Ағылшын және қазақ мақал-мәтелдерінің аударылу мәселелері


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

КІРІСПЕ 3

1. АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІНІҢ АУДАРЫЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

1. 1 Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің зерттелуі 6

1. 2 Мақал - мәтелдердің ағылшын тілінде зерттелуі 7

2. АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІНІҢ ҚҰРЫМДЫЛЫҚ, МАҒЫНАЛЫҚ ЕРЕШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ҰҚСАСТЫҒЫ

2. 1 Ағылшын және қазақ мақал - мәтелдерінің құрылымдық, мағыналық ерекшеліктері және оларды топтастыру 13

2. 2 Ағылшын және қазақ мақал - мәтелдерінің этнолингвистикалық

сипаттары 20

2. 3 Қазақ және ағылшын тілдеріндегі мақал - мәтелдердің құрылымдық жэне мағыналылық ерекшеліктері мен ұқсастықтары 20

ҚОРЫТЫНДЫ 25

ГЛОССАРИЙ 27

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 28

ҚОСЫМША

КІРІСПЕ

Мақал-мәтелдер -сөздік құрамның халық өміріндегі әрқилыкезеңдерді, қарым-қатынас пен қоғамдық құбылыстарды бейнелей сипаттайтын, көңілдегі ойды шебер де ұғымды жеткізетін, қысқа да нұсқа тұжырым жасайтын, мән-мазмұнға бай бөлігі. Демек, халық өмір шындығын, көңілге түйгенін мақал-мәтел ретінде өз ұрпағына үлгі-өнеге етіп қалдырып отырған. Аталмыш тілдік бірліктер арқылы жас ұрпақты елін-жерін сүюге, ерінбей еңбек етуге, білім алуға, адал, кішіпейіл болуға үндеп, жалқаулық, өсек-өтірік, мақтаншақтық тәрізді қасиеттерден бойын аулақ салуға тәрбиелей білген.

Мақал-мәтелдердің қазақ және ағылшын тілдерінде зерттелуіне тоқталмас бұрын отандық және әлемдік тіл мамандары арасында пікірталас туғызған, олардың қай салаға қатыстылығы жөнінде айтылған тұжырымдарды атай кеткен жөн. Мысалы, фразеология саласының қалыптасуына, дамуына өзіндік үлес қосқан В. В. Виноградов, Н. М. Шанский, В. Н. Телия, М. Чернышева, М. М. Копыленко, А. В. Кунин, И. В. Арнольд, І. Кеңесбаев, Ә. Т. Қайдар, Б. Манасбаев т. б. сынды ғалымдар мақал-мәтелдерді фразеология саласының еншісіне тиесілі деген ғылыми негіздемелер ұсынады.

Мақал-мәтелдерді жинақтап, сұрыптап, белгілі бір жүйеге келтіруде, тілдік бірлестіктер табиғатының кейбір қырларын айқындауда зор еңбек сіңірген ғалым Г. Л. Пермяков аталмыш тұрақты тұлғалардың тілші ғалымдар тарапынан да, әдебиетші мамандар тарапынан да зерттелуі қажеттігін ескертеді.

Осы келтірілген ой-пікірлерге және өзіндік зерттеу нәтижелеріне сүйенер болсақ, мақал-мәтелдердің тұлға тұрақтылығы, тіркес тиянақтылығы, мағына тұтастығы, қолдануға даярлығы тәрізді сипаттары оларды фразеологазмдер қатарына қосып, осы салада зерттеуге толық мүмкіндік береді. /5/

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақстан Республикасының егеменді ел, халықаралық қатынастар субъектісі болуына және қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алуына байланысты, Республиканың, мемлекеттің тілі ретінде оның халықаралық қатынастар деңгейіндегі қатысымда қолданылу ықтималдығын жоқка шығаруға болмайды. Өзара қарым-қатынастың нығаюы, тіларалық байланыстардың, ағылшын - қазақ қостілділігінің жандануы, дамуы, осыған орай, классикалық, көркем әдеби шығармалардың, саяси ақпараттардың, халықаралық зор мәнділікке ие құжаттардың аралық тіл (язык посредник) ықпалынсыз тікелей қазақ тіліне аударылуы таяу болашақта өрістей түседі. Ал шет тілін үйретуде және аударма жұмысында аса бір қиындық туғызатын тілдік бірліктер - фразеологизмдер мен мақал-мәтелдер.

Мақал-мәтелдердің тіл білімінде, оның ішінде, казақ және ағылшын тілдерінде әр тұрғыдан азды-көпті зерттеліп келгені мәлім. Зерттеу нысанына қатысты еңбектерге тоқталар болсақ, мақал-мәтелдердің тілдік табиғаты, олардың баска тұрақты тіркестермен ұқсастықтары немесе ерекшеліктері

А. Байтұрсынов, I. Кеңесбаев, P. Сәрсенбаев, Б. Адамбаев, Ә. Қайдар,

С. Нұрышев, Ғ. Мұсабаев, М. Ғабдуллин, Ғ. Тұрабаева, салыстырмалы-салғастырмалы тұрғыдан А. Нұрмаханов, Э. Мұқышева, А. Донбаева, Д. Бегалықызының т. б. жұмыстарында қарастырылған. Жалпы және орыс тіл білімінде В. В. Виноградов, Н. Н. Амосова, М. Т. Тагаев, Н. М. Шанский, Г. Л. Пермяков, Л. А. Булаховский сынды ғалымдар соны бағыт, ұстанымдарымен, құнды пайымдауларымен, нақты теориялық түйін-тұжырымдарымен белгілі. Ағылшын тіліндегі ұлттық болмыс және ұлттық таныммен тығыз байланысты тұрақты тіркестерді, мақал-мәтелдерді жан-жақты, түбегейлі зерттеген ғалымдар - Н. Барли, А. Дундэс, А. Крикман, М. Куузи, Г. Мильнер, А. Тэйлер, Г. Л. Апперсон, Линда және Роджер Флавэлдер. Аталған ғалымдардың зерттеулері жұмысымызда теориялық және әдістемелік тұрғыдан басшылықка алынды.

Зерттеудің пәні . Генетикалық және типологиялық құрылымы жағынан әр түрлі қазақ және ағылшын тілдеріндегі мақал-мәтелдерді салыстыра зерттеу арқылы тілдегі алатын орнын, тілдік табиғатын, өзге тұрақты тұлғалармен сәйкес тұстарын, өзгешеліктерін анықтау және этнолингвистикалық төркінін ашу.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың негізгі мақсаты - қазақ-ағылшын мақал-мәтелдерін салыстыра зерттей отырып, олардың мазмұн межесіндегі ұқсастықтары мен ұлттық сипатын ашу. Аталған тілдік бірліктердің семантикалық құрамындағы ортақ тұстары мен ерекшеліктерін және олардың себеп-салдарын айқындау.

Сонымен бірге ММ-дердің тілдік табиғатын зерттеу негізінде олардың құрылымында ұлттық болмыс мазмұнын қалыптастыратын тетіктерді анықтау - жұмыстың негізгі мақсаты болып табылады. Осы мақсаттың мүддесінен шығу үшін жұмыста мынадай нақты міндеттерді шешу көзделеді:

- ММ-дердің орыс, түркология, қазақ тіл біліміндегі зерттелу жайын сипаттау;

- фразеологиялық тіркестер мен мақал-мәтелдердің арақатысын қөрсету;

- мақал мен мәтелдің ұқсастықтары мен өзара айырмашылықтарын көрсету;

- ММ-дер мен нақыл сөздердің арақатысын айқындау;

- ММ-дердің логика-семиотикалық құрылымын сипаттау;

- ММ-дердің жасалуындағы этнолингвистикалык уәждерді, көрсету;

- түркі халықтарының ММ-деріндегі ортақ ойлау жүйесінің көріністерін көрсету;

- ММ-дердің практикалық қызметіне байланысты ММ-дердің мәтіндік мағынасын, варианттылығын талдау;

- ММ-дердің құрылымдық - тұрпаттық межесіне байланысты бір (таңды, қос тағанды ММ-дердің құрылымдық сипатын бір құрамды және қос құрамды жай сөйлем негізіңде талдау;

- зерттеу жұмысына тиянақ болатын теориялық әдістемелік қағидаларды айқындау және негіздеу;

- этнолингвистикалық аспектідегі зерттеулерге шолу жасап, оларға қысқаша сипаттама беру;

- мақал-мәтелдерді топтастыру принциптерін айқындау және белгілі бір тақырыптық топтар бойынша жүйелеу;

- қазақ-ағылшын мақал-мәтелдерінің семантикасындағы ұқсастықтар мен айырма белгілерді айқындау үшін прецедентті мәтіндерді сұрыптап талдау;

- тіл-тілдің образдар дүниесінде орын алатын ұқсастықтарын көрсету және олардың түпнегізін анықтау.

Зерттеу жұмысының дереккөздері ретінде қазақ тілінен Ө. Тұрманжановтың, М. Аққозиннің, Б. Ақмұқанованың, Ә. Диваевтың, П. Пантусовтың әр жылдары жарық көрген мақал-мәтелдер жинақтары, ағылшын тілінен Smith W. C, Cowie A. P., Mackin Rand Mc. Caig I. K., Taylor A., Whiting B. J., Seidl J,, Me Mordie W., Ridout R. and Witting C, Apperson

G. L., Linda and Roger Flavell, A. B. Куниннің сөздіктері мен көркем әдеби шығармалар алынды. Сондай-ақ, тақырыпқа қатысты қазақ, ағылшын, орыс тілдеріндегі әдебиеттер, ғылыми еңбектер мүмкіндігінше қамтылды. Олардың ішінде фольклорға, тарихқа, этнографияға, этнолингвистикаға қатысты зерттеу жұмыстары мен ішінара ел аузынан жазылып алынған деректер бар.

1. АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІНІҢ АУДАРЫЛУ

МӘСЕЛЕЛЕРІ

1. 1 Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің зерттелуі

Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдерге қатысты материалдарға шолу жасау барысында оларды жинақтау, сұрыптау, жүйелеу, жариялау ісінің екі кезеңнен тұратыны анықталды, оның алғашқысы - XIX ғасырдың екінші жартысы. Кеңес дәуірінің 1948 жылдарына дейін мақал-мәтелдерді тек халық аузынан жинап, жеке басылым ретінде шығару жұмыстары жүргізілген болса, екінші кезең - оларды тілдік тұрғыдан зерттеудің қалыптасуымен сипатталады.

Қазақтың мақал-мәтелдерін алғаш қағаз бетіне түсірген ғалым - Ш. Уәлиханов. Ш. Уәлиханов пен Н. Н. Березин архивтерінде XIX ғасырдың елуінші жылдарында ел аузынан жазып алынған екі жүзден аса мақал-мәтелдер сақталған. Сондай-ақ, қазақ ауыз әдебиетінің басқа үлгілерімен бірге қазақ мақалдары мен мәтелдерін де жинақтап, жеке жинақтар шығарып, қазақ тілі мен әдебиетінің, тіл ғылымының, мәдениетінің дамуына зор үлес қосқан Ы. Алтынсарин, Ә. Диваев, В. Радлов, Щ. Ибрагимов, М. Терентьев,

т. б. сынды ағартушы, ғалымдардың еңбегі ерекше.

Қазақ мақал-мәтелдерінің ғылыми тұрғыдан зерттелуіне арналған іргелі монографиялық зерттеулер де, мақалалар да баршылық. Солардың ішінен ғалым Б. Шалабаев алғашқылардың бірі болып, аталмыш тұрақты тіркестер тобын арнайы қарастырып, олардың негізгі мағыналық топтарын, жанрлық ерекшеліктерін анықтады. М. Ғабдуллин өзінің "Қазақ халкының ауыз әдебиеті" деген еңбегінде қазақ халкының шаруашылығын, кәсібін, тұрмыс-тіршілігін сипаттайтын мақал-мәтелдердің өмір танытқыштық мәні мен қызметін айқындаса, С. Нұрышев оларды даму тарихы тұрғысынан қарастырды.

Мақал-мәтелдер - қалай, тура сол ойды әртүрлі сөздермен айтуды үйрену үшін берекелі мәлімет. Монолог және диалог сөйлеуіне үйретуде олар ауыспалы, сондықтан таңдалған тақырып өзекті болып табылады. Мақал-мәтелдер - ауызша халық шығармашылығының кең тараған жанры. Олар адамдарды баяғыдан бері алып жүреді. Тиянақты ұйқас, кәдімгі формасы, қысқалылық сияқты мәнерлі сөздер мақал-мәтелдерді тұрақты, есте сақтаулы, сөйлеуде қажет етеді.

Мақал-мәтелдер - халық шығармашылығының көне жанры. Олар көне заманда пайда болды, және өз пайда болу тарихымен ғасырлар тереңіне кетеді. Олардың көбі жазу шықпай тұрып пайда болды. Сондықтан олардың алғашқы қайнар-көздері туралы мәселе ашық болып саналады. Ағылшын мақал-мәтелдер пайда болуының осындай негізгі қайнар көздері: халықтық, әдебиеттік, библиялы пайда болуы, басқа тілден алынуы және мақал-мәтелдер ретінде Шекспир цитаталарының пайдаланылуы.

Мақалдарды мәтелдерден айыру керек. Мақалдың басты өзгешелігі болып оның бітімі және дидактикалық мазмұны табылады. Мәтел үйрету мінезімен, ақылды қорытындының бітімсіздігімен айырылады.

Мақал-мәтелдер - сөздік құрамның халық өміріндегі әрқилы кезеңдерді, қарым-қатынас пен қоғамдық құбылыстарды бейнелей сипаттайтын, көңілдегі ойды шебер де ұғымды жеткізетін, қысқа да нұсқа тұжырым жасайтын, мән-мазмұнға бай бөлігі. Демек, халық өмір шындығын, кеңілге түйгенін мақал-мәтел ретінде өз ұрпағына үлгі-өнеге етіп қалдырып отырған. Аталмыш тілдік бірліктер арқылы жас ұрпақты елін-жерін сүюге, ерінбей еңбек етуге, білім алуға, адал, кішіпейіл болуға үндеп, жалқаулық, өсек-өтірік, мақтаншақтық тәрізді қасиеттерден бойын аулақ салуға тәрбиелей білген.

1. 2 Мақал - мәтелдердің ағылшын тілінде зерттелуі

Ағылшын тіліндегі жалпыхалықтық мұраны жинақтап, жариялау жұмыстары сонау көне ғасырда қалыптасып, күні бүгінге дейін дәстүрлі түрде жалғасып келеді. Тарихи деректерге сүйенер болсақ, ете көне мақал-мәтелдер тізбегін қамтитын алғашқы "Book of Proverbs in the Old Testament" атты топтама V ғасырда жарық көрген. Кейінгі жинақтар халық игілігіне айналған осы іске етене араласып, зор еңбек сіңірген оқымысты ғалым Дезидериус Эрасмус есімімен тығыз байланысты. Оның 1500 жылы "Collectanea" (818 MM), 1508 жылы Венецияда "Chiliades" (3260 MM) деген атпен жарияланған жинақтары 1515-1536 жылдары аралығында толықтырылып қайта басылып шықты.

Артына өшпес тарихи із қалдырған ғалымдардың бірі Джон Хеуд (John Heywood) өзінің алғашқы "A Dialogue Containing the Number in Effect of all the Proverbs in the English Tongue" атты еңбегін 1546 жылы, кейінгілерін 1550, 1555, 1560 жылдары жарыққа шығарды. Сондай-ақ, 1610-1680 жылдар аралығында бірқатар мақал-мәтелдер жинақтары, атап айтқанда, 1612 жылы ағылшын шіркеу қызметшісі Thomas Draxe "Bibliotheca Scholastica Instructissima or, a Treasurie of Ancient Adagies, and Sententious Proverbes", 1639 жылы пастор Дж. Клардың (John Clarke) "Paroemiologia Anglo-Latina", 1640 жылы Дж. Хербергтің "Outlandish Proverbs", 1659 жылы Дж. Хауэльдің "Proverbs", 1670, 1678 жылдары Дж. Рэйдің 'English Proverbs" атты енбектері жарық көрді. Келесі ғасырларда бұрынғы ескі жинақтар толықтырылып, қайта бастырылып отырды. Зерттеу барысында мамандардың көбінесе ағылшын тілі мақал-мәтелдерін жинаққа енгізу үрдісімен шектелгенін көреміз.

Ағылшын тілі мақал-мәтелдерін ғылыми тұрғыдан арнайы, жан-жақты қарастырған зерттеу жұмыстарының бар екендігі мәлім. Мысалы,

Л. И. Швыдкояның ғылыми зерттеуінде мақалдар мен афоризмдер "клише" деген атаумен бір топқа біріктіріліп, олардың синонимдік қатары берілген. С. И. Вяльцеваның ағылшын мақал-мәтелдерін стильдік, ал Э. Ахундованың зерттеуі синтаксистік ерекшеліктері тұрғысынан талдауға арналған. Ағылшын тілінің тұрақты тіркестерін зерттеу жұмыстары ғалым А. В. Кунин есімімен тығыз байланысты. Ол өзінің "Курс английского языка", "Курс фразеологии современного английского языка" тәрізді көлемді ғылыми еңбектері мен "Англо-русский фразеологический словарь" сөздігі т. б. арқылы ағылшын тілі табиғатының кейбір өзгеге беймәлім тұстарын айқындап, жалпы тіл ғылымына елеулі үлес қосты және салғастырмалы негіздегі ізденістерге бағыт-бағдар берді. Мақал-мәтелдердің басқа тілдік бірліктермен салыстыра алғанда өзіндік ерекшеліктерін, күрделілігін, мән-мазмұнының терендігін айқын көрсететін тұстардың бірі - аударма жұмысы. Кейбір жалпыхалықтық универсалдық сипатқа ие түрлерін есепке алмағанда, әдетте, мақал-мәтелдер бір тілден екінші тілге тікелей аударылмайды. Бір тілден екінші тілге тәржімелеу барысында мағынасы мен тіркес құрамындағы сыңарлары дәлме-дәл келетін теңбе-тең баламасы (абсолюттік балама) немесе контекстік мағынасы сәйкес эквиваленті қолданылуы мүмкін. Әсіресе, ілеспе аудармада шапшаңдық, жинақылық, нолдік қажет. Осы мақсатка негізделген, практикалық мәні бар жұмыстардың бірі - Т. Баймаханова, Н. Өтешева, Н. Байтөлеевалардың құрастыруымен жарық көрген "Английские пословицы и поговорки и их эквиваленты в русском и казахском языках" атты еңбек. Жұмыста мақал-мәтелдер он мағыналық топқа бөлініп, олардың орыс және казақ тілдеріндегі баламалары берілген. Алайда, ағылшын ММ-дерінің қазақ тілінде баламалары бола тұра, тікелей аударылған тұстары да баршылық.

Ағылшын тіліндегі мақал-мәтелдердің ауқымды бір тобы қасиетті кітап інжілге байланысты қалыптасқан. Халық арасына кеңінен таралып, көп оқылғандықтан, інжілдік тізбектердің ауқымды тобы тұлға тұрақтылығы, тіркес тиянақтылығы, мағына тұтастығы тәрізді белгілердің негізінде қолдануға даяр тілдік бірлікке айналған. Зерттеу барысында олардың ауқымды бір бөлігінің тұпнұсқадағы қалпын берік сақтағандығы, еш өзгеріссіз қолданылатындығы айқындалды. Мысалы: Үоu саn nоt sегvе Gоt and mаmmоn (сөзбе-сөз аудармасы: Сен құдай мен мамонаға бірдей қызмет ете алмайсың) ; А soft answer turneth away wrath (с. с. а. : Жұмсақ (жылы) жауап ашуды қайтарады) т. б. Түп-төркіні інжілге барып саятын мақал-мәтелдердің сәл өзгеріске ұшыраған түрлері де кездеседі.

Ақын-жазушы, саясаткерлердің ұғымды, үйлесімді айтылған қысқа, әрі нұсқа, айшықты сөздерінің де ағылшын тілінің сөздік қорын байытуға едәуір үлес қосқаны нақтыланды. Мысалы: Тһе customer is always right (с. с. а. : Әрқашан тұтынушынікі дұрыс) тіркесінің Еуропадағы ең үлкен сауда орталықтарының бірі "Сэлфриджезді" (Selfridge’s) ашқан Г. Селфриджге тиесілілігі жөнінде деректер бар. Себебі, оның барлық дүкендерінде "Тһе сustоmег іs аlways гіgһt", яғни "әрқашан тұтынушынікі дұрыс" деген қатаң қағида қалыптасқан. Көпшілік көңілінен шыкқан осы сөз кейіннен халық арасында жиі айтылып, дәстүрлі қолданыска енген. Ағылшын тілінде бұл тәрізді қолдануға даяр, астарлы "авторлы" тіркестердің мол қоры бар.

Сонымен, ағылшын тіліндегі мақал-мәтелдердің ауқымды бөлігі қасиетті кітап інжілден, ал келесі бір бөлігі дарынды Шекспир сыңды керкемсөз шеберлерінің, халыққа танымал ақын-жазушылардың туындыларынан, сондай-ақ, көрнекті саясаткерлер сөздерінен бастау алғандықтары байқалады.

Қазақ және ағылшын паремиологизмдерінің түпдеректеріне қатысты негізгі айырма мынада: Қазақ ММ-дерінің ауқымды тобы жеке тұлғаға (би, шешен, ақылғөй, дана қариялар т. б. ) байланысты қалыптасып, ұрпақтан-ұрпаққа ауызша таралып отырған. Ал ағылшын ММ-дерінің негізгі бұлағы діни ағым, қасиетті кітаптан тараған ұлағатты сөздер болып табылады және сондай-ақ Шекспир сынды ұлы тұлғалардың айшықты, мәнді сөз үлгілері ерекше орын алады. / 1/

Ағылшын зерттеушілері аталмыш тіркестің қазіргі заман ағымына сай келіп тұрғанымен, көненің көзі екендігін ескертеді және оның алғашқы қолданысын біздің жыл санауымыз бойынша 320 жылдардағы Теопрастус (Тһеорatrus) жазбаларымен ұштастырады.

"Тһеге іs а timе оf еvегуthing (с. с. а. : Әр нәрсенің өз уақыты бар) .

Қазақша баламасы: Сабапқы ине сәтімен.

Бұл ағылшын мақалы қасиетті кітап Інжілдің " То еvегуthing tһеге іs а sеаsоn, апd а tіmе tо еvегу риrроsе under tһе һеаvеn". (с. с. а. : Аспан астында әр нәрсенің, әр мақсаттың өз мерзімі бар) деген өсиет, өнегелерінен ықтималдық, тұрақты қалыпқа енген. /9/

Қазақ және ағылшын тілдерінде ақша-қаражат жайлы мақал-мәтелдер де кездеседі.

Мысалы, " Таке саrе оf реnсе апd the роunds will tаке саrе оf thеmsеlvеs" (с. с. а. : Пэнсті үнемдеп ұстасаң, фунт өз-өзін үнемдейді) . Теңге тиыннан өсер, Жылқы құлыннан өсер; Береке бір тиыннан.

Ағылшын тілі мақал-мәтелдерінің алтын қорынан ауа-райына, аспан денелеріне, табиғат құбылыстарына қатысты мақал-мәтелдерді жиі кездестіруге болады.

Ағылшын тілінде халық арасында жиі қолданылатын "Маппеrs таке the тап", Маппеrs таке thе тап" (с. с. а. : Адамды адам ететін оның әдептілігі) тұлғасы ықшам, алайда мәні зор тілдік орам, орта ғасырда орын алған қағида, дәстүрлерге, заман талабына байланысты калыптаскдн. Әсіресе, ХІV ғасырда Англияда мәдениеттіліктің негізгі шарттарына, өзін-өзі ұстау ережелеріне баса назар аударылып, мүлтіксіз орындалуы талап етілді. Әдептілік, ізеттілік ережелерін қамтитын арнайы жинақтар шығарыла бастады. Уақыт өте келе осы ұстанымдардың бірқатары жалпыхалықтық мақал-мәтелге айналып, кеңінен қолданыс тапты.

Мысалы, Good таппеss таке the а тап.

Адамды адам ететін оның әдептілігі) ; If yои sit bу worthier тап thап thуsеlf аrt опе, Suffеr hіт fіrst tо tоисһ thе теаt (с. с. а. : Егер өзіңнен салауаттырақ адаммен дастархандас болсаң, одан үлгі ал, ягаи соған қарап ас іш) т. б.

"Жалғыз қаздың үні шықпас, Жалғыз қыздың мұңы шықпас" деген мақал. қазақтың әдет-ғұрпына, өмір салтына байланысты тілде қалыптасқан деп ойлаймыз. Өзара қарым-катынасын жекжат болып нығайтқысы келген адамдардың балаларын атастырып, күйеу жігіт қайтыс болса, әмеңгерлікпен туған бауырының, болмаса жас ерекшелігіне карамай туыстарының біріне қосуы тәрізді мәселелер ата дәстүрі бойынша шешімін табатын. Балғын жас қаздардың тіпті әкесінен де үлкен қарт кісілерге тұрмысқа шығуға мәжбүр болуының негізгі себептері, қыз әкесінің сіңірі шыққан кедейлігі, не жетім қыздың жалғыздығы екендігін көптеген мұражай деректері дәлелдейді. Жоғарыда келтірілген мақалдың шығуына мұның шаға алмай, тағдырдың дегеніне көнген арулардың қайғы-қасіреті себеп болған тәрізді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІНІҢ АУДАРЫЛУ МӘСЕЛЕЛЕР
Қазақ тілінен ағылшын тіліне мақал мәтелдерді аудару тәсілдері
Ағылшын тілінен орыс тіліне мақал-мәтелдерді аударудағы лексикалық мәселелер
Мақал - мәтелдердің ағылшын тілінде зерттелуі
Мақал - мәтелдердің ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылу ерекшеліктері
Ағылшын, қазақ мақал-мәтелдерін салыстырмалы түрде зерттеу (еңбекке баулу тақырыбы).
Мақал-мәтелдерді қазақ тілінен ағылшын тіліне аудару кезіндегі құрылымдық, мағыналық ерекшеліктері, ұқсастықтары
МАҚАЛ - МӘТЕЛДЕРДІ ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН АҒЫЛШЫН ТІЛІНЕ АУДАРУ
Қазақ тіліндегі мақал - мәтелдердің зерттелуі
Аудару барысында сөздік реттің өзгеру мәселесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz