Орталық Азиядағы ғалымдар


Орталық Азиядағы ғалымдар
ӘБУ АБДАЛЛАҺ әл-ХОРЕЗМИ.
Әбу Абдаллаһ Мұхаммед ибн Мұса әл - Xорезми (787, Хиуа - 850 шамасында) - математик және астроном. "Үнділер саны (есебі) деп аталатын арифметикалық трактаттың авторы. Трактаттың араб тіліндегі нұсқасы жоғалған, бірақ оның 12 ғ-да латын тілінде аударылып шыққан нұсқасы сақталған. Осы аударма арқылы Еуропа елдері есептеудің үнділік ондық позициялық жүйесімен танысты. Әбу Абдаллаһ Мұхаммед ибн Мұса әл - Xорезми-дің "Китаб мұхтасар әл-джәбр уә-л-мұқабала ("Толтыру және қарсы қою жөніндегі қысқаша кітап") деген еңбегі - математика тарихында алгебраны дербес баяндауға арналған тұңғыш кітап. Онда 1-және 2-дәрежелі теңдеулерді шешу, т. б. жүйелі түрде баяндалған. Бұл еңбек Еуропа елдерінде алгебра бойынша негізгі басшылыққа алынатын кітап болды. "әл-джәбр" амалы (теңдеулердің бір мүшесін оның екінші жағына таңбасын кері өзгертіп шығару) кейін алгебра атауының шығуына себеп болды. Ал әл-Хорезми (лат. Аlgorithmu) есімі әуелі үнді сандарының көмегімен арифметикаға белгі ретінде енді, кейін ол белгілі ережемен ғана орындалатын кез келген есептеу жүйесінің жалпы аты (алгоритм) болып қалыптасты. Әбу Абдаллаһ Мұхаммед ибн Мұса әл - Xорезми, астролябия және күн сағаты туралы еңбектер жазған, сондай-ақ астрон., кестелер құрастырған. Оның "Жер бейнесі деген географиялық еңбегінің қолжазбасы 1878 жылдан белгілі.
МАХМҰТ ҚАШҚАРИ.
Махмуд ибн әл Хусейн ибн Мұхаммед (т. -ө. ж. б. ) - 11 ғасырдағы ортаазиялық атақты филолог, түрколог. Оның әкесі Хусейн ибн Мұхаммед Мауераннахрды жаулап алушы Боғра ханның немересі, Барысқанның (Ыстықкөлдің оңт. жағалауында) әміршісі болды, кейін Қашқарға қоныс аударды. Махмұт Қашқари Қашқарда білім алып, кейін оны Бұхара мен Нишапурде жалғастырды. Ол түркі тайпаларының тілі мен ауыз әдебиетіне, этнографиясына аса зейін қойды. Түркі тайпалары мекен еткен жерлерді аралап, олардың сөздері мен өлең, жұмбақ, аңыздарын, әдет-ғұрпын мұқият жазып алып отырды. Жинақтаған бақылауларын М. Қ. өзінің "Диуан лұғат ат-түрк" ("Түркі тілдерінің сөздігі") деп аталатын басты еңбегінде қорытып берді. М. Қашқаридың еңбегі - ерте орта ғасырдағы түркілердің өмірі жайлы жазылған шынайы энциклопедия. Онда 11 ғасырда өмір сүрген көптеген түркі тайпаларының өмірі, олардың этнонимдері, топонимдері, ру-тайпалық бөлінулері, туысқандық, жегжаттық ерекшеліктері, лауазымдары мен әр түрлі қызметтері, ас-тағам аттары, асыранды, жабайы жануарлары мен құстары, мал шаруашылығы, өсімдіктер мен дәнді дақылдар, астрономияға қатысты термин сөздер, халық күнтізбесі, ай, күн, апта аттары, география, терминология мен номенклатурасы, қалалары мен елді мекендер, ауру түрлері мен дәрілер, металдар мен минералдар, анатомиялық, әскери, спорт, әкімшілік терминологиялар, дін мен миф, балалар ойын-сауығы жөнінде құнды мағлұматтар береді. Әр түрлі тайпалар арасындағы өзара тарихи-мәдени байланыстар, Қазақстан жерінде болған тарихи оқиғалар жайлы да маңызды мәліметтер мен жекелеген ескертпелер беріледі. М. Қ-дің еңбегінде сақталған әлемнің ең көне картасы ерекше қызықтырады. М. Қ. еңбегі түрік, өзбек, қазақ, ұйғыр тілдеріне аударылған.
ӘБУ РАЙХАН әл-БИРУНИ.
Әбу Райхан Мұхаммед ибн Ахмед әл - Бируни (4. 10. 973, Қарақалпақстан, Қият қаласы маңы - 11. 12. 1048, кейбір деректер бойынша 1050 жылдан кейін, Ауғанстан, Ғазли қаласы - аса көрнекті түркі ғалымы. Негізгі еңбектері тарих, математика, астрономия, география, топография, физика, медицина, геология. минералогия, т. б. ғылым салаларын қамтиды. Ол өз заманына лайық білім алып, Әбу Абдаллаһ Мұхаммед әл-Хорезми, Әбу Наср әл-Фараби, Ғаббос әл-Жауһари, т. б. дәстүрлерін жалғастырды. Орта Азия мен Иран қалаларында болып, атақты астроном, математик Әбу Наср Мансур ибн Ирактан дәріс алды. Ә. Р. әл-Бируни. - парсы, араб, грек, үнді (санскрит) тілдерін меңгерген оқымысты. 995 - 1010 ж. Иранда тұрды. 1000 ж орта ғасыр ғылымының энциклопедиясы аталған, өзінің әйгілі "Әл-асар ул-Бакия ан ол қүрун әл-һалия" ("Бұрыңғы ұрпақтар ескерткіші") деген еңбегін жазды. 1010 ж. Хорезм әкімі Мамун ибн Мұхаммед ұйымдастырған Үргеніштегі (қазіргі "көне Үргеніш") ғылыми орталықта Ә. Р. ол-Біздің басшылығымен Әбу Әли ибн Сина (Авиценна), Әбу Саһл Массих, Әбу-л-Хасан ибн Хаммар, ибн Мискуайх, т. б. көрнекті ғалымдар ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Әбу Райхан Мұхаммед ибн Ахмед әл - Бируни -дің "Асыл тастар" (1048) еңбегі екі бөлімнен құралған. 1-бөлімде (36 тарау) лағыл, меруерт, ақық, маржан, қараба, алмас, шыны, жылан тасы, т. б. баяндаған. 2-бөлімі (12 тарау) алтын, күміс, сынап, мыс, темір, қорғасын, қалайы, т. б. металдар мен солардың қоспаларын сипаттауға арналған. Ал, "Масғуд каноны (қағидасы) ", "Минералдардың меншікті салмағын анықтау ережесі" сияқты еңбектерінде бұрын ұшыраспаған, бірегей математикалық, астрономиялық әдіс-тәсілдер мен дәлелдемелер қазіргі деректерге өте жақын келеді. Ә. Р. әл-Бирунидің ғылыми мұрасының бірсыпырасы бізге жетпеген, сақталып қалған шығар-маларының көпшілігі толық жиналып жарияланбаған. Жалпы алғанда ол 150 еңбек жазған, олардың 45-сі астрономия мен математикаға арналған. Астрон. шығармаларында Ә. Р. ол-Бируни дүниенің гелиоцентрлік жүйесін (Коперниктен 500 жыл бұрын), денелердің Жерге қарай тартылуын (Галилей мен Ньютоннан 600 жыл бұрын) болжаған. Арал теңізінің жағасында, Үндістанда, Ауғанстанда астрономия бақылау жұмыстарын жүргізген, Жер мөлшерін, т. б. анықтаған. Ә. Р. ол-Бирунидің географиясында сол кездегі белгілі жерлердің бәрі айтылған, ірі қалалардың координаттары көрсетілген, құрлықтардың өзара орналасуы, бір-бірінің жалғасу реті картаға түсіріліп көрсетілген. Мұхит, теңіз, тау, өзен, шөл, мемлекеттер мен халықтардың аттары толық келтірілген. Ә. Р. ол-Бирунидің картасы Тынық мұхиттан Атлант мұхитына, Үнді мұхитынан Солтүстік мұзды мұхитқа дейінгі жерлерді қамтыған. Оның географиясы геология, минералогия, экономика ғылымдары-мен және халықтар мәдениетімен тығыз байланысты баяндалган. Ә.
Р. ол-Бируни әр түрлі өсімдіктерді, дәрілік шәптерді, сан алуан жануарлар тіршілігін зерттеген. Ол оз еңбектерінде ғылыми терминдерді бес-алты тілде келтіріп, мағынасын түсіндіріп отырған. Ә. Р. ол-Бируни топографияға байланысты "Геодезия" атты үлкен еңбек жазды. Онда Әмударияның бұрынғы кездегі ескі арналары жөніндегі зерттеулері аса қызғылықты баяндалган. Ә. Р. әл-Бирунидің тарихи-география еңбектерінде Орта Азия мен Шығыс Сібірдің тарихи этнографиясы, сондай-ақ, Орта Азия көшпелі тайпаларының батысқа, Шығыс Еуропаға дейін қоныс аударулары, Қазақстан географиясы, оны мекендеген түркі тайпалары, олардың әдет-ғұрпы, салт-жоралғылары жөнінде құнды деректер беріледі. "Үндістан" (1031), "Бұрыңғы ұрпақтар ескерткіші" (1048), "Масғуд каноны", т. б. еңбектері ағылшын, неміс, орыс, парсы, т. б. тілдеріне аударылған.
Әбу Абдаллаһ әл-Баласағұни (1040/50 1112)
- діни ғұлама. “Сейхунның (Сырдарияның) арғы жағындағы Қашқарға жақын” үлкен шаһарлардың бірі - Баласағұнда дүниеге келген. Баласағұн Қыпшақ мемлекетінің бірлестігіндегі сауда саттығы, сыртқы қарым-қатынастары дамыған, рухани мәдениеті өркендеген қалалардың бірі болған. Арабтың белгілі тарихшы, саяхатшысы Йақұт әл-Хамауидің (12 ғ) мәлімдеуінше, Ә. А. Әл - Баласағұни білімін Бағдатта жалғастырып, қази Абдаллаһ әл Ханафиден дәріс алған. Араб тілі мен әдебиетін, тарихы мен философиясын жақсы меңгерген. Араб жұртына “ат-Түрік” деген атпен белгілі болған. Иерусалимнің, Шам шаһараның сот мекемелерінде қызмет атқарған. Ә. А. әл - Баласағұни шариғат заңы бойынша маманданып, Құранға түсіндірмелер (тәфсирлер) жазуға, Мұхаммед пайғамбар жайлы әңгімелерді (хадистерді) сұрыптауға араласқан. Ол белгілі бір мәселе бойынша үкім шығарып, билік айтуға ақыл мен аналогияға иек арту жөн деген Әбу Ханифа мазһабын қуаттады. Ә. А. әл - Баласағұн шығармалары туралы мағлұматтар жоқтың қасы. Қай жерде дүние салғаны да беймәлім.
ӘБУ НАСР әл-ФАРАБИ.
Әбу Наср Мұхаммад ибн Тархан ибн Узлағ әл-Фараби (870, Отырар қ. - 950, Сирия, Шам) - қазақ даласынан шыққан ұлы ғалым, ойшыл философ, математик, астролог, музыка теоретигі. Әскербасы тарханның отбасында дүниеге келген. Отырар медресесінде, Шаш, Самарқан, Бұхара, кейін Харран, Мысыр, Халеб (Алеппо), Бағдад шаһарларында білім алған. Әбу Наср әл-Фараби - түркі ойшылдарының ең атақтысы, ең мәшһүрі, "Әлемнің 2-ұстазы" атанған ғұлама. Оның заманы Ұлы Жібек жолы бойындағы қалалардың, оның ішінде Отырардың экономикасы мен мәдениетінің дамыған кезіне дәл келеді. Әбу Насыр әл-Фараби Орта Азия, Парсы, Ирак, араб елдері қалаларына жиһанкездік сапарлар жасап, тез есейді. Ол жерлерде көптеген ғұламалармен, ойшыл-ақындармен, қайраткерлермен танысып, сұхбаттасты. Тарихи деректер бойынша 70-ке жуық тіл білген. Өздігінен көп оқып, көп ізденген ойшыл философия, логика, этика, метафизика, тіл білімі, жаратылыстану, география, математика, медицина, музыка салаларынан 150-ге тарта трактат жазып қалдырды Шығармаларында көне грек оқымыстыларының, әсіресе, Аристотельдің еңбектеріне талдау жасады (Аристотельдің "Метафизика", "Категория", "Бірінші және екінші аналитика" сияқты басты еңбектеріне түсіндірмелер жазған) . Арабтың атақты ғалым-географы ибн-Хаукал өзінің "Китаб масалик уә мамалик" атты еңбегінде және 13 ғ-да өмір сүрген ибн-Халликан өзінің "Уфи-ат әл-аиан фи әл-Заман" атты еңбегінде Әбу Наср әл-Фарабидің арғы аталарының аттары (Тархан, Ұзлақ) таза түркі тілінде келтірілген. Болашақ ғалым алғашқы сауатын туған жерінде өз тілімен ашса да, 12 - 16 жас шамасында керуенге ілесіп, білім іздеп Бағдадқа кетеді Әбу Наср әл-Фарабидің жас кезінен Бағдадқа баруының мынадай екі сыры бар. Біріншіден, сол кездегі Бағдад халифатын басқарған Аббас әулетінің сенімді уәзірлері, негізінен, түркістандық Фараб қаласынан болған. Екіншіден, Бағдад шаһары ғылым мен өнер жолына бет алған адамдарға қақпасын кең ашып, барынша жағдай жасаған. Бағдадта "Баит ол-хакма" атты ғалымдар үйі және әлемдегі ең бай кітапхана болған. Алғашқы кезде Ә. Н. әл-Фараби езін ақын, әнші, күйші ретінде танытып, одан соң ежелгі грек ғалымдарының қолжазбаларын оқу арқылы күрделі ғылыми зерттеулермен шұғыл-дануға кіріскен. Әбу Наср әл-Фараби дүние-танымы екі әлемнің: көшпелілер мен отырықшылар өркениетінің және шығыс пен Грек-Рим мәдениетінің өзара байланыстарының нәтижесі. Әбу Наср әл-Фараби заманының әлеуметтік-саяси көзқарастарын, тіл мәдениетін, философиялық-гуманитарлық (философия, логика, этика, эстетика, саясат, социология, лингвистика, поэзия, шешендік, музыка) және жаратылыстану (астрономия, астрология) жетік меңгерген.
Ахмет Яссауи.
Осыған орай ақын өз хикметінде:
Уа, дариға, не істеймін ғарыптікте,
Ғарыптікте кезбе болып қалдым міне.
Хорасан, Шам, Ғиратқа ниет қылып,
Ғарыптіктің көп қадірін білдім міне! - дейді.
Тағы бір деректе жас Ахметтің зеректігі мен алғырлығына қызыққан бір ғалым оны Иранға алып кетіп оқытқан деген де сөз бар. Шығыстың дін орталықтары мен ірі-ірі қалаларын, тұрмысы мен кәсіп-тіршілігін көзбен көрген жас жігіт өзінің білімі мен түсінік-танымын кеңейтеді, өмірге деген өз-көзқарасын қалыптастырады. Кейінгі ғасырларда Яссауидің аты жайылған соң, Түркістан мекені діни орталық болып, мәдениет ошағы ретінде танылды. Қожа Ахмет Яссауи қайтыс болған соң, әйгілі Ақсақ Темір Көреген оның басына Орта Азияда теңдесі жоқ керемет күмбез салдырады, бұл кесене әлі күнге аспанмен таласып, сән-сәулетін бұзбай, асқақ тұр.
Ол кісінің әулиелігі, көріпкел қасиеті жайында аңыздар бар. Әйгілі Ақсақ Темір бұл орайда Яссауи басына керемет күмбез салдыртқанда да Әзірет Сұлтанның әулиелік қадір-қасиетін еске алса керек. Сондай-ақ тағы да ол кісі төрт-бес кітап жазыпты, соның бірі хикметі делінеді, ол төрт мың жолдан тұрады екен, көшірушілер ерініп, қысқарта беріпті. 63 жасында, Мұхаммед пайғамбардан кейін күн көзін көріп жүрмеймін деп, жер астына түскен. Жер асты жолымен Арыстан Баб, тағы басқа Бабтармен қатынасып тұрыпты делінеді, осының ішінен бір аңыз мәні жағынан жеке-дара тұр. Ол Мұхаммед пайғамбар мен Қожа Ахметтің қарым-қатынасы мен жалғастығы жөнінде. Бірде пайғамбарымыз алланың дидарын көру үшін Жебірейілмен бірге көкке ұшып бара жатып, жол-жөнекей үш адамның рухын көріпті. Жебірейілден: "Бұлар кім?", - деп сұраса, ол: "Бұлар - Сіздің үмбеттеріңіз. Бірі Имам Ағзам, екіншісі - Ғаусыл Ағзам (Қожаи Баһауидин), үшіншісі - Қожа Ахмет Яссауи", - депті. Сонда ол Қожа Ахметке тапсыру үшін пейіштен бір құрма алып келіп беруді өтініпті. Соны алған соң Қожа Ахметке берерсің деп, Арыстан Бабқа тапсырыпты. 400 жыл жасаған Арыстан Баб пайғамбар тапсырмасын орындапты делінеді. Дәл осы оқиға оның "Диуани хикметінде" де жинақтала айтылып, өзінің жер астына түсуінің басты себебі ретінде сипатталады:
Миғражда хақ Мұстафа рухымды көрді,
Сол себептен алпыс үште кірдім жерге . . .
Хақ Мұстафа Жебірейілге қылды сауал:
"Бұл неткен рух тәнге кірмей, тапқан жамал?!. " Жебірейіл айтты: "Үмбет ісі Сізге бір хақ,
Көкке шығып, періштеден алар сабақ.
Жылаушыға сыйға берер жеті табақ", -
Сол себептен алпыс үште кірдім жерге!
Осы ғылыми тұжырымдардың дұрыстығын нақты ашып, дәлелдейтін «Насабнама» атты шежіренің табылуы туралы біз ертеректе «Ана тілі» газетінде арнайы мақала жарияланған еді. Аталған мұра кешегі Қ. А. Яссауи шығармашылығына тыйым салынған қатерлі кезеңде Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының сирек кітаптар бөлімінде бір қалтарыста сақталып келген (Санақ № 3990-47) .
Насабнаманың аяқ жағына хижрамен "1099-жыл" деп көрсетілген, бұл жаңа санақ бойынша 1687/88-жылға келеді. Кейінгі көшіріп жазушысы - Назар Сали Нурни Фидтарих Сана ал-Хакир Намрат молла Тәңірберді Ярмухаммад хажи. Ал бастапқы жазушысы Қ. А. Яссауидің өз әкесі Ибраһим Ата екені оқу үстінде анықталды. Бұған, сондағы өз аталарын тарата келіп, "Мен Хасан Қожа Бабның оғлы Ибраһим Ата" деген бұлтартпас жолдар айқын дәлел бола алады.
Шежіренің басы мен аяғы, жан-жағы әр алуан мөрлермен бекітілген. Бас жақтағы мөрлерден оқылғаны: "Шайх Қожа Ғата Шайх ибн", "Хорасан Баб", "Сайд қожа". Бұдан тыс үлкен мөрде Қ. А. Яссауидің шәкірттерінен аты Ахметпен басталатын он адамның аты жазылған.
Ең, Қожа Ахметтің үлкен қасиетін шынайы сезінген Әмір Темір Көреген ол кісіге арнап алтынмен аптап, күміспен күптелген ескерткіш соғыпты.
Ақынның күн нұрымен шағылысқан зәулім күмбезі оның атақ-абыройын дүниенің төрт бұрышына тұтас жайғаны белгілі.
Асқан тақуа Қожа Ахмет Яссауи жайлы көптеген ғалымдар аса құнды пікірлер, ғылыми қорытылған ойлар айтқан, солардың ішінде шығыстың ұлы ақындарының бірі - Әлішер Науаидың орны бөлек. Ол кісі «Насиймбул махаббат» атты кітабында: «Қожа Ахмет Яссауи Түркістан жұртының шайхы-машайығы-дұр. Атақ-даңқы кеңінен мәшһүр, кереметі шексіз де шетсіз екен. Имам Жүсіп Хамаданидің сырласы», - депті. Біз де аса білгір Ә. Науаидың пікіріне толық қосыла отырып, Қожа Ахмет Яссауидың бүкіл түркі елдерінің ішіне өзінің оқымысты шәкірттерін жіберіп, ислам дінін жан-жақты кеңейткенін де айтып өткенді жөн көрдік. Ақынның осындай кереметін көп зерттеп, көп қарастырып, ұғып байқаған И. Хаққұлов: «Ахмет Яссауи түркі софылық поэзиясының атақты өкілі»-депті. Иә, ғалым айтса айтқандай Қожа Ахмет Яссауи софылық әдебиеттің бастаушысы. Ертеде ел аузында хикметі түспей күн сайын айтылып отырған, әсіресе діншіл қауым алқа-қотан отырып өзіндік мақам, өзіндік сазымен жатпай-тұрмай толғап отырғаны көне құжаттардан белгілі.
Қожа Ахмет Яссауидің әкесі Ибраһим Ата Сайрамда жасаған ғұлама кісі болыпты. Ол өзінің ұстазы Мұса шайықтың қызы Айшаға (енді бір деректе Қарашашқа) үйленіп, одан Гауһаршаһназ атты бір қыз, одан он жас кіші Ахмет деген бір ұл бала көреді. Ахметтің шешесі жастай өледі де, әкесі жеті жаста қайтыс болады. Бала Ахметтің негізгі ұстазы, тәрбиешісі өзіне аталас туыс болып келетін Арыстан Баб екен.
Әйтсе де, Ахметтің әкесі діндар, құдай жолын ұстаған атақты шайқылардың бірі болған секілді.
Бұлай дейтін себебіміз, ақынның 149-хикметінде оның шыққан тегі туралы сыр шертеді:
. . Ысқақ баба жұрыны, шейх Ибраһим Құлыны,
Машайықтар ұлығы - шейхым Ахмет Яссауи.
Ясы оның арасы, жатыр гауһар парасы,
Машайықтар сарасы - шейхым Ахмед Яссауи.
Демек, Ахметтің тегін Бибіфатимадан тарататын халық аңызы шындық олай болса, Әзірет Сұлтанның он бірінші атасы Ысқақ баб әулие болмақ. Түрік ғалымы, доктор М. Көпірұлы өзінің "Турк әдебиятында илк Мутасаввифлар" атты кітабында Ахметтің әкесі Сайрамдағы Хазрет Әлидің әулеті Ибраһим атты шейх екенін айтады. Осы пікірге орыс зерттеушісі М. Е. Массон да ден қойғанмен, ол Қожа Ахметті түрік нәсілінен еді дейді.
Сопылық "мистикалық" ағымның түркі тілдес тармағының негізін қалаушы Қожа Ахмет Яссауидың өмірбаяны жан-жақты, толық бізге белгілі емес. Өмірінің кейбір деректері ғана жетіп отыр. Ол әлі ғылыми зерттеулерді, ізденістерді қажет етеді. Ұлы бабамыздың туған күні мен жылы белгісіз. Өлген жылы- 1166. Ер жеткен соң Түркістан (ол кезде Яссы деп аталған) шаһарына келіп тұрады.
Белгілі ғалым В. Бартольдтің айтуында Түркістан VI ғасырдан XV ғасырға дейін Яссы деген атпен белгілі. Ал, шығыстанушы ғалым Ә. Дербісалиев, қаланың әуелде Шауғар деп аталғанын, кейінірек Яссы болып кеткенін айтады.
Ахмет Яссауидің ержете келе Түркістанға келуі дінге байланысты болса керек. Ақын өз өлеңдерінде Түркістанға келгені жайында былайша баяндайды:
. . . Он жетімде Түркістанда тұрдым, міне
Он сегізде Шілтеменем шарап іштім,
Рузы қылды, Жәннат кезіп қорлар құштым,
Хақ Мұстафа жүздерін көрдім, міне . . .
Қ. А. Яссауидің екі ұлы, екі қызы болыпты. Бір ұлы Ташкент қаласында жерленген. Ал екінші ұлын, аңызға қарағанда, Сүйір деген егін еккен ел қастықпен өлтірген делінеді. Бір қызының аты - Жамал, екіншісі - Гауһар. Соңғысының ері - Әли қожа. Осылардан тараған Яссауи әулеті кезінде екі жүзге жетсе керек. Академик В. А. Гордлевскийдің жазуына қарағанда, Қ. А. Яссауидің ұрпақтары Заравшан өңірінің Жабу, Тоғайкөл, Тоқшы деген қыстақтарында тұрып, өздерін "қожамыз" деп санайтын әулеттен ғана қыз алысып, қыз берісетін көрінеді.
Арыстан Бабтан біраз сабақ алып, өзінің оқуға деген талант-қабілетін танытқан жас Ахмет Бұхара қаласындағы Ж. Хамаданидің діни медресесінде оқиды. Мұны тамамдаған соң, аз жыл сонда (Хамадани қайтыс болған соң) қалып, медресені басқарады.
Түркі халықтарының орта ғасыр кезінде бір жола араб
жазуына көшуі, өмірге көптеген ғылыми дүниелерді алып келді.
Сонымен қатар бұл кез шығыс әлеміңде сопылық ағымның әсері күшейіп, бірте-бірте қанатын кең жая түскен кез еді. Бұл кезең Орта Азия мұсылмандары үшін де аса жауапты уақыт болатын. Осы шақта елдің бірлігін, халықтың татулығын, адамгершілік
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz