Жергілікті желілердің топологиясы


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:
Жоспар
Кіріспе
- Интернетке қосылу
- Жергілікті желі
- Жергілікті желілердің топологиясы
- Желілік кабельдер
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Алғашқы компьютерлік желілер шағын, он компьютерге дейін және бір принтерден біріктірілді. Технология желілер өлшеміне, сонымен қатар желідегі компьютерлер санына және оның физикалық ұзындығына шектеу қойды. 1980 жылдардың басында ең танымал желілер түрі 30 компьютерлерден тұрды және оның кабелінің ұзындығы 185 м (600 футтан) аспады. Мұндай желілер үлкен мекеменің бір қабатында немесе шағын ұйымдарда болды. Қазіргі кездің өзінде кішкентай фирмаларға осындай желілерді пайдаланады. Бұл желілер жергілікті есептеуіш желілері (ЛВС-LAN) деп аталады.
Жалпы есептеуіш желілері. Жергілікті желілердің алғашқы түрлері ірі кәсіпорындарды, әр жерлерде орналасқан мекемелерді қанағаттандырмады. Кейінірек, компьютерлік желілердің басымдылығынан және желілік бағдарламалардың кеңінен пайда болуынан желілерді кеңейту негізгі мақсатқа айналды. Жергілікті желілер негізінде алдыңғыға қарағанда ірі жүйелер пайда болды. Әртүрлі қалалар мен мемлекеттегі қолданушыларды біріктіруде жергілікті желілердің өсуінен, ондаған компьютерден бірнеше мыңдаған компьютерлердің бірігуі арқасында жалпы есептеуіш желілері (ГВС - WAN) пайда болды. Қазіргі кезде көптеген мекемелер осы желілер ортасында өте қажетті мәліметтерін сақтап және оларды бірге пайдаланады.
Барлық желілердің кейбір бөліктері, функциялары және мінездемелері ортақ болып келеді. Олардың құрамында:
- Серверлер (servers) - бұл өз ресурстарын (қорларын) желілік қолданушыларға ұсынатын компьютерлер;
- Клиенттер (clients) - серверлер ұсынатын желілік қорларды пайдаланатын компьютерлер;
- Тасымалдау ортасы (media) - компьютерлерді біріктіру ортасы;
- Бірігіп қолданатын мәліметтер - серверлердің желі бойынша ұсынатын файлдары;
- Бірігіп қолданылатын қосалқы құрылғылар, мысалы, принтерлер, CD ROM кітапханасы және т. б. - серверлердің ұсынатын қорлары (ресурстары) ;
- Қорлар (ресурстар) - желіде қолданылатын қосалқы құрылғылар мен басқа да элементтер, файлдар.
Жоғарыда айтылған ұқсастықтарына қарамастан желілердің екі типі бар:
- Бірқалыпты (одноранговая - peer-to-peer) ;
- Сервердің негізінде (на основе сервера - server based) .
Екі желінің айырмашылығы - олардың мүмкіндіктеріне байланысты. Желінің типін көптеген факторларына байланысты таңдауға болады:
- мекеменің өлшемі,
- қауіпсіздік жағдайы;
- жұмыс түрі;
- жұмыс орнының жауаптылығы;
- желілік аумақтың көлемі;
- желілік қолданушылардың қажеттілігі;
- қаражат мүмкіндігі.
Бірқалыпты желілер. Бірқалыпты желілерде барлық компьютерлер тең құқылы, яғни олардың арасында жеке алынған компьютер немесе белгіленген сервер (dedicated) жоқ.
1 Интернетке қосылу
Клиенттер мен серверлер. Бүкіл әлемдік желіні құрайтын барлық компьютерлерді екі топқа - клиенттер мен серверлерге бөлуге болады. Кез келген компьютерді қай топқа жатқызу керек екендігі оның қуаттылығына емес, Интернетте атқаратын қызметіне қарай шешіледі. Желі арқылы алынатын мәліметтердің басым бөлігі серверлерде орналасады. Сондықтан серверлердің негізгі жұмысы басқа компьютердің, яғни клиенттердің сұрағына ақпараттары мен қызмет баптарын қамтамасыз ету болып табылады.
Сервердегі ақпараттарға тұтынушылардың кез келген сәтте үздіксіз қол жеткізу үшін және әрбір клиенттің ойынан шығу үшін сервер ретінде Интернетке тұрақты түрде қосылып тұратын, әрі өте жылдам істейтін қуатты компьютерлер қолданылуы тиіс. Ал клиент ретінде кез келген, тіпті мүмкіндігі шамалы компьютерлер де жұмыс істей алады, оларға Интернетке тұрақты қосылып тұру міндет емес, тек керекті мәлімет аларда ғана байланысу жеткілікті болып саналады.
Серверлердің бірнеше түрлері бар, мысалы, клиенттердің бір-бірімен электрондық мәліметтермен алмасуына мүмкіндік беретін пошта серверлері, жаңалық алу топтарымен байланыстыратын жаңалық серверлері, ал вэбсерверлер клиент-компьютерлерге Интернеттен жиі сұратылатын мәліметтер бөлігін - World Wide Web (Бүкіләлемдік өрмек) сайттарындағы ақпараттарды беру ісін атқарып отырады.
Модемді таңдау. Интернетке қосылудың көптеген тәсілдері бар, бірақ солардың ішіндегі ең кең тараған, әрі оңай жүзеге асырылатыны - телефон желісі мен модем (модулятор-демодулятор сөзінің қысқартылған түрі) деп аталатын арнайы құрылығыны пайдалану арқылы орындалады. Бұл тәсіл dial-up (қосылатын - коммуникацияланатын) деген атпен белгілі.
Модем - компьютер мен телефон желісі арасындағы дәнекер аудармашы рөлін атқарады. Мұндағы ерекшелік - телефон арналары мен компьютерлер екеуі екі түрлі, бір-бірімен сәйкес келмейтін тәсілдермен жұмыс атқарып, мәліметтерді тасымалдап өңдейді. Компьютерлер цифрлармен жұмыс істесе, телефон арналары аналогтық түрдегі сигналдарды пайдаланады. Сол себепті басқа компьютерге мәлімет жіберу үшін оларды цифрлық түрден аналогтық түрге айналдыру керек те, ал оны қабылдау кезінде сигналдарды аналогтық түрден қайтадан цифрлық түрге келтіру қажет болады. Міне осы түрлендіру жұмысын модемдер атқарады.
Барлық модемдерді екі топқа - сыртқы және ішкі деп бөлу қалыптасқан. Ішкі модемдер компьютердің жүйелі блогында - негізгі қорабында (кеңейтілетін әдеттегі РС-карта сияқты жасалып, аналық тақшаның бос ұяларына қойылады) орналасады да, үстел үстінде қосымша орын талап етпейді.
Сыртқы модемдер бөлек қорап ішіне орналастырылып, компьютерге оның USB немесе қазірде сирегірек қолданылып жүрген компьютердің артқы жағындағы СОМ порттары арқылы қосылады. Сыртқы модемнің қалай жұмыс істеп тұрғанын, жұмыс істеу қабілетін жылдам анықтауға мүмкіндік береді.
Модем сыртқы немесе ішкі болса да, оның телефон сымы жалғанатын ажыратып қосқыш тарақша (әдетте Line сөзімен белгіленеді), көбінесе телефон аппараты (Pone сөзімен белгіленеді), микрафон, колонкалар да қосылатын тарақшалары болады. Егер Line қосқышына телефон сымы, ал Pone ұяшығына телефон аппараты жалғанса, басқа ешбір кабельдерді пайдаланбай, Интернетке қосылып, әрі модем жұмыс істемей тұрғанда телефонда да пайдалана беруге мүмкіндік аламыз. Бүкіләлемдік желіге қосылған сәттерде Сіздің телефон арнаңыз Интернет қызметтерін беруші провайдермен байланыс орнатып тұрады да, телефоныңыз бос болмайды.
Интернетке қосушылар. Модем алып оны телефонға жалғаған соң, Интернет қызметін пайдалануды жүзеге асырушы провайдерді (Internet Service Provider6 ISP) таңдап алу қажет. Модем мен телефон арқылы сол провайдер компьютермен байланыс орнатып, солардың көмегімен Интернеттің шексіз қызмет бабын пайдалануға мүмкіндік аламыз. Қазіргі кезде шағын қалалардың өзінде Желіге қосу қызметтерін атқаратын бірнеше компанияларды табуға болады, ал көпшілік шоғырланған үлкенірек тұрған аймақтарында олар емес, жүздеп кездеседі (олар туралы www. providers. kz сайтында мәлімет жинақталған) . Провайдер қызмет ету, жұмыс істеу сапасымен Интернетке қосылу жеңілдігі және оның жылдамдығы тығыз байланыста болады. Сондықтан провайдер таңдауға тиянақты көңіл бөлуіміз қажет.
Интернет-кәртішкелер мен келісім шарттар. Көбінесе провайдерлер желіге қосылудың екі мүмкіндігін ұсынады: келісім шарт (контракт) негізінде және алдын ала төленген кәртішкелер арқылы. Келісім шарт бойынша желіге қосылу үшін интернет-провайдер кеңесіне барып, шарт жасап, аванстық төлем керек. Бұлай істеу заңды тұлғалар үшін өте қолайлы, өйткені қолма-қол ақша төлеу қажет емес, керекті соманы аударуға болады. Ал екінші тәсіл жеке адамдарға ыңғайлы, жақын арадағы дүкеннен немесе пошта бөлімінен интернет-кәртішке сатып алып, қалған уақтытта желіге қосылуға мүмкіндік аласыз.
Қай тәсілді пайдалансаңыз да, ойда жүрген Желіге қосылу жиілігіңізге байланысты тарифтік жоспар таңдап алу қажет. Күнде-күнде тұрақты Интернетке қосылу қажет болса, Unlimited пакетін таңдауға дұрыс, ол провайдерге байланысты $12-20 шамасында болады. Ал егер Сіз Интернетке тек анда-санда ғана қосылатын болсаңыз (мысалы, электорндық поштаны пайдалану және оқта-текте World Wide Web жүйесін аралау), онда сағаттық төлеммен шектелген тиімді болады. Бизнес-уақыт кезеңдеріндегі бір сағатқа қосылу $0, 2-0, 8 болса, бизнес-уақыттан тыс кездердегі оның құны - $0, 15-0, 4. Интернетке кететін шығынға жергілікті телефондық байланысқа төлейтін сомаңызды да қосу керек екенін есте сақтау керек, провайдер компьютермен телефондық байланыс тегін болмайды (тек Callback қызметі арқылы орындалатын тарифтік жоспарға ол кірмейді, мұнда Желіге қосылу кезінде провайдердің өзі Сізге телефон шалады) . Осындай дайындық жұмыстары толық орындалған соң, Windows жүйесіндегі Интернетке қосылу жұмысын тікелей жүргізуге болады.
World Wide Web қызметі. Интернеттегі қызмет түрлері көп, солардың ішіндегі ең жиі пайдаланылатыны World Wide Web жүйесіндегі мәліметтерді көріп керектісін алу қызметі. WWW немесе вэб ортасындағы мәліметтер қызықты, әрі көрнекті және алуан түрлі болып келеді, онымен жұмыс істеу де қиын емес, қарапайым түрде кез келген адам орындай алады. WWW қызметі тұтынушыларға бір-бірімен байланысқан өте көлемді гипермәтіндік құжаттарды көрсетуді жүзеге асырады. Құжаттар ішінде мәтіндік ақпарат, графикалық бейне-суреттер, аудио-және бейнемәліметтер, бұған қоса басқа ақпараттарға да көптеген сілтемелер бар. Осындай құжаттарға кез келген адам қалаған кезінде қол жеткізе алуы үшін web-парақтардағы мәліметтер Интернетке тұрақты қосылып тұрған web-серверлерде сақталады. Бір тақырыпқа арналып, бірі-бірімен байланысқан парақтар жиыны web-сайт деп аталады. Жай сайт бірнеше парақтардан тұрады, ал бірақ көлемді мәліметтері бар және жиі қаралатын сайттар құрамында жүздеген парақтар бола береді.
Web-адрестер туралы. Қазіргі кезде әлемде 20 млн-дай web-серверлерде орналасқан 10 млрд-тан астам web-парақтар бар, бұлардың саны күннен күнге өсіп жатыр. Оларды бір-біренен ажыратып, керек кезінде тауып алу үшін әрбір web-параққа латын әріптерінен, цифрлардан және де басқа арнайы сиволдардан тұратын, қайталанбас бірегей адрес тағайындалады.
Web-парақ адресі бірнеше бөліктен тұрады: хаттама (протокол - http://) атауы, осы парақ орналасқан web-сервер адресі, оған баратын жол тізбегі және файл аты. Web-сервер адресі www символдарынан басталатын, бір-бірімен нүктемен бөлінген сөз тіркестерінен тұрады да. Web- парақ адресі web-сервер адресінен қиғаш сызық арқылы бөлініп тұрады да, ол сервердегі парақтарға иерархиясымен анықталады. Нақты web-парақ файлының тіркемесі HTM немесе HTML (HyperText Markup Language - web-парақтар жасау үшін қолданылатын арнайы тіл) символдардан тұрады. Мысалы:
Адрестерде нақты адрес жазылмауы да мүмкін. Көбінесе web-сайттың жалпы адресі ғана жазылады, мысалы, http://www. website. kz. Web-сервер адресінде файл аты көрсетілмесе де, ол бір парақты көрсетеді. Ол парақ сайттың ең басты парағы болып саналады да, оны көбінесе индекс деп атайды (оның алғашқы файлдың әдеттегі атауы - index. htm, index. html, index. php, т. с. с) .
WWW ортасындағы барлық адрестер http:// символдарынан басталады, бірақ адресті тергенде, оны енгізбей-ақ, www. site. kz деп енгізуге болады. Тек www символдары жоқ адрестер енгізілгенде ғана оларды толық теру керек (мысалы, http://encycl. yandex. ru) .
Браузерлер. World Wide Web жүйесін аралап көруді жүзеге асыратын арнайы программалық жабдықтамалар - web-браузерлер болады. Бүгінгі күнге дейін ең кең таралған браузерлерге Microsoft компаниясының Internet Explorer программасы жатады, ол Windows нұсақаларының кез келгенінің құрамында бар.
Браузермен жұмыс істеу өте қарапайым боп келеді, оның адрестік өрісіне web-сайт немесе басты парақ адресін енгізіп, Enter пренесін басу жолымен Интернет арқылы сол адрестегі web-парақ мәліметі алынып, экранда бейнеленеді. Интернетке қосылу жылдамдығы мен web-сервермен байланысу сапасына қарай және де парақ мәліметі көлемінде (көлемі парақтағы суреттер саны мен сапасына тәуелді болады) байланысты экранға керекті мәлімет бірнеше секундтан бірнеше минутқа дейін созылады.
Гиперсілтемелер. Желідегі керекті ақпаратты іздеу бір парақта екінші параққа, онда үшінші параққа, т. с. с. ауысу жолмен жүргізіледі. Егер солардың әрқайсысының адрестерін теріп отыру керек болса, оған көп уақыт кетер еді. WWW негізінде басқа парақтарға жылдам ауысу ісін атқаратын тиімді механизм жатыр. Оны гиперсілтемелер деп атайды, ондай сілтемелер белгіленген мәтін сөздері арқылы немесе суреттерді таңдау жолымен де атқарыла береді. Белгіленген сөздер асты сызылып басқа түспен ерекшеленеді, суреттер де басқарылады айрықшалау түсте болады. Курсорды сондай ерекшеленген сөздер мен суреттерге алып барған кезде, ол сұқ саусағы тікейтілген қолды бейнелеп көрсетеді. Сол сәтте сілтеме көрсетіп тұрған web-адрес Internet Explorer программасы экранының төменгі жағында орналасқан қалып қатарында көрсетіліп тұрады.
Интернетке жол сілтемелер. Интернет күннен күнге біздің өмірімізге кеңінен еніп, одан тереңірек орын алып келеді. Оның кеңістігін бір рет аралағандар енді одан шыққысы келмейді. Оларға әрқашанда осы Дүниежүзілік өрмектен оңай алынатын жаңа ақпарат керек. Оның электрондық желісінде адасып кетпеу үшін тұтынушыларға жақсы жол сілтеуші программалар қажет болады. Интернеттегі виртуальды (көзге елестеуге болатын) әлемнің шексіз жолдарымен серуендерге арналған программаларға браузер-программалар жатады. Қарапайым тұтынушылар үшін браузерлерсіз жаһандық желі жолсыз қалың орманға кіргенмен бірдей. Сондықтан төменде көрсетілген, қазіргі ұсынылып жатқан жол бастауыш программалар ішінен өзімізге ең керектісін таңдап ала білуіміз керек.
OPERA. Opera - әлемдегі ең жақсы браузерлердің бірі. Оның кең таралмағандығын бастапқы кезде оның тегін болмағандығынан деп түсіндіруге болады. Бірақ уақыт өзгереді, соған орай қазір бұл тамаша программаның кез келген нұсқасын тиын шығармай көшіріп алуға болады. Опера ең көп платформалы (мультиплатформалы) браузер болып табылады. Оны Windows, Linux, MaOs, жүйелері орнатылған компьютерлерде, тіпті мобильдік телефондарда да кездестіруге болады. Мұнда бір операциялық жүйеден екіншісіне ауысу ешқандай проблема туғызбайды. Программа интерфейсті өте ыңғайлы, ол басында IE программасының көшірмесі болған. Бірақ тереңірек үңілсек, оның сыртқы түрін оп-оңай өзгертуге болады. Бірінішіден, оған көптеген сайттарда тұрған түсқағаздар бейнесін қоюға болады. Екіншіден, тек қана батырмаларды ғана емес, толық тақталардың өзіне қосуға, алып тастауға және жылжытуға болады. Осылардың нәтижесінде ең ыңғайлы, әрі сыртқы түр жасай аламыз. Операцияның функциональдық қызметі өте жақсы құрастырылған. Веб парақтарды жеңіл көруге болатын мүмкіндіктерден (біртіндеп ұлғайту - кішірейту, ішкі беттерді пайдалану, т. б. ) басқа операның ыңғайлы пошталық клиенті, IRC клиент, RSS жаңалықтарын оқу клиент және тереңдетілетін мәлімет жүктеуші менеджер бар, ол тоқтатылған тапсырмаларды ары қарай оқу ісін де атқара алады. Осы операда ең алғаш рет браузерді жаңа түрлері - тышқан сілтеулері мен дауыспен басқару пайда болады. Осыған орай ыстық пернелер жасаудың қажеті де болмайды. Операның тағы бір артықшылығы - кэшпен жұмыс істей алуы.
Мысалы, сіз жаңалықтар ресурсын жиі қарайсыз, ал браузер сіз кірген сайын оның суреттерін біртіндеп жүктей бастайтын ішті пыстырады емес пе! Ал операда бұдан шығатын жол бар. Тек сайтты бір рет оқып алу керек, сонан соң браузер оның суреттерін кэшке орналастырады, ал екінші кірген кезде сол суреттерді кэштен алады да, оған ешқандай трафик шығармайды. Компьютер жадымен жұмыс істейтін осы мүмкіндік веб-парақтар ашу жылдамдығын біршама арттырады, оған қоса жылдам істейтін айналмасын тамаша нәтиже береді. Оның үстіне Presto барлық стандарттармен жұмыс істей береді. Тек аздаған проблемалар Java Script пен Flesh мүмкіндігін пайдаланған кезде туындайды. Кемшіліктерін айтатын болсақ, кэшті толтыру кезінде браузердің өзін жүктеу де біраз уақыт алады. Мұны кэш көлемін кішірейту жолымен немесе оны оқтын-оқтын тазалап отыру арқылы аластауға болады. Пошта клиенті алдыңғы қатарлы программалармен таласа алмайды, бірақ қарапайым тұтынушының қажетіне толығынан жарайды. Тағы бір аздаған кемшілігі-бұл программаға плагин жасау өте қиын. Сондықтан қажет болған жағдайда, жекелеген элементтерді орнатуға туар келеді. Браузер қауіпсіздігі жоғары деңгейде. Өз ішкі айнымалысы бар программа операциялық жүйе кемшіліктерінен тыс жұмыс істейді және ол - IE-ге шабуыл жасауға арналған мүмкіндіктерден де жақсы қорғайды. Ыңғайлы интерфейс, әрі сыртқы түр, қауыпсіз серфинг, трафикті үнемдеу, жоғары деңгейде қызмет ету - барлығы бар.
MAXTHON. Maxthon - толыққанды программалық өнім емес. Ол Internet Explorer (IE) программасының қызметі қанағаттандырмайтын тұтынушыларға арналған программасына орнатылған қондырма болып табылады. IE-ден Maxthon ауысу ешқандай қиындық туғызбайды. Бастапқы интерфейстерінің де ешқандай айырмасы болмайды. Бірақ тұтынушы талабы бойынша жаңа батырмалар мен тақырыптар қосып, олардың орналасуын да өзгертуге болады. Ортасында ішкі беттер мен іздеу жолы қосылған. IE-ден Maxthon-ға ауысу кезінде жаңа браузерге таңдамалыны журналды және де басқа тізімдерді бірден енгізу мүмкіндігі бар. Бұл программаның ыңғайлылығы тышқан сілтеулері мен Super Draw & Drop функциясын сүйемелдеу арқылы арта түседі. Парақтарды қарау ыңғайлы болуы үшін беттерді масштабтау функциясы енгізілген. Программада керексіз конттенттерді сүзгіден өткізбейтін AD-hunter фильтрі қосылған.
Ол өз тапсырмаларын жақсы орындайды. Бірақ жалпы браузер қауіпсіздігі онша емес. Оның қауіпсіздігі негізі болып табылатын - Trident айнымалысы IE программасы мәліметтеріне бағытталған шабуылдарға төтеп бере алмайды. Жұмыс істеу жылдамдығы IE программасы тәрізді, яғни жоғары емес. Дегенмен, ескертіп кеткен Trident айнымалысы Maxthon программасына алға ұмтылуға кедергі жасап отыр.
Қызмет мүмкіндіктерінің жоғарылығына, жарнамалық фильтрінің болуына және программасынан Maxthon программасына ауысуы оңайлығына қарай бірсыпыра тұтынушыларды ол толық қанағаттандыра алады.
Қалған браузерлер де жоғарыдағыларға ұқсас немесе аздаған ғана айырмашылықтары бар. Сонымен, мынадай тұжырым жасауға болады. Internet Explorer (IE) ескірді, енді ол жаңа программаларға орын беруі тиіс. Opera, Mozilla Firefox немесе Maxthon программаларының бірін таңдау тұтынушылардың өз еркінде. Жоғары функциональдығы керек пе, әлде жалынды түлкінің жоғары санасы қажет пе, әлде IE мүмкіндігін біртіндеп арттыратын таңдайсызба, оны өздеріңіз білесіздер. Ал біз Opera - таңдап, оған Біздің таңдауымыз деген лауазым бергелі отырмыз.
Жергілікті желі
Жергілікті желі (ағылш. local - жергілікті) - бұл бір бөлмеде, бір ғимаратта немесе жақын орналасқан ғимараттарда орналасқан компьютерлерден құралған желі. Белгілі бір фирманы қамтитын немесе біріккен ортадағы әртүрлі есептеуіш ресурстарды біріктіретін локальды компьютерлік желіні корпоративті деп атайды. Мысалы: банктік желі, оқу орнындағы желі.
Локальды желілердің маңыздылығы - мәліметтерді беру жылдамдығы болып табылады, сондықтан компьютерлер бір-бірімен мәліметтерді беру жылдамдығы 10Мбит/с - тен кем болмайтын жоғары жылдамдықты адаптерлермен біріктіріледі. Локальды желілерде жоғары жылдамдықты цифрлық байланыс сымдары қолданылады. Сонымен бірге локальды желілер жеңіл өзгере алатындай болуы керек: қолданушылар желідегі компьютерлерді мүмкіндігінше пайдаланып, компьютерлерді немесе басқа құрылғыларды қосуға немесе алып тастауға мүмкіндіктері болуы керек.
Компьютерлерді бір желіге біріктіру қолданушыларға жекелеген компьютерлердің беретін мүмкіндіктерімен салыстырғанда мүлдем жаңа мүмкіндіктерді бере алды. Желі - бұл жекелеген компьютерлердің мүмкіндіктерін қосу емес көбейту болып табылады. Локальды желінің көмегімен файлдардың бір компьютерден басқа компьютерлерге берілуін ұйымдастыруға, есептеуіш және аппараттық ресурстарды бірігіп пайдалануға және көптеген жұмыстарды жасауға болады.
Жергілікті желілердің топологиясы
Топология - бұл компьютерлердің кабельдермен басқа да желі құрылғыларының физикалық үйлесуін білдіреді. Барлық желілер үшін үш базалық топология негізінде құрылады. Олар:
- Шоқсым ( шина- bus) ;
- Жұлдыз (звезда- Star) ;
- Сақина (кольцо- ring) .
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz