Ортақ меншік түрлері мен ұғымы



Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 3
Ортақ меншік түрлері мен ұғымы ... ... ... ... ... ... ... .. ...5
Ортақ меншік түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
Ортақ үлестік меншік ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 11
Ортақ бірлескен меншік ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...17
Ортақ меншік құқығын тоқтату ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
Қортынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 22
Пайдаланылған әдибеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... .27

Кіріспе
Ортақ меншік құқығында бірнеше меншік иесі болуы мүмкін, ортақ меншік
екі немесе бірнеше адамның меншігіне мүлік түскен кезде пайда болады. Ортақ
меншіктің субьектілері жеке және заңды тұлғалар, оның ішінде шетел
азаматтары, сондай ақ Қазақстан Республикасы мен оның әкімшілік–аумақтық
бірлігі бола алады. Ортақ меншік құқығы дегеніміз бірнеше тұлғалардын
мүлікті бір обьект ретінде иеленіп, пайдалану мен билік етуін
бекітетін,реттейтін және қорғайтын құқық нормаларының жиынтығы.Бірлескен
меншік иелерінің арасындағы бір біріне деген қарым-қатынасының сипаты
меншік түрінің сипатымен ерекшеленеді. АК-тің 230 –бабына сәйкес жай
серіптестік қызметінің негізі ақшалай немесе өзгеде мүліктік жарналар,
сондай-ақ олардың бірлескен қызметі нәтижесінде жасалған немесе сатып алған
мүлік олардың ортақ үлесті меншігі болып табылады. Мүлікке ортақ меншік
үлестік меншік болып табылады, бұған мүлікке ортақ меншік құру заңда
көзделген реттер қосылмайды. Ортақ бірлескен меншік: 1) ерлі-зайыптылардың
ортақ меншігі; 2) шаруа (фермер) қожалығының ортақ меншігі; 3)
жекешелендірген тұрғын үйге ортақ меншік түрінде болады. Заң құжаттарында
ортақ бірлескен меншіктің басқада түрлері көзделуі мүмкін
Тәжірибеде мүлікті қатысушылар арасында бөлуде немесе олардың біреуіне
немесе бірнешеуіне заттай беруде қиындықтар кездеседі. Біз бұл арада тағыда
Ресейдің сот тәжірибесіне тоқтала кетпекшіміз. Олардың шешімдері мынадай:
бөлінетін меншік иесінің талабы бойынша қалған қатысушылар оған сұрағанын
ақшалай береді, содан кейін әлгі меншік иесі ортақ мүліктегі үлес
құқығынан айырады. Кейбір жағдайларда ғана меншік иесінің үлесі айтарлықтай
болмаса әрі оны іс жүзінде бөлу мүмкіндігі жоқ болса, сот осы меншік
иесінің келісімін бермегеннің өзінде қалған қатысушыларға оған өтем төлеуді
міндеттей алады. Ресейдің сот тәжірибесінде мұндай залалға мүліктің мақсаты
пайдаланбауы, оның техникалық жағдайын нашарлатып жіберуі немесе
материалдық не көркем шығармашылық құндылығын төмендетіп жіберу.
Ортақ меншік түрлері мен ұғымы. Бір затқа меншік құқығы бірнеше
меншік иесіне қатысты болуы мүмкін, ал мұндай жағдайда ортақ меншік
қатынасы пайда болады. Мұндай жағдайда меншік құқығы бірнеше меншік
иелеріне бөлінеді. Ортақ меншік екі немесе бірнеше адамның меншігіне мүлік
түскен кезде пайда болады, оны өзі мақсаты өзгертілмейінше бөлуге болмайды
( бөлінбейтін заттар), өйткені, ол заңға сәйкес бөлінуге жатпайды. Мысалы,
шаруа (фермер) қожалығының мүшелерінің бірі одан шыққан кезде,
шаруашылықтын өндіріс құрал-жыбдықтары бөлінуге жатпайды (АК-тің 225-бабы
,2-тармағы).
Бөлінетін мүлікке ортақ меншікзан құжаттарында немесе шартта
көзделген реттерде пайда болады ( АК-тің 209-бабы ,4-тармағы ).
Мұндай жағдайда жекелеген заттардан құралған не жинақталған
заттардыжатқызуға болады (мысалы , оған кітапхана, сурет галереясы, және
т.б. жатады). Айталық кітапханадағы кітаптың кейбіреуі бір адамға , басқаға
өзге адамдарға тиесілі болуы мүмкін, мұның өзі шартен немесе заң
құжаттарымен айқындалады.
Ортақ меншік құқық қатынастары бірқатар заңдық ерекшеліктерге ие
болады. Меншіктің құық қатынасында ортақ меншік құқығы субьектілерінің бір
біріне деген өз ара қарым-қатынасы туындайды, яғни ортақ меншіктің басқа
иелері мен үшінші тұлға арасында құқықтық қатынас пайда болады.
Сондықтан да ортақ меншік жалпы меншік қатынастары арасындағы қатынас
емес, салыстырмалы құқықтық қатынас болып табылады, яғни бұл жерде олардын
қатынастары нақтылы және де құқықтық қатынасқа қатысушыларының аясы
белгіленген. Мысалы, оған бір мүліктің бәріне ортақ болуы дәлел, демке
әрбір қатысушы бірдей мөлшерде немесе үлесіне қарай ие болуы мүмкін. Бұл
жерде біріне бірі қарсы тұрған жақтар жоқ, қатысушыларды несие беруші не
борышқор деп те айта алмайсын, ал олардың арасындағы келісім тек ортақ
мақсатқа бағытталған. Мәселен, мұрагерлік мүлікке бірнеше адам ие.
Бірлескен меншік иелерінің арасындағы бір біріне деген қарым-
қатынасының сипаты меншік түрінің сипатымен ерекшеленеді. Оның өзі меншік
құқығының құрылымына сәйкес болуы мүмкін. Былайша айтқанда, бір затты
иеленетін меншік иелері меншік құқығының әртүрлі субьектілері бола алады
.Сондықтанда мемлекет, бір немесе бірнеше жеке тұлғалар сол мүліктің ортақ
меншігіне қатысушылар ролі атқаратын жағдай аз кездеспейді.
Ортақ меншіктің субьектілері жеке және заңды тұлғалар, оның ішінде
шетел азаматтары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен оның
әкімшілік–аумақтық бірлігі бола алады. Ортақ меншік құқығы әртүрлі заңдық
фактілер, атап айтқанда шарттар, келісімдер, заңда көзделген өзге де реттер
негізінде де жүзеге асады (Жеке кәсіпкерлік туралы Заңның 3-бабы,3-
тармағы). Ортақ меншік ерлі-зайыпты адамдардың сатып алған ортақ мүлкінен
де туындайды.
АК-тің 230– бабына сәйкес жай серіптестік қызметінің негізі ақшалай
немесе өзгеде мүліктік жарналар, сондай-ақ олардың бірлескен қызметі
нәтижесінде жасалған немесе сатып алған мүлік олардың ортақ үлесті меншігі
болып табылады .
Ортақ меншік құқығы дегеніміз бірнеше тұлғалардың мүлікті бір обьект
ретінде иеленіп, пайдалану мен билік етуін бекітетін, реттейтін және
қорғайтын құқық нормаларының жиынтығы.
Ортақ меншік құқығын субьективті мағынада екі немесе одан да көп
тұлғалардың өздерінің қалауы бойынша қарамағындағы ортақ мүлікті
белгіленген тәртіп пен заң шегінде иелену, пайдалану және билік ету
мүмкіндігін заңмен немесе ортақ меншіктің басқа иелері өзара жасалған
шартарымен қамтамасыз ету деп түсіну керек.
Ортақ меншік құқығы инстутының маңызы мен мағынасы ең алдымен бірнеше
тұлғалардың өздерінің тұтыну қажеттілігін қанағаттандыру үшін белгілі бір
обьектіні жария түрде құрып, немесе иеленіп, бірлесіп пайдалануынан
көрінеді. Ортақ меншік шаруашылық жүргізу тәрбиесінде, сондай-ақ өмірде
мүлікті мейлінше тиімді пайдалануына жәрдемдеседі.
Ортақ меншіктің түрлері. Ортақ меншік бірлескен (үлес белгіленбеген )
және үлестік меншік болады (АК-тің 209-бабы , 2-тармағы ).
Азаматтық кодекс бойынша әрбір меншік иесіне ортақ меншіктің үлесі
тиесілі. Мұндай үлес тең және тен емес дәрежеде бөлінеді. Бірақта үлестің
көлемі мүлікті иелену ,пайдалану және билік етуге байланысты мәселердің
шешіміне әсер етпейді. Сондықтан да олар ортақ келісім негізінде бірлесіп
шешіледі.
Мүлікке ортақ меншік үлестік меншік болып табылады, бұған мүлікке
ортақ меншік құру заңда көзделген реттер қосылмайды. Ортақ бірлескен
меншік:1) ерлі-зайыптылардың ортақ меншігі; 2) шаруа (фермер) қожалығының
ортақ меншігі; 3) жекешелендірген тұрғын үйге ортақ меншік түрінде болады.
Заң құжаттарында ортақ бірлескен меншіктің басқа да түрлері көзделуі мүмкін
(АК –тің 219-бабының 1-тармағы ).
Басқа жағдайлардың бәрінде үлестік меншік түрінде көрінеді.
Бірлескен ортақ меншікте оған қатысушылардың үлесі болады, бірақ
олардың жалпы мүліктегі көлемі алдын–ала айқындалмауына байланысты оны да
тең деп есептейді .
Мұндай тәртіп ерлі-зайыптылардың некеде тұрған кезінде бірлесіп тапқан
мүліктеріне де қатысты (неке және отбасы туралы заңның 32-бабы ). Сонымен
бірге неке және отбасы туралы заңы некеде тұрған кездерінде бірлесіп
тапқан дүние мүліктерін жұбайлардың келісімі арқылы бөлу мүмкіндігін де
жоққа шығармайды. Демек,неке шартында олар мүлікті бірлесіп немесе жекелей
пайдалануына болады (неке және отбасы туралы заңның 40-бабы ).
Келісімге келе алмаған жағдайда әрбір меншік иесі сотқа жүгінуіне
құқылы.
Ортақ үлестік меншік. Меншіктің үлестік түрі деп мүлік обьектісін
қатысушылар арасында нақты үлеске бөлуді айтады.
Үлестік меншіктің ерекшелігі оның пайда болу кезінде ортақ мүліктегі
меншік иелерінің үлесі болатындығымен айқындалады. Бөлудің мұндай сипаты
меншік иелерінің келісімдері және заң құжаттарымен тағайындалады. Осы
келісім арқылы қатысушылардың үлесі мөлшері айқындалып, өзгеріске ұшырайды,
мұның өзі олардың ортаға салған үлестеріне байланысты болады. Егер
қатысушылардың үлес көлемі келісім шартта немесе заң құжаттарында
көрсетілмесе, онда олардың үлестері тең дәрежеде бөлінеді.
Заңда меншік иелерінің бірінің күшімен мүлікті жақсартумәселесі
айқындалған. Мүліктегі үлес көлемін айқындауда ортақ мүлікті пайдалану
тәртібін сақтай отырып, оны жақсартуды өз есебінен жүзеге асырған үлесті
меншікке қатысушының ортақ мүліктегі өз үлесін ұлғайтуға құқығы бар.
Ортақ мүлікті бөліп алып жақсарту, егер үлесті меншікке
қатысушылардың келісімінде өзгеше көзделмесе, оны жасаған қатысушының
меншігіне түседі (АК –тің 211- бабы).
Ортақ мүлікті иелену, пайдалану және билік ету барлық қатысушылардың
келісімімен жүзеге асырылады (АК –тің 212-213-баптары).
Үлесті меншіктегі мүлікті иелену және пайдалану оның барлық
қатысушыларының келісуімен, ал келісімге келмеген жағдайда – сот
белгілейтін тәртіппен жүзеге асырылады (АК – тің 213 – бабының 1- тармағы)
Ортақ меншік құқығын жүзеге асыру кезінде иелену , пайдалану және
билік ету салдарына мән беру керек. Егер меншік иелері ортақ мүлікті иелену
және пайдалану жөнінде ортақ бір пікірге келе алмаса, онда сотқа жүгіне
алады. Егер көзқарас қайшылығын сот шешпейтін болса, оны тараптардың өздері
шешеді.
Ортақ үлестік меншікке қатысушылардың әрқайсысы ортақ мүліктен өзінің
үлесін заттай күйінде бөліп беруге талап етуге құқылы. Егер үлесті заттай
бөліп беруге заң құжаттарында жол берілмесе немесе ол ортақ меншіктегі
мүлікке шамадан тыс залал келтіруіне байланысты мүмкін болмаса, бөлініп
шығушы меншік иесі үлесті меншіктің басқа қатысушыларынан өз үлесінің құнын
төлетіп алуға құқылы (АК-тің 218-бабының 3- тармағы). Ресейдің сот
тәжірибесінде мұндай залалға мүліктің мақсаты пайдаланбауы , оның
техникалық жағдайын нашарлатып жіберуі немесе материалдық не көркем
шығармашылық құндылығын төмендетіп жіберу (мысалы , суреттер, мәнет,
кітапхана, т.б.) тәрізді жағдайлар жатады.
Тәжірибеде мүлікті қатысушылар арасында бөлуде немесе олардың біреуіне
немесе бірнешеуіне заттай беруде қиындықтар кездеседі. Біз бұл арада тағыда
Ресейдің сот тәжірибесіне тоқтала кетпекшіміз. Олардың шешімдері мынадай:
бөлінетін меншік иесінің талабы бойынша қалған қатысушылар оған сұрағанын
ақшалай береді, содан кейін әлгі меншік иесі ортақ мүліктегі үлес
құқығынан айырады. Кейбір жағдайларда ғана меншік иесінің үлесі айтарлықтай
болмаса әрі оны іс жүзінде бөлу мүмкіндігі жоқ болса, сот осы меншік
иесінің келісімін бермегеннің өзінде қалған қатысушыларға оған өтем төлеуді
міндеттей алады.
Сот таласқа түскен мәселеге жан-жақты зерттеу жасап, тараптардың
ұсынған дәлелдемелерімен санасады, мәселен, мүлікті пайдалану кімге қандай
қажет, оны денсаулығы, кәсіби қызметі қандай, неше баласы бар, отбасында
жұмысқа қабілеттілер бар ма, жоқ па, бәрі-бәрі есепке алынады.
Мұндай ережені бөлінбейтін заттарға да қолдануға болады ( мысалы,
автомашина, музикалық құралдар т.б.).
Ауылдағы шаруа қожалығына (фермерге) оны қолданбайды. Кейбір жекелеген
жағдайларда, сот нақты жағдайды ескере отырып, үлес меншігіне
қатысушылардың ішінен біреуіне ғана бөлінбейтін затты беру мүмкін. Бұл
орайда қалған қатысушылардың үлес көлемдеріне мән берілмейді.
Үлес меншігіндегі мүліктердің бөлудің мүмкін еместігі және де
Азаматтық кодекстің 218-бабы 4-тармағында көрсетілген жағдайларға қарап,
қатысушы бұл мүлікті пайдалану құқығынан айырады деуге болмайды. Мұндай
жағдайда мүлікті пайдаланудың қалыптасқан нақты тәртібі ескеріледі, әрі
бұл ортақ меншік құқығындағы үлеске сай келмеуі мүмкін.
Шарттың немесе сот шешімі негізінде қозғалмайтын мүліктің бір бөлігін
тұлғаның қалай иеленетіндігі белгіленеді.Әңгіме бұл жерде оның заңды үлесі
мен құқықтары туралы болып отыр. Мұндай жағдайда жалпы меншікті бөлуге
болмайды (мысалы, қозғалмайтын мүліктің бір бөлігі бөлінеді, одан қалған
қатысушылардың үлесі өзгермейді, олар мүліктің қалған бөлігін иелену мен
пайдалану тәртібін айқындауға құқылы, бұл орайда олардың үлестері
сәйкестіріле белгіленеді).
Азаматтық кодекстің 214-бабына сәйкес үлесті меншіктегі мүлікті
пайдаланудан алатын жемістер, өнімдер мен табыстар ортақ мүліктің құрамына
келіп түседі. Үлесті меншіктің қатысушылар арасында жемістің, өніммен
табыстың одан кеиінгі бөліну, өзгеше көзделмесе, олардың үлестеріне сәйкес
жүргізіледі.
Үлесті меншіктегі мүліктердің мазмұны бойынша шығынды қатысушылардың
бәрі сәйкестендіріле теңдей көтереді. Дәл осындай тәртіппен меншік иелері
салық, басқада төлемдер төлеуге қатысады, сондай –ақ ортақ мүлікті күтіп
ұстау мен сақтауға байланысты шығындарға қатысуға міндетті (АК –тің 215 –
бабы). Аталған норма орындалуға міндетті және де ол тараптардың келісімімен
өзгертіледі. Бірақ бұл норма қатысушының бірінің ортақ мүлікке кеткен
шығынды төлеуіне кедергі жасамайды.
Жоғарыда айтып өткеніміздей, өкілетті билікті жүзеге асырудың өзімдік
еркшеліктері болады. Заң үлестік меншіктің әрбір қатысушысы өзіне тиісті
үлесті өзінің қалауы боиынша сатуға, сыйға беруге, мұрагерлікке қалдыруға,
өз үлесіне билік ететіндігін қарастырған. Немесе Азаматтық кодекстің 216-
бабында айтарлықтай сатып алудың артықшылық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Меншік және меншік құқығы
Азаматтардың меншік құқығы
Азаматтық құқық пәнінен лекция тезистері
«Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы»
Азаматтық құқық - дәрістер жинағы
Меншік және меншік құқығы туралы ұғымдар
ҚР азаматтық құқығы пәнінің лекция тезисі (жалпы бөлім)
Ортақ меншік ұғымы туралы
Ортақ меншіктің түрлері
Ортақ меншік ұғымы мен түрлері
Пәндер