Орхон-Енисей, Талас ескерткіштері тіліндегі Тәңірлік идеясы



Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Орхон-Енисей, Талас ескерткіштері тіліндегі Тәңірлік идеясы

As. Prof. Gulimzhan Zhylkybaya, Dr. Zhazira Isayevab, Dr. Raushan
Bayimbetova c,
As. Prof. Aigul Baituova d

a Gulimzhan Zhylkybay , Bekzat Sattarkhanov Av.No 29, A.Yesevi
International Turkish-Kazakh University, Turkestan 161200, Kazakhstan
b Zhazira Isayeva, Bekzat Sattarkhanov Av.No 29, A.Yesevi
International Turkish-Kazakh University, Turkestan 161200, Kazakhstan
c Raushan Bayimbetova, Bekzat Sattarkhanov Av.No 29, A.Yesevi
International Turkish-Kazakh University, Turkestan 161200, Kazakhstan
d Aigul Baituova, Bekzat Sattarkhanov Av.No 29, A.Yesevi International
Turkish-Kazakh University, Turkestan 161200, Kazakhstan

Abstract
Қазақ халқының рухани-мәдени құндылықтар жүйесі жалпы түркі халықтары ата-
бабаларының дүниетанымымен, тарихымен, өмір тәжірибесімен үздіксіз жалғасып
келе жатқан тұтас құбылыс. Түркі халықтарының рухани архетиптері Еуразия
құрлығының автохтонды тұрғындары – жартылай көшпелі көне тайпалардың
мәдени құндылықтар әлемінен бастау алып, түркі суперэтносының қалыптасу
тарихындағы сан ғасырлық уақыт тезінен өтіп, халықтық тәжірибенің
сүзгісінен екшеліп, сұрыпталған кешенді жүйенің негізін құрайды Ежелгі
түркі халықтарының қоршаған орта, адамзаттың пайда болуы, адами қасиеттер
жайлы таным-түсініктері туралы, жалпы түркілік болмысқа тән мәдени-рухани
құндылықтар жүйесі жайлы мағлұмат беретін бірден-бір жазба дерек – ҮІІ-ІХ
ғасырларда жазылған көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі. Жазба
ескерткіштер – қай халықтың болмасын өткен тарихы, мәдениеті, әдебиеті,
тілі, тұрмыс-тіршілігі, мифологиялық, діни наным-сенімдерінен мағлұмат
алуға мүмкіндік беретін асыл мұра. Халықтың мәдени-рухани тұрғыдан
өркендеуі, тілінің өсу деңгейі оның түп тамырының тереңдігімен де
өлшенеді. Сондықтан халық болмысын тілі арқылы танып-білу үшін алдымен өз
халқының түпкі тамырын олардың алғашқы жазба тілімен, жыл өткен сайын
құндылығы еселеп артатын көне жазбалар тілімен сабақтастыра қарастыру –
бүгінгі ұрпақтың еншісінде. Мақалада жүйелеу, семантикалық,
семасиологиялық, танымдық-логикалық тұрғыдан талдау, сондай-ақ тарихи-
салыстырмалы, диахрониялық-компоненттік, этимологиялық, стилистикалық,
мәтіндік амалдарды пайдалану арқылы Орхон, Енисей, Талас ескерткіштері
мәтіндерінің тілі (транскрипция бойынша) негізінде көне түркілер
дүниетанымын бейнелейтін тілдік бірліктер лингвофилософиялық тұрғыдан
арнайы зерттеу нысаны ретінде алынып, олардың мазмұнындағы
этнофилософиялық, этномәдени ақпарат зерделенуі, ескерткіштер тіліндегі
концептілер жүйесінің көне түркілердің діни-мифологиялық дүниетанымының
негізі Тәңірлік идеясының аясында өрбитінінің тілдік деректер арқылы
нақтылануы талданады.

Keywords: рухани құндылықтар, түркілер дүниетанымы, тілдік бірліктер,
жазба ескерткіштер, тарих, мәдениет, Тәңірлік идеясы

I.INTRODUCTION
Түркі халықтарының ортақ мұрасы - Орхон, Енисей, Талас ескерткіштері
тілінің зерттелуі жүз жылдан аса уақытты қамтитын тарихы, өзіндік дәстүрі
бар, ғылыми ұстанымдары мен әдіс-тәсілдері қалыптасқан сала болғанымен көне
түркі мұралары тілін антропоөзектік парадигма аясында этнолингвистикалық,
лингвомәдениеттанымдық, лингвоконцептологиялық тұрғыдан, тіл филосфиясы
негізінде зерттеу енді-енді қолға алына бастады. Сондықтан қазіргі
түркілердің дүниетанымдық стереотиптерінің арқауы болып табылатын ҮІІ-ІХ
ғасыр түркілерінің дара болмысын олардың өздері қалдырған жазба мұралар
тілі арқылы анықтау, көне түркі дүниетанымын көрсететудегі тілдің
этномәдени ақпараттық әлеуетін тілдік бірліктердің мазмұндық-семантикалық
аясы негізінде саралау түркі тіл біліміндегі өзекті мәселе болып табылады.
Орхон-Енисей жазба ескерткіштері мазмұны жағынан ұлы түркі мемлекеті мен
оның халықтарын іштей ру-тайпа ретінде топтастырса да, оның тұтастығын,
елдігін сақтап қалуға негіз болатын, ұрпаққа мұра болып қалған, тасқа
жазылған тарихымыз. Сондықтан да ол барша түркі әлеміне ортақ. Ал
ескерткіштер мәтінінің мазмұны ғұндар дәуірінен жалғасып келе жатқан
түркілік төлтума мәдениеттің негізі болған Тәңірлік дүниетаным аясындағы
рухани-мәдени құндылықтарды қазіргі түркі халықтарының бәріне ортақ рухани
құндылықтар жүйесімен салыстыруға мүмкіндік береді және қазіргі түркі
халықтарының әрқайсысына тән дара болмысы мен ортақ түркілік болмыстың
жігін айқындауға да жол ашады. Бұл жұмыстың жалпы түркітанудағы өзектілігін
айқындайды.
Ежелгі түркі халықтарының Жаратқан ие, табиғи құбылыстар, қоршаған
орта, адамзаттың пайда болуы, адами қасиеттер жайлы таным-түсініктері
туралы, жалпы түркілік болмысқа тән мәдени-рухани құндылықтар жүйесі жайлы
мағлұмат беретін бірден-бір жазба дерек – ҮІІ-ІХ ғасырларда жазылған көне
түркі жазба ескерткіштерінің тілі. Тасқа қашалып, барша түркі әлеміне
рухани мұра болып қалған көне түркі жазба ескерткіштері мәтіндерінде түркі
халықтарының тұрмысы мен қоғамдық-әлеуметтік, саяси-әскери өмірі жайлы
тарихи шындық, ұрпаққа өсиет болар даналық сөздер, ел билеуші білікті
қағандардың шынайы шежіресі сипатталған.
Антропологизм адам ақыл-ойының құрылымы мен оны анықтаудың тетіктерін
жалпы болмыс тұрғысынан онтологиялық негізде қарастыратындықтан негiзгi
идеялары діни-мифологиялық концепциялармен де астасып жатқанын байқауға
болады. ҮІІ-ІХ ғасырларда өмір сүрген түркі тайпаларының Адам, қоршаған
орта, жалпы ғалам туралы көзқарастары да олардың мәдениеті мен тілі арқылы
көрінетін ақиқат дүниемен ұштасып жатқан қарапайым дүниетанымынан өрбиді.
Дәстүрлi түркiлiк дүниетаным жалпы түркiлердiң мәдени тұтастығы
мен табиғи ерекшелiгiне сай қалыптасқан адам санасындағы ғаламның бейнесі,
ол ғаламды тану мен түсіну барысында қалыптасқан халықтың қарапайым біліми
тәжірибесінен тұрады. Түркілердің ғаламды тану құбылысы - жаратушы ие
(тәңір) және адам, табиғат және адам, адам және қоғам, адам және кеңiстiк,
адам және уақыт cынды әмбебап түсiнiктер жиынтығынан және солардың аясына
кіретін - жан мен тән, өмiр мен өлiм, жақсылық пен жамандық, мәңгiлiк пен
жалғандық, жат пен жақын т.б. ұғымдар кешенінен тұрады. Осындай
түсiнiктер мен ұғымдар жиынтығынан тұратын концептуалды жүйенің
лингвистикалық бiрлiктер арқылы акустикалық немесе графикалық тұрпат алуы
ғалам бейнесінің түркілік тiлдiк моделін сомдайды. Аталған ұғымдардың бәрі
де өзек концепт – Адам концептісінің мазмұнынан тарайды. Тiл мәдениет пен
дүниетаным үйлесiмдiлiгiнiң көрсеткiшi ретінде құндылықтар кешенінің
тұтастығы мен тепе-теңдiгiнiң сақталуын да қамтамасыз ететіндіктен танымдық
концептуалдық жүйенің тілдік репрезентациясы концептілік құрылымның сыртқы
құрылымын айқындайтын лексемалық, тіркестік, синтаксистік, мәнмәтіндік,
мәтіндік деңгейлерді қамтитын тілдік репрезентациялардан тұрады.
Ескерткіштер тілінің бейнелілігі, көркемдігі оның айтарлықтай
өңделген тіл екенін білдіреді. Алайда көркем стиль ескерткіштердің бәрінде
бірдей емес. Күлтегін жазуында, Білгеқаған және Туниқук жазбаларының
тілінде көркем қолданыстар, тұрақты тіркестер мәтіндеріне қарағанда мол
қамтылған.

II.PROCEDURE
A.Methods
Көне түркі жазба ескерткіштері тілін зерттеудің қазіргі түркі халықтары
тілдерінің даму жолын, дүниетанымын анықтаудағы маңызын көрсету мақсатында
дәстүрлі сипаттама әдісі, тілдік бірліктердің этнофилософиялық, этномәдени
мазмұнын ашуда жүйелеу, семантикалық, семасиологиялық, танымдық-логикалық
тұрғыдан талдау тәсілдері қолданылды. Сондай-ақ лингвистикалық талдаудың
тарихи-салыстырмалы әдісі, диахрониялық-компоненттік, этимологиялық,
стилистикалық, мәтіндік амалдары да пайдаланылды.

III.DISCUSSION
Ұрпақтан-ұрпаққа жететін рухани-мәдени құндылықтар жүйесі тілдің
ақпараттық-кумулятивтік қызметі арқылы жалпыадамзаттық өркениет кешенін
қалыптастырады. Әрбір тарихи-әлеуметтік кезеңнің өзіндік рухани
құндылықтарын қалыптастыратын таным-талғамы өз кезегімен келесі тарихи
кезеңдегі жаңа ұрпақтың таным-талғамы мен тәжірибесінің сүзгісінен өтіп,
сұрыпталып, кейде заман талабына төтеп бере алмай ысырылып қалып жатса,
кейде жаңа құндылықтардың өзегіне айналып ұрпақтан-ұрпаққа жалғасады.
Түркілік суперэтнос танымындағы Тәңір ұғымы да өзінің тұрақтылығымен
ерекшеленеді. Түркілік дүиетанымның негізі - Тәңірлік идеясы бастауын
хун дәуірінен алатын терең тамырлы ілім. Белгілі қазақ ғалымы А. Сейдімбек
Тәңірлік дүниетаным, наным-сенім әрісі көшпелілер үшін, берісі түркі
тілдес халықтар үшін дін ғана болып қоймаған, ең алдымен өмір салтына
айналған. Тәңірлік наным-сенімнің өзекті пастулаттарының негізінде
табиғатпен тіл табысу идеясы бел алып жатады. Ал, көшпелілер үшін табиғатты
бағындыру емес, табиғатпен тіл табысу өмір сүрудің кепілі еді. Тәңірі
көшпелілер ұғымында шексіз көк аспан, Мәңгілік танымның объектісі, сонымен
бірге ақырына дейін танып болмас ғарыш [1, 89 б.] деп, түркілер үшін
Тәңірдің тылсым құбылыс ретінде қабылдағанын меңзейді. Қазақ тілінің
түсіндірме сөздігінде де тәңір лексемасына діни 1.Құдай, Алла тағала,
Құдірет. 2.Құдіретті күш иесі, пір [2, 791 б.] деген түсініктеме беріледі.
Мифологиялық-дiни дүниетанымнан өрбіген Тәңірлік идеясы көне түркілер
танымында ғаламдық кеңістікті танудың кешенді концепциясы ретiнде олардың
тілінен де берік орын алды. Тәңір ұғымы арқылы сомдалған көне түркілік
дүниетанымның мифологиялық негізі табиғатпен етене жақын жартылай
көшпенділердің өмірлік тәжірибесімен астасып, діни-мифологиялық ілімге
айналды, олардың этностық біртұтастығын қамтамасыз етуге, мәдени-
эстетикалық болмысын қалыптастыруға, рухани құндылықтарын арттыруға,
әлеуметтік-саяси тұрмысын нығайтуға қызмет еткенін көрсетеді.
Саналы адамзат болмысының ерекше қырларының бірі - әуесқойлық, өзін-
өзі, қоршаған ортаны, табиғи құбылыстарды танып-білуге деген құлшыныс.
Адамды адам ететін, оның сапалық мәнділігін арттыруға ықпал ететін де осы
қасиеті. Сондықтан адамды философиялық категория ретінде қарастыратын
философтарды да, тілдік категория ретінде танитын лингвистерді де ішкі
таным дүниесі бай, заттар мен құбылыстарды танып білуде өзіне ұқсас
адамдардың әлеміне деген қызығушылық қатынасы бар тілді, сананы
тасымалдаушы адам [3, 114 б.] қызықтырады. Адамзаттың жаратылыстың күрделі
де құпия құбылыстарынының сырын білу, пайдасы мен зиянын түсіну
мақсатындағы іс-әрекеті олардың танымын да кеңейте түседі. Түркілер
дүниетанымындағы Тәңірлік идеясының орнығуы да олардың білсем деген
құлшынысынан туындаған. Діни-мифологиялық сана дамуының бастауы болып
табылатын кие (тотемизм), дуа (магия), қасиет (фетишизм), рух (анимизм)
жайлы наным-сенімдер де, аспан әлемінде қайталанып отыратын Күн мен Айдың
тұтылуы, күн мен түннің ауысуы, жыл мезгілдерінің ауысуы, жұлдыздардың
ағуы, жылжып, орын ауыстыруы, метеориттердің құлауы, күн күркіреп,
найзағай ойнауы, жауын-шашынның болуы (қар, бұршақ, жаңбыр) сияқты т.б.
құбылыстардың себебін, құпиясын танып-білуге деген қызығушылық негізінде
пайда болған аспандағы құдіретті күш жайлы сенім халықтардың барлығына
ортақ. Құдіретті күштің Жаратқан ие ұғымына ұласуы, Тәңірге табынуға
негізделген дүниетаным да осы кезеңнің жемісі. Тәңір дінінің ежелден келе
жатқаныны тағы бір мысал аталары Алтайдан ауып барған жапондарда табиғат
құдайлары мен ата баба рухына бас ию салты өзек болған синтоизм дінінің
Тэнри аталатын тармағы бар екендігі. Жапон тілінде тэнри сөзі аспанның
әмірі деген мағына береді [4, 253 б.].
Көне түркілер дүниетанымының негізі Тәңірлік идеясының діни
ұстанымдары қалыптасқан қазіргі түркі халықтарында да күні бүгінге дейін
сақталып келуі оның белгілі бір дәрежеде заманауи діндермен сабақтасып
жатуына да байланысты. Діннің негізі – дүниетаным. Әрбір халықтың өзіндік
тұрмыс-салтын туындатқан дүниетаным діннің де өзіндік болмыс-бітімін
қалыптастырады. Тәңірлік идеясын да көне түркілердің діни концепциясы
ретінде тануымызға болады. Көне түркілердің діни-мифологиялық
тағылымдарының іздері ұрпақтан-ұрпаққа жалпытүркілік сана арқылы жалғасып
отырғанын байқаймыз. Орхон мұралары Күлтегін ескерткішінің де, Білгеқаған
ескерткішінің де алғашқы мәнмәтіндерінде: üze kök teŋri, asra jaγyz jer
qylyntuqda ekin ara kisi oγly qylynmys. Kisi oγlynda üze ečüm apam bumyn
qaγan, istemi qaγan olurmys. Olurypan türük bodunyn elin, törüsin tuta
birmis, iti birmis. anča Жоғарыда көк Тәңірі, төменде қара жер
жаралғанда, екеуінің арасында адам баласы жаралған. Адам баласы үстіне ата-
бабам Бұмын-қаған, Істемі қаған таққа отырған. Отырып түрік халқының
елін,заңын ұстай берген, иелік еткен [5, 171 б.] Üze qaγan olurtym.
Olurtuqyma ölüt ečesi saqynyγma. Türük begler bodun ögirip sebinip tustymyš
közi jügerü körti. Bödke özüm oluryp bunča aγyr törüg tört bulundaqy
bodunγa itdim. Üze kök teŋri as[ra jaγyz jer qylyntuqda ekin ara kisi oγly
qylynmys Жоғарыда қаған отырдым. Қаған отырған соң өлген Ағамды
ойладым.Түрік бектері, халқы марапаттап, қуанып, көрер көзі қаған үйіне
бұрылды. Бөдке (тақ киесіне) өзім тұтқа болып, мұншама ауыр төр (үкімет)
(ісін) төрт тараптағы халыққа орнықтырдым. Үсте көк Тәңірі, аста баран
жер жаратылғанда, екі арасында адам баласы жаралған. [6, 193,201 б.] üze
kök teŋri, asra jaγyz jer qylyntuqda ekin ara kisi oγly qylynmys Жоғарыда
көк Тәңірі, төменде қара жер жаралғанда, екеуінің арасында адам баласы
жаралған деген сөйлемнің берілуі, әрі бұл сөйлемнің мәтіннің бас жағында
келуі көне түркілер дүниетанымындағы Тәңірлік идеясының маңыздылығын, діни
сенімдерінің берік қалыптасқанын, Тәңірліктің түркілер үшін бұқаралық дінге
айналғанын айқындап тұр. Бұл бейнелі сөзде түркі жұртының дүниетанымынан
хабар беретін терең астар бар. Тәңірлік Көк пен Жер аясында көшіп-қонып,
шетсіз-шексіз кең даланың шалғыны мен шағырлы құмын, орманы мен тоғайын,
өзені мен көлін ен жайлап, еркін ғұмыр кешкен, табиғаттың тынысын тыңдап,
одан өзінің ырысын табудың жолын үйренген, өзі де сол табиғаттың бір
бөлшегіндей болып кеткен бабаларымыз түркілерге тән толымды дүниетаным. Жер
мен Көк тіршілік көзінің бір-бірімен жауласпайтын, керісінше бір-бірімен
тығыз ынтымақтағы қос қайнары [7, 255 б.]. Көне түркілердің Көкті жер
бетіндегі барлық тіршіліктің аталық негізі деп, ал Жерді – сол тіршілікті
бауырында баптап-мәпелеген негіз ретінде ардақтайтыны ескерткіштер
мәтінінен айқын аңғарылады. bilmez kisi ol sabyγ aly jorjur ertig Teŋri
ilig ol jergerü busartürük bodun ölteči sen.Ötüken jer oluryp arqyš tirkiš
ysar neŋ buŋuγjoq. Ötüken jyš olursar beŋgü il tuta olurtačy sen. Türük
bodun toq aryqoq sen aačsyŋar tosyq ümez sen. Bir todsar aačsyq ömez sen.
Andaγyŋyn üčün igitmiš qaγ [anyŋyn] білмес (ақылсыз) кісі сол сөзді алып
сеніп, жақын барған еді. Тәңірлік елің ол жерге барса, түрік халқы,
өлімшісің сен. Өтүкен жерінен керуен аттандырып қойып отырсаң, еш мұңың
жоқ. Өтүкен жынысында отырсаң, мәңгі ел тұтып отырар ең сен. Түрік халқы,
сен тоқта арық иеліксің. Аштықта тоқтықты түсінбедің сен. Бір тойсаң
ашықпайтындай боласың сен. Сондайлығың үшін игілік жасаған қағаныңның;
sabyn almatyn. Jer saju bardyγ quup. Anda alqyndyγ arytyγ. Anda qalmysyn
jer saju quup turu ölü joryjur ertig. Teŋri jarylqaduqyn üčün özüm quutym
bar üčün qaγan olurtym. Qaγan oluryp joq čyγaj bodunyγ quup qoobyrat[t]ym.
Čyγaj bodunyγ baj qyldym. Az bodunyγ üküš qyldym. Bu сөзін алмадың. Жер-
жерге бардық шашылып. Сонда алқындық, арыдық. Онда қалғаны жер-жерге
тарап өлі-тірі жүріп жаттық. Тәңірі жарылқағаны үшін, өзімнің құтым бар
үшін қаған тағына отырдым. Қаған [тағына] отырып, жоқ, шығай кедей
халықты бағындырып жинадым. Шығай халықты бай қылдым. Аз халықты көп
қылдым. Бұл; Sabymda igid barγy. Türük begler bodun buny esidiŋ. Türük
bodunyγ teŋri il tutysqyŋyn bunda urtym. Jaŋylyp öliskiŋin jeme bunda
urtym. Neŋin sabym erser bir ymašqa urtym. Aŋar körü billiŋ, türük amty
bodun begler! Bödke kürügime begler ögü! Jaŋyldačy siz. Qaŋym сөзімде
артықтық бар ма? Түрік бектері, халқы, бұны естіңдер! Түрік халқын Тәңірі
ел етіп бергендігін мұнда тасқа бастым, жаңылып үлеске түскендігіңді де
мұнда ұрдым. Не айтар сөзім болса бір ұстынға ұрдым. Мұны көріп біліңдер,
Түріктің қазіргі халқы, бектері! Таққа кіріптар бектер. Жаңылғышсыздар-
ғой сіздер! Әкем;qaγan, ečim qaγan olurtuqynda tört bulundaqy bodunyγ
bunča it[miš], bunča jaratmyš. Teŋri jarylqa[duq ü]čün özüm olurtuqyma
tör[t b]uluŋdaqy bo[dunyγ itdim. Jar]atdym. [...]qyldym. қаған, Ағам-
қаған отырған кезде төрт бұрыштағы халықты мұнша ұйыстырып, мұнша
орнықтырған еді. Тәңірі жарылқағаны үшін, өзім отырған да [да] төрт
тараптағыларды халық еттім, [ел етіп] ұйыстырдым. [...] қылдым Men türgeš
qaγanqa qyyzy[myn bertim]. Erteŋü uluγ törün aly birtim. Türg[eš qaγanyŋ]
Мен түргеш қағанға қызымды бердім. Ер теңі ұлына төр өкімет алып бердім.
Түргеш қағанның qyyzyn erteŋü uluγ törün oγylyma aly birtimin Türük
qaγan ... qaγanlyγ [böd]anča birtim. J...t ertimin Tört [buluŋdaqy
bodunyγ] baz qyldym. Bašlyγyγ jükündürtim. Tizligig sökürtim. Üze teŋri
asra jer jarylqaduq üč[ün] қызын, ер теңі ұлының төрін ұлыма алып бердім.
Түрік қаған [ ... ] [мен оларға] қағандық бөд (тақ киесін) осылай бердім. [ ... ]
ерттім. Төрт тараптағы халықты бейбіт қылдым. Бастары барды жүгіндірдім,
тізелерін бүктірдім. Жоғарыда Тәңірі, төменде Жер жарылқағандығы үшін(БҚ)
[6, 193-207 б.].
Көне түркілердің қарапайым діни-мифологиялық дүниетанымынан туындаған
Тәңірлік идеясы белгілі бір дәрежеде ақиқат дүниетаныммен ұштасып жатқанын
да аңғарамыз. Адамзаттың ақыл-ойы кемелдене келе, ғылым мен білімнің
дамуына байланысты аспандағы түрлі құбылыстың жердегі болмысқа тікелей
ықпал ететіні, жер бетіндегі барлық тіршіліктің өсіп-өнуі, жаңаруы мен
жоғалуы физикалық, биологиялық негізде анықталды. Эволюциялық заңдылықтар
тек жер бетіндегі тіршілікке ғана қатысты емес, планетамызға да, бүкіл
ғарыштық кеңістікке де тән екені ғылыми тұрғыдан дәйектелуде. Адамзат
эволюциясындағы уақыт өлшемі бойынша өзгермейтін аспан ғана. Көне
түркілердің өмірлік тәжірибелері бойынша да жер де, тау да , шөл дала да,
ну орман да, өзендер мен көлдер де өзгереді, мәңгі өзгермейтін тек аспан
ғана. Сондықтан ғарыштың құпия сырына қайран қалған түркі әлеуметі оның
құдіретіне бас иетін болды. Ғаламдық кеңістікті үлкен екі макрокомпонент
ретінде таныған көне түркілердің танымында бүкіл ғаламның жаратылуын
Тәңірдің құдіретімен, Көк пен Жердің қалыптасуымен байланыстырады,
адамзаттың кеңістіктегі орнын Тәңір мекені Көк пен адам мекенi Жердің
аясынан көрсетеді. Жерге жарығын шашып, жылуын төгіп, жаңбырын сеуіп
тіршілік берген Аспан –Ата, ал, жанды организм атаулының алтын ұя, жөргегі
болған жерді- Ана деп ардақ тұтты [1, 255 б.]. Көне түркілердің арғы ата-
бабаларынан тараған ұрпақтардың өмір тәжірибесінен сұрыпталған Тәңірлік
дүниетаным табиғат пен адам болмысының туыстығын сипаттаумен қатар, бірден-
бір және бұлжымас ақиқат ретіндегі Көктегі Тәңірге – табиғатты жаратып,
жерде барлық тіршілікке, күллі дүниеге жарасым орнатқан жалпығаламдық
құдіретті күшке – табыну салтын қалыптастырған. Соған орай табиғаттағы
барлық жақсылық та, жамандық та Көктегі Тәңірдің құдіретімен жүзеге асып
Тәңірі жаратқан табиғаттың бір перзенті болып табылатын адам баласының
жаратылуын да, басындағы жақсылық пен жамандықты да Көк Тәңріге байланысты
деп таныды. Мысалы, Бiлгеқаған жазбасында teņri teg teņri jaratmïš
Bilgeqaγan sabïm[8, 98 б.] Тәңірідей тәңірі жаратқан Білгеқағанның сөзі
деп Тәңірді адамзатты жаратушы Жаратқан ие мәнінде таныса, Тоникуқ
ескерткішінің мәтінінде Anta kisre teņri bilig bertük üčün özüm ök qaγan
qïsdïm Сонан кейін тәңірі ақыл-білім бергені үшін өзім-ақ қаған етіп
сайладым [9, 59-60 б.] деп адам бойындағы барлық құндылықтарды тәңірдің
сыйы ретінде қабылдайды. Онгин ескерткіші мәтініндегі мынадай сөйлемдер
Ekin ara beg[i] jaγy bolmys. Tegmeči mentejin saqyndym. Teŋri bilige
qaγanqa saqynu isig küčig bersegim bar ermis erinč. Tegdükin üčün...
γerti...jyγdym. Ebke tegdükim uruš qylyp Бектер өзара жауласты.[Сонда],
шабуылдаушы мен боламын деп ойладым. Тәңірім Білге қағанды ойлап ісімді,
күшімді беруге тиістімін. Шабуылдағаны үшін ...болды. Жүгіндірдім. Ебке
(күренге) шаптым ұрыс қылып. egip inime, oγlyma anča ötledim aqyl jurup.
Elteris qaγanqa adyrylmaduq, jaŋylmaduq. Teŋri bilige qaγanda adyrylmalym,
azmalym tejin anča ötledim.Keri baryγma bardy. Bilige qaγanyŋ boduny [...]
bardy. Ülügin Taqy isig küčig bert[ük] шабуылдап ініме, ұлыма осылайша
өтіндім, ақыл айтып: Елтеріс қағаннан айырылмадық, жаңылмадық. [Енді]
Тәңірі Білге қағаннан да айырылмаймыз, азбаймыз-деп өтіндім. Батысқа барар
жерге дейін бардық. Білге қағанның халқы ...барды. Бір бөлігін қолдың
қосып беріп ісін, күшін бердік üze teŋri qan lüi jylqa jetinč aj küčlüg
alp qaγanymda adyrlu bardyŋyz. Bilige atačym joγyn alur aγyŋyn
qazγand[t]ym. [su]b er teŋri üt[üntim... Kirür erti. Жоғарыда Тәңір хан
Ұлу жылының жетінші айында айбынды алып қағанымыздан айырылып кете бардық.
Білікті аташымның киелі орнының [қызметін], қалдырған ақығын дүние-
мүлкін мен мойныма алдым. Су-жер, Тәңірі... Табғач [шекарасына] аттанар
болдық [6, 143б.] көне түркі халықтары өздерінің барлық іс-әрекеттерін
тікелей Көктегі Тәңірмен байланыстырып отырғанын аңғарамыз.
Көне түркілердің Ғарышқа қатысты түсінігінде обьективті шындықтың ізі
жатқанын бүгінгі заманғы ғылыми көзқарастар да растап отыр. Адамның
тіршілік етуіне қажетті қолайлы табиғи жағдайлардың Көктен келетін
энергетикаға тәуелді болатыны, тіпті белгілі бір тайпалардың этностық
деңгейге көтерілуі, олардың өздері қалыптастырған мемлекетік
қоғамдастығының өркендеуі, баянды болуы немесе керісінше ұлттың ыдырап
ассимиляциялануы, қуатты мемлекеттердің күйреуі де Ғарыштан келетін күш-
қуатқа тәуелді екендігі айтылуда. Л.Н.Гумилев өзінің Этногенез және Жердің
биосферасы атты еңбегінде тайпаларды біртұтас халыққа айналдыратын қасиет
– қайратты құлшыныс (пассионарлық) екенін, ал оның күн қызуы бәсең тартып,
жалыны азайып, сабасына түскен кезеңге тура келетін әлем халықтарының,
оның ішінде түркі жұртының тарихынан да мысалдар келтіріп көрсетті. Осынау
бейтарап құдіретті күшке – Тәңірге (КөктегіҒарыштағы) деген сенім
бастапқы кезде халықтардың бәріне ортақ болғанымен, тарих сахнасына шыққан
түрлі қауымдастықтардың мақсат-мүддесіне орай өзгерістерге түсті [10, 187
б.].
Орхон ескерткіштерінің ең көнесі Онгин жазбасында teņrikenke išig
bertiņ tejin jarïlqamïš [9, 60,62 б.] Тәңіріге күшіңді бердің (еңбек
сіңірдің) деп жарылқаған еді деп Тәңіріге қызмет еткен адам жақсылыққа
кенеледі деген ұғымды насихаттайды. Осы сарындағы сөйлемдер Енисей
ескерткіштерінде де жиі кездеседі. Мысалы, Уюк Тарлақ жазбасында: Ben
teņri elimke elčisi ertim Мен тәңірі еліме елшісі едім; Уюк-Туран
жазбасында: teņri elimke jemlig ben Тәңірі елімнен азық-ауқатқа иемін [9,
48-49 б.]; Чаа-Хөд ескерткішінде: Er erdemim elimke tandïm. Teņri elim...
Edgü atandym ер ерлігім – еліме табындым (аянбай қызмет еттім). Тәңірі
еліме... Игі атандым (жақсы атаққа ие болдым) [9, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ОРХОН, ЕНИСЕЙ, ТАЛАС ЕСКЕРТКІШТЕРІ ТІЛІН ЗЕРТТЕУДІҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Көне түркі руникалық жазбаларының тарихы
Қазақ - түркілердің материалдық мәдениетінің сабақтастығы
Енисей мен Моңғолияда көне түркі жазуы ескерткіштерінің ашылуы
Орхон, Енисей, Талас ескерткiштерi және қазiргi қыпшақ тiлдерiндегi моносиллабтардың құрылымдық ерекшелiктерi
Ежелгі түркі әдебиеті
Жүсіп Баласғұнның Құтты бiлiк шығармасы және ондағы әлеуметтік философия туралы
Қазақ және түрік антропонимдерінің мәнін, олардың этномәдени табиғатына тереңдеу арқылы тарихи сабақтастығын анықтау
КӨНЕ ТҮРКІ РУНА ЖАЗУЫНЫҢ ҚАЗАҚ ТАҢБА-БЕЛГІЛЕРІМЕН ҮЙЛЕСІМДІЛІГІ
ОРХОН, ЕНИСЕЙ, ТАЛАС ЕСКЕРТКIШТЕРI ЖӘНЕ ҚАЗIРГI ҚЫПШАҚ ТIЛДЕРIНДЕГI МОНОСИЛЛАБТАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI ТУРАЛЫ
Пәндер