Отандық дипломатияның он бес жылы



Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Отандық дипломатияның он бес жылы (ҚР Сыртқы істер министрі Қ.Тоқаевтың
мақаласы, Егемен Қазақстан, 2006 ж. 16 желтоқсан)

Биылғы жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік дәуіріндегі белесті
кезең – Тәуелсіздікке 15 жыл толды. Дүниежүзілік тарих тұрғысынан
алғанда егемендігін жүздеген жылдармен есептейтін өзге елдермен
салыстырғанда бұл мерзім тым аз көрінуі де мүмкін. Алайда жаһандану
үрдісімен ерекшеленетін XXI ғасырға қадам басқан сәтте арадағы 15 жылды
Президент Нұрсұлтан Назарбаев еліміз үшін маңызы мен мәні жағынан жүз
жылға теңеген болатын. Бұл пікір – боямасы жоқ ақиқат екенін айтуға
тиіспіз. Өйткені дәл осы кезеңде біздің егемен еліміздің мемлекеттік
іргесі бекіп, еңсесі биіктей түсті – экономикада, әлеуметтік салада және
сыртқы саясатта аса ауқымды, іргелі өзгерістер мен алға басушылықтар
іске асырылды.
Қазақстанның шет елдермен ынтымақтастығының заңдық негізі 15 мыңнан
астам құжатпен бекітілді. Бүгінде біздің еліміз Ресеймен одақтастық,
Қытаймен тату көршілік, сондай-ақ орталық азиялық елдерімен достық және
ынтымақтастық қатынастарын дамыту үстінде. Қазақстан АҚШ-тың
стратегиялық әріптесі болып, Еуропалық Одақпен жан-жақты
ықпалдастықтығын тереңдетуде. Тәуелсіз Қазақстанның әлемдік
қауымдастыққа батыл да сенімді енгенін аузы дуалы халықаралық
сарапшылардың өздері жиі айтатын болды.
Осы жылдар аралығында бір жүйеден мүлде кереғар екіншісіне өту кезеңін
бастан кешкен Қазақстанның экономикасы нарықтық экономика деп
мойындалды. Елдің экономикалық дамуына халықаралық қаржы институттары
жоғары баға беріп, бұл өз кезегінде ірі жобаларға шетелдік
инвестицияларды тартуға оңтайлы ықпал етті. Әрине, бұл мақсатқа жету
үшін өткен жылдар ішінде орасан ауқымды жұмыстар атқарылды. Президент
Н.Назарбаев халықаралық іскер орталарға Қазақстанның мол мүмкіндіктерін
түсіндіру ісіне батыл кірісті. Тіпті, бастапқы кезде шетелдерге
сапарлары барысында Елбасы қолына таяқ алып, Қазақстанның қай жерде
тұрғанын картадан өзі көрсеткен кездері де жиі болатын.
Уақыт талабына сай сыртқы саясат пен экономикалық мүдделердің ажырағысыз
қатар жүргізілуі   - нарық экономикасын құруға бағытталған
мемлекетіміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етуден туындаған болатын.
Алғашқы сәттерден бастап мемлекет алдында тұрған міндеттердің мазмұны
мен  елдің мүмкіндіктеріне толық сай келетін тұжырымдамаларды жасау
қажеттігі күн тәртібіне көтерілді. Ең алдымен ішкі реформалардың табысты
болуына қолайлы жағдайлар туғызу мақсатында біз еліміздің экономикалық
әлеуеті мен саяси мүмкіндіктерін ескере отырып, байыпты әрі белсенді
жан-жақты сыртқы саясат жүргізуін басты бағыт ретінде таңдап алдық.
Геосаяси орналасуы және аумағының көлемі жағынан ірі еуразиялық мемлекет
болғандықтан  Қазақстан халықаралық қатынастарының саяси және
географиялық мазмұнын барынша тереңдету қағидатын ұстанды. Бірінші
кезекте өзіміздің тікелей көршілеріміз – БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің
тұрақты мүшелері Қытай мен Ресей, сондай-ақ Орталық Азиядағы бауырлас
елдермен тату көршілік, достық және өзара түсіністікке сүйенетін
қарым-қатынастар орнатуға айрықша мән берілді. Алғашқы күндерден бастап
біздің алдымызда саяси әдістер арқылы әлемнің басты саяси және
экономикалық державаларының Қазақстанда және осы аймақта бір-бірімен
қайшылықсыз болуын қамтамасыз ету міндеті тұрды. Түптеп келгенде осының
барлығы ішкі тұрақтылық пен келісімді  сақтай отырып, қолайлы
инвестициялық  жағдай қалыптастыру арқылы мемлекеттігімізді нығайтуға
бағытталды. Елбасы дәйектеген алдымен экономика, сосын саясат қағидаты
өтпелі кезеңде өзін толық ақтады.
Ықпалды әлемдік державалармен тұрақты, болжауға болатын және жүйелі
ынтымақтастық  орнату қазіргідей күрделі кезеңде Президент
Н.Назарбаевтың зор беделі және тиянақты ойластырған сыртқы саяси
стратегия арқасында мүмкін болды. Бұл арада отандық дипломатия
Қазақстанның экономикалық қуаты мен саяси мүмкіндіктеріне жауап бере
алатындай арнада жүргізілгеніне тоқталғым келеді.
Өткен кезең ішінде біз елдегі реформалар үшін қолайлы сыртқы жағдай
жасау міндетін жүзеге асыруға қол жеткіздік. Осы бағыттағы стратегиялық
табысымыз – Қазақстанның құрлықтағы 13,5 мың км. шекарасы заңды түрде
түбегейлі ресімделгенін айрықша атап өту қажет. Бұл аса маңызды табыс
біздің көрші елдермен жаңа сападағы байланыстар жүргізуімізге жол ашты.
Жалпы шекара мәселесі Кеңес одағы ыдыраған шақтан бастап күн тәртібіне
шыққан болатын. Бұған дейін жетпіс жылдан астам уақыт бойында арада
ешқандай ресми шекаралармен шектелмей, бір кеңістікте бірге өмір сүріп
келген миллиондаған адамдардың тағдырына бірден өзгеріс еніп, олардың
бойында алаңдаушылық пен торығушылық сезімдері пайда болды. Қазақстан
басшысының тікелей бастамасымен 1991 жылы 22 желтоқсанда Алматыда
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (ТМД) дүниеге келуі бәрінен де бұрын
қарапайым азаматтардың тағдырын ойлағандықтан туған гуманды қадам
болатын. Өйткені дәл сол күндері мемлекет басшылары тарихи деп баға
беруге лайық қадам жасап, өзара әкімшілік шекараларды мойындау туралы
құжатқа қол қойды. Мұның өзі заманның сол бір аса күрделі кезеңінде
қантөгісті қақтығыстарға жол бермеген маңызды шешім болды. Қазіргі
уақытта қаншалықты  сын айтылғанымен, артта қалған кезең ішінде ТМД өз
мақсатын толық орындады және оның болашағына нүкте қоюға асықпаған абзал
дер едім.
Осы тұрғыдан келгенде біздің негізгі әріптесіміз және одақтасымыз Ресей
Федерациясымен қарым-қатынастарымыз екі ел арасында ғана емес, бүкіл ТМД
аумағындағы экономикалық интеграцияның қозғаушы күші, әрі тұрақтылық
кепіліне айналды. Солтүстіктегі көршімізбен байланыстарымыз зор ауқымды,
серпінді және жоғары деңгейімен ерекшеленеді. Біздің арамызда
мәселелерді тең тұрғыда, екі жақтың мүдделеріне сай келетіндей шешу
тәжірибесі қалыптасты. Қазіргі кезде  сауда айналымын 20 млрд. долларға
жеткізу сөз болуда. Берік ынтымақтастықтың кепілі болған шарт-құқықтық
негіз туралы айтқанда, ең алдымен 1992 жылы қол қойылған ҚР мен РФ
арасындағы Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартты бөліп
айту қажет. Екі елдің байланыстары тарихында мұндай маңызды келісім
бұрын-соңды болып көрмеген. Кейіннен бұл басты құжат мемлекет аралық
байланыстардың өзге салаларында өзара тиімді түсіністіктерге жетуге игі
ықпал етті. Солардың қатарында, мәселен, Байқоңыр ғарыш айлағын игеруді
атап өтуге болады. 
Осы ғарыш айлағынан ү.ж. 18 маусымда Ресей мен Қазақстан
Президенттерінің қатысуымен қазақстандық алғашқы КАЗСАТ байланыс және
хабар тарату ғарыш серігі ұшырылды. Алдағы уақытта қазіргі заманғы жаңа
зымыран-ғарыштық Бәйтерек кешенін тұрғызу мақсатындағы жұмыстар
жалғасуда. Бұл Қазақстанда жаңа өнеркәсіптердің дамуына түрткі болып,
екі елге де өздерінің ғылыми-техникалық және интелектуалды әлеуетін
толығырақ жүзеге асыруға мүмкіндік бермек.
Ресей қазақстандық энергересурстарды экспорттауда маңызды орын алады.
Өткен  жылы Ресейдің мұнай құбырлары арқылы сыртқа 43,4 млн. тонна
қазақстандық мұнай тасымалданды.
Біздің елдеріміз Каспий теңізінің шельфін бөлу мәселесін өзара тиімді
шешті. Жер қойнауын пайдалану мақсатында РФ мен ҚР арасында Каспий
теңізінің табанын бөлетін модификацияланған ортаңғы сызықтың өтуі
тіркелген. Сонымен қатар, Құрманғазы, Центральное және Хвалынское
кен орындарын игеру бойынша бірлескен қызметті ұйымдастырудың бірқатар
мәселелері шешілді.
Сондай-ақ, Ресейдің мұнай құбырларының жүйесі арқылы Еуропа нарығына
қазақстанның табиғи газын экспорттауды жүзеге асыру үшін 2002 жылы
тасымалдау бойынша бірлескен КазРосГаз ұжымы құрылды. Ол 2002 жылдың
күзінен бастап қазақстандық газды Еуропа мен ТМД елдеріне тасымалдап
келеді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша, 5 млрд. кубометрден астам газ
тасымалданды. Жақын болашақта жылына газ тасымалын 15 млрд. кубометрге
жеткізу жоспары бар.
Сөзімнің басында айтып өткенімдей, тоқсаныншы жылдардың басында бізге
бұрынғы Кеңес одағынан мұраға шешілмеген шекара мәселелері қалған еді. 
Сондықтан Елбасы бірінші кезекте сыртқы шекараны реттеу міндетін алға
қойып, ең алдымен көрші Қытай Халық Республикасымен арадағы шекаралық
дауларды шешуге тапсырма берді. Н.Назарбаев басқалардан бұрын Қытаймен
арадағы шекараның достық және ынтымақтастық шекарасы болуының табанды
жақтаушысы ретінде көрші мемлекетке әр жыл сайын дерлік сапарларында осы
мәселеге айрықша мән беріп отырды.  Айта кетерлігі, 1700 шақырымдық
шекараны заңдық рәсімдеу кеңес-қытай текетіресінен мұраға қалған
проблемаларды реттеу жұмыстарымен қатар жүргізілді. Негіз ретінде
орыс-қытай шарттары мен келісімдері, сондай-ақ ССРО мен ҚХР арасындағы
келіссөздер жүргізу принциптері туралы уағдаластықтар алынды. Олай
болса, мәселе шегініс жасауда емес – келіссөздерді Қазақстан мүдделеріне
нұқсан келтірмей аяқтауға басты назарда тұрды. Нәтижеде тарихи әділдік,
заңдық дәлдік пен саяси ұстамдылық салтанат құрды дейміз. Шекара
мәселесі қазақстан-қытай қатынастарының күн тәртібінен толық және
мәңгілікке алынып тасталды. Бұл өзара сенім деңгейін арттырып, екі жақты
байланыстардың жаңа келешегіне жол ашты. Осы орайда біздің
Президентіміздің жеке еңбегімен қатапр бұрынғы Қытай Төрағасы Цзян
Цземиннің айрықша рөлін атап өтуді орынды санаймын.
Бүгін Қытаймен қатынастарымыз бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Біз
ауқымды экономикалық байланысты дамытып, халықаралық ұйымдарда аймақтық
мәселелер бойынша мүдделерімізді сәтті үйлестіріп отырған көршілерміз.
Біздің жанымызда мыңдаған жылдық тарихы бар және өте бай мәдениеті мен
дүниетанымы мызғымастай қалыптасқан, сондай-ақ өркениет пен берік
мемлекеттік идеологияға сүйенген Қытай мемлекеті қарқынды дамып келеді.
Бір миллиард екі жүз миллионнан астам халқы бар Қытайдың қарқынды
экономикалық дамуы әлемдік күштер балансына түбегейлі өзгерістер
енгізуде. Сондықтан бұл алпауыт мемлекетпен достық әрі терезесі тең
қатынастарды дамыту – Қазақстан үшін баламасы жоқ бірден бір қажеттілік
деп білу қажет.
Бүгінгі күні екі жақты қатынастарды реттейтін құқықтық база 100-ден
астам құжаттан тұрады, оның ішінде 2002 жылғы Тату көршілік, достық және
ынтымақтастық келісімі ерекше маңызға ие. Екі ел арасындағы сауда
айналымы жылдан-жылға артып келеді, екі тарапқа ортақ стратегиялық
маңызы бар қомақты экономикалық жобалар іске асырылуда.
Қытай Төрағасы Ху Цзиньтаоның біздің елімізге шілде айында жасаған
мемлекеттік сапары табысты өтті. Сапар барысында тату көршілікті
сақтауды, өзара тиімді экономикалық ынтымақтастықты дамытуды көздейтін
стратегиялық әріптестік декларациясына қол қойылған болатын.
Таяу күндері Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қытай Халық Республикасына
болатын мемлекеттік сапары екі ел қарым-қатынастарының жаңа дәуірін
бастайды деуге толық негіз бар. Сапар барысында стратегиялық
ынтымақтастықты одан әрі нығайта түсетін маңызды құжаттарға қол
қойылмақ. 
Әрине, трансшекаралық өзендердің су қорларын тиімді пайдалану,
сондай-ақ  екі ел арасындағы көші-қон деңгейін тиянақты бақылау сынды
күрделі  мәселелерді өзара шешіп алу қажеттігі күн тәртібінен түспейді.
Біз оңтүстік шекараларымыздағы Орталық Азия елдерінде түпкілікті саяси
тұрақтылық пен экономикалық-әлеуметтік ахуалдың көтерілуіне барынша
мүдделіміз. Аймақтағы көршілес мемлекеттермен біртұтас алып қарағанда,
Қазақстан ұланғайыр нарықтың бел ортасында тұр.  Өңірдегі көрші елдермен
сауда және экономикалық байланыстардың беки түсуі саяси тұрақтылық пен 
аймақтағы ортақ қауіпсіздіктің кепіліне айналатыны белгілі. Еліміздің
күн санап өсіп келе жатқан экономикалық және саяси мүмкіндіктері бізге
осы аймақтағы интеграциялық үдерістерде барынша белсенді де салмақты рөл
атқаруға игі ықпал етеді.
Осы тұрғыдан қарағанда Ауғанстандағы жағдайдың қалпына келуі аймақта
жақын орналасқан бізді ғана емес, жалпы дүниежүзілік қоғамдастықты
алаңдатып отыр. Тіпті Талибтер билігі кезінде бұл ел орта ғасырларға
қайтып оралғандай күй кешкені есімізде. АҚШ бастаған антитеррористік
коалицияның әрекеттері нәтижесінде Ауғанстан діни содырлар құлдығынан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қасым-Жомарт Тоқаев- дипломат және публицист
Дипломатиялық құқық тарихы
Нәзір Төреқұловтың өмірбаяны
Қазақстан тәуелсіздігінің жариялануы
Марат Тәжин
Корея Республикасының пандемия кезіндегі қоғамдық дипломатияның үздік үлгісі
Қазіргі заманғы геосаясат және Қазақстан сыртқы саясатта ден қоятын басымдықтар
Қазақстанның сыртқы саясатындағы дипломатиялық өкілдік
ҚР сыртқы саясаты
Мұнай секторындағы құлшыныс
Пәндер