Ортағасыр христиан философиясы


Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

4-лекция.

Тақырыбы. Ортағасыр христиан философиясы.

Қарастыратын сұрақтар:

  1. Ортағасырдағы христиан философиясының өзіндік ерекшеліктері,

даму кезеңдері.

  1. Ф. Аквинскийдің еңбектеріндегі схоластикалық идеялар.
  2. Номинализм иен реализм тартысы.

1-сұрақ. Батыс Европа елдеріндегі - феодалдық қоғам философиясы, ол Рим империясының күйреуімен бастап (5ғ. ) капиталистік қоғамның алғашқы формалары пайда болғанға дейін (14-15ғ. ғ. ) өмір сүрді. Құл иленушілік қоғамның құлауымен ежелгі философиялық мұра жоғалып, ол батыс Европа ғалымдарында 12 ғасырдың екінші жартысына дейін белгісіз болып қала берді. Алдыңғы Азияда, араб тілдес елдерде - мұсылман, Европада - екі түрлі христиан ( рим католицизмі мен византия православиясы) діни идеология үстем болды. Мектеп, ағарту ісі шіркеудің қолына көшті, оның көзқарасы табиғат, дүние және адам туралы түсініктерге негіз болды. Бұл дәуірдің өзіндік философиясы болды. Оны схоластика ( мектептік ілім) деп атады.

1. Балауса схоластика (ІХ-ХІІғғ. ) ғылым, философия, теология (дін ілімі) әлі бір-бірімен біте қайнасып, ажырамаған, бірақ ақыл ой-әрекетінің жемісі мен құндылығын түсінуді және универсалийлерге () ) жалпылық) байланысты пікірталас негізінде ақыл-ойға діни сенімнің үстемдігін жүргізуді және сол үстемдіктің «заңдылығын дәлелдеуді өзіне мақсат етіп қойған схоластикалық тәсіл қалыптасты. Негізгі өкілдері: А. Кентер-берийский, П. Абеляр, А. Аврелий т. б.

2. Кемеліне жеткен схоластика (ХІІІғ. ) . Бұл - философиялық-теологиялық ілімнің қалыптасып кең етек алған кезі болды. Негізгі өкілдері: Ұлы Альберт, Ф. Аквинский, Д. Скотт т. б.

3. Құлдырау кезеңі (ХІҮ-ХҮғғ. ) ғылыми және философиялық ойлардың тез қарқындап дамуына байланысты теологияның өмірден алшақ, мистикалық ілімге айналуына орай схоластика мүлдем нәтижесіз, тіл безеген ғылымға айналды. Негізгі өкілдері: У. Окком, Ж. Буридан т. б.

Схоластикалық пікір-талас үстінде христиандық догмаға сәйкес келе бермейтін көптеген философиялық мәселелер көтеріліп, өзінің шешімін тапты.

2-сұрақ. Христиандық діни ілімді Аристотельдің философиясымен байланыстырып, шіркеудің алғашқы схолас-тикалық ұстазы болған Фома Аквинский (1225-1274ж. ж. ) Негізгі еңбегі: «Теология жиынтығы». Ол Аристотельдің іліміне сүйене отырып белсенді түр (реттілік принципі) мен тұрақсыз және қалыптсапаған материяның (болмыстың әлсіз түрі) арасындағы байланысты түсіндіру арқылы Иусус Христостың бойындағы құдайлық (идеалдық және адамдық) материалдық қасиеттерін теориялық жолмен негіздеуге тырысады. Ф. Аквинский Аристотельдің жалпы ұғымдар жалқылардың түр қалыптастыратын принципі ретінде өмір сүреді деген іліміне сүйене отырып, универсалийлер ақыл-ойдың жемісі болғанымен, санадан тыс, құдайдың ойында орын алғандықтан өз алдында жеке дара тіршілік етеді деп есептейді. Осыдан кейін ол универсалилердің үш түрлі өмір сүретіндігін көрсетеді.

  1. зат пайда болғанға дейін құдайдың ойында;
  2. заттардың өзінде;
  3. заттардан кейін, адамның ақыл-ойы да - сол заттардың ұғымы, абстракциялық ойдың нәтижесі ретінде өмір сүруі.

Ф. Аквинскийдің пікірінше, дін құдайдың табиғатын түсіндіретін ілім. Сондықтан шіркеу оны уағыздаушы ретінде адамзаттық қоғамнан жоғары тұрады. Демек, өкімет билігі құдайдан рухани билікті жүргізетін, аспанда - христос, жерде Рим папасы.

3-сұрақ . Дунс Скотт (1268-1308ж. ж. ) шотланд схоласты, Аквинскийдің іліміне қарсы сын айтып, құдайдың да, адамның да ақыл-ойы оның ерік жігеріне тәуелді, сондықтан да құдайдың жігері не істеймін десе де абсолютті ерікті, ал оның қалағанын істегенінің өзі игілік. Құдай жігерінің арқасында әлемдегі жеке заттарды жаратқан. Ол жаратушы ғана емес, сонымен бірге ол заттардың рухани түп негізі. Осындай рух адам да бар. Адамның рухы (жаны) мәңгі, ал оның денесі кеңістік пен уақытта шектеулі. Рухтың негізгі мақсаты - танып-білу. Адамдар сезімдік түйсіктер арқылы заттардың қасиет сипаттарын таныса, ақыл-ой осы алынған мәліметтер негізінде жалпылықтың мәнін түсінуге ұмтылады. . Олар әр уақытта болған және мәңгі бола береді. Тек адамдар таным процесі кезінде оларды заттардан бөліп алады да, «жалпың ұғымын қалыптастырады.

Ортағасырлық философияның көптеген идеяларымен келіспей, өзіндік пікір айтып, таным процесінде тәжір биенің беделін көтерген ойшылдардың бірі Роджер Бэкон (1214-1294ж. ж. ) болды. Ол философия, табиғаттану ғылымдарын теологиядан бөлу керектігін уағыздап, ғылымның негізгі тәжірбие, эксперимент және математика деп есептейді.

Уильям Оккамның (1300-1350ж. ж. ) пікірінше әлем жеке заттар мен мәндерден тұрады. Мәнділіктердің негізгі анықтамаларының қасиеттері (трансцен-денталий) өзінен бөлінбейді және қажеттіліктің арқасында оның мәнінен тікелей туындайды. Трансцендаталийлер категориядан да, біртекетес заттарды қамтитын жалпы ұғымдардан да жоғары тұрады. Ал, категориялар мен жалпы ұғымдар заттардың таңбасы, белгілері ғана, олай болса олар жеке-дара өмір сүре алмайды, тек адамның ақыл-ойында болады. Ол қал-ойдан тыс өмір сүретін тек жалқылар болғандықтан таным процесі заттарды, құбылыстарды түйсіктер арқылы бейнелеуден басталады. Танымның өзі сыртқы және ішкі тәжірбие арқылы түйсініп білуден тұрады. Ішкі тәжірбиеде адам жалқыларды бейнелеудің нәтижесінде оларды түйсініп, нақты білім алса, сыртқы тәжірбиеде трансцендаталилер туралы абстрактілі білім жинайды. Бірақ ақыл-ой күшімен құдайды, оның бар екендігін бұлжытпай дәлелдейтін фактілер болмағандықтан, оған сену ғана керек. Олай болса, Оккамның пікірінше философиялық ақиқат пен діни ақиқат екі түрлі құбылыс, ғылым мен философия үшін ең маңызды нәрсе - интуиция мен білім арқылы ақиқаттығы дәлелденетін фактілер. Ал дәлелдеудің өзі қарапайымдылыққа, түсініктілікке негізделуі шарт.

5-лекция.

Тақырыбы. Орта ғасырдағы мұсылман философиясы.

Қарастыратын сұрақтар:

  1. Мұсылман философиясының қалыптасуы мен ерекшелігі.
  2. Суфизм-мұсылмандық діни-философиялық ойлардың бағыты ретінде.
  3. Мұсылман ойшылдарының ғылыми философиялық мұрасы.

1-сұрақ. Орта ғасырда пайда болып, жаңа заманға дейін философия тарихында көрнекті орын алған, еңбектерін араб тілінде жазған, негізінен мұсылман елдерінен шыққан ойшылдар тобының ілімін ғылымда фалсафа деп атау дәстүрі бар. Анығында бұлар ерекше ойлау менталитетіне ие болған фалсафа өкілдері. Философия мұсылман мәдениетінің туындысы. Бұл негізінен, мұсылман елдерінің ойшылдарына тән дүниетаным.

Фалсафаның мазмұны Платон, Аристотель еңбектерін қайта жаңғарту болса, бұл мақсат мұсылман негізінде орындалып, араб тілі арқылы жүзеге асты. Нақ осы кезеңде философ-ойшылдар рухани мәдениет пен мұраның бай даму тәжірбиесін байыптай бастады, философиялық ілімнің алғашқы тұжырымдамалары мен жүйелері, танымның қағидалары мен әдістері пайда болды.

Осы кезеңде математика, астрономия, медицина, химия, география, механика, музыка өнері, логика және т. б. ғылым салалары жедел дами бастады. Орта ғасырладағы ғылым мен мәдениет антика заманының жетістіктерін пайдалана отырып байи түскені мәлім. Шын мәнінде Шығыс және Грецияның мәдени құндылықтарының қайтадан жаңғыруы осы аталған кезеңге тән құбылыс. Грек, ежелгі Үнді, Сирия және дари-парсы тілдерінде жазылған шығармаларды аудару, өткен дәуір ойшылардың еңбектеріне комментарийлер жазу әдеттегі жәйтке айналған болатын. Осы кезеңде Шығыс халықтары, оның ішінде Орта Азия халықтары тарихи аренаға ғылымның әр саласына айтарлықгай қомақты үлес қосқан аса көрнекті ойшылдарды шығарды. Олардың әрқайсысы әлем халықтары мәдениетінің тарихына өшпес із қалдырды. Аталған тарихи кезеңде көптеген әлем халықтары мәдениетінің байланысы мен бірігуінің нәтижесінде аса бай тілді мәдениет және қоғамдық-философиялық ой қалыптасты. ІХ-ХІІ ғасырлардағы ғұлама ойшылдардың терең философиялық және қоғамдық ойлары тұңғыш рет жалпы адамзаттық құндылықтар тұрғысынан зерттелген.

2-сұрақ . Сопылық - өте күрделі философиялық діни феномен. Ол мұсылмандық шығыс халықтарының рухани өмірінде маңызды рөл атқарған көрнекті ағым. Ол ислам дінінен тарады, содан нәр алды, соның жүйесіне сүйенді. Бірақ ислам дініне тараған бағыттарға қарағанда, сопылық көлемі жағынан да, сенім, дүниеге көзқарас, дүниені қабылдау, дүниеге қарым-қатынас сияқты аса маңызды мәселелерді іздестіру тұрғысынан күрделі ағым. Сопылық ағым араб халифатының тарихи-әлеуметтік дамуының жемісі. Ол Омейядтар билік құрған кезеңде халифаттағы дәулеттілер өкіметінің баюына, наразылық ретінде пайда болды. Сонымен бірге, оның қалыптасуына гностицизм, неоплатонизм, манихейлік ықпал етті.

Сопылық - өмірдегі ең жоғарғы мақсаты - адам жанының құдаймен етене бірігуі деп ұғындырды да, жердегі фәни тіршіліктен, қоршаған дүниеден бас тартуға шақырды. Құдайды ғана шын деп ұғады, ал оны қоршаған заттар мен құбылыстарды құдайдың көлеңкесі деп түсіндірді.

3-сұрақ . Ә л-Кинди ( 801-866) орта ғасырлардағы араб философиясының ірі өкілі. Ол өз еңбектерін логика, философия, медицина, математика, геометрия, музыка саласына көп көңіл аударды. Әл-Кинди философиялық проблемаларды шешуде математикаға көп жүгінеді. Оның ойынша, философия ғылым ретінде математикаға сүйенуге тиіс. Себебі, алғашқы субстанциялар, нақтырақ айтқанда, материалдық дүниенің заттары олардың негізін ажырату арқылы танылады. Болмыс пен табиғат туралы ілімі әл-Киндидің философиялық системасының маңызды бөлігі болып табылады. Осы мәселеге байланысты Әл-Кинди «Алғашқы философия туралы», «Бес мән туралы кітап» атты шығармалар жазды.

Әл-Фараби 870 жылы Фарабта дүниеге келген. Оның қайраткерлігі мен шығармашылығының айрықша құндылығы, ол Аристотельден кейінгі «Екінші ұстаз» немесе «Шығыс Аристотелі» деп саналады. Философия тарихында Әл-Фарабидің парасат пен ақыл жайлы еңбегі бәрін тұтас қамтитын рухани дүниенің онтологиялық желісі, ақыл-ой мен болмыс диалектикасы маңызды кезеңдер болды. Біріншісі, ежелгі грек ғалымдарының еңбектеріне комментарий түрінде жазған шығармалары. Екіншісі, орта ғасырлардағы жаратылыстану және қоғамдық-философиялық ойдың өзекті пробле-маларына арнап жазған мен зерттеулері. Ол Аристотель мен Платонның логикалық, этикалық, философиялық еңбектеріне, эвклидтің геометриясына, Александр Афродезийскийдің Жан туралы атты шығармаларына түсінік береді.

Орта ғасырлардағы ұлы ойшылардың бірі Ибн Сина (980-1037) есімі ежелгі дәуірде өмір сүрген атақты дәрігер Гиппократ жөне дана философ Аристотельмен қатар аталады. Ибн Сина медицинаға көп көңіл бөлді және дәрігерлік практиканы жалғастыра жүріп танымал емшілердің қатарында атала бастайды. Ибн Сина "Айығу кітабы", "Білім кітабы" және т. б. еңбектері ғылыми тұрғыдағы құндылығымен ерекшеленеді.

Әл-Бируни ежелгі Хорезмнің астанасы Қият қаласына жақын елді мекенде дүниеге келген "Бируни" сөзі қала маңының тұрғыны деген мағынаны білдіреді. Табиғат, Бирунидың пікірінше, барлық материалдың және табиғи кұбылыстарды қамтиды. Бируни материалдық дүниенің барлық заңдылық процестерін табиғат деп атайды. Бируни өзінің ғылыми ізденістерінде табиғат кұбылыстарын оның өз заңдары арқылы түсіңдіруге тырысады.

Мақмұт Қашғари «Диуани-лұғат-ат-түрік» атты еңбегінде алғаш рет түрік мәдениетінің болмыс категориясын сипаттап берді. Еңбекте дәстүрлі халық санасының сипаты, тарихи және мифологиялық құндылықтар, діни және этникалық терминология тіркелген.

Ал Ахмет Ясауидің «Диуани Хикмет» еңбегінде, сопының өмірі мен қызметі ұрпақ жадында тақуалық пен тәубенің, бай рухани өмір мен имандылық хақында. Еңбекте Аллаға деген сүйіспеншілік баяндайтын, жоғары мәнділіктерге көкейдегі ойдың ашылуы мен жету, сонымен қатар рационалдық танымның қасаңдығын, сезімсіздік түйсіктің жетіспеушілігін де көрсетеді.

Қорыта келгенде, Орта Азияның ортағасырдағы ойшылдары мен ғалымдарының философиялық және жаратылыстанудағы ғылыми көзқарастары Шығыс пен Батыс философиясының ілгері дамуына зор әсерін тигізді.

6-лекция.

Тақырыбы. Қайта өрлеу дәуірінің философиясы.

Қарастыратын сұрақтар:

  1. Қайта өрлеу дәуірінің негізгі сипаттары.
  2. Қайта өрлеу дәуіріндгі ғылым. Н. Коперник, Д. Бруно, Г. Галилей т. б. ілімдері.

1-сұрақ. Философ тарихында ХV-ХVІ ғасырлар қайта өрлеу дәуірі деп аталады. Осы кезеңде Батыс Европа елдерінде өнеркәсіп, сауда-саттық, теңізде жүзу ісі жедел қарқынмен дами бастады. Ғылым салаларының ішінде, әсіресе механика, математика, жаратылыстануға көп көңіл бөлінді. Қөлөнер кәсібінен машина жасау өндірісіне өту басталды. Капиталистік өндірістік қатынастардың одан ары дамуы ХV ғасырдың аяғы мен ХVІ ғасырдың басында ұлы географиялық жаңалықтардың ашылуына себеп болды. Шіркеу тарапынан болған қудалау мен қысымға қарамастан қайта өрлеу дәуірінің аса ірі ойшылдары Н. Коперник, Дж. Бруно, Г. Галилей және т. б. ортағасырларда қалыптасқан жаңсақ пікірлерге қарсы шықты. Қайта өрлеу дәуірі философиялық ой тұрғысында дүниенің жаңа көріністерін көрсетті. Осы философиялық негізде пантеистік ілім қалыптасты. Осы дәуірдің философиялық екінші ерекшелігі антропоцентризм пайда болды. Адам философиялық зерттеудің негізігі объектісі бола отырып, дүние орталығы болып табылды. Енді адам тек жаратылған пенде емес, ол табиғаттың, айналасындағы барды жаратушы, рух беруші болды.

2-сұрақ. Қайта өрлеу дәуірі ойшылдарының аса ірі өкілдерінің бірі Н. Коперник (14473-1543ж. ж. ) болды1543 жылы жарияланған «Аспан денелерінің қозғалысы» атты еңбегінде жердің және басқа да планеталардың күнді айналатындығы туралы гипотезасын жариялады. Н. Коперниктің гелиоцентрлік теориясы ғылымда бұрыннан қалыптасқан көзқарастарды өзгертіп, қайта қарауға мәжбүр етті.

Сол кезеңдегі пантеистік, натурфилософиялық бағыттың негізін Н. Кузанский (1401-1465ж. ж. ) салды. . Ол 1401 жылы шаруа отбасында Германияның Куза деген қалашығында туылған. Негізгі философиялық еңбектері: «Ғылыми білімсіздік туралы», «Құдай туралы», «Ақыл», «Болмыс туралы». Ол философияның негізгі мәселесін идеалистік тұрғыдан шешті. Дүниені де, адамды да құдай жаратты дейді ол. Кузанскийдің пікірі бойынша, әлем қарама-қарсы заттардан тұрады және олар математикадағы теңдеудің екі жағындағы мүшелердің бір-біріне өте алатыны сияқты, бір-біріне ауысып отырады. Ауысқан қарама-қарсылықтардың теңесуі тек құдайға ғана тән. Жалпы алғанда, материалдық денелер құдай жаратқаннан кейін өз заңдылықтары бойынша дамып, өзгеріп отыратын болғандықтан, оларды танып білуге болады.

Адам табиғаты Н. Кузанскийде құдайдың ең жоғары жарықталуы деп көрсетілген. Пенделердің ең жоғарғысы адам, құдайға да ең жақын тұратын адам. Бірақ адам ақыл-ойының, іс-әрекеттерінің арқасында құдаймен қатар тұрады. Осыдан келіп, «адам-дегеніміз оның ақыл-ойы» деп тұжырымдайды. Ақыл-ойды табиғаттың заңдылықтарын білу арқылы үздіксіз толықтырып отыру қажет. Бірақ Н. Кузанский пантеистік пікірді дамыта отырып, жаратушының рөлін жоққа шығарады. Өйткені пантеизм құдайды табиғатпен алмастырады.

Қайта өрлеу дәуірінің көрнекті өкілдерінің бірі Дж. Бруно (1548-1606ж. ж. ) философиялық танымның мақсаты құдайды емес табиғатты танып білу деп есептеді. Сонымен қатар, ол табиғаттың шексіздігін, әлемдегі басқа дүниелердің бар екендігі жайлы идеялар айтты.

Таным теориясында Дж. Бруно адамды табиғаттың ажырамас бөлігі ретінде қарастыра отырып, ол сыртқы дүниені, табиғатты бейнелейді деп есептеді. Дж. Бруно сезім мен ақыл-ойды бір-біріне қарсы қояды. Ақыл-ойды нағыз білімнің көзі дейді. Брунаның пікірінше, табиғаттан тыс ешқандай күш жоқ. . Ол кеңістікте де, уақытта да шексіз, ал қозғалыс оның өмір сүру тәсілі. Табиғат өз заңдылығымен дамиды. Әлем мен құдай бір. Әлем мен құдай бір. Әлем - универсум (әмбебеп бастама), жалғыз ғана мәнділік. Сондықтан сол мәңгі және өзгермейді. Ал әлемге кіретін денелер сансыз көп, олар үздіксіз қозғалыста және өзгерісте болады. Барлық заттар қарапайым бөлшектерден тұрады. Оларды Бруно - монада деп атайды. Монаданың материалдық денелерге ғана емес, психикаға да қатысы бар. Ал психикалық құбылыс барлық заттарға тән болғандықтан әлемде жансыз денелер жоқ. Осыдан келіп Бруно әлемде шексіз сансыз көп тіршілік түрлдері болуы әбден ықтимал деген тұжырым жасайды.

Классикалық механиканың негізі болған эксперименттік-теориялық жаратылыстанудың қалыптасуына көп әсер еткен Г. Галилейдің (1564-1642ж. ж. ) ғылыми-философиялық қызметі Европа-да философиялық ойдың ілгерілеуіне септігін тигізді. Галилей ашқан астрономиялық жаңалықтар атап айтқанда, Н. Коперниктің гелио-центрлік теолриясының ақиқаттылығын дәлелдеді. Г. Галилей таным теориясында екі тәсілді: анализ (талдау) және синтезді (біріктіру) пайдалану қажет деп есептеді.

Г. Галилейдің ойынша, ақиқат білім синтездеу мен анлиздің, сезімдік танымның нәтижесінен шығады. Сондықтан, табиғатты танып білуде адам тек өзінің ақыл-ойына сүйенуге тиіс. Оған дін араласпауы керек. Өйткені, ғылымның объектісі табиғат пен адам. Ал, діннің қарастыратыны дінге бой ұсыну мен тіл алғыштық.

Қайта өрлеу дәуірінде түрлі қияли теориялар мен ілімдер пайда болды. Солардың бірі - утопиялық социализм теориясы. Оның негізін салушы ағылшын қоғам қайраткері, гуманист Томас Морр(1478-1535) және Томаза Компанелло( 1568-1639) . Ол өздерінің «Утопия» және «Күн қала»деген еңбегінде болашақ бақытты қоғамдық құрылыс жайлы баяндап береді. Олар қоғамда жеке пен қанау жоқ, адамдар ынтымақты қауым болып өмір сүреді. Еңбек ету барлық қауым мүшелерінің міндеті, әркім өз еркімен қызмет етеді, білім алады, дене мен ой еңбегі дұрыс ұйымдастырылады, т. с. с.

Қысқасы, қайта өрлеу дәуірі жаңа қоғамдық идеялар тудырды. Бұл дәуірде болған экономикалық, әлеуметтік өзгерістер мен ғылыми жаңалықтар адамдардың дүниеге көзқарасын, олардың дүниедегі алатын орны жайлы түсініктерін өзгертіп, бұдан кейінгі ғылым мен философияның дамуына ықпал етті.

7-лекция.

Тақырыбы. Жаңа дәуір философиясы.

Қарастыратын сұрақтар:

  1. Жаңа дәуір филсофиясындағы рационалистік және эмпиристік бағыт талаптары.
  2. Ф. Бэкон, Р. Декарт, Д. Локк, Т. Гоббстің философиялары.
  3. Субстанция мәселесі және Б. Спинозаның пантеизмі.
  4. Д. Беркли және Д. Юмның субъективтік философиясы.
  5. ХУІІІ ғасырдағы француз материализмі.

1-сұрақ . XVII - XIII ғасырларда Батыс Европа елдерінде өндірістік тәсіл мен құралдар жедел қарқынмен дами бастады. Өндірістік тәсіл мен құралдардың жедел қарқынмен дамуына байланысты, қалыптаса бастаған қоғамның жаңа талап, сұраныстарын қамтамасыз етуге ескі схоластикалық ілім мен діни көзқарастар кедергі болды. Жаңа дәуір философиясы белгілі бір әлеуметтік - экономикалық, саяси -қоғамдық көзқарастардың жемісі болатын. Өйткені, Батыс Европада капиталистік қүрылыстың пайда болуы орта ғасырлық діни идеологияға қарсы күресті үдете түсті. Тауарлы - ақшалы шаруашылықтың дамуы орта ғасырлардағы тұйық қоғамның жемісі болған барлық әлеуметтік, саяси - идеологиялық қатынастарды талқандауға экеліп соқты. Жаңа заман, яғни капитализм дәуірі құлдық пен феодалдық - өндірістік қатынастардың формаларын түбірінен жаңғыртып, қайтадан заттық - тауарлық қатынастарды қалпына келтірді. Адам ендігі жерде сатып алатын, сатылатын тауарларға бағынышты болды. Оны өлтіруге, сатуға жэне сатып алуға болмайды. Бірақ, адамның жұмысшы күші сатылады, өйткені, ол қосымша құн тудырады. Бүкіл байлық - капитал осы процесс арқылы дүниеге келеді. Жаңа философияның қалыптасуымен қатар жаңа заманға жаңа ғылыми жаңалықтар, жаңаша дүниетанымдық көзқарастар керек еді. Осы себептен ғылымның пайдалы деп танылған жаңа салалары тез дами бастады. Гидростатика, механика, геометрия тағы басқа ғылымдар саласында қол жеткен табиғаттану, философия ғылымдарына үлкен әсер етіп, философияда механистік қөзқарасты жэне метофизикалық ойлау тәсілі қалыптастырды. Тіпті қоғамдық өмірді де, адам табиғатын механика тұрғысынан қарастыру әдетке айналды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ортағасырлық философия туралы
Ортағасырлық философияның ерекшелігі
Ортағасыр мұсылман философиясы
Ислам философиясының батысқа әсері
Ортағасыр философиясы
Ортағасырлық философиясы (батыс Европа елдерінде)
Орта ғасырлық мұсылмандық діни ағымдардың адамның рухани құндылықтары мен моральдық санасына ықпалы
Христиан, араб-мұсылман мәдениеті
Араб - мұсылман дәстүрлі мәдениеті
Ортағасырлық Батыс Европалық филосоифясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz