ИСЛАМҒА ДЕЙІНГІ ЕЖЕЛГІ ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ МӘДЕНИЕТІ


VI ТАРАУ. ИСЛАМҒА ДЕЙІНГІ ЕЖЕЛГІ ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ МӘДЕНИЕТІ (V-IX ғ. )
Ежелгі түркі халықтарының мәдениеті жөнінде айтқанда, біз бірінші және екінші қағандықтарға негіз болған төрт тайпаны - теле (оғыз), ашина (туркі), Енисей қырғыздары мен қыпшақтарды айтамыз. Түркі мәдениеті үш аймақта дамыды: 1) Енисей қырғыздарының мәдениеті; 2) Ертіс бойы қыпшақтарының мәдениеті; 3) Алтай тауы мен қазіргі Монголия, Жетісу, Шығыс Түркістан жеріңдегі теле (оғыз), ашина (түркі) мәдениет орталықтары.
1. Түркі халықтарының жазба ескерткіші
V-IX ғасырларда түркілер қоныстанған Алтай, Сібір, Орта және Орталық Азия жерлерінде жазу, сызу, егін егу, әдебиет, өнер, тарих ғылымдарының, діни сенімдердің қалыптасқаны көпшілікке аян, оған Енисей жазу ескерткіштері, Орхон жылнамасы мен Талас аңғарынан табылған ескерткіштер айғақ.
Орхон-Енисей жазу ескерткіштері табылған уақыт түркі тілдерінің даму тарихындағы "Көне түрй" дәуіріне сай келеді. Шығыс Түркі қүрамында өмір сүрген тайпалар осы Орхон-Енисей жазуын қолданып, осы жазу тіліңце сөйлеген. Орхон-Енисей жазу ескерткіштерінің ең көп табылған жері - Орхон, Енисей, Селенгі және Талас бойы.
Орхон-Енисей жазуы өзінің жазу ерекшеліктері мен қолдану өрісіне сай Орхон-Енисей және Талас жазуы делініп екі топқа бөлінеді.
Енисей жазба мүралары. Олардың бүлайша аталуы тас бетіндегі сына жазуларыньщ Енисей бойынан табылуымен байланысты. Бүған қосымша кейіннен Тува мен Хакасия, Краснояр өлкелерінен де осындай жазбалар табылған. Енисей жазбаларының жалпы саны - 85 шамалы. Олардың ішінде кіші-гірім жазбалармен қатар ірі текстер де кездеседі. Енисей ескерткіштері көлемі жағынан негізінен шағын болып келеді. Ең үлкені 10- 15 жоддан, ең кішісі 1-2 жолдан ғана турады. Қодданылуы жағынан Енисей ескерткіштері - ескі түркі жазуының алғашқы шығып, қалыптасып, тарағаң нүсқасьц ' Бүл жазу біртіндеп Орхон өзені, одан Талас өзені өңіріне тараған. Бүл түжырымның шындыққа жанасымдылығы жеке таңбалардың жазылу тәсілі мен жетіддірілуінен де байқалады. Енисей жазба ескерткіштерінің ең көне түрлері Минусинск ойпатынан табылған. Бүл жазбалар түркі халқы белгілі мөлшерде отырықшы болып, металл өндеумен айналысқанын, мәдениетті ел болғанын көрсетеді.
Орхон жазуы көне түркі жазба мүраларының ішінде қазіргі түркі тектес халықтардың бәріне ортақ кене түркі әдеби тілінде жазылғанГрл кезде сонау Сібірден бастап Орта Азия мен Қазақстан аимағы түтастай Түркі қағандығының қол астына қараған болатын. ҮІ ғасырдың ортасында қазіргі солтүстік Монголия жерінде бас қүраған Түркі қағандығы сол ғасырдьщ аяқ шенінде батысы Каспий теңізіне, шығысы Корей бүғазына дейінгі аралықты алып жатқан үлы империяға айналды. Кейін келе Батыс Түркі және Шығыс Түркі қағандығы деп аталатын екі үлкен қағандыққа бөлініп кеткені белгілі. "Солай бола түра, Ү-ҮІІІ ғасырларда жартастардың беттері мен тас мүсіндерге, сондай-ақ кейбір ыдыстардың жиегі, түбі және қабырғаларына ойылып жазылған көне түркі жазбаларының ішіндегі ең маңыздысы - Орхон жазба мүралары. Орхон өзенінің бойынан табылған бүл ескерткіштердің ішінде тасқа қашалып жазылған үш тарихи мүра ерекше аталады. Оның біріншісі-731 жылы өлген хан інісі Күлтегінге, екіншісі - 735 жылы өлген Білге қағанның өзіне, ал үшіншісі - Тоныкөкке арналған ескерткіштер. Тоныкөк туралы Копенгагендік профессор В. Томсен мен Клеменц ханымның еңбектерінен мынадай мағлүмат ала аламыз: Орхон жазбаларында көрсетілгеніндей, Тоныкөк деп табылған ескерткіште ол - үш ханның ақылшысы және Білге қағанның қүдасы болган адам. Қытай жазбаларында Тоныкөк жайлы 716 жылы айтылған. Елтерістің патшалық қүруында оның қосқан үлесі туралы қытай және Тоныкөк жазбаларында толық көрсетілген. Көне түркі жазбаларын кейде "руна" жазуы деп те атайды. Оның
Себебі: Сібірде айдауда жүрген швед офицері И. Т. Страленберг пен немістің ғалымы Д. Г. Мессершмидт кездестірген құлпытастардағы өзі түсінбейтін жат жазуды өз елінің тілінде "руна" жазуы деп атаған еді. Бұл сөз термин ретінде бертін келе кеңінен таралып кетті.
Орхон ескерткіштері оқиғалар мерзімі, жазу стилі жағьшан ескі түркі жазуының соңғы - жаңа дәуірін танытады. Оның бер жағында Орхон жазуы, сірә, халық арасына кеңінен тараған болу керек. Күлтегін ескерткіштерінде мынадай сөйлемдер кездеседі: "Түркі халқын жиып, ел еткендерінді де мұнда бастым, жаңылып кеткендерінді де мұнда бастым. Барлық сөзімді айтар мәңгілік тасқа бастым, бүдан қарап біліндер, түркінің қазіргі халықының бектері"-дейді. 1
Орхон жазбалары осы жағдайлардың тамаша көрінісін берген. Бүл жерде бүрын өз мемлекеті болған түркілердің қытайлардан жеңіліп, шамамен 50 жыл бойы қытай билігінде болып, кейбір княздар қытай титуддарын қабыдцап, түркі бектері болудан қалғандығын айтады. Сонда жай халық: "Менің өзрнің ханым бар, мемлекетім бар халық едім, енді менің мемлекетім қайда, ханым қайда?"-дей отырып, қытайларға қарсы шығады. Будан біз аристократтар мен демократтар арасындағы күресті, ханның халық өкілі ретінде күрес жүргізгендігін көреміз.
Орхон жазбаларында әскери күш және әскери рух қаншалықты дәріптеліп отырғанына қарамастан, одан адамшылыққа жат пиғыл кездеспейді. Мәдениетті деген халықтардан шыққан басқыншыларда кездесетін қатыгездік және қатыгездіктен ләззат алу элементтері мүнда атымен жоқ. Жазба ескерткіште империяның қүралуы - халыққа көрсеткен қызметім, кёлтірген пайдам деп түсіндіреді.
Ал әскери түрмысқа келетін болсақ әрбір жауынгер соғыста ғана емес, күнделікті өмірде де ержүрек әрі ақылды болуы керек екенін ескертіп отырады.
Жазба ескерткіштегі Білге қаған - үлкен ел басқарушы, Күлтегін - өз заманының даңқты батыры, Тоныкөк - әрі батыр, әрі шешен, жырау, әрі кемеңгер ақыл иесі. Тастағы жазбада Тоныкөк мемлекет қамын ойлайтын басшы түрінде суретгелсе, Күлтегін өз ағасы Білге қаған кезінде әскёр басы болған, оның батырлығы сол кездегі ерліктің дара үлгісі ретінде беріледі. Сол жазбалардың ішінде күні бүгінге дейін өз мәнін жоймаған шешеңцік сөз үлгілері мен өлең ұйкдстары, мақал-мәтелдер, арнаулар мен жоқтаулар молынан кездеседі.
Мысалы: "Көрур көзум көрмес тег бопты, білер білігім білмес тег бопты, "Түн қатып" деген сияқты қолданыстар аздаған дыбыстық ерекшеліктері болмаса, күні бүгінге дейін тілімізде сол күйінде қолданылып келеді.
Талас жазу ескерткшггері. Талас өзені аңғарынан табылған, ескерткіштер "Талас ескерткіштері" деп аталып жүр. Талас өзенінің бойьшан, Қырғызстан жерінен барлығы 13 ескерткіш табылған. Таластаң табылған ескерткіштер көлемі әзірше өте шағын және сан жағынан да аз.
Талас алқабынан 1932 жылы табылған руна жазуы бар асатаяқ та қызықтырары сөзсіз. Оның төрт қырына да көне түркі алфавитімен жазылған. Бүл асатаяқ шыршадан жасалған, оның құндылығы да осында. Асатаяқ қазір Санкт-Петербурггегі мемлекеттік Эрмитажда сақтаулы.
Орхон-Енисей ескерткіштері тектес таңба-жазулы, тастар Әулиеата түбінен, Талдықорған өңірінен, Сарыарқадан және Алматы маңынан табылған. Сонымен, ежелгі түркі елі белгілі бір аумақта өмір сүріп, өзіне лайық жазуын, тілін, өзге де мәдениетін дамытқан. Ежелгі түркі мәдениетінің орталықтары Енасей, Орхон, Селенгі, Талас өзендерінің бойы, Минуеивск ойпаты, Алтай тауы, қазіргі Тува, . Краснояр, Жетісу аймақтары болды. Оған Шығысы Хангай, Сарыөзеннен, батысы - Карпат тауларына, оңтүстігі - Қытайдың Аққорғанынан, Теріскейі - Ленаға дейінгі аралықтағы байтақ аймақты мекендеген түрік халықтарының жазу-сызу дәстүрінен қалған барлық мұралар енеді. Ғылым әлемінде түрік жүрттарының жәдігері ретінде танылған жазулар 2500 жылдан бері бар деп есептеледі. Әзірге мәлім болған есеп бойынша, көне түрік жазуымен тас бетіне 240-тай, қағаз бен теріге 310 беттей мәтін түсіпті. Манихей әрпімен 554 бетке жуық мүралар, үйғыр әрпімен 1000 - ға тарта мәтіндер, 10-ға жуық кітаптар жасалыпты. Араб қарпімен жазылған ортағасырлық дүниелер қаншама. Жалпы түрік халықтары XVI ғасырға дейін оннан астам жазу үлгісін қолданып, пайдаланған кездерінде қыруар мұралар қаддырған 1 .
Үрпаққа өнеге болар атақты Күлтегін, Тоныкөк, Білге, Бумын қағандар әрі тарихи, әрі әдеби дастан жырлардың кейіпкерлеріне, сомды тұлғаларына айналды. Ардақты есімдерді ел жадында сақтау үшін сол заманның данагөй білімдарлары өркениеттің белгісі болып табылатьш түркілік сына жазумен тас бетіне түсірді.
Түркі тайпаларынан қалған бұл ескерткіштер көне дәуірдің қоғамдық-мәдени, әрі әдеби тұрмыс-салт өмірлерінен хабар беретін жәдігерлер қазына ретінде бүгінгі күні барлық түркі тектес халықтарға ортақ мұраға айналды. Түркінің cap даласының ішкі сырын бойына сіңірген таңбалы тастар қас батырдың ерлігіндей сан ғасырларды аттап, өз заманының шындығы мен қайғы-қасіретін, амал-әрекетін бейнелеп, еш өзгерместен күні бүгінге жетіп отыр.
Болашақ ұрпаққа мүра етіп қалдырылған көне түркілік жазба ескерткіштер кең байтақ Қазақстанның барлық аймақтарынан табылып, ескерткіштер саны жыл санап өсіп жатыр.
Түркітану ғылымы көне түркі жазба ескерткіштерін географиялық, мазмұндық әрі дәуірлік мәніне қарап, Орхон, Енисей және Талас деп үлкен үш топқа бөледі. Соның ішіңце Талас жазбалары Қазақстанның оңтүстік аймақтарынан табылған ескерткіштер қатарын құрайды және де аталған жазба ескерткіштердің тікелей жалғасы болып табылатын орта ғасырлық мүралар мен тарихи орындар осы таулы-қыратты, өзенді аймақтарда орналасқан.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz