ОТАНЫМ –АЛТЫН БЕСІГІМ


ОТАНЫМ - АЛТЫН БЕСІГІМ
Отан -адамның түп-тұқияны, ата-бабаларынан бері қарай кіндік тамып, өсіп-өніп келе жатқан жері. Сондықтан қай елдің адамы болсын өз Отаның дүниедегі ең қымбатты, ең қасиеттісі, ең аяулысы -Анасына балайды. Отан ұғымы адамның адамдық мінез, ізгілік өмірімен, парасатымен, етене байланысты. Оның неге бұлай екені данышпан жазушы Л. Н. ТОлстойдың мына анықтамасынан да айқын білінетін тәрізді.
Отан деген не?-деп сұрақ қойған жазушы оған былай деп жауап береді. Ол-белгілі бір аумақт а өзінің тарихи іс-қимылын жүзеге асырып жатқан бүкіл халық. Ол-халықтың өткені, бүгіні және келешегі. Ол оның өзіндік мадениеті, оның тілі, оның мінез-құлқы, сол халық жасайтын революциялардың, тарихи көріністердің, оның тарихи желілерінің тізбегі. Бұл аталғандардан әдеп-инабат адамгершілік туралы категорияның Отанға қатысты не?деген сұрақтың да жауабы табылады. Демек, Отанға қатынас -адамның адамшылығының, ізгілігінің, парасатының көрінісі. Отансыз адам болмайды. Тағдырдың жазуымен яғни адамның өзіне белгісіз себептермен немесе опасыздықпен Отанынан қол үзген адам болады. Екеуіде де бақытсыз, бірақ алғашқысы -аянышты, ал соңғысы жиіркенішті пенде.
Отан белгілі бір адам үшін оның өзінің елі ғасырлар бойы ғұмыр кешіп және солай болып қалуы үшін жаның қиып күресіп келе жатқан байтақ өңір өлке ғана, туған шаңырағы, ата-ана, бала-шағсы, жар қосағы, ағйын-туысы, солармен бірге жалғаннан көретін қызығы мен бақытының тұрағы, өлгеннен кейін ұрпақтарына рухы жар болып, жататын топырағы.
“Қобыланды батыр” жырындағы:
Атам күйеу болған жер,
Анам келін болған жер,
Кіндік қаным тамған жер, -
Ең қарапайым жолдарда адамның туған жерге деген мінсізх сүйіспеншілігі мен терең де ыстық сезімі тамаша бейнеленген.
Отан адамға өмір сүру қуанышын, өзінің күшіне деген сенімін, елі үшін мақтаныш сезімін сыйлайды.
Ежелгі заман ойшылы Цицерон сүйіспеншілік туралы барлық түсініктеріміз “Отан”деген бір ғана сөзге біріккен десе, С. Кеосский:”Адамның бақытты болкы үшін аяулы Отаны болу кере к”дейді. Ал немістің ұлы ақыны Ф. Шиллердің ұғымынша, Отаннан сүйкімді ештеңе болмақ емес, Отан соғысында атағы жер жарған қаһарманы әрі қолбасшы, Қазақ халқының дана да батыр перзенті Бауыржан Момышұлының:”Отан үшін отқа түс күймейсің!”-деген әмір бұйрықтай нақыл сөз өмірдің өзінен алынып, жүректен балқып шыққаны даусыз. Өзі үшін отқа түскен ерлерін қайырымды халық та Отан -анасы да ұмытпай, мәңгілік даңққа бөленіп, Өзбектің, қазақтың, қарақалпақтың, қырғыз, түрікпеннің, т. б. есімі аңызға айналып, дастандарға айналған батыл ұлдары толып жатыр.
Біздің халықтарымыздың атамекенді ардақтау оны өте терең, және олдар үшін туған жерді қасиет тұту-қанымызға сіңген мінез, ежелгі дәстүр. Бұл таным біздің жанымызға ана сүтімен тараған, ана тілімен дарыған, ақ нанымен бекіген. Біздің ұшан теңіз ертегі аңыздарымыз, ұзақ жырларымыз, мақал-мәтелдеріміз, ұлы жырауларымыздың толғаулары, жез таңдай ділмарларымыздың шешендік нақыл сөздері туған жерді, Отанды ардақтауға толы. Және олардың қандай терең мәнді, керемет көркем сөз маржандары бар десеңізші!Бауырлас халықтарымызға ортақ “От аның алтың бесігің”, ”Туған жердің тасыда болысады”, ”Ер туған жеріне, Ит тойған жеріне”,
”Ер-елінде, гүл жерінде”, ”Опасызда -Отан жоқ”, ”Жат еліңде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол”сияқты ғажайып мақалдар қаншама. Отаны -отбасына қатер төнген заманда туған қарақалпақтардың “Қырық қыз” дастаны мен қазақтардағы “Ақтабан шұбырынды, ала көл сұлама”аталатын ғасырдың алғашқы ширегінде бастан өткерген қайғылы тарихты айлап айтса таусылмайтын шерлі жырларын былай қойғанда туған жерге деген ұлы сүйіспеншілікпен қасірет жәдігерлігі болып табылатын:
Қаратаудың басынан көш келеді,
Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді.
Ел- жұртынан айрылған жаман екен,
Екі көзге мөлтілдеп жас келеді, -
деп басталатын “Елім-ай”ән-өлеңінің өзі неге тұрады?!Халықтарымыздың ата-салты, ана -сұтімен қанына сіңіп осы Отаншылдық, ерлік, намыскерлік дәстүрікеңінен сұрапыл соғыста ерекше көзге түспедіме?Сол ерліктерді туған жерлерінен мыңдаған шақырым алыста арыстанша алыстырып, қандарын қайнатқан, алдымен “Отан”деген қасиетті сөздің өзі болса, екінші жағынан, туған елдерінің абыройын, ата-салтын ардақтаған намыскерлік еді. Басқаны былай қойғанда, туған Қазақстаннан шалғайда, қаһарлы жаудан қаймықпай, тіс-тырнағына дейін мұздай қару құрсанған неміс-фашистерін мыңдап, жүздеп, о дүниеге аттандырып, қиын сәтте өз жолдастарын шабуылға көтергенқаршадай қыздар -Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлованың аңызға айналғаны, сол ерліктерінің қайнар көзі де сол ежелгі отаншылдық рухы екені даусыз. Бұл екі балауса қызға ерекше қаһармандықтары үшін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Аласапыран заманда ата-жұрттан адасып қалғандардың өзегін өртеген өксігі өмірі басылмайтын осы кейінгі кездің мысалдарынан -ақ айқын көреміз. Кешегі қызылдардың зобалаңынан, одан кейін екінші дүние жүзілік соғыс сұрапылынан жер жүзіне тарыдай шашылып кеткен қандастарымыздың туған жерге деген ыстық махаббаты, сағынышы қаншалық жан тебірентерлік екенің енді айқын көріп отырмыз. Жат жерде жүргендерінде жандарын салып ана тілін, елдің дәстр-салтын ақтауға тырысып, ән жырларымен көңілдерін демеп, әндері де сағыныш мұңына толы өлеңдер шығарса, туған жерге келгенде беттерін қуаныш жасы жуып, жата қап, топырағын сүйген кемпір-шалдарды ғана емес, сол жақта туып-өскен азаматтарды көргенде Атамекен дегеннің қандай құдіретті, қандай қасиетті екеніне тағы да көз жеткізесің. Сонау 1972 жылы қарақалпақ жазушысы М. Сейтниязовқа соғыс кезінде тұтқынға түсіп, Германияда қалып қойған қандасының Мюнхенде кездесіп, ”кездесіп:
“Егер елге барып, Әмударияның суынан қос қолдап бір сіміріп, одан кейін өлсем, арман болмас еді”. -деген сөзі барлық өзімен тағдырлас адамдардың жан сырын білдіргендей.
Бұдан:
“Ерінен айырылған көмгенше жылайды,
Еліне айырылған өлгенше жылайды”. -
деген мақал шындығын танимыз.
Отанды шексіз сүйіп, ардақтауға қоса оны жауларынан жан аямай қорғау-әр перзентінің парызы, міндетіде. Туған анасын басқаның қорлық -зомбылығынан қорғамаған баланы перзентім деу былай тұрсын, адам деуге болама?Отан-ананы басына іс түскенде жан салып қорғамаған азаматты да азамат халық пнрзенті деуге болмайды. Қазір елдеріміздің егемендік алып, өз армиясын жасақтап жатқан кезінде әскери міндетін өтеуден жалтарып, немесе қашып жүргендер заңды бұзушылар ғана емес, қасиетті сезімді аяқ асты етушілер де болып табылады. Рас, бұл жерде Кеңес үкіметі кезінде армияда орын тепкен әскери жарғыда жоқ төзімсіз жағдайлардың жалғасы үзілмегендігін де ескеруге болмайды. Әрі күні кешеге дейін жауынгерлік міндетін өтеуге аттанған жастар көбіне қайда не үшін бара жатқаның анық түсінбегендіктен және “интернационлдық борышын өтеуге барды”жалған отаншылдық дақпыртымен айдың, күннің аманыңда қырғынға ұшырап, немесе мүгедек, жарымжан болып оралып жатқан соң үрейленбей, қашпай неғылсын. Біздің ересектерімізде жастарымызда әлі сол сенімсіздіктен арыла қойған жоқ. Ендеше біздің газет-журналдарымыз, радио-телеқұрылымдар ауған соғысының тек ауған халқы үшін ғана емес, кешегі Кеңес Одағы халықтары үшін де әділетті соғыс болғаның, үкіметтің өз халқын алдап, зорлап соғысқа салған екіжүзділігін әліде әшкерелей түсіп, енді мұндай сұмдықтың қайталанбайтынына, әділетсіздікке жол берілмейтініне жастың да жасамыстың да көзін жеткізбейтініне армияға күдікпен қарау психологиясын жеңу мүмкін емес. Өйткені әр қазақ шаңырағына келген қайғы-қасірет осы армия, әскер сөзімен аралас келеді. Көп шаңырақ сол зардап ауыртпалығынан әлі күнге дейін құлантаза құтылып кете қойған жоқ. Сондықтан алдағы басты міндет -егмен еліміздің армияларында қызмет етуге қолайлы жағдайлар жасау, жастарды отбасында, мектепте және қоғамдық ортада отаншылдық борышын адал атқаруға нәтижклі тәрбиелеу.
Отаншылдық-ең ізгі сезім.
Л. Н. Толстой
Отаншылдық-ең ұяты бар әрі инабатты сезім Қасиетті сөздерге абай бол, Отан деген сүйіспеншілік жайында көрінген жерде айғайлай берме. Ең жақсысы оның игілігі мен күш-қуатын арттыру үшін үндемей еңбектен.
В. А. Сухомлинский
1. Отан үшін отқа түс-күймейсің.
2. Опасызда Отан жоқ.
3. Жерге тер төгіп, халыққа қан төгіп қызмет етуден аянба.
Б. Момышұлы
-Алтын анам, Отаным сенен аяр жаным жоқ, сенен иіркер күшім жоқ, -деп ер қайратына мін-дағы, өрге бас.
М. Әуезов
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz