Түркі халықтырының жазба ескерткіштері



Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Түркі халықтырының жазба ескерткіштері.
1. Орхон-Енесей ескерткіші, Күлтегін, Тоныкөк, Білге қаған жазбалары.
2. Түрік әліппесінің өркениеттік сипаты.
3. Түркі жазбаларының алты кезеңі.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер

Пайдаланылған әдебиеттер
1.Айдаров Г. Язык Орхонских памятников древнотюркской письменности А-
1972.
2.С.Ш.Хасанова. Көне түркі және араб, латын жазбалары. Алматы 1994ж.
3. Шалекенов У. Х. Түріктердің отырықшы өркениеті Алматы; 2002.-292
бет.
4. Қ. Өмірәлиев. VІІІ-ХІІ ғасырлардағы көне түркі әдеби ескерткіштері
Алматы 1985 ж.
5. Қазақ ұлттық энциклопедиясы.

Түркілердің көне дүниесі Азияның бірталай кеңістігін алып жатқаны
белгілі. Моңғолия территориясынан өтетін Орхон өзені де түркілерге мекен
болған жер екені де, қазіргі замандастарымызға белгілі. УІ-ІХ ғасырлар
арасында пайда болып халқымыздың ежелгі рухани, мәдени мұрасының
белгісіндей сипатқа ие болған Орхон жазбалары қазіргі замандастарымыздың
жалпы әлемдік мәдениетті сол тарихи кезеңге тән тұркілік қоғамның
дүниетанымдық жүйесінен хабардар етеді. Сонымен қатар оның өзіндік биікке
көтерілген мәдениеті болғанын танытады.
Білге қаған (хан), Күлтегін (әскербасы), Тоныкөк (кеңесші) сияқты ірі
тұлғаларға арнап тұрғызылған құлпытастардағы жазулар тарихымыздың өткені
шытырман оқиғалы кезеңдерге толы болғанын көрсетеді. Негізінен Тәңірілік
діннің басымдык танытқанын байқаймыз. Қазіргі кезеңде зерттеушілер
тәңіршілдік дінінің табиғатқа, оның заңдылығына, үйлесімділігіне жақын
екендігін жиі айтып жұр. Яғни ол шақ әзірге ислам дінінің тұркілер еліне
әлі келе қоймаған кезіндегі жағдай екені Орхон мәтіндерінен анық көрінеді.
Бұл жазулардың тұңғиығында абсолюттің суық та әділ, қатал да уйлесімді
заңдылығын мойындау жатқанын байқаймыз. Жалпы табиғаттағы заңдылық табиғи
іріктеу принципіне жүгінеді. Күштлер жеңеді, әлсіздер оларға бағынады
немесе осы бәсекелестікте өздерінің орындарын күштілерге береді.
Тұркілердің ежелгі замандағы дүниетанымдық бағдарлары осы тәртіпке тікелей
бағынған болатын. Бірақ осы ұрдістердің астарында жоғарыдағы Әділетті
күштің мейіріміне бас ию де жатқан болатын.
Сөйтіп, еларалық қатынастардың осындай қарсыластық шендесуден тұру кезеңі
адамдар үшін үйреншікті жайға айналғанын байқаймыз. Дегенмен сол тарихи
кезеңде этикалық принциптердің өзіндік келбеті қалыптаса бастағаны да
байқалады. Мәселен, алда тұрған қарсыластың күшін санымен емес, сапасымен,
яғни рухының күшімен анықтау бағалаушы бағдар ретінде қалыптаса бастайды.
Сондықтан тұркілер үшін батырлық ұғымы тек шеберлікті білдірмейді, ол
рухтың шыңдалғандығын танытады. Міне, осыған ұқсас ойларды Платонның
"Мемлекет" деген шығармасынан кездестіреміз, яғни ежелгі гректер үшін үлкен
террито-риясы бар мемлекеттің немесе әскерлер тобының қажеттілігі жоқ
екендігі айтылады. Оның орнына аз да болса жетілген, шыңдалған, рухы мықты
жауынгерлер ғана мемлекетті жақсы қорғай алатындығын ескертеді. Әрине,
мемлекетті қалай орналастыру, қорғау, дамыту жөніндегі пікірлер көп екенін
белгілі.
Әрине, тұркілердің көшпенді өркениеті отырықшы елдердегі тұрақтылыққа
бейімделмеген болатын. Сондықтан тұркілердің кеңістік пен уақыт туралы
түсініктері ерекше сипатта болғанын аңғарамыз. Олар өздерін ғарыштан,
табиғаттан, өздерінің туған жерінен бөліп алып қарастырмағаны байқалады.
Әрбір тұркілік көзқарастың тұңғиығында өмірге деген риясыз қатынас жатыр.
Яғни аспандағы күн де, жұлдыздар да оның жұрегінен орын алған, сондықтан
олар бар жерде тұркінің де "Мені" орныға алатындай түсініктер тұр. Елдің
бірлігін, тұтастығын ойлағанда қағандар тек тіршілік етудің төменгі
сатысында ғана қалумен шектелмейді. Ол "ата-баба мекенін" көркейтуді,
гүлденуді көксейді. Міне, осы қасиетті істе әр тұрлі жаңылысулар,
қателесулер болатындығы Орхон жазбаларында ескертпе тұрінде тұжырымдалған.
Шынымен де, қателеспейтін адам болмайды, сұрінбейтін тұяқ болмайды. Бірақ,
негізінен халық үшін, елім үшін деп ер жігіт терін төксе, ұрыс даласында
қанға боялып жатса, онда тұркілік дүниетанымға, қалыптарға сай өмір
сұргені. Осындай мәрттікті өмірге негізгі принцип ретінде ұсынған ежелгі
тұріктер көп халықтар үшін өз заманында үлгі бола білді деген ойдамыз.
Орхон жазбаларын казіргі қазақ тіліне аударып, оның түсінікті болуына
үлкен еңбек сіңірген М.Жолдасбеков болса, ежелгі тұркілердің әдебиетін
ғылыми пайымдауға біршама үлес қосқан ғалымдардың қатарына И.В.Стеблеваны
қосамыз. Сонымен қатар шығыстың мәдениет ескерткіштерін тереңірек зерделей
түсуге көмек көрсеткен бірталай еңбектер де дүниеге келіп үлгерді. Бұл
тарихи сананың қатпарларын түсінуге және оны игеруге деген зерделі ұмтылыс
болып табылады.
Әрине, тұркілік дүниетанымымыздың екшелей қарауымыздың түкпірінде
өзімізді тереңірек тануға деген ұмтылыс жатыр. Тарихтың терең
қатпарларындағы дүниетанымдық иірімдердің мағынасын түсінбей қазіргі
жаһандану кезеңіндегі үлттық мәдениетке жасалынып жатқан объективті
кыспаққа төтеп беру мүмкін емес. Сондықтан ежелгі дүниедегі рухани мұрадан
даналықты іздеудің өзі заңды дүние.
Сонымен Орхон жазбалары бізді неге үйретеді? Біріншіден, халқымыздың
ежелгі жазба мәдениетін құрметтеуге шақырады; екіншіден, тәуелсіздігін
нығайтып жатқан еліміздегі әрбір жас азаматтың өз елін, өз жерін ежелгі
тұркілерше сүйе білуге итермелейді; үшіншіден, рухтың мықтылығы ғана
адамдарды үлкен жеңістерге жетелейтіндігін көрсетіп береді. Сондықтан,
ежелгі тұркілердің бір қарағандағы қарапайым дүниетанымының астарында
жатқан қуатты күштердің бар екенін байқағанда ғана халқымыздың өткен
тарихында қордаланған мәдени мұраның құдіретін шынайы тұрде сезіне аламыз.
Ал, ол түсініктер мәңгі дамуға, рухани жетілуге, қиындықтарды ауыздықтауға
бағытталғаны белгілі. Сондықтан тұркі жазбалары өткен мен келешектің көпірі
іспетті. Ондай жазбалар тарихтың сабақтастығын күшейтіп, ұрпақтар
арасындағы байланысты нығайта түсері анық.
Кез келген халықтың ежелгі тарихына көз жіберсек, онда олардың барлығында
өнерге, аңыздарға, діни сенімдерге, эстетикалық үлгілерге, моральдық
принциптерге деген қатынастардың бірте-бірте қалыптасқанын байқаймыз.
Бірақ, әр тұрлі мәдениет өзінің дүниені рухани игеруін әр қилы етіп
жеткізуге талпынған екен. Біреулерінде ғасырлар сынағынан өткен, қазіргі
ұрпақ үшін ежелгі әлеммен байланысының тетігі ретінде болған пирамидалар
қалған болса, екіншілерінде көптеген мифологиялық образдар мәдени-аралық,
ойлауаралық сабақтастыктың белгісіндей болды. Ал, енді әлемге дүниежүзілік
діндерді сыйлаған Таяу Шығыс пен Ежелгі Үндістан жеріндегі рухани
құбылыстардың орны өзінше ерекше.
Сөйтіп, Көк пен Жердің арасындағы байланысты Тәңірінің құдіреті деп
түсінген тркілер жалпы ғаламның тұтастанған, жүйеленген заңдылығын барынша
құрметпен сыйлағанын Орхон-Енисей жазбаларындағы тұжырымдардан ұғамыз.
Тәңірімен қоса Ұмайдың құдіретті күші жайлы Иолығ-тегіннің жазбаларында
барынша тікелей айтылады. Яғни табиғат пен әлеуметтік дүниедегі әрбір
хүбылыстың ішкі мәні өзінен әлдеқайда құдіретті күштерге бағынады деген
түсініктердің қалыптасқанын байқаймыз.
Ежелгі тұркілердің өмірлік принциптері, дүниетанымдық басымдылықтары
"Өлімнен ұят күшті" деген этикалық ұстанымға сүйенетіндігін Орхон
жазбаларынан оқимыз. Шын мәнінде көптеген өмірдегі пенделік рухани
адасушылықтың бастауы адамның ұятсыздығынан, яғни екіжүзділігінен
басталатынын Күлтегін, Тоныкөктер заманында бабаларымыз айқын білген.
Табғаштармен, оғыздармен және құтандармен қанша рет ұрыс даласына шықса
да өлімнің алдында бас имеген түркілік ата-бабамыз қорқыныштың не екенін
білмегені байқалады. Бұл дегеніңіз рухтың биіктігін, мықтылығын білдіріп
қана қоймайды, ол сонымен қатар тіршіліктегі жақсылык пен болашаққа деген
түпкілікті сенімнің әр түркінің жүрегінде орналасқанын білдіреді. Яғни бұны
өз ісінің әділеттілікке, адалдыққа, үйлесімділікке сай келетініне деген
шексіз сенім десе де болады. Ондай сенімсіз соншама соғыстарды бастан
кешіру қиын және сол сенім арқылы елдің болашағын ойлаған. Онсыз осындай
естелікті тасқа қашап жазып қалдыру мүмкін емес болатын.
Күлтегіннің үлкен жазуында төмендегідей сөздер бар: Бектері де, халқы да
Сенімді екен. Сол үшін де елін сонша (ұзақ) билеген екен.
Міне, қоғамның тұтастығы, адамаралық қатынастың негіздері туралы
әлеуметтік философияның нышанын осы тұжырымдардан аңғаруға болады. Елдің
ішкі тұтастығын ақтау үшін билеушіге деген сенім жоғары болу керек деген ой
тұжырымдалғаны байқалады. Жалпы ежелгі түркілер әлемінде мемлекеттілік
болмаған деген түсініктің өзі қазіргі заманның ерекше жаңылысуларының бірі.
Себебі әрбір тарихи кезеңнің өзінің деңгейіне сәйкес келетін әлеуметтік,
саяси құрылымдар туралы түсініктері мен пайымдаулары болады. Олар белгілі
бір әлеуметтік болмысқа сай келетін құрылымдарды мойындайды, соның
тұтастығын қамтамасыз ететін әлеуметтік, саяси күштердің болғанын қалайды.
Ал оның одан басқа сипаттағы талаптарға жауап беруі немесе сәйкес келуі
міндетті емес. Сондықтан қазіргі кезеңдегідей тұрақты әскер, белгілі бір
қадалардан тұратын шекаралар түркілер заманында шегеленіп айқындалмағанмен,
өзінің күні туғанда, уақыты келгенде әскер де ұйымдасқан, туған жер туралы
түсініктер нақтылана, деректеле түскен.
Орхон ескерткіштерінің танымдык, тәлімдік қорытындыларын түйіндейтін
заман келгенін ашық айтуға болады. Өйткені, қазіргі кезеңде әлемдік
қауымдастық өзінің өткенін зерделеумен қатар болашағына алаңдап қарауда.
Адамзат өз қолымен жасаған техникалық, техногендік қоғам өзара кикілжіңді
өсірмесе, азайтуға іргетас болмай отыр. Тек озық ойлы, рухани жетілу жолына
түскен азаматтар ғана соғыс пен текетірестін адами орта үшін тек зиянкестік
әкелетінін байыпты жеткізуде. Орхон жазбаларының түпкі мақсаты
жаугершілікті немесе соғыскерлікті культ жасау емес, керісінше халықтың
арасындағы сұхбатты, адамдар арасындағы өзара түсіністікті орнатуға ұмтылыс
болып табылады десек қателеспейміз. Яғни өзара түсінісу философиясының
негізі сонау тұр-кілер заманында қаланғанын айтуға болады.
Ал, енді қазіргі ұрпақ үшін осы өзара түсіністіктің іргетасын нығайтып
орнатудың уақыты жеткені белгілі. Міне, тарих үйреткен тәлімнің ең
негізгісі осы болып табылады. Жалпы түркі халықтары туралы теріс
таптаурындардың (стереотиптер) ғасырлар бойы белең алып келуі олардың
көшпелі өмір салтына байланысты болатын. Ал көшпелілерді отырықшы елдердің
онша ұната қоймағаны рас. Себебі олар дүниетанымдық жүйе ретінде белгілі
бір қарама-қайшылықтағы әлемдер. Бірақ олар бір-бірін тарихи толықтырумен,
бір-біріне игі ықпал етумен келген. Олардың әрбір өркениеттік
қақтығыстарының астарынан адамзаттың біртұтас дамуындағы қажетті сатылардың
белгілерін оқимыз.
XX ғасырда екі дүниежүзілік соғыс Еуропаның отырықшы елдерінен
басталғанын ескерсек, онда көшпелілерге деген сыңар-жақты пікірді өзгертуге
тиістіміз. Осыған орай Орхон жазбаларының мәтіндік ерекшеліктерін жан-жақты
қарастырған сайын өзіміздің дүниетанымдық көкжиегімізді аша түсетін, тарихи
білімге объективтілікпен қарауға шақыратын білімнен сусындайтынымыз анық.
Әрбір тарихи кезең өзіндік құндылықтар жүйесін құрайды, салыстырмалы
түрдегі философиялық тұжырымдарды жасайды. Ол үшін тарихи санадағы басымдық
танытқан дүниетанымдық әмбебаптықтарды сараптай алуымыз керек және оны
келешектің қисынына сәйкес келетін қорытындылармен көмкеріп отыруға
тиістіміз. Сонда ғана тарихи мұраның рухани астары өзектене, маңыздана
түседі. Міне, осындай тұрғыдан бағаласақ, сонда сонау түркілік орта
ғасырларда тасқа мәтін болып түскен Күлтегін, Тоныкөктердің аты биік
деңгейдегі тарихи тұлғалардың рөлін атқаруы тиіс. Себебі елін, жерін,
халқының әрбір азаматының тағдырларын ойлаған тарихи кейіпкерлер әр уакытта
мәңгі ұмытылмас әлеуметтік субъектілер екені анық және ондай тұлғалар
қазіргі заманның көсемдерін, көшбасшыларын бейбіт жеңістерге жігерлендіре
түсетініне сенімдіміз. Олар ғасырлардан лайықты өту үшін ар мен ұяттың
басымдылығын ұмытпаған жөн деген идеяны келесі ұрпақтарға жеткізген жандар
болып табылады.
Түркілердің тарихында басымдық танытқан адамгершілік принциптері,
моральдік нормалар, этикалық бағдарлар тарих соқпағында жоғалып кеткен жоқ.
Кейінгі түркі тайпаларынын қазақ деген халыққа біріккен дәуірінде әрі қарай
жалғасын тапты. Ата-бабалардың рухани үлгілері өмір сүрудің жоғары деңгейлі
формасы ретінде халық санасында сақталып отырды. Ол, әсіресе, хандық
дәуірдегі ақын-жыраулардың шығармашылығынан айқын байқалды.
Орхондық жазулар кезіндегі түркілік жазба мәдениеттің орнын басқа типтегі
мәдени үлгілер (ислам дініне бағдарланған), ойлар және дүниені пайымдау
құрылымдары бірте-бірте ауыстыра бастағанымен халық жадында терең орын
алған тарихи сананың белгілері өз күшін ұзақ уақыт сақтаған болатын.
Осындай үрдістердің оңды әсерін қазақ халқының кең территорияны иемдене
алғанынан аңғарамыз. Кезінде қалыптасқан түркілік мықты рухани күштің
арқасында ғана ғасырлар бойы этникалық тұтастығымыз сақталды, халықтық
келбетіміз айқындала түсті. Сондықтан Орхон ескерткіштер мәтіндерінің
халқымыз үшін терең философиялық маңызы бар.
Түрік атының, Түрік ұлтының аты кездесетін ең алғашқы түрікше текст...
Алғашқы түрік тарихы. ... Тастар бетіне жазылған тарих... Түрік өкімет
адамдарының халыққа есеп беруі, халықпен есептесуі... Өкімет пен халықтың
бір-біріне деген міндеттері... Түрік жүйе тәртібінің, тірік салтының, түрік
мәдениетінің биік түрік өркениетінің үлкен құжаты.
Орхон ескерткіштерін қадірлегіміз келгенде адамның ақылында, ойында міне
осы сияқты түсініктемелер болуы керек. Орхон ескерткіштері көктүрік
кезеңінен қалған жазба ескерткіштер.
Міне осы айтып отырған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сәлім тұсында жасалган реформалар
Түркілер дәуіріндегі түрлі мәдени байланыстар тарихы зерттеулерде
Қожа Ахмет Йасауи поэзиясының түркі әдебиетіндегі орны мен маңызы
АЛАШ ҚОЗҒАЛЫСЫ ЖӘНЕ НАРМАНБЕТ ОРМАНБЕТҰЛЫ
ҮІІ-ІХ ғғ. түркі жазба ескерткіштері тілін зерттеу нәтижелері - көне түркілер тілін антропоөзектік бағытта зерттеудің базалық негізі
Ескі қыпшақ тілі
Көне түркі тілі. Лекция тезистері
Көне түркі жазуы туралы
Көне Түркі жазуларының зерттелуі
Көне түркі тілі
Пәндер