Несиелік тәуекелдердің мәні мен мазмұнын ашып көрсету және оларды бағалау



Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасындағы қоғамдық дамудың
қазіргі нарықтық қатынастарға өту сатысында экономикалық және қаржылық
орталарының қалыптасу процесі жалғау үстінде. Осы жағдайда экономикалық
агенттердің арасындағы нарықтық қатынастар қалыптасып және экономиканың
көптеген аспектілеріне көзқарастар өзгеріп, олар жаңа тұрғыдан қарауда.
Бүгінгі күндегі Қазақстан экономикасының дамуында қаржы секторының,
әсіресе банк секторының алатын рөлі ерекше. Дүние жүзілік тәжірибеге сәйкес
банктік секторды қалыптастыру – ең бір өзекті мәселе болып табылады.
Республикадағы банктік құрылымның таза мемлекеттік жүйесін дүниежүзінің
көптеген елдерінде қалыптасқан екі деңгейлік жүйесіне өзгерту барысында
банктік инфрақұрылымның дамуына сапалық тұрғыдан жаңа жағдайлар жасалуда.
Кез-келген экономика үшін комерциялық банктердің несие беру арқылы
ақша жасау қабілетінің маңызы зор.
Нарықтық экономикада несие ең алдымен капиталдың экономиканың бір
саласынан басқа салаларға ағылуының және пайда нормасын теңестірудің тетігі
ретінде қажет. Капитал өндіріс құралдары түрінде салалардың арасында ағыла
алмайтын болғандықтан, әдетте бұл процесс ақша капиталының формасында
жүзеге асырылады. Негізгі капиталдың қозғалысы процесінде құнның бір бөлігі
уақытша пайдаланылмай ақшалай формада банк шоттарында қалады. Капиталдың
уақытша босаған бөлігі несиелік формада өз қозғалысын қарыз ақшалары
түрінде жалғастырады. Несиелеу жұмыс істеп жатқан кәсіпорындар қорларының
айналымының үздіксіздігін және өндірілген тауарларды өткізу процесін
қамтамасыз ету үшін қажет.
Несие беру банктік қызметтің негізгі түрлерінің бірі болып
табылады. Нарық жағдайында қызмет ететін кез келген кәсіпорын сияқты банк
шығынға және банкротқа ұшырау тәуекеліне барып, пайдасын жоғарылатуға
тырысады. Кез келген несие, белгіленген бір шарттарға сәйкес беріледі: олар
несиенің мақсаты, қарыз алушының сипаты, несиенің мерзімі, ұсынылып
отырғаннесиені қамтамазыз етудің көлемі мен өтімділігі және т.б. Несие беру
туралы шешім қабылдауға мұқият қарау несиелік тәуекелге, яғни несие бере
отырып қарызға берген құнның өтелмеу немесе уақытында қайтарылмау
тәуекеліне байланысты. Дүниежүзілік банктік тәжірибе көрсеткендей
коммерциялық банктердің пайдалылығы мне тұрақтылығымен қамтамасыз ету үшін
несиелік тәуекелді жүйелі басқару қажет.
Сондықтан диплом жұмысында қарастырылатын тақырыптың өзектілігі –
комерциялық банктердің несиелеу қызметінде пайда болатын несиелік
тәуекелдерді бағалап, оны төмендету жолдарын ұсыну.
Зерттеу пәні – комерциялық банктердің қарыз алушылардың несиелік
қабілетін бағалауы және несиелік тәуекелдерді төмендетуі. Зерттеу объектісі
– несиелеу нарығында жетекші банктердің бірі – Kaspi Bank АҚ.
Жұмыстың басты мақсаты – несиелік тәуекелдердің мәні мен мазмұнын
ашып көрсету және оларды бағалау, басқару әдістерін беру. Қойылған
мақсаттарға жету үшін, келесі міндеттер алға қойылады:
- комерциялық банк клиенттерінің несиелік тәуекелін бағалаудың
теориялық аспектілерін ашып көрсету;
- несиелік қоржын тәуекелінің басқару әдістерін айқындау;
- Kaspi Bank АҚ-ның ағымдағы қаржылық жағдайына талдау жасау;
- Kaspi Bank АҚ-ның несиелік қоржын сапасына талдау жасау;
- қарыз алушының несиелік қабілетін анықтау;
- банктердің несиелік тәуекелдерді төмендетуде кездесетін
мәселелерді айқындау;
- шетел тәжірибесін қолдана отырып, несиелік қабілетті және
тәуекелді бағалау жасау.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы – несиелік тәуекелдерді, клиенттердің несие
қабілеттігін бағалаудың қазіргі заманғы әдістері, несиелік тәуекелдерді
төмендету жолдары ұсынылды.
Дипломдық жұмыстың әдістемелік негізі:
- Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Пруденциалдық нормативтері;
- Шетелдік және отандық ғалымдар еңбектері;
- Kaspi Bank АҚ-ның есептік мәліметтері;
- ҚҚД есептік мәліметтері;
- мерзімді басылымдар.
Ғылыми жаңалығы:
- банктердің несиелік тәуекелін басқарудың теориялық-әдістемелік
негіздері құрылды;
- банктердің несиелік тәуекелін талдау жоспары құрылды;
- банктердің несиелік тәуекелін басқаруды жетілдіру жолдары мен әдістері
құрастырылды.

1 Банктердің несиелік тәуекелін басқарудың теориялық-әдістемелік
негіздері

1. Банктік тәуекелдердің мәні мен мазмұны

Тәуелдерді басқару кез-келген экономикалық жүйенің (үрдістің) құрамдас
бөлігі, себебі тәуекел мөлшері алатын табысқа тура пропорционалды деген
заңдылығы бар.
Ендеше, тәуелді басқару үрдісінің қаншалықты тиімді ұйымдастырылғанына
қарай, жалпы шаруашылық субъектінің, жүйенің қызметінің тиімділігі тәуеді.
Жүйенің (үрдістің) нәтижелігінің оларға тән тәуелдінің тиімді басқарушы
өзара байланыстығын талдау көптеген экономикалық әдебиеттерде толық
көрсетілен.
Тәуекелді басқару (риск-менеджмент) – мақсаты объект үшін қолайсыз
оқиға туындағанда зиянды төмендету немесе орнын толтыру болып табылады, көп
қадамды үрдіс.
Тәуекелді басқарудың келесідей негізгі кезеңдері бар:
Тәуекелді талдау - бүгінгі күнгі объектінің құрылысы, қасиеттері
оның күйінің болашаққа өзгеруі туралы қажетті сипаттарды алу мақсатындағы
бастапқы кезең.
Тәуелдерді айқындау кезеңі - тәуекел объектісіне тән сипаттарды, яғни
сапалық сипатталуы мен анықтамасын береді.
Бағалау – бұл айқындалған тәуекелдің сандық сипаттамаларының
ықтималдығы мен мүмкін болатын зиян мөлшерін санды түрде анықтау. Бұл
кезеңде қолайсыз жағдайдың дамуының бірнеше сценарилері зиянның пайда болу
ықтималының бөліну функциясы құрылады [1].
1) Тәуекелді жою – аталған тәуекелмен байланысты кез-келген әрекеттерден
және шаралардан бас тарту;
2) Тәуекелді төмендету мүмкін болатын зиян мөлшерін не болмаса, қолайсыз
оқиғаның пайда болу ықтималдығын төмендеуді білдіреді:
Экономикалық ортада тәуекелдерді төмендету үшін түрлі тәсілдер қолданылады.
- диверсификация (әртараптандыру) - қолданудың түрлі бағыты, салым
объектілерінің арасында қаражатты (капиталды) бөлу үрдісі;
- қосымша ақпаратты сатып алу;
- шектеу (лимиттеу) - шығындарға, сатуға несиеге және т.б. шек қою.
3) Тәуекелді сақтау - қазіргі жағдайда орнын толтыруға бағытталған
әрекетпен бас тарту;
Тәуекелге әсер етудегі соңғы әдіс өзін-өзі сақтау деген атау алған.
Тәуекелді сақтауда жүргізілетін шараларға зияндардың орнын жабу үшін несие
немесе қарыз алу, мемлекеттік дотация алу және т.б. жатады.
4) Тәуекелді беру бойынша шараларға қазіргі деңгейін сақтай отырып,
жауапкершілікті артуды білдіреді;
5) Тәуекелдерді бағалау әдістерінің ішінде бастыларын, топтастырып атап
өтейік.

1-сурет. Тәуекелді басқарудың негізгі кезеңдері
Ескерту - Банктік тәуекелдер Шаяхметова К.О. – Алматы: Қазақ
Университеті, 2006.

Айқындау мен бағалау өзара тығыз байыпты, әрдайым оларды бөлек
бөлімдер ретінде бөліне бермейді. Сонымен қатар тәуекелдерді басқару үрдісі
қарама-қайшы бағытта дамуы да мүмкін бағалаудан айқындауға, мысалы болған
зиянның себептерін анықтау үшін.
Тәуекелге әсер ету әдістерін таңдау кезеңінде төл тәуекелдерді
төмендетудің түрлі әдістері мен тәсілдерін қолдана отырып, болашықта
шегетін зиянын минималдау жоспарланады. Тәуекелге әсер ету әдістерін таңдау
олардың тиімділіктерін салыстуры арқылы сондай-ақ түрлі әдістердің
комбинациясын ескеріп жасалу керек [2].
Тәуекелге тікелей әсер ету үрдісі 2-суретте келтірілген.

2- сурет. Тәуекелге тікелей әсер ету үрдісі
Ескерту - Банктік тәуекелдер Шаяхметова К.О. – Алматы: Қазақ
Университеті, 2006.

Математикалық, статистикалық әдістер әдетте жеке, біртекті оқиғаларды
бағалау, тәуекелдердің сандық мөлшерін бағалау үшін қолданылады. Оларға
жататындар.
- ойындар теориясы;
- статистикалық шешімдер тапсырысы;
- дифференциалды санау тапсырысы.
Жүйені (үрдісі) теориялық сипаттау және себеп-салдарлы байланыс
орнату
Тәуекелдің сапалық және сандық сипаттарын бағалауға бағытталған, сирек
кездесетін немесе бірегей оқиғаларды бағалау үшін тиімді. Оларға:
- морфологиялық әдісі;
- ағаштар құру әдісі.
Сараптамалық әдістері жекедара, ерекше тәуекелдерді, жаңа нарықтарды
ашумен байланысты, яғни экономикалық барлық салаларында қолданылады.
Тәуекелдің сандық және сапалық жақтарын бағалауды.
Басқа да әдістер:
- жекелеген тәуекелді топтарды салыстыруға негізделген салыстырмалы
әдіс;
- жеке-дара бағалау әдісі;
- орташа шама әдісі;
- пайыздық әдіс;
- имитациялық модельдеу әдісі.
Банктік тәуекелдерді басқару негізінде тәуекелдің деңгейін төмендету
бойынша мақсатты бағытталған іздестірулер мен жұмыстарды ұйымдастыру,
табыстылық пен тәуекелдің тиімді қарым-қатынасын табу, белгісіз қаржылық
шаруашылық жағдайындағы пайданы табу және оны көбейту өнері жатыр. Біздің
республикамыздың ірі банктері үшін қызметтерінің барлығы тәуекелмен
байланысты мақсатты бағытталған деп айтуға болады.
Тәуекелді басқаруға жүйелі тәсілді қолдану және оны ірі банктің
активтері мен пассивтерін басқару жүйесін қалыптастыру кезінде (алдағы
уақытта дамуы үшін де) қолданылуын есептеуге болады. Банктік тәуекелдерді
басқаруға жүйелі ықпал ету негізінде шет елдік тәжірибенің негізінде
зерттелген жалпыға белгілі қағидалар жатыр.
Тәуекелдерді жалпы басқару тәуекелдердің картасын жасаумен түсіндіріледі:
- несиелік тәуекел;
- портфельді топтау;
- ағымдық тәуекел (операциондық);
- бизнес тәуекелі.
Қағидалар келесідей түрде топтастырылады: тәуекелдерді стартегиялық
басқару; тәуекелді басқару бойынша функциялар; тәуекеді өлшеу блйынша есеп
беру және оларды бақылау; тәуекелдерді басқару жүйесі.
Тәуекелдерді стратегиялық басқаруға жауркершіліктің біртұтас жүйесіне
тәуекелдерді анықтау және бағалау, тәуекелдердің шегі кіреді.Қорытынды
жаупкершілікті басқарма өз мойнына алады. Тәуекелдерді басқару қызметі
тәуекелдерді жедел басқару, тәуекелдерді өлшеу және бағалау арқылы жүзеге
асады.
Осындай тәуекелді болдырмау үшін пайда мен шығынға шек қою керек,
персоналдарды қадағалау және кадрларды ауыстыруды жоспарлау, нарықтағы
міңез-құлық ережесін үйрету, бір операцияны бірнеше жұмыскерлердің есепке
алу кезінде жеке бөлімшелер қарасынан кезеңдік бақылауды жүргізу, аудиттің
көмегімен бақылау, персоналдарға жоғары қысым көрсетуді алып тастау керек.
Техникамен байланысты тәуекелдер Рейтер, Телерейт сияқты
димененттік жүйе және де СФИФТ пен Телекс төлемдік жүйесін жаппай
қолданып жатқандықтан туындайды. Бұл тәуекелділіктер банктік операцияларды
жаңарту кезінде персоналдың компьютерлерді қолданумен байланысты. Банк
құрылымында осы жүйелерді техникалық қолдау бойынша талдаушылардың және
жүйелерге кіруді қадағалау үшін құпия сөздерді қолдану тәуекелдің деңгейін
азайтуға мүмкіндік береді [3].
Басқарудағы қиындықтар, банктің жекелеген бөлімшелеріндегі
ұйымдастырушылықтың тиімсіздігі және жауапкершілікті болу кезіндегі
келіспеушілік осының бәрі ұйымдастырушылық тәуелсіздігі сияқты тәуекел
түрінің тууына әкеледі. Оны төмендету үшін басқарудың қағидалары мен
әдістерін уақытылы қайта қарап отыру, бөлімдер мен жеке жұмыскерлердің
функцияларының бөлінуін қадағалау, бөлімшелер құрылымының құқықтары мен
міндеттемелерін қолданудың тиімділігін талдау және банктің қызметін
кезеңдік тексеру мен қайта ұйымдастыруды жүгізуді автоматты бақылау жүйесін
жасау қажет.
Бұл қағидаларға сәйкес, банктерде тәуекелдерді күнделікті өлшеу,
басқару мен бағалауға жауап беретін тәуекелдерді бассқару бойынша арнайы
бөлімше болуы қажет.
Тәуекелдерді өлшеу, есеп берушілік және бақылау,несиелік
тәуекел,өтімділік тәуекелі, нарықтық тәуекел, тәуекелді басқару, тәуекел
көрсеткіштерін біріктіру, шектеу, табыс пен шығындарды бөлу, қызметті
бағалау сияқты мәселелерге ерекше көңіл аударуды түсіндіреді. Бұл кезде
несиелік тәуекелді, өтімділік тәуекелін, нарық тәуекелін бағалау қиынға
түспейді деп есептеледі, ал ағымдық және заңды тәуекелді, бухгалтерлік есеп
беру тәуекелін, сатып алу тәуекелін, заңңдылық тәуекелін, жағайлық
тәуекелін бағалау қиынға түседі.
Несиелік тәуекелді бағалау банктік қызмет көрсетудің құрылымдық
бөлімшелері мен түрлері бойынша бағалау біртектес қағидаларының сақталуын
білдіреді.
Есеп айырысу тәуекелділігіне несие бойынша төленбеген мөлшерін қосу,
өтеу мерзімін ескеру, әр тараптың тәуекелділікті бекітуін және қарыз
тәуекелінің есептеу мүмкінілігін анықтау мақсатты ойластырылған деп
есептелінеді. Несиелік және нарықтық тәуекелдердің салыстырмалылығы ерекше
мәнге ие болады.
Өтімділік тәуекелін бағалау тек елдің тәжірибесіндегі өтімділік
тәуекелінің үш түрін бөлуді ұсынады:
- ақша қаражатының және ақша қаражатында қысқа мерзімді талап
етуді қанағаттандыру үшін құнды қағаздар нарығында айналысатын
қажетті деңгейін ұстап тұру;
- қаржы құралдарын тарту үшін капитал нарығына өту;
- нарықта позицияны табуүшін немесе жою мүмкіншілігі.
Нарықтық тәуекелді бағалау күнделікті уақыт құнын анықтауды барлық
қрылымдық бөлімшелер тәуекелдікті өлшеудің біріңғай қағидасының
сақталуынның, тәуекелді өлшеудің қосымша әдістемесін нарықтық тәуекелдің
күнделікті есептелуін бекітілген шектеулермен салыстыруды білдіреді.
Тәуекелдің компоненттерін анықтау маңызды жағдай болып табылады. Бұл
мақсатта әрбір операцияны қалыптастырушы компоненттерге барлық тәуекелдерді
анықтайтын мүмкіншілік болатындай бөліп тастау қажет.
Осыдан кейін, барлық анықталған тәуекелдер бақылау жүйесімен
салыстырылады, ол әрі қарай тәуекелді басқарупроцесіндегі жетіспеушілік пен
әлсіз жерлерін алып тастау бойынша шаралармен анықалады [4].
Егер айырысу тәуекелі төмендеген салалардың фирманың есептеп қойған
төлем бойынша әріптестердің міндетін орындамауға қатысы ретінде бағаланады.
Батыс тәжірибесінде мұндай тәуекел алдын ала есептеген тәуекелден бөлек
бағаланып, бақыланады. Ағымдық тәуекел, егер серіктес міндетін бүгін
орындамаған жағдайда жасалған мәселенің ағымдық қайта қалыптастыру қнын
білдіреді. Оның бағалануы нарықтың көрсеткіштеріі бойынша бағалаумен ұқсас.
Потенциалды тәуекел – бұл егер портнер операцияны жүзеге асыру
кезінде алдағы уақыттан өз міндетін орындамайтын жағдайдағы мүмкін
залалдар.
Біздің республикамыздағы банктер несиеге шектеу қою үшін несиені
бағалаудың тәуелсіз процесі, несиелік тәуекелді бағалаудың келісілген
стандарты, делдалдармен есеп йырысу орталықтары үшін шектеулер қажет.
Бақылау жүйесі жаңа операциялардың тек несиелік сызықты қолдану мүмкішілігі
анықталғаннан кейінғана жасалуы кекректігіне бағытталған болуы қажет. Бұл
кезде процедура серіктесте заңдылық құқық пен осы келісімдерді жасауға
өкілеттілігінің болуын қамтамасыз ету қажет.
Мемлекеттік құрылымдар және басқарушы тараптар заңды құқықтар мен
өкіметтердің әсер ету аймағын бекіту үшін қосымша зерттеулер талап етуі
мүмкін.
Тәуекелі бақылау мен шектеулерді салыстыру күнделікті жүргізіледі.
Несиелік тәуекел, өтімдімлік тәуекелі және нарықтық тәуекел барлық ұйым
масштабына жинақталып және бақыланады.
Жинақтау тәуекелдің нақты бағасын осы құнын шегімен салыстырғанда есебі
үшін негіз болып табылады.
Тәуекелді банктік операцияны және клиентті басқарудың басты міндеті
осы немесе басқа тәуекел түрін өзіне алдын ала сақтау дәресін анықтау және
операциялар бойынша мүмкін болатын залалдарды шектеуге бағытталған оңтайлы
шешім қабылдау болып табылады.
Банк қызметінің басты мақсаты – пайда табу негізінде басшылық ететіні
белгілі. Әлемдік банк жүйеесінің даму тарихы әлемде болса, банк
операцияларының табыстылығын арттыру және мүмкін болатын барлық шығындардың
ықтималдық азайтудың ашылмаған көздерін іздеу үстінде.
Банктің барлық бөлімшелері мен қызметтері бойынша тәуекелділікті үйлесімді
бақылау, тәуекелді басқару іс-әрекеттерінің тиімділігін қадағалау. Осының
бәрі әрбір банктің жеке тәуекелді басқару стратегиясын жасауын ұсынады,
яғни шешім қабылдаудың негізгі саясаты банктің дамуына өз уақытында жеке
кезегімен барлық мүмкіншіліктерді қолдану және осымен қатар тәуекелдерді
қабылдауға болатын, әрі басқаратын деңгейде ұстау.
Тәуекелдерді стратегиялық басқару мақсаты мен міндеті банктің жұмыс істеуге
мәжбүр сытрқы экономикалық ортадағы жиі өзгерістермен анықталады.
Қазақстанның банк ісіндегі сыртқы ортаның өзгеруінің негізгі белгісі сонғы
уақыттарда: инфляцияның үдейе түсуі; банктің және оның филиалдарының
санының өсуі; Ұлттық банк тарапынан банктер арасындағы бәсекелестіктің
шартын реттеу; Ұлттық қатысуымен банктер арасында тәуекелдерді қайта бөлу;
ақша және қаржы нарығының кеңеюі; жаңа (дәстүрлі емес) банктік қызмет
көрсету түрлерінің пайда болуы; ірі банктердің ұсақ бәсәккелестерді қосып
алу жағдайында банктер арасындағы бәсекелестіктің үдейе түсуі;
технологияның өзгеуі нәтижесінде несиелік ресурстарға тұтынушылықтың өсуі;
айналым капиталына кәсіпорынның тұтынушылық өсуі және клиенттерінің
меншікті капиталдағы банктік үлесінің азаюы жағына қарай қаржыландыру
құрылымының өзгеруі; несие берушілердің талаптарынан жалтаруымен қатар
шағын және орта бизнес аясындағы банкроттықтың тиімді несиелік қайтару
бойынша нақты кепілдердің жоқтығы болып табылады [5].

1.2 Банктердің несиелік тәуекелі және оны басқару әдістері

Кез келген банктің қызметінің табыстылығы банктің берген
несиелерінің сапасына, яғни оның қайтарымдылық дәрежесіне тікелей
байланысты. Несиенің уақтылы қайтарылмауы банктің зиян шегуіне итермелейді.
Сондықтан да банктер несиелік тәуекелді басқару шараларымен уақтылы
айналысып отыруға тиіс.
Несиелік тәуекел – қарыз алушының банктен алған несиесі бойынша
қарызын немесе оған есептелінген сыйақысын өз уақытында қайтара алмауына
байланысты банктің зиян шегуін сипаттайды.
Коммерциялық банктегі несиелік тәуекелді басқару жүйесі екі
субжүйеден тұрады:
- басқаратын субъекті;
- басқарылатын объекті.
Басқару субъекті – бұл арнайы еңбек, ақпарат, материалдық және
қаржылық ресурстарды пайдалана отырып, несиелік тәуекелді басқару процессін
жүзеге асыратын банктің құрылымдық бөлімшесі.
Отандық банктер тәжірибесінде несиелік тәуекелді басқару субъектілеріне
мыналарды жатқызуға болады:
- директорлар Кеңесі;
- басқарма;
- несиелік комитет;
- активтерді және пассивтерді басқару жөніндегі комитет;
- тәуекел басқармасы;
- шағын және ортта бизнесті несиелеу департаменті;
- ипотекалық несиелеу департаменті;
- ірі жобалар бойынша несиелеу тәуекел басқармасы;
- несиелік тәуекел басқармасы;
- проблемалық несиелер басқармасы;
- несиелік бөлімдер;
- несиелік менеджер;
- несиелік-тәуекел менеджері.
Басқарылатын объектіге банктің берген несиелері және олармен
байланысты несиелік тәуекел жатады [6].
Несиелік тәуекел бұл қарыз алушының банктен алған несиесі бойынша
қарызын немесе оған есептелінген сыйақысын өз уақытында қайтара алмауына
байланысты банктің зиян шегуін сипаттайды.
Несиелік тәуекелден туындайтын зияндар банктің несиелеу және өзге
де соған теңдестірілген баланстық және баланстан тыс операцияларын жүргізу
барысында пайда болуы мүмкін.
Мұндай операцияларға мыналар жатады:
- берілген және алынған несиелер;
- есепке алынған вексельдер;
- факторинг;
- форфейтинг;
- лизинг;
- төленген аккредитив бойынша төлеушіге қоятын банктің талаптары;
- кепілхат бойынша банктің талаптары.
Несиелік тәуекелден туындайтын шығындарды екіге тікелей және
жанама деп бөліп қарастырған дұрыс. Тікелей шығындар несиені қайтармауға
және қаражаттың түспеуіне байланысты туындаса, ал жанама шығындар кепілге
қоятын заттың құнының төмендеуі, проблемалық несиелерге байланысты банктің
құратын резервтерінің көлемінің ұлғайту қажеттігінен туындайды.
Жалпы несиелік тәуекел дәрежесі мынадай факторларға тәуелді:
- елдегі және өңірдегі экономикалық және саяси жағдайлар;
- банктердің жекелеген экономика салаларына несие беруі;
- қарыз алушылардың несиелік қабілеті мен беделіне;
- қарыз алушының банкроттығына;
- қаржылық қиындықтарға ұшыраған клиенттерге берілген несиелер үлесінің
жоғары болуына;
- жаңа, таныс емес компанияларға берілген несиелерге;
жақын арада тартылған немесе жаңа клиенттерге берілген несиелер үлесінің
жоғары болуы;
- қарыз алушының тарапынан болатын алдамшылық әрекеттерге;
- қиын іске асырылатын немесе тез құнсыздануға икемді кепіл затын
қамтамасыз ету мүлкі ретінде қабылдауына.
Жоғарыда аталған факторларды екі топқа топтастыруға болады: сыртқы
және ішкі факторларға.
Сыртқы факторлар тобына мыналар жатады:
- елдің экономикасының даму жағдайы мен болашағы;
- елдегі саяси жағдайлар;
- құқықтық өзгерістер;
- мемлекеттік ақша-несие саясаты;
- инфляция деңгейі;
- әлеуметтік факторлар [7].
Ішкі факторлар банктің несиелеу қызметіне және қарыз алушының қызметіне
байланысты болуы мүмкін. Банктің несиелеу қызметіне байланысты факторлар
негізінен оның менеджментінің деңгейіне, нарықтық стратегиясына, жаңа несие
өнімдерін жасау, оларды клиенттерге өткізу қабілетіне,несиелік саясатты
дұрыс таңдауына, несиелік қоржынның құрылымына, уақыт бойынша тәуекелдерге
(ұзақ мерзімде пайыздың өзгеруі, валюта бағамындағы өзгерістер) жатады.
Сонымен сыртқы факторлар банк қызметіне байланыссыз болса, ал ішкі
факторлар банк қызметіне тікелей байланысты болып келеді.
Жоғарыда аталған несиелік тәуекелдің факторлары несиелік тәуекелді
жіктеуде басты критерии болып табылады. Демек келтірілген факторлар
негізінде біздің ойымызша, несиелік тәуекелдің мынадай жіктелімін жасауға
болады:
1) Факторлардың әрекет ету саласына қарай:
- ішкі несиелік тәуекелдер;
- сыртқы несиелік тәуекелдер;
2) Факторлардың банк қызметіне байланысына қарай:
- банк қызметіне байланысты несиелік тәуекелдер;
- банк қызметіне байланыссыз несиелік тәуекелдер;
3) Банк қызметіне әкелетін зияндылық дәрежесіне қарай:
- тікелей несиелік тәуекел;
- жанама несиелік тәуекел;
4) Несиелік операциялардың есеп алыну сипатына қарай:
- баланстық несиелік тәуекелдер;
- баланстан тыс несиелік тәуекелдер;
5) Пайда болу ауқымына қарай:
- іргетастық несиелік тәуекелдер, яғни активті және пассивті
басқарумен айналысатын менеджерлердің қабылдайтын шешімдеріне байланысты;
- коммерциялық несиелік тәуекелдер, яғни банк клиенттерін несиелеу
саясатына байланысты;
- жекеше несиелік тәуекелдер, яғни несиелік өнім, қызмет,
операцияларға, қарыз алушыларға немесе өзге де контрагенттерге байланысты.
6) Басқару сипатына қарай:
- тікелей несиелік тәуекел, яғни қарыз алушыға қатысты несиелік
тәуекел;
- қоржындық несиелік тәуекел, яғни несиелік қоржынның сапасына
байланысты.
Несиелік тәуекелді басқару банктің активін басқарудың құрамдас бөлігі
ретінде несиелік тәуекелді төмендетуге байланысты шаралардың жиынтығын
білдіреді.
Жоғарыда келтірілген несиелік тәуекелді жіктеліміне сүйене отырып, біздің
ойымызша, жалпы несиелік тәуекелді басқаруға екі тұрғыдан келу қажет:
- нақты қарыз алушының несиелік тәуекелін басқару;
- несиелік қоржынның тәуекелін басқару.
Осы екі түрлі несиелік тәуекелдерді басқарудың өзіндік
ерекшеліктері болады. Ең бастысы мақсаттарына байланысты:
- қарыз алушының несиелік тәуекелін басқарудың мақсаты несиені
қайтармаған жағдайда банктің шығынын азайту және қарыз алушының банк
алдындағы келісімшартта көзделген міндеттемелерін орындалмай қалу
ықтималдығын азайту болып табылады;
- несиелік қоржынның тәуекелін басқарудың мақсаты банктің несиелік
операцияларын ұйымдастыру тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштерді
белгілі бір деңгейде қолдап отыру.
Қарыз алушының несиелік тәуекелін басқару банктегі несиелдік үдерісті
ұйымдастыру шегінде жүзеге асыралады. Несиелеудің әрбір кезеңінде несиелік
тәуекелді басқарудың өзіндік ерекшеліктері болады [8]. Несиелік тәуекелді
басқару үдерісі мынадай кезеңдерді қамтиды.
(3-сурет).

3-сурет. Несиелік тәуекелді басқару үдерісінің кезеңдері
Ескерту - Банктік тәуекелдер Шаяхметова К.О. – Алматы: Қазақ
Университеті, 2006.

Несиелік тәуекелді басқарудың үдерісінде қарастырылған кезеңдері
несиелік тәуекелді жекелеген қарыз алушылар деңгейінде, сондай-ақ жалпы
несиелік қоржын деңгейінде басқаруда да қолданылады.
Ең бірінші қарыз алушының несиелік тәуекелін басқару үдерісінің кезеңдеріне
тоқалайық.
Бірінші кезең - идентификациялау кезеңі. Несиелік тәуекелді
идентификациялау бұл несиелік тәуекелдің пайда болу аумағын айқындауды
білдіреді.
Несиелік тәуекелді идентификациялаудың мақсаты қарыз алушының
келісімшартта көзделген міндеттемелерді орындамау себептерін анықтау. Оған
ішкі және сыртқы факторлар себеп болуы мүмкін. Ішкі факторлар яғни бұл
банктің несиелеу үдерісін ұйымдастырумен байланысты, ал сыртқы факторлар
бұл қарыз алушының төлем қабілетсіздігіне немесе оның банк алдындағы
міндеттемесін орындауға ынтасыздық танытуынан, сондай-ақ несиені қамтамасыз
ету мүлкіне байланысты туындауы мүмкін [9].
Несиелік тәуекелді идентификациялау үшін қарыз алушы туралы толық
ақпарттарды жинақтау қажет. Қарыз алушылар жеке және заңды тұлғалар ретінде
болады. Ендеше қарыз алушы жеке тұлғаға қарағанда заңды тұлғалары бойынша
ақпараттар жинау күрделі болып келеді. Айталық қарыз алушы заңды тұлға үшін
компанияның қызметінің бағыттары, несиелік тарихы, іскерлік беделі, меншік
иелерінің құрылымы, менеджмент сапасы, бәсекелестік қабілеттігі,
рентабельдігі және өндірісінің даму жағдайы, оған салалық, нарықтық және
жағрафиялық тәуекелдердің ықпал етуі, сондай-ақ кепіл затының өтімділігі,
жеткіліктігі және сақталымы немесе өзгеде қамтамасыз ету нысандарына
қатысты тәуекелдердің болуы туралы ақпараттар жатады. Қарыз алушы жеке
тұлға бойынша ақпараттарға: жеке тұлғаның қызметі, несиелік тарихы, табысы,
бизнесінің дамуы мен бәсекелестігі, сондай-ақ кепіл затына қатысты жоғарыда
аталған тәуекелдер туралы ақпараттар жатады.
Несиелік тәуекелді идентификациялау банктің несиелік қызметтерлерінің, заң
қызметінің, қауіпсіздік қызметінің, тәуекел-менеджерлерінің көмегімен қарыз
алушылар санаттарына және салалық сипатына қарай жасалатын сараптамалық
қорытынды дайындау кезінде жүзеге асырылады.
Қарыз алушының несиелік тәуекелін анықтау үшін оның алдыңғы міндеттемелерді
қалай орындауы, бұрынғы өзге банктерден алған займдары туралы, қазіргі
банктің берген несиесіне қызмет ету жағдайы, қарыз алушының несиелік
тәртібі туралы ақпараттар талданады.
Несиелік тәуекелді идентификациялауға қажетті ақпарат көздеріне
мыналар жатуы мүмкін:
- қарыз алушының банкке несие алу үшін берген ақпараттары;
- несиелік бюроның беретін ақпараттары;
- өзге ақпараттар.
Бейрезиденттерге несие беру барысында қарыз алушының заңдарына құқықтық
сараптама жасалуға тиіс.
Жалпы қазіргі банктік тәжірибедегі қарыз алушының несиелік тәуекелін
басқару әдістері төмендегі 4-суретте берілген.
Несиелік шектеу бұл біріншіден несие берушінің қарыз алушыға беретін
несиесі бойынша несиелік қатынастың шекті деңгейі; екіншіден қарыз алушының
өз айналымында несиелік қаражаттарды пайдаланудың ең жоғарғы шегін
білдіреді. Несиелік шектеу ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Сыртқы лимит,
ҚР Ұлттық банктің пруденциалдық нормативтер қатарында, бір қарыз алушыға
келетін тәуекелдің ең жоғарғы мөлшері ретінде белгіленеді. Ол норматив
бойынша тәуекелдің (несие мөлшерінің) банк капиталына қатынасы арқылы
есептеледі және оның мәні екі жағдайда белгіленеді: 1) 0,1 нан аспайтын
мөлшерде, яғни ол банкпен тығыз қарым-қытынастылар үшін; 2) 0,25-тен
аспайтын мөлшерде, яғни ол қалған қарыз алушылар үшін (соның ішінде
бланктік несиелер үшін – 0,1).

4-сурет. Қарыз алушының несиелік тәуекелін басқару әдістері
Ескерту - Банктік тәуекелдер Шаяхметова К.О. – Алматы: Қазақ
Университеті, 2006.

Ішкі шек банктің несиелік қызметке жетекшілік ететін несиелік
нұсқаулықтары мен әдістемелік құжаттарында белгіленеді. ЕДБ несиелік
қызметінде мынадай бір қарыз алушыға несиелеу шегін белгілейді:
- жекелеп несиелеудің шегі;
- ЕҚДБ-нің несиелік желісі бойынша несиелеу шегі;
- тендерлік кепіл-хаттар бойынша несиелеу шегі;
- факторинг операциясы бойынша несиелеу шегі [10].
Несиенің мөлшерін банк мекемесі қарыз алушымен бірлесе отырып, материалдық
қорлардың құралу қажеттілігін зерттеу негізінде шығындарды, өндіріс көлемі
мен өнімнің өтімділігін, ауыл шаруашылық өнімдерін, оның қайта өңделуі және
басқа да шығындарды ескере отырып анықтайды. Қарыз алушыға берілетін
несиенің мөлшері әр түрлі жағдайларға байланысты болып келеді. Біріншіден,
қарыз алушыға берілетін несие шамасы қарыз алушының жасаған өтінішіне
байланысты. Бірақ та, бұл өтініштегі несие мөлшері несиені қайтарудағы
нақты мүмкіндіктермен, сондай-ақ банктің нақты есебімен сәйкес келмеуі
мүмкін. Екіншіден, несиенің шегі экономикалық жағдайларға байланысты, соның
ішінде:
1) қарыз алушының төлем айналымындағы алшақтық шамасына;
2) несиені қамтамасыз ететін нақты тауарлы-материалды бағалылар қорына
және олардың өтімділік дәрежесіне;
3) маржа деңгейіне;
4) несиелік тәуекел дәрежесіне және банктің клиентке деген сенім
дәрежесіне;
5) банкте бар ресурс көлеміне және т.б.

Қарыз алушының несиелік тәуекелін төмендетудің келесі әдістерінің
біріне мәмілені құрылымдау және қаржыландыру шартын анықтау жатады.
Мәмілені құрылымдау займ туралы келісімшарт жасау кезеңінде жүзеге
асырылады. Құрылымдау несиелік мәміленің жетістіктеріне ықпал етеді.
Мәмілені құрылымдау барысында клиентке мәміленің сипатына жауап беретін
несиенің түрі мен өтелу шарты ұсынылады.
Мәмілені құрылымдау үдерісінде банк қаржыландыруы шартының түрін, мерзімін,
өтелу тәсілін, төлемдер кестесін, сыйақы мөлшерлемесін, қамтамасыз етілуі
және өзге де шарттарды өзі анықтайды.
Ең бастысы қаржыландыру шартын жасау барысында қаржыландырудың ең қолайлы
түрі: заем, несиелеу шегі (компаниялардың айналым қаржаттарын
қаржыландыруда), лизинг, кепіл-хат, аккредитив және т.б. анықтауы қажет.
Несиелік тәуекелді төмендетудің негізгі тәсілдерінің біріне клиенттің банк
алдындағы міндеттемесінің қамтамасыз етілуі жатады. Ал, бүгінгі несиенің
қамтамасыз етілуі ретінде кепіл, кепіл-хат, кепілдеме міндеттемелері
қолданылуда. Енді осы несиенің қамтамасыз етілу тәсілдеріне тоқталайық.
Кепілге берілетін несие – бұл қарыз алушының активтерімен қамтамасыз
етілген несие. Кепілге берілетін активтер қарыз алушының иелігінде қалып,
оның пайдалануында болады.
Кепіл затына: заттар, бағалы қағаздар, басқа да мүліктер және мүліктік
құқықтар жатады.
Несиелік тәуекелді басқарудың келесі бір әдісіне несиелерді сақтандыру
жатады.
Несие беруге байланысты тәуекелді сақтандырудың үш түрі қолданылады:
1) қарыз алушының берілген несиеге кепілге қойған мүлкін
сақтандыру;
2) қарыз алушының еңбекке қабілеттілігін сақтандыру;
3) қарыз алушының өмірін сақтандыру.
Сақтандырудың ерекшелігі қарыз алушының мүддесін қорғай отырып, бір мезетте
банкіге берілген несиенің қайтарылуына кепілдік беріледі.
Берілген несиеге қарыз алушы кепілдікке қойған мүлікті сақтандыру
объектісіне құрал-жабдықтар, станоктар, көлік құралдары, шикізат және
материалдар, дайын өнімдер және тағы басқалары жатады. Сақтандыру тәуекелі
ретінде әдетте әртүрлі апат салдарынан (өрт, топан су, найзағай) мүліктің
бүлінуі немесе жойылуы, басқа да жағдайлар, үшінші біреудің қылмыстық
әрекеті алынды [11].
Банктің сақтандыру өтемін алу құқығы біріншіден несие толық немесе
ішінара қайтарылмағанда, екіншіден сақтандыру шарты күшінде тұрғанда
кепілге қойылған мүлік жойылу нәтижесінде сақтандыру оқиғасы туындаған
жағдайда күшіне енеді. Егер қарыз алушы сақтандыру оқиғасы бола тұра
несиені өтеп шықса, онда сақтандыру өтемі банкіге емес, мүлік иесіне
төленеді.
Қарыз алушының еңбекке жарамдылығын сақтандыру сақтанушының денсаулығын
жоғалтып, несиені қайтару мен пайызды төлеу міндеттемесін орындауға
мүмкіндігін жоғалтуы мүмкін жағдайға жүргізіледі. Сақтандыру шарты несиені
толық қайтарып беру мерзімі аяқталғанша жасалады. Сақтандыру оқиғасы
туындаса, сақтандыру компаниясы банк қарызын өтеуді қамтамасыз етеді.
Қарыз алушының өмірін сақтандыруда несие шарты бойынша міндеттемені
орындау сақтандыру компаниясының жауапкершілігіне өтеді, егер қарыз алушы
қайтыс болса сақтандыру компаниясы қарыз өтеуді өз мойнына алады. Мұндай
сақтандыру өмірді сақтандыру деп атауға болады.
Қарызды синдинцирлеу қарыз алушының несиелік тәуекелін төмендетудің маңызды
әдістерінің біріне жатады.
Синдинцирленген несиелерді беру - бұл несиелік тәуекелдің бірнеше
банктер арасында бөлінуін білдіреді.
Синдинцирлеуге негізгі және айналыс құралдарын сатып алуға арналған
несиелер, жобалық қаржыландыру, лизингтік мәмілелер, несиелік желілер,
аккредитив және т.б. жатады. Синдинцирлеу арқылы қарыз алушылар ірі сомада
несие алуға қол жеткізеді және мұндай сомада несие беруге, яғни банк жалғыз
өзі тәуекелге бармайды.
Синдинцирлеудің бірнеше тәсілдері қолданылады, атап айтсақ, біріншісі,
бұл бірнеше банктердің бірігіп қарыз алушыға несие беруі, екіншісі, үлкен
сомада несие берген банктің несиенің бір бөлігін қайталама нарықта сатып
алушыларға сатуы, үшіншісі бірінші мен екінші тәсілдің бірігуінен
туындайды.
Қарыз алушының несиелік тәуекелін төмендетудің келесі тәсілі бұл
мүдделердің қақтығыстарын болдырмау. Мүдделердің қақтығыстарын болдырмау
негізінен банктің несиелік қызметіне байланысты қойылатын талаптарды банк
қызметкерлерінің орындауын көздейді.
Мүдделердің қақтығыстарын болдырмаудың мынадай жолдары бар:
- несиелік үдеріске қатысушы несиелік қызметкерлердің несиелеуге
байланысты заңдар мен нормативтік актілерді қатаң сақтауы;
- несиелік мәміле туралы шешім қабылдаушылардың арасында
құзіреттердің бөлінуі;
- жеке басының байланысы бар немесе қаржылық мүддесі бар банк
қызметкер аталған ұйымды немесе тұлғаны несиелеу үдерісіне
қатыстырмау, не болмаса ондай несиелік мәмілені өзге бір банк
қызметкерінің қарауына беру және аталған қызметкердің ол іске
араласуына тиым салу;
- несиелеу үдерісі барысында алынған клиенттер немесе олардың
коммерциялық қызметі туралы ақпараттарды жеке мүддеге немесе өзге
заңды және жеке тұлғалардың мүдделеріне пайдалануға жол бермеу;
- несиелік қызметке қатысушы қызметкерлерді әдептілікке үйрету және
мүдделік қақтығыстарды болдырмауға шақыру;
- мүмкін болатын мүдделік қақтығыстарға қатаң тәуелсіз бақылау жасау.

Қарыздарды өтеу клиенттің барлық ағымдағы активтерімен қамтамасыз
етіледі. Нақ осылай теориялық түрде, егер клиенттің ағымдағы активтері
қысқа мерзімді міндеттемелерінің сомасынан артса, онда ол қарыздарды өтеуге
дайын деп есептеуге болады.
1.3 Несиелік қоржын тәуекелін басқару

Несиелік қоржынның тәуекелін басқарудың мақсаты –банктің несиелік
операцияларын ұйымдастыру тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштерді белгілі
бір деңгейде қолдап отыру.
Қоржынның несиелік тәуекелін басқару үрдісін қарастыратан болсақ,
Қоржынның несиелік тәуекелін идентификациялаудың мақсаты банктің
несиелік қоржыны тәуекелге ұшырауына ықпал етуші факторларды айқындау және
олардың банктің несиелік қызметінің тиімділігіне ықпалын анықтау.
Қоржындық несиелік тәуекел бұл қарыз алушының банк алдындағы несиеге
қатысты міндеттемесін орындау нәтижесінде туындайды.
Қоржындық тәуекелге ықпал етуші факторларды екіге бөледі: сыртқы және
ішкі факторлар.
Сыртқы факторлар банк қызметіне байланысссыз, яғни экономикалық, саяси,
құқықтық, табиғи және өзге де факторларға тәуелді орын алады. Ішкі
факторлар бұл банктің несиелік үдерісін ұйымдастыруға тікелей байланысты.
Қоржындық несиелік тәуекелдің пайда болуына мынадай тәуекелдер себепші
болады:
- шоғырлану тәуекелі, яғни мұндай тәуекел банктің несиелік ресурстарының
экономиканың бір саласына, бір валютада, бір аймақта көбірек
шоғырлануынан пайда болады.
- сезімталдық тәуекелі, яғни қоржынның ішкі және сыртқы факторларға
сезімталдығынан туындайды.
- активтердің құнын жоғалту тәуекелі, яғни қарыз алушылардың алған
несиелері бойынша негізгі қарыздарын немесе пайыздарын толық немесе
жартылай қайтармауынан несиелік қоржын құнының төмендеуін сипаттайды.
- қамтамасыз ету тәуекелі, яғни кепіл затының нарықтық құндарының
төмендеуіне, өтімділігінің деңгейінің өзгеруіне, сондай-ақ форс-
мажорлық жағдайларға байланысты факторлардың несиені қамтамасыз етуге
алған кепіл заттарының құндарының төмендеуіне ықпал етуі;
- табыстылықтың төмендеу тәуекелі, яғни несиелік тәуекелдерден
туындайтын зияндардың орнын жабуға құрылатын резервтердің несиелік
қоржынның табыстылығының төмендеуіне тигізетін ықпалы.
Несиелік қоржынның тәуекелін анықтауға қажетті ақпарат көздеріне
мыналар жатады:
- несиелік Модулдың мәліметтер базасы;
- ай сайынғы активтердің жіктелемі туралы есебі мен оларға қарсы
құрылыған провизиялар есебі;
- ай сайынғы несие бойынша қалдық есебі.
- өзге де қол жетімді ақпараттар.
Қоржындық несиелік тәуекелдің банктің несиелік қызметіне теріс ықпалын
білуде оның факторлары мен қауіптерін анықтап білу жеткіліксіз.
Сондықтан да қарыз алушылар мен несиелік қоржынның тәуекелдерін
идентификациялау нәтижелері бойынша келесі кезеңде қарыз алушының және
қоржынның несиелік тәуекелін бағалау және өлшеу жұмыстары жүргізіледі.
Несиелік тәуекелді бағалау үдерісінде мынадай ұғымдар қолданылады:
- дефолт бұл қарыз алушының белгілі бір уақыт аралығында орын алған
төлем қабілетсіздігінен банк алдындағы міндеттемесін орындай алмау
себептеріне байланысты негізгі қарызды немесе оған есептелетін сыйақы
сомасын қайтармау қауіпінің туындауы.
- несиелік рейтинг, яғни қарыз алушыларды несиелік сенімділігіне қарай
жіктеу.
- несиелік миграция, яғни қарыз алушының несиелік рейтингінің өзгеруі,
яғни несиелік рейтингтің бір сыныптан екінші бір сыныпқа төмендеуі.
- дефолт жағдайындағы шығындар бұл қарыз алушының кепілге қойған мүлкін
сату немесе өзге міндеттемелерін орындалуы жолымен жоғалған активтерді
қалпына келтіруге кеткендерді есепке алатын нақты шығынды көрсетеді.
- несиелік тәуекелге ұшырайтын сома бұл дефолт жағдайында жоғалуы
мүмкін несиелік тәуекелге тән қаражаттың бір бөлігі.
Несиелік тәуекелді бағалау сапалық және сандық талдаулар тұрғысынан
іске асады.
Сапалық талдау бұл несиелік тәуекелдің пайда болуы аумағын немесе ықпал
ететін факторларды және тәуекелді анықтауда пайдаланылатын ақпарат көздерін
талдауды қамтиды. Сапалық талдау әсіресе банктің несиелік қоржынының
сапасын талдау негізінде жасалады.
Сандық талдау бұл несиелік тәуекелдің дәрежесін формалау, яғни сандық
тұрғыдан анықтау мақсатында жүзеге асады.
Банктің несиелік тәуекелін бағалау екі тәсілге негізделуге тиіс:
- несиелік тәуекел деңгейін бағалау;
- несиелерді тәуекел дәрежесіне қарай жіктеу.
Несиелік тәуекелді бағалауда мынадай басты көрсеткіштер пайдаланылады:
- коэффициенттер;
- болжанатын шығын мөлшері;
- несиелік қоржынның сапасының көрсеткіштері.
Қарыз алушының несиелік тәуекелін бағалауда да сапалық және сандық
талдаулар қолданылады. Сапалық талдаудың мақсаты тәуекелдің пайда болуы
ықтималдығын бағалау. Сандық бағалаудың мақсаты қарыз алушының
міндеттемесін орындамау барысында банктің шығын шегу ауқымын анықтау.
Сапалық және сандық талдаудың нәтижелері бойынша несиелік тәуекелді
бағалауға мүмкіндік туындайды.
Қарыз алушы заңды тұлғаның несиелік тәуекелін бағалау мынадай
тәсілдермен жүзеге асады:
1) қарыз алушының іскерлік тәуекелін бағалау;
2) қарыз алушының несиелік қабілеттін бағалау, о.і.:
- қаржылық коэффициенттер негізінде қаржылық жағдайын талдау;
- ақшалай ағымын талдау;
- менеджмент сапасын бағалау.
3) несиені қаматамасыз ету көздерін бағалау.
Отандық банктік тәжірибеде қарыз алушының несиелік қабілетін
бағалаудағы басты факторға оның қаржылық жағдайы жатады. Ол қарыз алушының
қызметін көрсететін көрсеткіш ретінде қызмет ете отырып, меншікті және
заемдық қаражаттарды орналастыру және пайдалану құрылымдарымен, сондай-ақ
пайданы алу, бөлу, және тиімді пайдаланумен сипатталады.
Екінші деңгейдегі банктердің тәжірибесінде ірі бизнес-жобалар бойынша
несиелеуде қарыз алушылардың өтініштерін талдауда Project Expert
бағдарламасы пайдаланылады. Бұл бағдарлама жобаның тиімділігін қайта
есептеуге мүмкіндік жасаумен қатар, қарыз алушының несиелік тәуекелін
анықтауға және оған ықпал етуші факторларды сандық тұрғыдан талдауға
мүмкіндік береді.
Қарыз алушы жеке тұлғаның несиелік тәуекелін бағалау мынадай
тәсілдермен жүзеге асады:
1) қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау, о.і.:
- сауалнама негізінде бағалау;
- скоринг жүйесі көмегімен бағалау;
- несиелік тарихын білу негізінде бағалау;
- төлем қабілетін сипаттайтын көрсеткіштер негізінде бағалау.
3) несиені қаматамасыз ету көздерін бағалау.
Скоринг бұл банкке бұрынғы клиенттердің несиелік тарихы негізінде
әлуиетті қарыз алушының несиені уақытында қайтармау ықтималдығының
қаншалықты жоғары екенін анықтауда көмек беретін математикалық немесе
статистикалық үлгі.
Қарыз алушылардың төлем қабілетсіздігінен туындайтын қарыздың
қайтарылмауынан шегетін зияндарды болдырмау мақсатында отандық банктерде
несиелік тәуекелді бағалау тәжірибесі жүзеге асады.
Барлық несиелер және несиеге теңдестірілетін клиенттердің қарыздары
бойынша несиелік тәуекел бағаланады және оны тиісті шоттар бойынша
жіктеледі [12].
Несиелерді жіктеу барысында барлық несиелік операциялар бойынша қарыз
алушының жалпы қарызы ретінде қарыз алушыға келетін жиынтық тәуекел
анықталады.
Жалпы активтерді, соның ішінде несиелерді жіктеу және несиелік
тәуекелді бағалау мынадай критерилерді ескере отырып жүзеге асады:
1) қарыз алушының қаржылық жағдайы;
2) банк алдындағы жіктелінген активтер және шартты міндеттемелер
бойынша мерзімі өткен қарыздарының болуы;
3) қамтамасыз ету сапасы;
4) несиенің мерзімінің ұзартылуы;
5) өзге де мерзімі өткен міндеттемелердің болуы;
6) несиелердің көзделеген мақсатқа жұмсалынбаған бөлігі, %-бен;
7) өзге несие берушілер алдында шегерілген қарыздарының болуы;
8) қарыз алушыда Ұлттық банктің бекіткен тізіміне енген рейтингтік
агенттіктердің рейтингінің болуы.
Несиелерді жіктеу үшін ең бастысы қарыз алушының қаржылық жағдайына
баға берілуге тиіс.
Қарыз алушы заңды тұлғалардың қаржылық жағдайын бағалау тоқсан немесе
жарты жыл сайын бір рет клиенттің берген қаржылық есебі негізінде
жүргізіледі. Мұндағы қаржылық есепке бухгалтерлік баланс пен пайда және
зиян есебі жатады. Осындай құжаттар негізінде несие-менеджері қарыз
алушының қаржылық жағдайына несиелік скоринг көмегімен жедел-бағалауды
жүзеге асырады.
Несиелік скорингті жүргізу барысында қарыз алушының қаржылық қызметін
сипаттайтын бес параметр пайдаланады. Аталған параметрлер екі топқа
бөлінген:
1-топ: Қаржылық көрсеткіштердің өзгерісінің серпіні:
- өндіріске жұмсалатын шығындардың сатудан түсетін түсімдерге
қатынасына қатысты өзгерісі;
- негізгі құралдардың құндарының өзгерісі;
- меншікті капиталдың өзгерісі;
- міндеттемелердің жалпы өзгерісі.
2-топ: Қаржылық көрсеткіштер негізінде қарыз алушының несиелік
қабілетін бағалау.
Мұнда қарыз алушының несиелік қабілетін сипаттайтын мынадай қаржы
көрсеткіштері есептеледі:
- ағымдағы және жылдам өтімділік коэффициенттері;
- автономия коэффициенті;
- сауданың рентабельділігі;
- меншікті капиталдың рентабельділігі;
- тауарлы-материалды запастардың айналымдылығы;
- дебиторлық қарыздар айналымдылығы;
- кредиторлық қарыздар айналымдылығы.
Әрбір бағалау параметрлеріне сараптамалық немесе есептеу жолымен
бекітілетін балл беріледі және маңыздылық салмағы белгіленеді.
Скоринг берілген балдар мен тиісті салмағының сомасы ретінде
есептелінеді және оның мәні нол мен бірдің арасында болады. Есептеу
нәтижесінде анықталған мәнді қарыз алушының қаржылық жағдайының деңгейін
анықтау үшін және сол санат бойынша тиісті балл беру үшін пайдаланады.

2 Банктердің несиелік тәуекелін талдау Kaspi Bank АҚ-ның мысалында)

2.1 Kaspi Bank АҚ-ның несиелік қоржын сапасын талдау

Kaspi Bank АҚ шамамен 431 млрд. теңге активтерімен және 50 млрд.
теңге шамасындағы шоғырландырылған капиталымен Қазақстандағы жетекші
банктердің ондығына кіреді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша kaspi bank
сатылым желісін кеңейту бойынша көшбасшы атанды, бүгінгі таңда банктің
сатылым желісі 650-ден астам филиалдан, бөлімшеден және сату орындарынан
тұрады. Банк жеке тұлғаларға қызмет көрсету сегментінде көшбасшы орында
тұр. Kaspi Bank АҚ-ның инвесторы – жетекші Baring Vostok Private Equity
III (BVPEF III) тікелей инвестициялау қоры. 
1991 жылғы 1 қаңтар Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаев Әл Барака Қазақстан Халықаралық банкін құру туралы
Жарғыға қол қойып, кейін "Каспийский" Банкі" ААҚ  оның құқықтық мұрагері
болды. Әл Барака Қазақстан ХБ халықаралық есеп айырысуларды жүзеге
асыруда, Қазақстан Республикасының экономикасына шетел инвестицияларын
тартуда және қызмет көрсетуде жетекші орындардың бірін  иеленді. Алты
жылдық тиімді қызметі барысында Банк өзінің халықаралық банк ретінде
беделін күшейтіп, Қазақстан Республикасындағы көшбасшы банктердің арасында
мықты позицияны иеленді және келбетті клиенттер желісін құрды.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заң талаптарына сәйкес
міндетті қайта тіркеу жұмыстарын жүргізуге байланысты "Әл Барака
Қазақстан" ХБ  атауы "Каспийский" Банкі" Жабық Акционерлік Қоғамы болып
өзгертілді.  Каспийский Банкі ЖАҚ мен Қаздорбанк ААҚ (1989 жылдың 13
қаңтарында құрылған және тіркелген) серіктестік және ынтымақтастық туралы
келісімге отырды. Серіктестер арасындағы өзара іскерлік қатынастың сындарлы
стилі және ақпаратпен, жоспарлармен ашық алмасу, қызметкерлердің өзара
тағылымдамасы нәтижесіндегі терең түсіністік серіктестердің
бәсекелестіктегі артықшылықтары мен әлсіз жақтарын айқындап, екі банктің
бірігуі мен қайта ұйымдастырылуы екі жаққа пайдалы екеніне көз жеткізді.
Қаржы нарығындағы жағдай мен Қазақстан Республикасының банк жүйесінде
байқалған банк капиталдарын шоғырландыру жөніндегі үрдістер, сондай-ақ банк
санының қысқаруы, серіктес банктердің қосылуына оң жағдай туғызды.
Каспийский Банкі ЖАҚ мен Қаздорбанк ААҚ өз еріктерімен қосылуы
нәтижесінде құрылған Каспийский Банкі ААҚ Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі №245 бас лицензиясын берді. Банк Қазақстандық жеке
тұлғалардың салымдарына кепілдік беру (сақтандыру) қоры ЖАҚ қатысушысы
болады. №0011 куәлік. Банк бөлшекті бағыттағы жұмысын белсенді дамытып, жыл
қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктері
арасында жеке тұлғалардың шұғыл салымдарының рейтингінде көшбасшылар
ондығына кірді.
2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Акционерлік
қоғамдар туралы Заңына сәйкес Каспийский Банкі ААҚ Каспийский Банкі
АҚ болып өзгертілуіне байланысты әділет органдарында мемлекеттік қайта
тіркеуден өтті. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2003
жылғы №408 Қаулысы бойынша Каспийский Банкі АҚ халықтық акционерлік
қоғам мәртебесі берілді. Әлемнің дамушы нарығындағы ең табысты
инвестициялық қорлардың бірі Бэринг Шығыс Капитал Партнерс
институционалды инвесторының Каспийский Банкінің акционері болып келуі
елеулі оқиға. Бэринг Шығыс ТМД-да жалпы мөлшері 1.8 млрд. доллардан астам
төрт тікелей инвестициялар қорының активтерін басқарады. Бэринг Шығыстың
басқаруындағы қорлардың инвесторлары арасында Еуропалық қайта құру және
даму банкі, Халықаралық қаржы корпорациясы, Нидерландтық FMO дамыту
агенттігі секілді танымал халықаралық қаржы институттары, тағы басқа
зейнетақы қорлары, үкіметтік инвестициялық корпорациялар, Америка, Еуропа
және Азиядағы университеттік қорлар бар. Бэринг Шығыс ТМД, Азия,
Үндістан, Еуропа мен Латын Америкасында $3,5 млрд. активі бар тікелей
инвестициялау қорларын басқаратын Baring Private ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржылық тәуекелдерді басқару
Қаржы тәуекелінің нарықтық экономикадағы мәні және оны басқарудың теориялық негіздері
Банктік операцияларды жүзеге асырумен байланысты банктік тәуекел түрлерін мәнін жәні жәктелімін қарастыра отырып, оларды қазіргі жағдайларға сай басқару әдістері
Қаржылық тәуекелдердің сыныпталуы
«ҚР-ның екінші деңгейлі банктерінде тәуекелдерді басқару жүйесі (банк мысалында)»
«Банктердің несиелік тәуекелдерін басқару (Алматы қ. «ЦентрКредит Банкі» АҚ мысалында)»
КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ТӘУЕКЕЛДЕРІН БАСҚАРУ
Банктердің халықаралық операциялары
Банктік тәуекелдің деңгейі
Қаржы тәуекелін басқарудың теориялықаспектілері
Пәндер