Осман мемлекеті және Түркия Республикасы Осман мемлекетінің құрылуы


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

І-Тарау

1. 1. Осман мемлекеті және Түркия Республикасы Осман мемлекетінің құрылуы

1. 2. Ғалымдар Осман импсриясы туралы.

ІІ-Тарау

2. 1. Осман мемлекеті және оның басқару жүйесіне қатысты зерттеу

2. 2. Османдық құрылымдар

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Осман мемлекеті және Түркия Республикасы Осман мемлекетінің құрылуы

Түркі тарихында, тіпті, әлем тарихында ең ұзақ өмір сүрген мемлекеттердің бірі Осман мемлекетінің құрылуын белгілі бір деңгейде ғана қарастыру мүмкін емес. Мәселені белгілі бір деңгейде ғана қарастырғандар ол мейлі Еуропалық, мейлі шығыстық, мейлі түрік болсын Осман мемлекетін танытуда және сол арқылы тануда жеткіліксіз болғандығы белгілі. Сол себептен, Осман мемлекетінің құрылуы, сүйеңген негіздері және ең маңыздысы өз өркениетінің негізі мәселесінде әр түрлі теориялар бар. Осы мәселе бойынша ғылым әлемінің соңғы сөзін айтуы бәрінен бұрын Осман мемлекетіне катысты жергілікті деректерді зерттеу арқылы ғана мүмкін болады. Бүгінде ең оптимистік көзқарас бойынша Премьер-Министрлік Мемлекеттік архивтердің бас басқармасының Осман архив дирекциясында бар болған және Осман мемлекетіне қатысты миллиовдаған құнды мәліметтер мен дәптерлерді классификациялап, дайындалатын каталогтарды тақырыпқа қызығатын зерттеушілерге технологияның барлық мүмкіндіктерін қолдана отырып, ұсыну керек. Бұл жұмыста нәтижеге қол жеткізу үшін Мемлекеттік архивтердің бас баскармасының жеткілікті деңгейде инфрақұрылымының бар екендігі және жан-жақгы қамтамасыз етілгендігін айтуға болады. Бүгін Стамбул, Анкара және Измирден тыс жерлердегі университеттегі мамандарды өз аймақгарының тарихын зерттеуге бағыттау үшін жергілікті және жалпы басқарулардан тиісті баскару және қаржылық қолдау көрсету арқылы Осман мемлекетінің орталық және жергілікті басқаруын мемлекеттің өз деректеріне сүйене отырып аз уақыт ішінде табуға болады.

Осман мемлекеті туралы тарихи мәліметтердің, әсіресе, оқулықтарда көптеп қарастырылуы (соғыс, келісім т. б. ) алты жүз жылдық мәдениет, басқару құрылымы, экономика және өркениетке қатысты деректер мөлшері жағынан шектеулі, әрсіз және тарихи негізден жұрдай болып дайындалған. Сол себептен, зиялыларымыздың Осман тарихын жеткілікті деңгейде білгендіктері айтылады. Тіпті, Осман мемлекетін сүйгендер де одан жерігендер де нені не үшін сүйгендігін немесе не үшін жеркендігін айтуда қынжылады. Өйткені, қолда бар Осман тарихы өзінің ұлттық дереккөздеріне қатысты мәліметтерді қолдана отырып дайындалды деп айта алмаймыз.

Осман мемлекетінің жерлерінде құрылған, негізінен алыс және жақын көршіміз болып саналатын мемлекеттердің тарихын жақыннан қызықтырған бұл мәселе шешімін таба алмағавдықган аталмыш мемлекеттерде заңсыз түрде Осман мемлекетінің басқаруын айыптаған. Түркия Республикасы мемлекетін біле тұра және саналы түрде осы мәліметтер мен деректерді сақгау арқылы айыптауда. Осы және сол сияқгы себептерден Осман мемлекетін ұлттық деректеріне қол жеткізу арқылы ғана дұрыс тануға болады. Осылайша, іште және сыртта Осман мемлекетіне қатысты кате пікірлерге ғылыми тұрғыьщан дұрыс жауап берудің жолын тапқан боламыз.

Осман мемлекетінің құрылуы және сүйенген негіздеріне қатысты ұсынылған көзқарастар арасындағы айырмашылықгардың негізінде де осы мемлекетті жеткілікті деңгейде танымаудың факторы жатыр. Негізінде марқұм профессор Мехмет Көпрүлүнің еңбегі. Етріге Оиотап, Рагіз 1935" атымен француз тілінде жариялавды. Ал түрік тіліндегі нүсқасы 1943 жылы Осман империясының этникалық жалғасымдылық мәселелері (Бюллетень, 1943, 28-саны, 219-312-бет) мақала ретінде, 1959 жылы "Түрік тарихы қоғамы" тарапынан кітап түрінде жарық көрді. Бұл жүмыс Осман мемлекетінің XIII ғасырдың соңында Анадолыға келген Кайы Аширети тарапынан құрылғандығын және олардың санының аз, тіпті, бір ақынның тек Осман мемлекетін құрушы отбасы үшін қолданған "мың алты" сөзін негізге ала отырып, бұл жаһандық мемлекеттің алақандай түріктің жергілікті халықты түріктендіру және исламдандырудың нәтижесінде құрылғандығын көрсетеді. Осылайша, Осман мемлекетінің құрушылары, сүйенген демократиялық құрылымның мәдениет және оған негіз болған қоғамдық, әскери, ғылыми және экономикалық құрылымның шығу тегі бір желіде тоғысады. Осы түсінік бойынша Осман мемлекетін үшінші Рим империясы деп жариялауға тырысқан орталар әр жерде абыройға бөленіп жүрді. Өйткені, түрікке қатысты материалдық және рухани элементтерді жоқ деп ойлау онсызда орнығып калған бір түсінік ретінде бүгінде жалғасын табуда.

Осман мемлекетшщ құрылуы, этникалық непзі, сүиенген материалдық және рухани құндылықтары үкімдері, тіпті, адамдардың пайда болуы және дұрыс түсінілуі үшін түркі мемлекеттерінің ортақ пайдасы болған түркі мемлекетін басқару дәстүрі жақсы танылуы керек. Тақырыпты тарихи тұрғыьщан қарастырар болсақ, Мөде ханнан Білге қағанға, Осман Газиден Мұстафа Кемал Ататүрікке дейін жалғасқан ұғым қалай болғанда көрінеді. Бұл үшін осы төрт ұлыларының биографиясын оқығанда адамға, мәдениетке және бөрінен маңыздысы түркілерге деген көзқарасының ортақ тұстары бірден байкалады. Мөде ханның "әрбір отбасы баласына, әрбір мемлекет әскеріне жауапты" деген, Кемал Ататүріктің "Ей, түркі жастары", Білге қағанның "Ей, түркі оғыз тайпасы" деп бастаған сөздерін оқып, дұрыс ұғынылуы және жорамалдануы керек. Мөде хан арқылы басталған ондық жүйе (он басы, жүз басы, мың басы) бүгінде Түрік Қарулы Күштерінде де сол қалпында қолданылуда. Сол сияқгы отбасы, өмірді және отбасын қалыптастырған элементтер мемлекет түсінігі бүгінде де өз маңызын жойған жоқ. Түркілік жаһан билігі ұғымы түркі мемлекеттерінің барлығында дерлік кездескен.

Осман мемлекетінің құрылуын, дамуын, әсіресе, өмір сүрген ғасырлардағы жағдайының дұрыс түсіндіріліп, ұғынылуы үшін оқиға өз деңгейіңде қарастырылуы керек. Осман мемлекеті XIV ғасырдың басында (1299) құрылған. Олай болса, Анадолыны басып алу XI ғасырда аяқгалған болады. ХІ-ХІІ және XIII ғасырларда Түркістаннан Анадолыға қарай аққан адам селі өзімен бірге бір мәдениеттің көптеген элементтерін ала келген.

Ғалымдар Осман импсриясы туралы.

XVI ғасырда өзінің шарықтау шегіне жеткен Осман империясы Еуропа мәдениеті, экономикасы, саясатында елеулі рол атқарды. Ол туралы белгілі ғалымдар: Королина Финкель, Тадасхи Судзуки, Гавар Агастон, Абулкадыр Озжан т. б. жан-жақты бағалады. Енді солардың зерттеулерінен қысқаша үзінді келтірейік. Королина Финкель: "Осман империясы кезеңін түрік-ислам доуірі деп атау орынды. Қазір біз бұл дәуір түрік идеясының салтанат құрған дәуірі екенін мойындаймыз. Мені шовинист деп айыптаушыларға түсіндіретін бір жайт, мен ағылшын қызымын. Түрік мәдениеті мен түрік торбиесі бізден түп-тамырымен ерекшеленеді. XV-XVI ғасырлардағы Осман немесе түрік-ислам ғасыры "Алтын ғасыр" болып табылады. Осман үстемдігі кезіндегі әскери қуат лайықты түрде бәрінен жоғары бағаланды:". Тадасхи Судзуки: "XVII ғасырда әлемді үш держава биледі: Сефевидтер, Османдар және Бабуридтер. Бұл әулеттердің барлығы да түркі-мұсылмандардан тұрды, Үндістаннан Еуропаға дейін түріктер үстемдік етгі. Индияда ислам мәдениетін түркі бабуридтер бекітті (нығайтты) . XVII ғасырдың ортасы XVIII ғасырдың басында Османдар Еуропаға күшті ықпал етті. XVI ғасырдың аяғына дейін әлем мәдениетінің негізін Шығыс мәдениеті құрды. XVIII ғасырдан кейін пайда болған Батыс енді XXI ғасырда гегемон бола алмайды және әлемде үлксн өзгеріс болады. XVI ғасырда Қиыр Шығыстан құрылған Біртүтас дүниетану көзқарасы жүйесі көптеген халықты топтастырды жоне ішкі осермсн көп уақыт қарсыласты.

Осман мемлекеті және оның басқару жүйесіне қатысты зерттеу

Осман мемлекетінің құрылуынан шамамен 150 жыл кейін жерінің кеңеюінің нәтижесінде мемлекет өмірінде қажеттіліктерге жауап беретіңдей деңгейде реттеулер жасалған. Олардың кейбірлері мемлекеттің күшеюіңце және өзіндік болмысын сақгап қалуда маңызды рөл ойнаған. Мемлекет өмірінде маңызды "еңбек пен адалдық" қағидасының маңызды болуында реттеу жүйесінің үлкен үлесі болды. Реттеу жүйесі тек Осман мемлекетіне ғана тән емес, түркі мемлекеттерінің дамуымен бірге жаңа мекевдердегі адамдардың азаматтық және әскери тұрғыьща мемлекет басқаруына қатысуын қамтамасыз еткен. Оғыз қаған дастанывда "Шатырымыз көк, байрағымыз күн болсын" деген сөзге сәйкес түркі билігі түсінігі бойынша түркілер басып алған жерлерде өмір сүретін жергілікті халыққа тіл, дін және экономикалық еркіндік берумен қатар, олардың балаларын азаматтық және әскери мектептерде оқытып, мемлекеттік қызметке орналастырған. Бұл түсінік бүгінде жаңа және батыс әлемінде сол мағынада қолданылады деп айта алмаймыз. Бірақ, аталмыш элементтердің, факторлардың ұлттық болмысын жүздеген жылдар бойы сақгауы былай тұрсын қазіргі заманға сай дамытуы және мемлекет өмірінде ыкцалды болғандығы тарихи шындық. Осымен қатар, мемлекет өмірінде түркілердің ұлттық мәдениетіне көңіл аудармауы түркі халқының мемлекет өмірінде ықылассыз болуына себеп болған. Бір кезендерде "миллет-и садыка" (нағыз ұлт) болғандар "хайн-и миллет" (жалған ұлт) болып кеткен.

Осман мемлекетінде де дәл түркі мемлекеттерінде болғаны сиякгы құрылу кезеңіндегі ықаалды, үстем және өміршең сипаттағы ұлттық мәдениетке жеткілікті деңгейде көңіл аудармаудың нәтижесінде басқа елге еліктеушілік қарқынды түрде мемлекет басқару ісінде ықпалды болды. Бүгінде түркі мәдениетін (материалдық және рухани) қазіргі заман талабына сай жауап беретіндей түрде заманға сөйкестендіру мәселесінде баршамызға дерлік үлкен міндет жүктелуде. Шетелдік барлық нәрсені заманауи деп қабылдау және оның қоғам өмірінде қабылдануы үшін жасалған әрекеттердің Осман мемлекеті кезеңіндегі кемшіліктен ешқандай да айырмашылығы жоқ. Олай болса, ұлттық мөдениетімізді заман талабына жауап бере алатындай деңгейде дамуына жағдай жасау және қоғамда өмір сүретіндей жағдайға келтіру тарихи, ұлттық міндет болып саналады. Түркия Республикасын құрушы осы орайда "Түркия Республикасы мемлекетінің негізі - мәдениет" деген сөзді қолданған және мүны жүзеге асыратын құрылымдарға үлкен мүмкіндіктер жасаған. Анадолы түркілер тарапынан Осман мемлекетінің құрылуынан шамамен екі ғасыр бүрын басып алынған және атауы Түркия ретінде қабылданған. Бүгінде Анадолыдағы мешіт, керуенсарай, сарай, көпірлер мен кесенелердің, ягаи, рухани мөдени туындылардың көптеп салынған кезеңі XII және XIII ғасырлар екендігін айта аламыз. Яғни, Осман бейлігі құрылған тұста Түркияда қала өмірінің жеткілікті дәрежеде дамығандығы және жаңа құрылған Осман мемлекеті мүқтаж болған құжаттардың Селжүк, Илхан, бейліктер, тіпті, Мысыр мөмлүк мемлекетінің басқару құрылымында бар болғандығы, сонымен қатар, сол жерлерде туып-өскен көптеген адамның Осман мемлекетінің құрылуында қызмет алғандығы тарихи шындық. Сондай-ақ, Осман мемлекеті құрылған аймақ баска түркі бейліктері мен мемлекетінен көшіп келген топтардың орналасып, мекен етуі және мемлекет өмірінен қызмет алуы үшін таптырмайтын жер еді. Осман мемлекетіндегі жинау-реттеу дәстүрі түркі мемлекетін басқару дәстүрінің нәтижесі болып саналады. Мұның тек исламды қабылдаумен ғана түсіндірілу дұрыс емес.

Осман мемлекетін бір бүтін ретінде және өзі өмір сүрген кезең тұрғыысынан қарастырар болсақ, құрылуынан кейінгі 150-200 жьш ішінде көне әлем деп аталған аймақга билік құрғандығын, басқару, қаржы, құқықтық, әскери, ғылым мен технологиясы жөнінен өз заманына сай болғандығын байқаймыз. Сонымен қатар, ислам әлемінің ең ауқымды және өте маңызды бөлігін өз қарамағында

бірлестірген. Атап айтқанда, Батыс Жер орта теңізіндегі Тунис және Қара теңіздің оңтүстігі, Кавказ, Араб түбегі мен Орта Еуропаға дейінгі аймақга билік құрған. Үнді мүхиты мен Атлант мұхитын өз билігіне алған теңіз күштері арқылы әлемдік мемлекетке айналған. Осы аймақгарда ғылым, өнер мен сауданың осы кезеңде дамуы үшін қолайлы өзек тапқавдығы және осы өзгерістердің болуында Осман мемлекетінің үлкен үлесінің болғавдығы айтылады.

Османдық құрылымдар

Осман мемлекетінің құрылуы мен дамуында мемлекет арқа сүйеген құрылымдар қызметтерін заман талабына сай жүзеге асырған, тіпті, көбіне басқа мемлекеттерге үлгі бола білген. Шамамен 300 жылдай мемлекет осы сипатын сақгап тұрғыан. Ал одан кейінгі жыддары құрылымдар қажеттілікке жауап бере алмағандықган, реформалар жасалған. Бүрындары жалпы әскери саладағы жаңашыл әрекеттері уақыт өте келе басқару, қаржылық, құқықгық және ғылым саласында да жүргізіле бастаған. Осман мемлекетінің 622 жыддық мерзім ішінде табысы мен кемшіліктері құрылымдардың табысымен және кемшіліктерімен тікелей байланысты болған. Сондықган, Осман мемлекетінің ыдырауындағы негізгі фактор - құрылымдардың өзгергені және күн сайын арта түскен қажеттіліктерге жауап бере алмауы. Осман мемлекетінің ьщырауының себептерін ішкі және сыртқы себептермен түсіндірген дұрыс. Десек те, мүны бапқа бөлгеннен гөрі аталмыш факторлардың тарихи негізі арқылы жорамал жасалған жөн. Ішкі себептерді басқару, әскери, білім беру, экономикалық және әлеуметтік себептер деп топтастыруға болады. Осы мәселеге қай тұрғыыдан қарасақ та, Осман мемлекетінің соңғы екі жүз жылдық кезеңінде басқару тұрғыысынан мемлекет жақсы басқарылды және басқару сатыларында әдідцік негізге алынды деп айта алмаймыз. Шахзадалардың билік басына келуінде адамның қабілеті емес оның жасының негізге алынуы, кез-келген адамдың билік басына келуіне себеп болған. Осылайша, әлсіз адамдардың билік басына келген және бүған қоса садразам, шейхислам, диуан мүшелері мен аймақтық ұйымдарда әдіддік басшылыққа алынбаған. Аталмыш кезеңде кездейсоқ жағдайлар мен адамдар нәтижеге ықпал етпеген.

Осман мемлекетінің басқару, каржылық және әлеуметтік тұрғыьщан күш қайнарының бірін құрайтын жер билігінің бүзылуына қарап, мемлекеттің ыдырауын кезең-кезеңмен қарастыруға болады. Тымарлы сипахилер жерлерін жекеменшік мүлік сияқгы иемдене бастаған. Сонымен қатар, жерді баскэлардың атына аударып, сыйға тартқан. Өздері мұнан кейін сапарға қатыспаған және жауынгер (латник) жетілдірудің орнына мемлекетке символдық сандармен хүсіндірілетін сөзде салық беретін еді.

Түркі тарихында маңызды саналатын медреселер Селжүк және Осман мемлекеті кезеңінде ұзақ уақыт маңызды рөл ойнаған және оның Осман мемлекетінің ұзақ өмір сүруінде өзіндік үлесі бар. Бірақ, XVI ғасырдан бастап кері кеткен медреселер уақыт өте келе мемлекеттің нығаюын қамтамасыз ететін ең алда келетін янычарлармен бірге шыққан. Керітарпа ғылымдар медреселерден куылғанымен рухани ғылымдар алға шыға алмаған. Медреседегі кері кетушіліктің бір себебі ретінде ислам мәдениетінің тоқырауын және кері кету кезеңін атап көрсетуге болады. Сол ғасырда ислам мәдениеті өкілдерінің барлығының дерлік жағдайының бір-бірінен айырмашылығы жоқ еді. Ислам әлеміне жататын мемлекеттердің ұрпақтарына ұсынатын дүниелерін өздерінің қүндылықгарын негізге ала отырып, ұсынулары керек. Батыс әлеміндегі ғылыми және ой-сана дамуының негізінің антикалық дәуірге қатысты болуын ескеру қажет.

Әлемдегі әлеуметтік дүмпулердің шығу себебінің арасында ең ықпалды фактордың бірі әдіддіктің болмауы және әлсіреуі. Османдық әділдік жүйесіндегі келеңсіздіктер әлеуметтік дүмпудің шығуына себеп болмаған. Десек те, мемлекеттің құлдырауы мен ыдырауын жылдамдаткан.

Осман мемлекетінің ьщырауында ықпалды факторлардың бірі 1535 жылы сол уақыттағы заман шарттары бойынша және жаһандық мемлекет ретінде алдымен Франция, кейіннен басқа да Еуропа мемлекеттеріне берілген сауда жеңідіктері. Франциядан кейін бұл жеңіддікті 1580 жылы Англия, 1612 жылы Голландия, 1718 жылы Австралия, 1737 жылы Швецария, 1780 жылы Германия, 1782 жылы Испания, 1783 жьшы Ресей, 1681 жылы Италия, 1830 жылы АҚШ, 1838 жылы Португалия, Бельгия және 1855 жылы Греция пайдаланған. Басында бір жеңіддік ретінде берілген капитуляциялар 228 жыл бойы мемлекеттің экономикалық және саяси өміріне ықпал етіп келген.

Осман мемлекетін ыдыраудан құтқару мақсатында жасалған, Десек те, нәтиже шықпаған реформалау және жаңалау әрекеттеріне Қьісқаша талдау жасағанымыз жөн.

Осман мемлекетінің мемлекет адамдары кері кетуді: а) Абыройды қайта жинау арқылы түзелтуді қалады.

ә) Дұшпанның басымдылығын кабыддап, технология өнімдерін сатып алды.

б) Алдымен әскери, білім беру және басқару саласында жаңалықгар енгізді.

Осы мақсатга бір жағынан батыс мемлекетгерінің өндірген әскери технологияларын сатып алса, екінші жағынан бұл технологияны қолдана алатын офицерлер даярлау үшін әскери мектептер ашты. Нәтижесінде реформалау және конституция кезеңінің соңывда 1918 жылдары Осман мемлекетінің батыс мектептерін үлгі ретінде алып ашқан әскери және азаматтық мектептері мен Батыстан алынған кейбір зандары мен парламенті болды. Осылайпіа, 1918 жылдан бұрын Осман мемлекеті кайраткерлері мемлекетті тығырықтан алып шығуды қалаған және осы мақсатта бірқатар реформалар жасаған.

Реформалардың табысқа жете алмаудың себептері:

1. Батыс мәдениетінің негізгі элементтерін кажетінше қабылдай алмаған.

2. Осы құндылықгар арасындағы байланысты нақгы анықгай алмаған.

3. Іске қалай және қайдан бастау керектігін білмеген.

4. Мемлекетгің түгастығын сақгауда бар ынта-жігермен әрекет еткен.

5. Жасалған жұмыстар тек жеке тұлғалармен шектелген, түрақгылық пен алдын алулар анықталмаған.

Сондықтан, жасалған реформалар қоғамда ұйымдасу және мөдени салада жікшілдіктің шығуына және кақгығыстың туындауына себеп болған. Яғни, Осман мемлекетінің мемлекет адамдары әлеуметтік және саяси құрылымды сақгай отырып, шектеулі салаларда қоғам құрылымын өзгерту және заман талабына сай әрекет жасау арқылы мемлекетті құтқаруға тырысты. Десек те, бұл өзгерістер нәтижені өзгерте алмаған.

Түркия Республикасының құрылуы

Осман мемлекетінің І-Дүниежүзілік соғысқа араласуы

Осман мемлекеті І-Дүниежүзілік соғыстан бүрынғы жеңілістердің (Траблусгарп, I және П-Балкан соғыстары) әсеріней әскерін күшейтуге кірісті. Сонымен катар, екіге бөлінген Еуропада өзін саяси жалғыздықтан құтқару мақсатында бірнеше одақгасу аоекеттерін жүзеге асырды.

Осман мемлекеті алғашқы одақгасу ұсынысын одақгас ^емлекеттер Англия және Францияға жасады. Алайда, бұл дрекеттерінен нәтиже шықпады. Ресейдің түбектер мен шығыс Қара теңіз, сонымен қатар шығыс Анадолыдағы жерлерді талап етуі; днглияның Османдықгардан немістермен байланысын үзуді талап етуі сияқгы жағдайлардың салдарына нәтижеге қол жеткізе алмады. Оның ақшасы төленсе де Османдықтарға екі әскери кемесін бермеді. Одақтасу өрекеттерінен нәтиже шықпағаннан кейін Осман мемлекеті рёрманиямен келісімге келуді қалады және араларында жасырын түрде келісім жасалды.

І-Дүниежүзілік соғыстың басталуынан біраз уақыт өткеннен соң Жерорта теңізінде жүрген Бреслав пен Гобен неміс кемелерін Англия мен Франция әскери кемелері куғаннен кейін олар Чанаккале бүғазынан өтіп, Стамбул айлағына келіп жетті. Англия Осман мемлекетінен неміс бақылаушы кемелерін тапсыруды талап етті. Алайда, Осман мемлекеті оларды бермеу мақсатымен оларды сатып алғандығын айтты. Осылайша, Осман қызметіне кірген кемелердің капитаны неміс адмиралы Шосон біраз уақыт өткеннен кейін Енвер пашаның жасырын бұйрығымен Осман әскери күшімен бірігіп, Қара теңізге шықгы және орыстардың әскерімен соғысқан. Сонымен қатар, орыс айлақгарын да атқылаған. Осылайша, Осман мемлекеті Германиямен бірге соғыс әрекетіне кірісті.

І-Дүниежүзілік соғыста Осман карулы күштері Кавказ,

Польша, Македония, Румыния, Добружа, Иемен, Ливия, Синаи, Палистина, Ирак, Сирия және Иран майдандарында соғысты. Бірнеше майданда жеңіліс тапқанына және Чанаккале майданында 250 000 әскерін жоғалтқанына қарамастан өте үлкен жеңіске қол жеткізді. Алайда, соғыстың Антанта (одақтас) мемлекеттердің пайдасына шешілуі Осман мемлекетінің жеңілуіне әкеп соқтырды.

Мондрос бейбітшілік келісімшарты

Осман Үкіметі соғысты әр карай жалғастырудың қажеті жоқ е кендігін түсініп, соғысты тоқтатқысы келді. Бүған қоса Англия Укіметі де кездесуге дайын екендіктерін білдірді. Осман мемлекеті Кездесу үшін Англия адмиралы Галтроб аддына бір кеңес жіберді. Одақгас мемлекеттер атынан ұсынылған келісімшартта өте ауыр Талаптар қойылуына қарамастан, ол шарттарды ауыстыруға мүмкіндік болмағандықтан шарттарды мойындауға мәжбүр болды (1918 жылы 30 қараша) .

Келісімшарттың негізгі талаптары мыналар:

1. Түркия әскерін тезарада қайтарады.

2. Ыстамбұл мен Чанаккаледегі әскери бекіністер одақтас мемлекеттердің басқаруына беріліп, соғыс кемелері айлақгарда қалады.

3. Сирия, Ирак, Хижаз, Иемен және Траблусгарптағы түрік гарнизондары беріледі.

4. Иран мен Кавказдағы түрік әскерлері қайтарылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Осман мемлекеті
Осман мемлекетінің құрылуы
Жалпы түркі тарихы. Дәрістер
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Осман империясының жағдайын, Мұстафа Кемал Ататүріктің түрік тарихында сондай-ақ халықаралық сахнадағы орнын танып білу
Сефевилер мемлекеті
Таяу Шығыстағы Британ Француз үкіметінің отарлық саясатының дағдарысы
Ататүріктің өмірі мен саяси қызметі
«Түркі» этносы және этнонимі
Туркия. Мемлекеттің тарихы
Революция және Жастүріктердің билік басына келуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz