Екінші деңгейлі банктердің несиелік тәуекелін басқарудың теориялық-әдістемелік негіздері


МАЗМҰНЫ
2. 3 Қарыз алушының несиелік қабілетін көтеру - несиелік тәуекелді төмендету әдісі ретінде
40
44
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасындағы қоғамдық дамудың қазіргі нарықтық қатынастарға өту сатысында экономикалық және қаржылық орталарының қалыптасу процесі жалғасу үстінде. Осы жағдайда экономикалық агенттердің арасындағы нарықтық қатынастар қалыптасып және экономиканың көптеген аспектілеріне көзқарастар өзгеріп, оларға жаңа тұрғыдан қарауда.
Бүгінгі күндегі Қазақстан экономикасының дамуында қаржы секторының, әсіресе банк секторының алатын рөлі ерекше. Дүниежүзілік тәжірибеге сәйкес банктік секторды қалыптастыру - ең бір өзекті мәселе болып табылады. Республикадағы банктік құрылымның таза мемлекеттік жүйесін дүниежүзінің көптеген елдерінде қалыптасқан екі деңгейлік жүйесіне өзгерту барысында банктік инфрақұрылымның дамуына сапалық тұрғыдан жаңа жағдайлар жасалуда.
Кез-келген экономика үшін коммерциялық банктердің несие беру арқылы ақша жасау қабілетінің маңызы зор.
Нарықтық экономикада несие ең алдымен капиталдың экономиканың бір саласынан басқа салаларға ағылуының және пайда нормасын теңестірудің тетігі ретінде қажет. Капитал өндіріс құралдары түрінде салалардың арасында ағыла алмайтын болғандықтан, әдетте бұл процесс ақша капиталының формасында жүзеге асырылады. Негізгі капиталдың қозғалысы процесінде құнның бір бөлігі уақытша пайдаланылмай ақшалай формада банк шоттарында қалады. Капиталдың уақытша босаған бөлігі несиелік формада өз қозғалысын қарыз ақшалары түрінде жалғастырады. Несиелеу жұмыс істеп жатқан кәсіпорындар қорларының айналымының үздіксіздігін және өндірілген тауарларды өткізу процесін қамтамасыз ету үшін қажет.
Несие беру банктік қызметтің негізгі түрлерінің бірі болып табылады. Нарық жағдайында қызмет ететін кез-келген кәсіпорын сияқты банк шығынға және банкротқа ұшырау тәуекеліне барып, пайдасын жоғарылатуға тырысады. Кез-келген несие, белгіленген бір шарттарға сәйкес беріледі: олар несиенің мақсаты, қарыз алушының сипаты, несиенің мерзімі, ұсынылып отырған несиені қамтамазыз етудің көлемі мен өтімділігі және т. б. Несие беру туралы шешім қабылдауға мұқият қарау несиелік тәуекелге, яғни несие бере отырып қарызға берген құнның өтелмеу немесе уақытында қайтарылмау тәуекеліне байланысты. Дүниежүзілік банктік тәжірибе көрсеткендей коммерциялық банктердің пайдалылығы мен тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін несиелік тәуекелді жүйелі басқару қажет.
Сондықтан диплом жұмысында қарастырылатын тақырыптың өзектілігі - коммерциялық банктердің несиелеу қызметінде пайда болатын несиелік тәуекелдерді бағалап, оны төмендету жолдарын ұсыну.
Зерттеу пәні - коммерциялық банктердің қарыз алушылардың несиелік қабілетін бағалауы және несиелік тәуекелдерді төмендетуі. Зерттеу объектісі - несиелеу нарығында жетекші банктердің бірі - "Ресей Жинақ банк" АҚ.
Жұмыстың басты мақсаты - несиелік тәуекелдердің мәні мен мазмұнын ашып көрсету және оларды бағалау, басқару әдістерін беру. Қойылған мақсаттарға жету үшін, келесі міндеттер алға қойылады:
- коммерциялық банк клиенттерінің несиелік тәуекелін бағалаудың теориялық аспектілерін ашып көрсету;
- несиелік қоржын тәуекелінің басқару әдістерін айқындау;
- "Ресей Жинақ банк" АҚ ағымдағы қаржылық жағдайына және несиелік қоржын сапасына талдау жасау;
- қарыз алушының несиелік қабілетін анықтау және банктердің несиелік тәуекелдерді төмендетуде кездесетін мәселелерді айқындау;
- шетел тәжірибесін қолдана отырып, несиелік қабілет пен тәуекелге бағалау жасау.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы - несиелік тәуекелдерді, клиенттердің несие қабілеттігін бағалаудың қазіргі заманғы әдістері, несиелік тәуекелдерді төмендету жолдары ұсынылады.
Дипломдық жұмыстың әдістемелік негізі:
- Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Пруденциалдық нормативтері;
- шетелдік және отандық ғалымдар еңбектері;
- "Ресей Жинақ банк"АҚ есептік мәліметтері;
- мерзімді басылымдар.
Ғылыми жаңалығы.
- банктердің несиелік тәуекелін басқарудың теориялық-әдістемелік негіздері құрылды;
- банктердің несиелік тәуекелін талдау жоспары құрылды;
- банктердің несиелік тәуекелін басқаруды жетілдіру жолдары мен әдістері құрастырылды.
1 Екінші деңгейлі банктердің несиелік тәуекелін басқарудың теориялық-әдістемелік негіздері
1. 1 Екінші деңгейлі банктердің банктік тәуекелдерінің мәні мен мазмұны
Тәуекелдерді басқару кез-келген экономикалық жүйенің құрамдас бөлігі, себебі тәуекел мөлшері алатын табысқа тура пропорционалды деген заңдылығы бар.
Ендеше, тәуелді басқару үрдісінің қаншалықты тиімді ұйымдастырылғанына қарай, жалпы шаруашылық субъектінің, жүйенің қызметінің тиімділігі тәуелді. Жүйенің нәтижелігінің оларға тән тәуелдінің тиімді басқарушы өзара байланыстығын талдау көптеген экономикалық әдебиеттерде толық көрсетілген.
Тәуекелді басқару - мақсаты объект үшін қолайсыз оқиға туындағанда зиянды төмендету немесе орнын толтыру болып табылады, көп қадамды үрдіс.
Тәуекелді басқарудың келесідей негізгі кезеңдері бар:
Тәуекелді талдау - бүгінгі күнгі объектінің құрылысы, қасиеттері оның күйінің болашаққа өзгеруі туралы қажетті сипаттарды алу мақсатындағы бастапқы кезең.
Тәуекелдерді айқындау кезеңі - тәуекел объектісіне тән сипаттарды, яғни сапалық сипатталуы мен анықтамасын береді.
Бағалау - бұл айқындалған тәуекелдің сандық сипаттамаларының ықтималдығы мен мүмкін болатын зиян мөлшерін санды түрде анықтау. Бұл кезеңде қолайсыз жағдайдың дамуының бірнеше сценарийлері зиянның пайда болу ықтималының бөліну функциясынан құрылады [1] .
- тәуекелді жою - аталған тәуекелмен байланысты кез-келген әрекеттерден және шаралардан бас тарту;
- тәуекелді төмендету мүмкін болатын зиян мөлшерін не болмаса, қолайсыз оқиғаның пайда болу ықтималдығын төмендетуді білдіреді:
Экономикалық ортада тәуекелдерді төмендету үшін түрлі тәсілдер қолданылады.
- диверсификация (әртараптандыру) - қолданудың түрлі бағыты, салым объектілерінің арасында қаражатты (капиталды) бөлу үрдісі;
- қосымша ақпаратты сатып алу;
- шектеу (лимиттеу) - шығындарға, сатуға несиеге және т. б. шек қою;
- тәуекелді сақтау - қазіргі жағдайда орнын толтыруға бағытталған әрекетпен бас тарту.
Тәуекелге әсер етудегі соңғы әдіс өзін-өзі сақтау деген атау алған. Тәуекелді сақтауда жүргізілетін шараларға зияндардың орнын жабу үшін несие немесе қарыз алу, мемлекеттік дотация алу және т. б. жатады;
- тәуекелді беру бойынша шараларға қазіргі деңгейін сақтай отырып, жауапкершілікті артуды білдіреді;
- тәуекелдерді бағалау әдістерінің ішінде бастыларын, топтастырып атап өтейік.
1-сурет − Тәуекелді басқарудың негізгі кезеңдері
Айқындау мен бағалау өзара тығыз байланысты, әрдайым оларды бөлек бөлімдер ретінде бөліне бермейді. Сонымен қатар тәуекелдерді басқару үрдісі қарама-қайшы бағытта дамуы да мүмкін бағалаудан айқындауға, мысалы болған зиянның себептерін анықтау үшін.
Тәуекелге әсер ету әдістерін таңдау кезеңінде төл тәуекелдерді төмендетудің түрлі әдістері мен тәсілдерін қолдана отырып, болашақта шегетін зиянын минималдау жоспарланады. Тәуекелге әсер ету әдістерін таңдау олардың тиімділіктерін салыстыруы арқылы, сондай-ақ түрлі әдістердің комбинациясын ескеріп жасалу керек.
Тәуекелге тікелей әсер ету үрдісі 2-суретте келтірілген.
2-сурет - Тәуекелге тікелей әсер ету үрдісі
Математикалық, статистикалық әдістер әдетте жеке, біртекті оқиғаларды бағалау, тәуекелдердің сандық мөлшерін бағалау үшін қолданылады. Оларға жататындар.
- ойындар теориясы;
- статистикалық шешімдер тапсырысы;
- дифференциалды санау тапсырысы.
Жүйені (үрдісі) теориялық сипаттау және себеп-салдарлы байланыс орнату
Тәуекелдің сапалық және сандық сипаттарын бағалауға бағытталған, сирек кездесетін немесе бірегей оқиғаларды бағалау үшін тиімді. Оларға:
- морфологиялық әдісі;
- ағаштар құру әдісі.
Сараптамалық әдістері - жеке-дара, ерекше тәуекелдерді, жаңа нарықтарды ашумен байланысты, яғни экономиканың барлық салаларында қолданылады [2] .
Тәуекелдің сандық және сапалық жақтарын бағалаудың басқа да әдістері:
- жекелеген тәуекелді топтарды салыстыруға негізделген салыстырмалы әдіс;
- жеке-дара бағалау әдісі;
- орташа шама әдісі;
- пайыздық әдіс;
- имитациялық модельдеу әдісі.
Банктік тәуекелдерді басқару негізінде тәуекелдің деңгейін төмендету бойынша мақсатты бағытталған іздестірулер мен жұмыстарды ұйымдастыру, табыстылық пен тәуекелдің тиімді қарым-қатынасын табу, белгісіз қаржылық шаруашылық жағдайындағы пайданы табу және оны көбейту өнері жатыр. Біздің республикамыздың ірі банктері үшін қызметтерінің барлығы тәуекелмен байланысты мақсатты бағытталған деп айтуға болады.
Тәуекелді басқаруға жүйелі тәсілді қолдану және оны ірі банктің активтері мен пассивтерін басқару жүйесін қалыптастыру кезінде (алдағы уақытта дамуы үшін де) қолданылуын есептеуге болады. Банктік тәуекелдерді басқаруға жүйелі ықпал ету негізінде шет елдік тәжірибенің негізінде зерттелген жалпыға белгілі қағидалар жатыр.
Тәуекелдерді жалпы басқару тәуекелдердің картасын жасаумен түсіндіріледі:
- несиелік тәуекел;
- портфельді топтау;
- ағымдық тәуекел (операциондық) ;
- бизнес тәуекелі.
Қағидалар келесідей түрде топтастырылады: тәуекелдерді стратегиялық басқару; тәуекелді басқару бойынша функциялар; тәуекелді өлшеу бойынша есеп беру және оларды бақылау; тәуекелдерді басқару жүйесі.
Тәуекелдерді стратегиялық басқаруға жауапкершіліктің біртұтас жүйесіне тәуекелдерді анықтау және бағалау, тәуекелдердің шегі кіреді. Қорытынды жауапкершілікті басқарма өз мойнына алады. Тәуекелдерді басқару қызметі тәуекелдерді жедел басқару, тәуекелдерді өлшеу және бағалау арқылы жүзеге асады.
Осындай тәуекелді болдырмау үшін пайда мен шығынға шек қою керек, персоналдарды қадағалау және кадрларды ауыстыруды жоспарлау, нарықтағы міңез-құлық ережесін үйрету, бір операцияны бірнеше жұмыскерлердің есепке алу кезінде жеке бөлімшелер қарасынан кезеңдік бақылауды жүргізу, аудиттің көмегімен бақылау, персоналдарға жоғары қысым көрсетуді алып тастау керек.
Техникамен байланысты тәуекелдер «Рейтер», «Телерейт» сияқты димененттік жүйе және де «СФИФТ» пен «Телекс» төлемдік жүйесін жаппай қолданып жатқандықтан туындайды. Бұл тәуекелділіктер банктік операцияларды жаңарту кезінде персоналдың компьютерлерді қолданумен байланысты. Банк құрылымында осы жүйелерді техникалық қолдау бойынша талдаушылардың және жүйелерге кіруді қадағалау үшін құпия сөздерді қолдану тәуекелдің деңгейін азайтуға мүмкіндік береді [2] .
Басқарудағы қиындықтар, банктің жекелеген бөлімшелеріндегі ұйымдастырушылықтың тиімсіздігі және жауапкершілікті болу кезіндегі келіспеушілік осының бәрі ұйымдастырушылық тәуелсіздігі сияқты тәуекел түрінің тууына әкеледі. Оны төмендету үшін басқарудың қағидалары мен әдістерін уақытылы қайта қарап отыру, бөлімдер мен жеке жұмыскерлердің функцияларының бөлінуін қадағалау, бөлімшелер құрылымының құқықтары мен міндеттемелерін қолданудың тиімділігін талдау және банктің қызметін кезеңдік тексеру мен қайта ұйымдастыруды жүгізуді автоматты бақылау жүйесін жасау қажет.
Бұл қағидаларға сәйкес, банктерде тәуекелдерді күнделікті өлшеу, басқару мен бағалауға жауап беретін тәуекелдерді бассқару бойынша арнайы бөлімше болуы қажет.
Тәуекелдерді өлшеу, есеп берушілік және бақылау, несиелік тәуекел, өтімділік тәуекелі, нарықтық тәуекел, тәуекелді басқару, тәуекел көрсеткіштерін біріктіру, шектеу, табыс пен шығындарды бөлу, қызметті бағалау сияқты мәселелерге ерекше көңіл аударуды түсіндіреді. Бұл кезде несиелік тәуекелді, өтімділік тәуекелін, нарық тәуекелін бағалау қиынға түспейді деп есептеледі, ал ағымдық және заңды тәуекелді, бухгалтерлік есеп беру тәуекелін, сатып алу тәуекелін, заңдылық тәуекелін, жағдайлық тәуекелін бағалау қиынға түседі.
Несиелік тәуекелді бағалау банктік қызмет көрсетудің құрылымдық бөлімшелері мен түрлері бойынша бағалау біртектес қағидаларының сақталуын білдіреді.
Есеп айырысу тәуекелділігіне несие бойынша төленбеген мөлшерін қосу, өтеу мерзімін ескеру, әр тараптың тәуекелділікті бекітуін және қарыз тәуекелінің есептеу мүмкіншілігін анықтау мақсатты ойластырылған деп есептелінеді. Несиелік және нарықтық тәуекелдердің салыстырмалылығы ерекше мәнге ие болады.
Өтімділік тәуекелін бағалау тек елдің тәжірибесіндегі өтімділік тәуекелінің үш түрін бөлуді ұсынады:
- ақша қаражатының және ақша қаражатында қысқа мерзімді талап етуді қанағаттандыру үшін құнды қағаздар нарығында айналысатын қажетті деңгейін ұстап тұру;
- қаржы құралдарын тарту үшін капитал нарығына өту;
- нарықта позицияны табу үшін немесе жою мүмкіншілігі.
Нарықтық тәуекелді бағалау күнделікті уақыт құнын анықтауды барлық құрылымдық бөлімшелер тәуекелдікті өлшеудің бірыңғай қағидасының сақталуының, тәуекелді өлшеудің қосымша әдістемесін нарықтық тәуекелдің күнделікті есептелуін бекітілген шектеулермен салыстыруды білдіреді.
Тәуекелдің компоненттерін анықтау маңызды жағдай болып табылады. Бұл мақсатта әрбір операцияны қалыптастырушы компоненттерге барлық тәуекелдерді анықтайтын мүмкіншілік болатындай «бөліп» тастау қажет.
Осыдан кейін, барлық анықталған тәуекелдер бақылау жүйесімен салыстырылады, ол әрі қарай тәуекелді басқару процесіндегі жетіспеушілік пен әлсіз жерлерін алып тастау бойынша шаралармен анықалады.
Егер айырысу тәуекелі төмендеген салалардың фирманың есептеп қойған төлем бойынша әріптестердің міндетін орындамауға қатысы ретінде бағаланады. Батыс тәжірибесінде мұндай тәуекел алдын-ала есептеген тәуекелден бөлек бағаланып, бақыланады. Ағымдық тәуекел, егер серіктес міндетін бүгін орындамаған жағдайда жасалған мәселенің ағымдық қайта қалыптастыру құнын білдіреді. Оның бағалануы нарықтың көрсеткіштері бойынша бағалаумен ұқсас келеді [3] .
Потенциалды тәуекел - бұл егер серіктес операцияны жүзеге асыру кезінде алдағы уақыттан өз міндетін орындамайтын жағдайдағы мүмкін залалдар.
Біздің республикамыздағы банктер несиеге шектеу қою үшін несиені бағалаудың тәуелсіз процесі, несиелік тәуекелді бағалаудың келісілген стандарты, делдалдармен есеп айырысу орталықтары үшін шектеулер қажет. Бақылау жүйесі жаңа операциялардың тек несиелік сызықты қолдану мүмкіншілігі анықталғаннан кейін ғана жасалуы керектігіне бағытталған болуы қажет. Бұл кезде процедура серіктес заңдылық құқық пен осы келісімдерді жасауға өкілеттілігінің болуын қамтамасыз ету қажет.
Мемлекеттік құрылымдар және басқарушы тараптар заңды құқықтар мен өкіметтердің әсер ету аймағын бекіту үшін қосымша зерттеулер талап етуі мүмкін.
Тәуекелді бақылау мен шектеулерді салыстыру күнделікті жүргізіледі. Несиелік тәуекел, өтімділік тәуекелі және нарықтық тәуекел барлық ұйым масштабына жинақталып және бақыланады.
Жинақтау тәуекелдің нақты бағасын осы құн шегімен салыстырғанда есебі үшін негіз болып табылады.
Тәуекелді банктік операцияны және клиентті басқарудың басты міндеті осы немесе басқа тәуекел түрін өзіне алдын-ала сақтау дәрежесін анықтау және операциялар бойынша мүмкін болатын залалдарды шектеуге бағытталған оңтайлы шешім қабылдау болып табылады.
Банк қызметінің басты мақсаты - пайда табу негізінде басшылық ету. Әлемдік банк жүйеесінің даму тарихы әлемде болса, банк операцияларының табыстылығын арттыру және мүмкін болатын барлық шығындардың ықтималдық азайтудың ашылмаған көздерін іздеу үстінде.
Банктің барлық бөлімшелері мен қызметтері бойынша тәуекелділікті үйлесімді бақылау, тәуекелді басқару іс-әрекеттерінің тиімділігін қадағалау. Осының бәрі әрбір банктің жеке тәуекелді басқару стратегиясын жасауын ұсынады, яғни шешім қабылдаудың негізгі саясаты банктің дамуына өз уақытында жеке кезегімен барлық мүмкіншіліктерді қолдану және осымен қатар тәуекелдерді қабылдауға болатын, әрі басқаратын деңгейде ұстау.
Тәуекелдерді стратегиялық басқару мақсаты мен міндеті банктің жұмыс істеуге мәжбүр сыртқы экономикалық ортадағы жиі өзгерістермен анықталады. Қазақстанның банк ісіндегі сыртқы ортаның өзгеруінің негізгі белгісі соңғы уақыттарда: инфляцияның үдейе түсуі; банктің және оның филиалдарының санының өсуі; Ұлттық банк тарапынан банктер арасындағы бәсекелестіктің шартын реттеу; Ұлттық банктің қатысуымен банктер арасында тәуекелдерді қайта бөлу; ақша және қаржы нарығының кеңеюі; жаңа (дәстүрлі емес) банктік қызмет көрсету түрлерінің пайда болуы; ірі банктердің ұсақ бәсекелестерді қосып алу жағдайында банктер арасындағы бәсекелестіктің үдейе түсуі; технологияның өзгеруі нәтижесінде несиелік ресурстарға тұтынушылықтың өсуі; айналым капиталына кәсіпорынның тұтынушылық өсуі және клиенттерінің меншікті капиталдағы банктік үлесінің азаюы жағына қарай қаржыландыру құрылымының өзгеруі; несие берушілердің талаптарынан жалтарумен қатар шағын және орта бизнес аясындағы банкроттықтың тиімді несиелік қайтару бойынша нақты кепілдердің жоқтығы болып табылады [4] .
1. 2 Екінші деңгейлі банктердің несиелік тәуекелі және оны басқару әдістері
Кез-келген банктің қызметінің табыстылығы банктің берген несиелерінің сапасына, яғни оның қайтарымдылық дәрежесіне тікелей байланысты. Несиенің уақытылы қайтарылмауы банктің зиян шегуіне итермелейді. Сондықтан да банктер несиелік тәуекелді басқару шараларымен уақтылы айналысып отыруға тиіс.
Несиелік тәуекел - қарыз алушының банктен алған несиесі бойынша қарызын немесе оған есептелінген сыйақысын өз уақытында қайтара алмауына байланысты банктің зиян шегуін сипаттайды.
Коммерциялық банктегі несиелік тәуекелді басқару жүйесі екі субжүйеден тұрады:
- басқаратын субъекті;
- басқарылатын объект.
Басқару субъекті - бұл арнайы еңбек, ақпарат, материалдық және қаржылық ресурстарды пайдалана отырып, несиелік тәуекелді басқару процессін жүзеге асыратын банктің құрылымдық бөлімшесі.
Отандық банктер тәжірибесінде несиелік тәуекелді басқару субъектілеріне мыналарды жатқызуға болады:
- директорлар Кеңесі;
- басқарма;
- несиелік комитет;
- активтерді және пассивтерді басқару жөніндегі комитет;
- тәуекел басқармасы;
- шағын және ортта бизнесті несиелеу департаменті;
- ипотекалық несиелеу департаменті;
- ірі жобалар бойынша несиелеу тәуекел басқармасы;
- несиелік тәуекел басқармасы;
- проблемалық несиелер басқармасы;
- несиелік бөлімдер;
- несиелік менеджер;
- несиелік-тәуекел менеджері.
Басқарылатын объектіге банктің берген несиелері және олармен байланысты несиелік тәуекел жатады.
Несиелік тәуекел бұл қарыз алушының банктен алған несиесі бойынша қарызын немесе оған есептелінген сыйақысын өз уақытында қайтара алмауына байланысты банктің зиян шегуін сипаттайды [2] .
Несиелік тәуекелден туындайтын зияндар банктің несиелеу және өзге де соған теңдестірілген баланстық және баланстан тыс операцияларын жүргізу барысында пайда болуы мүмкін.
Мұндай операцияларға мыналар жатады:
- берілген және алынған несиелер;
- есепке алынған вексельдер;
- факторинг;
- форфейтинг;
- лизинг;
- төленген аккредитив бойынша төлеушіге қоятын банктің талаптары;
- кепілхат бойынша банктің талаптары.
Несиелік тәуекелден туындайтын шығындарды екіге тікелей және жанама деп бөліп қарастырған дұрыс. Тікелей шығындар несиені қайтармауға және қаражаттың түспеуіне байланысты туындаса, ал жанама шығындар кепілге қоятын заттың құнының төмендеуі, проблемалық несиелерге байланысты банктің құратын резервтерінің көлемінің ұлғайту қажеттігінен туындайды.
Жалпы несиелік тәуекел дәрежесі мынадай факторларға тәуелді:
- елдегі және өңірдегі экономикалық және саяси жағдайлар;
- банктердің жекелеген экономика салаларына несие беруі;
- қарыз алушылардың несиелік қабілеті мен беделіне;
- қарыз алушының банкроттығына;
- қаржылық қиындықтарға ұшыраған клиенттерге берілген несиелер үлесінің жоғары болуына;
- жаңа, таныс емес компанияларға берілген несиелерге;
жақын арада тартылған немесе жаңа клиенттерге берілген несиелер үлесінің жоғары болуы;
- қарыз алушының тарапынан болатын алдамшылық әрекеттерге;
- қиын іске асырылатын немесе тез құнсыздануға икемді кепіл затын қамтамасыз ету мүлкі ретінде қабылдауына;
- несиелік қоржынның диверсификациялану деңгейіне;
- инвестициялық жобаныңы техникалық-экономикалық негіздемесінің туралығына;
- несиені беру және қоржынды қалыптасыруға байланысты несиелік саясатқа жиі енгізілген өзгерістерге;
- берілетін несиелердің түрлеріне, мөлшеріне және нысандарына, сондай-ақ қамтамасыз ету түріне.
Жоғарыда аталған факторларды екі топқа топтастыруға болады: сыртқы және ішкі факторларға.
Сыртқы факторлар тобына мыналар жатады:
- елдің экономикасының даму жағдайы мен болашағы;
- құқықтық өзгерістер;
- мемлекеттік ақша-несие саясаты;
- инфляция деңгейі;
- әлеуметтік факторлар.
Ішкі факторлар банктің несиелеу қызметіне және қарыз алушының қызметіне байланысты болуы мүмкін. Банктің несиелеу қызметіне байланысты факторлар негізінен оның менеджментінің деңгейіне, нарықтық стратегиясына, жаңа несие өнімдерін жасау, оларды клиенттерге өткізу қабілетіне, несиелік саясатты дұрыс таңдауына, несиелік қоржынның құрылымына, уақыт бойынша тәуекелдерге (ұзақ мерзімде пайыздың өзгеруі, валюта бағамындағы өзгерістер) жатады [5] .
Сонымен сыртқы факторлар банк қызметіне байланыссыз болса, ал ішкі факторлар банк қызметіне тікелей байланысты болып келеді.
Жоғарыда аталған несиелік тәуекелдің факторлары несиелік тәуекелді жіктеуде басты критерии болып табылады. Демек келтірілген факторлар негізінде біздің ойымызша, несиелік тәуекелдің мынадай жіктелімін жасауға болады:
1) факторлардың әрекет ету саласына қарай:
- ішкі несиелік тәуекелдер;
- сыртқы несиелік тәуекелдер;
2) факторлардың банк қызметіне байланысына қарай:
- банк қызметіне байланысты несиелік тәуекелдер;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz