ОРЫС-ҚАЗАҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ БАСТАЛУЫ. ҚАЗАҚ ЖЕРІ ТУРАЛЫ ГЕОГРАФИЯЛЫҢ ТАРИХИ ДЕРЕКТЕРДІҢ ЖИНАҢТАЛУЫ
ОРЫС-ҚАЗАҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ БАСТАЛУЫ.
ҚАЗАҚ ЖЕРІ ТУРАЛЫ ГЕОГРАФИЯЛЫҢ ТАРИХИ ДЕРЕКТЕРДІҢ
ЖИНАҢТАЛУЫ (XVI ғасыр — 173) ЖЫЛ
Россия мен Қазақстанның қарым-қатынастарының тамыры өте тереңде жатыр.
Славяндардың ежелгі мұраларьшда ңазақ жері жайында, оның халыңтарының әдет-
ғұрпы мен тұрмыс-салты туралы деректер ұшырасады. Нестердің (1113 жыл)
Уақытша жылдар повесінде көптеген түрік тайпаларының аттары аталып, Еділ
бойымен Шығысқа, Азияға баратын жол жөнінде әңгіме болады. XV— XVI
ғасырларда орталықтандырылған орыс мемлекеті нығайып, қазақтар халық
ретінде ұйымдасура бет алған кезде-ақ орыстар мен қазақтар қоян-қолтық
жақындаса бастағанды.
Сол кездің өзінде-ақ Қазақстан шығыстан Россияға және кері бағытта
тасымалданатын товарларды түсіріп, қайта тиейтін орынға айналды. XIV
ғасырдың ортасынан бері Астрахань мен Маңқыстау түбегіндегі Қараған
пристанінің екі аралығына желкенді қайықтар жүзіп қатынай бастаған.
Орыстардың қайықтардан сап түзеген керуендері сол сияқты Ертіс бойымен де
жоғары қарай жүзген. Құрлықтары сауда керуендері Жайық жаралауынан шығып,
Арал теңізінің, құмайт даласы мен Қызылқұмды басып Қазақстан арқылы Бұхарға
өткен.
Россия Қазакстан табиғатын зерттеп білуге ежелден көңіл белгенді.
Мұндай мүдделілік әсіресе XVI ғасырдан бастап күшейе түсті. Оның тікелей
себебі: орыс жерлері Москва княздігінің төңірегіне бірігіп, бірте-бірте
қалыптаса бастаған Россия мемлекетінін территориясын кеңейтуді көздеді.
Сауда-саттық Қазақстанның экономикалық байланыстарын нығайта түсті.
Алайда Россия Мен Қазақстанның экономикалық және саяси байланыстарын
кеңейтуге Сібір хандығы кедергі келтірді.
XVI ғасырда орыс үкіметі онымен күресте өзіне одақтастар іздеу
ісін қолға алды. Одақтас болуға Қазақстан лайық еді. Сөйтіп орыс патшалары
қазақ хандарымен қарым-қатынастарын кеңейтуге мүдделі болды.
Қазақ хандықтары дәуірлеген Қасым-ханның тұсында (1511-1520 жылдар) Россия
мен Қазақстанның дипломатиялық байланыстары жолға қойыла бастады. Россия
мемлекетінің елшілері мен көпестері өз саяхаттарының маршруттары туралы
мәліметтер жиналды. Қазақ көшпенділерінің мекен-қоңыстары жайында осындай
бір деректі 1535 жылы Даниил Губин жасады.
Россия Қазан (1552 жыл) және Астрахань (1554 жыл) хандықтарын басып
алғаннан кейін орыс-қазақ қарым-қатынастары тұрақты әрі бұрынғыдан бекем
сипатқа не бола бастады. 1569 және 1573 жылдары орыс мемлекетінің елшілері
Семен Мальцев пен Третьяк Чебуков қазақ далаларындары хандармен келіссөздер
жүргізіп, қазақ халқының тұрмысымен және өздері болған аймақтардың табиғат
жағдайларымен танысты. Осы келіссөздердің нәтижесінде 1574 жылы Иван
Грозный патша қазақтарға орыс жерлерінде салық салығын төлемей сауда
жасауға рұқсат етті.
1575—1584 жылдардары патша архивін хаттаған жазбада патша
канцеляриясында бір кезде Қасымхан тұсындары қазақтардың кітаптары мен
тізімдері сақталғаны атап көрсетілген. Өкінішке орай, Кітаптар мен
тізімдер бізге жетпей жоралып кеткен. Тарихшылар, сірә, олар қазақ
жерлеріне барып қайткан көпестер мен саяхатшылардын тиісті сауалдарға
қайырған жауаптарынык протоколдары, сондай-ақ арнайы агенттер мен
елшілердің мәліметтері болуы керек деп шамалайды.
Қазақ жері туралы кейбір мағлұматтарды Россияра шетелдіктер әкелген.
Солардың бірі 1558—1559 жылдары Орта Азияға саяхат жасаған ағылшын А.
Дженкинсон. Ол не қалалары, не үй-күйі - жоқ айдаланы жайларан магомет
дініндегі кассактар туралы баяндап,— күшті әрі көп халыктың көшіп-
қонатын мекендерін нобайлап көрсеткен.
XVI ғасырдың аяғында Батыс Сібір Россияға қосылғаннан кейін көршілес
халықтардың байланыстарының қанат жаюына және Қазақстан территориясының
табиғат жардайларын зерттеуге мүмкіндік туғызды.
1594 жылы Москвада қазақ ханы Тәуекел (Тәуекел) жіберген тұңғыш
елшілік қабылданды. Мұны елші Халмухамедтіқ қазақ хандығындағы жағдай
туралы жауабының жазбасынан көруге болады. Оған жауап ретінде 1595 жылы
Вельямин Степаноа қазақ жеріне сапар шегеді. Ол солтүстік-батыстан
оңтүстікке қарай қазақ жері арқылы Сауран қаласындағы Тәуекел ханның
ордасына келіп, онда екі ай бойы саяси, тарихи және географиялық сипаттагы
мағлұматтар жинады.
Кейінгі жылдары орыс адамдары дипломатиялық тапсырмалармен ғана емес,
сол сияқты сауда-саттық жасау мақсатымен де қазақ жеріне жиі қатынаған.
Осылардың нәтижесінде Россияның Қа-зақстан табиғаты туралы түсінігі бірте-
бірте молая берді.
ХVІ ғасырдың яғы Х ІІ ғасырдың басында Борис Годунов патшаның өтініші
бойынша қазақ Қадырғали Хошум Жалаири Джамиат-таварих Жылнамалар жинағы
атты қазақ халқы мен оның жері-туралы өте қызықды кітап жазды. Кітаптық
қолжазбасы Қазан университетінің кітапханасында сақталып келді, оны тек
1854 жылы ғана И. Н. Березнн бастырып шығарған.
Кезінде бұл кітап Ш. Ш. Уәлихановтың назарын аударып былай деп жазды:
қазақтар туралы мағлұмат алу жөнінен XIV—XVII ғасырлар үшін Березин
бастырып шығарған Жылнамалар жинағы ең бірінші орында тұр... ғажабы сол,
бұл кітап — қазақтардың өткен өмірінің бірден-бір ескерткіші.
Қадырғали Хошум Жалаири еңбегі негізінен қазақ халқының ұйымдасуының
аяқталу көзеніндегі қазақ хандығының тарихын баяндайды. Ал онын
географиялық маңызы да зор. Кітап қазақтар территориясынын шекаралары,
басты қалалары, өзендері мен таулары жөнінде маңызды деректер береді,
Шығармада Ортаг пен Қортаг (ханның жазғы жайлауы), Анджа-там, Юрсук,
Қарақұрум, Талас, Қари-Кирм, Сайрам, Илек, Яик және басқа жер аттары
кездеседі. Бұлардын көпшілігі осы күнге дейін сақталған. Ортақ пен Көртақ
таулары Орталық Қазақстанда Бетпақдала шөлінің солтүстік жағында Рашид-
Иддиннің жазбаларында айтылған (Жылнамалар жинағы, XIV ғасыр көне аңыздар
бойынша, ол таулар Абуджа ханның жазғы жайлауы болған, бұл пікірді Жалаири
де қостайды. Анджа-там қаласы ерте орта ғасыр дәуірінде осы таулардыңи
төңірегінде орналасқан. Юрсук дегеніміз Борсыкдын бұрмаланған атауы-Шалқар
мен Арал теңізінің аралырындағы белгілі құм төбелер. Арал теңізінін
төңірегіңдегі Борсық пен Қарақұм (Жалаириде Қаркорум) шөлдері қысқы
жайылым қызметін атқарған. Әдеби деректерде кейде Қаркорум монғол
империясының астанасы Қаракоруммен шатастырылады, Абулғазы—хан өзінің
шежіресінде былай деп атап көрсетті: Ортаг пен Кортаг Қараханның жаз
жайлауы болған... қыс түсісімең ол Сыр өзенінін жоғары сағасында, Қарақұм
мен Борсықты қыстаған.
Жоғарыда айтылған Талас —Тараз VI ғасырдан бері белгілі ежелгі қала,
оны моңғолдар Янги деп, кейшірек Әулиеата аталған (қазіргі Жамбыл қаласы).
Қала қарханидтер үстемдік құрған кезде (X—XII ғасырлар) дәуірлеп
өркендеген. ХПІ—XIV ғасырларда Талас-Тараз қаласы моңғол хандарының ордасы
болған.
Кари-Кирм (Көне Кырым) Қаратау атырабында немесе Талас өзенінің
алқасында ерте заманда жер бетінен жойылып кеткен.
Сайрам (арабтарда Испиджаб) орта ғасырда Солтүстік Қазақстанның ірі
сауда және мәдени орталығы болған.
Жалаири жылнамасында: Янктан Илек өзекі шығады, одан үш қайнар
ағады деген мәтел бар.
Шығыс жазба ескерткіштерінш тамаша білгірі В. В. Вельяминов-Зернов;
Жалаиридің деректері дұрыс әрі құнды. Өйткені олар —орыс ғылымы үшін
көбіне соны және басқа деректермен салыстырып тексергенде ақиқаттығы
анықталған мағлұматтар— деп жазған.
Қазақстан туралы тарихи-географиялық деректер жинау ісі Россняда XVII
ғасырда одан әрі жалғастырылды. Көпестер мен елшілер ғана емес, жергілікті
халыкпен қоян-қолтық араласып жүрген патша чиновниктері де жана мәліметтер
хабарлап тұрды. Мәселен, 1613 жылғы январьда воевода Д. П. Лопата-Пожарский
Самарада-Хиуа мен Бұхар елшілерінен жауап алған кезде қазақ ордаларының
көшіп-қонатын жерлеріне және Самара қаласынан Яик және Жем өзендері арқылы
Орта Азияға баратын дала жолының жағдайын ерекше сұрастырған.
Міне бұл фактілер орыс елшілерінін негізгі тапсырмаларымен қоса
географ-саяхатшы міндеттерін де атқарып, орыс ғылымы үшін маңызды
мағлұматтар жинағанын дәлелдейді, Н. И. Веселовскийдің: Орыс елшілеріне
сапарларынан қайтып оралғаннан кейін өздері болған елдердің жағдайы туралы
егжей-тегжейлі ссеп жазу бұлжымас міндет ретінде жүктелді... Ал мұнымен
қатар жолға шығар алдында елшіні өзінен бұрынғы өкілдің не іс тындырғанымен
және оның қандай нәтижегі- жеткеніментолық таныстыру дәстүрге айналғанды.
Міне, Азияны терең зерттеп білуге негізіиен осындай шұғыл шаралардың
арқасында қол жеткенді,— дегені сөзі әділ айтылған.
Сөйтіп, қазақ жері, олардың көшіп-қонатын мекендері және қазақ даласы
арқылы өтетін керуен жолдары туралы ХVII ғасырдың алғашқы ширегінде-ақ
Россия неғұрлым дәлме-дәл деректерге ие болғанды. Бұл мәліметтер Үлкен
чертеж кітабы (Книга большому чертежу) мен Москва мемлекетінің
картасында бірсыпыра керініс тапқан. Кітапта Қазақстан территориясының
оңтүстік-шығысында Жайық өзенінен бастап Есіл мен Сарысу өзендеріне, Ұлытау
мен Қаратау тауларына дейін, оңтүстігінде Ташкент қаласына дейінгі аралық
көрсетілген. Онда аса ірі үш қоймасы — Хвалинск (Каспий) мен Көк (Арал)
теңіздер және (Шалқар-Теңіз) көлі берілген.. Сондай-яқ осы атыраптағы
негізгі өзендер: Сыр (Сырдария), Яик (Жайық), Изле (Елек), Гем (Жем) Ембі,
Бор (Ор). Ырғыз, Саук (Торғай), Сарысу өзендері аталған. Кітапта былай
деп жазылған. Хвалинск теңізінен Көк теңізге дейін жазда күннің шығысына
қарай тікелей 250 шақырым. Ал Көк теңіз бен Сыр өзенінің жоғары сағасына
дейін 250 шақырым. Ал Көк теңіздің ені 60 шақырым. ., Көк теңіздің суы
тұзды.
Яик өзені Орал тауымен жарыса Тобол өзеннің жоғары сағасына қарай
ағады. Яик өзені Хвалинск теңізіне құяды, ал Яик өзеніні теңізге дейіи
ағатын қашықтығы 1050 шақырым... ал Изле өзенінен жоғары, Орал тауы бітеді.
Яикқа құяды... Бор әзені Урал тауынан шығады... сол Урактан Иргиз өзені
шығып, Акбашли көліне құяды... сол Урак тауынаи Гем өзені ағады... Гем
өзені Хвалинск теңізіне 20 шақырым жетпей, көлге құяды.
Картада Қазақстанның таулары мен қыраттары бейнеленген. Орал (Оңтүстік
Орал) және Урак (Мұғалжар): Ұлытау мен Қаратау (Қаратау тауының ұзындығы
250 шақырым, ал Сыр өзенінен ол тау 30 шақырым), сондай-ақ Борсыкқұм,
Қарақұм (Борсыққұм құмының ені 25 шақырым, Көк теңізден Қарақұм құмына
дейін 200 шақырым. Қарақұм құмының ұзындығы 250 шақырым, ені 130 шақырым,
ал сол үш құмайт жер Көк теңіздің жағалауына ұрымтал) көрсетілген.
Бұл деректердеи XVII ғасырдың алғашқы жартысында орыстардың Қазақстан
территориясының батыс бөлігін тәуір білгенін аңғаруға болады. Үлкен сызық
кітабын мұқият зерттеген XIX ғасырдың екінші жартысында белгілі географ-
ғалым А. И, Макшеевтін мына бір пікірі өте орынды. Үлкен сызық
кітабы,—деп жазды ол — Оралдың арғы жағындары далаларды географиялық
тұрғыдан өте-мөте дәлме-дәл бейнелеген сүбелі еңбек. Мұнда толымды шығарма
сол жерлері ең қысқа мерзім ішінде тікелей өз көзімен көріп-білу негізінде
ғана жазылуы мүмкін
XVII ғасырдың екігші жартысында орыс елшіілері мен көпестерінің
географиялық деректерді онан әрі жинап молықтыруы нәтижесінде қазақ жері
туралы түсінік бұрынғыдан да кеңейе түсті.
1654 жылы Россияның Қытайдары елшісі Федор Байков Пекинге барған
сапарында Жонғар жері мен Ертіс өзені арқылы жүріп, Зайсан көліне соқты. Ол
Ертіс төңірегінің табиғатын-даланың өсімдік дүниесін, таулары мен шөлдерін
сипаттап жазады. Елші Ертістің бірнеше тармағын атап, жергілікті халыктын,
Ертіс өзенінің алқабында сол кезде егіншілікпен айналысқанын атап көрсетті.
Кейінірек орыс елшілері мен көпестері Иван Перфильев (1659 жыл),
Сейіткүл Аблин (1668 жыл) және В. Даудов (1375 жыл) Ф. Байков сапар шеккен
жолмен жүрді. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz