Орыстың діни философиясының ерекшелігі



Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Орыстың діни философиясының ерекшелігі.

Діни философия – комунистік идеология үстемдігі жағдайында кеңестік
философияда біржақты түсіндіріліп келген XX ғ . басындағы орыс мәдениетінің
аса маңызды бөлігі.
Философияның міндеті барынша кең, ал оларды шешу қабілеттері адамда
сонша кемші дамыған, философия бүгінгі күндері математика немесе физика
сияқты ғылымдармен салыстырғанда төиенгі деңгейде дамыған. Мұны философия
тарихындағы бір-біріне қарама-қарсы көптеген философиялық мектептер бар
екендігі туралы дәлел айғақтайды. Бүгінгі күндері әртүрлі мектептер мен
бағыттар жалпы мақсатқа – ақиқатқа жету барысында өзара түпкі келісімдерін
табуға тырысуда. Орыстың діни философиясының да ақиқатты өзіндік түсінуі
мен оған деген өз жолы болды.
Арнайы ғылымдармен салыстырғанд, яғни әлемнің әртүрлі қырымен
айналысатын жекелеген ғылымдармен салыстырғанда философияда әртүрлі
халықтар мүдделері өзі таңбасын қалдырады.
Сондықтан да неміс, француз, ағылшын, американ және орыс
философтарының ұлттық ерекшеліктері туралы айтуға болады.
Әртүрлі елдердегі философиялық мектептер арасындағы айырмашылықтар
зерттеу пәнін арнайы таңдауға, философиялық ой толғауға деген қабілетіне,
тәжірибенің әр алуан түрлеріне, саналы, сезімдік немесе діни және т.б.
бағынышты болады.
Ресейде Қазан төңкерісіне дейін философияның барлық салаларында –
гносеологияда, логикада, этикада, эстетикада немесе философия тарихында
зерттеулер жүргізілді. Одан кейінірек те орыс философтары этика
мәселелерімен ерекше айналысты.
XX ғ. бас кезіндегі қоғамдық-саяси ойдың ең басты бағыттарының бірі
діни философия болды. Бұл бағыттың өкілдері – Николай Бердяевтің, Сергей
Буганевтің, Павел Флоренденийдің және т.б. ойшылдардың есімі әлемге
белгілі. Олардың шығармашылығына XIX ғ. орыс философиясының дәстурлерімен
қатар (славянофильдерден бастап Ф. Достоевский мен В. Соловьевқа дейін),
әртүрлі мистикалық және пессимистік көңіл-күйлерге толы сол дәуірдің өзі де
үлкен ықпалын тигізді.
Орыстың діни философиясында сыртқы әлемнің танымдылығы туралы
көзқарас кеңінен таралған. Бұл көзқарас өзінің шеткі формасында, дәлірек
айтқанда объектті сол күйінде интуитивті тікелей пайымдау ілімі формасында
көрінеді.
Орыстың діни философиясындағы бүтіндік танымға ұмтылу мен нақтылықты
терең сезіну сезімдік тәжірибенің барлық әр-алуандылығымен қатар, болмыс
құрылысына терең енуге мүмкіндік беретін тылсымдық тәжірибеге де сенумен
тьығыс үйлеседі. Орыстың діншіл философтары жоғары құндылықтарды бізге ашып
беретін адамгершілік және эстетикалық тәжірибелерге, интелектуалдық
интуицияға сенумен қатар, ең алдымен адамның Құдаймен және Оның
паишалығымен байланыс орнатуға мүмкіндік беретін мистикалық діни тәжірибеге
де сенеді.
Орыс философтарының пікірінше, философияның басты міндеті тәжірибенің
барлық алуан түріне сүйенетін бүтін тұтастық ретіндегі әлем туралы теорияны
жасап шығару болып табылады. Бұл мәселені шешуде діни тәжірибе бізге ең
маңызды мәліметтерді бере алады. Тек соның арқасында ғана біз өзіміздің
дүниетанымымызды барынша толықтырып, ғаламдық өмір сүрудің құпия мәнін аша
аламыз. Бұл тәжірибені назарға алған философия міндетті түрде діни
философияға айналады. Христиан діні тәжірибе саласындағы ең жоғарғы және ең
толық жетістіктермен ерекшелінеді.

Славянофильдік және батысшылдық.

Ресейдің дамуын европалық үлгі бойынша насихаттайтын бағыт – бұл
батысшылдық. Бұл бағыттың өкілдері қатарына А. И. Герцен, Н.П. Огарев, К.Д.
Кавелин, Н.Г. Чернышевский, Т.Н. Грановский сияқты ойшылдар жатады, олармен
В.Г. Белинский, И.С. Тургеневтар тығыз қатынас орнатты. Бұлардың баршылығы
шіркеуді сынап, материализмге сүйенді, бұл ағымнан орыстың революциялық
демократтары өсіп шықты.
Батысшылдар Ресейдің еуропаландыру идеясын насихаттады және
қорғады. Олардың пікірінше, ел батыс еуропаға бағдар ұстай отырып, тарихи
қысқа уақыттың ішінде экономикалық және мәдени артта қалушылығын жойып,
еуропалық және әлемдік өркениеттің толық қанды мүшесі болуы тиіс.
Славянофильдік болса орыстың ерекше философиялық – идеологиялық ағымы
болып табылады. Славянофильдер Ресейдің әлемдегі ерекше миссияндық идеясын
негіздеді. Славянофильдік өкілдері батысшылдарға да, революциялық
демократтарға да қарсы шықты. Бұл бағыттан діни орыс философиясы өсіп
шықты.
Славянофильдіктің негізін қалаушылар А.С. Хомяков, И.В. Киреевский,
К.С. Аксанов, Ю.Ф. Самариндер болды. Бұл идеялық позицияға В.И. Даль, А.Н.
Островский, В.И. Тотчев сияқты ақын жазушылар жақын болды. Бұл қоғам
қайраткерлерінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орыстың дiни философиясы туралы
Орыс философиясының ерекшеліктері
Дінді философиялық зерттеудің ерекшеліктері
Орыс философиялық ойындар
Орыс философиялық ойларының типологиялық ерекшеліктері
Орыс философиялық ойлары
Соловьев философиясының негізгі идеясы - жалпы тұтастық идеясы
Орыс христиан философиясы
Орыс космизмiнiң пайда болуы
ХІХ ғ.-ХХ ғ. басындағы ресейлік мәдениет контекстіндегі орыс философиясы
Пәндер