Орфографияны оқытудың лингвистикалық, психологиялық және методикалық негіздері



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Орфографияны оқытудың лингвистикалық, психологиялық және методикалық
негіздері
Қазақ тілі дауысты дыбысқа бай тіл. Міне, сондықтан да халықты жаппай
және аз уақыт ішінде сауаттандыру жолындағы мәдени талапты орындауға
дауыссыз дыбыс жүйелі араб әліппесі сай келмеді. Қазақтың оқыған
интеллигенция қауымы мұндай сәйкессіздіктен құтылудың жолын іздеді.
Солардың бірі қазақ советтік тіл білімінің негізін қалауда көрнекті роль
атқарған Жұбанов Құдайберген Қуанұлы болғандығын академик
I. Кеңесбаев былайша таныстырады.
Құдайберген сол 20-жылдардың орта шенінен бастап-ақ тіл зерттеу
мәселесімен шұғылданады. Өзі араб, парсы тілдерін жақсы білетін және ол
тілдердің грамматикасын жетік меңгерген Құдайберген Қуанұлы қазақ
орфографиясын ілгері бастырудан араб графикасына негізделген ескі жазудың
көп кемшіліктері барын түсінеді. Сөйтіп, 1925 жылдардан бастап латын
жазуына негізделген жаңа әліппені қабылдау жөнінде Москва, Алматы,
Қызылорда қалаларында болған айтыстарға белсене қатысады.
1926 жылы Баку қаласында тюркологиялық бірінші сьезд болып, сьезд араб
алфавитінен латын алфавитіне көшуді жақтап шешім қабылдады. Сьезд қарары
латын алфавитіне көшуде шешуші роль атқарды. Түркі тілдерінің жаңа
алфавитінің бүкілодақтық комитеті, сондай ақ реснубликалың комитеттер
құрылды. Қазақстан Өлкелік Комитетінің қаулысымен Қазақстан Орталық Атқару
Комитетінің жанынан Жаңа латын алфавитінің орталық комитеті құрылды. Жаңа
алфавитке көшу туралы халыққа кең түсіндіруде Қазақстанның латыншылары
елеулі еңбек сіңірді. 1928 жылы болған Қазақстанның латыншылар
конференциясы Бүкілодақтың Орталық Атқару Комитеті ұсынған жаңа алфавитке
көшу туралы декретінің жобасын мақұлдады.
1928 жылы декебрьде Қазақстан Атқару Комитетінің IV сесеиясы латын
алфавитіне негізделген жаңа алфавитті қазақтың мемлекеттік алфавиті деп
санау жөнінде қаулы етті. 1929 жылы 24 январьда Қазақстан Орталық Атқару
Комитетінің Президиумы мен Халық Комиссарлар Советінің жаңа алфавитті
бекіткен қаулысы шықты. Қазақстан Орталық Комитеті 1929 жылғы 5 июлдегі
қаулысы бойынша Қазақтың жаңа емлесі туралы декрет жариялады.
Мемлекеттік, кооперативтік және басқа мекемелер 1929 жылдың 1 октябрінен,
газет-журнал және баспалар 1930 жьслдың 1 январынан, мектептер мен басқа да
оқу орындары 1. 311932 оқу жылынан бастап латын әліппесін пайдаланатын
болып белгіленді.
Орфографиядан алғашқы методикалық еңбектер сауатсыздарды оқыту жөнінде
жазылып, жаңа қабылданған латын алфавитімен таныстыру және ол әріптерді
қалай жазу жөнінде әрі методикалық нұсқау, әрі практикалық көмек ретінде
қызмет атқарды. Ол кездерде шығып тұратын газет, журналдардың барлығы да
халықтық бұл мәселеден шет қалған жоқ. Мысалы, бір ғана Еңбекші қазақ
газетінің бетінде 1927 жылдың 7 сентябрінен 2 октябрьге дейін латын
әліппесін үйренуге арналған 22 сабақ үлгісі басылды.
Жекелеген мақалалармен қоса арнаулы еңбектер жазу да қолға алынды.
Көлемді методикалық еңбектер көшін Сауатсыздарды оқыту методикасы атты
туынды бастады. Келесі кезекте орфографиялық жеке тақырыптарға арналған
жұмыстар жазылып, баспадан шықты.
Мектеп мұғалімдерінің оқыту тәжірибесін жинақтай отырып, практикалық
методикалар жазылды. Ә. Сәдуақасовтың дыбыс методына негізделген
сауаттандыру методикасы, Г. Бегалиевтің қазақ тілі бастауыш кластарда оқыту
методикасы, С. Жиенбаевтың орталау-және орта мектептерде қазақ тілін оқыту
методикасы сияқты алғашқы методикалық туындылар болды.
Р. Бегалиев қазақ тілінің мектепте оқытылуы жайынан шолу жасады, жеке
категориялар мен сабақтарды оқыту үлгісін берді. Алғаш шыққан граматика
оқулықтарын сын көзбен қарады: Ал сөз тапарына
келгенде,— деп жазды методист,— бұрынғы граммтикалар былайша түсіндіретін:
Зат есім дегеніміз кім? н е? к і м г е? н е г е? к і м д і? н е н і?
сұрақтарына жауап болып, септік жалғауларында тұратын сөз делінетін, бірақ
ол сөздің мағынасы, басқа да ерекшліктері
еленбейтін
С. Жиенбаев жазған методикада оқыту принціптері мен оқыту әдістері,
грамматикалық талдау жүргізудің маңызы мен талдау түрлері, кітап оқыту
метдикасы сөз болады. Өзінің кітабы жөнінде автор: Мұнда методикалық
бірқатар басты мәселелері ғана сөз болды. Сондықтан бұл кітапты методиканың
толық курс деп қарамау керек. Ана тілі методикасының толық курсы осындай
бастама материалдарды жинақтап қорыту арқылы соларды толықтыру арқылы барып
пайда болмақ,- деп жазып, әділ төрелік етеді. С. Жиенбаев оқушылардан өткен
сабақ материалдарын жүйелі сұрап отыруғ айрықша мән берді. Бұл жөнінде ол
былай дейді: Тақырыпты өтті деген аты болып, затында балалар ол тақырыпты
меңгеріп алмаған болса, оның аты — тақырыпты өтпеген деген сөз. Мұндай
жағдайлардың бәрі, негізінде, күнделікті учет арқылы байқалады. Баланың
үлгіруін есепке алу арқылы мұғалім баланы да сынайды, өзін де сынайды,
қолданған әдісін де сынайды. Қысқасы, программадан соңғы жұмыс бағытын
көрсетіп отыратын фактор — учет жұмысы.
Латын алфавиті мен жаңа емле қабылданғаннан кейін көп ұзамай-ақ алфавит
пен емледе елеулі жетімсіздіктер барлығы аңғарылады. Сондықтан оларға
бірсыпыра өзгерістер енгізу жөнінде баспасөз беттерінде ұсыныстар жасалды.
Сондай талаптарға орай Қазақ ССР Орталық Атқару Комитеті мен Халық
Комиссарлар Советі Қазақ әліппесі мен орфографиясын біраз өзгерту туралы
1938 жылы январьда қаулы қабылдады .
Латын алфавитіне негізделген қазақ жазуы айтарлықтай прогрестік роль
атқарды. Халықты сауаттандыру жөніндегі партия мен үкімет қойған талап
латын алфавиті бойынша жүзеге асырылып, латынша хат танылды. Латын
алфавитімен көптеген саяси, ғылыми кітаптар, көркем шығармалар басылып
шықты. Газет-журналдар саны көбейіп, халықтың рухани талабын орындауда
елеулі жұмыстар жүргізілді. Алфавит пен емлеге енгізілген өзгерістер қазақ
жазуын едәуір жетілдіре түсті.
Жазу мәдениетінің артуына және өнеркәсіпте техниканың кеңінен
пайдалануына байланысты, сондай-ақ одақтас республикалармен қоян-қолтықтаса
қарым-қатынас жасау нәтижесінде қазақ тілінің сөздік құрамы ересен байыды.
Орыс тілінен көптеген сөздер және орыс тілі арқылы интернационалдың
көптеген терминдер қазақ тіліне енді. Халық ол сөздерді жатырқамай
қабылдап, сөйлеу практикасында жиі қолданылатын болды. Міне, осы жағдайға
байланысты латын алфавитіне негізделген жазуымызда әріптердің
жетіспейтіндігі мен емледегі кемшіліктер анық байқалды. Қазақ тіліне енген
көптеген сөздер мен терминдер түпнұсқасынан өзгертіліп жазылатын еді.
Осындай ыңғайсыздықтарды болдырмау үшін орыс алфавитіне көшу мәселесі
күн тәртібіне қойылды. СССР Ғылым Академиясының Қазақстандық филиалы қазақ
тілі әліппесінің жаңа жобасын ұсынды. Жоба жергілікті жерлерде, оқу
орындары мен ғылыми мекемелерде, баспасөз беттерінде кеңінен талқыланды.
1940 жылы шақырылған Бүкілқазақстандық ғылыми конференция жобаны түрлі
өзгерістерімен мақұлдап, үкімет бекітуіне ұсынды. Қазақ ССР Жоғарғы
Советінің V сессиясы 1940 жылы 10 ноябрьде жаңа алфавит пен
емле жобасын бекітті. Қазақ ССР Халық Комиссарлар Советі жанындағы үкімет
комиссиясы қазақ тілінің орыс графикасына негізделген жаңа алфавиті мен
орфографиясын бастырып шығарды. Жаңа емле негізінде қазақ тілінің
орфографиялың сөздігі жасалды.
Орыс тілі графикасына негізделген жаңа алфавитте орыс алфавитіндегі
әріптер түгелдей алынды; орыс тілінде жоқ, қазақ тілінің өзіне тән дыбыстың
ерекшеліктер толығынан сақталып, орыс алфавитіндегі таңбаларға ұқсастырыла
белгіленді. Алфавитпен бірге қабылданған жаңа емле морфологиялық принципті
басшылыққа алды. Латын алфавитімен жазуда фонетикалық принцип жетекші
принцип болған еді. Фонетикалық принципке сүйенген жазу жаңа ұғымдар мен
жекелеген сөздерді жазуда алалықтар тууына жол берді, бірыңғай жазу талабын
қанағаттандыра алмады. Әсіресе, орыс тілінен енген сөздерді және
интернационалдық терминдерді дұрыс жазу мүмкіндігін қамти алмады, бұл —
сөздердің бұрыс жазылуына әкеп соқты. Мысалы, совет деген сөз сәбет, газет
деген сөз кәзет, кәзит түрінде жазылды т. б.
Орыс графикасына негізделген қазақ жазуының қабылдануы нәтижесінде
байырғы сөздеріміздің де, басқа тілдерден енген сөздердің де, термин
сөздердің де жазылуы бір ізге түсіп, жазудағы алалық негізінен жойылды.
Жаңа алфавит өзінің икемділігі мен жазуға қолайлылығын, қазақ тілі
ерекшелігін толық қамти алатын алфавит екендігін қысқ уақыт ішінде-ақ
танытып, жалпы жұртшылық кәдесіне жарады. Сөйтіп, қазақтың жаңа жазуы
халықтың бағалы мәдени құралы-на айналды.
Орфографиялық дағдыны қалыптастыру жолдары
Білімді жүйелі қабылдау әрқашан белгілі бір икемділік пен дағдыға
байланысты. Білім алуға негізделген әрекет қандай да бір икемділіктің, кей
жардайда дағдының болуын қалайды. Оқытудағы білім мен дағды байланысының
дәрежесі әр түрлі болуы мүмкін. Ол әр пәннің өзіне тән ерекшелігімен
сараланады.
Орфографиялық дағды — күрделі процесс. Ол — жазу, сөздің дыбыстың құрамын
талдай білу, грамматикалық білімге сүйене отырып орфограмманы тану, оған
лайық ережені пайдалана білу дағдыларын қамтиды. Орфограмманың сипатына
қарай бұлардан басқа көптеген жеке операциялар жүргізілуі мүмкін. Ондай
жекелеген оцерациялар түгелдей есепке алынып отырылады. Бірақ үнемі олай
бола бермейді. Егер оқыту барысында күрделі әрекеттер дағдыға айналдырылуы
қажет болса, онда жеке жаттығулармен шектеліп қалуға болмайды. Осының
керісінше, егер оқушыға шығарма жаздыру керек болса, онда олармен өздерінің
ойын жазбаша беруіне және орфографиялық норманы сақтауына көмектесетін жеке-
жеке жаттығулар жүргізілуі тиімді.
Орфографияға байланысты жекелеген жұмыстар орындату үшін, оқушылардың бар
назары сол әрекетке аударылады, яғни жүргізілетін әрекет саналы орындалады.
Ал оқушының назары оның творчестволық еңбегін қажет ететін басқа бір жаңа
мақсатқа жетуге аударылса (мысалы, өз ойын жазбаша баяндап беруге), онда
бірінші әрекет (орфографиялық жаттығу) басты мақсат болудан қалады да,
оқушылардың бар ынтасы жаңадан қойылған екінші мақсатқа (шығармаға)
шоғырландырылады. Шығарма жазу кезінде бірінші әрекет автоматтандырылған,
оқушы жазған шығармасында орфографиялық білімі мен дағдысы берік
болғандығын байқауға болады. Егер оқушы жазған шығармасында орфографиялық
қате жіберген болса, онда бірінші әрекетке қайта оралып, орфографиялық
жаттығулар орындатуға тура келеді.
Орфографияның сауаттылық диктант я шығарма жаздыру арқылы есепке алынып
жүр. Бұл жерде ескеретін жағдай мынандай: диктант — оқушылар алдына
ешқандай жаңа мақсат қоймайтын таза орфографиялық жұмыс, ал шығарма
оқушылар алдына өз ойын жатық баяндап беру сияқты творчестволық талап
қояды. Сондықтан да білімнің және орфографиялық дағдылардың қаншалықты
берік қалыптасқандығына нақты көз жеткізу үшін шығарма (мазмұндама) жаздыру
тиімді.
Ойын күрделендіруге үйрету үшін алдымен әрбір жеке әрекетті оқушының
ұқыпты байымдап алуы талап етіледі. Сонан соң барып жалпы түрде ойын
қорытады. Орфограмманың грамматикалық сипатын анықтаудағы бұл сияқты ақыл-
ой жұмысын орфографиялық дағдының грамматикалық бөлігі деп атауға болады.
Дағдының берік қалыптасуы қайталау және жаттығу жұмыстарына тығыз
байланысты. Орфографияны оқытудағы қайталау теориялық (грамматикалық,
орфографиялық) білімді жасау практикасына пайдалану болып табылады.
Қайталау арқылы оқушылардың ойлау әрекеті жетіледі, орфографиялық мақсатты
қандай амалдармен, тәсілдермен шешу керектігі анықталады. Орфографияны
оқытудың амалдары мен тәсілдеріне орфографиялық іс-әрекеттерге анализ
жасау, абстракциялау, сөз контексінен тілдің морфологиялық элементтерін
бөліп алу, ол элементтерді белгілі бір грамматикалық категорияларға
жатқысу, орфографиялық ережені айқындау т. б. жұмыстар жатады.,
Жаттығу ережелерді пайдалана отырып, сөздің қалай жазылуын пысықтаумен
шектелмейді, сонымен қоса ақыл-ой жұмысын дамытуға көмектесе түседі.
Ережені білу, ережені пайдалана білу, ережені практикада қолдана білу үшін
жүргізілетін жаттығулар дағды қалыптастырудың негізгі шартты жағдайлары
болып табылады.
Әрекеттерді орындаудың амалы мен тәсілін білу.— қимылдық дағдысы сияқты
саналылық дагдының да пайда болуында маңызды роль атқарады. Қимнл дағдысы
дегеннен біз жай қимылдардан бастап (жүру, жүгіру т. б.) күрделі қимылдарды
(дене шынықтыру, спорт) орындау амалын түсінеміз. Саналық дағды анализ,
синтез, абстракциялау, нақтылау т. б. жұмыс жүйелерін қамтиды.
Күрделі ақыл-ой қызметі арқылы қалыптасатын орфографиялық дағдыны
игерудің қиындығы тек ереже немесе грамматикалық ұғымды білмеушілікте ғана
емес, қайта ережені жазу практикасында қолдана алмаушылықта. Орфографиялық
ережені жақсы білетін оқушының жазуда сол ережеге байланысты қате
жіберетіндігі белгілі. Бұл оқушының өз білімін іс жүзінде қолдана
білмейтіндігін көрсетеді. Ережені практикада пайдалану үшін орфограмманы
танып, оларды грамматикалық жағынан топтастыру, қандай ережеге лайықты
екендігін аңғарту қажет. Бұл үшін ойдың аналитикалық-синтетикалық күрделі
жұмыс істеуіне тура келеді.
Жазуға үйренбестен бұрын бала таяқша, ілмек, имек сызық, жартылай
дөңгелек сияқты әріп элементтерін сызып, қол қимылын жаттықтырады. Жаттығу
үстінде белгілі бір әріпті жазу үшін қай элементтерді пайдалану керектігін
түсінеді де, тұтас әріпті жазуға дағдыланады. Бірнеше әріпті жаза алатын
болғаннан кейін, екі немесе үш әріптен құралатын сөз жазуға дағдыланады.
Осылай әріп саны көп сөздерді жазуға әрекеттенеді.
Сөйлеу тілі мен жазба тіл арасындағы айырмашылық әріп пен дыбыс қатысына
ғана емес, сөз құрылысына да тән. Бала сөйлеп тұрған кезде сөздің
морфологиялық құрылысына, олардың жіктелуіне (қосымша назар аудармайды да,
өзінің ойын түсінікті етіп айта береді. Ал жазуда грамматикалық ерекшелік
белгілі дәрежеде ойға оралып отырады. Жаңадан жазуға үйрене бастаған бала
жеке әріптерден сөз құрағанда сөздің грамматикалық құрылысының элементтерін
сақтайды. Осыдан барып қатесіз жазу дағдысы көрініс береді.
Орфографиялық дағдыны жетілдіру және оны дамыту әр алуан психологиялық
процестер негізінде жүргізіледі. Оқушы қандай да бір жеке орфограмманы
тақтадағы я таблицадағы, немесе кітаптағы жазылуы бойынша танысады, яғни
орфограмманы алғаш тану, көру сезімінен басталады.
Оқушы назарын белгілі бір орфограммаға аудару үшін, оның сол орфограмманы
дара түрде танып қана қоюы жеткіліксіз, сонымен бірге оған анализ жасату,
салыстыру т. б. тәсілдер қолданту керек. Өйткені орфограмманы қабылдау
баланың саналы да белсенді әрекеттеріне негізделуі тиіс. Бұл мақсатта оқушы
зейінін жалпы сөзге аударып, олардың жазу тәжірибесін байыта түсу керек.
Баланың тілі неғұрлым жақсы жетілсе, орфограмманы да соғұрлым жаңсы
қабылдайтын болады.
Орфограмманы қабылдау кезінен бастап орфографиялық түсінік пайда болады.
Алайда қаншалық зейін қойып қабылдау орфограмманы толық түсіну болып
табылмайды. Мектеп программасының негізгі міндеті тілдік заңдылықтарды
орфографиялық ерекшеліктермен ұштастыра түсіндіру болып отыр.
Демек, мектеп оқушысына грамматика мен орфографияны оқыта отырып, белгілі
бір сөзді неліктен осылайша жазамыз деген талап қоя аламыз. Мұндай-талапқа
сай білімдік дағды алған оқушы етіліп отырған орфограмманы есіту, айту,
көру және жазумен ғана шектелмейді, грамматикалық көптеген әрекеттерді
орындайды: сөздерді бөліктерге бөледі, ұқсас формадағы сөздерді тізеді,
белгілі жұрнақтар арқылы-жаңа сөздер жасайды, сөздегі өзгерісті байқайды,
жеке сөздер арасындағы ұқсастық пен айырмашылықтарды. анықтайды, өтіліп
отырған орфограмманың өзіне тән ерекшеліктерімен танысады, өз білімін
жүйеге келтіреді. Осылардың негізінде құбылыстарды танудың жолдарын
көрсетеді, ережені пайдалану тәсілдері мен бақылау жасау тәсілдерін
белгілейді, қандай жағдайда қалай жазу керектігін саралайды, қажетті
үлгілерді алдын ала жасап қояды. Оқушы грамматикалық ережені игере отырып,
ойлау процесіне тән операцияларды орындайды. Құбылыс күрделі болған сайын,
оқушының ойлау жұмысы күрделене түседі. Бұл — орфограммаларды саналы түрде
түсінуге көмектеседі.
Грамматикалық әрбір ереже белгілі тұжырым, қорытынды болып табылады.
Орфографиялық ережелерді үйрену нәтижесінде оқушы жеке жағдайларды
қорытындылап, оған ережені қалай пайдалануға болатындығын аңғарып отырса,
онда оның орфограмма мен ережені дұрыс түсінгендігі. Ол үшін мұғалім
ережені түсіндіріп, оған қорытынды жасағаннан кейін, бірден өтіліп отырған
ережеге байланысты сөздер мен тұлғаларды текстен табуды ұсынады, сол
ережеге байланысты мысалдар ойлап айтқызады, сөздің жазылуын тексеруді
ұсынады т. б. осы сияқты жаттығу-пысықтау жұмыстарын жүргізеді.

Орфография тілдік ерекшеліктердің көрінісі болғандықтан, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ұстанымдары
Қазақ орфографиясының ғылыми-теориялық негіздері
Байланыстырып сөйлеу мен байланыстырып жазуға үйрету
Бейнелеу өнері әдістемесі пәнінен арналған бақылау жұмысының әдістемесі
Сауат ашу методикасының ғылыми негіздері
Қазақ тілін оқытудың инновациялық әдістері
Ағылшын тілінде оқыту құралдары
Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқыту әдістемесі
Бастауыш сыныптардағы орфографиялық қателерді түзету және ескерту бойынша жүргізілетін тиімді әдістері мен жұмыс түрлері
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихы
Пәндер