Отбасы құқықтық қатынастарды реттеу


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Отбасы құқықтық қатынастарды реттеу

Отбасы - қоғамның бастапқы ұясы. Сондықтан мемлекет отбасына ерекше қамқорлықпен қарайды, мүмкіндігінше оған көмек көрсетеді, кімнің болмасын оған заңсыз араласуына жол бермейді. Демек, мемлекет те адамдарға, некелі болып өмір құрған отбасына, белгілі мөлшерде талап та қояды. Талаптар қоя отырып, мемлекет некелілерге, отбасына қамқорлық көрсетуге міндеттенеді. Бұл талаптар тегіннен-тегін емес, ол азаматтардың (жеткен жетістігі мен есеюіне және т. б. ), қоғамның (жақсы отбасы - игіліктің негізі) қамы үшін қойылады. Сондықтан отбасын құру үшін заңда қаралған жағдайлар жасалуы керек. Некелік жас ерлер үшін - 18 жас, әйелдер үшін 17 жас болып белгіленген. Кейбір жағдайларда әйелдер үшін некелік жас бір жылға қысқартылуы мүмкін. Некелік жасты бір жылға қысқарту үшін некеге тұруға ниеттенген қыз өтінішті өзі жазуы керек. Мұндай өтінішті қызбен келісе отырып, оның ата-анасы немесе асырап алған басқа да туысы жазуына да болады. Некелік жастың бір жылға кемітілуі туралы мәселені жергілікті әкімшілік шешеді. Әдетте, некелілікке қабілеттік адамның 18 жасынан басталады деп танылған (адамдар бұл құқығын өз еркінше шешіп, өз ісіне өзі жауап береді) . Егер некеге тұру 17 жасқа толмайынша рұқсат етілмесе, 18 жасқа толғанда бұл мәселе толығынан шешілетіні белгілі. Мұның өзі, атап айтқанда, ерлі-зайыптылардың бала тәрбиелеудегі тең құқығын, мүліктерді пайдалану, тағы басқа отбасы өміріндегі тең құқықтық міндеттер мен мәселелерді шешіп, айқындау үшін де қажет.

Әрине, некелі болу екі жақтың - ер мен әйелдің толық келісімімен шешіледі. Неке тек ешқандай мәжбүр етушілік пен күштеусіз шешілгенде ғана заңды болып есептеледі. Егер кімде-кім әйелді некелесуге мәжбүр етсе, мұндай іс қылмыс, болып есептеледі. Мәжбүр етушілік әр түрлі болуы мүмкін Мысалы, ұрып-соғу, денесіне жара түсіру, еркінен айыру қорқыту, қоқан-лоққы жасау т. с. с.

Неке мемлекеттік органдарда, азаматтық хал актісіңде тіркеліп, жазылады. Бұл жағдайдың ерекше мәні бар. Ерлі-зайыптылардың құқығы мен міндеттері ЗАГС-тен (азаматтық хал актісінің жазбасы) өткен соң ғана күшіне енеді. Тек осыдан кейін ғана мемлекет ерлі-зайыптылардың құқығын қорғауды қолға алады, оларды занды түрде некелескендер деп есептейді, соңдай-ақ бұл отбасына қамқорлық жасайды. Ар-ұжданына ерік, бостандық берілген жағдайда діни мекемелерге барып, солардың салт-дәстүрі бойынша некеге отыруына да болады. Қазақстан Республикасының заңы мұндай некеге бөгет жасамайды. Бірақ заң мұндай некені зандылық күші бар неке деп есептемейді. Мұның өзі, егер екі жақтың бірінен шиеліністі жағдай туа қалса, мемлекеттік орган (сот, нотариат т. с. с. ) олардың құқығын танымайтындығын аңғартады деген сөз.

Халықтың, қоғамның бүгіні мен болашағы әр отбасының тағдырымен де тығыз байланысты. Сондықтан заң некеге тұрған адамдардың денсаулығына да талап қояды.

Төмендегідей жағдайларда некеге тұруға рұқсат етілмейді:

  1. Егер некеге тұрғысы келген адам тағы да біреумен некеде болса. Мұның өзі бір некелік принциптен туған жағдай. «Басқа біреумен некеде тұр» деп ЗАГС-те тұрған және бұзылмаған некені есептейді.
  2. Туысқандар арасында, тікелей туысқандар мен жанама туысқандар арасында некелесуге тыйым салынады. Бауырына салып, асырап алған балалар да бұл жерде туысқан болып есептелетінін есте ұстау керек. Тура туысқандар деп бір әке, бір шешеден туғандарды айтсақ, жанама туысқандар деп шешесі бөлек, әкесі бір, немесе, керісінше, әкесі бөлек, шешесі бір туысқандар есептеледі. Бұлардың бәрі де туысқандар боп танылады да, бұлардың бір-бірімен некелесуіне тыйым салынады. Бұлардың барлығы да әсіресе қазақ халқының ежелден келе жатқан салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпының адамгершілікке сүйенген, ғасырлар бойы қалыптасқан отбасылық парасатты өмір философиясын сақтаудан тұрса керек.
  3. Тағы да атап айту керек, бауырына салып алған немесе асырап алған ұл мен қыз балалар бір ата-ананың қолында, бір тәрбиеде, бір отбасында өскендіктен, халқымыз бұларды бір туысқан балалар деп атап кеткен. Сондықтан бұларды некелестіруге тыйым салынады.

4. Ақыл-есі ауысқан немесе ақылы кем адамдардың
некелесуіне тыйым салынады. Бұл үшін некелесуге ниеті бар
адамдар бірінің жайын бірі жақсы, жете білуі қажет. Кем адамдар дүниеге кемелді ұрпақ әкеле алмайтыны есте болуы қажет. Сондықтан отбасын құрудың үлкен жауапкершілігін әсіресе жастар терең ұғьшуы бірден-бір өмір талабы болуы керек. Қалай болғанда да, некелесетін адамдар ең алдымен бір-бірінің денсаулық жайын жақсы білуі тиіс.

Отбасы құрылғаннан кейін жұбайлық құқықтар мен міндеттер пайда болады. Некеге отырғанға дейінгі ер мен әйелдің арасындағы қатынастар тек адамгершілік нормаларға негізделсе, тұрмыс құрғаннан кейін жұбайлардың арасында заң ережелеріне негізделген құқықтық қатынастар қалыптасады.

Жұбайлардың өзара құқықтары екі топқа бөлінеді: өзіндік құқықтар, мүліктік құқықтар. Жеке өзіндік құқықтар адаммен тығыз байланысты және одан ажыратуға болмайды. Оларға фамилиясын, мамандықты, атқаратын жұмысты, өз еркімен таңдау жатады. Заң бойынша әйел өз фамилиясында қалуға немесе ерінің фамилиясын алуға құқылы. Отбасы тұрмысына байланысты мәселелерді шешкенде жұбайлар бір-бірінің бас бостандығына нұқсан келтіруге, өзінің айтқанына зорлап көндіруге хақы жоқ. Жұбайлардың бірі екіншісін мамандық, жұмыс орнын таңдау хақынан айыра алмайды. Бұл мәселелерді күштеусіз, бір-бірінің бостандығын, қадір-қасиетін сыйлай отырып шешуге тура келеді. Конституция бойынша ерлер мен әйелдердің еңбек етуге, мамандық, жұмыс түрін таңдауға тең құқығы бар.

Тұрмыс құрып тұрғанда жұбайлардың тапқан мүлкі ортақ мүлік болып есептеледі. Мұндай мүлік жұбайлардың екеуінің табысымен жиналады. Кейде жұбайы жұмыс істемей, үй шаруасымен, балалар тәрбиесімен айналасуы мүмкін. Мұндай жағдайдың өзінде де ерінің тапқаны екеуіне ортақ мүлік болып саналады. Егер жұбайлардың арасында мүлікті бөлу мәселесі туа қалса, олар мүлік тағдырын шешу жөнінде сотқа өтініш білдіре алады. Сот мүліктің жиналуына байланысты барлық жағдайларды есепке алады және мәселені әділ шешуге тиіс. Сот жұбайлардың құлық жағдайын (екеуі де дұрыс өмір сүреді немесе олардың біреуі өзін дұрыс алып жүрмейді, спиртті ішімдікке салынады және т. б. ), бір-біріне, балаларына қатынасын есепке алады. Ортақ мүлікке жататын заттардың кейбіреуі (тұрғын үй, автомобиль т. с. с. ) ерінің немесе әйелінің атына жазылуы мүмкін. Бірақ, қалай болғанда да олар ортақ мүлікке жатады. Сондықтан мұндай мүлікті бір-бірінің келісімінсіз сатуға, айырбастауға, біреуге сыйлауға екеуінің де құқы жоқ. Жұбайлар жалпы ортақ мүлікті өзара келісіп пайдаланады, тағдырын келісіп шешеді.

Жұбайлардың әрқайсысының өзіне тән жеке мүліктері де болады. Оған некеге отырғанға дейінгі мүлкі, біреудің қалдырған мұрасы немесе берген сый-тартуы жатады. Бұлар ортақ мүлік болып есептелмейді. Бұл мүліктерді әрқайсысы өз еркімен пайдаланады, сата алады, сыйға бере алады. Жұбайының жеке өзі ғана пайдаланатын бұйымдары да (сыртқы киім аяқ киім т. с. с. ) жеке мүлікке жатады. Бірақ, бірге өмір сүріп тұрғанда алынған қымбат заттар жалпы ортақ меншік болып табылады.

Жұбайлардың әрқайсысы бір-біріне зиян шектіргені үшін оның төлеуіне өз мүліктерін салады.

Жұбайлардың біреуі қылмыс жасау нәтижесінде екіншісіне зиян келтірсе, зиянды кінәлі жұбайы өз қаражатымен өтейді. Өзінің қаражаты жетпесе, ортақ меншіктегі үлесінің есебінен төлейді. Егер ортақ меншік қылмыстың салдарынан пайда болса немесе көбейсе, зиянның орны ортақ меншіктен толтырылады. Бұл мәселені егжей-тегжейлі қарап, сот әділ шешімін шығаруы қажет.

Осы айтылғаннан жұбайлардың арасындағы бір-біріне деген адамгершілік сезіммен қатар заң алдында жауапкершіліктері де байкалады. Талас тудырған мүліктер тағдырын сот шешеді, сот алдында жұбайлардың екеуі де тен кұкықты пайдаланады, олардың міндеттері мен жауапкершіліктері де бірдей болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Отбасы құқығы пәні
Отбасы құқығы туралы
Отбасы құқығы туралы жалпы түсінік
ОТБАСЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ
ҚҰҚЫҚ ЖҮЙЕСІ ҰҒЫМЫ
Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша неке шарты
Құқықтық жүйесі құрылымының қағидалары
Отбасылық құқықтың жалпы мінездемесі
Отбасы құқығы, ұғымы негіздері мен принциптері жайлы ақпарат
Азаматтық іс жүргізу құқығы жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz