Орта мектепте жергілікті желіні оқытуға қажетті теориялық мағлұматтар



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БIЛIМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛIГI

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І. Орта мектепте жергілікті желіні оқытуға қажетті теориялық мағлұматтар
1.1 Интернетке
қосылу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..5
1.2 Интернеттегі мәліметтерді
іздеу ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
1.3 Windows () пернесі арқылы әрекеттер
орындау ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
1.4 Жергілікті
желі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 19
1.4.1 Жергілікті желілердің
топологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
1.4.2 Желілік
кабельдер ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .22
1.4.3 Желілік өткізгіштерді қасиеттеріне байланысты
салыстыру ... ... ... ... ...25
1.4.4 Желілік
карта ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .26
1.4.5 Желілік операциялық
жүйе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.28
1.5 Windows XP жұмысын локальды желі үшін
баптау ... ... ... ... ... ... ... . ... ..32
ІІ. Жергілікті желі сабағы бойынша зертханалық жұмыстар
2.1 Зертханалық жұмыстар
№1 Зертханалық
жұмыс ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .34
№2 Зертханалық
жұмыс ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 36
№3 Зертханалық
жұмыс ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .38
№4 Зертханалық
жұмыс ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .40
№5 Зертханалық
жұмыс ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .42
2.2 10-сыныптың Информатика пәні бойынша жасалған Бағдарлама
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..44
2.3 Бүкіл әлемдік компьютерлік желі тақырыбы бойынша
сабақ жоспары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .45
2.4 Интернет – бүкіл әлемдік өрмек тақырыбы бойынша цифрлық
диктант ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 50
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..52
Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...54

Кіріспе
Алғашқы компьютерлік желілер шағын, он компьютерге дейін және бір
принтерден біріктірілді. Технология желілер өлшеміне, сонымен қатар
желідегі компьютерлер санына және оның физикалық ұзындығына шектеу қойды.
1980 жылдардың басында ең танымал желілер түрі 30 компьютерлерден тұрды
және оның кабелінің ұзындығы 185 м (600 футтан) аспады. Мұндай желілер
үлкен мекеменің бір қабатында немесе шағын ұйымдарда болды. Қазіргі кездің
өзінде кішкентай фирмаларға осындай желілерді пайдаланады. Бұл желілер
жергілікті есептеуіш желілері (ЛВС-LAN) деп аталады.
Жалпы есептеуіш желілері. Жергілікті желілердің алғашқы түрлері ірі
кәсіпорындарды, әр жерлерде орналасқан мекемелерді қанағаттандырмады.
Кейінірек, компьютерлік желілердің басымдылығынан және желілік
бағдарламалардың кеңінен пайда болуынан желілерді кеңейту негізгі мақсатқа
айналды. Жергілікті желілер негізінде алдыңғыға қарағанда ірі жүйелер пайда
болды. Әртүрлі қалалар мен мемлекеттегі қолданушыларды біріктіруде
жергілікті желілердің өсуінен, ондаған компьютерден бірнеше мыңдаған
компьютерлердің бірігуі арқасында жалпы есептеуіш желілері (ГВС - WAN)
пайда болды. Қазіргі кезде көптеген мекемелер осы желілер ортасында өте
қажетті мәліметтерін сақтап және оларды бірге пайдаланады.
Барлық желілердің кейбір бөліктері, функциялары және мінездемелері
ортақ болып келеді. Олардың құрамында:
• Серверлер (servers) – бұл өз ресурстарын (қорларын)
желілік қолданушыларға ұсынатын компьютерлер;
• Клиенттер (clients) – серверлер ұсынатын желілік
қорларды пайдаланатын компьютерлер;
• Тасымалдау ортасы (media) – компьютерлерді біріктіру
ортасы;
• Бірігіп қолданатын мәліметтер – серверлердің желі
бойынша ұсынатын файлдары;
• Бірігіп қолданылатын қосалқы құрылғылар, мысалы,
принтерлер, CD ROM кітапханасы және т.б. –
серверлердің ұсынатын қорлары (ресурстары);
• Қорлар (ресурстар) – желіде қолданылатын қосалқы
құрылғылар мен басқа да элементтер, файлдар.
Жоғарыда айтылған ұқсастықтарына қарамастан желілердің екі типі бар:
1. Бірқалыпты (одноранговая – peer-to-peer);
2. Сервердің негізінде (на основе сервера - server based).
Екі желінің айырмашылығы – олардың мүмкіндіктеріне байланысты.
Желінің типін көптеген факторларына байланысты таңдауға болады:
• мекеменің өлшемі,
• қауіпсіздік жағдайы;
• жұмыс түрі;
• жұмыс орнының жауаптылығы;
• желілік аумақтың көлемі;
• желілік қолданушылардың қажеттілігі;
• қаражат мүмкіндігі.
Бірқалыпты желілер. Бірқалыпты желілерде барлық компьютерлер тең
құқылы, яғни олардың арасында жеке алынған компьютер немесе белгіленген
сервер (dedicated) жоқ. Бұл жағдайда әр компьютер клиент ретінде де, сервер
ретінде де қаралады. Басқаша айтқанда барлық желі үшін жауап беретін арнайы
бір компьютер жоқ. Қолданушылар компьютерлеріндегі қай мәліметтерді желі
бойынша пайдалану керетігін өздері шешеді. Бірқалыпты желілерде көбінесе 10
компьютерден артық бірікпейді. Бұл желілердің тағы басқаша атауы бар, ол –
жұмысшылар тобы (workgroup), яғни шағын қолданушылар ұжымы.

І. Орта мектепте жергілікті желіні оқытуға қажетті теориялық мағлұматтар
1.1 Интернетке қосылу
Клиенттер мен серверлер. Бүкіл әлемдік желіні құрайтын барлық
компьютерлерді екі топқа – клиенттер мен серверлерге бөлуге болады. Кез
келген компьютерді қай топқа жатқызу керек екендігі оның қуаттылығына емес,
Интернетте атқаратын қызметіне қарай шешіледі. Желі арқылы алынатын
мәліметтердің басым бөлігі серверлерде орналасады. Сондықтан серверлердің
негізгі жұмысы басқа компьютердің, яғни клиенттердің сұрағына ақпараттары
мен қызмет баптарын қамтамасыз ету болып табылады.
Сервердегі ақпараттарға тұтынушылардың кез келген сәтте үздіксіз қол
жеткізу үшін және әрбір клиенттің ойынан шығу үшін сервер ретінде
Интернетке тұрақты түрде қосылып тұратын, әрі өте жылдам істейтін қуатты
компьютерлер қолданылуы тиіс. Ал клиент ретінде кез келген, тіпті
мүмкіндігі шамалы компьютерлер де жұмыс істей алады, оларға Интернетке
тұрақты қосылып тұру міндет емес, тек керекті мәлімет аларда ғана байланысу
жеткілікті болып саналады.
Серверлердің бірнеше түрлері бар, мысалы, клиенттердің бір-бірімен
электрондық мәліметтермен алмасуына мүмкіндік беретін пошта серверлері,
жаңалық алу топтарымен байланыстыратын жаңалық серверлері, ал вэбсерверлер
клиент-компьютерлерге Интернеттен жиі сұратылатын мәліметтер бөлігін -
World Wide Web (Бүкіләлемдік өрмек) сайттарындағы ақпараттарды беру ісін
атқарып отырады.
Модемді таңдау. Интернетке қосылудың көптеген тәсілдері бар, бірақ
солардың ішіндегі ең кең тараған, әрі оңай жүзеге асырылатыны – телефон
желісі мен модем (модулятор-демодулятор сөзінің қысқартылған түрі) деп
аталатын арнайы құрылығыны пайдалану арқылы орындалады. Бұл тәсіл dial-up
(қосылатын – коммуникацияланатын) деген атпен белгілі.
Модем – компьютер мен телефон желісі арасындағы дәнекер аудармашы рөлін
атқарады. Мұндағы ерекшелік – телефон арналары мен компьютерлер екеуі екі
түрлі, бір-бірімен сәйкес келмейтін тәсілдермен жұмыс атқарып, мәліметтерді
тасымалдап өңдейді. Компьютерлер цифрлармен жұмыс істесе, телефон арналары
аналогтық түрдегі сигналдарды пайдаланады. Сол себепті басқа компьютерге
мәлімет жіберу үшін оларды цифрлық түрден аналогтық түрге айналдыру керек
те, ал оны қабылдау кезінде сигналдарды аналогтық түрден қайтадан цифрлық
түрге келтіру қажет болады. Міне осы түрлендіру жұмысын модемдер атқарады.
Барлық модемдерді екі топқа – сыртқы және ішкі деп бөлу қалыптасқан.
Ішкі модемдер компьютердің жүйелі блогында – негізгі қорабында
(кеңейтілетін әдеттегі РС-карта сияқты жасалып, аналық тақшаның бос
ұяларына қойылады) орналасады да, үстел үстінде қосымша орын талап етпейді.

Сыртқы модемдер бөлек қорап ішіне орналастырылып, компьютерге оның USB
немесе қазірде сирегірек қолданылып жүрген компьютердің артқы жағындағы СОМ
порттары арқылы қосылады. Сыртқы модемнің қалай жұмыс істеп тұрғанын, жұмыс
істеу қабілетін жылдам анықтауға мүмкіндік береді.
Модем сыртқы немесе ішкі болса да, оның телефон сымы жалғанатын
ажыратып қосқыш тарақша (әдетте Line сөзімен белгіленеді), көбінесе телефон
аппараты (Pone сөзімен белгіленеді), микрафон, колонкалар да қосылатын
тарақшалары болады. Егер Line қосқышына телефон сымы, ал Pone ұяшығына
телефон аппараты жалғанса, басқа ешбір кабельдерді пайдаланбай, Интернетке
қосылып, әрі модем жұмыс істемей тұрғанда телефонда да пайдалана беруге
мүмкіндік аламыз. Бүкіләлемдік желіге қосылған сәттерде Сіздің телефон
арнаңыз Интернет қызметтерін беруші провайдермен байланыс орнатып тұрады
да, телефоныңыз бос болмайды.
Интернетке қосушылар. Модем алып оны телефонға жалғаған соң, Интернет
қызметін пайдалануды жүзеге асырушы провайдерді (Internet Service Provider6
ISP) таңдап алу қажет. Модем мен телефон арқылы сол провайдер компьютермен
байланыс орнатып, солардың көмегімен Интернеттің шексіз қызмет бабын
пайдалануға мүмкіндік аламыз. Қазіргі кезде шағын қалалардың өзінде Желіге
қосу қызметтерін атқаратын бірнеше компанияларды табуға болады, ал көпшілік
шоғырланған үлкенірек тұрған аймақтарында олар емес, жүздеп кездеседі (олар
туралы www.providers.kz сайтында мәлімет жинақталған). Провайдер қызмет
ету, жұмыс істеу сапасымен Интернетке қосылу жеңілдігі және оның жылдамдығы
тығыз байланыста болады. Сондықтан провайдер таңдауға тиянақты көңіл
бөлуіміз қажет.
Интернет-кәртішкелер мен келісім шарттар. Көбінесе провайдерлер желіге
қосылудың екі мүмкіндігін ұсынады: келісім шарт (контракт) негізінде және
алдын ала төленген кәртішкелер арқылы. Келісім шарт бойынша желіге қосылу
үшін интернет-провайдер кеңесіне барып, шарт жасап, аванстық төлем керек.
Бұлай істеу заңды тұлғалар үшін өте қолайлы, өйткені қолма-қол ақша төлеу
қажет емес, керекті соманы аударуға болады. Ал екінші тәсіл жеке адамдарға
ыңғайлы, жақын арадағы дүкеннен немесе пошта бөлімінен интернет-кәртішке
сатып алып, қалған уақтытта желіге қосылуға мүмкіндік аласыз.
Қай тәсілді пайдалансаңыз да, ойда жүрген Желіге қосылу жиілігіңізге
байланысты тарифтік жоспар таңдап алу қажет. Күнде-күнде тұрақты Интернетке
қосылу қажет болса, Unlimited пакетін таңдауға дұрыс, ол провайдерге
байланысты $12-20 шамасында болады. Ал егер Сіз Интернетке тек анда-санда
ғана қосылатын болсаңыз (мысалы, электорндық поштаны пайдалану және оқта-
текте World Wide Web жүйесін аралау), онда сағаттық төлеммен шектелген
тиімді болады. Бизнес-уақыт кезеңдеріндегі бір сағатқа қосылу $0,2-0,8
болса, бизнес-уақыттан тыс кездердегі оның құны - $0,15-0,4. Интернетке
кететін шығынға жергілікті телефондық байланысқа төлейтін сомаңызды да қосу
керек екенін есте сақтау керек, провайдер компьютермен телефондық байланыс
тегін болмайды (тек Callback қызметі арқылы орындалатын тарифтік жоспарға
ол кірмейді, мұнда Желіге қосылу кезінде провайдердің өзі Сізге телефон
шалады). Осындай дайындық жұмыстары толық орындалған соң, Windows
жүйесіндегі Интернетке қосылу жұмысын тікелей жүргізуге болады.
World Wide Web қызметі. Интернеттегі қызмет түрлері көп, солардың
ішіндегі ең жиі пайдаланылатыны World Wide Web жүйесіндегі мәліметтерді
көріп керектісін алу қызметі. WWW немесе вэб ортасындағы мәліметтер
қызықты, әрі көрнекті және алуан түрлі болып келеді, онымен жұмыс істеу де
қиын емес, қарапайым түрде кез келген адам орындай алады. WWW қызметі
тұтынушыларға бір-бірімен байланысқан өте көлемді гипермәтіндік құжаттарды
көрсетуді жүзеге асырады. Құжаттар ішінде мәтіндік ақпарат, графикалық
бейне-суреттер, аудио-және бейнемәліметтер, бұған қоса басқа ақпараттарға
да көптеген сілтемелер бар. Осындай құжаттарға кез келген адам қалаған
кезінде қол жеткізе алуы үшін web-парақтардағы мәліметтер Интернетке
тұрақты қосылып тұрған web-серверлерде сақталады. Бір тақырыпқа арналып,
бірі-бірімен байланысқан парақтар жиыны web-сайт деп аталады. Жай сайт
бірнеше парақтардан тұрады, ал бірақ көлемді мәліметтері бар және жиі
қаралатын сайттар құрамында жүздеген парақтар бола береді.
Web–адрестер туралы. Қазіргі кезде әлемде 20 млн-дай web-серверлерде
орналасқан 10 млрд-тан астам web-парақтар бар, бұлардың саны күннен күнге
өсіп жатыр. Оларды бір-біренен ажыратып, керек кезінде тауып алу үшін әрбір
web-параққа латын әріптерінен, цифрлардан және де басқа арнайы сиволдардан
тұратын, қайталанбас бірегей адрес тағайындалады.
Web-парақ адресі бірнеше бөліктен тұрады: хаттама (протокол – http:)
атауы, осы парақ орналасқан web-сервер адресі, оған баратын жол тізбегі
және файл аты. Web-сервер адресі www символдарынан басталатын, бір-бірімен
нүктемен бөлінген сөз тіркестерінен тұрады да. Web- парақ адресі web-сервер
адресінен қиғаш сызық арқылы бөлініп тұрады да, ол сервердегі парақтарға
иерархиясымен анықталады. Нақты web-парақ файлының тіркемесі HTM немесе
HTML (HyperText Markup Language - web-парақтар жасау үшін қолданылатын
арнайы тіл) символдардан тұрады. Мысалы:

Адрестерде нақты адрес жазылмауы да мүмкін. Көбінесе web-сайттың жалпы
адресі ғана жазылады, мысалы, http:www.website.kz. Web-сервер адресінде
файл аты көрсетілмесе де, ол бір парақты көрсетеді. Ол парақ сайттың ең
басты парағы болып саналады да, оны көбінесе индекс деп атайды (оның
алғашқы файлдың әдеттегі атауы – index.htm, index.html,index.php, т.с.с).
WWW ортасындағы барлық адрестер http: символдарынан басталады, бірақ
адресті тергенде, оны енгізбей-ақ, www.site.kz деп енгізуге болады. Тек www
символдары жоқ адрестер енгізілгенде ғана оларды толық теру керек (мысалы,
http:encycl.yandex.ru).
Браузерлер. World Wide Web жүйесін аралап көруді жүзеге асыратын арнайы
программалық жабдықтамалар – web-браузерлер болады. Бүгінгі күнге дейін ең
кең таралған браузерлерге Microsoft компаниясының Internet Explorer
программасы жатады, ол Windows нұсақаларының кез келгенінің құрамында бар.
Браузермен жұмыс істеу өте қарапайым боп келеді, оның адрестік өрісіне
web-сайт немесе басты парақ адресін енгізіп, Enter пренесін басу жолымен
Интернет арқылы сол адрестегі web-парақ мәліметі алынып, экранда
бейнеленеді. Интернетке қосылу жылдамдығы мен web-сервермен байланысу
сапасына қарай және де парақ мәліметі көлемінде (көлемі парақтағы суреттер
саны мен сапасына тәуелді болады) байланысты экранға керекті мәлімет
бірнеше секундтан бірнеше минутқа дейін созылады.

Гиперсілтемелер. Желідегі керекті ақпаратты іздеу бір парақта екінші
параққа, онда үшінші параққа, т.с.с. ауысу жолмен жүргізіледі. Егер
солардың әрқайсысының адрестерін теріп отыру керек болса, оған көп уақыт
кетер еді. WWW негізінде басқа парақтарға жылдам ауысу ісін атқаратын
тиімді механизм жатыр. Оны гиперсілтемелер деп атайды, ондай сілтемелер
белгіленген мәтін сөздері арқылы немесе суреттерді таңдау жолымен де
атқарыла береді. Белгіленген сөздер асты сызылып басқа түспен ерекшеленеді,
суреттер де басқарылады айрықшалау түсте болады. Курсорды сондай
ерекшеленген сөздер мен суреттерге алып барған кезде, ол сұқ саусағы
тікейтілген қолды бейнелеп көрсетеді. Сол сәтте сілтеме көрсетіп тұрған web-
адрес Internet Explorer программасы экранының төменгі жағында орналасқан
қалып қатарында көрсетіліп тұрады.
Интернетке жол сілтемелер. Интернет күннен күнге біздің өмірімізге
кеңінен еніп, одан тереңірек орын алып келеді. Оның кеңістігін бір рет
аралағандар енді одан шыққысы келмейді. Оларға әрқашанда осы Дүниежүзілік
өрмектен оңай алынатын жаңа ақпарат керек. Оның электрондық желісінде
адасып кетпеу үшін тұтынушыларға жақсы жол сілтеуші программалар қажет
болады. Интернеттегі виртуальды (көзге елестеуге болатын) әлемнің шексіз
жолдарымен серуендерге арналған программаларға браузер-программалар жатады.
Қарапайым тұтынушылар үшін браузерлерсіз жаһандық желі жолсыз қалың орманға
кіргенмен бірдей. Сондықтан төменде көрсетілген, қазіргі ұсынылып жатқан
жол бастауыш программалар ішінен өзімізге ең керектісін таңдап ала білуіміз
керек.
OPERA. Opera - әлемдегі ең жақсы браузерлердің бірі. Оның кең
таралмағандығын бастапқы кезде оның тегін болмағандығынан деп түсіндіруге
болады. Бірақ уақыт өзгереді, соған орай қазір бұл тамаша программаның кез
келген нұсқасын тиын шығармай көшіріп алуға болады. Опера ең көп
платформалы (мультиплатформалы) браузер болып табылады. Оны Windows, Linux,
MaOs, жүйелері орнатылған компьютерлерде, тіпті мобильдік телефондарда да
кездестіруге болады. Мұнда бір операциялық жүйеден екіншісіне ауысу
ешқандай проблема туғызбайды. Программа интерфейсті өте ыңғайлы, ол басында
IE программасының көшірмесі болған. Бірақ тереңірек үңілсек, оның сыртқы
түрін оп-оңай өзгертуге болады. Бірінішіден, оған көптеген сайттарда тұрған
түсқағаздар бейнесін қоюға болады. Екіншіден, тек қана батырмаларды ғана
емес, толық тақталардың өзіне қосуға, алып тастауға және жылжытуға болады.
Осылардың нәтижесінде ең ыңғайлы, әрі сыртқы түр жасай аламыз. Операцияның
функциональдық қызметі өте жақсы құрастырылған. Веб парақтарды жеңіл көруге
болатын мүмкіндіктерден (біртіндеп ұлғайту – кішірейту, ішкі беттерді
пайдалану, т.б.) басқа операның ыңғайлы пошталық клиенті, IRC клиент, RSS
жаңалықтарын оқу клиент және тереңдетілетін мәлімет жүктеуші менеджер бар,
ол тоқтатылған тапсырмаларды ары қарай оқу ісін де атқара алады. Осы
операда ең алғаш рет браузерді жаңа түрлері – тышқан сілтеулері мен
дауыспен басқару пайда болады. Осыған орай ыстық пернелер жасаудың қажеті
де болмайды. Операның тағы бір артықшылығы – кэшпен жұмыс істей алуы.
Мысалы, сіз жаңалықтар ресурсын жиі қарайсыз, ал браузер сіз кірген
сайын оның суреттерін біртіндеп жүктей бастайтын ішті пыстырады емес пе! Ал
операда бұдан шығатын жол бар. Тек сайтты бір рет оқып алу керек, сонан соң
браузер оның суреттерін кэшке орналастырады, ал екінші кірген кезде сол
суреттерді кэштен алады да, оған ешқандай трафик шығармайды. Компьютер
жадымен жұмыс істейтін осы мүмкіндік веб-парақтар ашу жылдамдығын біршама
арттырады, оған қоса жылдам істейтін айналмасын тамаша нәтиже береді. Оның
үстіне Presto барлық стандарттармен жұмыс істей береді. Тек аздаған
проблемалар Java Script пен Flesh мүмкіндігін пайдаланған кезде туындайды.
Кемшіліктерін айтатын болсақ, кэшті толтыру кезінде браузердің өзін жүктеу
де біраз уақыт алады. Мұны кэш көлемін кішірейту жолымен немесе оны оқтын-
оқтын тазалап отыру арқылы аластауға болады. Пошта клиенті алдыңғы қатарлы
программалармен таласа алмайды, бірақ қарапайым тұтынушының қажетіне
толығынан жарайды. Тағы бір аздаған кемшілігі-бұл программаға плагин жасау
өте қиын. Сондықтан қажет болған жағдайда, жекелеген элементтерді орнатуға
туар келеді. Браузер қауіпсіздігі жоғары деңгейде. Өз ішкі айнымалысы бар
программа операциялық жүйе кемшіліктерінен тыс жұмыс істейді және ол - IE-
ге шабуыл жасауға арналған мүмкіндіктерден де жақсы қорғайды. Ыңғайлы
интерфейс, әрі сыртқы түр, қауыпсіз серфинг, трафикті үнемдеу, жоғары
деңгейде қызмет ету – барлығы бар.
MAXTHON. Maxthon – толыққанды программалық өнім емес. Ол Internet
Explorer (IE) программасының қызметі қанағаттандырмайтын тұтынушыларға
арналған программасына орнатылған қондырма болып табылады. IE-ден Maxthon
ауысу ешқандай қиындық туғызбайды. Бастапқы интерфейстерінің де ешқандай
айырмасы болмайды. Бірақ тұтынушы талабы бойынша жаңа батырмалар мен
тақырыптар қосып, олардың орналасуын да өзгертуге болады. Ортасында ішкі
беттер мен іздеу жолы қосылған. IE-ден Maxthon-ға ауысу кезінде жаңа
браузерге таңдамалыны журналды және де басқа тізімдерді бірден енгізу
мүмкіндігі бар. Бұл программаның ыңғайлылығы тышқан сілтеулері мен Super
Draw & Drop функциясын сүйемелдеу арқылы арта түседі. Парақтарды қарау
ыңғайлы болуы үшін беттерді масштабтау функциясы енгізілген. Программада
керексіз конттенттерді сүзгіден өткізбейтін AD-hunter фильтрі қосылған.
Ол өз тапсырмаларын жақсы орындайды. Бірақ жалпы браузер қауіпсіздігі
онша емес. Оның қауіпсіздігі негізі болып табылатын – Trident айнымалысы
IE программасы мәліметтеріне бағытталған шабуылдарға төтеп бере алмайды.
Жұмыс істеу жылдамдығы IE программасы тәрізді, яғни жоғары емес. Дегенмен,
ескертіп кеткен Trident айнымалысы Maxthon программасына алға ұмтылуға
кедергі жасап отыр.
Қызмет мүмкіндіктерінің жоғарылығына, жарнамалық фильтрінің болуына
және программасынан Maxthon программасына ауысуы оңайлығына қарай бірсыпыра
тұтынушыларды ол толық қанағаттандыра алады.
Қалған браузерлер де жоғарыдағыларға ұқсас немесе аздаған ғана
айырмашылықтары бар. Сонымен, мынадай тұжырым жасауға болады. Internet
Explorer (IE) ескірді, енді ол жаңа программаларға орын беруі тиіс. Opera,
Mozilla Firefox немесе Maxthon программаларының бірін таңдау тұтынушылардың
өз еркінде. Жоғары функциональдығы керек пе, әлде жалынды түлкінің жоғары
санасы қажет пе, әлде IE мүмкіндігін біртіндеп арттыратын таңдайсызба, оны
өздеріңіз білесіздер. Ал біз Opera - таңдап, оған Біздің таңдауымыз деген
лауазым бергелі отырмыз.

1.2 Интернеттегі мәліметтерді іздеу
21 ғасыр барысында Интернет жүйесінің Web-қорлары бір миллиярдқа жуық
Web-парақтардан тұрады. Ол соңғы жылдары өте қарқынды екпінмен өсіп келеді.
Шамамен Web-парақтары 3-4 млрд-қа жеткенде оның ары қарай ұлғаюына IP-
адрестері өрістерінің толып кетуіне байланысты шек қойылады. Мүмкін оған
дейін адрестері кеңейтілген Интернет-2 жүйесі шығатын болар.
Интернет жүйесінде мәліметтерді іздеуге арналған арнайы программалар
бар. Көбінесе іздеу қызметтерін көлемді мәліметтерді сақтай алатын
серверлік компьютерлерінде қуатты іздеу жүйелері орналасқан компаниялар
жүргізеді. Іздеу қызметі тегін атқарылады, дегенмен оны ұйымдастыру
бизнестің ең пайдалы түріне жатады. Бірнеше жыл ішінде Yahoo!, Alta Vista,
Inktomi іздеу жүйелерінің ұйымдастыру жобаларының бюджеті 10-15 мың
доллорлық көлемді қамтиды, ал олардың қазіргі бағасы 15 миллионнан кем
түспейді.
Іздеу жүйесінің негізі.
World Wide Web мәліметтерінің тұтынушылары – үлкен кітапхананың
оқырмандары сияқты. Кітапхана қаншалықты үлкен болған сайын, оның ішінен
керекті кітап табуға қиын болатыны белгілі емес пе? Сондықтан жұмысты
жеңілдету үшін әр түрлі салалар бойынша арнайы каталогтар дайындалады.
Желідегі керекті мәліметті табу ісін арнайы іздеу жүйелері қамтамасыз
етеді. Интернетті пайдалану үшін осы іздеу жүйесін дұрыс қолдана білу
керек. WWW қорларындағы іздеу жүйелері жұмысы гиперсілтемелер арқылы
байланысқан HTML-тіліндегі құжаттарға негізделген. Іздеу жүйесіне сұраныс
бергенде, қандай сөз тіркестерін табу керек екендігін көрсетеміз. Олар
табылғаннан кейін экранға сол Web-құжаттар тізімі шығады, қажеттілерін
қарап шыға отырып, өте керектілерін өз компьютерімізге көшіріп аламыз
немесе адрестерін есте сақтаймыз.
Осылай атқарылатын жұмыс нәтижесінің бірдейлігіне қарамастан (тұтанушы
гиперсілтемелер тізімін алады), іздеу қызметтерінің жұмыс істеу
ерекшеліктері әр түрлі болуы мүмкін.

Іздеу каталогтарын құрастыру.
Іздеу каталогтары кітапханасындағы кәдімгі каталогқа ұқсайды. Іздеу
каталогының бірінші бетінде өзімізге керекті тақырыпты таңдаймыз да, осы
тақырыпқа байланысты мәліметтердің керектілерін ішкі каталогтардан іздеп,
Web-парақтардың тұрақты тізімін алуға тырысамыз.
Бүгінгі күні Yahoo! - әлемдегі ең үлкен іздеу каталогі (www.yahoo.com)
болып табылады. Yahoo! – шамамен 1 миллиондай WWW-парақтарға сілтеме бар,
яғни ол Web-құжаттардың мыңнан бір бөлігін алып отыр.
Адам факторы іздеу каталогіндегі ең негізгі элементтердің бірі. Қазір
Yahoo! - да 50-ге жуық редакторлар қызмет істейді. Олар әр күн сайын Web-
парақтардағы қоғамға қызықты, өзекті тақырып болатын құнды мәліметтер көзін
тауып, соларды каталогтарға енгізеді. Іздеу жүйелері өз редакторлары
жұмысынан басқа Web-құжатпен бірге келген мәліметтерді де қолданады.
Мысалы, жалпы ереже бойынша, кез келеген Web- парақ авторы (иесі) арнайы
анкета толтырып, өз тақырыбы бойынша түйінді сөздерді көрсетіп, оны сервер
адресіне жіберуі тиіс. Бірақ ол іздеу жүйесіне кіретін ұғымдарды қамту
жайлы толық кепілдік бере алмайды, оның үстіне кез келген іздеу жүйесі өз
каталогін бір күндік мәліметтермен толтыруға тиісті емес. Оған қоса мәлімет
берушілер көбінесе қажет емес ұғымдарды немесе қате ресурстар адресін
көрсетеді. Сондықтан Yahoo! қызметкерлері алынған ақпараттарды тексеріп,
саралап барып өз каталогтарына қосады. Yahoo! жүйесінің мәртебесі
биіктігінің құпиясы-олардың мәліметтерді іздеп оның ішінен ең құндысын ғана
алатындығында болып саналады.
Каталогты құрастырудың басқа бір тәсілін Open Directory (dmoz.org)
іздеу жүйесі қызметі көрсетеді. Қор каталогтардың кеңейтілу көзі ретінде
олар өз еркімен өздеріне керекті Web-парақтарды қарап, солардың тізімдерін
құрастырып, соларға орталық серверден сілтеме жасай алатын мәлімет
құрастырушылардың каталогтарын қосып алып отырады. Осындай өз еркімен тегін
көмек берушілер саны қызмет түрінің де Yahoo! жетістігін қайталайтын толық
мүмкіндігі бар. Алайда еркін көмекшілер жұмыстың сапалылығын Yahoo! – ға
сапа жағынан тең келетін каталогтар тез арада пайда болмайтын сияқты.

Іздеу көрсетікіштері (индекстері).
Іздеу көрсеткішінің жұмыс негізгі кітапхананың салалық каталогының
жұмысына өте ұқсас. Тұтынушы іздеу объектісін табатын түйінді сөздер арқылы
сұраныс құрайды, ал іздеу жүйесі сол берілген түйінді сөздер кезедсетін Web-
парақтар тізімін құрастырады.
Егер де бізге Абай мен Лермонтов арасындағы қарым-қатынас туралы
мәлімет керек болса, Абай мен Лермонтов сөздері кездесетін құжаттарды іздеу
керек болады. Мысалы, сұраныс былай құрастырылады:
Абай+Лермонтов
немесе Абай AND Лермонтов (AND сөзі ЖӘНЕ болып аударылады).
Іздеу көрсеткіштерін каталогтардан айырмашылығы жұмыстың барлық
кезеңдері толық автоматтандырылған түрде атқарады. Мұнда адам факторы
орын алмайды десе де болады, сондықтан іздеу көрсеткіші табатын Web-
парақтар саны өте көп болады. 1999 жылдың жазында ірі іздеу көрсеткіштері
200 миллиондық шектен асып, келесі 2000 жылы ол 300 миллиондық межеге
жақындаған.

Іздеу жұмыстарын жүргізу және мәлімет жинау.
Іздеу көрсеткіштері жұмыс үш кезеңнен тұрады. Іздеу жүйесін құру
Интернеттің Web-тораптарын аралап, Web-парақтарды қарап және олардың
мазмұнын іздеу жүйесінің орталық серверіне көшіре алатын арнайы агенттік
программаны игеруден басталады. Ондай агенттік программалар құжаттар,
өрмекшілер, іздеу роботтары (қысқаша боттар), іздеу машиналары,
краулерлер және т.б. болып аталады. Атаулардың бұлай көп болуы әрбір
іздеу жүйесінің өзіндік қайталанбас программа жасап, оған артынан жалпы
есімге айналса деген оймен өз атын жарнамалауға тырысуынан деп түсіну
қажет. Қазіргі іздеу жүйелерінің көпшілігі 1993-94 жылдары университет
лабораторияларында желі мониторингтарына арналып тәжірибе ретінде алғашқы
программалар жасаудан басталған.
Іздеу Web-парақтарды оқу кезінде олардан басқа парақтарға нұсқалған
сілтемелерді тапса, онда ол сілтемелерді де қарап, олардың мазмұнын оқиды.
Құрт сияқты өрмелеп, ол WWW ішіндегі ең алыс деген түкпірлерді де қарап
шығады.

Ресурстарды индекстеу.
Іздеу жұмысының екінші бөлігі – индекстеу. Орталық серверде Web-
парақтардың жүздеген миллион үлгілерін жинау-бұл бір жұмыс, ал солардың
ішінен сұраныс берген тұтынушыға (клиентке) керегін таңдап алу – бұл басқа
бір жұмыс. Жауапты өте тез беру үшін мағлұматтарды қалай болса солай
сақтамай, арнайы құрылым түрінде сақтайды. Web-парақтарда мағлұматтарды
олар сақталатын формадан тез қарауға ыңғайлы басқа формаға өзгерту процесі
индекстеу деп аталады. Индекстеу нәтижесінде іздеу көрсеткіші (индексі) деп
аталатын мәліметтер базасы қалыптасады.
Әрбір іздеу жүйесінде индекстеудің өз әдістері мен тәсілдері бар.
Индекстеу алдында іздеу жүйелерінің көпшілігі құжаттарды артикльдерден,
предлогтардан, шылаулардан және де 4 символдан аз сөздерден тұратын
резервтелген сөздерден тазартады. Дегенмен тек қана қысқа сөздерді
резервтелген деп айтуға болмайды. Computer, Internet сияқты өте кең
таралған сөздер де резервтелінеді. Олар бойынша іздеу пайдасыз, өйткені
олар көп жерде кездеседі.
Арнайы іздеу қызметтері резервтелген сөздер ретінде басқа ережелерді
қолдануы мүмкін. Мысалы, егер қызмет бабы кітаптарды (books) іздеумен
айналысатын болса, book сөзі ол үшін резервтелген болып санаулы мүмкін.
Индекстеуге дайындық кезінде сан есімдердің жұрнақ пен жалғаулардың
алынып тасталуы арқылы сөздерді нормалау процесі (stemming) жүргізіледі.
Осындай өзгерістерден кейін Біз ағам екеуіміз балық аулауды жақсы көреміз
сияқты сөз тіркесі Аға балық аул жақс көр дегенге ұқсас бірдемеге айналып
кетуі мүмкін. Бастапқы құжат аға, балық жақсы көру, аулау түйінді
сөздері бойынша (біз, екеуіміз емес) іздеу нәтижесінде табылады.
Кейбір жүйелер нормалдау ісін әрқашан да атқарады. Inktomi қызметіндегі
іздеу жүйелерінің бірқатар осы екі тәсілмен де жұмыс істей алады. Ал Alta
Vista қызметі нормалдау ісін ешқашан да жүргізбейді, бұл оның негізгі
ерекшелігі болып табылады.
Тазартылған құжат негізінде индекс даярланады. Индекс – іздеуді
тездету үшін арнайы құрылған ерекше мәліметтер базасы. Индекстеудің
көптеген тәсілдері бар. Әрине, олардың барлығы ашық айтыла бермейді. Іздеу
роботы сияқты, индекстеу алгоритмі – іздеу қызметінің коммерциялық құпиясы
болып табылады, сол себептен мысал ретінде индекстің қарапайым түрін
келтіруге болады, ол – кері файл. Оның негізгі жиналған құжаттардағы
сөздерді нөмірлеуде жатыр.

Клиент сұранысын орындау.
Үшінші кезең-клиент сұранысына жауап қайтару. Ең қуатты деген іздеу
жүйелері өз индекстерін секундтың ондаған бөліктерінде қарап шығып,
көрсетілген түйінді сөздер кіретін сілтемелер тізімін жылдам шығарады.
Жүйе клиент енгізген сөздерге талдау жасап, іздеу индекстеріндегі
мәліметтермен олардың сәйкестігін іздейді. Бұл операция іздеу жүйелерінің
көбінесе бірдей тәртіппен орындалады деуге болады. Бірақ табылған
сәйкестіктер бойынша сілтемелер тізімін құру әр түрлі болып атқарыла
береді. Мұндай сәттерде мәліметтерді шығару рейтінгі құралады. Іздеу
жүйелерінің әрқайсысы әр түрлі рейтінг жүйелерінің қолданады. Рейтингіні
құру кезінде көптеген параметрлер қарастырылады. Олардың кейбіреулеріне
дұрыс (оң), ал кейбіреулеріне теріс (кері) баға беріледі. Оң баға мынадай
жағдайларға байланысты қойылады:
- ізделінетін сөздер Web-парақта бірнеше рет кездессе;
- бұл сөздер парақтың бас жағына жақын тұрса;
- енгізілген сөздер Web-парақта кездесетін иллюстрацияларда немесе
соларға жақын (альтернативті) мәтіндерден құралса.

Іздеу сапасы
Іздеу жүйелерін бағалау параметрлері екеу: сәйкес келу коэффициенті
және керекті ақпаратта түйінді сөздердің қайталану коэффициенті.
Сәйкес келу коэффициенті табылған сілтемелердің неше пайызы берілген
тақырыпқа қатысты екенін көрсетеді.
Керекті сөздер көлемі коэффициенті берілген тақырыпқа қатысты
материалдарды әлемдегі мәліметтердің қанша пайызын іздеу жүйелерінің
мәліметтер базасы беретінін көрсетеді

1-сурет

Негізгі іздеу жүйелері
Alta Vista (htpp:www.aitavista.com)
Индекстелген Web-парақтар саны бойынша Alta Vista – ең ірі іздеу
жүйелерінің бірі болып табылады. Ол 1995 жылы іске қосылып, тез дамып келе
жатқан жүйе, оның жұмысына Ask Jeeves іздеу жүйесі де қатыстырылды (1-
сурет).
Бұл жүйені Web-парақтар туралы ақпаратты индекстеу мен сақтауға
автоматтандырылған тәсілді қолдану мысалы десе де болады. Жүйенің мақсаты –
сілтемелердің санын көбейту емес, олардың сапасын арттыру.
Direct Hit (htpp:www.directhit.com)
Direct Hit жүйесін іздеу нәтижелерін рафинаттау жүйесі деп аталады.
Ол қандай мәліметтерді клиенттердің көбірек іздейтінін бақылап, Web-
парақтар сұраныстарының рейтингісін құрып қояды. Direct Hit технологиясы
HotBot іздеу жүйесінде де тікелей қолданылады. Сонымен қатар Lycos,
LookSmart, MSN Search жүйелерінде де осы тәсілдер қарастырылады.
Yahoo! (htpp:yahoo.com)
Yahoo – алғашқы, әрі сұранысы жоғары іздеу жүйелердің бірі. Оның
каталогы 1994 жылы іске қосылған. Yahoo сәттілігінің құпиясы – адамдық
фактор болып саналады. Олардың қызмет бабында 150-дей жұмыс істейді.
Каталогта бір

2-сурет

3-сурет

миллиондай Web-парақ туралы мәлімет сақталады.
Aport(@Rus) (http:www.atms.ru)
Ресей Интернеттің алғашқы іздеу жүйелерінің бірі. 1999 жылдың соңында
жаңадан Апорт 2000 жүйесі енгізілді.
Rambler (http:www.rambler.ru)
Rambler – іздеу көрсеткіштердің барлық функциялары бар рейтингілік жүйе
болып саналады.
Бұлардан басқа да жиі пайдаланылатын іздеу жүйелердің адрестері:
Яndex (http:www.yandex.ru) Excite (http:www.excite.com)
FAST Search (http:www.alltheweb.com)
Ask Jeeves (http:www.askjeeves.com)
GoInfoseek (http:www.go.com)
Google (http:www.google.com)
HotBot (http:hotbot.lycoscom)
Inktomi (http:www.inktomi.com)
LookSmart (http:www.looksmart.com)
Lycos (http:www.lycos.com)
MSN Search (http:search.msn.com)
Netscape Search (http:search.netscape.com)

1.3 Windows () пернесі арқылы әрекеттер орындау

Win98NT2000 жүйелерінде пернетақтадағы Windows () пернесі бас
менюді ашады. Ал осы пернемен бірге төмендегі пернелердің бірі басылса,
бірсыпыра әрекеттер жылдам орындалады:
+ E - Сілтеуіш программасын ашады;
+ F - файлдарды іздеу терезесін ашады;
+ M - ашық тұрған барлық терезелерді төменге ысырып жасырады;
+ Shift + M - ысырылып жасырылған терезелер қайта ашылады;
+ D ашық – тұрған терезелерді төменге ысырып жасырады және
жасырылған терезелер қайта ашылады;
+ R - Орындау терезесі ашылады;
+ Break - Жүйе қасиеттері терезесі ашылады;
+ F1 - Windows жүйесі анықтамасын – Help шақырады.

Қос пернелер комбинациясын көз алдында сақтау
Жиі қолданылатын қос пернелер комбинациясын көз алдында сақтау үшін,
солардың жұмысы жазылған мәтінді буфер арқылы Paint программасына көшіріп
алып, оны BMP- сурет файлы ретінде Windows бумасында сақтап, кейіннен
экранға орналасқан сурет ретінде қойып қою керек. Ол әрқашанда көз алдыңда
тұрады.

Іздеу терезесін тез ашу
Менің компьютерім немесе Сілтеуіш программасында Саймандар тақтасының
бос аймағын шертіп, сонан соң F3 пернесі басылса, Іздеу терезесі
ашылады.

Орындалған әрекетті болдырмай тастау
Windows жүйесінде орындаған әрекетті болдырмай тастау үшін Ctrl + Z
пернелерін қатар басу керек.

Бір терезелі режимнен көп терезелі режим жасау
Windows Сілтеуіші бір терезелері режимде жұмыс істеп тұрғанда , Ctrl
пернесін басып тұрып бір буманы екі шерту көп терезелері бумалар режимінде
жұмыс істеуді жүзеге асырады.

Жоғары деңгейдегі бумаға перне арқылы шығу
Сілтеуіш программасында тұрып, Backspace пернесін басу арқылы жоғары
деңгейдегі бумаға шығуға болады.

Жанама менюді пернелермен шығару
Сілтеуіш программасында тұрып, Sift + F10 пернесін басу тышқанның
оң жақ батырмасын шертумен бірдей.

Сілтеуіш терезесін жаңалау
Дискет салғаннан кейін Сілтеуіш программасы терезесін жаңалау F5
пернесін басу арқылы да орындалады.

Сілтеуіш терезесінде бума атын перне арқылы өзгерту
Сілтеуіш программасы терезесінде тұрып, файл немесе буманың атын
өзгерту үшін F2 пернесін басуға да болады.

Бұтақ тәріздес құрылымды перне арқылы шығару
Сілтеуіш программасы терезесінде тұрып, курсорды бір бума диск
белгішесіне орналастырып, оң жақтағы цифрлық пернетақтадағы жұлдызшаны басу
буманың бұтақ тәріздес құрылымын көруге мүмкіндік береді.
1.4 Жергілікті желі
Жергілікті желі (ағылш. local - жергілікті) – бұл бір бөлмеде, бір
ғимаратта немесе жақын орналасқан ғимараттарда орналасқан компьютерлерден
құралған желі. Белгілі бір фирманы қамтитын немесе біріккен ортадағы
әртүрлі есептеуіш ресурстарды біріктіретін локальды компьютерлік желіні
корпоративті деп атайды. Мысалы: банктік желі, оқу орнындағы желі.
Локальды желілердің маңыздылығы – мәліметтерді беру жылдамдығы болып
табылады, сондықтан компьютерлер бір-бірімен мәліметтерді беру жылдамдығы
10Мбитс – тен кем болмайтын жоғары жылдамдықты адаптерлермен
біріктіріледі. Локальды желілерде жоғары жылдамдықты цифрлық байланыс
сымдары қолданылады. Сонымен бірге локальды желілер жеңіл өзгере алатындай
болуы керек: қолданушылар желідегі компьютерлерді мүмкіндігінше пайдаланып,
компьютерлерді немесе басқа құрылғыларды қосуға немесе алып тастауға
мүмкіндіктері болуы керек.
Компьютерлерді бір желіге біріктіру қолданушыларға жекелеген
компьютерлердің беретін мүмкіндіктерімен салыстырғанда мүлдем жаңа
мүмкіндіктерді бере алды. Желі – бұл жекелеген компьютерлердің
мүмкіндіктерін қосу емес көбейту болып табылады. Локальды желінің көмегімен
файлдардың бір компьютерден басқа компьютерлерге берілуін ұйымдастыруға,
есептеуіш және аппараттық ресурстарды бірігіп пайдалануға және көптеген
жұмыстарды жасауға болады.
1.4.1 Жергілікті желілердің топологиясы
Топология – бұл компьютерлердің кабельдермен басқа да желі құрылғыларының
физикалық үйлесуін білдіреді. Барлық желілер үшін үш базалық топология
негізінде құрылады. Олар:
➢ Шоқсым ( шина- bus);
➢ Жұлдыз (звезда- Star);
➢ Сақина (кольцо- ring).
Жұлдыз типті қосылу. Бұл топологи түрінде әр компьютер арнайы желілік
адаптер арқылы жекелеген кабельдермен біріктіретін құрылғыға қосылады.
Керек жағдайда жұлдызды топологиямен құрылған желілерді біріктіруге
болады, онда желі конфигурациясы бұтақталған болады. Локальды есептеуіш
желісінің жұлдыз түріндегі топология концепциясы үлкен ЭЕМ кезінде пайда
болды, онда басты машина сыртқы құрылғылардан ақпараттарды қабылдап,
өңдейді. Локальды есептеуіш желісінің өткізгіштік қабілеті орамның есептеу
күшімен анықталады. Мұнда мәліметтердің соқтығысуы мүлде болмайды.
Кабельдік жалғану өте қарапайым, себебі әр компьютер жекелеген сымдармен
жалғанады. Кабельдік шығын жоғары болып есептеледі, әсіресе орталық түйін
географиялық орналасу жағынан алғанда ортада орналаспаған жағдайда. Егер
желі кеңейтілетін болса, онда жаңа жұмыс станциясынан орталық түйінге
кабель тарту керек. Жұлдыз топологиясың басқа топология түрлеріне қарағанда
жұмыс істеу жылдамдығы жоғары саналады, өйткені жұмыс станциялары
арасындағы мәліметтердің берілуі тек осы жұмыс станцияларына тәуелді
жекелеген сымдар бойынша орталық түйін арқылы өтеді. Локальды желінің
жұмыс өнімділігі бірінші кезекте файлдық сервердің күшіне байланысты. Ортақ
түйіннің істен шығуы желі жұмысының тоқтауына алып келеді.
Қасиеті: Жұлдыз типті қосылуда желідегі бұзылуды оңай табуға болады.
Кемшілігі: Ортақ құрылғының істен шығуы желінің тоқтатылуына алып келеді.

Шоқсымдық қосылу

Сақина типті қосылу

Кабельдік жүйені құру

Компьютерлік жабдықтарды біріктіру үшін жоғарыда айтылған желі
топологиялары бойынша жұлдызды түрде ең болмағанда қағазға сызып көру
қиындықтар туғызбайтын сияқты. Сондықтан көптеген фирмалар шығындарды
азайту мақсатында желіні жүргізуді өздерінің мамандарының күшімен жасауға
тырысады. Нәтижесінде әр түрлі қиындықтарға қарсы тұра алмайтын кабельдік
жүйе құрылады.

Бұл мысалға былай жүзеге асады. Мекеменің географиялық ортасында керекті
порттар мөлшеріне байланысты концентратор орнатылады. Одан жұмыс
станцияларына сымдар тартылады. Кейбір жағдайларда қабырғалық резеткалар
орнатылады, ал концентратордан келетін өткізгіш міндетті түрде компьютердің
желілік картасына қосылады. Осымен локальды желінің жүргізілуі аяқталады.
Жақсы жағдайда кабель арнайы қорапқа салынып тартылады, ал кері жағдайда -
кабель қабырға арасынан жүргізіледі немесе қолдан келгенше плинтусқа
бекітіледі, бұдан кабельдердің механикалық зақымдалуы оп-оңай.
Желілік адаптер және кабельдік жүйемен бірге концентратор көмегімен
локальды желі құруға болатын кем дегендегі құрал – жабдықтарды көрсетеді.
Желі кең болған сайын мәліметтерді тасу ортасы кішірейе береді, ал бұл
желінің жұмыс өнімділігін азайтады. Сондықтан концентраторлар мен желілік
адаптерлер кішігірім базалық фрагменттерді құруға мүмкіндік береді, ал олар
кейін бір-бірімен міндетті түрде арнайы көпірлер, коммутаторлар және
маршруттаушылар көмегімен біріктірілуі керек. Компьютерлік жүйелерді
біріктіру үшін сізге керегі:

• Желілік кабель – ол компьютерлерді бір-бірімен баланыстыру үшін керек.

• Желілік карта – желінің әр құраушысына бір-бірден.
• Switch (Коммутатор) – бұл құрылғы барлық жүйені біріктіреді, оған
барлық желілік кабельдер сәйкес келеді.
1.4.2 Желілік кабельдер.
Әр түрлі 3 негізгі желілік өткізгіш бар. Желілік кабельдің таңдалуынан
қолданылатын желілік картаның және коммутатордың типтері анықталады.
Қосақталған сым (Twisted Pair)

Қазіргі кезде бұл өте кең таралған желілік өткізгіш болып табылады.
Құрылымы бойынша ол телефон кабеліне ұқсайды, оның бір-бірімен есілген 8
мыс өткізгіші бар және поливинилхлоридтен тұратын изоляциясы бар.
Байланыстың 100 Мбитс дейінгі жоғары жылдамдықты қамтамасыз етеді.
Гигабиттік құрылғыларды қолданғанда 1000 Мбитс жылдамдыққа жетуге болады.
Экрандалған және экрандалмаған қосақталған сымдар болады, екеуінің
айырмашылығы біріншісінің құрылымы жағынан фольгаға ұқсас қорғаныш болатын
экраны бар. Экрандалған қосақталған өткізгіш электромагниттік бұзылулардан
қорғанысты қамтамасыз етеді. Кабель жеңіл жөнделеді және қарапайым изолента
мен қайшының көмегімен қалпына келтіріледі. Жөнделуден өткен болса да , бұл
кабельдің жұмыс істеуі орнықты жүреді, тек қана мәліметтерді беру
жылдамдығы азаяды. Қосақталған сымды көптеген компьютерлік фирмалардан
сатып алуға болады. Қарапайым қосақталған сымды далаға жүргізуге
келмейтінін естен шығармау керек.
Температураның төмендеуі, ылғалдылықтың әсері және т.б. табиғат факторлары
изоляцияның біртіндеп құртылуына және оның функционалдық қасиеттерінің
төмендеуіне алып келіп соғады, ал бұл желі сегментінің істен шығуына
әкеледі. Орташа есеппен алғанда желілік кабель ашық ауада 3 жылдан 8 жылға
дейін шыдайды. Сондықтан ашық ауада қолдану үшін қосақталған сымның арнайы
түрін қолдану керек.

Кабельдің жұмыс істеу ұзақтығын арттыру үшін горфирланған түтікті қолдануға
болады. Ол кабельді механикалық әсерлерден, судан, күн сәулесінің тура
түсуінен қорғайды.

Гофрирланған түтік.
  Коаксиальді кабель (Coaxial)

Ең қарапайым коаксиальді кабель сыртқы қабығынан мыс сымдардан, изоляция
және өткізгіш сымнан тұрады. Мәліметтерді берудің максимальды жылдамдығы –
10Мбитс. Бұзылған жағдайда қиын жөнделеді, арнайы құралдар қажет болады.
Қазіргі заманғы компьютерлік желілерде коаксиальды кабельді қолдану
қарастырылмаған.
Оптикалық талшықты кабель (Optic Fiber)

Бұл өте жоғары жылдамдықты (2Гбит-ке дейін) және мүлде кедергісі жоқ.
Оптикалық талшықты кабельмен жалғанған жүйелердің арақашықтығы 100 кл-ге
дейін жетеді. Бірақ ол өте қымбатқа түседі және онымен жұмыс істеу үшін
арнайы коммутатор, т.б. керек. Берілген кабельмен байланыс ауқымды
желілерде қолданылады.

1.4.3 Желілік өткізгіштерді қасиеттеріне байланысты салыстыру
Кабель типі Мәліметті СегменттіңСегменттіңБұзылған КедергіСтоимость
(10 Мбитс) беру макс. официалды кезде лерге
жылдамдығы ұзындығы, емес жөнделу шыдамды
(Мбитс) м ұзындығы, мүмкіндігілығы
м*
Ұзындығын
өсіру
Қосақталған сым
Экрандалмаға1001010001001001 015030010Жақсы Орташа Низкая,
н Мбитс 0 м 0 м 3-6
қосақталған рубметр
сым
Экрандалған 1001010001001001015030010 Жақсы Төмен Средняя,
қосақталған Мбитс 0 м 0 м 8
сым рубметр
П-296кабелі 10010 ------ 300(500)8Жақсы Төмен Высокая,
Мбитс 00 м 12-30
рубметр
Телефондық 3010 ------ 30 м көп Жақсы Жоғары Очень
кабель Мбитс емес низкая, 2
рубметр
Коаксиальды кабель
Жіңішке 10 Мбитс 185 м 250(300) мЖаман Жоғары Низкая
коаксиальды
кабель
Жуан 10 Мбитс 500 м 600(700) Жаман Жоғары Средняя
коаксиальды
кабель
Оптикалық талшықты кабель
Одномодовое 100-1000 100 км ---- Арнайы -------1-3$ за
оптоволокно Мбит дейін құрал -- метр
қажет
Многомодовое1-2 Гбит 550 м ---- Арнайы -------1-3$ за
оптоволокно дейін құрал -- метр
қажет

1.4.4 Желілік карта
Желілік карта кез келген компьютерлік желінің маңызды компоненттерінің
бірі болып табылады. Желілік карталар компьютерлер мен желілік кабельдер
арасындағы байланыс үшін физикалық интерфейс ретінде болады. Ол
компьютердің аналық тақтасына қойылады және қолданылатын разъемның типіне
байланысты ажыратылады: ISA, EISA, PCI.
Желілік картаның негізгі қызметі:
• Компьютерден келген мәліметтерді желілік кабельмен беруге дайындау;
• мәліметтерді басқа компьютерге беру;
• компьютерлер мен кабельдік жүйенің арасындағы мәліметтер ағынын
басқару.
Одан басқа желілік тақта кабельден мәліметті қабылдайды және оны орталық
компьютердің процессорына түсінікті формаға аударады.

Қазіргі заманғы көптеген аналық тақталарға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Физикa пәнінен кoмпьютерді oқыту технoлoгиясы
Қашықтық оқыту технологиялары
ИНФОРМАТИКАНЫ ОРТА МЕКТЕПТЕ ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
Оқыту технологиясының жалпы сипаттамасы
Желіні дамыту проблемалары
ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ Бастауышты оқытудың әдістемесі мен педагогикасы мамандығы үшін
ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Ақпараттық желілерді оқу үрдесіне пайдалану
Delphi программалау ортасында Қазақстан туралы мәліметтер қорын даярлау
Математиканы оқып үйренудегі компьютерді пайдаланудың әдістемелік ерекшеліктері
Пәндер