Зерттеу объектісі ретінде алынған еңбек ақы төлеуді ұйымдастыру жүйесін жан-жақты қарастырып талдап оны жетілдіру жолдарын және нарықтық талаптарға сай жағдайға әкелу бағыттарын зерделеу


КІРІСПЕ
Қазіргі кезде нарықтық экономикалық қатынастардың дамуына байланысты қазақстандық бухгалтерлік есеп жүйесі халықарылық стандарттарға біртіндеп көшірілді, яғни шарушылық басқарудың тиімді механизмін жасауға қолайлы жағдай туды деген сөз. Біз бәсекеге қабілетті экономиканың үлгісін таңдай отырып, бәсекелестікті дамытуға экономикалық қарымы мол басым салаларды таңдап алдық, сол арқылы экономикалық жүйені дамытуға жол ашық. Бүгінде Қазақстан дамыған елдердің қолданып жүрген халықаралық қаржылық есеп стандартын, заңдарын және икемді салық жүйесін толық пайдалануға талпыныс жасауда. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасымыз Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Шағын бизнесті мамандандыруды келешекте оларды орта деңгейге көшіру перспективасымен дамыту шараларын қабылдау маңызды болмақ. Осы сектор субъектілерінің банкроттығының айқын тетіктерін енгізген жөн. Шағын және орта бизнес жаңа инновациялық кәсіпорындар төңірегінде дамуға тиіс. Мен Үкіметке индустрияландырудың екінші бесжылдығы жоспарын «Бизнес-2020» жол картасымен үйлестіруді тапсырдым. Үкімет Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, жұмысын жаңа бастаған бизнесмендерге әдістемелік көмектің тиімді тетіктерін жасауы керек. »-деген еді [1] . Мұндай жағдайға қол жеткізу мекемелердің еңбек ақы есебін, оның талдауы мен жүргізілетін аудитіне ерекше назар аудару қажет. Себебі мекемелер мен жеке ұйымдардың дамуы тиімді және дұрыс жүргізіліп есептелген еңбек ақыға тікелей байланысты. Оған себеп жұмысшыларды негізгі ынталандырушы фактор еңбек ақы және оның тұрақты өсуі болып табылады.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі
Қазіргі экономикалық жағдайда әрбір ұйымның қызмет ету процесіне нарықтық қатынастарға қатысушы мүдделі тұлғалар үлкен көңіл аударатыны белгілі. Сол себепті олар есеп мәліметтеріне сүйене отырып, ұйымның қаржылық жағдайын бағалауға ұмтылады.
Еңбек ақы - жұмысшының өз еңбегінің нәтижелі болуына, құрылыс - монтаж жұмысының көлемі мен сапасын көтеруге мүдделілігін арттырудағы ең басты құрал. Ол күрделі экономикалық қарым - қатынастардың жиынтығын сипаттайды. Айталық, біріншіден, бұл - жұмысшы мен жалпы қоғам арасындағы қарым - қатынас. Еңбек ақы төңірегіндегі, ең төменгі жалақы мөлшерін белгілеу, ұжымдық келісім - шартты бекіту секілді мемлекеттік саясаттың қажеттілігі, яғни мемлекеттік реттеу қызметі. Екіншіден, еңбек ұжымы мен құрылыс ұйымы арасындағы қарым - қатынас, басқаша айтқанда, еңбек ақы мөлшерінің құрылыс ұйымының қаржы - шаруашылық есебімен тығыз байланыстылығы.
Еңбек және еңбекақы есебі - жұмысшылар санынынң өзгеруі, жұмыс уақытының шығындары, жұмысшылар категориялары, өндірістік шығын сияқты мағлұматар түгел қамтылатын дәл әрі оперативтік деректерді талап ететін аса маңызды да күрделі жұмыстардың бірі болып табылады.
Жаңа шаруашылықтанудың шарттарындағы маңызды міндеттер мыналар: еңбекке ақы төлеу бойынша кәсіпорын персоналдармен есептесудің белгіленген мерзімінде орындау, жалақыға аударылған сомалардың өнімдердің өзіндік құнына дұрыс қосылуы және дер кезінде, басшылық үшін жалақы төлемі мен еңбек бойынша көрсеткіштерді біріктіріп, жинау және қажетті есеп беруді құру, сондай-ақ зейнеткерлік қорлармен есептесу.
Еңбекке ақы төлеу бойынша қызметкерлермен есептесудің есебі мен аудиті бухгалтерлік есеп аспектілерінде ең маңыздылардың бірі, сондай-ақ бұл шығындар кәіпорында үлкен орынға ие. Сондықтан да бұл шығындарға арнап ішкі бақылауды үлкейту керек.
Дипломдық жұмыстың мақсаты
Бұл дипломдық жұмыстың мақсаты - зерттеу объектісі ретінде алынған еңбек ақы төлеуді ұйымдастыру жүйесін жан-жақты қарастырып талдап оны жетілдіру жолдарын және нарықтық талаптарға сай жағдайға әкелу бағыттарын зерделеу болып табылады.
Осы тақырыпты таңдап алудағы негізгі міндеттер:
- еңбекақы қорын және жұмыс уақытын пайдаланып, жұмыс мөлшерінің орындалуын, еңбектің саны мен сапасын бақылау;
- бастапқы құжаттарды уақытылы және дұрыс рәсімдеу, еңбекақы қорынан жалақыны ұстап қалу;
- ұйымның әрбір жұмысшысына жалақыны уақытылы және дұрыс есептеу:
- белгіленген мерзімде еңбекақы бойынша есеп айырысу;
- жалақы бойынша шығынды өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құнына дұрыс әрі уақытылы қосу керек.
«Қазақстан Республикасы Еңбек туралы» заңының 5 - бабына сәйкес жұмыс беруші мен жұмысшылардың арасындағы еңбек қатынасы нормативті-құқықтық актілермен реттеледі. Ал еңбекақы мөлшері «Қазақстан Республикасының Еңбек туралы» Заңының 71 - бабына сәйкес ең аз шамадағы еңбекақы мөлшерінен аз болмауы керек [2] .
Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі
Зерттеу объектісіне еңбек ақы категориясы, оны саралау факторлары, еңбек төлемін реттеу тәжірибесі, ұжымдық-келісімдік қатынастары жатады. Алға қойылған міндеттерді шешу үшін «Асыл Арна» ЖШС-нің есеп мәліметтері, сондай - ақ Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп саласындағы нормативтік - құқықтық ақпараттары, арнайы әдебиеттер пайдаланылды.
Дипломдық жұмыстың әдістемелік негізі мен құрылысы Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру саласындағы заңдық, нормативтік актілері, зерттеу жүргізілген мекеменің соңғы үш жылдың қаржылық қорытынды есебі пайдаланылды.
1 Еңбек ақының теориялық негіздері
1. 1 Еңбек ақы есептеу түрлері мен жүйелері
Еңбекке қарай бөлудің нақтылы нысандары еңбек ақы және жалақы арқылы жүзеге асады. Жалақы еңбекпен жасалған қажетті өнімнің негізгі бөлігі. Еңбек шығындарын өлшеу тәсіліне, айталық жұмыс уақыты бірлігіне немесе өндірілген өнім санына байланысты ақы төлеудің екі нысаны қолданылады:
1) кесімді;
2) мерзімдік.
Кесімді - қызметтің көлемдік, сандық көрсеткіштерін жақсартуды ынталандырады. Ол өндіріс учаскелерінде қол еңбегінің немесе машина - қол еңбегінің басымдылығы жағдайында қолданылады.
Кесімді нысаны мына жағдайларда қолданылады:
1) тікелей жұмысшының немесе олардың бригадасының жұмыстарының сандық көрсеткіштерінің бар болуы;
2) жұмысшының өндірімін немесе орындалған жұмыстың көлемін арттыру мүмкіншілігі;
3) осы учаскеде жұмысшыларды өнім өндірімінің немесе орындалған жұмыстың көлемін одан әрі арттыруды ынталандыру қажеттілігі;
4) орындалатын жұмыс көлемінің дәлме - дәл есептеу мүмкіншілігі;
5) техникалық негізделген еңбек мөлшерін қолдану.
Кесімді еңбекақыны төмендегі жүйелерге бөлуге болады:
1) тікелей немесе жай кесімді;
2) кесімді - сыйлықақы ;
3) үдемелі - кесімді;
4) жанама кесімді;
5) аккордты - кесімді [3, 34-35бб. ] .
Болашақта өндірісті кешенді түрде механикаландыру мен автоматтандырудың даму, жұмысшылардың мамандықтары жетіліп еңбек ақысында нақты сараланудың кемуі нәтижесінде кесімді жүйенің қолданыс аясы қысқарады да, ал жұмысшылардың еңбек ақысының мерзімдік-ұжымдық және мерзімдік сыйлықтық жүйесімен алмастыратын болады.
Мерзімдік - қызметкерлердің еңбегіне олардың нақты істеген уақытына сәйкес, олардың біліктілігі мен еңбек жағдайын ескере отырып ақы төлеу. Еңбекақының мерзімдік нысаны жұмыс істеушілердің біліктілігін көтеру және еңбек тәртібін нығайтуды ынталандырады [4, 68-70бб. ] .
Еңбекке мерзімдік ақы төлеу нысанын қолдану жағдайы:
1) егер де жұмысшы машиналар немесе агрегаттардың өнімділігін арттыру есебінен өнім шығаруды молайтуға ықпалын тигізе алмаса;
2) егер де қажетті келісімді бағалауды белгілеу үшін өндірімнің сандық көрсеткіштерінің жоқ болуы;
3) ақы төлеудің мөлшері дұрыс қолданған жағдайда.
Еңбекке мерзімдік ақы төлеудің екі түрі бар:
1) жай мерзімдік;
2) мерзімді сыйлықақы.
Жұмысшыларға жұмыстың негізгі нәтижелері үшін сыйлық беру еңбек ақы қорынан мынадай және тұтыну қорынан мынадай көрсеткіштер (ережелер) бойынша жүзеге асырылады: өндірістік тапсырмалар және жеке тапсырмалардың, техникалық тұрғыдан негізделген өндірім нормаларының, нормаланған тапсырмалардың орындалуы және асыра орындалуы, еңбек өнімділігінің, өндірімнің өсуі, бұйымдардың нормаланатын көп жұмыстылығының төмендеуі өндірім (уақыттың және қызмет көрсетудің) жаңа нормаларының игерілуі өндіріс бригадасының учаскесінің, цехының шаруашылық қызметінің соңғы нәтижелерінің жақсартылуы және т. б. Сыйлықтардың мөлшері істеген жұмыстарының маңыздылығы мен күрделілігіне қарай жұмысшылардың кәсіптері мен топтары бойынша сараланып белгілейді. Бригада ұжымдары бүкіл бригада ұжымының жұмыс нәтижелері үшін төленілетін қаражат мөлшеріне бригаданың әрбір мүшесіне жұмыстың жалпы нәтижелеріне қосқан нақты үлесін, еңбек тәртібі мен ішкі тәртіп ережелерін сақталуын ескере отырып, сыйлықтардың мөлшерін анықтауға құқылы. Сыйлық әдетте айлық жұмыс нәтижелері бойынша беріледі.
Еңбек ақы өнімнің өзіндік құнының негізгі элементтерінің бірі болып табылады: оның есебін дұрыс ұйымдастыру еңбек өнімділігінің өсуіне өнімнің өзіндік құнын төмендеуіне және халықтың өмір сүру деңгейінің жоғарылауына септігін тигізеді. Әрбір қызметкердің еңбек ақысы жұмыстың соңғы нәтижелерімен қызметкердің жеке өзінің қосқан үлестерімен анықталуға тиіс және ең көп мөлшерімен шектелмейді.
Жалпы жұмысшы қызметкерлерге есептелетін еңбек ақы негізгі және қосымша болып бөлінеді.
Негізгі төлем - қызметкерлерге нақты жұмыс істеген уақыты үшін істелген жұмыстардың немесе берілген баға немесе айлық еңбек ақы бойынша өндірілген өнімнің саны мен сапасы үшін есептелген еңбек ақысы
Қосымша төлем - еңбек туралы заңға сәйкес қызметкерлерге кәсіпорында жұмыс істелген уақыты үшін есептелетін еңбек ақысы. Оған кезекті демалыстар төлемі, мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді және т. б. орындалғаны үшін берілетін төлемдер, түнгі немесе мерзімнен тыс уақыттарда істегені үшін төленетін төлемдер, және т. б жатқызылады. Экономиканың барлық салаларындағы және меншіктің барлық түрлеріндегі шаруашылық субъектілеріндегі еңбек төлемінің негізінен тарифтік төлем мөлшері алынады. Олар қызметкерлердің мамандық топтары бойынша сараланған. Экономиканың барлық салаларындағы қызметкерлердің бірыңғай тарифтік кестені құруға тарифтік төлем мөлшерін және қызмет орындарының айлық еңбек ақыларын есептеуге тұтастай республика бойынша заң жүзінде белгіленген жалақының ең аз мөлшері негіз болып табылады. Еңбек ақы төлемі ақшалай немесе заттай есептеліп төленуге тиіс.
Ақшалай еңбек ақы - еңбек ақысының қолданыстағы жүйесіне сәйкес есептелген сомалар.
Заттай еңбек ақы - төлем ретінде заттай берілген өнімнің құны, тегін немесе төмендетілген бағамен тамақтандыру, қызметкерлерге берілетін немесе қоғамдық жолаушылар тасымалының үшін қосалқы шаруашылықтардан бөлінетін өнімнің жұмыстың және көрсетілген қызметтік баға айырмашылығына орнын толтыру және т. б.
Еңбекақы төлеу негізгі және қосымша түрлерге бөлінеді:
1) Негізгі еңбекақы төлеу тәсіліне төмендегідей төлемдер жатады:
а) мерзімдік, үдемелі және кесімді еңбекақы төлеу кезіндегі орындалған жұмыстың сапасы мен мөлшері, пайдаланылған уақыт үшін төлемдер;
б) еңбекке қалыпты жағдайымен байланысты төлемдер, ағын мерзімінен тыс жұмыстар, түнгі уақыттарға, мереке күндерде т. б. күндерде жұмыс жасағаны үшін төленетін төлемдер;
в) сыйлықтар, сыйлықақы үстемелер;
г) жұмысшыларға қатысы жоқ себептерден техника мен жабдықтардың тоқтап қалған уақытына төлемдер.
2) Қосымша еңбекақы төлеу, еңбек туралы заңда, мекеменің келісім -
шартында қарастырылған.
Сонымен бірге жұмыс уақытын пайдаланбаған келесі кездердегі төлемдер жатады:
1) демалыс уақыттарында ақы төлеу;
2) мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді орындағаны үшін ақы төлеу;
3) декретке шығып, нәресте көрген аналарға, жұмыстағы үзілістері үшін ақы төлеу;
4) кәмілеттік жасқа толмаған жасөспірімдерге белгіленген жеңілдік сағаттарға ақы төлеу [5, 45-47бб. ] .
Еңбекке қатысатын жас мөлшері, яғни жеке еңбек шартын он алты жасқа толған адамдармен жасауға жол беріледі. Ал жұмысқа қабылдаудың ең төменгі шегі ата-анасының біреуінің келісімімен 14 жастан басталады. Сондай-ақ табиғи және климат жағдайларына байланысты бүкіл күнтізбелік жылдан немесе айдан аспайтын белгілі бір кезең (маусым) ішінде жұмыс атқаратын қызметкерлер маусымдық қызмкеткерлер болып танылады. Мұндай қызметкерлерді жұмысқа қабылдау кезінде қызметкердің оған тапсырылатын жұмысқа сәйкестігін тексеру мақсатымен сынақ белгіленбейді. Сондай-ақ жұмыс беруші мен өзінің материалдарымен және өзіндегі немесе жұмыс беруші бөлетін немесе жұмыс берушінің қаражаты есебінен сатып алынатын жабдықтарды құрал-саймандармен тетіктерін пайдалана отырып жұмысты үйінде өз еңбегімен орындау туралы жеке шартын жасасқан адамдар үйде жұмыс істейтін қызметкерлерге жатады.
Қызметкерлердің өзге де санаттарының еңбек қатынастарын реттеуге осы заңға және қызметкерлердің жекелеген санаттарының айқындайтын өзге де заң актілерге сәйкес жүзеге асырылады.
Кәсіпорындағы еңбек ақыны ұйымдастыру үнемі өзара байланысты және өзара тәуелді элементтермен, атап айтқанда, тарифтік жүйемен еңбекті нормалаумен және еңбек ақы төлеудің түрлерімен анықталады.
Тарифтік жүйе - еңбекақыны және оның дифференциясының жұмыскердің біліктілігіне, өндірістік процеске қатысуына және еңбек жағдайына тәуелділіктерге байланысты анықтайтын нормативтердің жиынтығы. Тарифтік жүйе еңбекті сапасына қарай бағалауға, нормалау жұмсалған еңбек төлемін есепке алуға ал тәртібін анықтауға мүмкіндік береді. Тарифтік жүйе жұмысшыларға еңбек ақыны ұйымдастырудың негізгі ретінде қызмет етеді.
Сонымен қатар жұмысшылардың біліктілігіне еңбек ақы төлеу түрлері мен маңызына тәуелді түрде құрылады.
Тарифтік жүйе келесі элементтерден тұрады:
1) тарифтік мөлшерлеме;
2) тарифтік тор;
3) тарифтік коэффициент.
Тарифтік мөлшерлеме - бұл жұмыс уақытының бірлігі үшін (сағат, күн, ай) біліктіліктің айқын күрделілігінде еңбек мөлшерін орындаған қызметкердің
еңбекақысының белгіленген мөлшері.
Орташа тарифтік мөлшерлеме:
, (1)
мұндағы,
- сәйкес разрядтардағы жұмысшылардың тарифтік мөлшерлемесі.
Тарифтік тор - бұл разрядтардың және оған меншіктелінген тарифтік коэффициенттердің арақатынасы. Тарифтік тордағы разрядтардың саны және тарифтік коэффициенттер арасындағы алшақтықтар әртүрлі және олар өнеркәсіптің әр түрлі саласында орын иемденген нақты ерекшеліктермен және бөлінісінің дәрежесімен анықталады.
Тарифтік коэффициенттің ең төмеңгі разряды бірге тең. 1993жылдың 1 - қаңтарынан бастап бірыңғай тарифтік тор халық шаруашылығындағы қызметкерлердің барлық дәрежесіне қолданыла бастады.
Тарифтік коэффициенттің келесі разряды тариф ставкасының тиісінше әрі қарай бірінші разрядтан жоғарлап өсуін көрсетеді [6, 141-143бб. ] .
Бірыңғай тарифтік торда 21 - тарифтік разряд бар. Бұл жүйе шаруашылықты жүргізу нысанына, меншік нысанына және бюджеттік ұйымдарға тәуелсіз барлық кәсіпорындарға арналған:
1) 1- 8 разрядтар бойынша - жұмысшыларға төлемдер;
2) 6 - 15 разрядтар бойынша - линиялық қызметкерлердің төлемдері;
3) 4 - 11 разрядтар бойынша - орта білімді мамандардың төлемдері;
4) 7 - 15 разрядтар бойынша - жоғары білімді мамандардың төлемдері;
5) 10 - 20 разрядтар бойынша - мекеменің басшылары, бөлімдердің, функционалдық қызметтер басшыларының төлемдері;
6) 9 - 21 разрядтар бойынша - ғылыми қызметкерлердің төлемдері.
Қазақстан Республикасының бюджеттік салаларындағы қызметкерлердің еңбекақыларына арналған бірыңғай тарифтік тор қызметкерлердің дәрежесін, міндетін, разрядтар санын және разрядтарға қатысты тарифтік коэффициенттерін қамтиды.
1- кесте - Тарифтік тор
Тарифтік
коэффициенттер
Тарифтік коэффициент - әрбір берілген разрядтың тарифтік мөлшерлемесі бірінші разрядтың тарифтік мөлшерлемесінен қанша рет жоғары болатынын анықтайтын көрсеткіш.
Тарифтік жүйеге мыналар кіреді:
- бір күнге немесе бір сағатқа төленетін еңбек ақыны анықтайтын тарифтік ставка;
- әртүрлі жұмыстармен біліктілігімен разрядтары арсында еңбек ақының қатынасын көрсететін тарифтік сетка;
- тарифтік сеткаға сәйкес жұмыс пен жұмысшының разрядтарын анықтауға болатын тарифтік біліктілік анықталады.
1. 2 «Асыл Арна» ЖШС экономикалық сипаттамасы мен негізгі көрсеткіштері
«Асыл арна» студиясы» ЖШС 2007 жылы 27 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелді. Куәлік - № 88062-1910-ЖШС «Асыл арна» студиясы» ЖШС 2011 жылы 23 қарашада Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде қайта мемлекеттік тіркеуден өтті. Куәлік - № 281-1910-01 ЖШС.
«Асыл арна» студиясы 2008 жылы 26 шілдеде ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және Мұрағат комитетінің бұқаралық ақпарат құралын есепке қою туралы № 9467-Э куәлігін алды.
Негізгі тақырыптық бағыты: қазақ халқының тарихын, салт-дәстүрін зерделеу, рухани-діни сауаттандыру, ислам дінінің ағартушылық мүмкіндігін пайдалану туралы хабарлар тарату.
Студия 2009 жылы тамыз айынан кабельдік жүйе арқылы республика аумағына хабар тарата бастады. «Асыл арнаның» жеке телеарна ретінде бөлек шаңырақ көтеруі де осы уақыттан басталады. Бір жылдың ішінде көрерменге 40-тан астам жоба ұсынылды. Олар өзінің тақырыбы жағынан ақпараттық-сараптамалық, тарихи-танымдық, рухани-өмірбаяндық, оқу-ағартушылық және әлеуметтік-экономикалық деп бөлінеді. Телеарна ҚР Дін істері агенттігінің қолдауымен және Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасымен бірлесе жұмыс істейді.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының толықтай қолдауына ие бола отырып, 2009 жылы «Асыл арна» ислами-ағартушылық телеарнасы ашылды. Осы 6 жыл ішінде «Асыл арнаның» эфирлік қамтуы 65 % жетіп қалды. Бұл Отау ТВ желісінің негізгі пакетіндегі және Alma TV, Digital TV, Icon, ID TV секілді барлық аймақтық һәм республикалық кабельдік, спутниктік желілерді қосқанда шыққан цифр. «Асыл арна» осы мерзім ішінде бірегей контент теңгерімін қалыптастырды. Эфирден берілетін контенттің тек 10%-ы түрік, ағылшын, малай және т. б. әріптестерімізден алынған десек, қалған 90% контентті өз күшімен өндіреді.
«Асыл арна» қызметкерлері ай сайын 25 сағаттан астам жаңа контент өндіреді. Арнаға шығатын хабарлар қазақ және орыс тілдерінде дайындалады, соның 70 пайыздан астамы - қазақ тілінде. Бұрындары арнаның бір айда 50 сағаттай контент өндірген кезі болған, бірақ ол кезде штат қазіргіден 3 есе көп еді. Ал қазір саннан сапаға өтіп жатыр.
«Асыл арнаның» хабарлары телекөрермендердің сұраныстарына сай әр алуан. Біз Еуропа мұсылмандарының тұрмысы жайлы айтып келе жатып, байтақ еліміздің ауылдары туралы көрсетпей кетпейді. Сан түрлі заңдық құжаттарды рәсімдеудің қыр-сырымен қатар, дәмді тағам әзірлеуді де үйретеді.
Айта кетерлігі, «Асыл арнаның» бейнехостингтердегі, әлеуметтік желілердегі бағдарламалары мен роликтері былтыр 2 млн 200 мың мәрте қаралған. Ал осы желілерде жазылған аккаунттар саны 700 000-ға жуықтап қалды. Биыл өзімізге 4, 5 миллион қаралым мен 1 миллиондай жазылушы жинақтауды міндет етіп мойнына алды. Сонымен бірге, www. asylarna. kz сайты арқылы арнамызды онлайн көруге мүмкіндік жасадық.
Осы бағытта «Асыл арна» 5 жылдан бері қаншама бағдарламалар циклін әзірлеп, эфирге ұсынды. «Мемлекет басшысының Исламдағы орыны», «Ел тыныштығы - ертеңіміздің кепілі» секілді дөңгелек үстелдер ұйымдастырылып, тікелей эфирде «Иман нұры», «Дария-дәстүр» атты студиялық бағдарламалар жүрді. Өнегелі аналарымызға арнап «Шуақты аналар», қыз-келіншектерге арналған «Ақ жаулық», «Иман гүлі», жөн-жоралғылар жайлы «Рухани өмір», жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыруды мақсат еткен «Болар елдің баласы», «Айна» және Ислам қағидаларымен біте қайнасқан, бүтіндей қазақы өмірдің қайнарына айналып кеткен құндылықтарды насихаттайтын «Ислам және мәдениет» секілді арнайы бағдарламалар жарыққа шықты [7] .
Нарықтық экономика кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдау негізінде өндіріс тиімділігін, өнімнің бәсекелестігін арттыру қажеттілігімен байланысты. Талдау кәсіпорынға қажетті стратегия мен даму тактикасын орнатуға мүмкіндік береді және осының негізінде кәсіпорынның нарықтық жағдайдағы қаржылық жағдайы айқындалады. Қаржылық жағдайы айқын және нарықтық ортада тұрақты қызмет жасайтын кез-келген кәсіпорынмен есеп айырысу мәселесі оңай шешімін табады. Олардың негізінде өндірістік бағдарлама қалыптасады, өндіріс тиімділігін арттыру резервтері айқындалады.
Қаржылық талдаудың әдістері пәні алдымен кәсіпорынның өндірістік қаржылық өызметін талдау барысында әдістер мен тәсілдерді кең қолдана білуді және әрбір шаруашылық субъектісінің қызмет ерекшеліктеріне байланысты тиімді әдістерді пайдалау маңыздылығын сипаттайды. Сонымен қатар, қаржылық, материалдық, техникалық ресурстарды тиімді пайдалануға, еңбек өнімділігін арттыруға, айналым құралдардың айналымдылығын жылдамдатуға, өндіріс рентабельділігін көтеруге баса назар аударады. Сондықтан қаржылық талдау әдістері ғылыми пән ретінде кәсіпорындардың өндірістік - шаруашылық қызметін басқару мен бақылаудың негізгі құралына жатқызылады.
Кәсіпорындар деңгейінде талдау экономикалық микродеңгейде қарастырылады:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz