Орта тас дәуірі (мезолит)



Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Орта тас дәуірі (мезолит)
1. Орта тас дәуірінің ерекшеліктері.
2. Орта тас дәуірінің ескерткіштері.
3. Орта тас дәуірінің маңыздылығы.

Пайдаланылатын деректер тізімі:
1. Авдусин Д.А. Основы археологии. М., 1989.
2. Каталог археологических материалов эпохи камня и бронзы. М., 1973.
3. Кругликова И.Т. Античная археология. М., 1984.
4. Мартынов А.И. Археология. М., 2002.
5. Алпысбаев Х.А. Памятники нижнего палеолита Южного Казахстана. А., 1979.
6. Археология СССР. Мезолит СССР. М., 1989.
7. Археология Центральной Африки. М., 1988.
8. Борисовский Р.И. Древнейший каменный век Южной и Юговосточный Азии. М.,
1971.
9. Деревянко А.П. и др. Археологические исследования Россиско-Монголско-
Американской экспедиции в Монголии в 1996 году. Новосибирск. 1998.
10. Деревянко А.П. и др. Археологические исследования Россиско-Монголско-
Американской экспедиции в Монголии в 1997-1998 гг. Новосибирск. 1999.
11. Каменный век. Памятники. Методика. Проблемы. М., 1989.
12. Каменный век Казахстана и сопридельных территории. Туркестан. 1998.
13. Ларичев В.Е. Палеолит средней, центральной и восточной Азии. М., 1972.
14. Ташкенбаев Н.Х. Культура каменного века долины Заравшана. Т., 1980.
15. Палеолит ближнего и среднего востока. М., 1978.
16. Эпоха камня и полиметалла азиятской части СССР. М., 1988.
1. Мезолит (гр. месос – орта, литос - тас) дәуірі палеолит пен келесі
кезеңнің (неолит) арасындағы өтпелі кезең болып табылады. ғалымдар бұл
кезең жайында жекелеген нақты пікір айтпайды. Бір топ ғалымдар мұндай кезең
тіпті болмаған, мезолит ол палеолиттің соңғы сатысы деп санайды; екінші
біреулері мезолиттің кейбір бөлігін келесі кезеңге (неолитке) жатқызады;
үшінші бірі, бұл археологиялық кезеңдестіруді табиғи-географиялық жағдайдың
жаңа дәуірі деп бөледі; ал төртінші бір топ ғалымдар ең бірінші шаруашылық-
экономикалық, сондай-ақ, әлеуметтік белгілеріне қарайды; соңғы, бесінші бір
топ бұл археологиялық кезеңдестірудің басты негізі тасты өңдеу техникасында
деп есептейді.
Орта тас дәуірінің еңбек құралдарының пайда болуына жағдайды жасап
берген палеолит дәуірінің индустриясы (өнеркәсібі). Соңғы палеолиттің
көптеген құралдары тек мезолитке ғана тән емес, ол сондай-ақ одан кейінгі
дамушылықта да маңызды болды. Жердің оңтүстік аймақтарында геометриялық
шақпақ тас құралдары пайда болды. Олардың көлемі 1-2 см-ге жететін трапеция
(Δ), үшбұрыш тәрізді болды. Осы кішкентай еңбек құралдарын археологияда
микролит деп атайды. Микролиттерді негізінде ағаш немесе сүйектерге сына
ретінде пайдаланған. Ол үшін ағаш немесе сүйекті бойлай ойып, ойығына
микролиттерді салып, оларды тұтқа затымен бекітіп, кейіннен орап қояды.
Бүтіндей шақпақ тас құралдар өндірісі көп еңбекте қолданылды. Бірақ мұндай
құралдар жамауға жарамайды. Бұл микролиттерді сондай-ақ, қола дәуірінде де
сына ретінде қолданған.
Микролиттерді жебенің ұшы ретінде де пайдаланған. Садақ пен жебені
ойлап табу орта тас дәуірінің маңызды жетістіктерінің бірі есептелінеді.
Жердің оңтүстік аймақтарында жебе ұштары геометриялық құрал қызметін
атқарды, ал солтүстікте, яғни Ресейдің орталық ормандары мен оның
аймақтарында пышақ тәріздес жалпақ ұштар қолданылды.
Оңтүстіктегі және солтүстіктегі микролитті құралдар мезолиттік кезеңге
жататын жерлерде ғана кездеседі. Осының негізінде мезолит палеолиттен
бөлініп қаралады. Тас дәуірінің ішіндегі бұл қысқа кезеңде (мезолит) өзіне
тән бірнеше құралдар түрі: жылтыратып өңделген құралдар, жебе ұштарының екі
жағы ойылып өңделген құралдар, сондай-ақ, керамика (Дольни Вестоницадағы
мүсін) және дәнүккіштер (тастан арнайы жасалған) кең етек жайды. Алайда,
палеолитте олар кездейсоқ ұшырасқан болса, мезолитте бұл заттардың маңызы
мен үстемдігі артты.
Орта тас дәуірінде жіңішке және жеңіл құралдармен қатар көлемді еңбек
құралдары пайда болды. Оларды макролит (гр. макрос – үлкен, ұзын) деп
атайды. Олардың қатарында балта да пайда болды. Балтаның пайда болуы орман
аймағындағы адамдарға сол жерлерде ағашты өңдеу кәсібін меңгеруді қажет
етті және өте үлкен маңызға ие болды.
Орта тас дәуірінде табиғи-географиялық жағдайдың соңғы палеолиттік
уақыттағы жағдайдан айтарлықтай ерекшелігі болды. Мұздық аймақтың көлемі
азайды, нақтырақ айтқанда Европа территориясы толығымен мұздықтан құтылды.
Мұздықтың еруі нәтижесінде су мөлшері артып, ежелгі теңіздердің
кескіні қалыптасты. Бұл құрлықтың молаюына мүмкіндік туғызды. Еріген
мұздардың салдарынан жазықтар мен тауларды су басып кетті. Сулар жыралармен
бағыт түзеп, соның негізінде жаңа өзендер пайда болды. Сондай-ақ, жаңа жер
бедері қалыптасты. Осындай процестердің нәтижесінде теңіздердің қазіргі
көрінісі пайда болды. Ал, өзендердің қазіргі арнасы осыдан бірнеше мың жыл
бұрын сол мезолит кезеңінде-ақ қалыптасқан. Солтүстік территориядағы мұздар
мықты ормандармен шектесті. Хайуанаттар әлемі өзгерді. Сонымен қатар,
палеолит соңында түкті мүйізтұмсықтар, мамонттар, қодастар (қой өгіз) пайда
болды. Ал, соның есесіне жойылған климатқа тән басқа жануарлар түрлері
жойылып кетті. Аңдарды аулау қиынға түсе бастады, яғни қажетті жануарлар
ұшқыр да (жылдам) қауіпті және көп топталып жүрмейтін аң түрлері пайда
болды. Сондықтан, орта тас дәуірінде аң аулау мен шаруашылықтың жаңа
формасын іздестіру қажет болды.
Далалы жерлерде жылқылар, өгіздер, ақбөкен, киік және жабайы есектер
мекендеді, ал, ормандарда – бұландар, бұғылар, аю, қабан, қасқыр, түлкі
және тағы да басқа хайуанаттар өмір сүрді.
Мұздық жойылған территориялардың отырықшылануға ыңғайлы болған
жерлерін адамдар пайдалана бастады.
Мұздың шегінуіне байланысты жаңа геологиялық кезең – голоцен дәуірі
(қазіргі кезең) қалыптасты. Оның басы глобальды аллеред (геол. кезең)
жылуынан басталады. Ол дәуір 10 мың жыл бұрын басталды. Сондықтан орта тас
дәуірін б.д.д. 8-7 мың жылдықтарға жатқызады.
Кейіннен мұздардан көлдер пайда болды, көл түбіндегі әр кездегі
шөгінді қалдықтар археологиялық уақытты белгілеуге тиімді болды. Жаз
уақыттарында желдің күшімен мұзды көлдерге құмдар үйіріліп, соның әсерінен
көл түбіне шөгінділер тез пайда болды. Ал, қыс мезгілінде саз балшықтың
шөгінділерінен қабаттар пайда болды. Құмды және саз балшықты қабаттардың
үйлесімділігі жылын анықтауға мүмкіндік берді. Қалыптасқан қабаттардың
санынан көлдің қанша жыл өмір сүргендігін айтуға болады. Сондай-ақ, нақты
территорияларда мұздардың шегіну уақыттын белгілеуге және шегініс
жылдамдығын байқауға болады.
¦йықтағы қалдықтар, әсіресе шым тезекті ұйықтарда ежелгі өсімдіктердің
аталық тозаңдарының қалдықтары қалады, бұл өсімдіктердің құрамына қарай
отырып уақытқа бөліп зерттеуге мүмкіндік береді. Соған қоса, өсімдіктердің
уақыт аралығына қарай отырып, оның сол кезеңдегі қандай климат жағдайымен
байланысты екендігін де аңғаруға болады. Геологиялық дәлелдемелер бойынша
көл, ұйық және өзен бойлығын оның ылғалдылығына қарай бөлуге болады.
Мұздардың шегінуі нәтижесінде арктикалық және субарктикалық климаттық
кезеңдер бір-бірімен бірте-бірте алмасты. Құрғақ климатты жерлерде басым
көпшілігінде қарағай ағаштар өсті. Бұл климат уақытты (б.д.д. 8500-5500
жж.) негізінен мезолитке сәйкес келеді.
Жаңа табиғи жағдайдың қалыптасуы шаруашылыққа өз әсерін тигізді, яғни
ірі тобырлы аңдарды қаумалап ұстау тәсілі шаруашылықта өз маңызын жағалтты.
¤йткені жануарлар солтүстікке көшті. Мәселен, Латвияда соңғы палеолит
адамдарының басты олжасы – солтүстік бұғылары ол жерде тұрақтамады.
Орта тас дәуірінде кезіп жүріп аңшылық етудің ролі басым болды. Ол үшін
лақтыратын қарудың маңызы зор болды. Ерте тас дәуірінде мұндай қару найза,
сүңгі болса, ал орта тас дәуірінде оған қоса одан да жылдам ұшатын садақ
пен жебені қолданды. Нәтижесінде, аңға адамдар шағын ғана топпен шығатын
болды. Ф.Энгельс: Адамзаттың осы кезеңдегі ашқан маңызды жаңалығы садақ
пен жебе - дейді. Олар кішкентай және жалғыз-жарым жүретін аңдарды аулады,
яғни олардың көпшілігі құстар болды.
Табиғаттың жылынуына байланысты терімшіліктің маңызы артты. Қырым
(Украйна) мен Кавказ жағалауларында (Қара теңіз) және Жерорта теңізі
жағалауларында (Испания, Франция, Италия, Түркия, Альжир және т.б.) теңіз
терімшілігін жыл бойына жүргізуге мүмкін бодлы. Жағалаулардағы тұрақтардан
жеуге жарамды ұлулардың бүтіндей қабыршақтарының үйінділері кездеседі.
Орта тас дәуірінде балық аулаушылықтың ролі күрт өсті. Оған балық
аулайтын құралдардың табылуы дәлел болады. Бұл дәуірдің ең маңызды жаңалығы
– балық аулайтын ілгекті (палеолитте тік жасалғандары болған) ойлап тапты.
Осы уақытта морға, тұтқыр (тал немесе шиден тоқылған тор), ау, ұзын баулы
найза (шанышқы) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Палеолит дәуірі
Археологиялық мәдениеттер
Қазақстанның неолит дәуірі мәдениеттері
Ежедгі тас дәуірі
Мезолит және неолит ескерткіштерінің зерттелу тарихы
Мезолит және Неолит дәуірлері
Адамзат тарихының кезеңге бөлінуі
Қазақстандағы тас дәуірі
Энеолит мәдениеті
Палеолит, мезолит, неолит дәуірлеріндегі Қазақстан
Пәндер