Екінші деңгейлі банктердің пайыздық тәуекелін басқару


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 74 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ. И. Сәтбаев атындағы қазақ ұлттық техникалық университеті

Экономика және бизнес институты

Қаржы және есеп кафедрасы

Аманқосова Динара Ермұханқызы

Екінші деңгейлі банктердің пайыздық тәуекелін басқару

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В050900 - Қаржы

Алматы 2015

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ. И. Сәтбаев атындағы қазақ ұлттық техникалық университеті

Экономика және бизнес институты

Қаржы және есеп кафедрасы

ҚОРҒАУҒА ЖІБЕРІЛДІ

Кафедра меңгерушісі

экон. ғыл. канд., доцент

С. К. Барышева

«___»2015 ж.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы «Екінші деңгейлі банктердің пайыздық тәуекелін басқару»

5В050900 - Қаржы

Орындаған Аманқосова Д. Е.

Пікір беруші Ғылыми жетекші

экон. ғыл. канд., доцент PhD докторы

Калдыбаев А. К. Кансеитова А. К.

«___»2015 ж. «___» 2015 ж.

Алматы 2015

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ. И. Сәтбаев атындағы қазақ ұлттық техникалық университеті

Экономика және бизнес институты

Қаржы және есеп кафедрасы

5В050900 - Қаржы

БЕКІТЕМІН

Кафедра меңгерушісі

экон. ғыл. канд., доцент

С. К. Барышева

«___»2015 ж.

Дипломдық жұмысты даярлауға

ТАПСЫРМА

Білім алушы Аманқосова Динара Ермұханқызы

Тақырыбы Екінші деңгейлі банктердің пайыздық тәуекелін басқару

Университет ректорының "31" желтоқсан 2014ж . №635-П бұйрығымен бекітілген.

Аяқталған жұмысты тапсыру мерзімі «15» сәуір 2015 ж .

Дипломдық жұмыстың бастапқы берілістері

  1. ҚР ҰБ жылдық есеп берулері;
  2. Акционерлік Қоғам “БТА банктің” 2013-2014 жж. есеп беру қорытындылары;
  3. Дипломалды практика мәліметтері.

Дипломдық жұмыста қарастырылатын мәселелер тізімі

а) Банктік тәуекелдердің экономикалық мәні мен оларды басқарудың теориялық негіздері

ә) ҚР екінші деңгейдегі банктің пайыздық тәуекелін басқару процесіне талдау жасау ("БТА банк" АҚ мысалында)

б) Екінші деңгейдегі банктің пайыздық тәуекелін басқаруды жетілдіру жолдары

Сызбалық материалдар тізімі (міндетті сызбалар дәл көрсетілуі тиіс)

сызбалық материалдар 15 слайдпен көрсетілген

Ұсынылатын негізгі әдебиет 28 атау

(жалғасы)

Дипломдық жұмысты дайындау

КЕСТЕСІ

Бөлім атауы, қарастырылатын мәселелер тізімі
Ғылыми жетекші мен кеңесшілерге көрсету мерзімдері
Ескерту
Бөлім атауы, қарастырылатын мәселелер тізімі: 1 Банктік тәуекелдердің экономикалық мәні мен оларды басқарудың теориялық негіздері
Ғылыми жетекші мен кеңесшілерге көрсету мерзімдері: 25. 01. 15ж.
Ескерту:
Бөлім атауы, қарастырылатын мәселелер тізімі: 2 ҚР екінші деңгейдегі банктің пайыздық тәуекелін басқару процесіне талдау жасау ("БТА банк" АҚ мысалында)
Ғылыми жетекші мен кеңесшілерге көрсету мерзімдері: 24. 02. 15ж.
Ескерту:
Бөлім атауы, қарастырылатын мәселелер тізімі: 3 Екінші деңгейдегі банктің пайыздық тәуекелін басқаруды жетілдіру жолдары
Ғылыми жетекші мен кеңесшілерге көрсету мерзімдері: 15. 04. 15ж.
Ескерту:

Дипломдық жұмыс бөлімдерінің кеңесшілері мен норма

Бақылаушының аяқталған жұмысқа қойған

қолтаңбалары

Бөлімдер атауы
Кеңесшілер, аты, әкесінің аты, тегі (ғылыми дәрежесі, атағы)

Қол

қойылған күні

Қолы
Бөлімдер атауы: 1 Банктік тәуекелдердің экономикалық мәні мен оларды басқарудың теориялық негіздері
Кеңесшілер, аты, әкесінің аты, тегі (ғылыми дәрежесі, атағы):

Кансеитова А. К.,

PhD докторы

Қолқойылған күні: 25. 01. 15ж.
Қолы:
Бөлімдер атауы: 2 ҚР екінші деңгейдегі банктің пайыздық тәуекелін басқару процесіне талдау жасау ("БТА банк" АҚ мысалында)
Кеңесшілер, аты, әкесінің аты, тегі (ғылыми дәрежесі, атағы):

Кансеитова А. К.,

PhD докторы

Қолқойылған күні: 24. 02. 15ж.
Қолы:
Бөлімдер атауы: 3 Екінші деңгейдегі банктің пайыздық тәуекелін басқаруды жетілдіру жолдары
Кеңесшілер, аты, әкесінің аты, тегі (ғылыми дәрежесі, атағы):

Кансеитова А. К.,

PhD докторы

Қолқойылған күні: 15. 04. 15ж.
Қолы:
Бөлімдер атауы: Норма бақылау
Кеңесшілер, аты, әкесінің аты, тегі (ғылыми дәрежесі, атағы):

Бектемирова Н. Т.,

аға оқытушы

Қолқойылған күні: 17. 04. 15ж.
Қолы:

Ғылыми жетекшісі Кансеитова А. К.

Тапсырманы орындауға алған білім алушы Аманқосова Д. Е.

Күні «___» 2015 ж.

АҢДАТПА

Бұл дипломдық жұмыста банктердің пайыздық тәуекелдерін басқарудың теориялық негіздері қарастырылып, "БТА банк" АҚ банкі мысалында пайыздық тәуекелдер талданып, оларды басқару, төмендету шаралары ұсынылған.

Дипломдық жұмыстың бірінші бөлімінде жалпы банктік тәуекелдердің мазмұны мен мәні ашылып, пайыздық тәуекелдерді басқару әдістерімен қатар несиелік қоржын тәуекелін басқару қарастырылған.

Екінші бөлімде "БТА банк" АҚ банкі мысалында пайыздық тәуекеліне талдау жасалды, қарыз алушының несиелік қабілетін анықтау әдістемесі талданды.

Дипломдық жұмыстың үшінші бөлімінде банктердің пайыздық тәуекелдерін басқару әдістерін жетілдіру жолдары, несиелік қабілетті және тәуекелді бағалаудағы шетел тәжірибесі берілді.

Дипломдық жұмыс кіріспе, үш бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

АННОТАЦИЯ

В данной дипломной работе рассматриваются управления банковскими процентными рисками, также способы и пути снижения этих рисков.

В первой главе дипломной работы раскрывая содержание и суть банковских рисков, даются их классификация. Также определяются способы снижения процентных рисков, в том числе способы управления кредитным портфелем.

Во второй главе данной работы анализируются кредитные риски АО "БТА банк", в том числе финансово-экономические показатели, определяются кредитоспособность клиентов.

В третьей главе дипломной работы предлагаются пути повышения методов уравления процентных рисков, а также зарубежный опыт управления ими.

Дипломная работа состоит из введения, трех глав, вывода и списка использованной литературы.

the SUMMARY

In given degree work are considered management bank procent risk, also ways and way of the reduction these risk.

In the first chapter of the degree work revealling contents and essence bank risk, are given their categorization. Are they flso defined ways of the reduction procent risk, including ways of credit briefcase management.

In the second chapter given work are analysed procent risks JC "BTA" bank, including financial-economic factors, are defined solvency client.

In the third chapter of the degree work are offered way of increasing of the management procent risk, as well as foreign experience of management them.

Degree work consists of introduction, three chapters, conclusion and list of the used literature.

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 9

1 Банктік тәуекелдердің экономикалық мәні мен оларды басқарудың теориялық негіздері . . . 11

1. 1 Банктік тәуекелдердің мәні және жіктелуі . . . 11

1. 2 Банктік тәуекелдердің пайда болу көздері мен себептері . . . 17

1. 3 Екінші деңгейдегі банктің пайыздық тәуекелін басқару . . . 20

2 ҚР екінші деңгейдегі банктің пайыздық тәуекелін басқару процесіне талдау жасау . . . 29

2. 1 «БТА банк» АҚ-ның қызметінің сипаты . . . 29

2. 2 «БТА Банк» Акционерлік қоғамындағы тәуекелдерді басқару процесін талдау . . . 34

2. 3 Екінші деңгейдегі банктерде тәуекелді есептеу және бағалау әдістері . . . 40

3 Екінші деңгейдегі банктің пайыздық тәуекелін басқаруды жетілдіру жолдары

3. 1 Банктік тәуекелдерді басқарудың шетелдік тәжірибесі . . . 46

3. 2 Екінші деңгейдегі банктің пайыздық саясатын жетілдіру бағыттары . . . 64

Қорытынды . . . 70

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 72

КІРІСПЕ

Тәуекел адам іс-әрекетінің кез-келген саласында көрініс табатын объективті оқиға болып табылады. Ол кәсіпкерліктің барлық саласында кездесетін көп аспектілі категория. Өзінің табиғаты бойынша тәуекел жағымсыз оқиғаның болуымен сипатталады. Яғни, тәуекелге ұшырау барысында кәсіпорын экономикалық немесе басқа да шығындарды шегеді.

Тақырыптың өзектілігі . Кез-келген кәсіпкерлік іс тәуекелмен байланысты, әсіресе банктер үшін тәуекелді басқарудың маңызы жоғары болып келеді. Өйткені банктер нарықтағы конъюнктуралық өзгерістерді бірден қабылдайтын сегмент.

Бүгінгі таңда банктер операциялардың көптеген жаңа түрлерін атқаруда. Ол операциялардың әрқайсысы белгілі бір деңгейде тәуекелмен байланысты болып келеді. Осы шешімдерді өз мойнына алу банк ісінің негізі болып табылады. Тәуекелдер міндетті түрде реттелуі керек және банктің қаржылық мүмкіндігінің шегінде орналасуы керек. Осы мақсаттарға жету үшін банктер тарапынан тәуекелдерді басқарудың саясаты қалыптастырылады.

Нарықтық жағдайда банктік тәуекелдер жоғары деңгейде болады. Сондықтан банктер қосымша капиталды қажет етеді. Банктік қызметтер тәуекелсіз жүруі мүмкін емес, өйткені банктің кез-келген операциясы тәуекелмен байланысты болып келеді. Банк ісінің тарихында тәуекелдерді дұрыс басқармауына байланысты көптеген банктердің банкроттыққа ұшырағанына көз жеткізуге болады.

Диплом жұмысының мақсаты. Банктік тәуекелдердің теориясына талдау жасай отырып, олардың түрлерін, пайыздық тәуекелдің әдістері мен тәсілдерін, сол сияқты олардың Қазақстанның банктік жүйесінде қолданылу мен басқарылуының теориялық аспектілерін анықтау, коммерциялық банктер үшін пайыздық тәуекелді басқарудың жетілдіру жолдарын анықтау болып табылады.

Диплом жұмысының негізгі мақсаты - банктік тәуекелдер аясында банктік менеджменттің ең тиімді құралдары мен әдістерін ұсыну болып табылады және осы мақсаттың жүзеге асуына байланысты тәуекелдердің пайда болу факторларын анықтау, Қазақстанның бүгінгі экономикалық жағдайында пайыздық тәуекелдерді басқару әдісін анықтау, шетелдегі банктердің тәуекелдерді басқаруына талдау жасау.

Бұл мақсатқа жету үшін келесідей міндеттерді қарастырып өттім:

- пайыздық тәуекелдердің табиғаты мен пайда болу алғышарттарын, олардың теориялық негізін және басқарудың негізгі жолдарын зерттеу;

- пайыздық тәуекелдерді басқарудың негізгі әдістерін анықтап, Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктеріндегі олардың қолданылуына талдау жасау;

- Қазақстанның екінші деңгейлі банктерінің іс-әрекетінде кездесетін тәуекелдердің түрлерін анықтап, оларға талдау жасау және оларды бағалау мен басқару әдістерін анықтау.

Диплом жұмысының объектісі . Статистикалық және ақпараттық база ретінде Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің активтердің жіктелуі туралы ережесі, "БТА Банк" АҚ-ның жылдық есеп деректері, нормативтік құжаттары, әртүрлі ережелері, банктің жекелеген клиенттерінің мәліметтері пайдаланылды.

Ғылыми жаңалығы:

- банктің несиелеу тәртібіне талдау жасалды;

- банктің пайыздық тәуекелінің мәні мен құрылымына теориялық жағынан түсініктер берілді;

- банктің пайыздық тәуекелін бағалауға теориялық және тәжірибелік материалдар негізінде талдау жүргізілді.

Диплом жұмысының құрылымы : кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Банктік тәуекелдердің экономикалық мәні мен оларды басқарудың теориялық негіздері

1. 1 Банктік тәуекелдердің жіктелуі

Банк өзінің іс-әрекеттері нәтижесінде тәуекелдердің сан алуан түріне ұрынады. Ондай тәуекелдер пайда болу уақтысына, пайда болу жеріне, ішкі, сыртқы факторларға және тағы басқа көптеген критерийлерге байланысты жіктеледі. Тәуекелдің барлық түрлері өзара байланысты болып табылады. Сондықтан тәуекелдің бір түрінің өзгеруі басқа да тәуекел түрлерінің өзгеруіне себеп болады. Осы себептерге байланысты банк үшін әр тәуекелдің түрін талдау, оның басқа тәуекелдің түрлерімен байланысын анықтау қиынға соғады.

Осылайша банктік тәуекелдердің түрлерін жіктеу мақсатында тәуекелдерді мына элементтер бойынша топтаймыз:

  1. коммерциялық банктің түрі мен мамандану саласы;
  2. банктік тәуекелдің пайда болу немесе ықпал ету аясы;
  3. банк клиенттерінің құрамы;
  4. тәуекелділікті есептеу әдістері;
  5. банктік тәуекелдің деңгейі;
  6. тәуекелді уақыт тұрғысынан үлестіру;
  7. тәуекелді есепке алу сипаты;
  8. банктік тәуекелді басқару мүмкіндігі.

Коммерциялық банктердің түрлері немесе мамандану саласы. Қазіргі кезде коммерциялық банктердің мамандану саласына байланысты үш түрін көрсетуге болады: маманданған, салалық және әмбебап.

Маманданған банктердің қызметі белгілі бір қызметті көрсетумен байланысты болып табылады. Банк ісінде қызмет көрсету саласына тән тәуекелдердің түрі жиі кездеседі.

Мысалы, инновациялық банктер жаңа технологияларды несиелендірумен байланысты тәуекелдерге жиі кезігеді. Ал, әмбебап банктерде тәуекелдің барлық түрлері жиі кездесуі мүмкін [1] .

Банктік тәуекелдердің пайда болу немесе ықпал ету аясы.

Банктік тәуекелдердің пайда болу немесе ықпал ету аясына сәйкес ішкі және сыртқы деп екіге бөлінеді. Сыртқы тәуекелге банктің немесе клиенттің іс-әрекеттеріне тәуелді емес тәуекел жатады. Сыртқы тәуекелдің деңгейіне көп факторлар әсер етеді. Олар: саяси, экономикалық, демографиялық, әлеуметтік, географиялық және тағы басқалары. Ішкі тәуекелге банктің және оның клиенттерінің іс-әрекеттерімен байланысты пайда болатын тәуекелдерді жатқызуға болады.

Ішкі тәуекелдерге мыналар жатады: банк басқармасы іс-әрекетінің белсенділігі, тиімді маркетингтік саясатты таңдауы және тағы басқа факторлар. Сыртқы тәуекелге мемлекеттік тәуекел, валюталық тәуекел, табиғи апаттар тәуекелі жатады, ал ішкі тәуекелдерге банк клиентінің құрамы, банктік операциялардың сипаты және коммерциялық банктердің түрлері жатқызылады.

1-сурет. Коммерциялық банктердің мамандануына байланысты жіктелуі

Ал қазақстандық экономистер ішкі және сыртқы тәуекелдерді жоғарыдағы кестеге қарағанда біраз өзгеше топтастырған.

2-сурет. Қазақстандық банктік тәуекелдер

Мұндағы негізгі ерекшелік: сыртқы тәуекелдердің басқарылатын және басқарылмайтын болып бөлінуі табылады. Басқарылатын сыртқы тәуекелге клиенттік тәуекел, контрпартнерлық тәуекел жатады. Басқарылмайтын сыртқы тәуекелдерге саяси, экономикалық, сақтандыру, депозиттік, валюталық, инвестициялық, пайыздық тәуекелдер жатады.

3-сурет. Банктік тәуекелдердің ықпал ету аясы

Ішкі тәуекелдер әкімшілік, қаржылық және ұйымдастырушылық деп үшке бөлінген.

Ал әкімшілік тәуекелдерге құрылымдық, басқару, ынталандыру, бақылау, стратегиялық тәуекелдер жатады. Қаржылық тәуекелдерге қаржыландыру, өтімділік, диверсификациялық, табыстылықтың төмендеу тәуекелдері жатады. Ұйымдастырушылық тәуекелдерге ақпараттық, персоналдық, жаңа технологияларды қолданумен байланысты тәуекелдер жатады.

Банк клиенттерінің құрамы. Клиенттің құрамына байланысты әр банк тәуекелді есептеудің әдісін және тәуекел дәрежесін анықтайды. Осыған байланысты банк клиенттеріне байланысты тәуекелдердің толық құрылымын анықтауға болады.

4-сурет. Банк клиенттерінің құрамы

Кәсіпорынның көлеміне байланысты клиенттерді кіші, орта және ірі деп үш топқа бөлуге болады. Кіші және орта қарыз алушылар немесе клиенттер нарықтағы өзгерістерге тез бейімделеді. Олардың құрылымы өте қарапайым болып келеді, сондықтан мұндай кәсіпорындар жоғары табыс алу мақсатында кәсіби бағытын жедел өзгерте алады. Бірақ мұндай кәсіпорындардың меншікті капиталы аз болады, сондықтан олар саяси немесе экономикалық өзгерістерге, қатаң бәсекеге төтеп бере алмай банкроттыққа ұшырайды. Ал ірі кәсіпорындар керісінше, нарықтағы сұраныстың өзгеруіне өте жай бейімделеді және өздерінің кәсіби бағыттарын мүлдем өзгертпейді. Бірақ мұндай кәсіпорындардың меншікті капиталы үлкен болады, сондықтан олар нарықтағы жағымсыз экономикалық өзгерістерге төтеп бере алады [2] .

Меншікке қатынасына байланысты банктің клиенттері немесе кәсіпорындар мемлекеттік, жеке, акционерлік, кооперативтік деп бөлінеді. Меншікке қатынасына байланысты әр түрлі кәсіпорындарда тәуекелдің деңгейі де әр түрлі болуы мүмкін. Сондықтан банк клиенттерге қызмет көрсетпес бұрын немесе несие берместен бұрын клиенттер портфелінің сапасын тексереді. Осылайша банк өз өтімділігін сақтау үшін және рентабельділігін белгілі бір деңгейде ұстау үшін үнемі түрде клиенттер портфелінің сапасын тексере отырып нақты және потенциалды клиенттердің артықшылықтарын анықтайды.

Тәуекелді есептеу (талдау) әдістері. Тәуекелді талдау арқылы банк жобаға қатысу кезінде қаржылық шығындарды шектеуге тырысады. Тәуекелді талдау келесі суреттегідей жүргізіледі.

5-сурет. Тәуекелді есептеу әдістері

Тәуекелді талдау кезінде бір бірімен тығыз байланысты екі әдісті қолдануға болады. Олар: сандық және сапалық. Сапалық талдау жеңілірек болып келеді. Оның негізгі мақсаттары - тәуекелдің факторларын, пайда болу кезеңдерін, пайда болуының мүмкін аймағын анықтау болып табылады. Тәуекелді анықтау жүйесі үш элементтен тұрады: тәуекелдің ұзақтығы, көлемі, ықтималдығы. Қазіргі уақытта тәуекелді сандық талдаудың жиі қолданылатын әдістері мыналар болып табылады: статистикалық, аналитикалық, сараптамалық және тағы басқалары. Банктік тәуекелдің деңгейі оқиғаның болу ықтималдығымен сипатталады. Ол процент түрінде немесе коэффицент түрінде анықталады. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бекіткен «Екінші деңгейлі банктер үшін пруденциалды нормативтер туралы ережеге» сәйкес тәуекелдің деңгейіне байланысты банк активтері ірі бес топқа бөлінген. Бірінші топтағы активтерге кассадағы қолма-қол ақша, аффинирленген бағалы металдар, үкіметке берілген несие, Ұлттық Банкке берілген несие, Ұлттық Банктегі депозиттер, мемлекеттік бағалы қағаздар және тағы басқалары жатады. Бұл топтағы активтердің тәуекелділік деңгейі 0-ге тең. Екінші топтағы активтерге жергілікті билік органдарының шығарған бағалы қағаздары, ЖАҚ «Қазақстан ипотекалық компаниясының» бағалы қағаздары. Бұл активтердің тәуекел деңгейі 0, 2-ге тең. Үшінші топтағы активтерге аффинирленбеген бағалы металдар және тағы басқалары жатады және олардың тәуекелі 0, 5-ке тең. Төртінші топтағы активтерге төлем бойынша есеп айырысулар, негізгі құралдар, материалдық қорлар жатады және бұл топтағы активтердің тәуекел деңгейі 1-ге тең. Бесінші топқа әділеттік құны бойынша есептелетін инвестициялар, субординацияланған қарыз, лицензияланған программалық жабдықтау жатады. Бұл топтағы активтердің тәуекел деңгейі 1-ге тең.

Тәуекелді уақыт тұрғысынан үлестіру. Нарық жағдайында тәуекелдерді уақыт тұрғысынан үлестіру банк үшін маңызды элементтердің бірі болып келеді.

6-сурет. Банктік тәуекелдерді уақыт тұрғысынан жіктеу

Уақыт тұрғысынан қарастырсақ тәуекелдер ағымдағы, келешектегі және бұрынғы деп үшке бөлінеді. Бұрынғы тәуекелдерді талдау арқылы біз ағымдағы және болашақтағы тәуекелдердің деңгейін төмендете аламыз. Бұл үш кезендегі тәуекелдер бір бірімен өте тығыз байланысты болып келеді. Мысалы, ағымдағы кезеңде несие берілсе, ол несиені қайтармауға байланысты шығындар келешекте көрініс табады. Сондықтан да банк үшін тәуекелді уақыт тұрғысынан үлестіру маңызды болып келеді.

Тәуекелді есепке алу сипаты. Есепке алу сипатына байланысты тәуекелдер баланстық және баланстан тыс, активтік және пассивтік операциялар бойынша тәуекел деп бөлінеді.

Банктік тәуекелдерді басқару мүмкіндігі. Басқару мүмкіндігіне байланысты тәуекелдер ашық және жабық болып бөлінеді. Ашық тәуекелдер реттелуге жатпайды, ал жабық тәуекелдерді реттеуге болады [1] .

1. 2 Банктік тәуекелдердің пайда болу көздері мен себептері

Тәуекелдің тұжырымдамасы адамзатқа ежелден-ақ таныс. Өйткені тәуекел біздің өміріміздің ажырамас бөлігі болып келеді. Тәуекел деп оқиғаның болу немесе болмау мүмкіндігін жүз проценттік нақтылықпен болжай алмауын айтамыз. Кез келген адам тәуекел деңгейін төмендетуге тырысады. Өйткені жағымсыз оқиғаның болу жағдайында тәуекелге ұшыраған адам шығын шегеді. Тәуекел деңгейін төмендету мақсатында біз екі немесе одан да көп баламалардың бар болуын қалаймыз. Яғни, таңдау құқығына ие болғымыз келеді. Тәуекел деңгейі мен табыстылық деңгейі өзара пропорционал болып келеді. Яғни, тәуекел деңгейі неғұрлым жоғары болса, табыстылық деңгейі де соғұрлым жоғары болады. Керісінше тәуекел деңгейі төмен болса, табыс та төмен болады. Сондықтан кез-келген кәсіпорын табыс пен тәуекел деңгейлерінің арасынан ең тиімді немесе альтернативті арақатынасты таңдайды.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, банк үшін тәуекелді басқару ең маңызды мәселелердің бірі болып келетінін айтып кеткен жөн. Өйткені кез-келген банктің қалыптасу процесінен бастап бүкіл қызмет ету уақтысында банктің іс-әрекеті көптеген тәуекелдерге тікелей байланысты болып келеді. Сондықтан банктің болашақта банкроттыққа ұшырауы немесе ұшырамауы банктің тәуекелді басқаруымен байланысты. Банк ісінде тәуекел деп банктің табысы мен капиталына кері әсер ететін оқиғалардың болу ықтималдығын айтамыз. Тәуекел жағымсыз оқиғаның болу ықтималдығымен сипатталады. Бұл оқиғаларға мыналар жатады: табыстың төмендеуі, берілген несиелердің қайтарылмауына байланысты шығындардың пайда болуы, базалық ресурстардың азаюы, баланстан тыс операциялар бойынша төлемдердің төленбеуі және тағы басқалары. Бірақ тәуекел деңгейі қаншалықты төмен болса, жоғары табыс алу ықтималдығы да соншалықты төмен болады. Сондықтан кез-келген банк өзінің қаражаттарын табысы жоғары және тәуекел деңгейі төмен іс-әрекеттерге жұмсауға тырысады.

Банктің басқармасы тәуекелдің пайда болу көздеріне және пайда болу себептеріне аса маңызды көңіл бөледі. Тәуекелдің пайда болуының үш көзін атап өтуге болады. Алғашқы екі түрі объективті сипатта, яғни банктің іс-әрекеттеріне байланыссыз немесе тәуелсіз болады. Ал, үшінші түрі субъективті сипатта болады, яғни банк қызметіне тәуелді болып келеді.

  1. Нарықтық тәуекел деп әр түрлі активтер құнының өзгеруіне тәуелді қаржылық жағдайды айтамыз. Ол мыналардан тұрады:

а) пайыздық тәуекел - ағымдағы пайыздық тәуекелдің өзгеруімен байланысты тәуекелдің түрі;

ә) валюталық тәуекел - валюта бағамының өзгеруімен байланысты тәуекелдің түрі;

б) инвестициялық тәуекел - қор нарығындағы өзгерістермен байланысты тәуекелдің түрі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Екінші деңгейлі банктерде қаржы тәуекелін жүзеге асыру
Қарыз алушының несиелік тәуекелін басқару әдістері
Коммерциялық банктердің несие портфелі
Екінші деңгейлі банктердің несие саясатын басқару
Коммерциялық банктердің несиелік тәуекелдерін басқару
Ұлттық банк және оның мақсаты
Несие қоржыны
Екінші деңгейлі банктердің табыстары мен шығыстарын бақару
ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктердің несиелік тәуекелді басқарудың мазмұны мен құрылымдық элементтерін нақтылай отырып, несиелік тәуекелді тиімді басқару жүйесін дамыту және жетілдіру жолдарын іздестіру
«Банктердің несиелік тәуекелдерін басқару (Алматы қ. «ЦентрКредит Банкі» АҚ мысалында)»
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz