестіктің мүшелері болды. Ол серіктестік елу жылдан аса өмір сүрді. Ең соңғы көрмелері 1923 жылы өтті.

ІІ. ҚАЗАҚСТАН БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНІҢ ДАМУ ТАРИХЫ.

2. І. Кескіндеме өнерінің қалыптасуы мен даму ерекшелігі

Өнер тарихынан мәлім, қазақ кәсіби бейнелеу өнері ХХ ғасырдың 20-шы жылдары қалыптасып, дамығандығы. Кәсіби бейнелеу өнерінің өз қарқында өрбуіне біріншіден тума таланттардың өмірге келуі болса, екінші жағынан Ресей жерінен келген орыс суретшілерінің де тікелей ықпалы болды. Дәлірек айтқанда, 1920 жылы қазақ жерінде алғаш рет көркемсурет студиясының ашылуынан басталады. Бұл студияның негізін құраған, сол Ресей жерінен 1877 жылы келген орыс кәсіпқой суретші Н. Г. Хлудов болды. Суретші Н. Г. Хлудовтың студиясында кескіндеме өнерінің кәсіби тұрғыда қыр-сырымен танысып дәріс алған суретшілер Ә. Кастеев, А. Ташенов, М. Жанкин, М. Өскенбаев, Б Сәрсенбаев, А. Қашбаевтар болды.

Бір айтып кетер жәйт, 30-шы жылдары Семейде ұйымдастырылған бірінші жылжымалы көрменің де қазақ бейнелеу өнеріне дәрежелі деңгейге көтерілуіне үлкен ықпалын тигізді. Сондай-ақ, 1920-30-шы жылдары Қазақстанда реалистік кескіндеме, станкалық кескіндеме, графика және мүсін өнері өз ерекшеліктерімен шарықтай бастаған кезі еді.

Негізінде ХIX ғасырдың аяғы-XX ғасырдың басында Қазақстанға әртүрлі кезеңдерде атақты орыс суретшілері В. Верещагин, П. Кузнецов, Н. Рерих, В. Рождественский ізін салды. Суретшілердің алдыңғы толқыны үкіметтің ресми тапсырысында емес тек сурет өнеріне құмарлықтарымен Қазақстан тақырыбына, мәдени-ескерткіштеріне енген материалдарға сурет салумен айналысты. Дәлірек айтқанда, Қожа-Ахмет Иассауи мавзолей есігін қағаз бетіне бейнелеп салған В. Верещагиннің «Мешіттің есігінің алдында» (1873 Мемлекеттік орыс мұражайы) П. Кузнецовтың «Даладағы сағым», осы сияқты жұмыстар ХIX ғасырдың бірінші жартысындағы суретшілерге тән академиялық мәнер де емес, табиғи тұрғыда көркемделген дара шығармашылықтарын шарықтатқан қолтаңбалар еді. Бұл суретшілердің қазақ бейнелеу өнерінің қалыптасуына және өз ырқында дамуына қосқан үлестері мен атқарған еңбектері ретінде тануға болады. Міне, осындай адамдардың келуімен қазақ кәсіби бейнелеу өнерінің шарықтауының себебі еді. Олардың пайдаланған станоктық өнердің технологиялық тәсілдері далалық мәдениетің халықтарға танылу ісі атқарыла бастады.

Қазақ бейнелеу өнері-олардың есімдерімен тікелей және орыс реалистік мектебімен тұтастайбайланысты, атап айтқанда нанымды көрнектілігін, табиғи болмысы мен жаңа қалыптасқан құрылымға сүйенуі алғашқы кезең де шапшаң еуропалық көркемөнер жүйесіне енгені бүгінгі таңда тарихтан белгілі.

Соғыс кезінде 30-шы жылдары кеңестік өнерде белгіленген идеологияландыру тенденциясы көптеген жағдайда нақты себептердің салдарынан күшейді. Суретшілердің негізгі тақырыптары сол уақыттағы «жеңіске», «бейбіт өмір мен жарқын болашаққа» бағышталды. Мұндай тақырыпта суретшілер энтузиазм партия саясатымен және халық сенген көсемімен байланыстырып көрермендерге паш етіп отырды. Бұл бағдарлама өнерге айрықша маңызды роль берген еді.

Бұрын-соңғы болмаған дәрежеде форма мен форманы таңдауды анықтайтын мазмұнның алғашқы мағынасының тұтастығын бекітетін концепция социялистік реализм әдісі туралы мәселе қатаң тұрғыда алға қойылды. Сонымен қатар форма кеңес өкіметінің қол жеткізген жетістіктерін анық та нық, сенімді көрсету мен халықты жаңа белестерге ынталандыру болды. Мұның барлығы бүкілодақтық Суретшілер одағының съездеріндегі ресми баяндамалардың және өнер жөніндегі басылымдардағы теориялық сөз сөйлеушілердің негізіне айналды.

Бейнелеу өнеріндегі басты бағыт болып, өнер туындылары заман талабына сай келетін тақырыптық композицияларды жарыққа шығарып, соны жоғары сапада дамыту мәселелері қалыптасты.

XX ғ. 30-шы жылдары Қазақстан суретшілер одағы құрылып, бірінші съезінде Қазақстан Республикасының жиырма жылдығына орай алғашқы көрме ашылған болатын. Мұндай көрмелерде суретшілер бейнелеу өнерінде көздеген мақсаттары біріншіден, қазақ жерінің байлығына, екіншіден, Қазақстанда жалпы болып жатқан өзгерістерге бағытталып (Н. Г. Хлудов, Ә. Кастеев, Х. және К. Ходжиқовтар, З. Назыров, Н. Крутильников, Ф. Балкаев, Ә. Исмайлов, В. Антощенко-Оленев, А. Михеев, А. Ненашев, С. Калмыков, П. Зальцман т. б. ) отырылды. Сондай-ақ 1930-1940-шы жылдары көркемөнерді жан-жақты дамыту қарқыны күшейе түсті. Осы кезде Қазақстан советтік өнердің ХХ ғасырдың соңғы онжылдығына дейін шығармашылық дамуының жүзеге асуына негіз болған ұйымдар пайда бола бастады.

1935 жылы Қазақ ССР Халық комиссарлары кеңесі көркемөнер галереясын ұйымдастыру туралы қаулы қабылданды. 1940-шы жылы советтік Қазақстан бейнелеу өнерінің ұйымдастыру жұмыстарының бірініші кезеңінен кейін 26-шы маусымда осы жылға дейінгі құрылған облыстық сегіз филиалдың қатысуымен Қазақстан суретшілерінің I-республикалық съезі өткізілді.

Қазақ бейнелеу өнерінде, жалпы өзгерістер 1950-1960-шы жылдары шарықтады. Бұл кезеңнің нағыз қол жеткізген табыстарының бірі-бейнелеу өнеріне алғашқы ұлттық суретшілердің келуі болды. Олардың-ұлттық мәдениет үшін жаңа көркем-пластикалық тілмен ұлттық дүниені сезінуді жүзеге асыруы еді. Сонымен қатар бұл кезеңде бейнелеу өнерінде «қатаң стиль» пайда болды.

Бейнелеу өнерінің қай саласында болмасын «ұлттық мектеп» пен «қатаң» мәнерде көрінген композициялар тек қазақ жерінде ғана емес, одақтас республика өңірлерінде де кездескені біздерге, өнер тарихынан мәлім. Сондай-ақ жер-жерлердегі әр ұлттардың өзіндік ерекше бір стильдерін немесе мектебін танытуда көздеген өнер иелері өз идеялогиялық ізденістерімен шарықтап жатты.

Қазақстан бейнелеу өнерінің кәсіби мектебінің қалыптасуы мен дамуының ерте кезеңінде шығармашылықта да, білім беру процестерінде де жаңа көркемөнерлік форманы меңгерудегі ең басты және қол жеткізген-реалистік әдісі болды. Бұл уақыттың өзінде-ақ Қазақстанда суретшілердің шығармашылықтарында тарих пен мәдениет негізгі орын алды. Мұндай әсер қазақ суретшілердің еңбектерінен жарқын көріне бастады. Атап айтсақ, 50-ші жылдары С. Мәмбеев, К. Тельжанов, Н. Нұрмұхамедов, К. Шаяхметов, М. Кенбаев, 60-шы жылдары С. Айтбаев, Ш. Сариев, Ә. Жүсіпов, С. Романов, Ұ. Әжиев, Г. Исмаилова, А. Ғалымбаева, Ж. Шарденов, Ә. Сыдыханов.

50-ші жылдың орта шенінде бейнелеу өнерінің тобына еліміздің орталық жоғары оқу орындарында көркемдік білім алған дарынды жастардың келуіне байланысты Республикамыздың көркемөнерінде жаңа кезең басталды.

Профессионализм мен көркемдік кемел ой суретшілердің жеке-дара мәнерінің әр-алуындылығына, сонымен қатар қазақстандық кескіндеме мектебін калыптастырудың жолдарын іздестіруге септігін тигізді. Бұл кезеңде бейнелеу өнерінің қалыптасқан ырқын жалғастыра отырып, тіл жүйесінде ұлттық тақырыпқа көбірек мән беріле бастады.

Халықтық мәдениетке жанасу, өмірдің адамгершілік негіздері жайында толғану көптеген суретшілердің шығармашылық қызметтеріне бірыңғайлылық ықпалын тигізді. Сонымен қатар суретшілер әдеп-ғұрыптың ерекшеліктерін ұдайы зерттеудің нәтижесінде өздерінің көптеген композицияларының шешімін ұлттық тұрмыс тіршілігіне және қарапайым заттарды бейнелеуге арнады.

Суретшілердің 60-шы жылдардағы ұрпағы алдыңғы ұрпақтың ізденістерін одан әрі жалғастырғанымен, алайда бұлардың пластикалық әдістері басқаша сипата ие бола отырып, баяндаушылық, аңсаушылық әуенінен үзілді-кесілді бас тартып, дәстүрдің өміршеңдігі мен бекемділігі тұрғысында қарастырылды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бейнелеу өнерінің пейзаж жанрының жасалу барысы
Мектепте бейнелеу өнері пәнін оқыту
Пейзаж өнердің дербес жанры ретінде
Дипломдық жұмыстың живопистен пейзаж жанрында орындалуы
Бейнелеу өнері пәні барысында бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастыру
Бейнелеу өнерінен үйірме жұмыстарында оқушыларды табиғатты бейнелеуге үйрету
Бейнелеу өнері пәніндегі Натюрморт тақырыбы
Бейнелеу өнерінің дәстүрден тыс әдіс-тәсілдері арқылы балалардың шығармашылығын қалыптастыру
Қазақстан суретшілерінің шығармашылығындағы пейзаж жанры
Натюрморт бейнелеу өнерінің ерекше жанры
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz