Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар



Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) қадағалаусыз қалу - кәмелетке толмағандардың құқық бұзуына ықпал
ететiн, олардың мiнез-құлқы мен тұрмыс жағдайына тиiсiнше бақылаудың
жоқтығымен сипатталатын әлеуметтiк құбылыс;
      2) қадағалаусыз қалған бала - ата-анасының немесе олардың заңды
өкiлдерiнiң, сондай-ақ педагогтардың, тәрбиешiлердiң және кәмелетке
толмағандарды қадағалауды жүзеге асыруға мiндеттi басқа да оқыту, тәрбиелеу
және өзге де мекемелер қызметкерлерiнiң тарапынан оны тәрбиелеу, оқыту және
(немесе) бағып-күту жөнiндегi мiндеттердi орындамауы немесе тиiсiнше
орындамауы салдарынан, не оның үйден немесе бала құқығын қорғау жөнiндегi
функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардан өз еркімен кетуi салдарынан мінез-
құлқына бақылау болмаған кәмелетке толмаған бала;
      3) панасыз қалған бала - тұрғылықты жерi жоқ қадағалаусыз қалған
бала;
      4) өмiрде қиын жағдайға душар болған балалар - қалыптасқан
жағдайлардың салдарынан тiршiлiк әрекетi бұзылған және осы жағдайларды өз
бетiнше немесе отбасының көмегiмен жеңе алмайтын балалар;
      5) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың
профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу
(бұдан әрi кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың,
қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы) - кәмелетке толмағандар
арасындағы құқық бұзушылықтар, қадағалаусыз, панасыз қалудың және қоғамға
жат iс-әрекеттердiң алдын алуға, оларға ықпал ететiн себептер мен
жағдайларды анықтауға және жоюға бағытталған, кәмелетке толмағандармен,
сондай-ақ оларды тәрбиелеу, оқыту және бағып-күту жөнiндегi мiндеттерiн
орындамайтын не олардың мiнез-құлқына терiс әсер ететiн ата-аналармен
немесе басқа да заңды өкiлдермен жеке профилактикалық жұмыстарды қоса
жүзеге асыратын құқықтық, педагогикалық, медициналық және өзге де шаралар
жүйесі;
      6) жеке профилактикалық жұмыс - мемлекеттiк органдардың, қоғамдық
бiрлестiктердiң, ұйымдардың, азаматтардың өмiрде қиын жағдайға душар болған
кәмелетке толмағандар мен тұрмысы қолайсыз отбасыларын уақтылы анықтау,
оларды әлеуметтiк оңалту және (немесе) олардың құқық бұзушылықтар жасауының
алдын алу жөнiндегi қызметi;
      7) тұрмысы қолайсыз отбасы - кәмелетке толмағандардың ата-анасы
немесе заңды өкiлдерi оларды тәрбиелеу, оқыту, бағып-күту жөнiндегi өз
мiндеттерiн орындамайтын және (немесе) олардың мiнез-құлқына терiс әсер
ететiн отбасы;
      8) кәмелетке толмағанды тәрбиелеу - балаға қоғамда қалыптасқан және
оның рухани, дене бiтiмi, имандылық, психикалық, мәдени, зияткерлiк дамуына
және әлеуметтiк ортаның терiс ықпалынан қорғауға бағытталған мiнез-құлық
ережелерi мен нормаларын дарыту жөнiндегi ата-анасының немесе өзге де заңды
өкiлдерiнiң тарапынан оған әсер ететiн үздiксiз процесс;
      9) кәмелетке толмағанды бағып-күту - кәмелетке толмағанның ата-
анасының немесе өзге де заңды өкiлдерiнiң өз қаржылық мүмкiндiктерi мен
қабiлеттерiнiң шегiнде оның салауатты дамуы, оның мүлiктiк және мүлiктiк
емес құқықтары мен мүдделерiн және мемлекеттiк ең төменгi әлеуметтiк
стандарттарын қорғау үшiн жағдай жасауы;
      10) әлеуметтiк оңалту - кәмелетке толмағандар арасындағы құқық
бұзушылықтар, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы жүйесiнiң
органдары мен мекемелерi жүзеге асыратын өмiрде қиын жағдайға душар болған
кәмелетке толмағандарды құқықтық, әлеуметтiк, дене бiтiмi, психикалық,
педагогикалық, моральдық және (немесе) материалдық қалпына келтiруге
бағытталған шаралар кешенi.
2-бап. Қазақстан Республикасының кәмелетке толмағандар
              арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз
              және панасыз қалудың профилактикасы туралы
              заңдары
      1. Қазақстан Республикасының кәмелетке толмағандар арасындағы құқық
бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы туралы
заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына нег iзделедi және осы Заң
мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен
тұрады.
      2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы
Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi
қолданылады.
3-бап. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық              бұзушылықтардың,
қадағалаусыз және             панасыз қалудың профилактикасы
саласындағы              мемлекеттi к саясат
      1. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың,
қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы саласындағы мемлекеттiк
саясат құқықтық саясаттың бiр бөлiгi болып табылады және ол кәмелетке
толмағандар үшiн құқықтық және әлеуметтiк кепiлдiктер жасау, кәмелетке
толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз
қалу профилактикасының жүйесiн құрайтын органдар мен мекемелердi
материалдық-техникалық, қаржылық, ғылыми-әдiстемелiк және кадрлармен
қамтамасыз етудi қамтиды.
      2. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың,
қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы саласындағы мемлекеттiк
саясат:
      1) заңдылық;
      2) кәмелетке толмағандарға iзгiлiкпен қарау;
      3) отбасын қолдау;
      4) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар, қадағалаусыз
және панасыз қалудың профилактикасы шараларын қолданудағы кешендiлiк;
      5) өмiрде қиын жағдайға душар болған кәмелетке толмағандармен жеке
жұмыс жүргiзу;
      6) құпиялылық;     
7) ғылыми негiздiлiк;     
8) жүйелiлiк принциптерi бойынша жүзеге асырылады.
      3. Мемлекеттiк саясаттың мақсаты:
      1) балалардың дене бiтiмi, зияткерлiк, рухани және имандылық дамуына,
оларды патриоттыққа, азаматтыққа және бейбiтшiлiк сүйгiштiкке тәрбиелеуге,
сондай-ақ баланың қоғам мүдделерiмен, мемлекет халықтарының дәстүрлерiмен,
ұлттық және әлемдiк мәдениеттiң жетiстiктерiмен ұштасқан жеке басын
тәрбиелеуге ықпал ету;
      2) кәмелетке толмағандардың құқықтық санасын және құқықтық мәдениетiн
қалыптастыру жөнiндегi мақсатты жұмысты қамтамасыз ету;
      3) кәмелетке толмағандармен жеке профилактикалық жұмыс жүргiзу үшiн
құқықтық негiздердi қалыптастыру;
      4) кәмелетке толмаған баланың ата-анасымен және басқа да заңды
өкiлдерiмен өзара қарым-қатынас жасау;
      5) балаларды оқыту, тәрбиелеу, емдеу, спорт және өзге де
мекемелерінің тиісті дәрежеде жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
      6) кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзғаны
үшiн жауапкершiлiктi белгiлеу;
      7) қызметi әлеуметтiк тапсырыстар беру және Қазақстан Республикасының
заң актiлерiне сәйкес өзге де шаралар арқылы кәмелетке толмағандар
арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың
профилактикасы жөнiндегi шараларды жүзеге асырумен байланысты коммерциялық
емес ұйымдарды мемлекеттiк қолдау арқылы жүзеге асырылатын кәмелетке
толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз
қалудың профилактикасы болып табылады.
      4-бап. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық
              бұзушылықтардың, қадағалаусыз және              панасыз
қалудың профилактикасы саласындағы
              мемлекеттiк органдардың негiзгi мiндеттерi
      Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз
және панасыз қалудың профилактикасы саласындағы мемлекеттiк органдардың
негiзгi мiндеттерi:
      1) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың,
қадағалаусыз, панасыз қалудың және қоғамға жат iс-әрекеттердiң алдын алып,
олардың жасалуына ықпал ететiн себептер мен жағдайларды анықтау және жою;
      2) кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды
қамтамасыз ету;
      3) өмiрде қиын жағдайға душар болған кәмелетке толмағандарды 
әлеуметтiк оңалту;
      4) кәмелетке толмағандардың заңға мойынсұнушылық мiнез-құлқын
қалыптастыру;
      5) кәмелетке
толмағандарды құқық бұзушылықтар немесе қоғамға жат iс-әрекеттер жасауға
тарту фактiлерiн анықтап, жолын кесу;
      6) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың,
қадағалаусыз және панасыз қалудың алдын алу жөнiндегi мемлекеттiк
органдардың, қоғамдық бiрлестiктер мен ұйымдардың қызметiн үйлестiру болып
табылады.
      5-бап. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық   бұзушылықтардың,
қадағалаусыз және              панасыз қалудың профилактикасы
саласындағы              мемлекеттi к реттеу Кәмелетке толмағандар
арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың
профилактикасы саласындағы мемлекеттiк реттеудi Қазақстан Республикасының
Үкiметi, орталық атқарушы органдар, сондай-ақ жергiлiктi өкiлдi және
атқарушы органдар жүзеге асырады.
      6-бап. Кәмелетке толмағандар арасындағы
құқық         бұзушылықтардың, қадағалаусыз және  панасыз қалу
профилактикасының жүйесi       1.
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және
панасыз қалу профилактикасының жүйесiне iшкi iстер, бiлiм беру, денсаулық
сақтау, әдiлет органдары, халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттiк
саясаттың iске асырылуын үйлестiретiн мемлекеттiк орган, жергiлiктi өкiлдi
және атқарушы органдар, кәмелетке толмағандардың iсi және олардың
құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссиялар және өз құзыретi шегiнде өзге де
мемлекеттiк органдар кiредi.
      2. Iшкi iстер, бiлiм беру, денсаулық сақтау, әдiлет органдарында және
жергiлiктi атқарушы органдарда Қазақстан Республикасының заңдарында
белгiленген тәртiппен кәмелетке толмағандар арасындағы құқық
бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы жөнiндегi
жекелеген функцияларды жүзеге асыратын мекемелер құрылуы мүмкiн.
      3. Өзге ұйымдар кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар,
қадағалаусыз және панасыз қалу жағдайының профилактикасына Қазақстан
Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен қатысады.

 2-тарау. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық
бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы
саласындағы мемлекеттік органдар мен мекемелердің функциялары және
өкілеттіктері
      7-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi
      Қазақстан Республикасының Үкiметi:      1) мемлекеттiк саясаттың
негiзгi бағыттары мен оны жүзеге асыру жөнiндегi шараларды әзiрлейдi;
      2) кәмелетке толмағандардың әлеуметтiк қорғалу жүйесiн айқындайды;
      3) кәмелетке толмағандардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды
мүдделерiн сақтау және қорғау, бала құқықтарын қорғау жөнiндегi мiндеттердi
жүзеге асыратын ұйымдардың желiсiн дамыту жөнiндегi шараларды әзiрлейдi
және iске асырады;      4) кәмелетке толмағандардың iсi және олардың
құқықтарын қорғау жөніндегi ведомствоаралық комиссияны құрады;
      5) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың,
қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы, оларды әлеуметтiк оңалту
жөнiндегi бағдарламаларды бекiтедi.
      8-бап. Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы
органдардың              құзыретi
      1. Жергiлiктi өкiлдi органдар өз құзыретi шегiнде:
      1) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың,
қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасына арналған жергiлiктi
бюджеттердiң шығыс бөлiгiнiң атқарылуын, экономикалық және әлеуметтiк
өңiрлiк даму бағдарламаларын бекiтедi және олардың iске асырылуын
бақылайды;
      2) кәмелетке толмағандардың iсi және олардың құқықтарын қорғау
жөнiндегi комиссиялардың құрамын бекiтедi;      3) Қазақстан
Республикасының заң актiлерiне сәйкес кәмелетке толмағандардың құқықтары
мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету жөнiндегi өзге де өкiлеттiктердi жүзеге
асырады.
      2. Жергiлiктi атқарушы органдар кәмелетке
толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз
қалудың профилактикасы саласындағы өз жұмысын жергiлiктi мемлекеттiк
басқару деңгейлерiне сәйкес және Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде
белгiленген құзыретi шегiнде ұйымдастырады.
      3. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi
атқарушы органдары:
      1) кәмелетке толмағандардың iсi және олардың құқықтарын қорғау
жөнiндегi комиссиялардың дербес құрамын бекiту үшiн тиiстi мәслихаттарға
ұсынады және олардың жұмысын ұйымдастырады;
      2) өмiрде қиын жағдайға душар болған кәмелетке толмағандардың және
жайсыз отбасылардың өңiрлiк есебiн жүргiзедi;      3) өмiрде қиын жағдайға
душар болған кәмелетке толмағандарды Қазақстан Республикасының заңдарында
белгiленген тәртiппен жұмысқа орналастыру және тұрмыстық жағдайын жасау,
өзге де көмектер көрсету жөнiндегi шараларды қолданады;
      4) қызметтерi кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың,
қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы, жасөспiрiмдердiң
салауатты өмiр салтын насихаттау, құқықтық сауаттылығын арттыру жөнiндегi
шараларды жүзеге асыруға байланысты коммерциялық емес және өзге де
ұйымдарға ұйымдастырушылық-әдiстемелiк көмек көрсетедi;
      5) кәмелетке толмағандар үшiн, оның iшiнде бала құқығын қорғау
жөнiндегi мiндеттердi жүзеге асыратын ұйымдардың әлеуметтiк
инфрақұрылымының қалыптасуын қамтамасыз етедi және олардың қызметтерiнiң
мониторингiн жүргiзедi.
      4. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы
органдары:
      1) кәмелетке толмағандардың iсi және олардың құқықтарын қорғау
жөнiндегi комиссиялардың дербес құрамын бекiту үшiн тиiстi мәслихаттарға
ұсынады және олардың жұмысын ұйымдастырады;
      2) өмiрде қиын жағдайға душар болған кәмелетке толмағандардың және
тұрмысы қолайсыз отбасылардың дербес есебiн жүргiзедi;
      3) кәмелетке толмағандарға арналған әлеуметтiк инфрақұрылымның
қалыптасуына жәрдемдеседi;
      4) өмiрде қиын жағдайға душар болған кәмелетке толмағандарды
Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жұмысқа
орналастыру және оларға тұрмыстық жағдай жасау, өзге де көмек көрсету
жөнiндегi шараларды қолданады;
      5) қызметтерi кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың,
қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы, жасөспiрiмдердiң
салауатты өмiр салтын насихаттау, құқықтық сауаттылығын арттыру жөнiндегi
шараларды жүзеге асыруға байланысты коммерциялық емес және өзге де
ұйымдарға ұйымдастырушылық-әдiстемелiк көмек көрсетедi.
      9-бап. Кәмелетке толмағандардың iсi және олардың        құқықтарын
қорғау жөнiндегі комиссиялар
      1. Кәмелетке толмағандардың iсi және олардың құқықтарын қорғау
жөнiндегi комиссия кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың,
қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы, олардың құқықтары мен
заңды мүдделерiн қорғау саласындағы мемлекеттiк органдар мен мекемелердің
қызметiн үйлестiрудi қамтамасыз ететiн тұрақты жұмыс iстейтiн алқалы орган
болып табылады.
      2. Кәмелетке толмағандардың iсi және олардың құқықтарын қорғау
жөнiндегi ведомствоаралық комиссия - Қазақстан Республикасының Үкiметi
жанынан, ал облыстық, қалалық, аудандық - қалада, аудандық комиссиялар
тиiстi жергiлiктi атқарушы орган (әкiмдiк) жанынан құрылады.
      3. Қажет болған жағдайда кәмелетке толмағандардың iсi және олардың
құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссия аудан орталығынан едәуiр қашықтықта
орналасқан кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмi жанынан құрылуы
мүмкiн. Кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмi жанындағы
кәмелетке толмағандардың iсi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi
комиссияның аудандық комиссияның құқықтары мен мiндеттерi болады. Кәмелетке
толмағандардың iсi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi кенттiк,
ауылдық (селолық), ауылдық (селолық) округтiк комиссияны құру туралы
шешiмдi облыс әкiмдiгi қабылдайды, ал оның дербес құрамын тиiстi ауданның
мәслихаты бекiтедi.
      4. Кәмелетке толмағандардың iсi және олардың құқықтарын қорғау
жөнiндегi комиссияның құрамына төраға, төрағаның орынбасары, комиссия
мүшелерi және жауапты хатшы кiредi. Төраға мен жауапты хатшы тиiстi
мемлекеттiк органдар аппараттарында штаттық лауазымды атқарады. Кәмелетке
толмағандардың құқықтарын қорғау жөнiндегi кенттiк, ауылдық (селолық),
ауылдық (селолық) округтiк комиссия төрағасының функцияларын тиiстi
әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң әкiмi атқарады. 5. Кәмелетке толмағандардың
iсi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссияның құрамына тиiстi
мәслихаттардың депутаттары, iшкi iстер, бiлiм беру, мәдениет, денсаулық
сақтау, әдiлет органдарының, жұмыспен қамту, қамқоршылық пен қорғаншылық
мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органның, кәмелетке толмағандардың
арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың
профилактикасына мүдделi қоғамдық және өзге де ұйымдардың өкілдері кіреді.
      6. Кәмелетке толмағандардың iсi және олардың құқықтарын қорғау
жөнiндегi комиссиялар өз құзыретi шегiнде:
      1) кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау
және қалпына келтiру, кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз, панасыз
қалуына, құқық бұзушылықтар мен қоғамға жат iс-әрекеттер жасауына ықпал
ететiн себептер мен жағдайларды анықтау және жою жөнiндегi шараларды жүзеге
асырады;
      2) мемлекеттiк органдардың кәмелетке толмағандар арасындағы құқық
бұзушылықтардың, қадағалаусыз, панасыз қалудың және қоғамға жат iс-
әрекеттердiң профилактикасы жөнiндегi қызметiн жетілдiруге, оларды
әлеуметтік оңалтуға бағытталған бағдарламалар мен әдiстемелердi әзiрлейдi;
      3) бала құқығын қорғау жөнiндегі мiндеттердi жүзеге асыратын
ұйымдардағы кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, әкету, бағып-күту
жағдайларын бақылауды қамтамасыз етуге қатысады;
      4) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың,
қадағалаусыз және панасыз қалудың жай-күйiн зерделейдi және осы салада
әлеуметтiк зерттеулер жүргiзудi ұйымдастырады; 5) бала құқығын қорғау
жөнiндегi мiндеттердi жүзеге асыратын ұйымдар желiсiнiң дамуына
жәрдемдеседi және олардың қызметiнiң мониторингiн қамтамасыз етедi;
      6) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың,
қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасымен айналысатын органдар
мен ұйымдардың оң тәжiрибесiн жинақтап, таратады және оларға әдiстемелiк
және практикалық көмек көрсетедi;      7) мүдделi мемлекеттiк органдар
басшыларының кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың,
қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы, олардың құқықтарын қорғау
бойынша жүргiзген жұмыстары туралы есептерiн тыңдайды және олардың арасында
жетекшiлiк ететiн мәселелер бойынша өзара ақпарат алмасуды ұйымдастырады;
      8) кәмелетке толмағандарды арнаулы бiлiм беру ұйымдарына және ерекше
режимде ұстайтын бiлiм беру ұйымдарына жiберу мәселелерi бойынша сотқа
материалдар дайындауға қатысады; қылмыстық-атқару жүйесiнiң мекемелерiнен
босатылған не арнаулы бiлiм беру ұйымдары мен ерекше режимде ұстайтын бiлiм
беру ұйымдарынан оралған кәмелетке толмағандарды жұмысқа орналастыруда және
тұрмыстық жағдайын қалыптастыруда, сондай-ақ өмiрде қиын жағдайға душар
болған кәмелетке толмағандарды әлеуметтiк оңалту жөнiндегi өзге де
мiндеттердi жүзеге асыруда мүдделi органдардың қызметiн үйлестiреді;
     10) құқық бұзған кәмелетке толмағандарға, сондай-ақ кәмелетке
толмағандарды тәрбиелеу, оқыту және бағып-күту жөнiндегi өз мiндеттерiн
орындамайтын не олардың мiнез-құлықтарына терiс әсер ететiн кәмелетке
толмағандардың ата-аналары мен заңды өкiлдерiне қатысты материалдарды
Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен қарайды;
      11) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың,
қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы жөнiнде жүргiзiлген жұмыс
туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды ұйымдастырады.
      7. Кәмелетке толмағандардың iсi және олардың құқықтарын қорғау
жөнiндегi комиссияларды құру тәртiбi және олардың қызметiн ұйымдастыру
Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалады.
      

10-бап. Iшкi iстер органдарының құзыретi
      Iшкi iстер органдары өз құзыретi шегiнде:
      1) осы Заңның 19-бабы 1-тармағының 1) - 12) тармақшаларында аталған
кәмелетке толмағандарды, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу,
оқыту, бағып-күту жөнiндегi өз мiндеттерiн орындамайтын және (немесе)
олардың мiнез-құлқына терiс әсер ететiн олардың ата-аналарын немесе заңды
өкiлдерiн анықтайды, есебiн жүргiзедi және оларға қатысты жеке
профилактикалық жұмыс жүргiзедi;
      2) кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылықтар, қоғамға қарсы iс-
әрекеттер жасауға тартатын не балаларға қатысты басқа да құқыққа қарсы ic-
әрекеттер жасайтын адамдарды, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу,
оқыту және (немесе) бағып-күту жөнiндегi өз мiндеттерiн орындамайтын немесе
тиiсiнше орындамайтын, не олардың мiнез-құлқына терiс әсер ететiн кәмелетке
толмағандардың ата-аналары мен заңды өкiлдерiн, педагогтарды,
тәрбиешiлердi, оқу, тәрбие және кәмелетке толмағандарды қадағалауды жүзеге
асыруға мiндеттi өзге де мекеменiң басқа да қызметкерлерiн анықтайды және
оларды Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа тарту
жөнiнде шаралар қолданады;
      3) кәмелетке толмағандар жасаған немесе олардың қатысуымен жасалған
әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар мен қылмыстар туралы өтiнiштер мен
хабарламаларды белгiленген тәртiппен қарайды және оларға итермелейтiн
себептер мен жағдайларды жою жөнiнде шаралар қолдану туралы ұсыныстар
енгiзедi, олардың орындалуын бақылауды қамтамасыз етедi;
      4) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды мемлекеттiк
мекемелерге жiберуге немесе кәмелетке толмағандарды қамқоршылыққа немесе
қорғаншылыққа алуды ресiмдеуге жәрдемдеседi;  5) арнаулы бiлiм беру
ұйымдарына және ерекше режимде ұстайтын бiлiм беру ұйымдарына жiберiлетiн
кәмелетке толмағандарға қатысты материалдарды дайындауға қатысады;
6) қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларға және өзге де қылмыстық-
құқықтық ықпал ету шараларына сотталған кәмелетке толмағандардың өмiр
салтын және мiнез-құлқын бақылауды қамтамасыз етуде әдiлет органдарының
қылмыстық-атқару инспекцияларына жәрдемдеседi; 7) әдiлет министрлiгiнiң
қылмыстық-атқару инспекцияларымен бiрлесе отырып, балаларын тәрбиелеу,
оқыту және бағып-күту жөнiндегi өз мiндеттерiн орындамайтын және (немесе)
олардың мiнез-құлқына керi әсер ететiн, Қазақстан Республикасы әылмыстық
кодексiнiң 72-бабының тәртiбiмен жазасын өтеу кейiнге қалдырылған сотталған
әйелдерге қатысты материалдар дайындайды;
      8) кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз, панасыз қалуы, құқық
бұзушылықтары туралы және қоғамға жат iс-әрекеттерi, оған итермелейтiн
себептер мен жағдайлар туралы мүдделi органдар мен мекемелердi хабардар
етедi;
      9) кәмелетке толмағандарды, олардың ата-аналарын және басқа заңды
өкiлдерiн құқықтық тәрбиелеуде бiлiм беру органдарына жәрдемдеседi;
      10) он сегiз жасқа толмаған және құқық бұзушылықтар жасаған кәмелетке
толмаған адамдарды, егер оларды дереу оқшаулау қажет болса, сондай-ақ
арнайы оқу-тәрбиелеу мекемелерiне жiберiлетiндердi заңда белгiленген
тәртiппен Уақытша оқшаулау, бейiмдеу және оңалту орталықтарында ұстайды
және бағып-күтедi;
      11) үш жастан он сегiз жасқа дейiнгi, сондай-ақ ата-аналарының немесе
олардың орнындағы адамдардың қамқорлығынсыз қалған балалар мен
жасөспiрiмдердi Уақытша оқшаулау, бейiмдеу және оңалту орталықтарына
жеткiзедi және бағып-күтедi, оларды кейiннен қамқоршылық және қорғаншылық
органдарына бередi.
      11-бап. Кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау,        бейiмдеу
және оңалту орталықтары
1. Кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейiмдеу және оңалту
орталықтары (бұдан әрi - Орталық):
      1) қылмыстық жауаптылыққа тартылатын жасқа жеткенге дейiн қоғамға
қауiптi әрекет жасаған;
      2) өмiр сүру және тәрбиелену жағдайлары бойынша бұрынғы тұрғылықты
жерiнде бұдан әрi тұру мүмкiндiгi болмаған жағдайларда қылмыс жасағандығы
айыпталған; 3) арнаулы бiлiм беру ұйымдарына және ерекше режимде ұстайтын
бiлiм беру ұйымдарына жiберiлген;      4) ата-аналарын немесе басқа да
заңды өкiлдерiн анықтау үшiн үш жастан он сегіз жасқа дейінгi қадағалаусыз
және панасыз қалған;
      5) уақтылы орналастыру мүмкiндiгi болмаған жағдайда ата-анасының
немесе олардың орнындағы адамдардың қамқорлығынсыз қалған, сондай-ақ
олардың өмiрiне немесе денсаулығына тiкелей қауiп төнген кезде қамқоршылық
және қорғаншылық органы ата-анасынан (олардың бiреуiнен) немесе оларды
қамқорлыққа алған басқа да адамдардан алып қойған кәмелетке толмағандарды
қабылдауды және уақытша ұстауды қамтамасыз ететiн iшкi iстер органдарының
қарауында болатын арнайы балалар мекемелерi болып табылады. Осы тармақтың
4) және 5) тармақшаларында аталған кәмелетке толмағандар Орталықта өзге де
негiздер бойынша ұсталып отырған кәмелетке толмағандардан бөлек ұсталады.
      2. Кәмелетке толмағандарды Орталыққа орналастыруға:
      1) осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында аталған
кәмелетке толмағандарға қатысты - прокурор санкция берген қылмыстық қудалау
органының қаулысы немесе соттың қаулысы;
      2) осы баптың 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында аталған
кәмелетке толмағандарға қатысты - қамқоршылық және қорғаншылық органының
қаулысы негiз болып табылады.  3. Түнгi уақытта, демалыс немесе мереке
күндерi, сондай-ақ өзге де ерекше жағдайларда осы баптың 1-тармағының 1),
4) және 5) тармақшаларында аталған кәмелетке толмағандар Орталыққа қалалық,
аудандық, желiлiк iшкi iстер органы бастығының (бастықтың орынбасарының)
қаулысы негiзiнде орналастырылуы мүмкiн, бұл туралы жиырма төрт сағат
iшiнде Орталық әкiмшiлiгi прокурорды жазбаша түрде хабардар етуге мiндеттi.
Осы тармақта аталған кәмелетке толмағандарға қатысты материалдар оларды
одан әрi ұстау не орналастыру туралы мәселенi шешу үшiн Орталыққа
орналастырылған кезден бастап үш тәулiктiң iшiнде сотқа, прокурорға немесе
қорғаншы және қамқоршы органына ұсынылады.  4. Кәмелетке толмағандарды
Орталыққа орналастыру үшiн қажеттi құжаттарды жинақтауды iшкi iстер
органдары қамтамасыз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еңбек заңнамасындағы кәсіподақ құқығы
Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мен дамыту.Жеке кәсіпкерлік заңы туралы
Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы
Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мен дамыту жайлы
Төрелік талқылау
Нормативтік құжаттарды қолдану
Тамақ өнімдерін қадағалауға қойылатын талаптар
Қолжетімділігі шектелген ақпараттық жүйелер
Халықтың радиациялық қауіпсіздігі саласында мемлекеттік бақылау жайлы
Биоотын
Пәндер