Бастауыш мектеп оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда отбасының алатын орны



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
М А 3 М Ұ Н Ы

Кiрiспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

1.Бастауыш мектеп оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда
отбасының алатын орны
1.1. Отбасы - адамгершілік тәрбиесінің
негізі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2. Отбасы тәрбиесінде халық педагогикасының озық үлгілерін
пайдалану ... ..

2. Отбасы тәрбиесіндегі әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... .
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ...

Кіріспе

Отбасы ұғымына анықтама беру, оның атқаратын қызметтерін нақтылау,
отбасындағы қарым-қатынас мәселерін талдау көптеген зерттеулерде орын
алған. Отбасы қызметінің ортақ топтамасы немесе жіктемесі де жетік түрде
толық жасалмаған. Г.М.Свердлов және В.Л.Ресенцев (1958) отбасының маңызды
қызметтерін ұрпақ жалғастыру, тәрбиелеу, шаруашылық және өзара көмек
көрсету түрлерін датқызған. Ата-ананың отбасылық ықпалы туралы өз
еңбектерінде А.Ю.Гавит, Э.А.Тийт қарастырды, сонымен қоса некедегі
сәйкестікке қатысты мәселелер де талданған.
Тәрбие қоғамдық құбылыс, қоғам мен жеке тұлғаның арақатынасын
қамтамасыз ететін басты жүйе. Тәрбие процесінің негізгі мақсаты - жеке
тұлғаны әлеуметтендіріп, оның жағымды қасиеттерін дамыту, қоршаған ортадағы
адамдармен тіл табысып, өзіне және басқаларға ыңғайлы болу болып табылады.
Оқушылардың сапалы тәртібін, жағымды мінезін қалыптастыру, оған сәйкес
сезімін және сенімін тәрбиелеу отбасының және оқу орындарындағы тәрбиешінің
функциясын атқаратын барлық қызметкерлердің негізгі мақсатқа бағытталған іс-
әрекетінің тиімділігіне байланысты. Дегенмен бұл жерде отбасының да алатын
ролі ерекше. Ұлы педагог В.А.Сухомлинскийдің айтуы бойынша "Егер баланы
тәрбиеленген дәрежеге жеткізудің сәті түссе, адамгершілік тәрбие жеке
адамды жетілдіруде тиімді ықпал жасайды. Егер біз балаға қуаныш пен бақыт
бере алсақ, ол бала дәл сондай бола алады".
Отбасы баланың ең жақын әлеуметтендіру ортасы. Осы ортада баланың
өмірдің мақсаты, оның құндылықтары, не біліп, өзін қалай ұстау керектігі
туралы алғашқы мағлұматтар меңгеріледі және онда басқалармен қарым-қатынас
орнатуға дағдыланады. Сөйтіп, өзінің кім және қандай екенін,
басқалардың кім және қандай екенін тәжірбиеде сынап байқап көреді.
Балар отбасында әртүрлі жағдаяттар мен төтенше ахуалдарда өзін ұстаудың
нормаларын, мінез-құлқын реттеудің өлшемдерін меңгереді. Отбасы
психологиясын зерттеушілер А.Г.Харчев, А.Н.Антонов, З.И.Файнбург,
Д.Горборинко оның функцияларын ата-ананың үгіт-насихаты, түсіндіруі,
олардың үлгі-өнегесі, үйдегі ахуал, отбасының психологиялық тынысы арқылы
балалардың әдеті, мінез-құлқы, жақсы-жаманды бағалау уәзіндері (критерий)
қалыптасуымен бірге қандай қылықтары үшін сөгіс алып, не үшін
жазаланатынын, әділдік пен адалдық үғымдарын меңгереді деген тұжырымдар
жасады.
Қазіргі кезде отбасы проблемаларының арасында ата-ана мен бала
арасындағы қатынаста түсінбеушілік жиі орын алып, бір-біріне кешіріммен
қарау процесі кешеуілдеп, психологиялық қызмет көрсету жағынан мәселе
туындауда. Сондықтан отбасынды орын алған қиындықтарды шешуге көмек көрсету
жолдарын жан-жақты зерттеу қажет болып отыр. Осы мәселені шешу жолдарын
іздеу мақсатында зерттеу тақырыбын Отбасы тәрбиесінің негізгі мәселелері
деп анықтадық.

Зерттеу объектісі: отбасы тәрбиесі.
Зерттеу мақсаты: отбасында балаға берілетін тәрбиенің маңыздылығын
анықтау.
Зерттеу міндеттері:
ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді талдау нәтижесінде балалардың
адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы отбасының маңызын ашу;
оқушылардың адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға ата-ана тәрбиесінің
ерекше орын алатынын көрсету;
психологтың отбасына көрсететін көмектерінің маңызын ашу;
психодиагностикалық және коррекциялық жұмыстарда пайдаланылатын
әдістемелерді жинақтау және оларды қолдану жолдарын көрсету.
Курстық жұмыс кіріспе, екі бөлім, қорытынды, әдебиеттер тізімі және
қосымшалардан тұрады.
I бөлім. БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛЫРЫНЫҢ АДАМГЕРШІЛІЛІК ҚАСИЕТТЕРІН
ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ОТБАСЫНЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ

1.1. Отбасы - адамгершілік тәрбиесінің негізі

Отбасы адамзат баласының шыр етіп келгенде есігін айқара ашып енетін
үйі, өсіп ержететін, тәрбие алатын аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі,
ұясы. Қай заманда болса да, үйелменнің адамзат ұрпағына ететін ықпалы мен
әсерін өмірдегі басқа ешнәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. Себебі,
үйелмен мүшелерінің бір-біріне кісілік қарым-қатынас, эмоциялық сезімдері,
ілтипат-ықыластары өмірінің жайымен, жанының табиғи бірлігіне, тұтастығына
негізімен жақындық, үйелмен тәрбиесінің күші осында.
Отбасы ғасырлар бойы өмір сүріп келе жатқан адам баласының әлеуметтік
ортасы. Халықтың салт-дәстүрін әдет-ғұрыптарының сақтаушысы. Сондықтан
отбасы тәрбиесі халықтың ой арманымен мол тәжірибесімен ұлттық дәстүрімен
дамып ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып жеткен тарихи мұра. Отбасы ең алғашқы
жастарды тәрбиелеу мұрасы, оның негізгі мақсаты балалар тәрбиесі. Әрбір
отбасыда балалардың адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру ең бірінші ата-
ана тәрбиесіне байланысты. Біз бұл бөлімде отбасының бала тәрбиесіндегі
алатын орнын және отбасы тәрбиесімен ұстаздар арасындағы байласныстарға
тоқталамыз.
Үйелмен тәрбиесінің түрлері мен мүмкіндіктері көп, әсіресе, көргенді,
ынтымақты, тату-тәтті тұратын отбасында шаңырақ шаттығы-негізінен, қоғамдық
сананың адамгершілік, кісілік, қайырымдылық, әдептілік, әділеттілік сияқты
толып жатқан моральдық ұйымдарға негізделеді. Бала үшін отбасында ең
алдымен, әке-шашесінің, ата-әжесінің басқа да ересектердің инабатты,
кісілік үлгілерінің маңызы зор. Бала өз заманына тән кісілікті,
әдептілікті, қайырымдылықты, тіпті бұрақылықты да алғаш рет осы өзінің
отбасында меңгереді. Үй ішінде күнделікті айтылатын қариялардың ұлағатты
өсиеттері мен ақылы, ал жастардың оларға деген сый құрметі, адал көңілі,
әдепті қылықтары, ерке-назы, әзіл-оспағы, жалпы алғанда, дұрыс қалыптасқан
моральдық-психологиялық қарым-қатынастар отбасы өмірінің ерекше бір
байлығы, әшекейлі көркі. Мұндай ортада өскен балалар бақытты, олардың
өмірден алатыны да, өмірге беретіні де көп болады.
Мектеп осы уақытқа дейін балалардың бойындағы қабілетін, қайсы нәрсеге
бейімділігін, ол қабілеттер мен бейімділіктер қашан, қай мезгілде пайда
болатынын толық шеше алмай келеді. Соның салдарынан дүниеде миллиондаған
адамдар өздерінің болашақтағы орнын дұрыс таңдай алмай қиналады,
сәтсіздікке ұшырайды. Отбасы мен ата-аналардың осы проблемаларды шешуге
тигізетін пайдасы мол. Арманшыл талапты жастарға мамандық таңдау үстінде
дұрыс бағыт, кеңес беретіндер, негізінен, солар.
Себебі, балалардың сырын да, қабілетін де ата-аналарынан артық білетін
адам жоқ. Адамның ең асыл қасиеттерінің бірі - оның жұртқа ұнамды мінез-
құлқы. Ол қасиет негізінен отбасыда қалыптасады. Ол ата-аналардың адал ақ
көңілі, жұмсақ алақанының көмегімен ұрыс-таласы, үрей-қорқынышы жоқ
отбасында тәрбиеленеді. Жұмсақ мінезді, ақ пейіл адамдарға арнап айтылған
"бір кісілік орын бар" деген мақал осының куәсі. Отбасы мүшелерінің әрбір
іс-әрекеті, тындырған не тындыра алмаған жұмыстары әртүрлі жағдайда
көрсеткен мінез-құлқының қырлары, бір-біріне тигізетін көмегі, не зияны
түгелдей халық дәстүрінің сынынан, елегінен өтіп "дүрыс", не "бұрыс" деген
бағаларын алады. Отбасында жарасымды орнын тапқан салттар мен дәстүрлер аса
тиімді тәрбие құралына айналады. Отбасы тәрбиесінің осындай ерекшеліктері
мен мүмкіндіктерін қоғамдық тәрбиенің міндеттері мен ұштастыра білсек, оның
берері мол.
Баланы тәрбиелеуге ата-ана жеткілікті мән бермесе, бұл істің нәтижесіз
болары күмәнсіз. Абай былай дейді: "Балаға көбіне үш алуан түрлі мінез
жұғады. Біріншісі-ата-анадан, екіншісі-ұстазынан, үшіншісі - құрбы-
құрдасынан. Солардың ішінен бала қайсысын жақсы көрсе, сонысынан көбірек
жұғады". Сондықтан жұмыс қаншалықты қауырт болса да, қаншалықты шаршап-
шалдығып жүрсе де ата-ана бала тәрбиесін ұмытпауы тиіс. Балалардың болашақ
қадамы отбасында басталатыны бәрімізге аян. Бала жақсы әдетті болса да,
жаман әдетті болса да ең алдымен отбасыда алады. Ата-аналар балаларын
мәдениетті, кішіпейіл адал азамат етіп өсіргілері келсе, ең алдымен олардың
өздері кіршіксіз таза адам болуы керек. Көпшілік жағдайда баланың бойында
теріс қылықтардың пайда болу себебін отбасыдағы үлкендер өздерінің бойынан
іздемейтіні өкінішті.
А.С.Макаренко ата-аналарға арнаған бір сөзінде былай деген: "Сіздің
мінез-құлқыңыз - жеткіншек тәрбиедегі бірден-бір шешуші құрал. Егер сіз
дөрекі және мақтаншақ немесе маскүнем болсаңыз-онда сізге тәрбие туралы
ойлаудың қажеті жоқ. Сіз қалай киінсеңіз, басқалармен қалай әңгімелесіз,
қалай қуанып, қалай қайғырасыз, достарыңызбен және қас адамдарыңызбен қалай
қатынас жасайсыз, сіз қалай күлесіз, газетті қалай оқисыз, радионы қалай
тыңдайсыз, міне, мұның барлығының да бала үшін маңызы ерекше". Ол өз
еңбектерінде ата-аналар беделі туралы үлкен сөз көтеріп бала тәрбаесінде
бұл беделдің алатын орнын көрсеткен.
Ата-аналар шын беделге ие болған отбасыларда олардың жай ғана реніш
білдіруі, ескерту жасауы баланы теріс істерден сақтандыру үшін жеткілікті.
Беделдің болмауынан балалар ата-анасымен ашылып сөйлеспейді. Олардың
ескертпелеріне дөрекілікпен қарсыласумен жауап береді. Кішкентай күнінде
сәби ата-анасын жан-тәнімен қадірлейді, оларды бар зейінімен тыңдайды. Ал
ақылы кіріп жақсы мен жаманды ажырата бастаған жасөспірім үйдегі үлкендерге
енді ересек көзбен қарайды. Бірақ бұл жағдайды ата-аналар, үнемі ескере
бермейміз. Олар баланы тәрбиелегнеде қорқытумен, күш көрсетумен балаға
айтқанымызды істетуге әуес. Мұндай отбасында нашар мінез-құлықты балалардың
өсетініне ата-аналар түсінбейді немесе онша мән бермейді. Отбасындағы
байсалды, бірқалыпты қарым-қатынас жас буынның ата-аналарына сенімі мен
құрметін күшейтетін тәсіл. Кейбір ата-аналар тәкәппарлық беделіне бой
ұрады. Адал да еңбекқор адамдарына өндірісте болсын, үйде болсын, ең
алдымен кішіпейілділік жарасымды.. Алайда арамызда әлі де болса тек өзінің
жұмыстағы жетістіктері туралы ған айтқанды жақсы көретін, басқалардың
жақсылықтарын көрмей, оларға менмендікпен қарайтын адамдар бірен-саран
болса да кездесіп қалады. Осыны көрген, естіген балалар да жолдастарына
көкіректік көрсетіп, әкесінің лауазымын, аналарының талантын айтып,
мақтанады. Кейбір ата-аналар балаларына уәде беру, түрліше сыйлықтар ұсыну
арқылы айтқандарын тыңдатады.
Әрине отбасында баланы мадақтау, оларға түрліше сыйлықтар беру сияқты
дәстүрлер болуы мүмкін, бірақ жақсы қылықтар көрсеткені үшін сыйлықтар
ұсыну мүмкін емес. Мұндай жағдайда бала жақсы істерді қоғам игілігі үшін
емес, ата-анасынан сыйлық алу үшін деп ұғып, үлкен сыйлық алу мақсатында
олар саудаласуды үйреншікті әдетке айналдырады. Ондай бала отбасы мен
мектеп және Отан алдындағы борышын толық сезбейтін болып өсуі мүмкін. Әрбір
ата-ана баласының тәрбиесі үшін Отан алдында, мемлекет алдында жауапты
екенін ұмытпағаны абзал.
Ата-анасына балалардың мінез-құлқын, бейімділігін сынып ішінде
оқушылардың қарым-қатынасын, қоғамдық жүктемені орындауын, мектептегі
сабаққа ынта-жігерін айта келіп, осы отбасына тән ерекшеліктерді ескеру.
Мінез түрлілігі сияқты әр отбасы айтқан ойларды әртүрлі қабылдап жатады.
Бірі ерекше ілтипат көрсетсе кейбіреулері жақтырмайды. Сынып жетекшісі,
психолог екінші ата-ана болғандықтан олармен тіл табысып отыруы керек.
Мектеп оқу-тәрбие жұмысының мазмұнын жақсартуға қамқорлық жасайды, ата-
аналарды, барлық жұртшылықты қатыстырады. Сондықтан адамгершілік
қасиеттерді қалыптастыруда мектеп пен отбасының масат міндеттері бір екенін
ата-аналар жақсы түсіністе болуы қажет.
Мектеп осы уақытқа дейін балалардың бойындағы қаблетін, қайсы нэрсеге
бейімділігін, ол қабілеттер мен бейімділіктер қашан, қай мезгілде пайда
болатынын толық шеше алмай келеді. Соның салдарынан дүниеде миллиондаған
адамдар өзінің болашақтағы орнын дұрыс таңдай алмай қиналады сәтсіздікке
ұшырайды. Ал отбасы мен ата-аналардың осы проблемаларды шешуге тигізетін
пайдасы мол. Себебі, балалардың сырын да, қабілетін де ата-аналарынан артық
білетін адам жоқ. Адамның ең асыл қасиетінің бірі - оның жұртқа ұнамды
мінез-құлқы. Ол қасиет негізінен отбасында қалыптасады. Даму процесінде
баланың мінез-құлқы мен іс-әрекетіндегі негізгі өзгерістердің бәрі үйрету
барысында меңгерілетін психологиялық қасиеттердің көрініс беруі.
Кіші мектеп жасындағы балалардың анатомиялық, физиологиялық және
психологиялық даму ерекшеліктері Ж.Пиаже, Л.С.Выготский, Л.И.Божович,
В.В.Давыдов, Д.Б. Эльконин, А.Ф.Обухова т.б. көптеген психологтар
еңбектерінде жан-жақты талдаған. Өткен ғасырдың 70-ші жылдарынан бастап
психологиялық және педагогикалық зерттеулерде акселерция туралы ой-пікірлер
кеңінен талдана бастады. Олардың негізгі ғылыми тұжырымдамасы соңғы кезде
балалардың дамуындағы дене өсуіндегі және интеллектуалдық дамуындағы
нормативтердің өзгеруі. Сонымен қатар оқыту процесінің мазмұнының өзгеруі
және оған негіз болатын барлық факторлар талданды. Дегенмен бұл еңбектермен
ата-аналар өз бетімен танысып, баланың ақыл-ойының дамуын ғылыми негізде
басқаруға барлық уақытта мүмкіншіліктері болмайды. Сондықтан психологиялық
ағарту жұмысы барысында үйрету процесінің ақыл-ой тәрбиесіндегі
ерекшеліктерін психолог жете біліп ол білімін көпшілікке жеткізуі керек.
Қазіргі кездегі оқыту және үйрету ерекшеліктері Гальперин, Тейяр де
Шарден, Халл анықтаған үйрету психологиясына негізделген. Бала судың тасуы
неліктен болатынын білмейді. Оған отбасында ата-аналары, мектепте
мұғалімдер түсіндіреді. Бұдан соң ол осы материалды оқулық бойынша қайталап
алып, енді білетін болады. Адамның үйренуі әр түрлі деңгейде өтетін
күрделі, көп сатылы процесс. Мысалы, сенсорлық және моторлық үйрену бір
деңгейде қамтылады. Сенсорлық үйренуде қабылданған бейнелерді қабылдау,
сондай-ақ білу және тану процестері қалыптасады. Моторлық үйренуде
қимылдарды таңдау және тиісті программаларда біріктіру, оларды жіктеу,
іріктеу және жүйелеу болады. Олардың синтезі — сенсомоторлық үйрену —
қабылдау мен елестету бейнелерінің бақылауымен қимыл программаларының
қалыптасуын қамтамасыз етеді. Үйренудің бұл түрлерінің нәтижелері
сенсорлық, моторлық және сенсомоторлық іскерліктер мен дағдылар формасында
білдіріледі. Үйренудің когнитивтік деңгейінде адамда іс-әрекет заттарының
мәнді қасиеттері мен байланыстарын табу, талдау, іріктеу, қорыту және
тиянақтау процестері, сондай-ақ осы қасиеттер мен байланыстарды пайдалану
жөніндегі мақсатқа сай іс-әрекеттер қалыптасады.
Үйрену жаттығулары бақылау, ұғыну және өзін-өзі бақылау негізінде
жүзеге асады, бұлар ұғынылып барып қойылған мақсаттар мен міндеттер арқылы
басқарылады. Бір жағынан, когнитивтік деңгейде тиісті кластардың есептерін
шешу үшін қажет іс жүзіндегі білім мен тәжірибелік іс-әрекеттерге үйрену
(бұл орайда түсініктер мен тәжірибелік іскерліктер қалыптасады), екінші
жағынан, қорытылған теориялық білім мен ақыл-ой іс-әрекеттерін үйрену
болады (мұнда ұғымдар мен ойлау қалыптасады).
Үйрену — іс-әрекеттің орнықты нысаналы өзгерісі, бұл өзгеріс мұның
алдындағы іс-әрекеттің нәтижесінде пайда болады және организмнің тікелей
туа біткен физиологиялық реакцияларынан туындамайды. Мұндай жалпы түрде
түсінілетін үйрену жануарларда да бар. Алайда іс-әрекеттің мұндай орнықты
өзгеруінің жануарлар мен адамда ортақ жайлары бар болғанымен қоймай,
сипаттарының сапалық айырмашылықтары бар. Мәселен, сыртқы дүниенің заттары
адам мен итті бірдей қоршап тұруы мүмкін. Бірақ олар бұл заттарды мүлдем әр
басқа бейнелейді. Адам бұл процесте қорытады, абстракциялайды, заттардың
себептік, мақсаттық, құндылық және басқа қатынастарын бөледі. Итте бұл жоқ,
өйткені адамдай емес, ол сыртқы дүниені бейнелеудің ерекше формаларын талап
ететін және мұнымен бірге осы формаларды қалыптастыратын қоғамдық еңбек іс-
әрекетімен шұғылданбайды. Сондықтан адам мен жануар сол бір заттардың өзін
әр түрлі және ондағы әр нәрсені бейнелейді, осыдан барып олардың мінез-
құлқы мен іс-әрекетінің үйрену процестерінде болатын өзгерісі де барынша
түрліше болады.
Бастауыш сынып оқушылары үшін оқу процесі бала өміріндегі негізгі
әрекет болады. Сондықтан оқушылардың дамуы мен жетілуі осы процеспен
байланысты жүреді. Оқыту барысында балалар біртіндеп мектеп режиміне
үйренеді және өздерінің білімін жетілдіріп, мектепке дейінгі жас
кезеңіндегі балаларда жоқ қасиеттерді меңгеруге мүмкіндік туады. Бастауыш
мектеп оқушыларының жаңа қасиеттері оқу қызметінің қалыптасуына байланысты
орын ала бастайды. Егер балалардың барлығы бірдей мұғалімді тыңдаса және
оның айтқандарын түгел орындаса барлық балалардың білімді меңгеруі, оқыту
мазмұнын меңгеруі бірдей болар еді. Сабақтарда әрбір оқушы талаптарына
сэйкес өз зейінін басқаруды үйренеді. Бала сабақ үстінде далады болып
жатқан ауа райының ерекшеліктеріне, сыртта болып жатқан басқа оқиғаларға
көңіл аударғысы келеді. Сонымен қатар сабақта түсіндіріліп жатқан
материалды да толық меңгеруге мүмкіндік болуы қажет.
Пэндерді оқыту барысында оқушылар сабақтың мазмұнына байланысты
көптеген мэселелерді шешу жолдарын іздеп табады, іс-әрекеттер варианттарын
таңдап алады да, оларды іске асырудың реттілігі мен құралдарын жоспарлайды.
Бала өз іс-әрекетінің қадамдарын неғүрлым көбірек жорамалдай алатын болса
және олардың көптеген варианттерын бір-бірімен салыстырып алатын тәжірибесі
қалыптасса, соғүрлым ол жалпы дамуы жоғарылап, басқа адамдармен тіл табысу
жолдарында тезірек жіне дэлірек табатын болады. Мысалы: орындауға берілген
тапсырмалардың шешу жолдарын тезірек табатын болады. Н.К.Крупская өзінің
еңбектерінде ата-аналарды педагогикалық минимуммен үйретіп, оларды ғылыми
түрғыда қаруландырудың қажет екенін бірнеше рет айтқан болатын. Ата-
аналардың тәрбие процесінде жеке адамның қалыптасуына ықпалы, олардың жалпы
және педагогикалық мэдениетіне байланысты. Осы түрғыдан педагогикалық-
психологиялық білім негіздерімен ата-аналарды қаруландыру мектеп алдында
түрған басты міндеттердің бірі.
Ата-аналар шын беделге ие болған отбасыларда олардың жай ғана реніш
білдіруі, ескерту жасауы баланы теріс істерден сақтандыру үшін жеткілікті
болмауынан балалар ата-анасымен ашылып сөйлеспейді. Олардың ойкертпелеріне
дөрекілікпен, қарсыласумен жауап береді. Кішкентай күнінде сэби ата-анасын
жан-тәнімен қадірлейді, оларды бар зейінімен тыңдайды. Ал ақылы кіріп,
жақсы мен жаманды ажырата бастаған жасөспірім үйдегі үлкендерге енді ересек
көзбен қарайды. Бірақ бұл жағдайды біздер, ата-аналар үнемі ескере
бермейміз. Қорқытумен, күш көрсетумен балаға айтқанымызды істетуге әуеспіз.
Мұнда отбасында балалардың өсетініне мэн бермейміз. Отбасындағы байсалды
бірқалыпты қарым қатынас жас буынның ата-аналарына сенімі мен құрметін
ұмытамыз. Кейбір ата-аналар тәкәппарлық беделіне бой ұрады. Адал да
еңбекқор адамдарына өндірісте болсын, ең алдымен кішіпейілділік жарасымды.
Алайда арамызда әлі де болса тек өзінің жұмыстағы жетістіктері туралы ғана
айтқанды жақсы көретін, басқалардың жақсылықтарын көрмей, оларға
менмендіктікпен қарайтын адамдар бірен-саран болса да кездесіп қалады.
Осыны көрген, естіген балалар да жолдастарына көкректік көрсетіп, әкесінің
лауазымын, аналарының талантын айтып, мақтанды. Кейбір ата-аналар
балаларына уәде беру, түрліше сыйлықтар ұсыну арқылы айтқандарын тыңдатады.
Әрине, отбасында баланы мадақтау, оларға түрліше сыйлықтар беру сияқты
дәстүрлер болуы мүмкін, бірақ жақсы қылықтар көрсеткені үшін сыйлықтар
ұсыну мүмкін емес. Мұндай жағдайда бала жақсы істерді қоғам игілігі үшін
емес, ата-анасы үшін деп түйіп, үлкен сыйлық алу мақсатында олардан
саудаласуды үйреншікті әдетке айналдырады. Ондай бала отбасы мен мектеп
және Отан алдындағы борышын толық сезбейді. Біздің ортамызда еңбегімен,
тәрбиеліктігімен көп құрметіне бөленген үлгілі отбасылар қай жерде де аз
емес. Олардың есімдерін үлкен мақтанышпен атауға болады. Олардың балалары
да еңбекқор, тәртіпті, мәдениетті азаматтар болып өсіп келеді. Түсінігі
таяз ата-аналар да кездеседі Оларға балаларыңыздың оқуы нашар, соған көмек
көрсетуіңіз керек десең еститінің Оқымаған адамдар да нанын тауып жеп жүр
ғой, қайтейін сау болса болар. Бұл әңгіме нан табуда емес, балалардың
оқуында, тәрбиесінде болып тұр емес пе? Осындай отбасылардан қандай тәрбие
күтуге болады. Ата-ана отбасы ұйытқысы, балаларының бағбаны, сондықтан олар
жақсы қасиеттерімен бабалардың келешегіне үлкен әсерін тигізулері керек.
Егер ата-анасының біреуі өз міндеттерін орындаудан бас тартса немесе өз
құқығын теріс пайдаланса, балаларына қатыгездік жасаса, сондай-ақ,
ішімдікке салынып кетсе, ата-аналық құқығынан айырылуы мүмкін. Бала
тәрбиесіне салақ қараудың салдарынан кейбір дұрыс оқитын балалар арасынан
да өз бетімен жүріп, шылым шегу, ішімдікке үйір болу, ұрлық жасау сияқты
жаман жолға түсіп кетушілер кездесіп қалады. Кейде балаларды жалған айтуға
ересек адамдар өздері мәжбүр етеді. Сірә, олар ондай өтірікті айта салудың
еш қиындығы жоқ деп санайтын болуы керек. Мұның тәрбиеге кері әсері
тигізетіні сөзсіз. Бала тәрбиесімен оның анасы ғана айналысатын отбасылар
да бар. Мұндай жартыкеш тәрбие де жақсы нәтиже бермейді. Әке өнегесі, әке
тәрбиесінің орны қашанда бөлек.
Ата-анасына балалардың мінез-құлқын, бейімділігін сынып оқушыларымен
қарым-қатынасын, қоғамдық жүктемені орындауын, коррекция коррекция сабаққа
ынта жігерін айта келіп, осы отбасына тән ерекшеліктерді ескерту. Мінез
түрлілігі сияқты әр отбасы айтқан ойларды әр түрлі қабылдап жатады. Бірі
ілтипат көрсетсе, кейбіреулер жақтырмайды. Сынып жетекшісі, мұғалім
екіншісі ата-ана болғандықтан олармен тіл табысып отыру керек. Сыныптағы
кейде орташа, кейде тым тәуір оқитын оқушылардың ата-аналарымен әңгімелесу
барысында байқалатыны ата-аналар пән мұғалімдеріне өкпелі. Күнделікті
бағалары мен тоқсан қорытындысындағы бағалары жайлы сөз болғанда олардың
дұрыстығын коррекция коррекция сабақтарына қатысу арқылы білуге болатыны
қозғалды.
Ата-аналарды шақырып коррекция коррекция сабаққа қатыстырылды. Әрине,
осындай тығыз байланыстардан кейін олар дұрыс пікірге келді. Мұндай жағдай
да болды. Бір ата-ана тэртіпсіздігімен көзге өрескел, дөрекі мінезді ұлы
үшін кемшілігін мойындап ата-аналармен, мектеп басшылығының мүшелерімен
кездескен жиналыста өз ойын білдіріп, кешірім сұрады. Ата-анамен жұмыс
күрделі, үлгілі оқушылардың ата-аналарымен байланыс жасап, кейбір тәрбие
мәселесінде ақыл-кеңес сұрап отыруға болады. Ата-аналар арқылы айтылған
сөздің ақылдасқан жайдың нәтижелі болатынын байқадық. Себебі ата-анаға
балаларының үлгілі болғаны жақсы. Ата-аналар мен байланыс жасау әр түрлі
және олардың жас ерекшеліктеріне қарай өзгеріп отырады. өмірге көзқарасын
қалыптастыру, мамандықтарға баулу-бастауыш сынып оқушылары үшін олардың іс-
әрекеті және гигиеналық талапты сақтауы мектеп ережесіне қарай реттеледі.
Оқушылардың сұрақ-жауап сауалнамасын талдаған кезде өз балаларының
келешекте кім болатынына көңіл бөлмейтін ата-аналар бары байқалды.
Сондықтан ата-аналар мектепте тек баласының сабағына қатысу үшін ғана емес,
тәрбиелік шараларға, кештерге қатысып тұрса, балаларымен екі арада ашық
түсініктері орнайды.
Бала ата-ананың адамгершілік өмірінің айнасы. Ата-аналардың балаларға
осыншама қиындықсыз ауысатын ең бағалы адамгершілік белгісі-бұл шеше мен
әкенің ізгілігі, адамдарға жақсылық істей білуі.
Әке мен шеше өз жанының бір бөлігін басқаларға беретін адамдардың
қуанышы мен қайғысын бүге білмейтін семьяларда ізгі жанды, сергек, сезімтал
болып өседі. Ең жаман нәрсе жекелеген ата-аналардың өзімшілдігі, жеке басын
күтіп кетуі. Кейде мұндай жаман нәрсе өз баласына деген инстингтілігі,
соқыр сүйіспеншілікке айналады. Егер әке мен шеше өз жүрегінің барлық күнін
басқаларға беріп олардың тасасынан басқа адамдарды көрмейтін болса, бұл
дөрекі сүйіспеншілік ақыр аяғында бақытсыздыққа айналады. Балалардың өз
Отанының патриоты болу үшін, туған жер мен еңбекші халықтың қызу сүйетінін,
адам, шыншыл, еңбек сүйгіш, ізгі жанды, сергек, сезімтал, жамандық пен
өтірікке төзбейтін, қиындықтарды жеңуден ер жүрек, әрі табанды, кішіпейіл,
адамгершілігі мол, дені сау денесі шыныққан болуы үшін бәрін де істейтін
болды. Балалар ізгі жүректі, сезімталдығы жоғары адам болуы тиіс. Бала
отбасының айнасы, бір тамшы суда күн сәулесі қалай бейнеленсе, шеше мен
әкенің адамгершілік тазалығы да балаларда солай бейнеленеді. Мектеп пен ата-
ананың міндеті- әр балаға бақыт беру. Бақыт алуан қырлы. Ол адамдардың өз
қабілетін ашып, еңбекті сүйіп, жасампаз бала білуінде де және қоршаған
дүниенің кеңдігінен ләззат алып, басқалар үшін әсемдік жасаулар да, басқа
адамды сүйіп өзі де біреудің сүйіктісі болып, балаларды нағыз адам етіп
өсіре білуінде. Адам өмірінде ең асыл да тамаша - ана. Балалардың анаға
қуаныш әкелген еңбектерінің адамгершілік тамашалығын сезу өте қажет.
Адамгершілікті, мейірбандықты, қайырымдылықты тәрбиелейтін шын мектеп -
отбасы, анаға, әкеге, атаға, әжеге, аға-ініге, әпке-қарындасқа қарым-
қатынас адамгершілікке сын болып саналады.
Ата-аналар мектепке дейінгі балалардың ақыл-ой дамуы, болашақ өмірі
шешуші дәрежеде әке мен шешенің қарапайым мәдениетіне байланысты. Бұл
мәдениет өсіп келе жатқан балалардың күрделі жан дүниесін ақылдылықпен
түсінуден көрінеді. Ата-аналарға арналған мектептің коррекция коррекция
сабақтарында баланы ойлауға қалай үйретуге болады, оның ой қабілетін қандай
жолмен дамытуға болады деген мәселелерге ерекше көңіл бөлінді.
Мектептің ата-аналар комитеті мұғалімдерге, ата-аналарға көмектеседі,
балалардың демалысын, қиын отбасыларды қамқорлыққа алуды, балалардың тұрғын
жеріндегі жұмыстарды ұйымдастыруға қатысады. Ата-аналар жиналыстарын,
олардың конференцияларын пікір таластарды, балалар мерекелерін өткізудің
дайындық жұмыстарына қатысады.
1.2. Отбасы тәрбиесінде халық педагогикасының озық үлгілерін
пайдалану.

Қазақ халқының ұлттық мәдениетінің қайта өркендеу жағдайында жастарды
ұлттық дәстүрлерде тәрбиелеудің заңды обьективті қажеттігі туды. Халықтық
педагогика арқылы оқушыларының - адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың
педагогикалық мәні де оған қоғамдық салт-сана, әлеуметтік экономикалық,
мәдени өмірден саяси көзқарас пен тарихи кезеңнің айқын айғағы болып
табылады. Сондықтан, еңсе көтерген қазақ елінің жаңа тұрпаты халықтық
тәрбие жүйесінде ең алдымен өз халқының ғасырлар бойы қалыптасқан бай
тәжірибесіне арқа сүйері және оны қастерлеп дамыта түсуі заңды құбылыс.
Өйткені, мұндай негіздерді білмей, өз халқының, ұлттық ерекшеліктерін
сезінбей, басқа халықтың өзіне тән ерекшеліктерімен салыстырмай, бағаламай
өз байлығын байыта түсу мүмкін емес. Халықтың өзі жасаған бастауларға
сүйенген тәрбие ғана өз күшінде бола алады. Бұл тәрбиенің артықшылығы: әр
адам ең алдымен өз халқының перзенті екендігін сезінуі, екіншіден, өз
халқының болашағы сол жекелеген адамдарға байланысты екендігін сезінеді.
Сондықтан да, әр ұрпақ өз уақытын, өз талаптарын негізге ала отырып,
ата-ана тәрбиесін, яғни халықтық педагогиканы игеріп отырғаны жөн.
Тілімізге, дінімізге, қайта мойын бүрған кезде, болашақ ұрпағымыздың өз ана
тілін білмеуі, салт-дәстүрден бірте-бірте қол үзе бастағаны, әке-шешесін,
ата-әжесін, бауыр еті баласын тастап кету, жетімсірету сияқты қатыгездіктің
етек алды, арақ ішу, анаша тарту, зорлық-зомбылық, ұрлық жасау сияқты
жағымсыз қасиеттерге бой алдырды, өз пікірі жоқтық, біреудің айытқанына
оңай ерігіштік, көнгіштік, табансыздық, тағы басқа да сүреңсіз жағдайлардың
етек жайып еркінсуі-халықтық тәрбиеден қол үзудің салдары екені даусыз.
Жағымсыз құбылыстардан құтылу үшін халқымыздың өзі жасаған, ұлттық дәстүр,
салттарын оқу-тәрбие ісіне кеңінен пайдалану жолдарын іздестіру өмір
талабы.
Егер тарихи зерттеулерге жүгінсек, халықтық педагогиканың үлгі-өнегесі
халық даналығының көрінісі ретінде пайдалану жөнінде құнды идеяларды
кезінде түрлі ел, түрлі уақыттағы педагогтар да аз айтпағанын байқаймыз.
К.Д.Ушинский Біздің тәрбиені ойлап келетіні бос әурешілік, тәрбие орыс
халқында өзі қанша өмір сүрсе, сонша ғасыр өмір сүреді онымен бірге істі,
өзінде оның бүкіл тарихын, оның бүкіл жақсы және жаман қасиеттерін
бейнелеген. Бұл бірін екіншісі ауыстыра отырып, Россияның жаңа ұрпағы өсіп
шыққан топырақ - деді.
Халықтық педегогиканың адамгершілік тәрбие саласындағы құнды деген
идеяларын өз тәжірибелерінде А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский кеңінен
пайдаланып, оларды өте жоғары бағалаған. В.А.Сухомлинский халық
тәрбиесіндегі Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілік сезімге толы аса
маңызды қайнар көздері оқушылардың терең танып-білуіне қол жеткізді. Ол
мұндай қайнар көздер ата-ана махаббаты, бесік жыры, ана тілі, туып өскен
жер табиғаты, халықтың тарихы және т.б. болатынын атап көрсетті.
Халықтық педагогика мәселелері ғылыми тұрғыда 19 ғасырдың екінші
жартысынан бастап жарық көрген ғылыми зерттеулер Г.Н.Волков, Я.Н.Ханбиков,
А.Ф.Хантибидзе, А.Ш.Гашимов, А.Н. Измайлов, В.Х.Арутюнян, К.К.Қыдыралиеа
және т.б. халықтық педагогиканың түрлі бағыттарын қарастырады. Бұл
еңбектерге жан-жақты талдау ғалым С.А.Ұзақбаеваның еңбектерінде жүйелі
берілген. Автор халықтық педагогика саласында барлық еңбектердің сынып
классификациясын жасаған, сол зерттеулерде халықтық педагогика деген
терминге берілген анықтамаларды саралап, құптай отырып, былай деп өзінің
анықтамасын берген халықтық педагогика - тәрбие мен оқыту саласындағы халық
бұқарасы білімдерінің, іскерліктердің, дағдылардың жиынтығы, солардың
негізінде ұрпақтан-ұрпаққа халық шығармашылығы арқылы беріліп отыратынын
әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер қалыптасқан. Халықтық педагогиканың мақсаты -
ата-бабалар тәжірибесінің ең жақсы мұраттарында бай ұрпақты тәрбиелеу.
Басқа ұлттардағыдай, қазақтың халықтық педагогикасының өзіне тән
ерекшеліктері, өзіндік белгілер бар. Оның бірі халықтық педагогика
ерекшеліктерінің мазмұны мен түрлерінде бейнеленген ауызекі поэтикалық,,
мазмұндық, музыкалық шығармалар, сәндік-қолданбалы бұйымдар, құлпытастар,
күмбездер, ғимараттар, әдет-ғұрыптар, салт- рәсімдер және т.б. Олардың
тәрбиелік мүмкіндіктерін сол кездің өзінде-ақ халық арасынан шыққан ақын-
жыраулар жақсы түсінген. Көшпенді мәдениетінің шыңында тұрған қазақ халқын
дүние жүзі жүртшылығына таныту, Ресей арқылы батыс елдеріне таныту күн
тәртібінде тұрды. Бұл іске алғаш болып жол салғандар -Ш.Уалиханов пен
Ы.Алтынсарин болды. Олар адцыңғы қатарлы зиялылар өмірін зерттеп, оны
дүниежүзі жұртшылығына таныстыру мақсатымен қазақтың ұлт ойындарын халық
өмірінің басқа көріністерімен қоса зерттеді. Сол кезде этнографиялық
зерттеулерге өте көп көңіл бөлінгеніне және ағарту қызметінің өріс алуымен
байланысты Ш.Уалихановтың еңбектері Ресей академиясында жоғары бағаланып,
кең таратылды. Осы зерттеулерді жалғастырып, одан әрі дамытуға шығыстану
ғылымының прогресшіл өкілдері В.Радлов пен Г.Потанин үлес қосты.
19 ғасырдың екінші жартысында халық педагогикасының қалыптасып кең өріс
алуымен байланысты ұлттық ойындарды зерттеуге көзқарас өзгере бастады.
Халық педагогикасы ұлт тәрбиесіне қатынасты барлық өмірлік негіздерді
қамтып, ұлттық ерекшелікті даралай көрсетуге, сонымен қатар барлық
адамзаттың мәдени тарихын даралай көрсетуге үлесін қосады. Ы.Алтынсарин
және оның пікірлестері мен ізбасарлары халық ағарту жүйесін құра бастады.
Қазақ мектептері ашылып, ұлттық тәрбие ордасын құру барысында ұлттық
ойындарды зерттеу және қолдану жолдарын анықтау мәселесі тереңдейді. Бұл
істі ілгері жылжытқандардың қатары жылма-жыл өсе түсті. Бұлардың қатарына
А.И.Ивановский, Н.Гродеков, Е.А.Алекторов, Ә.Ә.Диваев, А.Левшин,
Н.Пансутов, ЕАПокровский, З.Ф.Лазеревский, П.И.Пашино, Г.Загряжеский,
А.ІИиле, А.Харузин, АТорячкин т.б. қосылды.
Кезінде М.Әуезов қазақтың ұлттық ойындары туралы мына сөздерді айтқан:
- Біздің халқымыздың өмір кешкен ұзақ жылдарында өздері қызықтаған алуан
ойын өнері бар ғой. Ойын деген, менің түсінуімше, көңіл көтеру, жүрттың
көзін қуантып, көңілін шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше бір ерекше
мағыналары болған.
Қазақ халқының өткеніне көз жіберсек, әрбір күзгі, қысқы шаруашылықтың
табысты аяқталуынан соң, сәтті аяқталған аңшылықтан кейін, немесе ел шетін
басып кірген жаудан кек алып, жеңіске жеткенде, ас бергенде, халық
мерекелері, ойын-сауықтар өткізілген. Бұл ойын-сауықтар тек көңіл көтеру,
той думан үшін емес, ұрпақ тәрбиесін өркендетіп, дамытатын үлгі-өнеге
көрсететін, халықтың рухани мүмкіншілігінің байқауы тәріздес өнер сайысына
ұласып, жаңаның сыналып, ел талқысына түсер ортасы, көпшілікке жеткізер
сахнасы іспеттес болған. Әсіресе, өздерінен ересек аға буыннан, халық
алдында сыналған атақты ардагерлерден үйреніп тәлім алған.
Қазақтың ұлттық ойындары: көкпар, сайыс, күрес, теңге алу, қыз қуу,
алтын қабақ ату, жамбы ату т.б. спорттық сипатпен бірге үлкен тәрбиелік
маңызға ие. Бұл ойындардың бәрі де атпен ойналатын ойын болғандықтан,
оларға күн ілгері орасан зор әзірлік, мұқият даярлық керек болады. Сол
даярлықтың басы қасында болған жас баладан бастап, бозбалалар мен жігіт
ағалары, атбелгілері мен ауыл ақсақалдары болып түгел қатынасқан. Жоғарыда
аталған ойын түрлері мен бәйгенің алуан түрлеріне қосылатын аттар, оған
мінгізілетін балалар, балуандар, көкпаршылар, қыз қууға қатынасатын қыз бен
жігіттер ауыл ақсақалдарының алқасында талқыланып, солардың ұйғаруы бойынша
қатынасуға мүмкіншілік алатын болған. Бұл, бір жағынан, халық тәлім-
тәрбиесінің маңызын арттырса, екінші жағынан, үлкендерге деген ілтипат пен
сенімді, басқаның пікірімен санаса білуді үйретеді. Үшіншіден, жеңіске
деген құлшынысты туғызып, баланың ақыл-ойын, қиялын ұштайды.
Сонымен қатар халық өзінің аңшылық, мергендік, мал өсіру, дихандық
шаруашылығымен байланысты көптеген аңыз-ертегі, мақал-мәтелдер, өлең-жырлар
шығарған. Олар жастарды малды дұрыс бағып-қағуды, аңшылық пен малшылықты
өнер деп қарауды, сөйтіп оларды еңбек сүйгіш, мал тапқыш, өнегелі азамат
етуді көздеген. Осы тіршілік түрлері ұлттық ойындардың көптеген түрлерінде
орын алған.
Қазақ шаруасының қол өнері өзінің күнделікті өмір тіршілігімен, тұтыну
қажетімен тығыз байланысты болған. Оның ішер асы да, киер киімі де,
баспанасы да малдың өнімімен байланысты болғандықтан, қол өнері де сол мал
өнімін өңдеуге ұқсастығы арналған. Жүн иіріп, өрмек тоқу, киіз басып, үй
жабу, ою ойып, сырмақ, түс киіз өрнектеу, тері илеп, бас киім және сырт
киім тігу қыз балалардың, аналардың ерекше өнері болып саналған.
Көпетеген ұлт ойындары осы өнерлерді дәріптеп балаларды болашақта оң
қолынан өнері таматын етіп тәрбиелеуге мән берген. Халық Өнер таусылмас
азық, жұтамас байлық, Іскердің байлығы қолында, кемеңгердің байлығы
жолындаң, Ұсталы ел озар - деп өнерге, шеберлікке құмарлықты оятуға
арналған көптеген нақыл сөздер айтып, оны балаларға дәріптеу жолдарын ойын
арқылы іздеген.
Осы жағынан келгенде ұлт ойындары халық педагогикасының құрамдас бір
бөлігі ретінде өзінің маңызды қызметін атқарады. Қазақстанның егемендік
алғанына арналған жалпы халықтық және әлемдік маңызы бар Абай мен Мұхтар
Ауезовке арналған тойларда қазақтың ескі дәстүрі бойынша балалардың ұлт
ойындарына белсенді қатынасуы ескі дәстүрді қайта жаңғыртып, жастарға деген
сенімділік пен талапты арттыра түсті, оларды өмірге ерте араластыру жер-
жерде орын ала бастады.
Ұлттық ойындар халық педагогикасының ерекше динамикасы бар, өмір
талабына сай үнемі өзгеріп тұратын, сонымен қатар ұрпақпен ұрпақтарды
байланыстырып тұратын құрамдас бөлігі. Сондықтан олардың атқаратын қызметі
кең ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастыруда отбасы тәрбиесінің әсері туралы
Отбасылық тәрбие
Оқушы тұлғасының қалыптасу процесінде отбасы тәрбиесінің ролі
Мектеп педагогикалық ұжымының оқушы отбасымен байланыс орнатудың психологиялық-педагогикалық негіздері
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастырудың педагогикалық мәселелері
Бастауыш сыныптарда қолданылатын тәрбие технологиялары
Отбасы тәрбиесін жетілдіруде психологиялық қызмет көрсетудің маңызы
Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерін дамытудағы жанұяның ролін теориялық - әдістемелік тұрғыда негіздеу
Мектепте оқушы мінезінің қалыптасу ерекшеліктері
Мектепте оқушылардың адамгершілік түсініктерін қалыптастыру
Пәндер