Орхон-Енисей ескерткіштерінің зерттелу тарихы
Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Енисей жазба ескерткіштері
2. Орхон-Енисей ескерткіштерінің зерттелу тарихы
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Енисей жазба ескерткіштері
Дүние жүзіндегі халықтар сияқты түркі халықтарының да өздеріне
тән даму, қалыптасу тарихы бар. Ешбір тайпа, халық және ұлт тарихсыз
болмайды.
Түркі тайпалары халық ретінде дүние жүзіне біздің дәуіріміздің VІ
ғасырдың орта кезінен бастап-ақ белгілі бола бастады. Түркі тайпалары
туралы құнды деректерді біз Батыс Европадағы Византия материалдарынан
көбірек кездестіреміз. Бұл деректер түркі халықтары үшін баға жетпес тарихи
және мәдени мұра болып есептеледі. Түркі халықтарының тарихи мұраларын шын
мәнінде бағалай білу, олардың тарих, мәдениет және тіл тұрғысынан алғанда
баға жетпес қазына екендігін көпшілікке жеткізу кезек күттірмейтін негізгі
міндеттердің бірі. Бұл көне жазба нұсқаларынан тасқа қашалған мынадай
сөздерді кездестіреміз: “Түркі бектері мен халық, мұны естіндер. Қандай
сөздерім болса соларды мәнгі тасқа жаздырдым. Оларды көріңіз, ұғындар”. Бұл
сөздер, арнаулар түркі халықтарының кейінгі ұрпақтарына арналған. ( Ғ.
Айдаров “Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі”)
Қазақстан жерінде алғашқы тайпалық мемлекет соңғы үйсіндер дәуірінде
( ІІІ-VІ ғ.ғ) құрылды. Атақты ғалым Абел Ремюзенің пікірінше орхон жазуын
пайдалана білген. Үйсіндірден кейінгі түрік қағанаты кезінде Орхон жазулары
олардың мемлекеттік жазуына айналған. Бұл жазумен түркі қағандары Иранға,
Византияға, Қытайға елшілік хат жазып жіберген, өлген адамдардың басына
қойған құлыптасқа жоқтау жырларын ойып жазып отырған.
Бұл, негізінен жазулардың пайда болуы сауда қатынасының дамуына да
тығыз байланысты еді. Сауда, айырбас, ақша белгілері мен тауар бағалары да
жазуға мұқтаждық туғызды. ( Х. Сүйіншіәлиев Қазақ әдебиетінің тарихы. 25-
бет)
Орхон-Енисей ескерткіштерінің зерттелу тарихы
Орхон-Енисей ескерткіштерінің зерттелу тарихы ХVІІ ғасырдың екінші
жартысынан басталады. Ең алғаш рет 1662 жылы Орхон-Енисей жазуы жөнінде
хабар берген адам-Амстердам қаласының бургомитсрі Н. Витзен.
Ал Орхон-Енисей ескерткіштері үлгілерінің алғаш нарық көруі Сібірде
13 жыл айдауда болған Швед офицері Ф.И. Табберт-Стролленбергтің атымен
тығыз байланысты. Оның 1730 жылы Стокгоьм қаласында неміс тілінде басылып
шыққан “Европа мен Азияның солтүстік және шығыс бөлімдері” атты еңбегінде
көне ескерткіштер туралы көптеген қызғылықты мағлұмат берілді.
1887-1888 жылдары фин елінің көрнекті ғалымы Ж. Аспелин арнаулы
экспедициямен Енисей өзені бойындағы жазуларды зерттеп қайтты,
экспедицияның қорытынды материалдары 1889 жылы Гельсенгфоргте “Енисей
жазбалары” деген атпен жарық көрді. Бұнда 14 текстік иллюстрация, 32 жазу
таңбасы, 8 фотосуреттер қойылған еді.
1889 жылы Н.М. Ядринцев бастаған Орыс географиялық қоғамының Шығыс-
Сібір бөлімі экспедициясы Моңғолиядағы Орхон өзені бойынан екі үлкен
ескерткіш тауып, түркология ғылымына елеулі үлес қосты. Оның бірі
Күлтегінге, екіншісі-Білге қағанға Могилян арналған ескерткіштер еді.
Осыдан көп кешікпей-ақ 1890 жылы Г.Геккель бастаған фин және 1891 жылы В.В.
Радлов басқарған экспедициялар Монғолияға барып, Орхон және Енисей
бойындағы ескерткіштерді зерттеп қайтты.
Географиялық, тілдік және графикалық ерекшеліктеріне қарай көне түркі
ескерткіштерін үш үлкен топқа бөледі:
1. Енисей ескерткіштері
2. Талас ескерткіштері
3. Орхон ескерткіштері
Енисей ескерткіштері қатарына: Енисей өзені, Тува автономиялы
республикасы, Алтай, Хакас автономиялы облысымен Краснояр өлкесі
территориясынан табылған бірсыпыра ірілі-уақты ескерткіштер жатады. Қазір
Енисей ескерткіштерінің жалпы саны 145-ке жетіп отыр. Олары әркімдер әр
уақытта жоғарыда аталған территориядан тауып алған. Мұндай ескерткіштерді
алғаш тапқандардың ішінде Ошурков, Мессершмидт 1721 жылы, Кастрен Кузнецов
1885 жылы, Клемменц 1886 жылы Савенков, Проскуряков, Раистерді 1900 жылы,
Андрионов 1915 жылы сияқты ғалымдар мен әртүрлі мамандық өкілдері бар.
Енисей ескерткіштері көлемі жағынан өте шағын, олардың ең үлкені 10-
15 жылдан, көшілері бір, екі, үш жолдардан тұрады. Қолдану мерзімі жағынан
Енисей ескерткіштері түркі жазбаларының ең кенесі, ол шамамен V-VІІ
ғасырларды қамтиды.
Енисей ескерткіштері материалдарын оқып, транскрипцияларын жасап,
оларды жариялауда В. Радлов, В. Томсен, П.М. Мелиоранский, С.Е. Молов,
Н.Оркун, В.А. Котвич және тағы басқа ғылымдар елеулі еңбек етті. 1959 жылы
И.А. Батманов Енисей ескерткіштерінің тілдік ерекшеліктеріне байланысты
Енисей көне түркі ескерткіштерінің тілі атты еңбек жазды.
Талас жазу ескерткіштері қатарына Талас бойынан табылған 12 ескерткіш
жатады.
Талас өзені бойындағы Айыртай-Ой дейтін жерден 1896 жылы Әулие Ата
уезінің бастығы В.А. Каллаур ғылымға үлкен жаңалық боп енген жазуы бар тас
тауып алды. Бұл ескерткішті бұдан кейін Г.Геккель қарап шықты. Оның
аудармасын В. Радлов 1899, Ю.Ншет 1926, С.Е. Молов 1928, Х.Н. Оркун 1930
жасады.
Екінші ескерткіш 1898 жылы Талас өзені бойындағы Дмитриевск селосы
маңынан табылды. Екінші ескерткіштің аудармасын жасап, жариялағандар: П.М.
Мелиоранский, Ю.Ншет 1926, С.Е. Молов 1936 және Х.Н. Оркун 1939 жасады.
Үшінші ескерткіш те 1898 жылы осы маңнан табылды. Төртінші, бесінші
және алтыншы ескерткіштер де осы жылдары табылады.
1961 жылы археолог-топограф П.Н. Кожмяко Талас өзені бойынан төрт
жолдан тұратын жаңа бір Ғылым академиясы ұйымдастырған экспедиция мүшелері
тағы да жаңа үш ескерткіш тауып, Талас ескерткіштерінің санын арттыра
түсті.
Орхон ескерткіштері қатарына VІІ ғасырдың аяғы мен VІІІ бас кезендегі
Орхон, Селенгі, Тула, өзендері мен Минусинск ойпатынан табылған құтлығ
қаған Онгин Билге қаған Могилян, Күлтегін, Тоникук, Мойын Чор, Күлі Чор,
Суджы және т.б. бірқатар ескерткіштер жатады.
Кутлуғ қаған ескерткішін 1891 жылы Моңғолиядағы Онген өзені бойынан
тапқан-Н.Я. Ядринцев. Жазба нұсқа-Орхон ескерткіштерінің ішіндегі ең көне
ескерткіштердің бірі. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz