Отан – ұлттың қара шыңырағы
Отан – ұлттың қара шыңырағы
Әкеміз, ағамыз құрған халықтың
Аты, даңқы өшпесін деп:
Түркі ұйықтамадым,
Күндіз отырмадым,
Қызыл қанымды төктім,
Қара терімді ағыздым,
Күш-қуатымды аямадым...
Отан – адамның түп-тұқияны, ата-бабаларынан бері қарай кіндік қаны
тамып, өсіп - өніп келе жатқан жері. Сондықтан қай елдің адамы
болсын, өз Отанын дүниедегі ең қымбаты, ең қасиеттісі, ең аяулысы –
Анасына балайды. Отан ұғымы адамның адамдық мінез, ізгілік сезіммен,
парасатымен етене байланысты. Оның неге бұлай екені данышпан жаушы
Л.Н. толстойдың мына анықтамасынан да айқын білінетін тәрізді.
Отан деген не? - деп сұрақ қойған жазушы оған өзі былай деп
жауап береді: Ол – белгілі бір аумақта өзінің тарихи іс-қимылын жүзеге
асырып жатқан бүкіл халық. Ол-халықтың өткені, бүгіні және келешегі. Ол-
оның өзіндік мәдениеті, оның тілі, оның мінез-құлқы, ол-сол халық
жасайтын ревалюциялардың, тарихи секірістердің, оның тарихи желілерінің
тізбегі. Бұл айтылғандардан әдеп-инабат, адамгершілік туралы
категорияның Отанға қатысы не? деген сұрақтың жауабы табылады. Демек,
Отанға қатынас - адамның адамшылығының, ізгілігінің, парасатының
көрінісі. Отансыз адам болмайды. Тағдырдың жазуымен, яғни адамның
өзіне байланыссыз себптермен, немесе опасыздықпен Отанынан қол үзген
адам болады. Екеуі де бақытсыз, бірақ алдыңғысы – аянышты да, соңғысы –
жиіркенішті пенде.
Отан – белгілі бір адам үшін оның елі ғасырлар бойы ғұмыр кешіп
және солай болып қалуы үшін, жанын пида қып күресіп келе жатқан
байтақ өңір, өлке ғана емес, туған шаңырағы, ата-ана, бала-шағасы, жар
қосағы, дос-жаран, ағайын – туысы, солармен бірге жалғаннан көретін
қызығы мен бақытының тұрағы, өлгеннен кейін де ұрпақтарына рухы жар
болып жататын топырағы. Батырлар жырындағы:
Атам күйеу болған жер,
Анам келін болған жер,
Кіндік қаным тамған жер, -
деген қарапайым жолдарда адамның туған жерге деген шексіз
сүйіспеншілігі мен терең де ыстық сізімі тамаша бейнеленген. Осыдан
кейін венгер мақалында айтылған: Отанын ауыстырған адам жүрегін де
ауыстыруға тиіс, - деген талаптың орындалғанына шек келтіруге бола ма?
Отан адамға өмір сүру қуанышын, өзінің күшіне сенім, елі үшін
мақтаныш сезімін сыйлайды.
Ежелгі заман ойшылы, әйгілі шешен Цицерон ...сүйіспеншілік туралы
барлық түсініктеріміз отан деген бір ғана сөзге біріккен, - десе,
С.Кеосский: Адамның толық бақытты болуы үшін аяулы Отаны болу керек, -
дейді. Ал немістің ұлы ақыны Ф.Шиллердің (18ғ.) ұғымынша, отаннан
сүйкімді ештеңе болмақ емес. Отан соғысының атағы жер жарған қаһарманы әрі
әйгілі қолбасшы, қазақ халқының дана да батыр перзенті Бауыржан
Момышұлының: Отан үшін отқа түс, - күймейсің! деген әмір-бұйрықтай нақыл
сөзінің өиірдің өзінен алынып, жүректен балқып шыққаны даусыз. Өзі үшін
отқа түскен ерлерін қайырымды халқы, Отан-анасы да ұмытпай, мәңгілік
даңққа бөлейді. Қазақ елінің есімі аңызға айналып, дастандарға арқау
болған батыр ұл-қыздары толып жатыр. Олар-атамекенін, туған елін жауынан
жан аямай қорғап, ата-бабаларының ерлік дәстүрін сақтау арқылы
өздерінің өшпес даңқын шығарғандар.
Біздің халқымыздың атамекенді ардақтау өте терең, олар үшін туған
жерді қасиет тұту – қанға сіңген мінез, ежелгі дәстүр. Бұл таным біздің
жанымызға ана сүтімен тараған, ана тілімен дарыған, ақ нанымен бекіген.
Біздің ұшан-теңіз ертегі – аңыздарымыз, ұзақ дастандарымыз бен
жырларымыз, мақалдарымыз бен мәтелдеріміз, ұлы жырауларымыздың
толғаулары мен жез таңдай ділмарларымыздың шешендік нақылдары туған
жерді, Отанды ардақтауға толы. Және олардың өзі қандай терең мәнді,
керемет көркем сөз маржандары десеңізші! Ата-бабалардың арттағы
ұрпаққа мәңгілік аманатындай: Отаның – алтын бесігің, Туған жердің тасы
да болысады, Отаны жоқтық - нағыз жоқтық, Ер-туған жеріне, ит-тойған
жеріне, Ер-елінде, гүл – жерінде, Опасызда – Отан жоқ, Жат елде
сұлтан болғанша, өз елінде ұлтан бол сияқты ғажайып мақалдар қаншама?
Отаны - отбасына қатер төнген заманда туған. Ақтабан шұбырынды,
алқакөл сұлама аталатын 18 ғасырдың алғашқы ширегінде бастан өткерген
қайғылы тарихының айлап айтса, таусылмайтын шерлі жырларын былай
қойғанда, туған жерге деген ұлы сүйіспеншілік пен қасірет жәдігерлігі
болып табылатын:
Қаратаудың басынан кқш келеді,
Көшкен сайын бір тайлық бос келеді.
Ел-жұртынан айрылған жаман екен,
Екі көзге мөлтілдеп жас келеді, -
деп басталатын Елім-ай ән-өлеңінің өзі неге тұрады?
Халқымыздың ата құлқы, ана сүтімен қанына сіңген осы отаншылдық,
ерлік, намыскерлік дәстүрі кешегі сұрапыл соғыста ерекше көзге түспеді
ме? Сол ерлерді туған жерлерінен мыңдаған шақырым алыста арыстанша
алыстырып, қандарын қайнатқан, алдымен, Отан деген қасиетті сөздің өзі
болса, екінші жағынан, туған елдің абыройын, ата салтын ардақтаған
намыскерлік еді. Басқаны былай қойғанда, туған Қазақстаннан қиыр
шалғайда, қаһарлы жаудан қаймықпай, тіс-тырнағына дейін мұздай қару
құрсанған неміс-фашистерін ондап, жүздеп о дүниеге аттандырып, қиын
сәтте өз жолдастарын шабуылға көтерген қаршадай қыздар – Мәншүк Мәметова
мен Әлия Молдағұлованың аңызға бергісіз ерліктерінің қайнар көзі де сол
ежелгі отаншылдық рухы екені даусыз. Бұл екі балауса қызға ерекше
қаһармандықтары үшін Кеңес Одағының Батыры жоғары атағы берілді.
Ежелгі отаншылдық рух...
Қазақ табиғатынан дәстүрге, оның ішінде ерлік, қаһармандық
дәстүріне қатысты жады өте мықты халық. Оның туған ел, атажұрт үшін
жанпидалық сезім-түйсігінің түп тамыры сол жадында, тарих
тереңінде: біздің түп-тұқиянымыз болып табылатын сақ, ғұндардың, көк
түріктердің тұлпар мініп, бөрілі байрақ көтерген, қаһармандық рухында
жатыр. Осыған орай, мына төмендегі аңызға бергісіз төрт мысалға назар
аударайықшы.
1-мысал (б.з.д. 6 ғ.)
Сақтардың патшасы Томирис (Тұмар) еліне қалың қолмен басып кірген
иранның патшасы Кирдің әскерін талқындап, ол Кирдің кегін алу үшін
сақтарға қарай жорыққа аттанады. Дарийдің қара құрттай қаптаған
әскеріне саны жағынан аз сақ қолы төтеп бере алмайды. Сонда сақ
батыры Ширақ: Бүкіл ел қырылғанша, біріміз құрбан болайық! - дейді де,
өзінің құлақ-мұрнын кесіп, Дарийдың алдына келеді. Өз елім мені
қорлады. Енді сізге қызмет етемін, - дейді ол. Бұған сенген Иран
патшасы Шираққа жол бастатып, көшіп кеткен сақтарды құртпақ болады.
Бірақ жеті түн, жеті күн жүрсе де, алдынан тірі жан кезікпейді. Күн
күйдірген жапан түз – Қызылқұмның ішінде қамалып, адамдарды қырыла
бастағанда барып сезіктенген Дарий әскерлерінің қолбасшысы Ширақты
алқымға алады. Сонда ер Ширақ: Мен дегенімі жеттім, елімді аман алып
қалдым. Енді қолыңнан келгеніңді істей бер! - дейді.
Оңбай алдағанына көзі жетіп, қаны басына шапқан Дарий Ширақтың басын
қылышпен шауып түсіреді. Адамдары да, аттары да қырылып, амалы құрыған
патша: Осыдан аман қалсам, енді сақтарға қарсы аяқ баспасын! - деп
ант етеді. Сол кезде жаңбыр жауып қана жан сақтаған ол аз ғана
әскерімен абыройдан жұрдай болып кері қайтады.
2-мысал (б.з.д. 208-174 ж.ж.)
Түркі жұртының арғы аталары – ғұндардың Мөде дейтін батыр ханы
болған. Сол тұста күшейіп, намысқа тиетін қылықтар жасайды. Әуелі,
Мөде деп әкесі Түмен ханнан қалған, күніне мың шақырым жүгіретін тұлпарын
сұратады. Мөденің билері бұған: Бұл не сұмдық, ол тұлпар – елдің құты
емес пе, бермейміз! - дейді. Мөде елінің тыныштығын ойлап, жауын
өшіктіргісі келмей, тұлпарды бергізеді.
Бұған дандайсыған көршісі Мөденің ханымен сұрап хат жазады. Билер:
Ханның ханымен сұрауы қандай қорлық, бермейміз, соғысқа шығамыз! -
дейді. Мөде елінің жайын ойлап, бір ханымен елшісіне ертіп
жібереді.Көрші елдің билеушісі бізден қорқады екен деп Мөдені әбден
басынады. Ұзындығы мың шақырым жерін берсін, - дейді. Мөде билерін
тағы алады. Біреулері: жерді берейік, - десе, біреулері: Бермейік! -
деседі. Сонда Мөде:
Жер – Отанның белгісі,
Елдің мәңгілік еншісі, -
деп,жерді берейік деген билердің басын алып, жасанып жауына аттанып,
жайпап салады.
3-мысал (б.з.-дың 5-7 ғ.ғ.)
Көк түріктің көк бөрідей Бұмсын, Істемі қағандары ел деп, жер деп,
күндіз отырмай, түнде ұйықтамай, қызыл қанын төгіп, қара терін ағызып,
төрт бұрыштағының бәрі жау кезде қаймықпай қарсы шауып, бастыны
еңкейткен, тізеліні бүктірген, сөйтіп, ұлан байтақ өлкеде бытырап жүрген
иесіз көк түріктердің ел-жұртын қалыптастырған, иелік еткен.
Әміршілері де өздеріндей білге болған екен, алып болған екен. Бектері
де, халқы да сенімді екен. Сол үшін де елін сонша (ұзақ) билеген екен.
Ал сол қағандар қайтыс болғанда, дүниенің төрт бұрышындағы айшылық
алыс жерлерден кешегі жау елдердің игі-жақсылары келіп, түркі жұртына
көңіл айтып, сықтаған жылаған. Бұлары өткенде сайда саны, құмда ізі
жоқ бытыранды жұртын достары сүйініп, жаулары күйініп, еріксіз
мойындайтын, сыйлайтын ел жасаған қағандардың даналығын, алыптығын
бағалап, құрметтеу еді, біздің де ел тізгіні қолына тиетін кейінгі
ұрпақтарымыз ата жұртына осыларша ардақтап, жанкештілікпен қызмет етер
болса екен деген ішкі түйін-тілек болатын.
Сол Күлтегін жазбаларында: кейінгі қағандардың біліксіз, жалтақ
болғандығынан, бектерінің, халқының ымырасыздығынан, інілі-ағалының
дауласқандығынан, бекті халқының жауласқандығынан түркі халқы елдігін
жойды, қағандығынан айырылады, сөйтіп бек ұлдары құл болды, пәк қыздары
күң болды, тоз-тозы шыққан түркі халқы:
Елді халық едім,
Елім қазір қайда.
Кімге ел-жұрт іздермін?
Қағанды халық едім,
Қағаным қайда,
Қандай қағанға күш-қуатым берермін? -
деп аңырап қалды, дағдарды.
Елдік намыс, отаншылдық сезім түркі жұртын ынтымақ туының астына
біріктірген Елтіріс қаған тұсында тағы да ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz